Жасөспірімдердің еркін зейін өзгеруінің динамикасы


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Биология факультеті
Адам мен жануарлар физиологиясы және биофизика кафедрасы
Курстық жұмыс
Жасөспірімдердің еркін зейін өзгеруінің динамикасы
Орындаушы: ББП61К4, 4 курс Елшіманова А. Н.
Тексерген: б. ғ. к., профессор Торманов Н. Т.
Алматы, 2009
ЖОСПАР
1. Зейіннің анықтамасы
Зейін - кез - келген қабылдау объектісінде психикалық әрекеттің ерікті немесе еріксіз бағыты және зейін таза түрде пайда болмайды, ол әрқашан функциональды “бір нәрсеге зейін”. Сондықтан зейінді танымдық процестердің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын психофизиологиялық процесс жағдай ретінде қарастыруға болады. Психологияда зейін анықтамасының бірі Н. Ф. Добрынин бойынша зейін адам психикалық әрекетінің бағыттылығы мен жинақтылығы. Бағыттылықта белсенділіктің таңдау сипаты түсініледі. Ал, жинақтылықта белгіілі әрекетке терең ену. Есту, сақтау секілді зейін психикалықпайда болуға қатысады, сондықтан, егер адамның психикалық ұйымдастыру құрылымына қарасақ зейінді процес (немесе қандай да бір психикалық процесс, мысалы, сенсарлық, перцептивтік интелектуалды зейіндер), және жағдай (мысалы жинақталу жағдайы), тұлғаның негізі. Мысалы, ұқыптылық ретінде қарастыруға болады.
С. Л. Рубинштейн айтқандай “зейін ерекше мазмұнға ие емес, ол ішкі қабылдау, ойлау арқылы пайда болады. ” Ол - белгілі бір объектіге бағытталған әрекет ретінде танымның барлық процестері.
Зейін - бұл тану әрекетінің динамикалық сипаттамасы: ол психикалық әрекеттің белгілі бір объектпен иелік байланысын айқындайды. Зейінде әрқашан тұлғаның қызығушылығымен қажеттілігі дамуы мен бағыты орын алады. Бұлар объектіге қарым - қатынасты өзгертеді. Бұл өзгерістер зейіннің осы объект әдісінің өзгерісінде, түсінуде көрінеді: ол анығырақ болады. Осындай әдіспен зейінбасқа үрдістерде пайда бола отырып аса ерекше мазмұнға ие болмайды, әдетте мұнда әрекет және әдіс қатынасы маманданған әдіспен пайда болады. Зейіннің өзгерісі танымдық әрекетке кіріскен анықтылық пен нақтылықтың өзгерісі көрінеді.
Зейінде зат пен танымның арасында байланыс туылады. Таным белсенді болған сайын объект анық болады, таным объектіден нақты болса, таным интенсивті болады. Зейін - зат пен танымның байланысынан шығатын түсінік. Зейін индивид пен объект арасындағы психикалық әрекетпен таным болғандықтан белгілі екі жақты мәселе туындайды. Зейін объектіге бағытталады, екінші жағынан объект өзіне зейінге назар аудартады.
Дәстүрлі түрде зейін ең біріншіден қабылдаудың шекті кеңістігімен байланысады. Яғни, адам көргісі және естігісі келетін ақпаратты қабылдайды. Осы арқылы ақпараттың құрылымын зейін арқылы қабылдайды. Қабылдаудың бағыты 2 түрлі факторға байланысты: 1) сыртқы тітіркендіргіштің құрылымына (сигналдың физикалық параметрлері интенсивтілік жәнежиілік) ; 2) адам әрекетін анықтайтын ішкі кеңістік құрылымы(тітіркендіргіштің жаңа сатылары) .
2. Зейіннің қызметтерімен физиологиялық негіздері
2. 1 Зейіннің қызметтері
- Сұрыптау - Адам қажеттілігіне қарай берілген ақпаратты сұрыптау және қажет емес ақпаратты жою.
- Мақсатқа жетпейінше, танымдық әрекет аяқталмайынша берілген әрекетті сақтау.
- Әрекетке бақылау жасау және реттеу.
Психология мәліметтеріне сәйкес бағытталған зейін біріншіден ағзаның “оянуымен және назарға жүйке жүйесінің активтілігімен байланысты. Таңдамалы активті зейін жоғарғы және ағзаның белсенді кезінде жүзеге асады. Осы кезде назар аудару мен бейімделу іске қосыцлады” ал пассивті және төмен белсенділік кезінде немесе өте жоғарғы белсенділік кезінде эмоциональды қозу, қобалжу және тынышсыздану пайда болады. Сонымен зейіннің физиологиялық негізгі пассивті белсенділікті активтендіретін және мидың қыртысы қамтамасыз ететін қозуды активтендіретін мидың жалпы белсенділігі.
2. 2 Зейіннің физиологиялық негіздері
Зейіннің физиологиялық негіздері И. П. Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физологы, академик А. А. Ухтомскийдің (1875 - 1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бінр алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың “Қозудың оптимальдық алабы” дейтін теориясы одан сайын толықтыра түседі.
И. П. Паыловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды “оптимальдық жағдай” жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: “Бас сүйегінің ссыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды - көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді. ” Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальды қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір - біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, ұңілу, құлақ тігу т. б. ) жақсы көрінеді. Бірақ, бір қарағанда зейін анық байқалада қоймайды. Өйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушының кескініне қарап бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру - мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
3. Зейіннің негізгі қасиеттері
3. 1 Зейіннің бөлінушілігі
Адам санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі - үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады, кітап оқып отырып конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т. б. ) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т. б . . . Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріпотырады, барлық класс коллективі мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас ммұғалім кейде барлық класты, не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан класта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір - бірне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: “ . . . біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен қызмет істейміз, өйткені, біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады. ”
3. 2 Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді . Мысалы, өндіріс озатының, не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз - ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады.
Ересек адам жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10 - 20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалықты ерік - жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын - оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу - зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда - санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан - жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай - ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс - әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу - қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнай - керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай - шуы, реніш т. б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік - жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық - адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын - күлкі, той - думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып - ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселттіріп, кез - келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
3. 3 Зейіннің аударылуы
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптимальдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез - келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсәздәктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т. б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
3. 4 Ақпаратты орналастыра алу мүмкіндігімен көлемі (бірнеше объектіні бір уақытта)
Зейіннің көлемі бір уақытта қабылданған ақпарат мөлшерімен байланысты (шамамен 0, 1 секунд шамасында) және қысқа уақытта сақталған ақпаратпен ажыратылады және қалыпты жағдайда ересек адамдарда 3 - 5 (кейде 6), ал кішкентай балаларда 2 - 4 ке дейінгі ақпарат қабылдайды.
3. 5 Зейіннің көлемі
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5 - 9 әріпті қамти алатынын, 12 - 14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш класс оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір - бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсетіндігін, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсілде бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейәнде көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизімімен шұқшия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.
3. 6 Алаң болушылық
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай - ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір - бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені, олар әлі күрделі іс - әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі - зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.
4. Зейін түрлері
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
4. 1 Ырықты зейін
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік - жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;
- Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс - әрекетке тікелей кірісу қажет.
- Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
- Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
- Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай - шу, тарсыл - гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
- Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс - әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz