«ИП Бисенов» кәсіпорының жалпы экономикалық жағдайы. Аудит және салықтық есеп


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе:
:
Кіріспе: І Ұйымның техникалық экономикалық жағдайы
:
Кіріспе: 1. 1 «ИП Бисенов» кәсіпорының жалпы экономикалық жағдайы
:
Кіріспе: 1. 2 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
:
Кіріспе:
:
Кіріспе: ІІ Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принциптері
:
Кіріспе: 2. 1 Бухгалтерлік есептің түрлері мен маңызы
:
Кіріспе: 2. 2 Негізгі қорлар есебі
:
Кіріспе: 2. 3 МСА есебі
:
Кіріспе:
:
Кіріспе: ІІІ Аудит және салықтық есеп
:
Кіріспе: 3. 1 Аудит жүргізудің ережелері
:
Кіріспе: 3. 2 Салықтар бойынша есеп беру
:
Кіріспе:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
:
Кіріспе: Қосымшалар
:

Кіріспе

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілі салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себптерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Тәжірибелік жұмыстың мақсаты «ИП Бисенов» кәсіпорнына жалпы сипаттама беру, және де оның экономикалық жағдайын анықтау, бухгалтерлік есептің атқаратын қызметін анықтау, негізгі қорлар есебін қарастыру, аудит және салық есебінің жүргізілуін қарастыру.

І Ұйымның техникалық экономикалық жағдайы
І Ұйымның техникалық экономикалық жағдайы: 1. 1 «ИП Бисенов» кәсіпорының жалпы экономикалық жағдайы

Жеке кәсіпкерліктің толық аты - «ИП Бисенов». Мекен жайы - Қазақстан Республикасы, 480028, Ақтау қаласы, 2 микрорайон, №55, РНН 430100987567.

«ИП Бисенов» негізгі қызмет түрлері:

  • коммерциялық және делдалдық қызмет, көтерме және бөлшек сауда;
  • жылжитын және жылжымайтын мүліктермен мәмілелерді жасау;
  • ақпарттық, кеңестік, инжинирингтік, кәсіпкерлік, қаржылық қызмет көрсету;
  • сыртқы сауда операциялары және сыртқы экономикалық қызмет;
  • халық тұтынатын тауарларды, өндірістік-техникалық міндетті өнімдерді, азық-түліктерді сату;
  • ЖЖМ және мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау және сату;
  • көлік-экспедициялық қызметтер, жүктерді және жолаушыларды тасу;
  • құрылыс материалдарын, аспаптарды, шикізатты, жинақтау бұйымдарын, құрастырғыштарды сату;
  • сауда үйлерін, шағын және ірі маркеттерді ұйымдастыру және пайдалану;
  • экспорт-импорт операцияларын, өкілеттілік қызметті (шет елдік фирмалардың қатысуымен) ұйымдастыру;
  • жабдықтау қызметі;
  • Қазақстан республикасында және шет елде мүліктерді сатып алу және сату, салып қоюшы және жалға алушы құқығында жер учаскелерін алу, құрылыстарды немесе жеке жайларды жалға алу;
  • басқа кәсіпорындарға қызметтер көрсету;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге қызметтер.

«ИП Бисенов» өз иелігіндегі мүліктеріне қатысты өз міндеттемелеріне жауапты болады. .

Жеке кәсіпкерліктің мөрі, тауарлық белгісі, фирмалық бланкі, дербес есеп шоты бар. Жеке кәсіпкерлік филиалдар мен өкілдіктерін ашу құқығы бар.

Жұмысшыларының орташа жылдық тізімдік саны екі жүз елуден астам және жылдық активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есепті көрсеткіштен жоғары болса ірі бизнес субъектісі құрамына жатқызылады.

Жеке кәсіпкерлік өз жұмысын жүргізуі үшін қатысушы салымы есебінен Жарғылық капиталы 1 000 000/бір миллион теңге 100% есебінде құрылған. Жарғылық капитал мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы.

«ИП Бисенов» жауапкершілігі шектеулі жеке кәсіпкерлік мүлкін негізгі және айналым қорлары және басқа да Жеке кәсіпкерліктің балансында көрсетілетін құндылықтар жиыны құрайды. Мүліктерге Жеке кәсіпкерліктің меншік құқығы бар. Мүліктерді қалыптастыру көздері:

  • ақша және материалдық жарналар;
  • Жеке кәсіпкерлік пайдаланатын интеллектуалдық меншік құқығы, өнеркәсіптің кей салаларында жинақталған білім мен тәжірибе, басқарма, қызмет түрлері;
  • өнімдер, жұмыстар, қызметтерді сатудан алынған және басқа да шаруашылық қызметтен алынған табыстар;
  • бағалы қағаздардан алынған табыстар, банк несиелері,
  • Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған көздер.

Шаруашылық қызмет барысында пайда болған зиян резевтік капитал есебінен жабылады. Алынған табыстың бөлінуі қатысушының шешімі негізінде анықталады. Таза табыс сомасы салықтарды толық төлегеннен кейін қатысушының иелігінде қалған табыстың бір бөлігі болып табылады.

Жоғарғы басқару ұйымы - Жеке кәсіпкерліктің жеке иесі болып табылатын қатысушы. Ол келесідей мәселелерді шешуге өкілетті:

  • фирма атауын, мекен-жайын өзгерту, Жарғысын өзгертіп жаңа нұсқасын қабылдау; қызмет бағытын өзгерту;
  • Жарғылық капитал мөлшерін өзгерту;
  • ревизиялық комиссияны қызметке алу, босату, оның есептілігі мен қорытындысын қабылдау;
  • Жеке кәсіпкерліктің қайта құрылуы мен жойылуы, жойылу комиссиясын тағайындау;
  • атқару ұйымдарын, Директорды тағайындау, ішкі ережелерді бекіту;
  • Жеке кәсіпкерліктің басқа субъектілерге қатысуы жөнінде шешім қабылдау;
  • Жеке кәсіпкерліктің мүлкін кепілдікке беру жөнінде шешім қабылдау;
  • қосымша жарналар жөнінде шешім қабылдау және т. б. [1] .

Ағымдағы басқаруды директор жүзеге асырады. Директордың өкілеттігіне келесідей мәселелер кіреді:

  • қызметкерлерді келісім шарт негізінде қызметке алу және босату;
  • жылдық балансты құрастыру;
  • қаржыландыруды бекіту;
  • қаражаттардың жұмсалуы жөнінде сметаны бекіту;
  • келесідей қорларды - даму қорын, материалдық ынталандыру қорын қалыптастыру.

Қызметкерлерге жалақы тағайындау, төлеу формасы мен жүйесін таңдау директордың өкілеттігінде. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, еңбек жағдайы мен жұмыс режимі мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек жөніндегі заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік өз өнімін келісім шарт бойынша келісілген баға бойынша сатуға құқылы.

Атқару ұйымының қаржылық шаруашылық қызметіне бақылау жасау мақсатында Жеке кәсіпкерлікте ревизиялық комиссия құрылған. Комиссия құрамына 3 адам кіреді. Мүшелер қатысушының шешімі бойынша 1 жылға сайланады. Ревизиялық комиссияға атқару ұйымының қызметкерлері мүше бола алмайды. Ревизиялық комиссия тиісті мерзімде қаржылық шаруашылық қызметке тексеру жүргізе алады, сол себепті барлық құжаттарға пайдалану құқығы бар. Ревизиялық комиссияның талап етуі бойынша атқару ұйымдары ауызша немесе жазбаша түсініктеме беруге міндетті. Ревизиялық комиссия міндетті түрде Жеке кәсіпкерліктің жылдық қаржылық есептілігін қатысушы бекіткенге дейін тексереді [1] .

Жеке кәсіпкерлік қызметін қатысушының шешімі негізінде қайта құрылуы немесе жойылуы арқылы тоқтатады. Құрылымын өзгерту, яғни, бірігу, қосылу, бөліну, қайта құрылу қатысушының шешімі арқылы немесе заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жойылу мақсатында қатысушының шешімімен арнайы жойылу комиссиясы құрылады. Жеке кәсіпкерліктің жойылуы сот шешіміне сәйкес жүргізілгенде сот жойылу комиссиясын тағайындайды. Жойылу комиссиясы бекітілгеннен бастап Жеке кәсіпкерлік қызметін басқару өкілеттілігі осы комиссияға өтеді. Комиссия Жеке кәсіпкерліктің мүлкін бағалайды, кредиторлар мен дебиторларды анықтайды, олармен есеп айырысады, үшінші жақтармен есеп айырысу шараларын жүзеге асырады, жойылу балансын құрастырады және оны құрылтайшыға бекітуге береді.

Жойылу комиссиясының шешімі бойынша Жеке кәсіпкерліктің мүліктері сатылады, Жеке кәсіпкерлікке пайдалану құқығында берілген мүліктер меншік иесіне қайтарылады. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне арнайы жазу жазылғаннан кейін ғана жойылу процесі аяқталды және Жеке кәсіпкерлік өз қызметін тоқтатты деп есептеледі. Аталған жағдайлардың барлығы жұмысқа № 1 қосымша бетте тіркелген Жеке кәсіпкерліктің жарғысында көрсетілген.

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Ұйымдар өз бетімен жұмыс істеп, өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін өздері жауапты болады.

Ұйымның қаржылық жағдайы дегеніміз оның белгілі-бір мерзімдегі қаржылық тұрақтылығы, шаруашылық қызметті жүзеге асыруға қажетті материалдық және басқа ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі мен міндеттемелерін уақыттылы өтеу мүмкіндігін көрсетеді.

Қаржылық жағдайды талдау дегеніміз қаржылық тұрақтылықты талдау түсінігіне сәйкес келеді. Талдаудың бірінші кезеңі ұйымның баланс активтерінің құрамы мен құрылымына талдау жасау. Активтердің құрамына және құрылымына жасалған талдау арқылы ұйым мүліктерінің қаншалықты өзгергенін анықтауға болады, егер активтер мөлшері артқан болса, онда ол ұйымның қызметінің артуын білдіруі мүмкін [8] .

№3 қосымша беттерде тіркелген «СТК Сервис-Лимитед» ЖК 2005-2006 жылдарға құрастырылған бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша активтері мен пассивтерінің құрамына және құрылымына талдау жасаймыз.

Кесте 1 - Ұйымның активтерінің құрамын талдау [9]

Көрсеткіштер
Жыл басы
Жыл соңы
Өзгерістер, +, -
Мың. Тг.
%
Мың. Тг.
%
Мың. Тг.
%
Көрсеткіштер: 1. Активтер құны, барлығы
Жыл басы: 1351584431
Жыл соңы: 100
Өзгерістер, +, -: 1594256298
100
+242671867
+17, 95
Көрсеткіштер: 2. Ұзақ мерзімді активтер
Жыл басы: 1130497175
Жыл соңы: 83, 6
Өзгерістер, +, -: 1130044668
70, 88
-452507
-0, 04
Көрсеткіштер: Оның ішінде: негізгі құралдар
Жыл басы: 5103875
Жыл соңы: 3, 3
Өзгерістер, +, -: 4657672
0, 29
-4462203
-87, 42
Көрсеткіштер: Материалды емес активтер
Жыл басы: 58299
Жыл соңы: 0, 004
Өзгерістер, +, -: 51996
0, 01
-6303
-10, 81
Көрсеткіштер: Инвестициялар
Жыл басы: 1125335000
Жыл соңы: 83, 3
Өзгерістер, +, -: 1125335000
70, 58
0
0
Көрсеткіштер: 3. Ағымдағы активтер
Жыл басы: 221087256
Жыл соңы: 16, 4
Өзгерістер, +, -: 464211629
29, 12
+243124373
+109, 96
Көрсеткіштер: Оның ішінде: ТМҚ
Жыл басы: 111983387
Жыл соңы: 8, 3
Өзгерістер, +, -: 438304
0, 02
-111545083
-99, 61
Көрсеткіштер: Дебиторлық борыш
Жыл басы: 108954337
Жыл соңы: 8, 06
Өзгерістер, +, -: 435150431
27, 29
+326196094
+299, 38
Көрсеткіштер: Ақша қаражаттары
Жыл басы: 149532
Жыл соңы: 0, 06
Өзгерістер, +, -: 28622893
1, 81
+28473361
+19041, 6
Көрсеткіштер: 4. Өндірістік қуаты
Жыл басы: 117087262
Жыл соңы: 8, 66
Өзгерістер, +, -: 5095976
0, 32
-111991286
-95, 65

Кесте деректері бойынша мынандай қорытынды жасауға болады. 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда жалпы активтер құны +242671867 теңгеге артқан, оған тікелей әсер еткен көрсеткіштер, дебиторлық борыштың есепті жылы +326196094 теңгеге, ақша қаражаттарының +28473361 теңгеге артуы болды. Сонымен қатар негізгі құралдар құнының -4462203 теңгеге, тауарлы материалдық қорлардың -111545083 теңгеге кемігенін көреміз. Құрастырылған кесте мәліметтері бойынша талдау жасап, коэффициенттерді анықтап көрелік.

Өндірістік қуаты коэффициенті есепті жылы -111991286 теңге, сәйкесінше -95, 65% кеміген. Бұл көрсеткіштің есепті кезеңдегі үлесі 0, 32%-ды құрауы оның теориялық мәнінен әлдеқайда төмен (К>=0, 5) екенін көреміз. Яғни, өндірістік мақсаттағы қорлар құрамын толықтыру үшін сырттан қаражат тарту қажет.

Келесі көрсеткіштің - ағымдағы активтердің жұмылдырылу коэффициенті - ағымдағы активтердің баланс валютасындағы үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш өткен жылы 16, 4 %, ал есепті жылы 29, 12% көрсетіп тұр, яғни бұл көрсеткіштің артуы ұйымның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігін көрсетеді.

Жұмылдырылған және жұмылдырылмаған қорлардың өзара қатынасы коэффициенті ағымдағы активтердің ұзақ мерзімді активтерге қатынасы арқылы анықталады. Біздің ұйым бойынша өткен жылы (221078256/1130497175) 0, 19, ал есепті жылы (464211629/1130044668) 0, 4 құраған. Негізі теориялық көрсеткіш 0, 5-тен кем болмауы қажет. Ұйымның бұл көрсеткіші есепті жылы теориялық мәнге жуықтағанын көреміз. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты ұйымның қаржылық тұрақтылығы арта түспек [9] .

Келесі көрсеткіш ұйымның мүлкі құрамындағы негізгі құралдардың шынайы құны көрсеткіші болып табылады. Біздің ұйым бойынша негізгі құралдар үлесі өткен жылы 3, 3% болса, есепті жылы 0, 29%-ды құраған, яғни өте көп мөлшерде кеміген. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды. Бухгалтерлік баланстан тозу жөнінде қосымша мәліметтер алып тоз коэффициентін анықтаймыз. Бұл көрсеткіш негізгі құралдардың тозу сомасының бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталады. Өткен жылы тоз коэффициенті 639397/5743273 - 0, 11, ал есепті жылы - 1200644/5858317 - 0, 21 тең болған. Бұл көрсеткіштің өсуі бір жыл ішінде негізгі құралдардың тозуының артқанын сипаттайды [9] .

Талдаудың келесі кезеңі ұйымның бухгалтерлік балансы негізінде пассивтер құрамы мен құрылымын талдау болып табылады. Ол үшін баланс негізінде аналитикалық кесте құрастырып аламыз.

Кесте 2 - Пассивтер құрамын талдау [9]

Көрсеткіштер
Жыл басы
Жыл соңы
Өзгерістер, +, -
Мың. Тг.
%
Мың. Тг.
%
Мың. Тг.
%
Көрсеткіштер: 1. Аванстық капитал, барлығы
Жыл басы: 1351584431
Жыл соңы: 100
Өзгерістер, +, -: 1594256298
100
+242671867
+17, 95
Көрсеткіштер: 2. Меншікті капитал
Жыл басы: -55535094
Жыл соңы: 4, 11
Өзгерістер, +, -: 11650803
0, 73
+67185897
-12, 09
Көрсеткіштер: 3. Қарыз капиталы:
Жыл басы: 1407119525
Жыл соңы: 104, 11
Өзгерістер, +, -: 1582605495
99, 27
+175485970
+12, 47
Көрсеткіштер: 3. 1Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Жыл басы: 1232772671
Жыл соңы: 91, 21
Өзгерістер, +, -: 877070500
55, 01
-355702171
+28, 85
Көрсеткіштер: 3. 2Ағымдағы міндеттемелер
Жыл басы: 174346854
Жыл соңы: 12, 9
Өзгерістер, +, -: 705534995
44, 26
+531188141
+304, 67
Көрсеткіштер: Тәуелсіздік коэффициенті 2/1
Жыл басы: х
Жыл соңы: 0, 0411
Өзгерістер, +, -: Х
0, 0073
х
х
Көрсеткіштер: Қарыз және меншікті капитал өзара қатынасы коэффициенті 1/3
Жыл басы: х
Жыл соңы: 0, 96
Өзгерістер, +, -: х
1, 007
х
х
Көрсеткіштер: Инвестицияландыру коэффициенті
Жыл басы: х
Жыл соңы: -10, 88
Өзгерістер, +, -: Х
2, 5
х
х

Кесте мәліметтері бойынша қорлану көздері де +242671867 теңгеге, +17, 95% артқанын көреміз. Инвестицияландыру коэффициенті меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасы арқылы анықталады. Өткен жылы инвестицияландыру коэффициенті -10, 88 пунктке кеміген болса, есепті кезеңде 2, 5 пунктке артқан.

Бұдан кейінгі талдау баланстың өтімділігіне жасалады. өтімділік дегеніміз ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу мүмкіндігі болып табылады. Өтімділікті талдау мақсатында барлық баланс баптары активтерінде 4 топқа, пассивтерінде 4 топқа біріктіріледі.

А1 - ең өтімді активтер, бұған ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар кіреді. А2 - тез сатылатын активтер, оларға дебиторлық борыш пен басқа да активтер кіреді, А3 - баяу сатылатын активтер, оларға қорлар мен ұзақ мерзімді инвестициялар кіреді, А4 - күрделі сатылатын активтер, оларға ұзақ мерзімді активтер жатады [9] .

П1 - ең жедел өтетлетін міндеттемелер, ең қысқа мерзімде жедел өтелуі қажет міндеттемелер жатады, П2 - қысқа мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар жатады, П3 - ұзақ мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар жатады, П4 - тұрақты міндеттемелер, меншікті капитал жатқызылады.

Балансты абсолютті түрде өтімді деп тану үшін келесі түрдегі ара-қатынастар орындалуы қажет:

  1. А1≥П1
  2. А2≥П2
  3. А3≥П3
  4. А4≤П4

Жыл басы Жыл соңы

149532 ≥ 174346854 28622893 ≥ 705534995

108954337 ≥ 0 435150431 ≥ 0

1237318387 ≥ 1232772671 1125773304 ≥ 877070500

5162175 ≤ -55535094 4709668 ≤ 11650803

Осы теңсіздіктерді қарастыра отырып, жыл басында бірінші, төртінші теңсіздіктердің орындалмайтынын, ал жыл соңында бірінші теңсіздіктің ғана орындалмайтынын көреміз. Яғни есепті жыл соңында баланстың өтімділік қабілетінің біршама артқанымен сырттан қаражат тарту қажет екендігін көреміз.

Ұйымның төлем қабілеттігіне талдау жасау үшін негізгі үш коэффициенттерді анықтау қажет.

1. Абсолютті өтімділік коэффициенті. Бұл көрсеткіш ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың ең жедел өтелуі қажет міндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады. Біздің балансымыз бойынша жыл басында 0, 0008 (149532 / 174346854), ал жыл соңында 0, 04 (28622893 / 705534995) тиісті мөлшерден әлдеқайда төмен екенін көреміз.

2. Аралық өтеу коэффициенті. Бұл көрсеткішті есептеу үшін алдыңғы көрсеткіштегі бөлшектің алымына дебиторлық борыш пен басқа активтерді қосу қажет. Біз қарастырып отырған баланс бойынша жыл басында 0, 6 (109103869 / 174346854), ал жыл соңында 0, 65 (463773324 / 705534995) болғанын, яғни теориялық мәнінен (0, 5 кем емес) артық мөлшерде екенін көреміз. Ұйым өзінің ең жедел өтелуге тиісті міндеттемелерін ақша қаражаттары, бағалы қағаздар және саып алушылардың болашақ төлемдері есебінен (дебиторлық борыш, яғни болашақ түсімдер) өтеу мүмкіндігі бар екенін көріп отырмыз.

Жалпы өтеу коэффициенті қысқа мерзімді активтердің қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы арқылы анықталады. Біздің ұйымждағы жалпы өтеу коэффициенті жыл басында 1, 27 (221087256 / 174346854), ал жыл соңында 0, 66 (464211629 / 705534995) құрап, жыл соңында біршама төмендегенін көреміз және бұл мәндер негізгі теориялық мәннен әлдеқайда кем болып тұр.

1. 2 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар

«ИП Бисенов» ЖК - нің есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заң актісінің негізінде және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарын, типтік шоттар жоспарын, жоғарыда аталған құжаттарға қосымша нұсқауларды, Жеке кәсіпкерліктің жарғысын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікке қатысты заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жасалған.

Есеп саясатының негізгі мақсаты компания қызметін мүмкіндігінше тиімді көрсету, ол жөнінде толық, объективті, шынайы ақпаратты көрсету болып табылады. Есеп саясаты теориялық тұрғыда үш бөлімнен құралады. Бірінші «Жалпы ережелер» бөлімінде ұйым жөнінде жалпы мәліметтер, есеп саясатының негізгі мақсаты анықталады. «Әдістемелік бөлімде» стандарттарда көрсетілген ақпартты қаржылық есептілікте ашып көрсету әдістері көрсетіледі. «Ұйымдастыру бөлімінде» бухгалтерлік есептің жүргізілуіне жауапты лауазымды адамдар, олардың еңбек бөлінісі, қолданылатын есеп жүргізу формасы, жұмысшы шоттар жоспары көрсетіледі [2] .

Есеп саясатының маңыздысы - әдістемелік бөлім. Осы бөлімде төмендегідей мәселелер қарастырылады:

  1. Негізгі қорларға қатысты оларды бастапқы бағалау, амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері, жөндеумен байланысты шығындарды есепке алу, жаңарту, жалға алу, техникалық тұрғыда қайта жарақтандыру мәселелерді қарайды. Негізгі қорларды жөндеуге қатысты жөндеу уақыты мен өткізу жылдамдығын компания өзі шешеді.
  2. Материалдық емес актвитеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері және оларды есептен шығару жолдары. Кейбір материалды емес активтер түрлеріне байланысты олардың тиімді пайдалану мерзімі жөнінде компания өзі шешім қабылдайды.
  3. Дебиторлық борыштарды түгендеу, күдікті борыштар көлемін анықтау;

Есеп саясатының техникалық бөлімінде келесі сұрақтарды қарайды:

  1. Басқару есебінің ұйымдастырылуы;
  2. Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері. Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Жанама шығындарды анықтау, оларды объектілер арасында бөліп тарату әдісі. Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі. Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
  3. Материалдарды есепке алу;
  4. Негізгі қорларды жөндеу;
  5. Күрделі құрылыстың негізгі қорларын жаңарту;
  6. Мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу;
  7. Жұмысшы шоттар жоспары;
  8. Ішкі өндірістік есептілік [3] .

Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлімінде келесі сұрақтар қаралады:

  1. ұйымдық нысаны және бухгалтерлік қызметтің құрылымы;
  2. есептің орталықтандырылу деңгейі;
  3. ішкі өндірістік бақылау.

Жеке кәсіпкерліктің есеп саясаты қатысушының шешімімен бекітілген. № 2 қосымша беттерде тіркелген.

Осы қосымшадан есеп саясатының 1-ші бөлімінің Ұйымдастырушылық - Техникалық бөлім деп аталатынын, онда есеп саясаты жөнінде жалпы ережелердің, Жеке кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық негіздерінің, негізгі қызмет түрлерінің және мақсаттарының жазылғанын көреміз. Бұл мәліметтерді біз Жеке кәсіпкерліктің жарғысына қатысты да қарастырған болатынбыз. Сол себепті бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын қарастырамыз. 1-ші бөлімде сонымен қатар бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы міндеттер көрсетілген. Мұнда бухгалтерлік есептің міндеттері:

  • оперативті басқару үшін, инвесторлар мен кредиторлар, жабдықтаушылар, салықтық және қаржылық ұйымдар, сатып алушылар және басқа пайдаланушыларға қажетті шаруашылық процестері мен қызмет нәтижелері жөнінде толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру;
  • Жеке кәсіпкерліктің мүлкінің, материалдық еңбектік, қаржылық ресурстарының қолда бары мен қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету;
  • қаржылық шаруашылық қызметтің келеңсіз құбылыстары жөнінде уақытында ескерту және ішкі резервтерді анықтау деп көрсетілген [4] .

Капитал, міндеттемелер, активтерге, табыстар мен шығындарға әсер ететін барлық операциялар бухгалтерлік есепке алынуы қажет. Бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын жеке құрылымдық бөлімше болатын бухгалтерияда жүргізіледі. Есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады. Құрылтайшы қаржылық есеп айырысу құжаттарына қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімін бекітеді.

Алғашқы құжаттар мен құжат айналысы ашылып көрсетілген. Есептік-бухгалтерлік құжаттардың жойылу мерзімдері көрсетілген. Сақталу мерзімдеріне қарай құжаттардың ішінде қаржылық есептілік пен түсініктеме жазбалар тұрақты сақталуы қажет, одан кейінгі ең ұзақ сақтау мерзімі 75 жыл, ал көпшілігі 3-5 жыл бойында сақталулары қажет. Бас бухгалтер құжат айналысының тізбектілігін, олардың дұрыс рәсімделуін бақылайды. Жеке кәсіпкерліктің келесідей құжаттары құпия құжаттар құрамына жатады: банктік құжаттар, кассалық құжаттар, жеткізу-қою келісім-шарттары, кедендік жүк декларациялары, төлем ведомостері, салықтық шот-фактуралар, еңбек келісім-шарттары, штаттық кесте, қаржылық және салықтық есептілік. Осы құжаттарды алу құқығы бар өкілетті адамдарды директор анықтайды [4] .

Сонымен қатар осы бөлімде бухгалтерлік есеп саясатын қалыптастыру негіздері, қағидалары (есептеу қағидасы, үздіксіздік, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, шынайылық, бейтараптылық, сақтық, аяқталу қағидасы, салыстырмалылық, тізбектілік, ақиқаттық) көрсетілген.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің талап етуі бойынша өзгертіледі, және ол өзгерістер қаржылық есептілікте шынай ақпарат қалыптастыратын болса ғана өзгертіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына сипаттама және аудит ролі
Еңбек ақы төлеудің есебі
Мүлікке салынатын салық
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорынның бюджеттік қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпoрындaғы бухгaлтерлік есепті ұйымдaстыру және есеп сaясaты
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі
Өскен бидайдың бидайдері
Бухгалтерлік есеп жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz