Қазақсатан Республикасындағы спорт және дене тәрбиесі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І Тарау Қазақтанда бокстың дамуы

1. 1. Қазақсатан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі

1. 1 Қазақстан Республикасындағы спорттың дамуы туралы

Кіріспе

Бокс. Осы бір төрт қана әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт жүйелеріне жақсы таныс. Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге қоятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе жектердді көрмей, дегбірі басылмайтын жандар аз емес.

Бокстың тарихы біздерді алыс заманалардың түкпіріне жетелейді. Ежелгі Мысыр, Крит-микен, вавилон дәуірлерінің тасқа қашаған мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бинелері бар.

Артына өшпес «Илидп» жырын қалдырған грек философы Гомер өз заманындағы жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы кезде жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген термен булап, біліктерін артып бойлайды екен. Жеке-жек екі жұдырықшының біреуі қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген, жалтарған төреші эфефтер ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688-жылы өткен дүниедегі жиырма үшінші олимпиядалық ойындардан бастап бокс яки жұдырықтасу жарыстың бағадарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, фиософ Платон. Қолбасшы Алкивиад жұдырықтасуымен айналысқан. Қазіргідегідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе-жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықтаушылардың даңқы ауыздан -ауызға ілігіп, айдай әлемге жария болып отырған.

Халық оларды ерекше құрмет тұтып, энге, жырға қосқан, эпостардың қаһарман еткен, олимпадалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері тірісінде ескерткіш орнатқан.

Ежелгі дүниедегі олимпиадалық ойындар тоқтаған соң да бокс саябырсыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Бертін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе -жек өткізудің ережесі ойлап шығарылады. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын Джеміс Браутонның есімімен тікелей байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы бокстың дамуын анықтау.

І Тарау Қазақтанда бокстың дамуы

1. 1 Қазақсатан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі

Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. Деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б. з. б. 4 - 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ лимп, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған

Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады. 1932 ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. Ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б) П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. Соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1, 5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 - 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А. Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы лимпия ойындарында, ал Е. Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ. Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiс×ж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi.

Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз. Және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т. б. ) құрыла бастады.

Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер, “Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзi чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М. Жексенбеков, С. Шаймерденов, С. Қалымбаев, Е. Құмарғалиев, С. Сексенбаев, Ю. Варзин, В. Бочков, В. Агуреев, О. Жарылғапов, М. Мәденов, З. Жәркешов, Ж. Сауранбаев, В. Кравченко, Е. Чебукина, О. Кривошеева, Н. Меңдiғалиев, Е. Аяпбергенов, А. Оразалинов, С. Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi.

1. 2 Қазақстан Республикасындағы спорттың дамуы туралы

Денешынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі мәселелерді шешу қарастырылады:

1. нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

2. халықаралық талаптарға жауап беретін спорт инфрақұрылымын дамыту;

3. білікті мамандармен қамтамасыз ету;

4. спорт ғылымын дамыту;

5. денешынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру;

6. спорт резерві, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.

Денешынықтыру мен спортты дамыту қызметінің басты бағыты саланың нормативтік-құқықтық базасын дамыту болып табылады.

Заңды жетілдіру үшін мемлекеттік органдарда ««Денешынықтыру және спорт» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы жасалды.

Елдегі материалдық-техникалық базаны дамыту екі бағытта жүзеге асуы тиіс - бұқаралық спорт мен жоғары дәрежелі спорт үшін.

Бүгінгі күні ауылды жерлерде спортты дамыту проблемасы өзекті болып отыр, техникалық базаның болмауы. 4069 спорт залдарының ауылдық жерлерде 3639-ы жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және тек пән сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады.

Республиканың әрбір аудан орталығында және қалаларда типтік денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің, сонымен қатар елдегі әртүрлі аймақтарында халықаралық стандарттарға жауап беретін және елдің құрама командасының сұранысын қанағаттандыратын ететін заманауи спорт ғимараттарының құрылысын қамтамасыз ету мақсаты тұр.

Бұл мәселені шешу үшін ҚР ТСМ болашақтағы жобалау мен салуға пайдалануға қажетті типтік денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ең үздік эскизді жобасына шығармашылық байқау жариялады.

Саланың дамуына әсер ететін басты факторлардың бірі білікті мамандар болып табылады. Осыған орай, ҚР Туризм және спорт министрлігі келесі қадамдарды қабылдап отыр:

Олимпиада, Азия ойындарында жоғары спорт нәтижесін көрсетуге қабілетті жаттықтырушылар мен спортшылармен келісім-шарт жасалды;

жекелеген спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командамен жұмыс істеуге шетелдік жаттықтырушылар мен мамандар шақырылды;

Олимпиада ойындарында спортшылардың көрсеткен сәтті нәтижесін материалды түрде ынталандыру арттыойын көрсетуіувеличено материальное стимулирование за успешное выступление спортсменов на Олимпийских играх;

спорт түрлері бойынша ұлттық құрама жаттықтырушы-оқытушылары мен республикалық спорт ұйымдарының басшыларының жалақылары көбейтілді.

Денешынықтыру және спорт саласы мамандарына арналған біліктілігін арттыру орталықтары;

жоғары деңгейлі спорт проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институты;

бокс, күрес, велоспорт және ауыр атлетика бойынша 4 мамандандырылған олимпиадалық дайындау орталықтарын ашу мәселесі қарастырылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақсатан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
ДЗЮДО КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасындағы спорт және дзюдо күресі
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті әлемдік нарыққа шығару мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ҮРДІСТЕГІ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫЛЫҚ ОЙЫН ОРТАЛЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Оқушылардың дене тәрбиесі белсенділігі мен қимыл - қозғалысты қалыптастырудың бүгінгі жағдайы және мүмкіндіктері
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін шыңдау
Дене тәрбиесінің қоғамдағы маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz