Марат Тәжин


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

І

Кіріспе

Бабалардың салған сара жолдармен . . .

ІІ

Негізгі бөлім

1. Марат Тәжиннің саясат сахнасындағы сәтті қадамдары

2. Марат Тәжин туралы ой-толғамдар

3. Елшілік қызметтер

ІІІ

Қорытынды

«Бабаларымыз жүргізген сарабдал сыртқы саясат

Қазақстан Республикасының құрылуына негіз қалады. »

Марат ТӘЖИН

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Тәжин Марат Мұхамбетқазыұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

Марат Тәжин 1960 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

1981 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірді, экономист, философи ғылымдарының кандидаты.

2007 жылы қаңтарда Марат Тәжин Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды.

2006 жылы сәуір айында Марат Мұхамбетқазыұлы ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы - Президенттің көмекшісі қызметін атқарды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің төрағасының бірінші орынбасары болды.

Марат Тәжин - Қазақстандағы манипуляторлардың ішіндегі саяси пооцестерге етене араласып жүрген еліміздің бірден-бір негізгі басты идеолог. Оның саяси сәтті қадамдарының арқасында Қазақстан 2030 жылға саяси көркеюмен ғана көтеріліп келеді. Президенттің әлемдік тұрғыдан саяси портретін одан әрі зор көрсету мақсатында Тажин мықты қарқынды жұмыстармен көрінсе, бүгін де сол қадамдар мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаитының дамуына үлесі орасан зор.

Осыдан тура он бес жыл бұрын, 1992 жылы шілденің 2-сі күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев жас Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосының мәртебесі мен өкілеттігін ресми рәсімдеген, «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы» Жарлыққа қол қойды.
Осы тарихи деректі атап өту үшін шілденің 2-сін қазақстандық дипломатиялық корпустың кәсіби мерекесі ретінде белгілеуге шешім қабылданды.
Отандық дипломатияның дәстүрлі тамыры ғасырлар тереңінен нәр алғаны мәлім. Ол Ұлы даланың тарихымен, ұлан-ғайыр кеңістігіндегі біздің мемлекеттілігімізбен тікелей байланысты. Біздің бабаларымыз жүргізген сарабдал сыртқы саясат ірі Еуразиялық мемлекет - бүгінгі Қазақстан Республикасының пайда болуына негіз болғандығы даусыз.
Қазақ дипломатиясының тарихы ең бір қиын-қыстау замандарда да ұлттық бірлікті, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу міндеті маңдайларына жазылған Керей мен Жәнібектен Әбілқайыр, Абылай хандарға дейін үздіксіз созылып жатыр.
Осы дәстүрді жаңа заманда КСРО-ның Арабиядағы елшісі болған Нәзір Төреқұлов және Тұрар Рысқұлов сынды қазақ дипломаттары жалғастырды. Өкінішке қарай, бұл азаматтар сталиндік зұлматтың құрбаны болды.
1944 жылдың басында КСРО Жоғарғы Кеңесі одақтас республикаларға сыртқы байланыстарда өкілеттік беру туралы заң қабылдады. Нәтижесінде, 1944 жылдың сәуір айының 13-інде Қазақ КСР-нің сыртқы істер Ұлттық комиссариаты құрылып, оны кейіннен КСРО-ның Үндістандағы уәкіл-кеңесшісі болып істеген талантты дипломат Төлеген Тәжібаев басқарды.
Қазақ КСР-нің сыртқы істер Ұлттық комиссариаты 1946 жылы Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылды. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ КСР-нің сыртқы істер министрі қызметіне Қайырғали Байғалиев (1953-1955), ғалым, Қазақ университетінің ректоры, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Асқар Закарин (1958-1961), танымал жазушы Әди Шәріпов (1963-1966), Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Балжан Бөлтірікова (1966-1971) сынды саясат пен әдебиеттің көрнекті қайраткерлері тағайындалды. 1973 жылы Қазақ КСР-нің Сыртқы істер министрлігін кейіннен КСРО-ның Мали мен Мароккодағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Мәлік Фазылов басқарды. Оның орнын 1976 жылы әдебиетші-ғалым Мүслім Базарбаев басты.
Қазақ КСР-нің Сыртқы істер министрі қызметіне 1981 жылы Михайл Есенәлиев тағайындалды. Ал 1989 жылы министрлік тізгінін Ақмарал Арыстанбекова ұстады. Ол кейіннен Қазақстанның Франция мен Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі болды.
Тәуелсіздік алған тарихи кезеңге Қазақстан сарабдал, әрі көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қадам басты. Елбасымыз әу бастан-ақ Қазақстанның сыртқы саяси бағдары ашық нарықтық экономика мен демократиялық саяси жүйеге, ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімге негізделеді деп айқындады. Біздің сыртқы саясатымыз жалпыға бірдей қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуды көздейді. Қазақстандық дипломатияның негізгі қағидалары- белсенділік, теңгерімділік, прагматизм, сындарлы диалог және көпжақты ынтымақтастық болып қала береді. Осы қағидаларды негізге алған еліміздің сыртқы саясат ведомствосын Қазақстан дипломатиясында өзіндік із қалдырған ел азаматтары басқарды.
Мысалы, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейінгі Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы шешімдерінің бірі Сыртқы істер министріне Төлеутай Сүлейменовті тағайындау туралы Жарлық болды. Ол кейіннен Қазақстанның АҚШ-тағы, Венгрия, Польша және Бельгиядағы елшіліктерін басқарды. Қазір ҚР Президенті жанындағы Басқару академиясының Дипломатиялық институтына басшылық етеді.
Бұл кезеңде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде халықаралық құқық тұрғысынан мойындалып, дербес сыртқы саясатын жүзеге асыруды бастаған еді.
1994 жылдың сәуірінен қазан айына дейін сыртқы саясат ведомствосын кейіннен Қазақстанның Түркияда, АҚШ-та Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған, Үкімет Аппаратына жетекшілік еткен, ал бүгінде еліміздің Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалған Қанат Саудабаев басқарды.
Сол 1994 жылы Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басына қазақстандық дипломатияның дамуына баға жетпес үлес қосқан кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Сыртқы істер министрлігін 10 жылдан астам басқарған Қ. Тоқаевтың еңбегі ел басшылығы тарапынан жоғары бағаланды. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы кейінен вице-премьер, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы секілді жоғары лауазымды қызметтерін атқарды. Бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы.
1999-2002 жылдар арасында Қазақстанның Сыртқы істер министрі қызметінде бүгінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов жұмыс істеді.
Егемендік жарияланғаннан кейін, тарих сахнасына шыққан жас мемлекет ретінде өзге елдермен, әлемдік қауымдастық төрінен салмақты орын алған алыс-жақын ірі мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату белсенді жүргізілгенін білесіздер. Әлемдік қауымдастық елдерімен байланыстар орнату және оны тереңдету шетелдерде Қазақстанның елшіліктерін, бас консулдықтарын ашу секілді қажетті дипломатиялық инфрақұрылымдарды дамыту ісімен қатар жүрді. Қазіргі кезде әлемнің түрлі елдерінде Қазақстанның 71 дипломатиялық және консулдық өкілдіктері бар. Мұның сыртында Қазақстан азаматтары халықаралық ұйымдарда да жұмыс істеп келеді. Ал жалпы қазақстандық дипкорпус 1000-нан астам жоғары білімді қызметшілерден жасақталған.

Дипломатия кәсібінің қоғамдағы беделі артқан сайын жастар көбірек келіп, буындар алмасуының табиғи процестері қалпына түсуде. Екінші жағынан, біз үшін министрлікте қалыптасқан жолдастық рухты, қызмет пен рангке қарамастан, адамгершілік қарым-қатынасты, ардагерлерімізге деген тұрақты қамқорлықты сақтау өте маңызды. Бұл - біздің дәстүріміздің ең бағалыларының бірі. Тек осындай жолмен ғана жауапты, заманауи ойлайтын, ел мен қоғам үшін бар білімін сарқа жұмсайтын, нағыз дипломатты тәрбиелеуге болады. Сыртқы істер ведомствосы қызметкерлерінің иығында Қазақстан Республикасының беделін нығайтуды, халықаралық проблемаларды шешуге белсене атсалысуын, әлемдік экономикалық жүйеге тең құқылы ықпалдастығын мақсат еткен, еліміздің сыртқы саяси бағдарын дәл, әрі тиімді жүзеге асырудың зор жауапкершілігі жатыр. Сондықтан басталған істің сабақтастығын толық сақтау керек.

Елбасы Жолдауында Каспий бойындағы елдермен байланысты күшейтуге баса мән берілгенін білеміз. Ал Каспийдің құқықтық мәртебесі әлі анықталған жоқ. « Каспий теңізінің мәні оның жағалауында қоныс тепкен халықтардың бүгінгі және болашақ ұрпақтары үшін, мемлекеттеріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін аса зор екендігіне дау жоқ. Энергетикалық ресурстардың әлемдік маңызы бар қайнар көздерінің бірі ретіндегі Каспий өңірінің ұлғайып келе жатқан рөлі теңіздің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселені бүкіл әлемдік қауымдастықтың айрықша назарына тартып отыр.
Каспий мәселесін шешу кешенді, көп қырлы сипатқа ие екендігін және ол ең алдымен, аумақтық мәселелерге қатысты екендігін айтқан жөн. Әртүрлі аумақтық режимдердің шегін орнату және оларды нақты заңнамалық мазмұнмен толтыру жағалау елдерінің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Бұл орайда, Каспий бестігінің әрбір мемлекеті теңіздің құқықтық мәртебесінің болашағына қатысты дербес көзқарас құқығына ие екенін ескеру қажет. Осыған байланысты барлық Каспий теңізі жағалауы мемлекеттерінің мүдделерін қамтитын өзара тиімді шешімді табу - біздің ортақ мақсатымыз» - деп атап көрсетті СІМ Марат Тәжин.
Каспий теңізімен байланысты мәселелерді шешу үшін 1996 жылы Каспий теңізі жағалауы елдерінің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары Сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеу үшін Арнайы жұмыс тобын құрды.
Ал енді ұстанымдарды жақындастыру мен өзара түсіністікке жетуге ұмтылыстардың айқын көрінісі ретінде үстіміздегі жылғы 20 маусымда Тегеран қаласында өткен Сыртқы істер министрлерінің кеңесін келтіруге болады. Бұл жиын барысында Каспий теңізі жағалауы мемлекеттері президенттерінің алдағы кездесуіне ұсынылатын қорытынды құжат - Декларацияның жобасы түпкілікті түрде келісілді.
Қазақстанның экономикалық мүдделеріне келетін болсақ, біз Әзірбайжан және Ресей Федерациясымен тиісті келісімдер жасасып, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мұнай-газ қорын игеруге халықаралық-құқықтық негізді қамтамасыз ету арқылы аймақта жағымды және тұрақты инвестициялық ахуал орнатты.
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасы Каспий теңізіне қатысты барлық мәселелерді ортақ келісім негізінде толықтай және әділетті шешу керек деп есептейді.
Министрліктің ең негізгі міндеттерінің бірі - шетелдік елдердің ішкі-сыртқы саясатын зерттеу болып табылады. Бұл жерде көрші елдердің орны, сөзсіз, ерекше. Мұндай жұмыспен министрліктен басқа түрлі деңгейде академиялық институттар да шұғылдануда. Олар өздеріңізге әбден мәлім: ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Шығыстану институты. Дегенмен қай елдің болса да бізге деген қөзқарасы толығымен зерттелді, ол елдер біз үшін басы ашық тақырып деу әлі де артық болар. Дипломатия мен жалпы саясат бір орында тұратын статикалық заттар емес, олар үнемі қозғалыстағы өзгермелі құбылыстар қатарында. Халықаралық өмірдегі өзгерістер мен оқиғалар әлемдегі күштердің ара салмағына ұдайы әсер етуде. Осының нәтижесінде әр елдің сыртқы саясатының векторы да белгілі дәрежеде ауытқып, өзгеріске ұшырауда. Сол себепті біздің бүгінгі біліміміз ертең ескіріп қалуының ықтималдығы өте жоғары. Марат Тәжин: «Көне заманнан бері дипломатия өнері әлемге танымал болған Қытай тәжірибесін біз әлі де зерттеп-үйренуіміз керек» - деді.
2007 жылдың 22 маусымда Брюссельде өткен Еуропалық Одақтың саммитінде Еуро Одақтың Орталық Азияға қатысты жаңа серіктестік Стратегиясы қабылданды.
Стратегия 2013 жылға дейінгі аралықты қамтиды және Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттерінің саяси және экономикалық диалогын өңірлік әрі екіжақты деңгейде нығайтудың құралы ретінде қызмет етеді. Бұл ретте, өзара іс-қимылдардың негізгі бағыттарының қатарында демократиялық институттарды нығайту және заңның мүлтіксіз орындалуы, адам құқығын сақтау, көлік және энергетика, жаңа қатерлермен күресу, қылмыс пен есірткі таралымына қарсы әрекет жасау, білім беру, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.
Стратегия Еуропалық одақтың ішкі құжаты екендігіне қарамастан, оны әзірлеу барысында өңірдегі елдердің, соның ішінде Қазақстанның да пікірлері қамтылған. Стратегияда оның мазмұны мен құрылымына қатысты біздің ұсыныстарымыз ескерілген. Орталық Азиялық елдер үшін аса маңыздылығына байланысты бұл ұсыныстар аймақтық ықпалдастық, экономикалық даму, энергетика және қауіпсіздік мәселелерін қамтып, құжаттың жекелеген бөліктеріне негіз болды. Мәселен, Стратегияны жүзеге асырғанда Орталық Азияның әрбір мемлекетіне қатысты өңірлік және мемлекеттік ерекшеліктерді ескеру қажеттігі турасындағы тезис.
Стратегия өз кезегінде өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететін, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық дамуына септесуге бағытталған. Біз сондай-ақ стратегияны тиімді жүзеге асыру Орталық Азия елдерімен өзара сауда айналымының өсуіне, ішкі өңірлік экономикалық байланыстардың нығаюына және өңірдің әлемдік экономикаға ықпалдасуына әкеледі деп ойлаймыз. Еуропалық Одақ пен біздің экономикалық тұрғыдағы ортақ мүдделеріміздің қатарында өңірдің ұлттық экономикаларын әртараптандырудың нақты тетіктерін әзірлеу мәселесін айту керек. Стратегияда әртараптандыру тұрақты өсу үшін маңызды екендігі ашық айтылған. Осыған орай, 2006 жылдың қарашасында қабылданған Қазақстанның 2024 жылға дейін тұрақты дамуға өту Тұжырымдамасын еске алғым келеді. Онда елдің орнықты дамуы бүгінгі буынның қажеттіліктерін өтей отырып, келешек ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін қатерге тікпейтін даму ретінде айқындалған.
Екінші жағынан, еуропалық тарап Орталық Азия мемлекеттерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне жәрдемдесіп, экономикалық және қаржылық жүйелерін одан әрі жаңғыртуға, инфрақұрылымдарын дамытуға, қазіргі заманғы еуропалық технологиялар мен инновацияларға, еуропалық рынокқа жол ашуға әзір. Бір сөзбен айтқанда, бұл Стратегия Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретіндігін көрсетіп отыр. (Материал «Айқын» газетінен Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫның СІМ маратТәжинмен сұхбаты алынды. )

ҚР Сыртқы істер министрі М. Тәжин мен РФ Сыртқы істер министрі С. Лавров кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрліктері арасында 2008-ші жылға арналған ынтымақтастық туралы іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Қазанның 29-ы күні Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Оның барысында М. Тәжин екі мемлекет басшыларының ағымдағы жылғы мамырдың 10-ындағы бірлескен мәлімдемелерін дер кезінде орындаудын қарқынды ете түсуді ұсынды.

«2007 жылғы мамырдың 10-ындағы мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемелерін дер кезінде орындау мақсатында оны орындау жұмыстарын жеделдету және 2007-2008 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-әрекет жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша сарапшылар деңгейінде екі елдің сыртқы саясат ведомствалары арасында тоқсандық консультацияларды өткізуді ұсынамын», - деді келіссөздер барысында М. Тәжин.

Еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы ресейлік делегацияны Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 15 жыл толуымен құттықтай келе: «Мен біздің елдердің сыртқы саясат ведомстволарының өзара іс-әрекетін және кең ауқымды мәселелер бойынша консультациялар нәтижелерін айрықша атап көрсеткім келеді», - деп атап көрсетті.

ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин «Имашев» газ конденсатты кен орнын
бірлесіп игеру үшін Ресей тарапынан өкілетті ұйымды анықтауды жеделдетуді ұсынды.
«Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес «Имашев» газ конденсатты кен орнын игеру үшін Қазақстан тарабынан жер қойнауын пайдаланушы анықталды. Бұл біздің ұлттық компаниямыз - «ҚазМұнайГаз», - деп атап көрсетті келіссөздер барысында Сыртқы істер министрі. «Имашев» кен орнын Ресей тарабымен бірлесіп игеру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы
құрылғанын айтқан М. Тәжин: «Осы орайда кен орнын бірлесіп игеру мақсатында Ресей тарабынан өкілетті ұйымды анықтауды жеделдетуді сұраймыз», - деді.

Қазақстан тарапы Ресейді Каспий бойы газ құбыры құрылысы жобасы бойынша
жұмысты жеделдетуді шақырды.

«Отын-энергетикалық сала бойынша үлкен мәселе - Каспий бойы газ құбырының құрылысы және Орталық Азиядағы газ көліктік қуаттылықтарды дамыту болып табылады», - деп атап көрсетті бүгін Астанада Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткен келіссөздер барысында ҚР Сыртқы істер министрі М. Тәжин. Оның айтуынша, екі елдің сарапшылары Қазақстан газын тасымалдау және транзиттеуде, сондай-ақ салық режимінің тұрақтылығын ұсынуда әлі келісімге келген жоқ. Мемлекетаралық келісімде қарастырылған мерзім өтіп кеткенін айтқан М. Тәжин, осыған байланысты Каспий бойы газ құбырының құрылысын жеделдетуге назар аудару қажеттігін білдірді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі арасында 2008-ші жылға арналған ынтымақтастық туралы іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Құжатқа ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 15 жыл толуына орай және Қазақстан мен Ресей арасында екі жақты байланыстарды дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников ҚР Сыртқы істер министрінің құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, құрмет грамотасы РФ Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері істері жөніндегі департаментінің директоры Максим Пешковқа, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Валерий Швецке табыс етілді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 15 жыл толуына орай РФ Сыртқы істер министрлігінің Төс белгісімен халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Анатолий Смирнов және ҚР Президентінің көмекшісі (ҚР Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары - редакцияның анықтамасы) Нұрлан Оңжанов
марапатталды.

Тұтастай алғанда Қазақстан мен Ресей арасында стратегиялық әріптестікте қандай
да бір саяси проблема жоқ. Біздің ынтымақтастығымыз тек уақыт тезінен ғана өтіп қойған жоқ, ол Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды бағыттар болып табылады. Бүгін Астанада Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жүргізілген келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин осылай айтты.

«Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, ең алдымен Қазақстан мен Ресейдің энергетика, сауда-экономикалық қарым-қатынастары мен гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту мәселелері тақыланды. «Сондай-ақ халықаралық проблемалар, соның ішінде жақында Душанбеде өткен ТМД, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ-тың Мемлекет басшыларының Саммитінде
қабылданған құжаттарды жүзеге асыру бағытындағы тетіктер бойынша пікір алмастық. Сонымен қатар, жақында Тегеран Саммитінен кейін жүзеге асыруды қажет ететін бірқатар тапсырмалар талқыланды», деді М. Тәжин.

«Менің ойымша, бізде ынтымақтастықты дамытудың алаңы үлкен. Ресей Сыртқы істер министрінің бүгінгі сапары кезінде екі ведомство арасында консультациялардың барынша мығым тетігін құруда бірқатар келісімдерге қол жеткізілді», деп атап көрсетті ол.

«РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанға ресми сапары кезінде Мемлекет басшылары берген тапсырмалардың негізгі бөлігі орындалды деп айтуға болады», деді М. Тәжин.

ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Қазақстан мен Ресей арасында энергетикалық салада бәсекелестік жоқ деп санайды.

«Ағымдағы және жақын болашақтағы уақыт туралы айтар болсақ, Қазақстан мен Ресей арасында энергетикалық салада ешқандай да бәсекелестік жоқ. Біз бірқатар салмақты перспективаларды бірлесіп шешудеміз. Мен екі өзін-өзі толықтырушы экономика және өзін-өзі толықтырушы энергетикалық кешендердегі ынтымақтастық пен әріптестік туралы сөз қозғауға болатынына сенімім мол», деп атап көрсетті
бүгін Астанада Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жүргізілген келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында М. Тәжин.

Өз кезегінде С. Лавров біздің елдер энергетика саласындағы жобаларды бірлесіп әзірлеп жатқандығын атап көрсетті. «Мемлекет басшыларының бізге берген энергетикалық кешендердегі барлық қол жеткізілген уағдаластықтар, соның ішінде Ресей, Қазақстан және Түрікменстан арасындағы Каспий бойы газ құбыры жөніндегі уағдаластық та орындалатын болады», деді ол.

Қазақстан ЕурАзЭҚ аясындағы біртұтас тарифтік және кедендік саясат жөніндегі
құжаттар пакетінің осы жылы қабылданатынына үмітті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта туралы біріккен ұлттар ұйымының бағдарламасы
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы мәлімет
Ақтөбе қаласы
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі
Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті
Ауыл шаруашылық министрлігі
Оқушылардың білім деңгейін көтеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz