Қоғамдық бірлестік



1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Ұйымдық . құқықтық нысанның бірі . мекеме

Қоғамдық бірлестік

Қоғамдық бірлестік түрлері

Коммерциялық емес ұйым . қоғамдық қор

3. Қорытынды.
Кіріспе. Жалпы ұйым дегеніміз не? –деген сұраққа келер болсақ, ұйым деген белгілі бір салада жұмыс атқаратын қызметкерлер тобы. Осы ұйымдардың әр алуан түрі болады. Соның ішінде тоқтатылып кететініміз коммерциялық емес ұйымдар.

Коммерциялық емес ұйымдар дегеніміз өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметін азаматтық кодекс, коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, нормативтік актілер реттеп отырады.

Коммерциялық емес болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционрелік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанындақұрылуы мүмкін (мәселен, АК – ның 34 – бабының 3- тармағында солай делінген). коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны белгіленуі мүмкін. Комерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17 - бабының 2 - тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда өнеркәсіп палаталары, аудиторлар палаталар, меншік пәтер иелері, кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзгеде ұйымдық – құқықтық нысанда құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйымдар - әлеуметтік, мәдени, ғылыми білім беру, қайырылымдық басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу. Сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттар да құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым – кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне ғана қарай айналыса алады. Коммерциялық ұйымнан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңілдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысандар кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру негізі болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

1. Ұйымдық – құқықтық нысанның бірі – мекеме

2. Қоғамдық бірлестік

3. Қоғамдық бірлестік түрлері

4. Коммерциялық емес ұйым – қоғамдық қор

3. Қорытынды.

Кіріспе. Жалпы ұйым дегеніміз не? –деген сұраққа келер болсақ,
ұйым деген белгілі бір салада жұмыс атқаратын қызметкерлер тобы. Осы
ұйымдардың әр алуан түрі болады. Соның ішінде тоқтатылып кететініміз
коммерциялық емес ұйымдар.

Коммерциялық емес ұйымдар дегеніміз өз қызметінің негізгі
мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті
қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметін азаматтық кодекс,
коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, нормативтік актілер реттеп
отырады.

Коммерциялық емес болып табылатын заңды тұлға мекеме,
қоғамдық бірлестік, акционрелік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық
қор, діни бірлестік нысанындақұрылуы мүмкін (мәселен, АК – ның 34 –
бабының 3- тармағында солай делінген). коммерциялық ұйымдардың
тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде
коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны белгіленуі мүмкін.
Комерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17 - бабының 2 - тармағына
сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда өнеркәсіп
палаталары, аудиторлар палаталар, меншік пәтер иелері, кооперативтері
және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзгеде ұйымдық – құқықтық
нысанда құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйымдар - әлеуметтік, мәдени,
ғылыми білім беру, қайырылымдық басқару мақсаттарына қол жеткізу;
азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
даулар мен жанжалдарды шешу. Сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз
мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттар
да құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым – кәсіпкерлік қызметпен өзінің
жарғылық мақсаттарына сай келуіне ғана қарай айналыса алады.
Коммерциялық ұйымнан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу
жеңілдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені
көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысандар кәсіпкерлік
қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте коммерциялық емес
ұйымдар қызметін қаржыландыру негізі болып табылады.

Комерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме,
қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық
қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін .

Мекеме дегеніміз – бұл осы арқылы меншік иесі өзінің
азаматтық қатынастардағы еркін білдіретін ұйымдық – құқықтық
нысандардың бірі. Басқа заңды тұлғалардан өзгеше, мұндай заңды тұлғаның
өз құрылтайшысына тәуелділігі әлде қайда күшті болады. Азамттық
құқықтың кез келген субъектісі мекеме құру мүмкін, яғни мекеме
меншіктің мемлекеттікте, сондай-ақ жекеменшік те нысандарында құрылу
мүмкін. ТМД елерінде көбіне мемлекеттің әр түрлі басқару, білім беру,
медициналық және т. с. с. функцияларын атқаратын мемлекеттік мекемелер
құрылады.

1998 жылға дейінгі Қазақстандағы секілді, барлық
елдерде туыстық ұғым ретіндегі мекеме өзіне түр ұғымы ретіндегі
мемлекеттік және жекеменшік мекемелерді қамтиды.

Қазақстандағы 98жылы қаржы министрлігі Азаматтық
кодекске өзге де нормативтік өзгерту актілерін енгізді, олар мекемені
(туыстық ұғым) тағы да мекеме (түр ұғымы) мен мемлекеттік мекемеге (түр
ұғымы) жіктеді. Сондықтан Қазақстанда әрбір нақты жағдайда мекеме
ретінде нені – барлық мекемелерді немесе меншіктің жекеменшік нысанына
негізделген мекемелерді түсіну керектігіне көз жеткізу қажеттігі туады.

Азаматтық кодексте жекеменшік мекемеге мынандай
анықтама берілген: басқару, әлеуметтік – мәдени немесе өзге де
коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі
құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады (АК – ның 105-
бабының 1-тармағы).

Мемлекет ҚР конституциясына және заңдарына сәйкес
немесе ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің және астана, облыстар,
республикалық бағыныстарындағы қалалар әкімдерінің шешімдеріне сәйкес
құралатын және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері
белгіленбеген болса, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме
мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп
танылады (АК – ның 105-бабының 2-тармағы).

Мемлекеттік мекемені құруда оның аумақтық қызмет ету
аясы (республикалық, жергілікті немесе аймақтық) айқындалуы тиіс.
Коммерциялық емес сипаттағы кез келген мақсат үшін мекеме құрылуы
мүмкін. Мысалы, басқару, білім беру, медицина, ғылыми – зерттеулер,
мәдени және т. с. с. Мемлекеттік мекемелер ,әдетте, басқару

мақсаттарын көздейді. Әңгіме мемлекеттік органдар – министрліктер,
ведомстволар, әкімияттар және т. с. с. болып отыр. Мекемені, әдетте,
бір тұлға құрады, бірақ оны бірнеше тұлғаның құруына тыйым салынбайды.
Бұл жағдайда, меншік иесінің құқықтары құрылтай шартына сәйкес бөлініп,
жүзеге асырылады.

Мекеме мен мемлекеттік мекеменің өздеріне бекітіліп,
берілген мүлікке құқықтары АК –ның 202-208-баптарына сәйкес анықталады
(АК – ның 105- бабының 4-тармағы). Басқаша айтқанда, мүлік оралымда
басқару құқығында мемлекеттік мекемге тиесілі болады. Тұтас алғанда
жекеменшік мекемелерге де осындай режим таралады. Мекеме меншік иесі
бекітіп берген сметаны негізінде өз қаражатына билік етеді. Мемлекеттік
мекеменің тиісті қаржы жылына бекітілген қаржыландыру жоспарынан асатын
шарттық міндеттемелер қабылдануына жол берілмейді (АК – ның 105-бабының
3-1 тармағы). Мекеменің мүлкі алынып қойылуы немесе меншік иесі арқылы
қайта бөлінуі мүмкін. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша қолында бар
ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің
міндеттемелер бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады (АК- ның 44-
бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Таратылатын заңды тұлғаның ақшасы несие
берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату
комиссиясы заңды тұлғаның мүлкін сот шешімдерін орындау үшін
белгіленген тәртіп бойынша жария сатуды жүзеге асырады (АК – 50-бабының
5-тармағы).

Мемлекеттік мекем өзінің міндеттемелері бойынша өз
билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемде ақша жеткіліксіз
болатын жағдайда оның міндеттемелері бойынша Үкімет немесе тиісті
жергілікті атқарушы орган жауапты болады (АК – ның 44-бабының 1-
тармағының 3, 4 тармақшалары).

Кіріс түсіруді өз қызметінің негізгі мақсаты етпеу –
мекеменің міндетті белгісі. Басқаша айтқанда, мекеменің кәсіпкерлік
қызмет ауқымынан тыс жағдайда кіріс түсіруіне және, тиісті, айтарлықтай
мөлшерде түсіруіне тыйым салынбайды. Бірақ бұл негізігі мақсат емес.
Алынған ақша құрылтайшының меншігі болып табылады және мекеме оның
смета бойынша жұмсайды немесе құрылтайшы алып қояды. Жеке меншік
мекемлер өздерінің жарығылық құқық қабілеттілігі шегінде кәсіпкерлік
қызмет жүргізе алады. Оны жүргізу құқығы құрылтай құжаттарында баянды
етілуі тиіс (АК –ның 34- бабының 3-тармағы). Солай бола тұрса да,
мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер (министрліктер,
ведомстволар, олардың заңды тұлға құқықтары бар бөлімшелері және т. с.
с), заң актілерінде өзгеше көзделмесе кәсіпкерлік

қызметпен айналысуға құқықсыз болады (АК- ның 105- бабының 2- тармағы).

Жеке меншік мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік
қызметтен түсірген кірістері құрылтайшының меншігі болып табылады.
Алайда, меншік иесінде оларға билік ету құқығы болмайды. Мекеменің
рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері мекеменің
дербес билігіне өтеді. Олар және оларға сатып алынған мүлік мекемеге
оралымды басқару құқығында емес, ерекше заттық құқықта – мүлікке дербес
билік ету құқығында тиесілі болады.

Мемлекеттік және өзге де мекемелердің жекелеген
түрлерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері заңдармен айқындалады.
Әңгіме, негізінен алғанда, мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы
органдары жөнінде болып отыр. Аталған органдардың жергілікті деңгейі
бірыңғай заңмен реттеледі (ҚР Конституциясын қараңыз). Министрліктер
ведомстволар Үкімет қаулыларының, Президент жарғылықтарының немесе
Парламент заңдарынаның негізінде іс – қимыл жасайды. Мәселен,
Президенттің ҚР –сы қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру туралы
1994 жылы 27 қаңтардағы №1526 Жарлығымен Қазынашылықтың
орталықтандырылған орган жүйесі құрылды.

ҚР Министрлер Кабинетінің Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру мәселелері атты
1994 жылдың 20 мамырдағы № 549 Қаулысымен қазынашылықтың аумақтық
басқармалары мен бөлімшелеріне мекеме мәртебесі берілген.

Мемлекеттік басқару органдарынан басқа,
жекелеген нормативтік актілер қадағалау органдарын, мысалы,
прокуратураның қызметін реттеп отырады. ҚР Прокуратурасы біртұтас
орталықтандырылған мекемелер жүйесін құрайды және Конституцияның,
Президенттің 1995 жылдың 21 желтоқсандағы заң күші бар Қазақстан
Республикасының Прокуратурасы туралы Жарлығының негізінде жұмыс
істейді.

ҚР Президенті, ҚР Пармламенті, ҚР Үкіметі, ҚР
Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР ПрезидентіӘкімшілігі
мемлекеттік органдар болып табылады. Олар туралы ережелер ҚР
Конституциясында баянды етілген және тиісті заң актілерінде
нақтыланған. Олар азаматтық айналымға мемлкеттік мекемелер ретінде
қатысады. бұлАК – ның 34-бабының 3-1 тармақтарынан туындайды,

онда Коммерциялық емес ұйым болып иабылатын және мемлекеттік бюджеттің
есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме
нысанында құрылуы мүмкін деп көрсетілген.

ҚР Конституциясына, конституциялық заңдарға өзге де
заң актілеріне немесе ҚР Президентінің Жарғылықтарына сәйкес
мемлекеттік органдар болып табылатын қалған мемлекеттік органдар, егер
олар көрсетілген заңдармен немесе оларды құру жөніндегі жеке актілермен
заңды тұлға ретінде анықталған болса, мекемелер болып танылады. Заңды
тұлға ретінде айқындалмаған, басқа мемлекеттік органдардың – заңды
тұлғалардың құрамында болатын мемлекеттік органдар заңды тұлғаның
құрылымдық бөлімшелері ретінде қарастырылады.

Мемлекеттік органның құзіретін, құрылымын,
ведомстволық бағыныстылығын және оның функциясын жүзеге асыруға
байланысты басқа да мәселелердін заңдар немесе осы мемлекеттік
органдарды құру жөніндегі жеке актілер айқындайды.

Егер мемлекеттік мекемелер азаматтық – құқықтық
қатынастарға мемлекттің атынан емес, өздеріне смета бойынша бөлінген
мүліктің шегінде өз атынан қатысатын жағдайда, олар мекемелер ретінде
қарастырылады (ғимараттарды жадау, кеңсе құралдарын, жабдықтарды, жиһаз
сатып алу – сату шарттарын жасасады, келтірілген зияннан туатын
міндеттемелер бойынша жауапты болады, басқа да азаматтық – құқықтық іс
– қимылдар жасайды).

Мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер
тиісті нормативтік актілердің негізінде құрылады және мемлекеттік
мекемелер үшін белгіленген заңдар бойынша тіркеуден өтуге тиіс.
Қазақстан Республикасы немесе мемлекет уәкілеттік берген мемлекеттік
орган мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелердің құрылтайшылары
болады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы
белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанд, мемлекеттік
мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай – ақ оның құрылтайшысы
бола алмайды (АК – ның 105-бабының 3-тармағы).

Қоғамдық бірлестік. Қазақстан Республикасында
саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы
келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізінде
құрған басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер болып танылады (АК
– ның 160-бабының 1-тармағы). Қоғамдық бірлестіктің құқықтық жағдайын
АК, қоғамдық бірлестіктер туралы 1996 жылдың 31

мамырдағы заң, Кәсіптік одақтар туралы 993 жылдың 9 сәуіріндегі заң,
Саяси партиялар туралы 2002 жылдың 15 шілдедегі заңы және басқа заң
актілері айқындайды. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның күші, діни
бірлестіктерді қоспағанда, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес,
үкіметтік емес бірлестіктердің Қазақстан
Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін құрылымдық
бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметіне таралады.

Қоғамдық бірлестіктер азаматтрдың саяси,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске
асыру мен қорғау, белсенділігі мен ынталылығын дамыту; кәсіби және
әуезқойлық мүдделерін қанағаттандыру; ғылыми, техникалық және көркем
шығармашылығын дамыту; адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау,
айналадағы табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдени
– ағарту, спорттық - сауықтыру жұмыстарын жүргізу; тарих және мәдениет
ескерткіштерін қорғау; патриоттық және адамгершілік тәрбие беру;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту; Қазақстан
Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге
асыру мақсатында құрылып, жұмыс істейді.

Мақсаттары немесе іс - әрекеттері конституциялық
құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын
бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, әлеуметтік, нәсілдік,
ұлттық, діни, тектік - топтық және рулық араздықты өршетуге
бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне,
сондай – ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға
тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы аумағында
әскерилендірілген құрылым, түрі, арнаулы айырым белгілері, гимндері,
жалаулары, вымпелдері, ішкі тәртіппен басқарудың ерекше шарттары,
қаруы, соның ішінде қару іспеттес заттары бар әскерилендірілген
құрамалар үлгісіндегі қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады.
Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни
негіздегі партиялардың қызметіне, сондай – ақ саяси партиялар мен
кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
Азаматтардың денсаулығы мен рухани негіздеріне қастандық жасайтын
қоғамдық бірлестіктер құруға және оның қызметіне, сондай – ақ
тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді (Қоғамдық
бірлестіктер туралы заңның 5-бабы).

Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы
азаматтарының жарғы қабылданып, басқарущшы органдар қалыптастырылатын

құрылтай съезін (конференциясын, жиналысын) шақыратын, кемінде он
адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады (Қоғамдық
бірлестіктер туралы заңның 10-бабының 1-тармағы).

Қазақстан Республикасында республикалық,
аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі
мүмкін.

Қазақстан Республикасы облыстарының
жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері
(филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық
бірлестіктерге жатады. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан
азының аумағында өздеоінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен
өкілдіктері) бар бірлестіктер аймақтық қоғамдық бірлестіктерге жатады.
Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының бір облысы
шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады.

Қоғамдық бірлестік жарығысының негізінде
жұмыс істейді. Мұндай бірлестіктердің қаражаты, егер оларды төлеу
жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік жарналардан; ерікті
жарналар мен жиналған жылудан; жарғыға сәйкес дәрістер, көрмелер,
спорттық және басқа шаралар, лотереялар өткізуден түскен түсімдерден;
өңдірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан; заң
актілерінде тыйым салынбаған басқа түсімдерден құралады. Қоғамдық
бірлестікке қатысушылардың осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке,
оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтар жоқ. Олар өздері мүшелері
ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап
бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша
жауап бермейді.

Қоғамдық бірлестік өзінің балансына
бекітілген мүліктің меншік иесі болып табылады. Қоғамдық бірлестік
мүлкінің жеке меншіктің ерекше түріне жататын құқықтық режимі болады.
Бірлестіктің жарғысында көзделген қызметті материалдық жағынан
қамтамасыз етуге қажетті объектілер, сондай – ақ оның қаражаты есебінен
құрылатын кәсіпорындар қоғамдық бірлестіктің меншігі болып табылады. АК
– ның ережелеріне сәйкес, қоғамдық бірлестік шаруашылық серіктестік
және акционерлік қоғам нысанындағы кәсіпоындар құруға құқылы.
Сондықтан ол кәсіпорын құратын жағдайда оның меншік иесі болмағанымен,
құрылтайшысы болады да, кәсіпорынның мүлкіне міндеттемелік құқықтарын
сақтайды. Соттың шешімі бойынша таратылған қоғамдық бірлестіктің мүлкі,
егер заңда өзгеше көзделмесе, оның жарғысында көзделген мақттарға
пайдалынылады (АК – ның 106-бабының 7-тармағы).

Саяси партия. Қоғамдық бірлестік түрлерінің
бірі саяси партия болып табылады. Саяси партиялардың өмір сүруінің
негізгі формальдік принциптері Қазақстан Конституциясында (бұдан әрі –
Конституция) айқындалған. Конституцияда идеологиялық және саяси әр
алуандылық жарияланған (5-баптың 1-тармағы). Сондықтан ҚР азаматтарының
бірлесу бостандығына құқығы бар (КОнституцияның 23-
бабының 1-тармағы). Бұл тұста мемлекет мемлекеттік институттарды
саяси партиялардан жоғары қойғандай болады. Сондықтан мемлекеттік
органдарда саяси партияларды құруға жол бермейді (Конституцияның 5-
бабының 1-тармағы).

ҚР азаматы бір ғана саяси партияның мүшесі бола
алады. Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге азаматтардан қандай
түрде болса да, оның ішінде ресми құжаттар да, адамның қай партияның
мүшесі екенін сұрауға талап етуге тыйым салынады. Саяси партияның
мүшелігінде болу ҚР азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге
негіз бола алмайды.

Саяси партияның қоғамда алатын орнына қатысты
мемлекеттік идеология және оның мемлекетпен қатынасы бірнеше негізгі
принциптерден тұрады. Олардың біреуін шартын түрде партияның
мемлекеттен бөлінуі деп белгілуге болады. Сырттай қарағанда, мемлекет
саяси партияның мемлекеттен кез келген маңызды тәуелділігін алып
тастауға тырысады. Мұндай саясат саяси партияларға мемлекеттік
органдардың функциясын жүктеуге және саяси партияларды мемлекеттік
қаржыландыруға жол берілмейді деген постулатпен бейнеленеді.

Саяси партиялардың қызметін Конституция, АК,
Қоғамдық бірлестіктер туралы заң және Саяси партиялар туралы заң реттеп
отырады. Саяси партия азаматтардың өз өкілдері арқылы мемлекеттік
билікті жүзеге асыруға қатысуы арқылы ҚР азаматтарының еркін анықтауына
және білдіруіне жәрдемдесуі тиіс.

Мемлкет саяси партияларға мемлекеттік бақылау
жасау тұжырымдамасын ұстанады. Мұндай бақылау қазақстандық юрисдикция
шеңберінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан осы тұжырымдамаға
сәйкес, біріншіден, саяси партиялардың жетекшілері ҚР аумағында болуға
тиіс. Екіншіден, Қазақстан аумағында басқа мемлекеттердің саяси
партияларының, сондай – ақ тіркеуден өтпеген саяси партиялардың қызмет
етуіне жол берілмейді.

Мемлекеттік идеологияның саяси партияны нақ әрі тек саяси ұйым
ретінде түсінуі маңызды қағида болып табылады. Қазақстандық заң
шығарушылар бұл принципті дәйектілікпен жүргізіп келеді. Қоғамдық
бірлестіктер туралы заңның ережелерін жалғастыра келе, саяси партиялар
туралы заң азаматтардың кәсіби, нәсілдік, ұлттық, этникалық және діни
белгілері бойынша саяси партиялар, әскерилендірілген саяси партиялар
құруына, сондай – ақ мемлекеттік органдарда саяси партиялардыңбастауыш
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоалуантүрліліктің маңыздылығы биологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттілігі
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
Қоғамдық бірлестіктер
Коммерциялық емес заңды тұлға
Мекемелердің құқықтық жағдайы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Коммерциялық емес ұйымды басқару
Құқық және заң анықтамалары
Био алуантүрлілікті сақтау мәселелері
Коммерциялық емес ұйымдар
Пәндер