Әлемдік қар мен мұз қорлары


Жоспары
Кіріспе
І бөлім. Әлемдік қар мен мұз қорларының шоғырлануы
ІІ бөлім. Әлемдік қар-мұз қорларының зерттелуі
ІІІ бөлім. Солтүстік жарты шарының мұздықтар
ІV бөлім. Оңтүстік жарты шарындағы мұздықтардың таралуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезеңдегі мәліметтер бойынша, жер бетіндегі мұздардың жалпы массасы 25, 8млн. км 3 , ол - планетадағы тұщы судың 2/3 құрайды(1/3 жер асты суларына жатады) және бұл Жер шарындағы барлық өзендердің 650-7000 жылғы ағысына тең. Жер бетіндегі мұздардың негізгі массасы (99%) - мұздықтар, сондықтан да олар гляциологияда негізгі рөл атқарады. Олар су қоры ғана болып есептелмейді, сондай-ақ, олар Күннің жылуынан екі есе асып түсетін (абсолютті мәні бойынша) суықтықтың да иесі.
Мұздықтарға тән ерекшеліктердің бірі - масса алмасу жылдамдығының баяулығы. Ол орта есеппен 9 600 жылда, ал орталық Антарктида үшін - қатты фазадағы су қорының толық қалпына келу кезеңі 20 000 жылға созылады.
Материктер мен теңіз мұздарының өте үлкен массасы Жер шарының полярлы аймақтарындағы қазіргі уақыттағы ендіктік зоналық үрдістерін анықтап, атмосфераның планетарлық айналымын күшейтеді. Сондықтан климаттың моделдерін жасап шығару атмосфераның, мұхиттың, құрлық пен мұзды жамылымдардың өзара қарым-қатынасын ескеруіміз шарт. Мұздану мәселесі әлемдік мұхит деңгейіне де айтарлықтай әсер етеді. Гляциологиялық өткен шақта теңіздердің трансгрессиялары мен регрессиялары ертедегі мұз қалқанының қозғалысының әсерінен болды.
Жер табиғатында мезгілдік мұздар мен қарлы жамылымдардың атқаратын ролі зор. Қыстың соңында ол солтүстік жарты шардың - 99 млн. км 2 (66%құрлық) территориясын алса(ең жоғарғы көрсеткіш), оңтүстік жарты шарда, қыстың аяғында, - 47млн. км 2 (33%құрлық) территорияны алады(ең төменгі көрсеткіш) .
Жер бетіндегі өзен суларының негізгі бөлігін, қар еруінен пайда болатын ағыстар құрайды. Тау алдындағы жерлерді суаратын судың қарлылығы, жазғы жерлерге қарағанда, 5-10 есе көп болады, себебі, олар жоғары бйікте қалыптасады. Таудың мұздық алабынан ағатын жылдық су көлемі оның территорясы бойынша орташа шамасынан 5-6 есе көп, ал жыл ішіндегі ағынның таралуы - жерді суару үшін өте қолайлы. Демек орталық Азия тауының мұздануы оның ауданының небары 5% алатын болса да, жылдық ағыстың 20%, жылы кезеңдерде 50% береді екен, бұл ағыстың ең жоғарғы көрсеткіші маусым мен тамыз айларына тура келеді, бұл - тау етектеріндегі ең құрғақ уақыт, өйткені суаратын жерлер үшін су қажеттілігі күрт артады.
Мұздықтар мен олардан ағып шығатын сулардың жоғарғы химиялық таза болуы оларды тұрмыста және өндірісте пайдалануға алып келеді. Болашақта мұздықтар айтарлықтай таза су және суық сақтаушы ретінде ерекше мәнге ие болатыны сөзсіз. Бірақта мұздықтар химиялық және радиоактивті ластануға өте сезімтал болып келеді. Осыған байланысты кез келген мұздықтарда, сонымен қоса Антарктикалық жамылғысында, радиоактивті қалдықтарды көміп, сақтауға болмайды, оларды бірнеше жүздеген мың жылдарға биосферадан «шығарып» тастау қажет.
Гляциологиялық құбылыстар мен үрдістердің маңызды ерекшелігі Жер бетіндегі жылу айналымдағы мұздың атқаратын ролінің маңызды болуында, жылу мен ықпал балансына тән мәндерге, көп энергия шығынын қажет ететін жиі фазалық ауысымдарға байланысты. Соңғысы, гляциальдық ландшафтардың тұрақсыздығына қар мен мұз массасының елеулі өзгергіштігіне әкеліп соқтырады.
Мұздықтар бірқалыпты қасиетін сирек сақтайды. Олардың тоқтаусыз түрленуі - климаттың өзгерісі мен мұздықтардың ішкі үрдістеріне байланысты. Көне мұздықтарды зерттеу - палеогляциологияның зерттеу обьектісіне жатады, бұл саланың міндетіне олардың өлшемдерін, пішінін, құрылымын, қамтамасыз ету белсенділігін, қозғалысын және тағы басқа да масса энергия алмасу сипаттамаларын қалпына келтіру кіреді.
Қазіргі кезеңде, шаруашылықтың биік таулы және полярлы аудандарға жылжуымен бірге, гляциальдық түрдегі стихиялық құбылыстар транспорттық құрылыста, пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын өңдеу кезінде, гидроқұрылыс және территорияны рекреациалық меңгерудің әсері «өсіп» келеді.
Мұздықтың әлемдік мониторинг қызметі ұлттық каталогтар базасында қар мен мұздың Халықаралық комиссиясы Әлемнің мұздықтар каталогын жасады (Worl Glawer Invertary, 1989) . Бұл каталог 1988 жылғы жердің мұздану күйін анықтайды және мұздықтардың ауданы туралы ең соңғы және нақты мәліметтер береді. Каталогқа сәйкес жер шарының жалпы мұздану ауданы 15 861 766 км 2 құрайды (планетадағы құрлықтың 10, 8%) . Оның ішінде 13 586 310 км 2 Антарктида және 17 264 000 км 2 - Гренландиялық мұздықты қалқанға, ал қалған 549 065 км 2 - жоғарғы және төменгі мұздану ендігіне келеді.
Антарктида мен Гренландияның ірі мұздықты жамылымдарынан басқа 50, 3% (276 100 км 2 ) ұсақ мұздықты күмбездер мен тау мұздықтары Солтүстік Америкада шоғырланған (36, 6% - Канадада, 13, 7% - АҚШ-та, бұған Алясканыда қосамыз), 43, 6% (239 187 км 2 ) Евразияда орналасқан (14, 2% - бұрынғы Кеңес Одағында, 0, 3% - Қазақстанда), 4, 7% (25 908 км 2 ) Оңтүстік Америкаға келеді, ең соңында 1, 4% (7 860 км 2 ) - Жаңа Зеландия мен Субарктика аралдарына, ал 0, 002% (10 км 2 ) - Африканың еншісіне тиеді.
Планетадағы қар қорының территориялық таралуы әлемнің қарлы-мұзды ресурстары Атласының мәліметтерінен көрінеді. Су эквивалентіндегі негізгі көпжылдық мұз қорлары Антарктидада шоғырланған - 23 296 630 км 3 . күтпеген жерден Европада мұз көп болып шықты - 21 082 км 3 , ал Азияда салыстырмалы түрде аз болды - 16 260 км 3 , бұл мәлімет ірі көпжылдық мұз көлемінің қалыптасыуның басты көзі - мұхиттардың жақын болуы маңызды деген тұжырым жасауға мәжбүр болды. Оңтүстік Американың Анды тауларында 12 690 км 3 - ал Африкада - 0, 4 км 3 аз мұз шоғырланған. Қоңыржай және тропикалық белдіктеріндегі ірі мұхит аралдарында 50 км 3 аса мұз табылған, жекелеген аралдардың Атлантика және Үнді мұхиттарының айсберг аймақтарында - 500 км 3 астамы табылған.
Жалпы алғанда жер шарындағы көп жылдық жер бетіндегі құрлықтар мен аралдардағы мұздың көлемі 25, 8 млн. км 3 құрайды. Бұл көлемнің шамамен 0, 01% жыл сайын жаңарып отырады: 3, 5 мың км 3 аккумуляция - абляция құрайды (бұған айсбергтердің сынықтары да кіреді), 20 мың км 3 - мезгілдік қар қорлары, шамамен 0, 5 мың км 3 - қызылсу мұзы құрайды.
Соңғы жылдары Гляциология ғылымына баса назар бөлініп, бұл саладағы зерттеулер әлемдік дәрежеде мәліметтер мен деректер алмасу арқылы зерттеу жұмыстары біршама алға басып келеді.
Табиғи мұздар тұщы судың басты қайнар көзінің бірі болып табылады және Әлемдік мұхиттың тербелу деңгейіне маңызды әсер етеді. Сонымен бірге қар мен мұздың экологиялық ролі де үлкен. Аталған проблемаларды қозғай отырып, 1977 жылы жарық көрген Әлемнің қарлы-мұзды ресурстарының Атласын ерекше атап өткен жөн. Бұл Атлас бұрынғы КСРОның және қазіргі Ресейдің ЮНЕСКО-ның Халықаралық гидрологиялық бағдарламасына және ғылыми одақтардың халықаралық кеңесінің Халықаралық геосфера-биосфераның бағдарламасына қосқан ұлттық байлығы саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz