Norton Сommander программасымен жұмыс істеу
Кіріспе
І.Norton Commander Программасымен жұмыс істеу.
1.1 NC Программасын іске қосу.
1.2 NC Программасымен жұмыс
ІІ. Norton Commander Программасымен командалар және программаларды орындау
2.1.Функционалдық қызметтер
2.2. Norton Commander Программасының командалары және программалар
2.3. Файлдармен жұмыс істеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Norton Commander DOS үшiн ең үлкен сұранысқа ие және оған өте ыңғайлы программа-қаптама болып келедi. DOS және Windows операциондық жүйелерiн қолданушылар бұл программа-ғаптаманың көмегiне жиi сүйенедi, себебi бұл программаның көмегiмен файлдарды көшiру, каталогтардың құрамын тексеру, программаларды жіктеу жеңiл әрi ыңғайлы, тез орындалады. Бұл операциондық жүйелер үшiн үлгi күнге дейiн бұл программа-қаптамадан ыңғайлы программа ойлап табылған жоқ. Тек Norton Commander версияларының түрленуi арқылы қолданушылар үшiн өте ыңғайлы операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк алуда.
Peter Norton Computing фирмасымен (1992ж. бұл фирма Symantec корпорациясының құрамына енiп кеттi) жасалған Norton Commander программасы DOS операциондық жүйесi үшiн ең сұранысқа ие және ыңғайлы программа-қаптамалардың бiрi болып табылады. Әдетте дәл осы программаның көмегiмен көптеген DOS қолданушылары каталогтардың құрамын тексередi, файлдарды көшiредi, атын өзгертедi, жояды, программаларды жүктейдi және т.б. операцияларды жүзеге асырады. Әрине, бұл операцияларды MS DOS операциондық жүйесiнiң өзiнде бар командалары арқылы да жүзеге асыруға болады, бiрақ Norton Commander бұл операцияларды әлдеқайда ыңғайлы және көзге көрiнетiн тәсiлмен орындауға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге Norton Commander DOS-тың барлығ мүмкiндiктерiне шек қоймайды және DOS-тағы сияқты командаларды енгiзуге мүмкiндiк бередi.
Norton Commander-дан басқа да программа-қамтамалар бар. Олар: Qdos, PathMinder, XTree, отандық шығарушылардан Volkov Commander, Pie Commander, Victoria, Command Processor және т.б. MS DOS-тың бұрынғы 4.0 ж„не 5.0 версияларына өзiнiң Shell программа-қамтамасы да енгiзiлген болатын. Бiрақ бәрiнен де көп қолданылатын және ыңғайлылығы жағынан жоғарыда аталғандардан әлдеқайда жоғары болып келетiн программа-қамтама – Norton Commander программасы.

1. Богумирский Б. Эффективная работа на IBM PC. 2009.
2. Вопросы кибернетики. Приложения системного программирования / Под ред. В.П.Иванникова. 2005.
3. Гилстер Пол. Навигатор INTERNET. М.: Джон Уайли энд Саиз, 2008
4. Козловский Е. Norton Commander 4.0. М.: ABF, 2007
5. Ресурсы Microsoft Windows 95. Полное описание операционной системы. Том II., 2006.
6. Шиб Йорг. WINDOWS: сотни полезных рецептов / Пер. с нем. М.: БИНОМ, 2009
7. Интернет сайты www.google.ru

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
І.Norton Commander Программасымен жұмыс істеу.
1.1 NC Программасын іске қосу.
1.2 NC Программасымен жұмыс
ІІ. Norton Commander Программасымен командалар және программаларды орындау
2.1.Функционалдық қызметтер
2.2. Norton Commander Программасының командалары және программалар
2.3. Файлдармен жұмыс істеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Norton Commander DOS үшiн ең үлкен сұранысқа ие және оған өте ыңғайлы
программа-қаптама болып келедi. DOS және Windows операциондық жүйелерiн
қолданушылар бұл программа-ғаптаманың көмегiне жиi сүйенедi, себебi бұл
программаның көмегiмен файлдарды көшiру, каталогтардың құрамын тексеру,
программаларды жіктеу жеңiл әрi ыңғайлы, тез орындалады. Бұл операциондық
жүйелер үшiн үлгi күнге дейiн бұл программа-қаптамадан ыңғайлы программа
ойлап табылған жоқ. Тек Norton Commander версияларының түрленуi арқылы
қолданушылар үшiн өте ыңғайлы операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк алуда.
Peter Norton Computing фирмасымен (1992ж. бұл фирма Symantec
корпорациясының құрамына енiп кеттi) жасалған Norton Commander программасы
DOS операциондық жүйесi үшiн ең сұранысқа ие және ыңғайлы программа-
қаптамалардың бiрi болып табылады. Әдетте дәл осы программаның көмегiмен
көптеген DOS қолданушылары каталогтардың құрамын тексередi, файлдарды
көшiредi, атын өзгертедi, жояды, программаларды жүктейдi және т.б.
операцияларды жүзеге асырады. Әрине, бұл операцияларды MS DOS операциондық
жүйесiнiң өзiнде бар командалары арқылы да жүзеге асыруға болады, бiрақ
Norton Commander бұл операцияларды әлдеқайда ыңғайлы және көзге көрiнетiн
тәсiлмен орындауға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге Norton Commander DOS-тың
барлығ мүмкiндiктерiне шек қоймайды және DOS-тағы сияқты командаларды
енгiзуге мүмкiндiк бередi.
Norton Commander-дан басқа да программа-қамтамалар бар. Олар: Qdos,
PathMinder, XTree, отандық шығарушылардан Volkov Commander, Pie Commander,
Victoria, Command Processor және т.б. MS DOS-тың бұрынғы 4.0 ж„не 5.0
версияларына өзiнiң Shell программа-қамтамасы да енгiзiлген болатын. Бiрақ
бәрiнен де көп қолданылатын және ыңғайлылығы жағынан жоғарыда аталғандардан
әлдеқайда жоғары болып келетiн программа-қамтама – Norton Commander
программасы.

Norton Commander программасы Peter Norton Computing фирмасында алғаш
шығарылып, DOS жүйесімен жұмыс жасайтын программалардың ішіндегі ең көп
таралғаны. Оның көмегімен қолданушы каталогтарды қарау, көшірмесін алу,
атын өзгерту, сонымен қатар файлдарды жою, программаны іске қосу және
т.с.с. жұмыстарды орындай алады. Әрине, мұндай жұмыстарды DOS жүйесінде де
жасауға болады. Алайда қолданушылардың көп бөлігі мұндай жұмыстарды жасаған
мезгілде Norton Commander программасын таңдайды. Өйткені қолданушы DOS
жүйесінде жұмысты диалог принципі бойынша істейді, яғни қолданушы
клавиатурада өзіне керекті команданы теріп, ENTER пернесін басады. Содан
кейін ғана DOS терілген команданы жүзеге асырады. Сондықтан мұндай әдіс
қолданушы үшін қолайсыз. Расында да, белгілі бір файлдың көшірмесін алып,
оны басқа каталогқа көшіру үшін алдымен команданың, файлдың және каталогтың
аттарын теру қажет. Ал ол үшін қолданушы өзіне керекті файл, каталог
аттарын есте сақтап, клавиатурада терген мезгілде қате жіберіп алмауы
қажет. Бұдан гөрі тышқан көмегімен болмаса сілтегіш пернелер арқылы
экранның кез келген жеріне сілтегішті апарып, өзіңе қажетті фалды, содан
кейін каталогты нұсқап, керекті істі ары қарай орындайсың. Міне, дәл
осындай әдіс Norton Commander программасында қолданылады.
Norton Commander программасынан басқа тағы көптеген ұқсас
программалық сұлбалар бар. Олар : QDOS, PATHMINDER, XTREE және т.б. Соған
қоса VICTORIA, COMMAND PROCESSOR сияқты түрлері де бар. MS DOS
операциялық жүйесінің 4.0 және 5.0 версияларына өзіндік программалық
сұлбалар (программа-оболочка) тіркелген. Алайда олардың ішіндегі ең сәтті
шыққаны және көп қолданылатыны - Norton Commander .
Norton Commander көмегімен мынадай жұмыстарды атқаруға болады:
• Дискідегі каталогтар мазмұнын көрнекі түрде көрсету;
• Бұтақ тәріздес каталогтарды ашу және оның көмегімен керекті каталогқа
ауысу, сонымен қатар кталогтардың аттарын өзгерту және жою сияқты
мүмкіндіктерді қолдану;
• Файлдардың аттарын өзгерту, көшірмесін алу, орнын ауыстыру, құру және
жою мүмкіндіктерін жүзеге асыру;
• Мәтіндік файлдарды, құжаттарды, архивтік файлдарды, графикалық файлдарды,
деректер қоймасын, кестелік процессордағы кестелерді қарау жеңілдігі;
• DOS жүйесінің кез келген командаларын орындау;
• Мәтіндік файлдарды редакциялау;
• Архивтік файлдармен жұмыс;
• Пернелер жиынын қолданып, белгілі бір әрекетті жылдам орындау.
• Және т.с.с көптеген мүмкіндіктерді орындау.
1.2 NC Программасымен жұмыс
Norton Commander –ді іске қосу үшін командалар жолында NC белгісін
таңдасақ жеткілікті.
Norton Commander программасы іске қосылғаннан кейін экран бетінде екі
терезе пайда болады. Бұл терезелердің астыңғы бөлігінде DOS
командаларын жазуға мүикіндік беретін шақыру белгісі орналасқан. Ал оның
төменгі бөлігінде функционалды пернелердің қысқаша түсініктемелері
орналасқан.
Программалар мен DOS командаларының қолданылуы.
Егер программалар мен DOS командаларын орындау керек болса, онда
әдеттегідей керекті команданы пернетақта көмегімен теріп, ENTER басамыз.бұл
әрекетті орындап болғасын экран көрінісі бұрынғы қалпына келеді.
Командалар жолының мазмұнын түзету. Командалар жолының мазмұнын
түзету үшін мынадай перне жиындарымен орындауға болады:
←, →, HOME, END, CTRL+→, CTRL+← - командалар жолында орын ауыстыру.
BACKSPACE - Курсордың алдында тұрған символы өшіру;
CTRL+ BACKSPACE - Курсордың алдында тұрған сөзді өшіру;
DEI - Курсордан кейін тұрған символды өшіру;
ESC - Командалар жолын тазарту.
Курсор орнына Norton Commander терезесіндегі ерекшеленген файл атын
командалар жолына шығару үшін CTRL+ ENTER командасын орындау керек.
Орындалған командалардың нәтижесін қарау. Экранға шыққаан командалар
нәтижесін қарау үшін (олар Norton Commander терезесінің артында орналасуы
мүмкін) CTRL+ O пернелерін басу қажет. Экранды қайтадан орнына әкелу үшін
осы команданы қайталау керек.
Бұрын енгізілген командаларды командалар жолына шығару. Егер
командалар жолына соңғы енгізілген команданы шығару керек болса, онда CTRL+
E пернелерін басу керек. Осы әрекетті қайталайтын болсақ, онда командалар
жолына соңғы енгізілген команданың алдындағысы шығарылады. Ал CTRL+ X
пернелерін бассақ, командалар жолына кейінгісі шығарылады. Содан кейін
командалар жолына керекті команда шығарылғаннан кейін, оған редактировка
жасап, ENTER пернесін басамыз.
Бұрын енгізілген командалар тізімі. Norton Commander әрқашан соңғы 16
командалар тізімін есте сақтайды. Сол командалар тізімін экранға шығару
үшін ALT+ F8 әрекетін орындаймыз. Егер сіз сол командалардың ішіндегі
біреуін орындағыңыз келсе, онда ↑ және ↓ көмегімен тізімнің ішінен
ерекшелеп аласыз да ENTER пернесін басасыз. Сонымен қатар жоғарыда айтып
кеткендей ерекшелеп алғаннан кейін F4 пернесін бассаңыз, ерекшеленген
команда командалар жолына шығарылады және оған редактировка жасауға болады.
Norton Commander программасының функцияналдық пернелері және панелі.
Norton Commander программасының әр панелінде мынадай командалар бар:
• Дикідегі каталог аты. Панелдің жоғарғы бөлігінде каталогтың аты
көрсетіледі;
• Дискідегі бұтақ тәріздес каталогтар. Панелдің жоғарғы бөлігінде “TREE”
шығарылады;
• Басқа панелдегі каталог пен диск туралы қысқаша мәлімет. Панелдің жоғарғы
бөлігінде “INFO” шығарылады;
• Басқа панелде ерекшеленген файл туралы мәлімет. Панелдің жоғарғы
бөлігінде “VIEW” шығарылады;
• Басқа байланысқан компьютердің дискісіндегі каталог аты. Панелдің
жоғарғы бөлігінде “LINK” шығарылады және сол каталогтың аты;
• Архивтік файлдың тақырыбы. Панелдің жоғарғы бөлігінде “ZIP”
шығарылады және сол файлдың аты;
Панелді басқару үшін келесі пернелерді қолдану арқылы жүзеге асыруға
болады:
Ctrl+O - панелді экран бетіне шығару немесе алып тастау;
Ctrl+P - панелдің біреуін (ағымдағы емес) экран бетіне шығару
немесе алып тастау;
Ctrl+U - панелдердің орнын ауыстыру;
Ctrl+F1 - сол жақтағы панелді экран бетіне шығару немесе алып
тастау;
Ctrl+F2 - оң жақтағы панелді экран бетіне шығару немесе алып тастау;
Alt+F1 - сол жақтағы панелге керекті дискінің атын шығару;
Alt+F2 - оң жақтағы панелге керекті дискінің атын шығару.
Панелдегі каталогтың тақырыбы.
Файл туралы мәліметінің қысқаша түрінен толық түріне ауысу. Ол үшін
келесі пернелер жиынын теру қажет:
F9+ L+ B Сол жақ панелдегі файл туралы қысқаша мәлімет;
F9+ R+ B Оң жақ панелдегі файл туралы қысқаша мәлімет;
F9+ L+ F Сол жақ панелдегі файл туралы толық мәлімет;
F9+ R+ F Оң жақ панелдегі файл туралы толық мәлімет;
Файлдар мен каталогтар туралы мәліметтің шығарылу түрлері. Файлдар
мен каталогтар туралы мәліметтің шығарылу түрлерін өзгерту үшін мынадай
әрекеттерді орындау қажет:
CTRL+ F3 Аты бойынша сараптау;
CTRL+ F4 Кеңейтілуі бойынша сараптау;
CTRL+ F5 Уақыты бойынша сараптау;
CTRL+ F6 Өлшемі бойынша сараптаү;
CTRL+ F7 Сарапталмаған каталогтар бөлігі.
Функционалдық пернелер.
Экранның төменгі бөлігінде функционалды пернелердің қандай мақсатта
қолданылатыны туралы қысқаша түсіндіріледі.
Norton Commander–мен жұмыс мынадай функционалдық клавишалар көмегімен
жүзеге асады:
F1 – Help - Программамен жұмыс істегенде керекті көмекші мәліметті
шығарады;
F2 – Menu - Пайдаланушылар менюін шақырады;
F3 – View - Таңдап алынған файлдарды оқу;
F4 – Edit - Таңдап алынған файлды түзетеді;
F5 – Copy -Таңдап алынған файлды немесе файлдар тодын көшіріп алу;
F6 – Renmov -Файлдар немесе каталогтар аттарын өзгерту немесе басқа
орынға жылжыту;
F7 – MkDir -Жаңа каталог ашу;
F8 – Delete -файлдарды немесе каталогтарды өшіру;
F9 – PullDn - Norton Commander программасының өзгерту менюін шақыру;
F10 – Quit - Программадан шығу.
Егер ALT пернесін бассақ, онда терезенің төменгі бөлігінде
орналасқан функционалды пернелердің қызметтері өзгереді, яғни ALT+F1 –
ALT+F10-ге дейінгі пернелерінің әрекеттерін орындайды.
Төменде ALT+F1 – ALT+F10-ге дейінгі пернелер жиынының қызметтері
көрсетілген.
ALT+F1 – LEFT - сол жақтағы панелде орналасқан дискіні таңдау;
ALT+F2 – RIGHT - оң жақтағы панелде орналасқан дискіні таңдау;
ALT+F3 – VIEW - текстік файлдарды қарау. Бұл режим тез шақырылады,
бірақ тек қана текстік файлдарды оқуға мүмкіндік береді және F3
пернесімен орындалатын кейбір қызметтерді орындай алмайды;
ALT+F4 – EDIT - альтернативтік редактор көмегімен файлды редакциялау
(егер F4 пернесін басқанда Norton Commander-дің енгізілген редакторы
қолданылса, ALT+F4 пернелер жиынын басқанда сыртқы редактор қолданылады
және керісінше);
ALT+F5 – COMP - белгіленген файлдардың сығылған күйде орналасуы
(оларды архивке орналастыру);
ALT+F6 – DECOMP - файлдарды ерекшеленген архивтардан шығару;
ALT+F7 – FIND - файлды дискіде іздеу;
ALT+F8 – HISTORY - алдын ала қарау және бұрын енгізілген командаларды
қайталап орындау;
ALT+F9 – EGALN - 25-тен 43-ке (EGA мониторлары үшін) немесе 50-ге
(VGA мониторы үшін) экрандағы жолды ауыстыру;
ALT+F10 - тез арада басқа каталогке көшу.
F1 - F10 функционалды пернелерінің CTRL пернесімен басқандағы
әрекеттері:
CTRL+F1 - сол жақ панелді шығару немесе алып тастау;
CTRL+F2 - оң жақ панелді шығару немесе алып тастау;
CTRL+F3 - ағымдағы панелдегі файлдарды аттары бойынша жүйелеу;
CTRL+F4 - ағымдағы панелдегі файлдарды кеңейтілуі бойынша жүйелеу;
CTRL+F5 - ағымдағы панелднгі файлдарды құрылған уақыты бойынша
жүйелеу;
CTRL+F6 - ағымдағы панелдегі файлдарды өлшемі бойынша жүйелеу;
CTRL+F7 - ағымдағы панелдегі файлдарды жүйелемеу;
CTRL+F8 - ерекшеленген файлдарды немесе файлдар тобын баспаға шығару.
Функционалды пернелердің пернесімен басқандағы әрекеттері:
SHIFT + F3 - Файлды қарау. Файл аты сұралады.
SHIFT + F4 - Файлды редакциялау. Файл аты сұралады.
SHIFT + F5 - Файлды немесе файлдар тобының көшірмесін алу. Қай файл
және қайда көшіру керектігі туралы сұралады.
SHTFT + F6 - Файл немесе каталогтар аттарын өзгерту.
SHIFT + F9 - Norton Commander –дің ағымдағы режимін сақтау.
Norton Commander программасы каталогтар мен файлдар топтарын таңдауға
мүмкіндігін береді. Оның көмегімен файлдар мен каталогтарға мынадай
әрекеттерді орындауға болады: көшірмесін алу, басқа каталогқа орнын
ауыстсру, жою және т.б.
Таңдалған файлдар мен каталогтар түрлі түсті дисплейде сары түспен
боялады және монохромды дисплейде
Файлдарды ерекшелеу. Бір ғана файл мен каталогты ерекшелеу INS
батырмасымен жүзеге асады. Ал егер осы әрекетті қайталайтын болсақ, онда
ерекшелеу белгісін алып тастайды.
Маска бойынша файлдар тобын белгілеу. Маска бойынша файлдар тобын
белгілеу үшін + пернесін басып, таңдау үшін масканы көрсету қажет.
Маскада *и ? символын қолдануға болады. Бұл символдың қызметі DOS
программасындағыдай.
Бұл таңдауды алып тастау үшін ( - ) пернесін басып, масканы көрсету
қажет.
Файлдар мен каталогтардың көшірмесін алу.
Norton Commander программасының көмегімен файлдар көшірмесін алу үшін
файлдар тобы мен қажетті файлды белгілеп, Ғ5 пернесін басу қажет. Егер
панельде қандай да бір файл ерекшеленген болса, онда белгіленген файлдар
тобының көшірмесі алынады.
• Ғ5 пернесін басқаннан кейін экран ортасында файлдар немесе файлдар
тобын қайда көшіріп алу керектігі туралы анықтама шығады. Бұл
анықтамада келесі панельде орналасқан каталог аты ұсынылады. Басқа
каталогке файлдың көшірмесін алар алдында, Norton Commander-дың
келесі панеліне сол каталогтың тақырыбын шығару қажет. Сондықтан
анықтамаға жауап беру үшін Enter пернесін бассақ жеткілікті.
Анықтамаға жауап беру үшін мынадай әрекеттер жүргізу қажет:
• Файл немесе файлдар тобы көшірілетін каталог атын енгізу;
• Файлдың жаңа атын енгізу;
• Ғ10 пернесі арқылы экранға бұтақ тәріздес каталогтар жиынын шығарып,
файлдар көшірілетін каталог атын таңдау.
Каталогтардың көшірмесін алу.Егер Ғ5 пернесін басқан кезде бедгілен
аттардың ішінде қандай да бір каталог кездессе, онда Norton Commander сол
каталогты және оған қоса ішіндегі барлық мәліметтің көшірмесін алады.
“Include sub directories” режимі қосылған болса, онда сол белгіленген
каталогтың құрамындағы каталогтардың көшірмесін алады. Қысқаша айтқанда,
сол каталогтың бұтақ тәріздес каталогтардың да көшірмесін алады.
Файлдар мен каталогтардың орнын ауыстыру және атын өзгерту.
Файл немесе файлдар тобын және каталогты немесе каталогтар тобының
атын өзгерту үшін алдымен оларды белгілеп аламыз да Ғ6 пернесін басамыз.
Содан кейін Norton Commander файл немесе каталогтың жаңа атын сұрайды. Атын
енгізгеннен кейін ENTER пернесін басамыз.
Файл, файлдар тобы, каталог немесе каталогтар тобын орнын ауыстыру
үшін де Ғ6 пернесі көмегімен жүзеге асады. Файлдар орнын ауыстырғаннан
кейін оның аты бұрынғы орнынан жойылатынымен файлдар көшірмесін алудан
ерекшеленеді.

Дербес компьютерде MS-DOSоперациялық жұйесінмен жұмыс істегенде әрбір
команда пернелерде теріліп, Enter пернесін басқан кезде ғана орындалады,
ол команда орындалып болған соң, экранға тиісті мәлімет шығады. Мұндай
тәртіппен жұмыс істеудің қолайсыздығы:
• компьютер пернесін жылдам басуға дағдыланбағандар әр команданы
теруге біраз уақыт жұмсайды;
• орындалып жатқан команданың нәтижесін тек экранға жауап, мәлімет
шыққан кезде білуге болады;
• экран бетінде жан-жақты қамтылған толық көріністер аз, яғни онда
көрнекілік жоқ.
Мұндай кемшіліктен арылу үшін соңғы кездері Адам мен ЭЕМ арасындағы
байланысты жеңілдететін, жұмыс істеу жолдарын жылдамдататын қызметші
қосалқы программалар – ОС-тың қоршаулары пайда бола бастады. Солардың
ішінде ең көп тарағаны – Norton Commander (NC) программасы. Ол экран
мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, компьютерде жиі қолданатын іс-
әрекеттердін көбін өте жылдам, әрі көрнекі етіп орындайды. Олар:
• магниттік дискінің мазмұның көру;
• мәліметтер көшірмесін алу;
• файлдарды жылжыту, өшіру, қағазға немесе экранға шығару т.б.
Осындай іс-әрекеттерді жылдам орындау жолдарын NC программасының
жұмысын талдау арқылы қарастырайық.
Бұл программаны іске қосудың екі түрлі жолы бар. Егер оны NC.EXE
файлын орындау арқылы жүзеге асырсақ, онда бұл программа ЭЕМ-нің жедел
жадында тұрақты 150кбайт орын алып тұрады. Мұндайда үлкен көлемді
программаларды орындау кезеніңде NC программасынан шығуға тура келеді. Ал,
егер де NC программасын NCSMALL.EXE файлы арқылы іске қоссақ, онда бұл
программаның керекті бөлігі ЭЕМ жадының тек 12кбайт орнын алады да,
программаның негігі бөлігі қажетті кезде ғана автоматты түрде ЭЕМ жадына
шақырылады.
Көбінесе NC программасын іске қосу компьютерді алғашқы рет тоқ көзіне
қосқанда, AUTOEXEC.BAT файлын орындау барысында автоматты түрде жүзеге
асырылады. Сонымен, NC программасын іске қосу үшін
NC Enter
командасын орындау керек, мұндағы NC – программасының аты;
Бұл программадан шығу үшін ЭЕМ пернелер тақтасындағы F10 пернесін
басу керек. Сол сәтте экранда NC – дан шығу керектігін қосымша мақұлдауға
қажетті мәлімет пайда болады. Мақұлдау Enter пернесін басу арқылы
орындалады, ал егер де NC программасынан шыққыңыз келмесе, онда N (NO -
жоқ) пернесін басу қажет.
Экран көріністері.
NC – ны іске қосқан соң, экранда сызықтармен қоршалған екі
тіктөртбұрышты тәріздес терезелер пайда болады (оларды панель деп те
атайды). Олардан төменірек DOS командаларын қабылдайтын енгізу қатары
орналасқан, онда DOS – тың шақыру мәліметі мен жыпылықтан тұратын сызықша
курсор болады.
C:Basic
Name Name Name
..
Doc
Exe
Bas
Turbo.exe
Prog.doc
Help.txt
Basi.com
INFO
Norton Commander Version 2.01
Copyright (C) 1988, Pete Norton
654,336 Bytes Memory
566,704 Byte Free
42,661,888 total bytes on drive C:
4 files used 254,336 bytes in
C:Basic
No *dirinfo* file in the directory
C:Basic_
1Help 2User 3View 4Edit 5Copy 6RenMov 7Mkdiv 8Delete 9Menu 10Quit
Әрбір терезеде:
• белгілі бір дискінің мазмұны (каталог);
• көрші терезедегі каталогы көрсетілген диск туралы керекті мәліметтер;
• бұтақ тәріздес каталогтар құрылымы болуы мүмкін.
Tree
FoxPro Alma
PRG
Basic TurboBas
GWBAS
Talgat
Dekanat
Pascal
Терезелердің жоғарғы жағына оның ішіндегі мәліметтерге сәйкес
каталогтың аты, не Info (информация - ақпарат), не Tree (бұтақ) деген
сөздер шығады. Каталог аттары үлкен әріптермен бейнеленеді. Каталог
мазмұнының үстінгі жағында нүктелермен белгіленген (..) қатар келесі
деңгейдегі жоғары каталогқа көшу үшін қолданылады.
Norton Commander менюін шақыру үшін Ғ2 пернесінің көмегімен жүзеге асады.
Ғ9 пернесінің көмегімен менюдің ішіне кіруге болады. Меню қатарында мынадай
бөлімдер орналасқан : “Left”, “Files”, “Commands”, “Options” , “ Right”.
Norton Commander менюі туралы көмекші мәлімет алу үшін Ғ1пернесі арқылы
орындайды. Егер менюден мүлдем шығып кету керек болса, онда ESC пернесін
басамыз. Енді Norton Commander-дің меню қатарындағы бөлімдер туралы
толығырақ тоқталамыз.
“Left” және “Right”.
Бұл бөлімдер Norton Commander-дің оң және сол жақтағы панелдерімен
жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Керекті бөлімшені таңдау үшін
клавиатурадағы орын ауыстыру пернелері арқылы белгілеп, ENTER пернесін
басамыз. “Left” және “Right” бөлімдері мынадай бөлімшелерден тұрады:
Brief – панелде файлдар туралы қысқаша мәлімет шығарады.
Full – панелде файлдар туралы толық мәлімет шығарады.
Info – панелде келесі панелдегі каталог және диск туралы мәлімет
шығарады.
Tree – панелде дискідегі бұтақ тәріздес каталогтар тізімін шығарады.
Quick View – панелде келесі панелде көрсетілген файлдың ішкі мәліметі
шығарылады.
Compressed file – панелде архивтік файлдың аты шығарылады.
Link – компьютерлер арасындағы байланыс режимі қосылада немесе
өшіріледі.
OnOff – экранға белгіленген панель шығарылады несесе оны алып
тастайды.
Name – файлдар алфавит бойынша шығарылады.
Extension – файлдар кеңейтілуі алфавит бойынша шығарылады.
Time – файлдар құрылған уақыты бойынша орналастырылады.
Size – файлдар өлшемі бойынша орналастырылады.
Unsorted – файлдар мен каталогтар орналасқан каталогта жазылғаны
бойынша шығарылады.
Re-read – калог атын қайталап оқиды.
Filter – панелде каталог ішіндегі файлдардың белгілі бөлігі ғана
шығарылады.
Drive – басқа дисководқа көшу.
“Files” бөлімі.
Бұл бөлім файлдармен түрлі операциялар жасауға мүмкіндік береді.
Опетациялардың көп бөлігін функционалды пернелер көмегімен де орындауға
болады.
Help – көмек беретін мәлімет шығарылады.
User Menu – қолданушының енгізілген командалары шығарылады.
View – файлды қарау.
Edіt – файлды редакциялау.
Copy – файлды немесе файлдар тобының көшірмесін алу.
Renmov – файл немесе каталог атын өзгерту, файлды өзге кталогке орнын
ауыстыру.
MkDir – каталог ішіне жаңа каталог ашу.
Delete – файлды, файлдар тобын немесе каталогты жою.
File Attributes –файл атрибуттарын енгізу.
Select Group – файлдар тобын маска бойынша белгілеу.
Deselect Group – файлдар тобының макасын алып тастау.
Invert Selection – файлдарды ерекшелеу, яғни белгіленбеген файлдар
ерекшеленеді, ал белгіленбеген файлдар ерекшелеу белгісінен алынып
тасталынады.
Restore selection – ерекшелеуді бұрынғы қалпына келтіру.
Quit - Norton Commander-ден шығу.
“Commands” бөлімі.
“Commands” бөлімі Norton Commander программасының түрлі командаларын
орындауға мүмкіндік береді.
NCD tree – экранға келесі каталогқа жылдам ауысу үшін дискідегі бұтақ
тәріздес каталогтарды шығару.
Find file – дискіднгі файлды іздеу.
History - DOS командалар бөлімінде енгізілген командаларды қарау.
EGA lines – экрандағы 43 немесе 50 шығару режиміне жолғану және
керісінеше, яғни 25 шығару режимін қалпына келтіру.
System information – компьютер туралы ақпарат шығару және жедел
жадыны қолдану.
Swap panels - Norton Commander терезелерінің орындарын ауыстыру.
Panels onoff - Norton Commander терезелерін экраннан алып тастау
және қалпына келтіру.
Compare directories - Norton Commander терезелеріндегі каталогтарды
салыстыру.
Terminal emulation - программасын іске қосу. Бұл программа модем,
локальдық жүйе арқылы файлдар мен мәліметтерді алмастыруға мүмкіндік
береді.
Menu file edit – Ғ2 пернесін басқанда шығатын командалар тізімін
редакциялау.
Extension file edit – NC.EXT. файлын редакциялау.
“Options”
Configuration - Norton Commander конфигурациясын орналастыру.
Editor – Ғ4 пернесі арқылы шақырылатын редакторды белгілеу.
Confirmation – файлдар мен каталогтардың көшірмесін алу, орнын
ауыстыру және жою, каталогтарды ішкі каталогтармен бірге жою, Norton
Commander-ден шығу сияқты командаларға шығатын анықтамаға қолдану немесе
алып тастау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz