М. Байғұттың шығармашылығы


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
І Тарау.
Жазушы шығармашылығындағы алғашқы ізденістер . . . 5
ІІ Тарау.
М. Байғұттың шығармашылығындағы тәуелсіз таным және суреткерлік шеберлік . . . 13
Қорытынды . . . 63
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65
Кіріспе:
Тақырыптың өзектілігі:
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Мархабат Байғұттың бірқатар шығармалары қарастырылады. Осы уақытқа дейін баспасөз бетінде автордың жеке әңгімелері мен әңгімелер жинағына тек қысқаша түрде жалпылама сипатта тоқталып өткені болмаса, тиянақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Осыны ескере отырып, М. Байғұттың повестері мен әңгімелеріне тәуелсіздік таным тұрғысынан поэтикалық талдау жүргіздік. Зерттеу нысанына «Интернаттың баласы», «Машаттағы махаббат», «Таудағы андыз», тағы басқа жеті повесть пен «Шілде мен Егінбай», «Дауыстың түсі», «Әкім кеткен күн», «Шел», «Ақпандағы мысықтар» тәрізді тағы басқа отызға жуық әңгімелері алынды. Жазушының шығармашылық өмір жолына толық тоқталып өтілді. Сонымен бірге М. Байғұттың шығармаларын О. Бөкей және Д. Исабековтың шығармаларымен салыстыру барысында стильдік ерекшеліктер мен ортақ ұқсастықтар дараланып ерекшеленді.
М. Байғұт шығармаларының поэтикасын зерттеудің маңызы зор. Біріншіден, М. Байғұт қазақ әдебиетінде өзіндік көркемдік талғамы мен стилі бар жазушы. Жазушы шығармашылығына осы тұрғыдан да жандасудың өзектілігі күшті.
Екіншіден, М. Байғұт шығармаларының көркемдік ерекшелігін поэтикалық тұрғыдан аша білудің нәтижесінде жазушының өз поэтикасын анықтауға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, жазушының өзіндік стилі мен поэтикасын саралап анықтау арқылы қазақ әдебиетіндегі алатын орнын анықтауға қло жеткізуге болады. Осы мәселеге де төрелік жасауға болады. Мұның бәрі жинақталып келіп, дипломдық жұмыстың көкейкестілігін айқындайды.
Сонымен бірге М. Байғұт шығармашылығы жайында арнайы талдау еңбегінің болмауы зерттеудің маңыздылығын арттыра түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Сөз өнері тарихынан жазушы еңбегі, көзқарасы мен қолтаңбасы, дүниетаным иірімдері кең орын алады. Алайда, әдебиет өз орнын адаспай тапқан осы бір әмбебеп тұлға шығармашылығының зерттелу деңгейінде кемшіл тұстар байқалып жатады. Баспасөз беттерінде жекелеген мақалалардың әр жылдары, онда да болса М. Байғұттың мерейтойына байланысты жарық көргені, сондай-ақ кейбір ғалымдардың еңбектерінде қысқаша сөз болғаны болмаса, жазушының шығармашылығын арнайы зерттеген еңбек жоққа тән. М. Байғұттың шығармаларының көркемдік құпиясы мәтін табиғаты шығармаларының мәніне С. Жұмабековтың «Сын симфониясы», Ж. Дәдебаевтың «Қазіргі қазақ әдебиеті», С. Қирабаевтың «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» т. б. еңбектерінде қысқаша шолу жасалды.
Зерттеу барысында жазушының әңгімелері тақырыптық тұрғыдан көтерілген мәселелеріне орай топтастырылды. Сюжет, образдар, көркемдегіш тәсілдерге терең талдау жасалынды. О. Бөкей, Д. Исабеков шығармаларымен салыстыра зерттеу барысында жазушының өзіндік стилі айқындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. М. Байғұт шығармаларының поэтикасын анықтау - жұмыстың басты мақсаты. Одан туындайтын міндеттер құрамы төмендегі мәселелерді қамтиды:
- жазушы шығармаларының тақырыбы мен идеясын анықтау;
- жазушы әңгімелерін тақырыптық ерекшелігіне қарай топтастыру;
- жазушы шығармаларының сюжеттік желісі мен композициялық құрылысын саралау;
- жазушының образ жасаудағы тәсілдерін анықтау:
- жазушы шығармаларының көркемдік ерекшелігіне түсінік беру, яғни құбылту мен ажарлауды қолдану ерекшелігіне анықтама беру;
- жазушы шығармаларындағы ономастикалық, этимологиялық және салыстырмалы лексика мәселелерінің қойылысын анықтау.
Зерттеу нысанасы.
Тақырыптың мәнін ашу үшін М. Байғұттың «Интернаттың баласы», «Машаттағы махаббат», «Таудағы аyдыз» т. б. жеті повесть пен «Шілде мен Егінбай», «Дауыстың түсі», «Әкім кеткен күн», «Шел», «Ақпандағы мысықтар тәрізді» шығармалары негізгі зерттеу нысанасына айнлды. Жұмыстың орындалуы барысында қазақ әдебиетьану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізінен басшылыққа алынды. Сонымен бірге З. Қабдоловтың (17), М. Атымовтың (2), С. Сахабаттың (23), Г. Пірәлиеваның (22), (әдебиеттану) еңбектері мен интернетте ашылған жеке сайт (14) пайдаланылады. Сонымен бірге әр
жылдарда баспасөз бетінде М. Байғұт өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған түрлі мақалалар да негізге алынды.
Зерттеудің дерек көздері ретініде М. Байғұттың әр жылдарда шыққан кітаптары мен ІV томдық шығармалар жинағы (5) .
Зерттеу әдістері.
Бұл дипломдық жұмыс жинақтау, сараптау, бақылау, қорыту әдістерінің негізінде жазылды.
Жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде «Жазушы шығармашылығындағы алғашқы ізденістер», « М. Байғұттың шығармашылығындағы тәуелсіз таным және суреткерлік шеберлік».
І Тарау. Жазушы шығармашылығындағы алғашқы ізденістер.
Қазіргі таңда қазақ әдебиетінде рухани дамуымызға, ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен үлкен үлес қосқан қаламгерлердің шығармашылығын қарастырып, олардың әдебиеттегі орнын, суреткерлік ерекшелігін ажырату қажеттілігі заңдылық.
Жалпы, қазақ әдебиетінің тарихында шығармаларымен оқырмандар ықыласына бөленген, өзіндік дара тұлғасымен, суреткерлік стилімен есте қалған қаламгерлер аз емес.
1920-1930 жылдар әдебиетіндегі М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсрепов, Ғ. Мұстафин т. б сынды сөз зергерлерінің жазған көркем дүниелері ұлтымыздың рухани құндылықтары санатында әдебиетіміздің алтын қорын құрайды.
Осындай көркем дүниелер келтірген орта мен дәстүр кейінгі әдеби процесске де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер шындығын, өнер адамдары мен тарихи тұлғалардың өмір жолын, өнер, мәдениет, салт-сана тақырыбын және бүгінгі замандастар тыныс тіршілігін, ішкі дүниесін арқау еткен шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің көптеген мәселелері қарастырылып, зерттелуде. Соңғы ширек ғасырда қазақ әдебиетінің түрлі жанрлары уақыт талабына сай зерттеу еңбектерінің негізгі арқауы болды. Осы еңбектердің барлығында да жаңа ғылыми жинақтаулар, тұжырымдар жасалды.
Әрбір кезең қазақ әдебиетіне танымал есімдерді, тың мәселе көтерген шығармаларды, поэзия, проза, драматургия жанрларындағы шығармаларды, олардың даму ерекшелігін айқындайды.
Мамыржай майда мінезімен өмірде де, өнерде де өзгелерге ұқсаңқырамайтын, өзіндік сара жолмен келе жатқан Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Оңтүстік Қазақстанның Түркібасы өңіріндегі Пістелі ауылында дүниеге келген. «Пістелідегі қамыспен жабылған үйде анасы пешке сүйеніп тұрып» дүниеге әкелген Мархабаттың ауылы қандай? Ауыл аты Таупісте деген жеміс ағашына байланысты қойылған. «Таупісте осы Пістелі тауында оның Бозторғай асуының күнгейінде, Аршалы мен Ашалы, бекі аңғарларында, Көкбұлақ қойнауында, Пістелісай мен Амансайдың сол жағында өсетін, биіктігі бес-алты метрге дейін жететін, жаңғақ тұқымдас ағашы ғой. Қазақстан бойынша, оның Оңтүстігінің өзінде осы Пістеліден басқа жерде өспейді. Өзбекстанның Алай, Ферғана аңғарларында кездеседі» (5; 282) . Тау пістенің өзге өңірлерде кездеспейтін табиғи қасиетін бойына сіңіре білген Мархабат, өзі құралпы балалар секілді өмір әліппесінен сабақ алып, ешқандай жеңілдіксіз оңай деуге келмейтін қиындығы мен қысаң соқпақтардан тұратын жиынтығы көп кезеңде өзін танып өсті.
Болашақ жазушы білімге деген құштарлығын балалық қызыға құлшынушылықпен ұштастыра отырып, жұтынған жұтаң тіршілік тезімен бірнеше мектеп ауысып, ағайын-туыс пен интернат табалдырығын тауысып аудан орталығындағы абай атындағы орта мектепті бітіреді. Жазушының өзі бұл туралы былай дейді: «Пістелі ауылында тек бастауыш мектеп қана болатын. Қазір де солай. Сол бастауыштан соң біресе Жуалыдағы әпкемнің қолында, біресе нағашымыздың үйінде, одан
кейін ұжымшардың интернатында, сонсоң аудан орталығындағы мектеп жанындағы интернатта жатып оқыдық» (12; 8) .
Орта мектепті бітіріп, 1964 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Сол жылы әскер қатарына азаматтық борышын өтеуге шақырылып, Қиыр Шығысқа аттанып кете барады. Бұл жайында өз сөзін келтіре кетсек: «Алпыс төртінші жылдың
желтоқсанында Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттерін түгел тізімдеп, көкесі жоқтарды әскерге алды да кетті. Никита Хрушевтің пәрмені әлі өзгере қойған жоқ еді. Алпыс бесінші жылдың маусымында Новосібір қаласындағы алты айлық кіші командирлер мектебін бітірген бірнеше қазақ Забайкалье әскери округінің қарамағына жіберілдік. Студенттік өмірімізді өксіттіп, білімге құштар бүкіл тағдырымызды үш жылға үзіп тастаған Хрушев жолдасты қаншама жеккөрсек те, қайран Байкалдың арғы жақ, бергі жағын армансыз аралатқаны үшін алғыс айтатынбыз», - дейді.
«Студенттік өмір өксігенмен» кейінгі жазушылық өмірінде өнімді өршіген қара қаламның қанаты қияға бастау алмас бұрын Байкалдың мөлдір тұнығынан қуат алған ба деген ойға еріксіз берілесіз. Себебі Мархабат осы «сапарында» қазіргі таңда жойылып біткен «Ағын-бурят ұлттық округінде» қызметте жүріп Ағын қызы Агатаға ғашық болады. Ал ғашықтық ғаламаты соқырға жанар беріп, шолақты құлындай құлпыртып жіберетіні белгілі. Сол сияқты жазушының шығармашылық шабытының бастауы да сол нәзік сезімдерге толы кезеңдерде жатыр ма деген ойға қаласыз. Естайды Естай еткен Қорлан болса, Абайға заман талабына сай үн қосуына Тоғжанның септігі аз болмағаны тарихтан белгілі. Тіпті өткен ғасырдың ақиық ақын Мұқағалидің шабыты тау өзеніндей қуатқа ие болуына Лашын апамызға деген махаббаты арқау болғанын Еркін Ібітанов өз естелігңнде келтірген (19; 10) .
Жазушының шығармашылық шабыты жайындағы жоғарыдағы пікірімізге дәлел еді. Мархабаттың өз шығармасынан келтірейік: «Агата Аксеновна - жай ғана қатардағы шопан емес, комсомол-жастар бригадасының білдей басшысы . . . Біз пақырыңыздың иығымыздан келетіндей бойымен қатар жүріп, сержанттық погонымыздың шетіне бір-екі мәрте қап-қара шашын тигізіп, бүкіл кешенді аралатып шықты.
Біз пақырыңыздың бірқатар шығармамызда қыздың еркелеп қана жігіт иығына басын қисайтуы жиірек кездесетіні осыдан болса керек».
Мархабат Байғұттың кейін жазған «Күн астындағы күнекей қыз», «Уран ұрған», «Ақ шымылдық», повестеріндегі кейіпкерлері мен оқиға іздері осы жыл жемістері екені анық. Азаматтық борышын өтеу мерзімі бітіп, елге оралған соң оқуын сырттай оқи жүріп 1968-1973 жылдары Түркібасы аудандық «Шамшырақ» газетінде әуелі корректор, кейіннен тілші, аудармашы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Қызығы мен шұжығын қатар қоя білетін өмірге пенделік құштарлығын қаламын ұштау арқылы сабақтастырған Мархабаттың шығармашылық көшінің қазығы қағылып отау тіккен тұсы да осы шақ. Бұлай дейтініміз 1974 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне аударашы болып ауысып келе сала «Жазушы» баспасында жарық көрген «Тоғызыншы шежіре» атты ұжымдық жинаққа енген «Алақанда алтын дән» атты очеркі «көшке» еріп, өз алдына жеке отау тіккен Мархабаттың тұсауын кеседі. Қазір сол отаудың жас қаламгерлерге қасиетті қара шаңырақтай екені айтпасақ та аян. 1975 жылы «Жалын альманағының» алтыншы санында қазақ әдебиетіне көктемдей туып келе жатқан жазушының Нәуірзек торғайдай алғашқы хабаршысы болып «Бірбеткей» әңгімесі жарық көреді.
Араға аз уақыт салып «Жұлдыз» журналының 1976 жылы үшінші санында «Жаңғақ» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң-ақ Мархабаттың
майда қоңыр мақаммен мәнерленген дүниелері мерзімді басылымдар арқылы оқырмандарды «Сырбұлақтың суындай сыршыл» прозамен сусындатуын үдетті.
Жазушы 1978 жылы «Жалын» баспасынан тұңғышы іспетті «Шілдесін» дүниеге әкеледі. Араға екі жыл салып «Шілдеден» соң таңсық тәттіні тамсана тауысқан баланың су іздегендей шөліркеп қалған оқырман қауымның шөлін жоғарыдағы баспадан шыққан «Сырбұлағымен» басқан болады.
Өңіріміз жаршысы іспетті «Оңтүстік Қазақстан» газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі қызметін атқара жүріп жазушы көзі қарақты оқырманды осындай дүниелерімен жарылқай білді. Публицистика жанры неғұрлым жинақылық, нақтылыққа негізделген болса Мархабаттың аз сөзбен ақырандап көп мәнді аңғартуы, әншейін әзілмен миығынан жымия отырып мыжи мысқылдауы, ауылдың айналасынан аспай-ақ төрткүл дүние тіршілігінің тиегіне шек тартып сыр шертуі осы кезеңдегі алған қысқалық пен нұсқалыққа үйренген тәжірибесідеп ұққанымыз дұрыс болар. Бұл жайында Т. Әлімқұлов былай дейді: «Мархабат - тұңғыш әңгімелер жинағымен-ақ танылып үлгерген жазушы . . . «Оңтүстік Қазақстан» газетінде істей жүріп неғұрлым нақтылыққа, қысқалыққа машықтанған. Көркем туындылары өз табиғатынан бастау алады».
Публицистикамен көркем әдебиетті қатар алып жүрудің өзіне жараса қиындықтарынан өте білген Мархабат жоғарыдағыдай тиімді жақтарын бойына сіңіре білгенін әңгіме жанрының зергері Тәкен Әлімқұлов дөп басып айтқан.
Мархабаттың өзі бір сөзінде: «Университеттің Филология факультетін бітіргенмін. Бірақ жиырма жылдай газеттерде жұмыс істедім. Кейінгі қызметтерім да БАҚ - қа, журналистикаға қатысты болды деп ой өрбіте
келе жазушылық пен журналистика дегендеріңіз бөлек-бөлек әлем болғанымен, етектері бір таулар сияқты емес пе?»- деп аяқтайды. (18; 3)
Сонымен, Мархабат Байғұт 1984 жылы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы қызметіне ауысады. Саясатта тұрақтамай 1985-1992 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы, төрағасы болады. Осы 1985 жылы «Жалын» баспасынан жазушының «Интернаттың баласы» атты үшінші кітабы жарық көреді. «Тоғыз балам-бір төбе, Ертөстігім-бір төбе» дегендей, туындылырыңыздың ішінде «Интернаттың баласы» повесі өзгешелеу, сіздің талантыңызды танытып мойындатқан да сол туынды», - деп Көпен әмірбек баға берген повесть атын иемденген жинақ ішіндегі өзге де шығармалар Мархабаттың жаңа қырын, балалар әлемінен сыр шеткен қаламының қарымын белгілеп бергені анық.
Көркем әңгімедегі ел өмірінің шеберлікпен бейнеленуі .
Күнделікті тіршіліктің кемшіліктері мен келеңсіздіктерін өткір де әсерлі жеткізудегі қазіргі жазушылар қаламының қарымы кең. Олар қоғам мен жеке адам өмірінің күнгей мен көлеңке тұстарын детальды эпизоттар арқылы көр-сетумен де шеберліктің шеңберін кеңейтеді.
1960 - 70 жылдары әдебиет айдынына қалықтап шыққан жас талантардың көбісі қазақ өмір, қазақы болмыс, қазақ табиғаты, қазақ ділі туралы туынды-ларды өмірге алып келді. Бүгінгі қазақ әдебиетінің алтын қорына енген Ш. Мұртаза, М. Байғұт, Ә. Тарази, Т. Нұрмағамбетов, Д. Исабеков, Қ. Мұқанбет-қалиевтің шығармалары осы ойымызға дәлел. Соғыстан кейін ел есін жиып, «Күн шуақты космо - коммунизмге» аяқ алған кезеңдегі қала мен ауыл қаза-ғының ой - өрісі, тыныс - тіршілігі, өмірлік мүддесі. Негізгі тақырып болып бұл шығармалардың көлемі шағын болғанымен айтар идеялары тым арыда. Нағыз оқырманды өзіне елітіп тереңіне тарта түсетін көркем шығарманың бастауының өзі маңызды мәнге ие. Кейіпкерлердің іс - әрекеті мен атын атап, түсін - тұстаудан басталған Ш. Мұртаза, М. Байғұт, Ә. Тарази, Т. Нұрмағам-бетов, Д. Исабеков, Қ. Мұқанбетқалиев әңгімелерінің көлемі шағын, оқиғасы қысқа ғана. Ал, бірыңғай бірінші жақтан баяндалатын, табиғаттың бітімін байыпты бейнелейтін Д. Исабеков әңгімесі де тартымдылығы мен тамсанды-рады. Белгілі бұл қаламгерлердің томдық таңдамаларына енген «Нөсер», «Қызбелдегі қос оқиға», «Қыз Жібек», «Шойын құлақ», «Нақаң үшін», «Жігіттің көз жасы», әңгімелеріндегі фабулаларда ортақ оқиғалардың болуы.
«Шойын құлақ» деген атауының өзі әңгіменің негізгі идеясынан үлкен сыр аңғартардай. Көңілдері кіршіксіз, азға қанағат қылып, ел үшін ерен еңбек ат-қаратын тыңдағы еңбеккерлер өмірінен алған кішкене фабула типтік бейненің сомдалуына мол қызмет етіп тұр.
«Жүнін жұлған құстың денесіндей, бүршік - бүршік бетіне үсіген картоптай емін - еркін мұрын жайласыпты. О баста оны әлдекім лақтырып жібере салғандай, бір жағына қасқая жабысқан екен. Бір көрген адам оны әне - міне құлап кетеді екен деп минут сайын күткендей еді» - деп бейнеленген Шойнқұлақ - Алданыш портреті әңгіменің арқауын қызықты ете түскен. Бет - бейнесі сұрықсыздау, Алданыш сезімге келгенде өте адал, сабырлы берік. Бірақ бұл сезім сәтсіздікке ұшырайды. Үлкен үміт алдағаннан кейін қолын бір сілтеп жыраққа кеткен Алданыш көп кешікпей қайта оралады.
«Тыңды сағындым, сонан соң, ақымақ, сені сағындым ғой мен, - деді ол басымнан еркелете сипап. Оның бұл даусынан өзін - өзі ұстай алмағандықтан туған ме, діріл ме, сол сияқты бір өзгеріс бар еді.
Адамда осындай мінез бен махаббат та кездесе береді екен - ау».
Соңы осылай аяқталған әңгіме дала өмірінің картинасын адамдар тіршілігі арқылы таза табиғи болмысымен бейнелейді. Шойын құлақ атанған Алданыштың бойындағы «Өр кеудесіне қайтпас қажырлық пен жігер қатпарланып, сол қасиетімен бірге орасан намысшылдығы астасқан өжет адамды» қаламгер сомдаған болмыс сол кезеңдегі ауыл еңбеккерлерінің көбісіне тән ортақ тұлға.
Қоршаған ортаның болмысын танытудағы ел өмірің бүгінгі кезеңін айшықтаған. Т. Нұрмағамбетов пен М. Байғұт әңгімелерінің сюжеті мен идеясы өзгешелеу. Қоғамдағы моральдық ұстанымдардың заман ығына қарай өзгеруін шағын жанрға лайықтап алған бұл екі шығарма ел өмірінің, адамдар әрекетінің ішкі жағына дендей ендіреді. «Нақаң үшін» әңгімесіндегі Нақыпбектің ішкі ой ағымынан талай жағдайды аңғауға болады. Көптен төсек тартып жатқан Нақыпбектің денсаулығы нашарлай түседі. Әйтседе өзін қолпаштап, демеп жүргенге үйренген мақтан - сүйгіне, даурықпа Нақыпбектің көздегені бар.
«Өзін үнемі орталарына алып, «Нақа, Нақалап!» жүретіндердің бірте - бірте алыстап, ақыры төбелерін көрсетпей кеткендеріне іштей шын налып жатқан кезінде өзінің көмегімен оқуға түсіп, осында қызметте қалған бір топ ауылдас інілерінен «Бүгін Нақаңа барып, көңілін сұрағалы жатырмыз» деген хабар алып, кәдімгідей сергіп қалды . . . » деген жолдардан Нақыпбектің адамдық келбетін анық танимыз. Дегенмен, науқас Нақыпбектің халін сұраушылар келгн сәттегі оқиғалар арқылы жазушы қазақтың жоғары білімді интелегенция өкілдерінің интелектісін айқындай түседі. Жеңіл мінезді, ұстамсыз зәуке, ынжық ғылым. Елен, айтар жүзді сән, қырттығы басым Қырбай пысық және т. б. кешегі және бүгінгі қоғаға да тән адамдар. Олардың әрқайсының өз ішкі есебі бар. суреткер әңгімедекейіпкерлерін жеке даралап көрсетпей, барлығының пенделік құлқын айшықтайтын істермен толықтыра сомдаған.
Пердештің ішкі ойы арқылы өткен күнмен бүгінгі кезеңнің шынайылығын кең ақумда жеткізген. М. Байғұт әңгімесі ел адамының болмысын жат қылықтарды жеріне жеткізе баяндайды. әңгіменің сюжетіндегі оқиғалардың жылдары, мезгілдері ерекше аталып көрсетілуі, адамдарының санасына саясат, қоғам, идеология қалай әсер етіп, қандай халге жеткізетіндігін танытудың жолындағы көркемдік ізденіс болса керек. Басты кейіпкер Пердеш арқылы өмірінен алынған шағын фрогменттер ауыл адамының тыныс - тіршілігін танытудың ел жағдайының көзге көрінбес тұстарын танытудың көркемдік құрамына айналған. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ауылдағы Пердештің аяулы жары. Пәнжеренің сағынышы, махаббат жайының еш өрескелді байқалмайды. Ал, ар - ожданнан аттап кеткен нәжі құмар Түйтебайдың арсыздығы шынымен - ақ елдегі келеңсіз жағдай.
«Қызбелдегі» болған қос оқиға ауылдағы қарапайым бір тоға жүретін Пердештің мінезіне жағымды өзгеріс алып келсе, кеңшар бастығы Түйтебайды масқара етеді.
«Ал, Пердештіңіз, жоғарыда айтқанымыздай, барған сай ын батыл сөйлейтінді шығарды. Мәселен, Тәнжере мен Ұлбаланың көзінше:
- Әй, бұл бастық деген, «жақсы ит өлімтігін көрсетпес - дегендейін, ақыры курортқа барғансоң құлаққа естілмес, көз көрмес алысқа құрып кетпей ме? - депті . . . » деген диологтар тек кейіпкер ойын ғана емес, авторлық мүддені де дәл танып тұр. Дегенмен жазушы оқырманына «Қызбелдегі қос оқиғаның» соңы қалай боларын «Иә, бірте - бірте Қызбел де өркениетті елдердің ауылдары секілді жөн - жосықты жолға түсіп кетер» - деген сеніммен қанағаттырады.
Бұл әңгіменің эпилогі болса да автордың көркем ой қорындағы нағыз шеберлік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz