Химиялық ұғымдарды оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Орта мектепте химиялық ұғымдарды оқытуда педагогиканы пайдаланудың қазіргі жайы

1. 2 Химиялық ұғымдарды қалыптастыруды жетілдіруде пән аралық байланыс негізінде педагогиканы пайдалану

2 ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Педагогикалық эксперимент

2. 2 Педагогикалық эксперимент жұмысының нәтижелері

2. 3 9-10 сыныптарда химиялық ұғымдарды қалыптастыруды жетілдіруде педагогиканы пайдаланудың жолдары мен әдістері

2. 4 Химиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім [1] .

Осыған орай бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі, жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрімен тереңірек таныстырып, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамытуға байланысты тәрбие мен білім беруде мұғалімнің кәсәптік даярлығын қамтамасыз етуді міндеттейді [2] . Сонықтан да қоғамның білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіру міселесі мұғалімнің алдына зор міндеттер жүктеп отыр.

Осыған орай химиялық ұғымдарды оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі мектептерда пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен тиімділігін арттыру, педогкалық технологиялармен ұштастыра жүргізу жұмысын практикаға енгізу мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігін көздейді. Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстармен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көзқарастырын қалыптастыруда орта мектепте оқытылатын химия пәнінің мәні өте зор. Сондықтан да химиялық ұғымдарды оқытудың әдіс-тәсілдерін сан-салалы бағытта, жан-жақты қарастыру көзделеді.

Химиялық ұғымдарды оқыту мәселесі белгілі педагогтар мен методисттердің назарынан тыс қалмай үнемі зерттеу нысанына айналып келеді: К. А. Аймағамбетова, А. Г. Сармұрзина, Н. Н. Нұрахметов, С. Жайлау, Т. Т. Омаров, Ж. Ә. Шоқыбаев. К. А. Сарманова, М. Р. Танашева т. б. көптеген зерттеулерде оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу жолдарын қарастыру тенденциясы оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын дамытуға негіз салатындығы көрсетілген.

Ұстаз оқушылырға білім беру барысында оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде тұлғаның дұрыс қалыптасу мүмкіндігін зерттеп, жеке бас ерекшелігін аңғарып, осыған сәйкес жұмыс істегенде ғана орынды педагогикалық шешім табады. Химия пәнінің көптеген мұғалімдері оқушыларды химия ғылымының заңдарымен, қоршаған ортада жүріп жатқан химиялық құбылыстармен таныстырып, оны көруге, сезінуге, түсінуге жағдай жасау арқылы дүниедегі химиялық айналалармен оқушыларды қаруландырудың жолдарын таңдай білуі, заттар және олардың көптүрлілігі туралы ұғымды меңгерте отырып, сабақта көркем әдебиетті, поэзияны, оқу ойындарын енгізу арқылы оқушылардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға болатынын дәлелдеді.

Осы орайда химия пәнінде көркем әдебиетпен поэзияны, оқу ойындарын пайдалану арқылы оқушының танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту жолдарын Г. Г. Филимонова[3], А. Р. Нұрахметова [4], Ж. . Ж. Жұмаханов [5], З. Т. Мұшрапилованың [6], Ғ. С. Әбдіқадірованың [7] зерттеу жұмыстарында қарастырылған. Ж. Жұмахановтың еңбектерінде химиялық ұғымдарды оқытуда оқушының сабаққа деген қызығушылығын күшейтіп, әңгімелер, өлеңдер оқыту олардың белсенділігін арттыру үшін, олардың мазмұнын мәтінге сәйкес талдаудың тиімділігін дәлелдейді. Ал, З. Мұшрапилованың жұмысында химиялық ұғымдарды көркем әдебиетпен, поэзиямен байланыстыра отырып оқытқда оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеруге болатындығын көрсетеді. Бірақ, бұл еңбектерде орыс жазушыларының шығармаларын кеңінен пайдаланған.

Ал, Г. Филимонова мен А. Р. Нұрахметовалар зерттеулерінде ойын арқылы оқытудың оқушылардың білім деңгейін көтерудегі тиімділігіне негіздеп, оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыру жолдарын қарастырған.

Жоғарыда келтірілген деректер қазіргі таңда химиялық ұғымдарды оқытудың тиімділігін көтеруде біраз зерттеу жұмыстарының жүргізілгені аңғартылды.

Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдау нәтижесі бүгінгі күнге дейін этнопедагогиканың жалпы теориялық негіздері мен тәрбиелік мәселелеріне баса назар аулару пәнді оның ішінде химиялық ұғымдарды оқытуда педагогика элементтерін пайдалану әдістемесінің назардан тыс қалғанын көрсетеді.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірбиесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.

Зерттеу жұмысының мақсаты: химиялық ұғымдарды қалыптастыруды жетілдірудің педагогикалық негіздерін қарастыру, оны оқу үрдісінде тиімді қолданудың мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектептердегі химиялық ұғымдарды оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні - химиялық ұғымдарды оқыту үрдісінде педагогика элементтерін қолданып оқушылардың білім сапасын дамытудың жолдары мен әдістері.

Зерттеу міндеттері:

  • орта мектепте химиялық ұғымдарды оқыту үрдісінде педагогиканы, әдеби материалдарды және оқу ойындарын қолданып, білім мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру;
  • оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстарды педагогиканы пайдаланудың әдістемесін жасау;
  • химиялық ұғымдарды қалыптастыруды жетілдіруде қолданылатын педагогика нұсқасының мазмұнын ұсыну.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:

  • орта мектептің химия курсының мазмұны, мақсаты, міндеттеріне орай педагогика элементтерінің нұсқаулары сұрыпталды.
  • химиялық ұғымдарды қалыптастыруды жетілдіруде педагогика элементтерін пайдалана отырап оқытудың әдістемесі жасалды.
  • химиялық ұғымдарды қалыптастыруды жетілдіруде педагогика элементтерін пайдаланып, оқушылардың білімін тереңдетіп және шығармашылыққа баулудың жолдары мен әдістемесінің тиімділігі педагогикалық эксперимент жұмысы арқылы дәлелденді.

1 ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Орта мектепте химиялық ұғымдарды оқытуда педагогиканы пайдаланудың қазіргі жайы

Қазіргі кездегі хылым мен техниканың дамып өркенлеуіне байланысты дарынды талантты жастар тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болып отыр.

Білім беру ісін батыл да табанды қайта құрудың талап етілуі еліміздің барлық саласында болып жатқан өзгерістермен тығыз байланысты. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекттің қалыптасу өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, білімділігін талап етеді.

Парасатты да білімді, білікті мәденитті ұрпақ тәрбиелеу олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейге көтеруді, бойында ұлттық салт дәстүрді, азваматтық намысты қалыптастыруды керек етеді [8] . Сондықтан да білім беру мәселесіндегі барлық күш-жігерді мектептердегі оқу тәрбие саласына жұмсалудың қажеттілігі туындайды.

Білім беру жүйесін қайта құру жағдайында басты міндеттердің бірі-болашақ тұлға қалыптастыру, олардың ой-өрісін өнерге, білімге қызығушылығын дамыту болып отыр.

Балалардың білімге қызығушылығын тудырудың тиімді жолдарын К. Д. Ушинский [9] . Ы. Алтынсарин [10] және көптеген психологтар (Б. Г. Ананьев [11], В. Б. Бондаревский [12], Л. И. Божович [13], Л. Ю. Гордин[14], С. Л. Рубинштейн [15] ) өз еңбектерінде жан-жақты көрсеткен.

Бірқатар педагогикалық-психологиялық зерттеуленрде мектеп оқушыларының қызығушылығын дамытудың жолдарын талдай келіп, оқу үрдісінде түрлі оқу құрадарын пайдалану арқылы, оқушылардың сыныптан тыс кездегі танымдық әрекеттерін жетілдіруді зерттеу жұмысының өзегі ретінде алған. (Әбілқасымова А. Е. [16], Ұзақбаева С. А. [17], Ахметов Н. С. [18], Щукина Г. И. [19], Тряпицына А. Л. [20], Шамова Т. И. [21] ) .

Оқушылардың ойын дамыту туралы атақты ойшылдардың шығармаларындағы педагогикалық пікірлер мен қағидалары біздің зерттеулеріміздің өзегі болып, септігін тигізді. педагогиеа мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын; Абайдың дана сөздерін, Ы. Алтынсаринмен А. Байтұрсыновтың педагогикалық идеяларына сүйенбей өте алмаймыз.

М. Жұмабаевтың бүкіл педагогикалық, психологиялық еңбектерін дамыта отырып оқыту оқушылардың қиялын, ойлау қабілетін жетілдіру мақсаттарын жүзеге асыруда қазіргі таңда да құны жоғары. Атақты педагогтың оқушылардың ой-қиялын дамыту жолдарын талдаған қағидалары осы заман талабымен астасып жатыр.

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» [22] оқулығында оқытудың білімдік және тәрбиелік мақсатын ұлттық тәрбиеге негіздегенде ғана оның сапалы білім беріп, жастардың санасын көтеруге жәрдемі тиетіндігін айтады. М. Жұмабаев өзінің осы еңбегінің кіріспе бөліміндегі түсінік хатында «Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым»- деп, әдет-ғұрпын негізге ала отырып жазғандығын көрсетеді. Бұл пікірінің тағы бір дәлелі «Жанның түкпірінде жатқан ойларды жүректің жетпіс қабат астында жатқан ыстық сырларды ашып шешіп беретін адам «сезімінен қымбат дүниеде не нәрсе бар» деп, есіту сезімінің адамның көру сезіміне көмектесетінін, көз заттың сыртын ғана көрсе, құлақпен есту заттың бүкіл қасиетін ашуға жәрдемдесетінін айтады. Бала қоршаған дүниені сезім мүшелері арқылы сезінсе, оны тұжырымдау, жүиелеу ой арқылы жүзеге асады дейді». Бұл пікір химия заттары мен құбылыстарын оқытуда бізге ой салады. педагогиканың тиімді тұстарын пайдалану оқушының ойын қозғауға, ой қорытуына тұжырым жасауына көмектесетіндігін айқындай түсуге тырысамыз.

«Дүниені танытудағы сыртқы әсердің маңызын талдап, әсер жеке болсын, әсер жаңа болсын, ескі білім мен жаңа білімнің қатысы болсын, жағырапияның оқыту туған ауылдан басталсын» - дейді. М. Жұмабаевтың бұл пікірінің осы кезге дейін қны жойылған жоқ.

Ахмет Байтұрсынов [23] зерттеулерінде де адам баласына жас шағынан-ақ өзін қоршаған ортаның неден тұратынын білу шарт екенін айтады. 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» атты еңббегінде «біздің сезіп көріп жүргеніміздің бәрі табиғат заттары, табиғат денелері және адам ісінен шыққан жасанды нәрселер, жасанды нәрселерді істеуге жұмсалатын адам өнері, білімі, күші, олай болса, сол заттарды істейтін де, пайдаланатын да болашақ жастар екенін ұмытпау керек»-дейді. Бұл пікірдің химия ғылымына да қатысы бар деп қарастыруымыз керек.

А. Байтұрсынов бала қиялын дамытуда жұмбақ-жаңылпаштардың маңызы зор екенін атап көрсетті. Ол жаңылтпаштардың бала тілін дамытудағы рөлін өте жоғары бағалады. Жаңылпашты жаңылмай айту үшін алдымен сөздің мағынасын түсіну, сонан әрі дұрыс айту үшін бала үлкен күш жұмсайды, ойланады, ой қорытады. Осы арқылы оның санасында ұғым қалыптасады. Міне бұл пікір химия ұғымдарды да жұмбақ-жаңылтпаштарды кеңінен қолдануға болатындығын көрсетеді.

Кемеңгер, ойшыл ақын Ш. Құдайбергеновтың [24] табиғатты суреттейтін шығармаларының оқушыларға табиғат заттары мен құбылыстарынан білім беруде теңдесі жоқ дайын материал. Осы тұста академик Сухомлинскийдің: « . . . балалардың сезіміне, түйсігіне, қиялына ықпал жасаңдар, шексіз әлемге деген терезені біртіндеп қана ашыңдар», -деген қағидасы ойға оралады. Шәкәрімнің әрбір өлеңі дүниеге қызығуы, еліктеуі мол, қиялы ұшқыр, бала жанына тербеу салып, әдемілікке, сұлулыққа еліктетіп, сол сұлулықты өзін қоршаған ортадан іздеуге итермелейді. Нақты табиғи өзгерісті көркем тілмен жеткізе отырып, табиғатта болатын құбылысты, оның шаруашылыққа тигізетін әсерін паш ететін өлеңдері оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді, оларда табиғат туралы ғылыми түсініктердің пайда болуына, дұрыс көзқарасының қалыптасуына негіз салады.

Шәкәрім шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете сипатталады. Сонымен қатар, ол балаларға жұмбақ шештіру арқылы олардың тапқырлық, сезімталдық қасиеттерін дамытуға әсер етуге мүмкіндік туатынын сөз етеді.

Бесарыс еңбектеріне [25] шолу жасағанда кемеңгер ойшылдарымыздың қай-қайсысы да, балаға тәрбие беруде, олардың білімін кеңейтіп көзқарасын қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбиенің, әдет-ғұрыптың алатын орынын баса көрсеткен.

Бұл ғалымдар қазақ халқының болашағы-жастарды дамыту үшін нені оқыту, қалай оқыту керектігін айта келіп, берілетін білімнің ұлттық педагогикаға негіздеу арқылы олардың бойында халықтың рухани байлығын сіңіруге болатындығын дәлелдейді.

Революциядан кейінгі кезеңдегі мектептердегі дүниетану материалдарфының оқытылу жайын сөз еткенде, оның тарихына тоқталғанда ең көрнекі орын алатын пікірлермен дайын қағидаларды жоғарыда аталған азаматтарымыздың еңбектерінен кездестірдік. Бұл ғылыми, педагогиеалық, психологиялық, әдеби және тарихи шығармаларды халқымыздың асыл мұрасы ретінде зерттеулерімізге негіз етіп, оларды теориялық, әдістемелік құралдар тұрғысында пайдалануға тырыстық. Бесарыс шығармаларының психологиялық, педагогикалық тұстарын пәнді оқыту барысында кеңінен қолдануға болатындығына көз жеткіздік.

Қазақ педагогикасының аса көрнекті өкілдері (Т. Т. Тәжібаев, Ә. С. Сыдықов, Ә. І. Сембаев, Қ. Б. Бержанов т. б. ) Қазақстан мектептері мен ағарту ісіне баса назар аударып, ондағы педагогиканың алатын орнын да аша көрсеткен. Республикадағы қазіргі таңдағы педагогиканыңнегізін қалаушылар қатарында Қ. Жарықбаев [26], С. Қалиев [27], С. А. Ұзақбаева [28 ], А. Көбесов [29], Т. Т. Тәжібаев

[30], Ә. И. Сыздықов [31], Ы. Оршыбековтерді [32] атай аламыз. Бұл ғалымдар педагогиканың теориялық негізін ғана саралап қоймай, оның оқу тәрбие жүйесіндегі алатын орынын айқындады.

Мәселен, С. Қалиевтің «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» [33] еңбегінде қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі осы тұстағы ағартушы-демократ, ойшыл, зиялылардың педагогикалық көзқарастары, халқымыздың ғасырлар бойы өз ұрапағын ар-ожданы таза, адамгершілігі жетілген адамзат тәрбиелеуде педагогиканың әдіс-тәсілдерін пайдалана білген мектебі болған, ғұлама ғалымдардың еңбектеріне, мақал-мәтелдеріне, ертегі аңыздарына, ақын-жырауларына, ерлік дастандарына сүйене отырып автор толымды тұжырымдар жасайды.

Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушыларды[ ] ң дүниетанымын қалыптастыруда (Л. Я. Зорина [34], А. В. Усова [35], И. Я. Лернер [36], С. А. Шапоринский [37] т. б. ), оқушыларды өз бетінше білім алуға дағдыландыруда (Ф. В. Паламарчук [38], П. И. Пидкасистый [39] және т. б. ), ғылыми және саналық принциптерін жүзеге асыруда (В. В. Краевский И. Я. Лернер [40] және т. б. ), оқытудағы белсенділікті арттыруда (А. Е. Әбілқасымова [41], Р. Г. Иванова [42 ], И. Ф. Харламов [43] т. б. ) оқу пәнінің құрамына енгізу арқылы оқытудың мақсатын жүзеге асырудың қажетті құралы болып табылатындығы дәлелденген.

Білім мазмұнын іріктеудің теориялық негіздерін жасау мен пәндік оқу бағдарламаларын құрудың жолдарын айқындауда В. В. Давыдов [44], М. Н. Скаткин [45], Н. Ф. Талызина [46], сияқты ғалымдар еңбектерінің маңызы ерекше.

Соңғы кезде жалпы орта білім мазмұнын негіздеуге бағытталған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олардың қатарына Л. Я. Зорина [47 ], В. В. Краевский, И. Я. Лернер [40 ], А. М. Сохор [48] және т. б. еңбектер енеді. Бұл еңбектер білім мазмұнын жетілдіру мен дамытудың қажеттігі, оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын жүзеге асыру және оқушының өзбетінше ойлау қабілетін дамыту(В. В. Краевский, И. Я. Лернер, Н. А. Менчинская), үздіксіз білім мазмұнының теориясын жасау (В. С. Леднев), мазмұнды негіздеу (Л. Я. Зорина, И. К. Журавлев және т. б. ), педагогикадағы жалпы білім тұжырымдамасының дамужәне мектептегі жалпы орта білім мазмұнын жетілдіру (М. Н. Скаткин, В. В. Краевский) сияқты күрделі мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл мәселелердің педагогтар мен психологтардың еңбектерінде жалпылама шешілуі жеке оқу курсының мазмұнын таңдау мен құрылымын түзуге арналған пәндік әдістемелік зерттеулерге жол ашты.

Химиялық ұғымдарды оқытудың әдістемесіне байланысты соңғы жылдарда әр түрлі тақырыптарда кандидаттық диссертациялар қорғалды. С. Я. Садыкованың, О. С. Габриелянның, В. К. Силастенің, Ж. Асанованың, Э. Н. Кирикилицаның, Ж. И. Шорованың, К. Е. Егоровалардың зерттеулері орта мектепте химиялық ұғымдарды оқытудың теориясы мен әдістемелерін қарастырады.

Бірқатар авторлар: С. Г. Шаповаленко, Л. М. Сморгонский, Г. И. Шелинский, Е. Е. Минченков, Т. С. Назарова өз зерттеулерінде химиялық ұғымдарды оқытуда оқу құралдарының алатын орнына ерекше көңіл бөлді. Психолог Н. Г. Солмина оқыту үрдісіндегі білім көзінің нұры оқу құралы деп қарастырады.

Білім берудің басты міндеті-баланы дара тұлға деңгейіне жеткізу. Дара тұлғаны тәрбиелеу арқылы біз Қазақстанды дамыту үшін оның интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін даярлаймыз. Жеке тұлғаның белгілі кәсіпке қызығуы, таңдап алған ісіне дұрыс көзбен қарауы, сол таңдаған іс-әрекетін мейілінше түбегейлі терең білуге көмектеседі.

Зерттеуші Н. В. Левитов [49] дара тұлғаның бағдарлану қасиетін былай түсіндіреді. Бағдарланц дегеніміз-адамды белгілі бір әрекетіне, өзінің өміріне сәйкес қызметіне әсері бар өзі таңдап алған қатынасы. Бағдарлану жеке адамның психологиялық қасиеттерінің бірі, ол басқа қасиеттерге белгілі дәрежеде әсер етеді: білім ауқымының артуына, биологиялық темпераментінің туындауына, талаптануына әкееді. Ал C. А. Рубинштейн [50 ] бағдарлануға-қажеттілікті, қызығушылықты, идеалды жатқызады. Қызығушылықтың адамның санасын оятатын зор күші бар, ол қызығуды қанағаттандыру үшін сан түрлі амалдар мен заттарды іздестірудің нәтижелерін арттыруға мәжбүр етеді. В. Д. Леташ [51] «қызығу» адамның дүниеге қажеттілік қатынасы ретінде ішкі жан дүниесінде пайда болып, қоршаған нәрселер мен құбылыстардың мәнін білуге бағытталған танымдық әрекет кезінде жүзеге асатын дара тұлғаның бағдарлану формасы деген. Н. Г. Морозова [52] қызығу адамның танымдық құштарлыққа бөлеп, білім алу мен дербес шығамашылыққа жұмылдыратын ынта деп тұжырымдайды. С. С. Гриншпун [53] оқу үрдісінде оқушының пәнге қызығушылығын қалыптастыруға болатынын айтады.

Қоғамдағы болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік және т. б. өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім және тәрбие беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Қазіргі заман талабына қарайтын болсақ орта мектептегі оқыту оқушыларды белгілі бір білім қорымен қаруландырумен шектелмеуі тиі. Олар алған білімдерін өз беттерімен әрі қарай тереңдетіп, әр түрлі жаңа жағдайларда кеңінен қолдана алатындай жоғары деңгейдегі ойлау қызметін дамытуға қол жеткізу керек.

Басқа ғылымдар саласы сияқты химиялық жалпы білім ұғымдардан, ережелерден, заңдадан тұрады. Бұның барлығы мектепте оқыту процесінде дамытылады, жетілдіріледі және меңгеріледі.

Т. В. Смирнованың [54 ], М. З. Зуеваның [55], Т. З. Савичтің [56], Р. Г. Иванованың [57], А. М. Черкасованың [58] және т. б. еңбектерінде оқушыларға химиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістері арнайы зерттелген. М. И. Махмутов [59], Ю. К. Бабанский [60], Г. М. Чернобельскаяның [61], М. Р. Танашева, Н. Н. Нұрахметов [62], А. Мырзабаев [63] т. б. еңбектерінде балалардың химияға қызығушылығын арттыру мәселелері қарастырылған.

Соңғы уақытта химиялық білім мазмұнын жаңарту мәселесі бойынша еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдарды атауға болады: С. К. Идрисова, Л. З. Лойко, В. Д. Назарова, У. Маканова, И. Т. Түсіпбеков, Ш. К. Наурызбаева, Г. Е. Жексенбиева, Б. Маканов, А. А. Абраманова, Г. М. Мадыбекова, Б. Ж. Жаңабаев және т. б. Олар әртүрлі бағдарлы сыныптарға арналған химия пәнінің бағдарламаларын жасады.

Оқытудың сапасын көтеру, оның заман талабына сай болуы білім жүйесінің маңызды құраушыларының бірі болатын-ғылыми ұғымдарды оқушылардың меңгеруін жетілдіруді талап етеді. Ұғым аппаратын оқушылардың қамтамасыз ету-оқытудың басты міндеттерінің бірі. Оқушылардың ұғымдарды меңгеруі олардың бағдарламадағы материалды тиянақты игеруіне, шығармашылықтарының дамуына, ғылыми көзқарасының қалыптасуына және ойлау қабілеттерінің артуына зор ықпал жасайды.

Ғылыми ұғымдардың қалыптасуы мен оларды дамытудың психологиялық заңдылықтарын Л. С. Выгодский, С. Л. Рубинштейн, Н. А. Менчинская, Е. Н. Кабанова-Меллер, Н. Ф. Талызина, Д. В. Эльконин, В. В. Давыдов, М. М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев және т. б. ғалымдар зерттеді.

Оқушылардың ғылыми ұғымлары меңгеруінің дидактикалық жайттарын Н. М. Верзилин, М. Н. Скаткин, Н. Я. Лернер, А. В. Усова, Э. Мамбетакунов, және т. б. зерттеулерінде орын алады. Әсіресе Т. Қ. Оспановтың пәнді оқыту процесін дидактикасындағы зерттеу жұмыстарын нені оқытудың, қалай оқытудың, не үшін оқу керектігін талдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Пәнаралық байланыс функциялары
Спиральді оқыту жүйесін химия пәнінде қолдану
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары
Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Химиялық оқу экспериментінің қазіргі күйі және оның жетілдіру жолдары
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz