Мемлекеттік идеология және ұлттық рух


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХ.

1. 1 Әлемдік тәжірибе контекстіндегі мемлекеттік идеологияның тарихи қалыптасуы . . .

1. 2. Қазақстандағы мемлекеттік идеологияның бет-бейнесі . . .

1. 3. Ұлттық идеяның мемлекеттік идеологияға әсері . . .

1. 4. Ұлттық рух пен ұлттық идеологияның мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы ролі . . .

2. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК

ӨЛШЕМДЕРІ.

2. 1. Б. А. Қ. - өркениеттік өлшемнің негізі . . .

2. 1. 1 Жаңа қоғамдағы жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық идеологияның алар орны . . .

2. 2. Ел межесі - елулік . . .

Қорытынды.

Қазақ елі - мәңгілік . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Зерттеу тақырыптың өзектілігі: Қаншама жылдар біз ел болып қалыптасуды арман еттік. Бізге Қазақ елі атану арман болды. «Ел болу биік әрі мағыналы сөз, оның ірге тасы мемлекет». Қазақстан Республикасы - Тәуелсіз егеменді мемелекет. Тек мемлекеті бар ел ғана өркениет жолына түсе алмақ, сондықтан Қазақ өркениеті деген ұғымды қоғамдық білімдер жүйесінде қолдануға мүмкіндік туды. Өркениетті елдер қатарына ену барысында ұлттық идеология - халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүр, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан - ұрпаққа таралып, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына өз үлесін қосуда. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мысалы, Қазақстанның ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы батырлық, ерлік, өнегелік дәстүрден туындаған. Отанын сүю, елін қорғау ер жүректі азаматтардың міндетіне кірген. Ертеде батырлар бейнесі осылай қалыптасқан. Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған. Сондықтан да халқымызды азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті болып табылады. Ұлттық идеологияның қалыптасуының қазақ ұлтының да, қазақ мемлекеттігінің де, жас ұрпақтың да болашақ тағдыры үшін әсері өте үлкен. Өз азаматтарына дұрыс идеологиялық бағыт-бағдар ұсынған мемлекеттің ғана өмірі тұрақты, болашағы баянды. Қазақ елі - мәңгілік-ұлттық идеология. Оның мазмұнын ашуда тың түсініктер керек, олардың біразын атап айтсақ, өркениеттік өлшем, өркениетік шешім, өркениеттік келісім, өркениеттік ізденіс, өркениеттік сана, өркениеттік тұрмыс, әлем халықтарының өркениеттік үрдістерін қабылдай білу және соған бейімделе отырып, елдік құндылықтарымызға жаңа сапалық үрдіс ашу. Шын мәнінде бүгінгі Қазақстан қайта еңсе көтерген, қайта түлеген, жаңғырған, қайта жарқырай көрінген жаңа мемлекет екенін кім жоққа шығара алады? Кейінгі кезеңде қазақ зиялылары ұлттық идеология туралы сөз қозғай бастады. Бұл жақсылықтың нашаны, ұлттық есею мен зерделенудің, рухани баюдың белгісі. Ұлттық идеологияны іздеу - халықтың өзін-өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәтерінде өзіне-өзі есеп беріп, қош айтысқан замандарды санасына қорытып төрт құбыласын түгендейді, өткен ғасырдан сыр сауады, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды. Етек - жеңін осылай түгендеген соңғы ойды ұлттық идеология деңгейінде қорытуға талпынады. Ұлттық идеология дегеніміз - тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгіннің талабын тарихта кеткен қателерден арылта отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу. Осы түпкі мақсаттарды орындауға қызмет ететін бүкіл идеялар жүйесі-қазақтың ұлттық идеологиясын құрайды. Қазақ мемлекетінің идеологиясының басты мақсаты - жаңа XXI ғасырдың оқыған, білімдар, білікті, техниканы, ілім-білімді терең меңгерген, дені сау, мықты, қажырлы, табанды, ақылды кемеңгер, ұлтжанды, отаншыл ұлтын тәрбиелеу.

Аңғарып отырғанымыздай, ұлттық идеология - халықтың уақытша қиындықтары мен кезеңдік қажеттіктерін өзек ете салатын идея ғана емес, халықтың бері салғанда ғасырлық, әрі салғанда дәуірлік мұратын айқындайтын, келер ұрпақтарға да шамшырақ бола алатын ғасырлық рухани философия. Ұлттық идеологияның негізі - қоғамның ең маңызды талаптары мен қажеттіліктері арқылы айқындалады. Кез келген қоғамда көздеген мақсатқа жету үшін ең бастысы - ұлттық бірлік керек, ал ұлттық бірлікке жету үшін - мықты идеология қажет.

Ұлттық идея, идеология жәдігөйлердің ашқан жаңалығы емес, миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады. Біздің міндетіміз - қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты ұлттық идеология қалыптастырып, бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру. ( Н. Назарбаев ) .

Елдер мен елдердің, ұлттар мен этностардың мақсат мұраты ескерілмеген жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс қарамауы, бір халықтың екінші халықты кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің екінші тілді қыспаққа алу, бар болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын алса, ұлттық идеологияға қауіп төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке жол бермеуіміз керек. Сол себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату, бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік, ынтымақтастықта әр халықтың рухани үйлесімділігін сақтап, еліміздің абыройын асқақтата отырып, әлемдік деңгейге көтеру үшін елімізідің әр бір азаматы бойындағы бар күш жігерін салып, жаңа заманда жаңаша өмір сүруі қажет. Ол үшін Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан » атты халқымызға жолдаған жолдауында ең бастысы білім саласына баса назар аударып, ел болашағы жастардың білім деңгейінің әлемдік стандартпен тең болу керек екендігіне зор көңіл бөлгендігі аса қуанышты жағдай екені баршаға аян. Ел болашағын тереңнен ойлай білу үшін ұлттық идеологияның өзегі ретінде қазақтың тілін, рухын, мәдениетін көтеру міндет. Бұл ұлттық мүдде мен ұлттық идеологияның астасар тұсы . Ұлттық идеология туралы әңгіме, ең алдымен, қазақ мемлекеті туралы әңгіме. Бүгінгі ұлттық идеология - ұлттық мемлекет құру. Ал, кез-келген мемлекетте ең алдымен мемлекеттік идеология жүреді. Бұл идеология мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын пәрменді жүргізуге бағытталған ең басты қаруы, ең басты қондырғысы. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның негізігі идеологиясы - Ел Тәуелсіздігін баянды ету, халықтық, ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды жақсарту, көрші елдермен тату-тәтті өмір сүру, Республикаға сырттан инвестиция тарту сияқты аса маңызды мемлкеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады. Біздің мемлекетік идеологияның ауқымы 2030-ға дейін аралықты қамтып жатыр. Ал ұлттық идеологиямыз қандай мазмұнда болуы қажет ? Ең бірінші ұлттық идеологиямыз табиғи, ойдан шығарылмаған, қазақ ұлтының нақты болмысынан туындаған болуы. Екіншіден, ол біздің Ата заңымызға қайшы келмеуі тиіс. Яғни нәсілдік, ұлттық, діни кемсітуден алыс тұрғаны абзал. Үшіншіден, ұлттық идеология Қазақстандікі болғандықтан, қазақ халқының мақсаты мен мұратын ұлықтаумен қатар басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлі, этникалық ар-намысына тимейтін болуы. Төртіншіден, ұлттық идеология ұзақ мерзімді, мәнді, баянды болуы қажет.

Бүгінгі заман - мәдениеттердің жаһандану кезеңі. Жаңа сапаға көшер алдындағы, яғни, өз дамуының ең биік сатысы - біртұтас адамзаттық өркениеттке құйылар алдындағы қарбалас шағы. Жаһандану - өркениеттің кезекті даму сатысы. Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетте ерекше ықпал тигізіп отырған жаһандану-өмірдің барлық салаларын қамтып отырған күрделі процесс. Ол дүниежүзілік адамзат қоғамының даму заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі ретінді қоғамда тіл мен дінімізге, рухани кеңістігімізге әсер етеді. Жаһанданудың бір жағынан дәуір үрдісі екенін мойындай отырып, екінші жағынан, мәдениет пен өркениет тоғысуына алып келер күрделі тұстары барын айтуға тиіспіз. Бұл, әсіресе, бір қоғамнан екінші бір қоғамға өтудің күрделі қиындықтарын басынан өткеріп жатқан, жаңаға ойы, бойы толық үйреніп кете алмай отырған Тәуелсіз елдер өмірінен анық аңғарылады. Жаһандану мен қатар өркениетте өріс ашар жаңалықтар да келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді, өмір сүру салтымыз бен мінез- құлқымызда да өзгеріс нашандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті. Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз жоқ, жаһандану алып келген игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі, ертеңгі-әр кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды. Әр халықтың өркениет әлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие болып қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етеді. . Біздің әлемдік өркениетке қол жеткізуімізге мүмкіндік туды. Бұл орайда әлемдік өркениеттің өрісне шыққан, дамудың сара жолына түскен елдердің тәжірибесіне баса назар аудара отырып, өз жолымызды табудың маңызы зор болмақ. Демек, біз, таяудағы жылдарда дәстүрімізге сай халықтық қалпымызға оралып, әлемдік білімді игеруге қол жеткізу арқылы біздің де өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға, яғни адамзат өркениеті биігіне көтерілуімізге толық мүмкіндігіміз бар екендігі ақиқат. Оған көптеген шаралар жасалып, алғашқы қадамы жүзеге асып та жатыр. Қазақ халқының рухани түлеуінің тарихи жағдайларды түгендеусіз мүмкін еместігі, тарихы, ділдік, діни және тілдік сабақтастықтың ұлттық идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле бастады. Әлем тарихында дәл қазақ тәрізді біртұтас біртекті халық ұшыраса қоймайды, яғни бар қазақ бір кісінің баласы! Біздің бабаларымыз бөлшекке емес, бірлікке сенген, бөтендікке емес, туыстыққа бас ұрған. «Бәріміз Қазақ байдың баласымыз», «Керегеміз ағаш, ұранымыз Алаш», «Киіз туырлықты, Алаш ұранды қазақпыз!». ( М. Мағауин ) .

Дүниеде бостандыққа, еркіндікке пара-пар келетін не бар? Сол бостандықтан көп жылдар көз жаздырып кетіп, қолымызға қайта қонғанда, қадіріне жетіп, иелік ете алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді, -деп Қ. Жұмаділ ағамыз айтқандай қолда бар мүмкіншілікті дер кезінде пайдаға асыру міндет.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін, -деп

Мағжан атамыз жырлағандай келешек жастарға елміз, халқымыз, Отанымыз зор үмітпен сенім артуда. Болашақ жастардың қолында! Профессор Ә. Табылдиевтің сөзімен айтқанда: «Адамның жігерін арттырып, құлшындыратын нәрсе-болашаққа сену. Болашаққа сену-адамдар жасап жатқан тіршілікке өркениетті елдің өмір өрнектеріне, жеке адамның қайрат-жігеріне байланысты. Болашаққа сенім біздің арманымызды биіктетіп, мақсат-мүдделерімізді айқындатып, алға бастайды». Ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан қоғамының бірлесу идеясын жүзеге асыра отырып, ел ішіндегі бірлікті сақтау өте маңызды. Қазір бұл мәселе орын алып отыр, сондықтан да басты міндет - ұлттық идеологияның біріктіруші, сындарлы рөл атқаруында жатыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен дипломдық жұмыстың мақсаты мен негізгі міндеттерін айқындауға мүмкіндік туады. Жұмыстың басты мақсаты- өркениеттік үрдістер аясындағы Ұлтық идеологияның маңызы мен мәніне талдау жасау:

- ұлттық идеологияның қалыптасу тарихын айқындау, әлемдік тәжірибені ой елегінен өткізу.

- ұлттық идеология және ұллтық рухтың құндылығын анықтау.

- Тәуелсіз Қазақстанның өркениетік өлшемдеріне жан-жақты тоқталу.

- Қазақстан 2030.

Тақырыптың зерттелу деңгейі Қазіргі кезеңде саяси өмірдегі идеологияның рөлі мен орнына байланысты мәселелерді қайта көтеру. Келешек жастардың ұлттық рухын ояту, өткенді саралап, келешекті болжау, іздену, ұғыну, өткенге құрметпен қарау. Бұл мәселеге мәдениеттанушылар, тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар және басқа зерттеушілердің қол жеткен нәтижелеріне тоқтала отырып, ұлттық идеология, ұлттық рух, өркениет құндылықтарына, ел болошағына бағдар болар кешенді зерттеу жүргізуге болады . Ұлттық идеология, ұлттық рух, өркениет өлшемдерін сонау ғасырдан қарастырып, оны елеп-екшеп зерттеп келе жатқан ғалымдарымыз әл-Фараби, Қашқари, Абай, Шәкәрім, М. Шоқай, Т. Рысқұлов, М. Әуезов, кейінгі уақыттарда бұл мәселені күн тәртібіне қойып, оны саяси тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыз Ж. Алтаев, Т. Ғабитов, Ғ. Есім, А. Құлсариева, Ә. Кекілбаев, Ж. Молдабеков, Ә. Қодар, Б. Нұржанов, Т. Жандәулетов, Д. Кішібеков, Д. Ысқақұлы, А. Сейдімбек, Ә. Ғали, А. Шәріп. А. Айталы есімдерін атауға болады.

Еліміздің болашақта өркениетті дамуының, өзміз бара жатқан қоғамның негіздері нақ бүгін қалануда. Біздің бүгінгі ұлттық идеологиямыз негізгі құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік өркениеттік үрдістер аясында саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан өз орнымызды иелену, ол үшін талай жылдар ата - бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігімізді баянды да берік етіп, тек қана қазаққа тән ұлттық рухымызды, ар-ұятымызды, кеңпейілділігімізді, адамгершілігімізді әлемге паш ету және әр қазақ қазақ екенін мақтан тұтуы қажет.

Мемлекеттік идеология және ұлттық рух.

Әлемдік тәжірибе контекстіндегі мемлекеттік идеологияның тарихи қалыптасуы.

Тәуелсiз жалпыұлттық идеология - тарихи дамудың өнiмi. Бүгінгі Тәуелсіз ел болған кезімізде, жаңа ұлттық немесе мемлекеттік идеологияны қалыптастыру ісі жанданған тұста Қазақстанға өркениетті елдерге тән өмір сүру принциптеріне жетелейтін рухани тірек табудың мәні зор. Әсіресе өркениетті елдердің даму жолындағы белгілі тәжірибелерін қарастырып, олардан өзімізге қажетті сабақ алу да тиімді. Идеологияның әлемдік тәжірибедегі нәтежиесі қандай ? Үлкен ой туғызатын сұрақ.

Идеология ұғымы ғылыми айналымда XIX ғасырдың бірінші жартысында пайда болды және оны ұстанған француз философы және экономисі А. де Траси болды. Бұл жерде идеологияны ол «идеялар туралы ғылым» ретінде қарастырады, яғни сезім тәжірибесіне жүгіне отырып, идеяның шығу тегін, тарихын түсіндіру. Ол «егер біз оның тақырыбын және грамматикасын алатын болсақ, егер біз оның құралына, логикасына мән беріп, оның мақсатын қарастыратын болсақ, онда бұл ғалымды идеология деп атауымыз керек» деп жазды. (9) .

Ұлттық идеологияның қалыптасуы және даму барысы мәселесінде шетел Батыс, Шығыс және Еуразия өркениетіне жататын АҚШ, Ресей, Жапония, Корея елдеріндегі идеологияның орнын қарастырып, даму тәжірибесіне жүгінетін болсақ. Мысалға: «Орыс идеологиясы» осыған дейін Ресей мемлекетінің мақсаты болып келген «Москва Үшінші Рим» идеясының негізі болатын. Қазіргі Ресейдегі ұлттық идеологияның қалыптасуы Ресейдің тарихи жемісінің нәтижесі, яғни әлеуметтік, экономикалық, саяси қатынастарының көрінісі. «Орыс идеологиясының» қалыптасуына XIX ғасырдың 2 жартысында Достоевский мен Соловьев сияқты көрнекті интеллигенция өкілдері үлкен әсер еткен болатын. Достоевский тұжырымдаған «орыс идеологиясы» төрт идеяның жиынтығы болатын: 1) Славян бірлігі (Балқанды басып алу) . 2) Шығыс бірлігі (Түркияны басып алу, бұғаздарға бақылау, Ай - София мешітіне крест тағу, сөйтіп Қиыр шығыстан Босфор бұғазына дейінгі жер Ресей бақылауында, қысқасы қазіргі Дугиннің Еуразия идеясымен ұқсас) . 3) Проваславия діні әлемдік діндердің ішіндегі ықпалдысына айналады. 4) Патша мен халықтың арақатынасы әке мен баланың арақатынасына ұқсас болуы керек. Біртіндеп бұл идея орыс халқының дүниедегі ерекше рөлі туралы идеологияға айналып кетті. Бүгінгі таңда Ресей халқының басым бөлігі өз санасындағы талай жылдар бойы қалыптасып келе жатқан «социализм», «капитализм» ойымен мәңгілікке қоштасып, ұлттық державалық даму жолын таңдады. Ресей идеологиясының даму компонентінің түп тамыры - дәстүрлі руханилық, полиэтикалық және поликонфессиялық Евразия мәдениеті. Ресейдің эволюциялық даму жолының негізі - дәстүрлі принциптер мен құндылықтарға сүйенген идеология қалыптасып, мынандай ұранмен әлемге танылуда: «Державничество», «Гражданственность», «Соборность», «Патриотизм».

«Державалық»- Евразиялық Ресей мемлекетін құруда дамудың ең маңызды және мықты түрі. «Держава»- ол империя емес, егемендік. Ұлттық сана-сезімнің өсуі.

«Азаматтық» (Гражданственность) - мемлекетте теңдіктің белгісі, жеке тұлғаға деген сенім, демократия.

«Патриотистік» - өз еліңе, жеріңе ішкі сүйіспеншілік. Ресейліктер үшін екі маңызды бөліктен тұрады: Ұлттық сана-сезімді ояту және дамыту, оны ұлы держава Ресей үшін тиімді пайдалану.

«Соборность»- халықтың әлеуметтік, саяси, этикалық жағдайына қарамастан бірлігі. Ауызбіршілік, татулыққа шақыру. «Бәрі бір құдайдың баласы» деген ұранмен бірлесе жұмыс атқару. Мұны бұрынғы ұлттық идеологиялардың жаңа сипаты деуге болады.

Жапондықтардың басты ерекшелігі - олардың идеологиясында. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлттың бірлігі мен топтасуына негізделген «дәстүрлі жапон рухы мен ең жаңа батыстық технологияның бірлігі» туралы жапон идеологиясы Жапонияның әлемдегі экономикасы ең шарықтау шегіне шыққан мемлекеттердің қатарына кіруге, сонымен қоса дәстүрлі мәдениет құндылықтары мен Батыстың либералдық құндылықтарының синтезін жүзеге асыруға, сол арқылы өскелең жаһандану жағдайында өзінің этностық бірізділігін сақтап қалуына негіз болды. Жапондықтарда тарихқа өте ерекше мән береді, ол бүгінгі таң мен келешектің бастауы, идеологияның негізі тарих тамырында жатыр деп есептейді. XX ғасырдың II-ші жартысында Жапондықтар батыс өркениетін, мәдениетін бүге-шүгесіне дейін талқылап, зерттеп, Европаны қуып жетуге ұмтылды.

Е. Ямамото: «Біз батыстықтардан белгілі бір затқа деген көзқарасын қалыптастырдық »- дейді.

Роберт Смит өзінің «Культурный контекст Японской политэкономии » атты мақаласында былай дейді: «Жапондықтар басқа да индустриалды халықтарға ұқсас. Алдыңғы тап өкілі өткеннен тиімді сабақ алып, жетік қорытындылай түсе болашақты көре біледі, ал жас ұрпақ алдыңғы тап өкілімен үйлесімді жұмыс жасап көптеген жетістіктерге жетеді ». Жапондықтар үшін XX ғасыр ұйымдастыру ғасыры болды, ал XXI ғасыр индивид ғасыры атанды. Бұған жетудің бірден бір жолы - дұрыс шешімдер қабылдау, оларды пайдалы жүзеге асыра білу, қорытынды жұмысқа әділетті баға бере алу. Экономикалық даму ол тек қана пайданың көзі емес, халық бірлігі, тұтастығы. Еңбекқорлық, әлемде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделе білу, жоғарғы білімді игеру, жан-жақты даму- Жапон идеологияның басты мақсаты.

«Азия жолбарыстары» қатарындағы Оңтүстік Кореяның қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік деңгейде алдыңғы орындарға шығуына да ұлттық идеологияға әсер етіп отыр. 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Корей халқы үшін - Жапондарды қуып жету және олардан асып түсу идеясы біртіндеп ұлттық идеологияға айналды. Міне соның негізінде Оңтүстік Корея әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің біріне айналды. Берік идеологиясының арқасында өркениетті елдердің қатарына еніп, болашаққа нық, әрі сенімді қадам жасауда.

Америка Құрама Штаттарының «америкалық арман» деп аталатын идеологиясы ол: «ортақ береке және қоғам мен оның ұрпағын азаттық игіліктерімен қамтамасыз ету» ретінде тұжырымдалды. Осының негізінде Америкадағы әртүрлі этностарды азаматтық қауымдастық ретінде бірыңғай америка ұлтына біріктірді, бірақ ол рухани әлеуеті жоқ, таза прагматикалық пайдаға бас иетін идеология болып шықты.

Саяси мәдениет - көп жылғы тарих жемісі. Сондықтан да әр мемлекетте өзіндік саяси мәдениет қалыптасады. Американың саяси мәдениеті Европадағы басқа мемлекеттерге қарағанда өзгеше. Мемлекеттің қалыптасып, мықты болуы ең алдымен ұлттық идеологиямен тікелей байланысты. Мемлекеттің іргетасы дұрыс ойланған стратегиялық даму жолымен ұлттық идеологиялық бірліктің арқасында қаланады. Табиғи ресурстар, экономикалық мүмкіндіктер, қарулы күш, саяси жүйе - бұлардың барлығы идеологияның арқасында тиімді жүзеге асырылады. Америка Құрама Штатының идеологиясы - америкалық либерализм, ғалымдар мен саясаткерлердің айтуына қарағанда мемлекеттің қалыптасуына, америка қоғамының қалыптасуына тікелей ықпалын тигізді. Либерализмді саяси және идеологиялық тұрғыдан қарастырып, негізін қалаушылар XVII - XIX ғасырдың ұлы ойшылдары Дж. Локк, А. Смит, И. Бентам, С. Миль. Яғни бұл жердегі либерализм - адамның жеке басын түсіну, өмір сүруге ұмтылысын арттыру.

XX ғасырдың алғашқы жартысында Америка либерализімі жаңа өзгерістерге ұшырайды. Жаңа либерализмнің теориялық негізі - «Жаңа демократиядан» көрініс табады, яғни қоғамда мемлекеттің экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуын арттыру. Осының негізінде Америка экономикасы, технологиясы, ғылымы өте жоғары деңгейде дамыды, ал рухани жағдайы ескерілусіз қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноұлттық мемлекет құру
М. Қозыбаевтың Өркениет және ұлт еңбегіне аннотация
Патриотизм- қасиетті ұғым
Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы
Қазақ спортының дамуындағы ұлттық патриотизм идеясы
Қазақстандағы ұлттық идеологияның негізгі мәселелері
Философиядағы сана мәселесі
Дін ең көне қоғамдық форма ретінде
Әлеуметтік философиядағы қазақ ұлттық менталитетке көзқарасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz