Ислам дініндегі тәрбиенің мән-маңызы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
  1. “Ислам дініндегі тәрбиенің мән-маңызы”

Негізінен алып қарағанда тәрбие - күллі адамзатқа қажетті мәселе. Діні мен ұлты қандай болмасын барлық адамзат тәрбиенің қажеттілігін сөзсіз мойындайды. Сондықтан оны дұрыс таңдау да өз алдына бір мәселе.

Ислам, адам тәрбиесін иләһи жүйеге апарып телиді. Одан өзгесін құлға құлдық етуден басқа ешқандай ерекшелігі жоқ. Ал Аллаһтың тәрбие үшін түсірген жүйесі тек Өзіне ғана құлдық етуге шақырады. Оған құл болу өзгелердің құлдығынан құтқарып, нағыз еркіндікке қауыштырады. Оның айқын дәлелін, Ислами тәрбиенің мән-мағынасын осы еңбегімізде ашып көрсетейік.

Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес, себеп болып есептеледі. Кейбір ата-аналар балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі білімдар болуы үшін тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет ететін азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. Сол үшін тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі түрде берілуін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде ең құрметті адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ренеcсанс дәуірінде тәрбиенің мақсаты адамдық ғана болса, ХVІІ ғасырда тәрбиенің мақсаты ғалымдарды көбейту мақсатқа айналды.

Тәрбиенің неғұрлым маңызды екендігіне тоқталған соң, ендігі кезекте Ислам дініндегі тәрбиеге, сонымен қатар, оның мән-маңызы мен ерекшеліктеріне көңіл аударсақ.

Негізінде, Ислам тұрғысынан тәрбиенің орны ерекше. Оның ерекшелігі - жақсы да кемел адам өсіріп, жастарды өмірге және болашаққа көңіл бөлгізуінде жатыр. Сондай-ақ ол өмірде кездесетін кез-келген қиыншылыққа мойымай, оның ыстық-суығына төзе білуге де шақырады. Өмірдің тек қана қуаныш еместігін ашып көрсетеді. Ислам діні осыны негізге ала отырып, жастарды әдептілікке, төзімділікке, ибалылыққа, осы сияқты толып жатқан адамдық қасиеттерге шақырып, өмір күресінде жеңілмеуге үндейді.

Қоғамның бақыты жеке тұлғаның бақытына байланысты. Тұлға, дене мен рухтан құралатындықтан, екеуінің де белгілі бір мөлшерде азықтануға қажеттіліктері бар. Екеуін тепе-тең ұстап дүние мен ақырет бақытын ойлағанда ғана нағыз бақытқа жетуіне болады 1 . Ал егер қоғамды құратын жеке тұлға бақытсыз болса, онда қоғамның да бақытты болуы мүмкін емес. Ондай жағдайда қулық-сұмдық, алдау мен арбау жайлап, жеке тұлға ғана емес, қоғам да жаппай құлайды. Ислам, осындай келеңсіз жайттарға тосқауыл болатын ұлы дін!

Ислам діні жеке тұлғаның түзелуі арқылы қоғамның ғана емес, тіпті дүниенің де түзелетіндігін негізге ала отырып, жеке адамның жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі.

Ислами тәрбиенің мақсаттарының тағы бір жағы, тепе-теңдікке мән беретін ерекше жандар мен инабатты адамдар тәрбиелеу болып табылады. Теңсіздік пен біржақтылықтан олқылықтың туындары толассыз. Сондықтан да Ислам тепе-теңдікті, орта нысанадан айырылмауды көздейді.

Адамның әрбір ағзасы өз алдына жеке жаратылыс болғанымен, негізінен бір-бірімен тығыз байланыста. Мысалға: қол, өз алдына әрекет етеді, алады, қояды, жазады. Бірақ өзге мүшелермен байланысы міндетті түрде болады. Өйткені, қол - сіңір, жүйке және де сүйектер арқылы бір тұтас секілді. Егер қолды денеден бөліп алар болсақ, ол өзіндік ерекшелігін жоғалтады.

Исламда адам ағзаларының қызметі мен ерекшеліктері көрсетіліп қана қоймай, оның әдебіне де көңіл бөлінген. Мәселен: Өсек - аяңның жиіркеніштілігі мен ішіп-жеудің әдебі сияқты. Міне, Ислам - адамның рухани әрі тәндік жағын да егжей-тегжейлі қарастырған. Дене аспап болса, мүшелері шектері болып табылады. Іс-әрекеттер арқылы денеден күй, ән шығады. Ал әрбір ағза өз алдына шырқар болса, барлығынан да мән кетеді. Сондықтан да іс-қимылмен қозғалысқа аса мән беріледі.

Батыс мәдениетінің мақсаты - игі жандар өсіру 2 . Негіздері адамдық тәрбиеге сүйенетін көптеген қоғамдар осы көзқарасты қуаттайды. Бірақ олардың әдістемелері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Әр ел өздеріне тән, ұнатқан нәрселеріне қарай әрекет етеді.

Ал Ислам болса мұндай тар қапастың ішінде қалмайды. Ол мақсатын тек қана жақсы адамзат тәрбиелеуге сүйемейді. Ол өте ауқымдылықты қамтиды. Сондықтан да Ислам кәміл адам тәрбиелеуді көздейді. Өйткені, ол (яғни, кәміл адам) өзінің қасиеттерін тану арқылы Раббысын таниды. Ол өзін бір ғана мемлекетпен шектемей, кез-келген аймақта нағыз адам болу жолын іздейді.

Дүние мен ақыретте адамды періштеден де жоғары дәрежеге көтеріп, қолына бақыт кілтін ұстататын білім мен әдеп 3 . Демек тәрбиенің мақсаты - адамды дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болып табылады. «Білімнің мақсаты - ақыреттегі бақыт» болғандықтан тәрбиенің мақсаты да адамды мәңгілік бақытқа жеткізу!

Ислам діні адамның бұл дүние мен о дүниенің ісімен айналысуын қалап, о дүниенің жемісіне бұл дүние арқылы жететіндігін баяндаған. Сондықтан да Ислам тәрбиесі екі дүниені де көздейді. Ислами тәрбие, адамдарды үнемі Аллаһпен бірге болуға шақырып, оның әмірлерін орындауда өте мұқият болу керектігін айтады.

Атақты Ислам философы Мұхаммед Иқбал: өміріміз бен тәрбиеміздің басты мақсаты Ислам болу керек. Біліміміз дінге сүйенбейтін болса, оның түкке де пайдасы жоқ. Мұсылманның міндеті, білімді Исламға негіздей отырып қарастыру» 4 .

Ислам білім мен тәрбиеге маңыз аударады. Білім мен нәпсі тәрбиесін ет пен тырнақтай ажырамас бүтін деп алады. Осылайша оларды Пайғамбар қызметін орындауға шақырады. Ислами тәрбиенің ерекшеліктері мен негізгі белгілеріне біраз болса да тоқталып өткен соң Ислами тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтсек:

1) Білім алу: Исламның негізін үйрену - әрбір мұсылманның басты міндеті болып саналады. Аллаһ Тағала барлық пайғамбарларына ең алдымен осы негізді үйреткен. Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) -ға түскен алғашқы уахи осыны көрсетеді:

«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан, Оқы! Ол Раббың - Аса Ардақты. Ол сондай, қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен» 5 . Осылайша мұсылман адамның ең алдымен ғылым арқылы көп нәрсеге көзін жеткізуі шарт. Өйткені, Пайғамбарымыздың да ғылым үйрену жайында айтқан көптеген хадистері бар. Мәселен:

«Білім үйрену әрбір мұсылман үшін фарыз»-деген. Ал басқа бір хадисте болса ілім мен білім үйрену жайында былай делінген: «Білім - мұсылманның жоғалтқан малы, қай жерден көрсе - алады».

2) Білімді үйрету: Бірінші баспалдақ екінші баспалдаққа жетелейді. Ислами тәрбиеде үйренген білімін үйрету міндетті болып саналады. Мұны Құранда былайша баяндайды:

«Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде, олардың саңсулары үшін ескертулері керек емес пе? 6 » Ал тағы бір аятта болса былай баяндалған: « . . . Сол уақытта Аллаһ Тағала кітап берілгендерден «Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар»-деп, уәде-сөз алған 7 .

3) Әдептің құндылықтары, рухани әрі әдептіліктің құндылықтарына ерекше көңіл аударылады. Мұны сақтау үшін ешқандай қиыншылықтарға бой алдырмай, қорғау қажет. Әдептің маңызын Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) былайша түсіндіреді: «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім».

Тағы бір хадисте былай делінген: «Адамдар сендерге жақ-жақтан білім үйренуге келетін болады. Оларға әдептілікті үйретіңдер».

4) Барша істі Аллаһ разылығы үшін істеу: Білімді алар кезде дүние-мүлікке кенеліп, байлыққа бөлену үшін алмау керек. Білімді Аллаһ разылығы үшін үйреніп әрі үйрету қажет.

5) Білімге деген құштарлықты арттыру: Адамдарды бөліп-жармай, олардың білімге деген құштарлығын артыру керек. Сондықтан кітапхана, т. с. с. білім алу үшін қажетті құралдардың барлығын дайындау қажет. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) бұл жайында былай дейді:

«Мұсылман білімге тоймайды, өмірінің соңына дейін білім алады».

6) Оқушының жағдайына қарай тәрбие беру: Исламның алғашқы кезеңдерінде - тәрбие баланың жас ерекшелігіне қарай берілді. Мұны Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) мына хадисінен үйренеміз:

«Оңайлатыңдар, қиындатпаңдар, сүйіншілеңдер, жиіркендірмеңдер». Осы тұрғыда төртінші Халифа Хз. Әлидің тамаша сөзі бар:

«Адамдардың көңілдері үнемі бір нәрсе үйренуге құштар болып тұрады. Кейде тыңдағысы келсе, кейде тыңдағысы келмейді. Олардың көңілдерінің жағдайына қарай қарым-қатынас жасаңдар. Тыңдауға лайық болған кезде олармен сөйлесіңдер. Өйткені адамның көңілін бір нәрсеге зорлайтын болсаң көр болады. Сенің қалауыңды тәрк ететін халге жетеді» 8 .

7) Жауапкершілігін үйрету: Әрбір оқушыны білген нәрсесін тәжірибе жүзінде атқаруға үйрету керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с. а. у. ) теориялық білімнің, егер де ол іс жүзінде орындалмайтын болса, құны болмайтынын, яғни пайдасыз екендігін былайша түсіндіреді:

«Білімнің екі түрі бар: Біреуі телден көңілге кіреді, бұл пайдалы білім; Екіншісі тек қана тілде ғана қалады. Ақырет күні өзіне қарсы шығады» 9 .

Сірә, Ислами тәрбие жөнінде сөз ашқан соң осы дініміздегі ғибадаттардың тәрбиелік мәніне де тоқталып өту жөн секілді. Сол үшін Ислами құлшылықтардың ең негізгілерінен бірі болып саналатын оразаның тәрбиелік мәні жайында сөз қозғасақ:

Ораза - Исламның бес шартының бірі. Аллаһтың әмір еткен оразаның өзінде қаншама пайда мен сырлар бар. Адамдарға рухани жағынан да, тән жағынан да пайдасы мол құлшылық болып табылады. Яғни ораза құлдың Аллаһты ұлықтап, Оған кәміл түрде шүкіршілік етуін қамтамасыз ететін иләһи дәнекер мәртебесінде. Сондықтан да оразаны барлық салих та игі амалдарға ықпал ететін өте күшті ғибадат деп айтуға болады. Ендеше, оразаның тәрбиелік мәніне қысқаша тоқтала өтелік:

Ораза мінез-құлықымызды кемелдендіреді. Сондай-ақ үнемі Аллаһты есімізге салып отырады, жауапкершілік сезімін арттырады. Жүрегімізді жаман ойлардан тазартып, өзгелерге жамандық жасаудан сақтандырады. Ораза мінез-құлқымызды жетілдіріп, тіпті періште халіне жақындатады. Ораза - адам баласын харам нәрселерге қараудан, тілді өтірік және жаман сөздерден, құлақты харам нәрселерді тыңдаудан, асқазанды харам нәрселерді жеуден, қолды жаман нәрселерді ұстаудан, аяқты жаман жерлерге барудан қорғайды. Ораза тұтқанда ауыздан шыққан сөзге байқау керек. Мәселен жиіркенішті істердің қатарындағы өсек-аяң айту, әлдекімді ренжіту - оразаның сауабын азайтады 10 . Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) :

«Ораза - ұстаған адамға (жараспайтын істермен айналыспайынша), зиян көрмейінше сол кісіге қалқан болады» - деген.

«Ораза ұстаған кісіге қалқан қайтып зиян келтіреді?»-деп сұрағандарға, ол былай деп жауап берген:

«Өтірік айту және өсек-аяңмен» 11 .

Өйткені, өтірік пен өсек-аяң айтушылар ораза арқылы аш қалғанымен аталған жаман әрекеттері арқылы рухани жан дүниесін кірлетіп, адам етін жеп, ауыз ашқанмен тең болады. Алайда біреуді ғайбаттау - Құран аятында баяндалуынша «Өзінің өлі бауырының етін жегенмен бірдей».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ
Руханилық үкімнің адамгершіліктің қалыптасуындағы маңызы
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Ислам дінінің тәрбиелік мәні
Ұлттық тәлім-тәрбие дүниесін қалыптастырушы факторлар
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Ислам және адам тәрбиесі
Халық педагогикасының ғылыми- теориялық негізі
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz