Еуропалық валюта жүйесі. Евроға хроника


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны


Кіріспе

1. Евроға хроника

1. 1. Еуропалық валюта жүйесінің тарихы . . . . . …. 5

1. 2. Еуропалық Одақтың пайда болуы. ……. 8

1. 3. Евроны айналымға шығару кезеңдері . . . . . . …. 10

2. Евро - жаңа валюта

2. 1. Еуропалық валюта жүйесін құрудың себептері . . . . . . 13

2. 2. Евроның халықаралық валюта нарығындағы функциялары . . . 16

2. 3. Капитал нарығында евромен жүргізілетін операциялар……… . . . 18

3. Евро және Қазақстан . . . 22

Қорытынды

Қосымша

Қолданылған әдебиет тізімі

  1. Евро және Қазақстан

Бүкіл еуропалық валютаны енгізу Қазақстанға үлкен күрделі өзгерістер әкелді. Қазір ұзақ мерзімді форматтың ауысуы туралы сеніммен айтуға болады, өйткені енді бәрі жаңа ережелермен жүргізілетін болады. Енді Еуропалық одақ пен Қазақстанның евроға деген стратегиялық қызығушылықтары мен өзара қарым-қатынастың жаңа бағыттары басты сұрақтардың бірі болып табылады.

Қазақстан мен Еуропалық одақтың мақсаттары болап евроны Қазақстан нарығына жерсіну және евроның сыртқы экономикалық қызметте белсенді қолдану саналады. Евро Қазақстанға сыртқы есеп айырысулар мен салымдардың, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми резервтерінің валюталық құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.

Еуропалық одаққа Қазақстанның евроға деген қарым-қатынасы өте маңызды. Оның басты екі себебі бар.

Біріншіден , жаңа валюта дүниежүзінде төзімді позиция алу үшін бүкілеуропалық валюта болу керек, ал Қазақстан аз болса да, Еуропаға жақындау көрші. Қазақстанның қаржы нарығының қандай кішігірім болғанына қарамастан, Қазақстан евроға Еуропадан тыс тіршілік ету индикаторы саналады. Егер ол Еуропалық одақтың стратегиялық партнері бола отырып, доллардың монополиялық әсерінде қалған болса, онда евроның АҚШ доллары секілді сыртқы нарықтағы функцияларын орындай алмауын білдірер еді.

Екіншіден, Қазақстан - мұнайдың ірі экспортері, ал мұнай саудасы доллармен жүретіні бәріне мәлім. Әрине Еуропалық одақ елдері бұл жағдайды да өздеріне қаратып алғаны жөн. Мәселе коммерциялық пайдада ғана емес, мәселе стратегиялық артықшылықтарда, яғни евроның дүниежүзілік тауарлық және де қаржы нарықтарындағы ұзақ мерзімді перспективасы.

Қазақстанда Еуропаның ұлттық валюталары сатылмайтын және сатып алынбайтын елдерге саяхат жасауда евро өте ыңғайлы болды. Тенгені мысалға ирланд фунттары немесе испан песеталарына айырбастау әрқашан қиынға түсетін. Мұндай операцияларды орындайтын банктер саны аз және бұл операция үшін үлкен комиссия ұстайтын. Қазір бұл мәселе жоқ. Қазір қолма-қол евроның айналымы өскендіктен, евромен жүргізілетін мәмілелер аса арзандады.

Қазақстан мен Еуропа арасындағы тығыз экономикалық және мәдени байланыста болғандықтан еуропалық валютаның курсының өзгерісі біздің елге сезімді өзгерістер әкелуі мүмкін.

Евроның тенгеге байланысты бекітілуі қазақстандық тауарлардың еуропалық нарығындағы бәсекені жоғарылатады. Бірақ шикізаттық емес экспорттың үлесі үлкен болмағандықтан, жалпы көрсеткіштің өсуін байқауын қиындатады. Жеке кәсіпкерліктер жағдайды пайдаланып, экспорт көлемін ұлғайтып алулары да мүмкін.

Жоғарыда айтылғанның нәтижесінде импорттың доллардағы бағаларының өсуіне қарамастан, евроның нығайтылуы сауда балансының жағымды сальдосының өсуіне әкеледі. Бірақ бұл негативті жоғарыда айтылған эффекттерге байланысты ЖІӨ-нің өсуіне апармайды.

Менің ойымша, Қазақстанның евроға «үйренуі» жағымды болар, бізге де, оларға да. Және де доллар монополиясын жою үшін оған күшті бәсеке керек, ал евродан күшті валюта әлі жоқ деген ойдамын.

Қорытынды

Евроның пайда болуы дүниежүзілік саясат пен экономиканың дамуындағы маңызды қадам болып табылады. Еуропалық одақтың 11 мүше-мемлекеттерінің экономикалық және валюталық одағы халықаралық экономикалық интеграцияның жоғарғы нысаны ролін атқарады, Батыс Еуропадағы интеграциялық құрылыстың жарты ғасырға шамалас процесінің қорытындысы. Дүниежүзілік валюталық және қаржы нарықтарында АҚШ долларына альтернативті бәсекелесі болып табылады.

Евро мен Еуропалық одақтың берік фундаменті бар. Экономикалық және валюталық одақ қатысушы елдерінде Жердің 5% халқы тіршілік етеді, ал дүниежүзілік ЖІӨ-дегі алатын үлесі -15% (АҚШ - 20, 2%, Жапония - 7, 7%), дүниежүзілік экспорттағы алатын үлесі - 19, 5% (АҚШ - 14, 8%, Жапония - 9, 7%) . Еуропалық одақ ішінде экономикалық және саяси интеграцияның жоғары деңгейі орнады. ЕО мүше-мемлекеттерінің валютасы дүниежүзінің басқа валюталарына қарағанда күшті және тұрақты саналады. Соңғы жылдары Экономикалық және валюталық одақтың елдерінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің сезінішті жақындауы болды, бағаларды тұрақтылықпен қамтамасыздандыруда шынайы табыстар көрінуде, мемлекеттік қаржылардың емделуі, ұзақ мерзімді пайыздық ставкалардың төмендеуі және ұлттық валюталардың айырбас курстарының тұрақтылығы байқалады. Евро Еуропалық орталық банк пен ЕО-тың Кеңесінің қол астындағы ақша-несие және валюталық саясатына сүйенеді. Экономикалық және валюталық одақтың саясатының басты жетістігі бірыңғай валютаның тұрақтылығына шарт болатын инфляциямен күрес болып табылады.

Евроның дүниежүзілік нарықтағы берік орын алу мүмкіндігі жоғары. Евроның үлгісінде дүниежүзінде «валюталық бірігу» ауруы пайда болды. Долларлық зонаны шығару Солтүстік және Оңтүстік Американың ойында бар, Жапония Оңтүстік-Шығыс Азияда иена толқынын бастауды ұсынады, Африканың өзінде кейбер жеке саясаткерлер евроның африкандық аналогын шығаруын ойға түсірді, бұрынғы СССР елдерінде де рубльдік зона пайда болуы мүмкін болды. Бәрі дүниежүзілік экономикаға байланысты.

Курстық жұмыста Еуропадағы валюталық жүйенің алғы шарттары мен себептері және Еуропалық одақ пен вроның пайда болу тарихы қарастырылды. Евроны енгізуге байланысты актуалды сұрақтарға жауап беру талаптары болды. Жаңа валютаның Еуропадағы, дүниежүзіндегі және де Қазақстандағы перспективалары бағаланды.

Қосымша-1

«евро зонасында» оның елдерімен «өтпелі критерияларды» орындауы

:
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ)
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ)
Инфляция деңгейі %: Инфляция деңгейі %
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау
: Өтпелі критерий
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 3, 0
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 60, 0
Инфляция деңгейі %: 2, 7
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Австрия
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 2, 5
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 66, 1
Инфляция деңгейі %: 1, 1
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Бельгия
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 2, 1
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 122, 2
Инфляция деңгейі %: 1, 4
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Германия
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 2, 7
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 61, 3
Инфляция деңгейі %: 1, 4
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Ирландия
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): -0, 9
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 66, 3
Инфляция деңгейі %: 1, 2
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Испания
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 2, 6
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 68, 8
Инфляция деңгейі %: 1, 8
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Италия
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 2, 7
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 121, 6
Инфляция деңгейі %: 1, 8
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Люксембург
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): -1, 7
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 6, 7
Инфляция деңгейі %: 1, 4
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Нидерланды
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 1, 4
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 72, 1
Инфляция деңгейі %: 1, 8
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Португалия
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 2, 5
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 62, 0
Инфляция деңгейі %: 1, 8
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Финляндия
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 0, 9
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 55, 8
Инфляция деңгейі %: 1, 3
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
: Франция
Мемлекеттік бюджеттің дефициті (% ЖІӨ): 3, 0
Мемлекеттік қарыз (% ЖІӨ): 58, 0
Инфляция деңгейі %: 1, 2
ЕВО-та валюталық курстардың тербелу шектерін орындау: Иә
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Евро
Евро аймағы
Әлемдік экономикадағы евроның жағдайы
Еуропалық қаржы нарығындағы Евро
ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар
Германияның еуропалық одақтағы рөлi мен ықпалы
Ортақ нарықтың басымдылықтары
Валюталық тәуекелдер: бағалау және басқару әдістері
Әлемдік қаржы орталықтарының ролі мен іс-әрекеті
Валютасы ауысқан мемлекеттер ұлттық валюта атаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz