Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІНІҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
- Қылмыстық процесс принциптерінің мәні және жүйелері
- ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2. 1. Тұрғын үйді мәжбүрлеп тексеру
- Оқиға орны болып табылатын тұрғын үйді тексеру
- Оқиға орны болып табылмайтын тұрғын үйді тексеру
- Тұрғын үйде тінту мен алуды жүргізу
3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЛ СҰҒЫЛМАУШЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ПРОКУРОРДЫҢ РӨЛІ
3. 1. Қылмыстық іс өндірісіндегі азаматтардың заңды мүдделері және конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған прокурордың өкілеттігі
3. 2. Қылмыстық процесте тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуге прокурорлық қадағалаудың нысандары
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілердің тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қоғам құрылымында болып жатқан өзгерістер, саяси жүйедегі терең түрлендірулер, құқықтық мемлекетті құрудың бағыты ең алдымен басты рөлі қазақстандық құқықта бекітілген тұлғаның проблемасын қозғайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміздің құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы болып табылады деп жарияланған [1] .
Экономикасы дамыған мықты демократиялық мемлекетті құру жолында жылжытудың басты бағыттарын анықтай, Н. Ә. Назарбаев, «Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидаттары мен тәртібі белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жасалды. Осыған орай алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабылдадық. Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қазірдің өзінде 16 заң қабылданды. Меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізілді, үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізілді, бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қамауға алуға балама жазаларды қолданудың аясы кеңейтілді. Осының арқасында биылғы жылдың өзінде ауырлығы азын-аулақ және орташа қылмыстары үшін сотталған екі мыңға жуық адам бостандықтан айыру орындарынан шығарылады. Құқық қорғау органдары аппараттарының саны 15 пайызға қысқартылды. Олардың құрылымдары оңтайландырылды» деп құқық қорғау саласында барынша жетілдірілу мен адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде ізгілендіру мақсат етіп қойды. [2] .
Мемлекеттің Конституциялық талаптарынан шығатын концептуалдық мақсаттар өзінің көрінісін құқықтың барлық бөлімдері «адамдардың құқықтары мен бостандықтарының бастапқылығы және табиғи бөлінбестігін жоғары әлеуметтік құндылықтар ретінде танудан» шыға қайта түсіндірілуі керек екені көрсетілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағдарламаларында да тапты [3] .
Осы мақсаттардан шыға қазіргі кезеңде мемлекеттің барлық құқықтық шығармашылық және құқық қолданушылық қызметінің дамуы қоғамдық қатынастардың барлық сферасындағы адамның құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған болуы керек.
Құқықты реттеудің пәні болып табылатын қоғамдық қатынастардың дамуымен өзгерістер мен жетілдіруді заң да талап етеді. Қоғамдық қатынастарды жетілдіруінде құқық рөлін арттырумен заңнаманың тиімділігін күшейту туралы мәселемен байланысты. Заңнаманың жаңаруы жаңа заңдар қоғамдық қатынастардың әртүрлі жақтарын нақтырақ реттеуіне бағытталуы керек. Теория мен практика көрсеткендей, құқық өзінің мүмкіндіктерін жоғалтқан жоқ және сәйкес проблемаларды теориялық зерттеу, заңнаманы жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар осы байланыста маңызды қажеттілік болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының көптеген теориялық проблемалары, соның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын адамдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етудің кепілдерінің бірі ретінде қылмыстық процесс принциптер туралы мәселелер одан әрі өзінің зерттеуін қажетсінеді. Қылмыстық процесс принциптері дәрежесіне заңмен енгізілген құқықтық қағидаларды әзірлеу және негіздеу заңнаманы жетілдіру және судьялық және тергеу қызмет деңгейін жоғарылату үшін маңызды мәнге ие.
Дәл осыған қылмыстық-процессуалдық заңнаманы құқықтық дамудың мақсаттарының бірі ретінде одан әрі жетілдірудің қажеттілігіне көрсетілетін Қазақстан Республикасының Елбасының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 жарлығы «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы» назар аударылған. Мұнда негізгі мақсат адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде тұрғын үйге қол сұқпаушылық принциптерін қорғауға бағытталған қылмыстық сот ісін жүргізудің негізін қалайтын принциптерінің нақты нормада одан әрі кезекті іске асыру болып табылады [4]
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам мен мемлекет дамудың стратегиялық тәртібін анықтап, адам мен азаматтардың негізін қалайтын құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, демократияны одан әрі дамуын, заңдылықтың бекем орын алуын көрсете отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, заңдылыққа және құқықтық тәрітіпке қол сұғушылықтан қорғау және қамтамасыз етудің мәнін жоғарылатады. Мемлекеттің жоғары құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайтын демократиялық, құқықтық мемлекет туралы жалпымен танылған идеяларға бағытталған мемлекеттің негізгі заңымен біздің тәуелсіз, егеменді мемлекетіміздің конституциялық дамуының жаңа сатысының құқықтық негізі салынды.
Біздің республикамыздың Конституциясына тән демократияның кеңеюі мен тереңдеуі қылмыстық процесс үшін де белгілі бір мәні бар. Қылмыстық сот ісін жүргізудің және ондағы процессуалдық кепілдемелердің мәнін жоғарылата ҚР Конституциясы оның бастамаларында жатқан демократизмді күшейтеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде [5] қылмыстық процесс принциптері өзінің одан әрі дамуын алды, оладың деократизмі тереңдеді. Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау қылмыстық сот ісін жүргізу принциптердің негізгі мазмұны болды.
Барлық мемлекеттік органдармен және қылмыстық-процессуалдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен Конституция идеяларын, нормаларын және принциптерін бұлтартпай сақтау, қолдану және пайдалану заңдылықтың, құқықтық тәртіпті орнатудың, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың міндетті шарты болып табылады.
*Құқық қорғау органдары жетекшілерімен кеңейтілген жиналысында Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде «құқық қорғау органдары қылмыстқ репрессияға ұшырата отырып, мемлекет саясатының тек жаза беру құралы ретінде ғана болмауы керек, сонымен қатар формадағы адамдарға бұл тәсілдер өзіндік мақсат емес, азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың құралы екенін еске салу керек» деп атап көрсетті [6] .
Өкінішке орай, құқық қорғау органдарының қызметінде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері орын алады.
*2010 жыл бойынша республика бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны үшін дисциплинарлы тәртіпте алдын ала тергеу және анықтау органдарының 644 қызметкерлері жазаланды, оның негізгі бөлігін ішкі істер органдарының қызметкерлері құрайды (614) . Қызылорда облысы бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылған үшін прокурорды қаулысымен дисциплинарлы жауапкершілікке 73 қызметкер, Алматы қ. бойынша - 64, Алматы облысы бойынша - 64, Қарағанды облысы бойынша - 79 тартылды. Осы уақыт кезеңінде қылмыстық іс жүргізу қызметін жүзеге асыру барсында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзушылық жіберген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты 32 қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жауапкершілікке 7 қыметкер тартылған.
*Азаматтардың тұрғын үйлеріне қол сұқпаушылық конституциялық құқықтарын бұзу фактілерінің көбеюі де қауіп тудырады. Егер 2009 жылы республика бойынша прокурорлармен заңсыз тінту жүргізудің 30 фактісі, ал 2010 жылы 44 факті анықталды, бұл 46, 7% пайызға көп [7] .
Конституция қоғам өзі үшін таңдаған модель болып табылады оған сенеді және ол бойынша Негізгі Заңының ережелері нақты өмірге қарама-қайшы келмегенше өмір сүреді. Ал қоғам қазірше Конституция шегінде дамуы мүмкін, оған қауіп төндіру орынды ғана емес, сондай-ақ өте - қауіпті[8, 2-3] .
Азаматтардың конституциялық заңы қылмыстық процесс міндеттерін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарының лауазымды қызметкерлерімен бұзылуы тек алдын ала тергеу органдарының, прокуратура мен соттың беделін ғана емес, сондай-ақ заңның беделін түсіреді.
Қылмыстық процесс ғылымы бір жағынан қосымша мәнге ие болатынын назарға ала отырып, осы саланың теориялық проблемаларының шешілуі қылмыстық сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыруы тәуелді болатын практикалық сипат міндеттерін есепке ала отырып әзірлеу керек. Қылмыстық процесс ғылымы қылмыстық сот ісін жүргізу сферасында процессуалдық және құқық шығармашылық қызметіне қызмет көрсетуге бағытталған. Практикаға тікелей қатысы бар ірі ғылыми проблемаға қылмыстық сот ісін жүргізуде тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау кепілдіктері, осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру туралы мәселелерді зерттеу де жатады.
Қылмыстық процесте тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету кепілдіктері туралы мәселені зерттеу қылмыстық процесстің осы принциптерінің мәні мен түсінігін дұрыс қабылдау үшін, оған негізделген заң талаптарын дұрыс анықтау үшін қажет.
Тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципі қылмыстық іс жүргізу теориясында жеткілікті түрде әзірленбеген. Сонымен қатар, осы принциптің отандық қылмыстық процесте (соның ішінде кеңес кезеңінде қылмыстық процесте) бекітілуі негізінен жиырмасыншы жүзжылдықтың 80-жылдарынан бастап, ақырындап жүрді, қазіргі кезде де барлық процессуалистермен де танылмайды. Кеңес кезеңіндегі көптеген ғылыми зерттеулерде тұрғын үйге қол сұқпаушылық қылмыстық процесс принципті ретінде болмағанын айту да жеткілікті. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық талабы танылған жерлерде бұл жағдай тұлғаға қол сұқпаушылық және жазысу құпиясы принципінің құрамасы ретінде қарастырылды.
Қылмыстық процесс принциптерінің жүйелері және мазмұнын, түсінігін, қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтардың құқықтарын қорғау проблемаларын талдау мәселелерін келесідей авторлар өздерінің жұмыстарында қарастырған: Т. Н. Добровольская, С. М. Жалыбин, Ю. Д. Лившиц, С. Д. Оспанов, М. С. Строгович, В. Т. Томин, Б. Х. Толеубекова, К. Х. Халиков, М. Л. Якуб және тағы басқалары. Алайда тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципі өз бетімен заң әдебиеттерінде зерттелмеген. Тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету проблемасы процессуалдық мәжбүрлеу шаралары туралы мәселесімен бірге кешенді зерттелмеген, дегенмен қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің негізгі теориялық проблемаларының терең зерттеулер А. Н. Ахпанов, З. Д. Еникеев, З. З. Зинатулин, З. Ф. Коврига, В. М. Корнуков және И. Л. Петрухин және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы негізінде Конституциямен кепілденген азматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы мәселе бойынша ғылыми зерттеулер мәні артуда.
К. А. Бегалиев, В. А. Басков, Н. В. Жогин, С. К. Журсимбаев, М. Ч. Когамов, В. Г. Мелкумов, М. Ю. Рагинский, В. М. Савицкий, Г. А. Скаредов және басқа ғалымдар еңбектерінде қылмыстық процесс ғылымында қылмыстық-процессуалдық қызметті жүзеге асыру барысында заңдардың орындалуын прокурордың қадағалаудың көптеген мәселелерін, Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген қылмыстық сот ісін жүргізуге түскен азаматтардың тұрғын үйіне қол сұқпаушылығын қамтамасыз етуде покурордың рөлі туралы мәселелер нақты көрініс алғанына қарамастан, өзіндік зерттелмеген.
*Прокурорлық қадағалау жағдайын талдай қылмыстық процесте прокурор тарапынан әрекетті қадағалау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді кепілі болуы мүмкін екендігін айтуға болады. 2010 жылдың 6 ай ішінде ғана республиканың прокуратура органдарымен анықтау және алдын ала тергеу органдары қызметінде заңдылықтың сақталу мәселесі бойынша азаматтардың 12 мыңға жуық өтініштері қаралды, тексеріс қорытындысы бойынша 3450 құқық қорғау органдарының қызметкерлері заңдылықты бұзған фактісі үшін дисциплинарлы жауапкершілікке тартылды. 2010 жылда республиканың прокуратура органдарымен алдын ала және анықтаудың заңдылығын қадағалау мәселесі бойынша азаматтардың 22913 өтініштері шешілді, олардың ішінде 5224 - қанағаттандырылды. Көрсетілген өтініштерін қарастыру нәтижесінде прокурордың қаулысы бойынша 6768 алдын ала және анықтау органдары қызметкерлері жазаланды (2009 жылы дисциплинарлы тәртіпте алдын ала және анықтау органдары қызметкерлері жазаланды) . 2009 және 2010 жылдары алдын ала тергеу және анықтау органдары қызметінде заңдардың бұзылуы мәселесі бойынша сәйкесінше 7827 және 8071 ұсыныстар мен қаулылар енгізілді [7] .
Алайда прокурорлық қадағалаудың көптеген проблемалары өзінің одан әрі зерттеуін талап ететінін есепке алмау мүмкін емес.
Қылмыстық-процессуалдық қызметті жүзеге асыруға байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша прокурордың қызметі мәселелерін, осы салада прокурорлық қадағалау тиімділігі мәселелерін теориялық әзірлемлерді талап етеді. Осындай мәселелер қатарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген қылмыстық сот ісін жүргізуге түскен азаматтардың тұрғын үйге қол сұқпаушылықты прокурормен қамтамасыз ету де жатады.
1997 жылғы ҚР ҚІЖК қылмыстық сот ісін жүргізуде демократиялық бастаманы дамытатын маңызды новелла бірқатарын қамтиды. Олардың әрқайсысы мұқият зерттеу мен бағалауды қажет ететіні сөзсіз, ең алдымен оның құқықтық мемлекет концепциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципін қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық-процессуалдық заңының қағидаларын қолдану практикасында заңнаманы жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізуді талап ететін мәселелер қатары туындайды.
Белгіленген жағдайлар дипломдық жұмыс тақырыбын анықтады және оның өзектілігі туралы куәландырады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеті
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципін қамтамасыз етумен байланысты теориялық және практикалық проблемаларды кешенді зерттеу және осы негізде осыған байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу, тұрғын үйге қол сұқпаушылыққа шектелген құқықпен байланысты тергеу әрекеттерін жүргізуді реттейтін қылмыстық-процессуалдық құқық нормаларын қолдану бойынша ұсыныстарды даярлау, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық қызметті жүзеге асыру кезінде азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету мәселелерін одан әрі зерттеу үшін теориялық базасын қалыптастыру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципіне жататын негізгі қағидаларды талдау және қылмыстық-процессуалдық заңнамада, тергеу-сот практикасында және қылмыстық-процессуалдық теорияда дамуын және іске асыру және қылмыстық сот ісін жүргізуде толық және кезекті іске асыру жолын белгілеу;
- Қылмыстық-процессуалдық реттеу механизмінде мәжбүрлеу рөлін анықтау, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларына жіктеме беру және белгілерін айқындау, оларда тұрғын үйге қол сұқпаушылыққа азаматтардың құқықтарын шектейтін процессуалдық мәжбүрлеу шаралардың орнын анықтау;
- Тұрғын үйге қол сұқпаушлық принципін толық қамтамасыз ету қажеттілігінен шыға «тұрғын үй» түсінігінің қылмыстық-процессуалдық мазмұнын анықтау;
- Тұрғын үйде тексеру жүргізу кезінде тұрғын үйге қол сұқпаушылыққа азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды дайындау;
- Тұрғын үйде тінту мен алуды жүргізудің негіздерін анықтап алып, көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тұрғын үйге қол сұқпаушылыққа азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды дайындау;
- Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуде прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде тұрғын үйге қол сұқпаушылыққа қамтамасыз етуге бағытталған практикалық ұсыныстарды қалыптастыру;
- Отандық және шетелдік заңнама талдауы, ғылыми зерттеулердің, құқықтық қолдану негізінде тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды негіздеу және қалыптастыру.
Зерттеудің объектісі мен пәні
Зерттеудің объектісі тұрғын үйге қол сұқпаушылықты шектеуге бағытталған қылмыстық-процессуалдық әрекеттерді жүргізумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастар, қылмыстық сот ісін жүргізуде тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципін қамтамасыз ету мәселелері болып табылады.
Зерттеудің пәні мыналар болып табылады: қылмыстық процесс принциптері проблемасы, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелер бойынша теориялық әзірлемелер, процессуалдық әрекеттерді жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету проблемаларын зерттеу; тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылықты шектеуге бағытталған процессуалдық әрекеттерді жүргізу ретін реттейтін қылмыстық-процессуалдық нормалар; қылмыстық-процессуалдық қызметін жүзеге асыру кезінде тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету туралы мәселе бойынша қылмыстық тергеу органдарының құқықтық қолдану практикасы.
Зерттеудің әдістері мен әдіснамасы
Зерттеудің әдіснамалық негізін объективті шынайылылықты ғылыми танымның диалектикалық әдісі, сонымен қатар құқықтың жалпы теория философиясының әдіснамалық қағидалары құрайды. Зерттеулерде танымның арнайы әдістері қолданылды: жүйелі-құрылымдық, логикалық, статистикалық, әлеуметтік, тарихи, салыстырмалы-құқықтық және басқалары.
Заңи көз ретінде Қазақстан Республикасының Конституция нормалары, Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамасы, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы, өзге нормативті құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқаулары болды.
Зерттеудің теориялық негізін құқықтың жалпы теориясы, қылмыстық процесс, қылмыстық құқық, криминалистика, соттық дәлелдемелер теориясы, соттық психиатрия саласында ғылыми еңбектер құрды.
Зерттеудің эмпирикалық базасы
Зерттеудің эмпирикалық базасы мұрағат материалдары, дисциплинарлы іс жүргізулер материалдары, сот және алдын ала тергеу органдарында жүргізуінде жатқан жүз жиырмадан аса қылмыстық істерді зерттеу нәтижесіне негізделген.
Жұмыста ҚР Бас прокуроры жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының статистикалық деректері, тергеушілер мен анықтаушылардың сұрау деректері қолданылды.
Келтірілген зерттеулерде Қазақ ССР Жоғарғы Сот және Алматы қалалық сот мүшесінің тергеушісі ретінде диссертанттың көпжылдық жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының прокуратура органдарындағы көпжылдық жұмыс тәжірибесі де өзінің көрінісін тапты.
Зерттеудің ғылыми жаңалылығы
Зерттеудің ғылыми жаңалылығы ең алдымен осы жұмыс қылмыстық процесте тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципін қамтамасыз ету проблемасының бірінші монографиялық зерттеу болып табылады.
Жұмыста алғашқы рет қылмыстық процесс теориясында тұрғын үйге қол сұқпаушылық қылмыстық процесс принципі ретінде кешенді зерттеуге ұшырады, қылмыстық процесс принципі жүйесінде оның мәні, мазмұны, мағынасы және орны анықталды.
Зерттеудің жаңалылығы сонымен қатар қылмыстық-процессуалдық әрекет жүргізу кезінде тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қорғау позициясынан шыға алғашқы рет қылмыстық-процессуалдық және «тұрғын үй» түсінігінің қылмыстық-процессуалдық сипатынының шегін жою қажеттілігіне негізделеді. Жұмыста «тұрғын үй» түсінігінің қылмыстық-процессуалдық мәнінде оның белгіленуі мүмкін объектілерінің тізбесі негізделеді.
Дипломдық жұмыс тұрғын үйге қол сұқпаушылықтың шектелуіне бағытталған тергеу әрекеттері процессуалдық мәжбүрлеу шаралары ретінде зерттелген, ал бұл зерттеудің жаңалылығын сипаттайды.
Алғашқы рет қылмыстық-процессуалдық қызметті жүзеге асыру кезінде тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету туралы мәселеге қолданбалы алдын ала тергеу және анықтаудың заңды екенін прокурорлық қадағалаудың нақты нысаны анықталды, олардың мазмұны ашылды, прокурорлық қадағалаудың жеке нысандарының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстары ұсынылған.
Сотқа дейінгі іс жүргізуде соттық бақылаудың қажеттілігін теріске шығармай, жұмыста алдын ала тергеу және анықтау органдарының қызметін соттық бақылауды прокурорлық қадағалау алмастыра алмайды, сонымен қатар адамның конституциялық құқықтарын шектейтін процессуалдық әрекеттерінің бірқатарын санкциялау бойынша прокурордың өкілеттілігін сотқа беру туралы ұсныныстың жарамсыздығы негізделетіні туралы қорытынды жасалынады.
Келесідей проблемалар бойынша пікірталас мәселелер зерттелінеді: құқықтық нормаларда қылмыстық процесс принциптерін бекітудің тәсілдері мен нысандары; қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын сипаттайтын белгілер; қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері; тұрғын үйде алу, тексеру, тінтуді жүргізудің негіздері.
Диссертацияда заманауи нормалы шығармашылық қызмет үшін маңызды мәні бар қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қатары негізделген және қалыптасқан.
Зерттеудің практикалық мәні
Қылмыстық сот ісін жүргізуде тұрғын үйге қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету мәселелерін теориялық әзірлемесінің практикалық мәні ғылыми жетістіктер іс мәніне тереңірек енуіне, тұрғын үйге қол сұқпаушылықты шектейтін қандай да процессуалдық әрекеттерін жүргізудің негіздерін білікті анықтауға, осы процессуалдық әрекеттерді жүргізу кезінде заң талаптарын нақты және ауытқымай орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берумен шартталған.
Осыдан шыға осы зерттеудің нәтижесінің практикалық мәні диссертацияда тұжырымдалған қағидалар, ұсыныстар және қорытындылар алдын ала тергеу органдары қызметін жетілдіруде, азаматтардың құқықтарын соның ішінде қылмыстық-процесуалдық қызметті жүзеге асыру кезінде тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына сақтауын прокурорлық қадағалау тиімділігін қамтамасыз етуге қолданылуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz