ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының негізгі проблемалары және даму болашағы
ЖОСПАР
ЕврАзЭқ елдері ДСҰ.ға кіру жолында. 13
Қазақстанның ДСҰ.ға кіруінің ерекшеліктері. 16
Ресейдің ДСҰ. ға кіруінің ерекшеліктері 19
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының негізгі проблемалары және даму болашағы. 21
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транспорттық кешендерінің интеграциялық өзара әрекеттесуін терендете түсудегі және олардың транзиттік қуаттарын тиімді пайдалануға негізгі проблемаларды талдау. 22
Мұндағы негізгі проблемалар мынадай: 22
ЕврАзЭқ мемлекеттерінің транспорттық заңнамаларын бірегейлендірудің төмеңгі деңгейі. 22
ЕврАзЭҚ шеңбріндегі жүк және жолаушы тасылымына теміржол тарифтерін қалыптасуда біртұтас қадамның жоқтығы. 23
Танспорт саласындағы ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің кедендік саясатының келіспегендігі. 23
ЕврАзЭҚ шеңберінде халықаралық автокөлік тасымалын жүзеге асыру барысындағы басқа да әртүрлі бөгеттердің болуы. 24
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транспорттық құрылымының техникалық жағдайының төмеңгі деңгейі. 24
Транспорттық тасымалдары ақпараттық қамтамасыз етудің әлсіздігі. 24
1. Мұңай. газ ресурстарын транзиттеуге тарифтерді қалыптастырудағы келіспеушілік. 27
2.Мұңай. газ транспорттау инфрақұылымның жеткіліксіз дамуы. 27
3. ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының тиімсіз пайдалануы. 27

Бүгінгі күнде әлемдік қоғамдастық дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастардың үстем факторына айналып келеді. Дәлірек айтқанда Евразиялық экономикалық қоғамдастық және оның Дүниежүзілік сауда ұйымында алатын орны, оған мүше болып келетін мемлекеттердің транзиттік қуатының негізгі проблемалары және болашағы, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды факторлар, энегетикалық ынтымақтастықты дамытудағы үлесі. Осы айтылған дәйектер курстық жұмысымның өзектілігін толығымен негіздейді. Аталмыш тақырыпты қазіргі әлемнің дамуының негізгі көріністерінің бірі болып, ерекше қарқын мен ауқымдылыққа ие болып отырғаны үшін таңдадым. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттердің аймақтық бірлестіктер шеңберінде дамуын сипаттайтын аймақтану процесі де заманның тағы бір ерекше көрінісіне айналуда. Дәл қазіргі күнде әлемде 20-ға жуық интеграциялық тұрғыдағы халықаралық экономикалық бірлестіктер бар. Осы орайда, олардың ішіндегі ірі және көзге түсетіндерінің қатарына Европалық Одақты (ЕО), Солтүстікамерикандық еркін сауда зонасын (НАФТА), Оңтүстік Шығыс Азия елдері Ассоциациясын (АСЕАН), Азия –Тынықмұхит экономикалық ынтымақтастығы Форумын (АТЭС), Оңтүстік конустық Латиноамерикандық ортақ рыногын (Меркосур) және т.б. жатқызуға болады. Аймақтық дамудың өзіндік еркшелігіне қарамастан, еркін сауда зонасын, кедендік одақты, ортақ рынокты, валюталық және экономикалық одақты, саяси одақты құруда бірлестіктердің әрқайсысына нақты заңдылықтар тән - олар дамуларында нақты сатылар арқылы өткен және өтуде. Былайша айтқанда, дамудың осы магистралдық жолын бірлестіктердің әрқайсысы өзіндік ерекшілікпен және әртүрлі қарқынмен өтеді. Осы ретте ең нәтижелі жетістікке қол жеткізген осыдан 50 – жылдан бұрын аймақтық интеграцияны қолға алған Европалық одақ болып табылады. Интеграциялық қарқынды дамуына бүгінгі күндегі сауда зоналарының бар екендігі дәлел бола алады.
Қоғамдастық бірлестіктерді құру үрдісі посткеңестік кеңістікті де қамтыды. Аталмыш процестің қоғамдастық өзіндік ерекшеліктерінен бөлек, тағы бір ерекшелігі болды - ол өндірістің төмендеуі, дезинтеграция және тағы басқалары. Осындай көріністерден тұратын Кеңес Одағының ыдырауы салдарының жетегінде өтті. Сондықтан да, аймақтық бірлестіктерді құрудың алғашқы әрекеттерді интеграция ұғыиының өзіне түсініксіздікпен, сенімсіздікпен және сенбеумен бетпе-бет ұшырасуы таң қалдырмайды, ал процестің өзі «жоғарыдан» бастау алды және көбінесе саяси сипатқа ие болды. Ал бұл, өз кезегінде ұйымнның іс – қызметінің өте төмен тиімділігіне әсерін тигізбей қоймас еді. 1991 жылы Орталықазиялық одақ (ОАО), 1995 жылы - Кедендік Одақ, ал 1997 жылы оған Грузия, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Молдова кірген - (ГУУАМ) құрылды.
2000 жылы 5 мемлекет басшылары - Белорусия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан – Кедендік одақты евразиялық экономикалық қоғамдастыққа өзгерту туралы шешім қабылдады (ЕврАзЭқ).
ЕврАзЭқ- тің мақсаты - кедендік одақты, біртұтас экономикалық кеңістікті және ортақ рынокты қалыптастыру процесін алға жылжыту. Бұл өз кезегінде, болашақта саяси одақтың бір турі ретіндегі Евазиялық одақты құруға негіз болады. Бүгінгі күннің өзінде ЕврАзЭқ шеңберінде еркін сауда зонасы жұмыс істеуде. Кедендік одақты құру 2005-2006 ж.ж., ал біртұтас экономикалық кеңістікті 2006 жылдан кейін құру ойға алынып отыр. Оған енетін мемлекеттердің 20,4 млн. кв.км. территорияны алатыны, ал тұрғындардың жиынтық саны 181 миллион адамды құрайтындығы фактісінің өзі аталмыш бірлестіктің қуатын көрсетеді. Евразиялық экономикалық қоғамдастықтың 2003 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесін алуы ұйымның саяси маңыздылығын көрсетеді. Жалпы бұл ұйымның табиғаты қандай екендігі жайында, басқа да қандай мақсаттарда құрылғаны жайлы курстық жұмысымның барысында толығырақ таныса аласыздар. Әрине, тақырып ауқымды болғандықтан оны жан-жақты қарастырып, жоспарда көрсетілген тақырыпшаларды анықтап ашып жеткізу менің мақсатым мен міндетім болып табылады. Яғни ЕврАзЭқ мемлекеттерінің энергетикалық ынтымақтастықтарын дамыту Қоғамдастық экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі фактор ретінде қарастыру.

ЕврАзЭқ елдері ДСҰ-ға кіру жолында. 13
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің ерекшеліктері. 16
Ресейдің ДСҰ- ға кіруінің ерекшеліктері 19
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының негізгі проблемалары және даму
болашағы. 21
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транспорттық кешендерінің интеграциялық өзара
әрекеттесуін терендете түсудегі және олардың транзиттік қуаттарын тиімді
пайдалануға негізгі проблемаларды талдау. 22
Мұндағы негізгі проблемалар мынадай: 22
ЕврАзЭқ мемлекеттерінің транспорттық заңнамаларын бірегейлендірудің төмеңгі
деңгейі. 22
ЕврАзЭҚ шеңбріндегі жүк және жолаушы тасылымына теміржол тарифтерін
қалыптасуда біртұтас қадамның жоқтығы. 23
Танспорт саласындағы ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің кедендік саясатының
келіспегендігі. 23
ЕврАзЭҚ шеңберінде халықаралық автокөлік тасымалын жүзеге асыру барысындағы
басқа да әртүрлі бөгеттердің болуы. 24
ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транспорттық құрылымының техникалық жағдайының
төмеңгі деңгейі. 24
Транспорттық тасымалдары ақпараттық қамтамасыз етудің әлсіздігі. 24
1. Мұңай- газ ресурстарын транзиттеуге тарифтерді қалыптастырудағы
келіспеушілік. 27
2.Мұңай- газ транспорттау инфрақұылымның жеткіліксіз дамуы. 27
3. ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің транзиттік қуатының тиімсіз пайдалануы. 27
Бүгінгі күнде әлемдік қоғамдастық дүниежүзілік саясат пен
халықаралық қатынастардың үстем факторына айналып келеді.
Дәлірек айтқанда Евразиялық экономикалық қоғамдастық және оның
Дүниежүзілік сауда ұйымында алатын орны, оған мүше болып
келетін мемлекеттердің транзиттік қуатының негізгі проблемалары
және болашағы, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
маңызды факторлар, энегетикалық ынтымақтастықты дамытудағы
үлесі. Осы айтылған дәйектер курстық жұмысымның өзектілігін
толығымен негіздейді. Аталмыш тақырыпты қазіргі әлемнің
дамуының негізгі көріністерінің бірі болып, ерекше
қарқын мен ауқымдылыққа ие болып отырғаны үшін таңдадым.
Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттердің аймақтық
бірлестіктер шеңберінде дамуын сипаттайтын аймақтану процесі
де заманның тағы бір ерекше көрінісіне айналуда. Дәл
қазіргі күнде әлемде 20-ға жуық интеграциялық тұрғыдағы
халықаралық экономикалық бірлестіктер бар. Осы орайда, олардың
ішіндегі ірі және көзге түсетіндерінің қатарына Европалық
Одақты (ЕО), Солтүстікамерикандық еркін сауда зонасын (НАФТА),
Оңтүстік Шығыс Азия елдері Ассоциациясын (АСЕАН), Азия
–Тынықмұхит экономикалық ынтымақтастығы Форумын (АТЭС), Оңтүстік
конустық Латиноамерикандық ортақ рыногын (Меркосур) және т.б.
жатқызуға болады. Аймақтық дамудың өзіндік еркшелігіне
қарамастан, еркін сауда зонасын, кедендік одақты, ортақ
рынокты, валюталық және экономикалық одақты, саяси одақты
құруда бірлестіктердің әрқайсысына нақты заңдылықтар тән - олар
дамуларында нақты сатылар арқылы өткен және өтуде. Былайша
айтқанда, дамудың осы магистралдық жолын бірлестіктердің
әрқайсысы өзіндік ерекшілікпен және әртүрлі қарқынмен өтеді.
Осы ретте ең нәтижелі жетістікке қол жеткізген осыдан 50 –
жылдан бұрын аймақтық интеграцияны қолға алған Европалық
одақ болып табылады. Интеграциялық қарқынды дамуына бүгінгі
күндегі сауда зоналарының бар екендігі дәлел бола алады.
Қоғамдастық бірлестіктерді құру үрдісі посткеңестік
кеңістікті де қамтыды. Аталмыш процестің қоғамдастық өзіндік
ерекшеліктерінен бөлек, тағы бір ерекшелігі болды - ол
өндірістің төмендеуі, дезинтеграция және тағы басқалары.
Осындай көріністерден тұратын Кеңес Одағының ыдырауы
салдарының жетегінде өтті. Сондықтан да, аймақтық бірлестіктерді
құрудың алғашқы әрекеттерді интеграция ұғыиының өзіне
түсініксіздікпен, сенімсіздікпен және сенбеумен бетпе-бет ұшырасуы
таң қалдырмайды, ал процестің өзі жоғарыдан бастау алды
және көбінесе саяси сипатқа ие болды. Ал бұл, өз кезегінде
ұйымнның іс – қызметінің өте төмен тиімділігіне әсерін тигізбей
қоймас еді. 1991 жылы Орталықазиялық одақ (ОАО), 1995 жылы -
Кедендік Одақ, ал 1997 жылы оған Грузия, Украина, Өзбекстан,
Әзірбайжан, Молдова кірген - (ГУУАМ) құрылды.
2000 жылы 5 мемлекет басшылары - Белорусия, Қазақстан, Ресей,
Тәжікстан – Кедендік одақты евразиялық экономикалық қоғамдастыққа
өзгерту туралы шешім қабылдады (ЕврАзЭқ).
ЕврАзЭқ- тің мақсаты - кедендік одақты, біртұтас экономикалық
кеңістікті және ортақ рынокты қалыптастыру процесін алға
жылжыту. Бұл өз кезегінде, болашақта саяси одақтың бір турі
ретіндегі Евазиялық одақты құруға негіз болады. Бүгінгі күннің
өзінде ЕврАзЭқ шеңберінде еркін сауда зонасы жұмыс істеуде.
Кедендік одақты құру 2005-2006 ж.ж., ал біртұтас экономикалық
кеңістікті 2006 жылдан кейін құру ойға алынып отыр. Оған
енетін мемлекеттердің 20,4 млн. кв.км. территорияны алатыны,
ал тұрғындардың жиынтық саны 181 миллион адамды құрайтындығы
фактісінің өзі аталмыш бірлестіктің қуатын көрсетеді.
Евразиялық экономикалық қоғамдастықтың 2003 жылы желтоқсанда БҰҰ
Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесін алуы ұйымның саяси
маңыздылығын көрсетеді. Жалпы бұл ұйымның табиғаты қандай
екендігі жайында, басқа да қандай мақсаттарда құрылғаны жайлы
курстық жұмысымның барысында толығырақ таныса аласыздар. Әрине,
тақырып ауқымды болғандықтан оны жан-жақты қарастырып, жоспарда
көрсетілген тақырыпшаларды анықтап ашып жеткізу менің мақсатым
мен міндетім болып табылады. Яғни ЕврАзЭқ мемлекеттерінің
энергетикалық ынтымақтастықтарын дамыту Қоғамдастық экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі фактор ретінде қарастыру.
Евразиялық экономикалық қоғамдастықты орнатудағы негізгі
мақсаттардың бірі – сонымен қатар энергетикалық рынокты орнатуды
көздейтін Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру болып
табылады.
Аталған бағытты жүзеге асыру ЕврАзЭқ мемлекеттерінің энергетика
саласындағы интеграциялық ынтымақтастықтарын дамытуды және олардың
транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды көздейді, ал бұл өз
кезегінде Қоғамдастық елдерінің әлемдік экономикаға
интеграциялануындағы маңызды фактор болып табылады. Осы ретте
бестік елдерінің экономикасының нақты секторларындағы кедендік ,
салықтық және тарифтік саясаттарының үйлестірілген принциптерін
қалыптастыру мәселелері маңызды мағынаға ие болып отыр.
Электроэнергетика саласында ЕврАзЭқ мемлекеттері өзара пайдалы
ынтымақтасуды дамыту бойынша біршама нақты қадамдар жасалған. Атап
айтар болсақ, энергетикалық жүйелердің өзара әрекетін тереңдете
түсу жөнінде заңнамалық база жасақталып, оларды жүзеге асыру
Қоғамдастық елдерінің электр эергиясы мен қуаттарының ортақ рыногын
қалыптастырудағы маңызды саты болатын бірұатар уағдаластықтар мен
шарттар қабылданды. Осы ретте ЕврАзЭқ мемлекеттерінің энергетикалық
ынтымақтастарын дамыту үшін мынадай тұғырлы құжаттарды орындау
маңызды мағынағы ие:
- 1996 жылдың наурызындағы экономикалық және гуманитарлық
салалардағы интеграцияларды тереңдете түсу жөніндегі келісім;
- 1996 жылдың 29 наурызындағы Келісімге қатысушы мемлекеттердің
энергетикалық жүйелерінің арасындағы өзара әрекеттесу туралы
Уағдаластық;
- 1999 жылдың 26 ақпанындағы Кедендік одақ пен Біртұтас эконом
икалық кеңестік туралы Келісім;
- Кедендік одақ мемлекеттерінің экономикаларын 2000-2005
жылдардағы құрылымдық қайта құруды келісіп жүргізудің негізгі
бағыттары;
- 2000 жылдың 10 қазанындағы Евразиялық экономикалық
қоғамдастыққты құру жөніндегі Келісім;
- ЕврАзЭқ – ке мүше мемлекеттердің энергетикалық саясатының
негіздері;
- ЕврАзЭқ – ке мүше мемлекеттердің 2003-2005 жылдардағы ортақ
энергетикалық рыногын қалыптастыру жөніндегі бірлескен
әрекеттерінің жоспары;
- ЕврАзЭқ-ті дамытудың 2003-2006 жылдарындағы басым бағыттары .
ЕврАзЭқмемлекеттерінің энергетикалық саладағы өзара
әрекеттесулеріне қатысты құжаттардың жобаларын дайындау ушін Кеңес
жағынан үнемі жұмыс атқаратын
а) ЕврАзЭқ мемлекеттерінің ортақ электроэнергетикалық рыногын
қалыптастыру жөніндегі Комиссия;
б) көмір, мұнай және газ салаларындағы ынтымақтастық мәселелері
бойынша Комиссия;
в) энергетика саласындағы ұлттық заңнамаларды бірегейлендіру
бойынша жұмыс тобы;
г) отын-энергетикалық балансты орнатудағы ұсыныстарды жасақтау
бойынша жұмыс тобы құрылған.
ЕврАзЭқ мемлекеттерінің электроэнергетика саласындағы интеграциялық
ынтымақтастықтарын дамытуда бірлескен кәсіпорындар мен қаржы-
өнеркәсіп топтарын құру мәнге ие.
1999 жылы РАҚ Ресей ЕЭЖ-мен бірлескен қатысушы үлестері теңдей
бөліністегі ресейлік- қазақстандық 2-Екібастұз ГРЭС-і бірлескен
кәсіпорны құрылды. Сонымен қатаР Северный кен орнын пайдалану
мәселесі бойынша келісімге де қол жеткізілді.Одан бөлек, оның
құрамына Рефтин, Тройцк, Верхнетагиль ГРЕС-тері мен Северный,
Богатырь көмір кен орындары енген УралТЭК трансұлттық компаниясын
құрудың өзектілігін айта кету керек. Аталмыш компанияның қызмет
атқару ЕврАзЭқ шеңберіндегі электр энергиясы мен қуатының ортақ
рыногын қалыптастыруда, Ресей Федерациясының Челябі және Свердлов
облыстарын энергиямен жабдықтауды тұрақтандыруда және технологиялық
тұрғыда Екібастұз көміріне ғана бағдарланған осы аймақтың
электростанцияларын отынмен жабдықтауда маңызды фактор болып
табылады.
Ұйымға мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара әрекеттесулерінде
Сырдария мен Амудария өзендерінің гидроэлектроэнергетикалық
мүмкінліктерін бірлесіп игеру мәселелері маңызды болып табылады. Бұл
өзендердің бассейндері орасан зор гидроэлектроэнергетикалық
мүмкіндікке ие, ал қазіргі күнде оның тек 10% ғана игерілген. Осы
жағдайды ескере отырып, ЕврАзЭқ –ке мүше мемлекеттердің интеграцияны
басұару органдары 2003 жылы гидроэнергетика нысандарының құрылысын
бірлесіп жүргізу және Орталық Азия аймағындағы су- энергетикалық
ресурстарды реттеудің уағдаласқан режимді туралы мәселесін көтерді.
Осы реттегі Тәжікстандағы 1-Сангтудин ГЭС-і, Рогун ГЭС-і мен
Қырғызстандағы 1,2 Қамбарата ГЭС-терінің құрылысын бірлесіп жүргізу
бойынша ЕвпАзЭқ мемлекеттерінің тиістісі органдарының жұмыстарын
белсендіру маңызды мәнге ие.
Тәжікстанда 1992 жылы Ташгидропроект жобалау институты
жасақтаған техникалық жобаның негізінде 1 Санттудин ГЭС құрылысын
салу басталды. Аталмыш гидроэлектростанцияның төрт агрегатын іске
қосар болса оның жобалық қуаты 67-МВт-ны құрайды. Және жоба
барысында инвестициялық салымдардың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік
беретін оның әрқайсысының қуаты 335 МВт болатын екі гидроагрегаттан
тұратын қосу мүмкіндігі көзделген.
Амудария мен Сырдария өзендері бассейндеріндегі аяқталмай
қалған басқа гидроэнергетика нысандарынан ерекшелігі, 1- Сангтудин
ГЭС құрылысы Амудария бассейндегі мемлекеттері тарапынан су-
ирригациялық режимді өзгертүдің мақұлдауын талап етпейді, өйтені
станция жобасы бойынша көпжылдық реттелген су қоймасын құру
көзделмеген.
1-Сангтудин ГЭС-ін қатарға қосу Тәжікстан Республикасының
кәсіпорындары мен тұрғындарының қыс айларындағы электроэнергиялық
маусымдық тапшылығын толық өтеуге, ал жаз айларында Қазақстан мен
Ресей тұтынушыларына 1 млрд. кВтс-қа дейінарзан электр энергиясын
беруді жүзеге асыруға мумкіндік береді.
ЕврАзЭқ мемлекеттерінің интеграциялық органдары тарапынан 1-
Сангтудин ГЭС құрылысын бірлесіп жүргізу мәселесін шешу бойынша
соған сәйкес шаралар қабылданған, оның ішінде атлмыш жобаны
аяқтауға инвестиция тарту бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілді.
Мәселен, 2004 жылдың сәуірінде РАҚ Ресей ЕЭЖ-і бұл жобаның нақты
мерзімде коммерциялық ақтайтындығы мүмкіндігін көрсеткен алдын –ала
ТЭО инвестиция дайындады. Аталмыш ТЭО негізінде Ресей Федерациясы
мен Тәжікстан Республикасы үкіметтері арасында 2004 жылдың 16
қазанында Ресей Федерациясының 1-Сангтудин ГЭС құрылысындағы үлестік
қатысуының тәртібі мен шарттары туралы Уағдаластыққа қол қойылды.
Сонымен қатар бұл жобаға басқа да қатысушылардың мүмкіндігі
көзделген (Қазақстан, Иран). Бір мезгілде соның шеңберінде 3600 мВт
қуаттығы Рогун ГЭС-інің құрылысын аяқтау мен 13млрд кВтс электр
энергиясын өндіру жобаларын жүзеге асыру көзделіп отырған Тәжікстан
Республикасының Үкіметі мен ААҚ Русский Алюминий арасындағы ұзақ
мерзімдік ынтымақтастыққа қол қойылды. Осы ретте Қырғаз
Республикасының Үкіметі мен ААҚ РАҚ Ресей ЕЭЖ арасында 1,2
Қамбраты ГЭС-терін салу жөнінде де нақты келісімдер бар.
Сонымен қатар Қоғамдастық елдерінің ортақ энергетикалық
рыногының қызмет атқаруына негіз салынуда. 2003 жылдан бастап Қырғызтан
мен Өзбекстан желілері арқылы Ресейге транзиттеу жүзеге асырылуда.
Және мұнымен Қазақстан мен Өзбекстанның сол маусымдағы иригациялық
сұранымдарының қанағаттануы қамтамасыз етіледі. Осындай кешенді шешім
бұдан да күрделі – ЕврАзЭқ мемлекеттері аймағындағы өзен
бассейндеріндегі су –энергетикалық режимді барлық елдердің мүдде
баланстарын қамтамасыз ету арқылы ортақ реттеу орнатады. Міне,
қазіргі уақытта жасақталып жатқан Сырдария мен Амудария өзендері
бассейніндегі гидроэнергетикалық ресурстарды игеруге және осы
ресурстарды игеру нәтижесінде аймақтың су – энергетикалык режимін
ретеу тетіктеріне мемлекеттердің қатысуы туралы Уағдаластық, осындай
мақсатты көздеп отыр. Электроэнергетика саласындағы ЕврАзЭқ
мемлекеттерінің интеграциялық өзара әрекеттесуін тереңдетудегі аталып
отырған оңды үрдістер осы елдердің энергетикалықсектор саласындағы
бірізді саясатын жүргізудегі маңызды фактор болғандығы сөзсіз.
Алайда аталмыш саладағы қалыптасып оытрған жағдайда жүргізілген
сараптау интеграциялық процестерді дамыту мен қабылданып отырған
шешімдердің бірізділігінің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп отырған электроэнергия ағымын
кедендік бақылау тәртібі қатар режимдегі энергожүйелердің тиімді
қызмет атқаруына септігін тигізбейді. Қазақстанда ретеуші қуаттарды
жариялау жүзеге асырылады, ал бұл өз кезегінде ЕврАзЭқ
мемлекеттерімен энергетикалық ынтымақтастықтың дамуындағы және осы
елдердің энергожүйелерінің қатар режимде қызмет атқаруындағы келеңсіз
фактор болып табылады.
Тарифтік саясат саласында ЕврАзЭқ мемлекеттерінің тиісті
органдары тарпынан әлі де электроэнегияны транзиттеудегі тарифтерді
есептеуде ортақ қадамдар жасалмаған, ал ортақ тарифтік
әдістеменің жоқтығы белгілі бір дәрежеде Қоғамдастық елдерінің
транзиттік мүмкіндіктерінің дамуына тосқауыл болады.
Әрине, электроэнергияны транзиттеу тарифының ішкі мемлекеттік
жеткізу бойынша беру тарифі тәрізді қолайлы болуы тиістігі анық,
және олардың есебі келісуші Тараптар үшін айқын болуы тиіс. Оның
үстіне бұл принциптер аса маңызды халықаралық келісімдердің
негізгі ережелеріне, яғни 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Европалық
Хартиясына және 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық Хартия
Келісіміне сай болар еді, ал оларға сәйкес мемлекет
энергоресурстарды транзиттеу саласында келісілген тарифтік саясатты
жүргізуі, келісуші Тараптардың барлығы үшін шеттетусіз және теңдей
жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі уақытта қазақстандық электроэнергияны Ресейдің ішкі
рыногына өткізу күрделі мәселе болып табылады. Өйткені Қазақстанның
электроэнергетикалық компаниялары Ресейдің электр энергиясы мен
қуаттарының Федералдық көтерме рыногына (ФОРЭМ) мүше болмағандықтан ,
олардың ресейлік рынокта энергоресурстарды еркін сату-өткізу
мүмкіндіктері жоқ.
Қоғамдастық елдеріндегі энергоресустардың ортақ рыногын
қалыптастыру, оның орнығуы мен дамуына сай ұйымдастырушылық-құқықтық
тетіктерді жасақтауды талап етеді. Және сосы орайда, ЕврАзЭқ
мемлекеттерінің кедендік, салықтық, тарифтік саясатының келісілген
принциптерін қалыптастыру. Сонымен бірге ЕврАзЭқ мемлекеттерінің
ортақ энергетикалық рыногын қалыптастырудағы Қоғамдастық елдерінің
мұнай –газ кешені саласындағы интеграциялық ынтымақтастықтарын дамыту
маңызды фактор болып табылады, ал оның дамуы әсіресе Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін маңызды. Яғни мұнда,
мәселен мынадай:
а)қолдағы бар транзиттік қуатқа енудің негізгі өлшемдері мен
принциптерін қалыптастыру;
в) энергия көздерін тасымалдау үшін құрылыстарды салу мен
реконструкциялауда келісілген саясат жүргізу;
б) бестіктің транзиттік иүмкіндігін тиімді пайдалану
тәрізді негізгі мәселелер шешімін табуы тиіс. Мұнай өндіру ұлғамын
көбейту тасымалдау бағыттарын дамытуды қажет ететіндігі сөзсіз.
Сондықтан да Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық ведомстволары
тарапынан қазіргі қолдағы бар экспорттық бағыттарды дамыту
бойынша, және сонымен қатар болашағы бар экспорттық мұнай
желілері жобаларын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар
жургізілініп отыр. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
үкіметтерінің арасында мұнайды транзиттеу туралы ұзақ мерзімдік
уағдаластыққа қол қойылған. Осы орайда қазақстандық мұнайды
тасымалдаудың негізгі бағыты онымен 2003 жылы 14,2 млн. тонна
мұнай экспортталған Атырау-Самара мұнай құбыры болып табылады.
Ресейлік тараппен қол қойылған хаттамаға сәйкес, аталмыш аталмыш
мұнай құбырымен 2004жылы мұнай тасымалдау 17 млн. тоннаны құрайтын
болады.
Қазақстандық және ресейлік мұнайды тасымалдаудың тағы бір ірі
бағыты Каспии Труба желісі Консорциумы (КТК)болып табылады. 2003
жылы осы мұнай құбыры бойынша Новороссийск порты бағытына
14,7 млн. тонна мұнай шығарылды. Қазіргі күнде қазқстандық және
ресейлік тараптар осы жобаның басқа да акционерлерімен бірлесіп
аталмыш мұнай құбырының өткізу қарқынан кеңейту жобасымен жұмыс
істеуде. Екінші кезек шеңберінде 2006 жылы мұнай құбырының
қазақстандық бөлігінің қуатын жылына 32 млн. тоннаға дейін
жеткізу жоспарланып отыр. Өз акционерлерінің жоспарларын ескере
отырып, КТК құбырының жалпы мұнай өткізу қуатын 67 млн. тоннаға
дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Газ ресурстарын транзиттеудегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде
Қоғамдастық елдері тарапынан газ құбырлары жүйелерін реконструкциялау
бойынша шараларды қабылдау бағдарламасын іске асыруға кірісті.
Аталмыш бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2001-2003 жылдары
жалпы ұзақтығы 84,2 км. САЦ-2 және САЦ-4 газ құбырлары жүйесі
салынды, және осының нәтижесінде САЦ жүйесінің жалпы өткізу
қабілеті жылына 31 млрд. куб. м газдан 54,2 млрд. куб. м-ге дейін
ұлғайды. 2001-2003 ж.ж. және 2004 жылдың алғашқы 6 айында
магистралды газ құбырларының 327 км учаскесі салынды және қайта
қалпына келтірілді.
Осы ретте ЕврАзЭқ елдерінің ортақ газ рыногын қалыптастыруда
ресейлік-қазақстандық бірлескен КазРосГаз кәсіпорнының құрылуы аса
маңызды , және оның негізгі қызметтері мынадай:
- табиғи газды тасымалдауды қамтамасыз ету;
- ішкі және сыртқы рынокта газды сату-өткізу;
- таяу алыс шетелдерге Қазақстан Республикасы мен ресей
Федерациясының территориялары арқылы газ тасымалдаудың бірлескен жобаларын
жүзеге асыру барысында оператор қызметін атқару;
Осы орайда айта кетер болсақ,2002 жылы ЖАҚ ҚазГосГаз 1,375
млрд.шикі газ және 1,236 млрд.құрғақ газ өткізген болса, 2003
жылы 1,9млрд.және 1,8 млрд.өткізді.
Қазіргі уақытта шикі газ Карачаганак Петролеум Оперейтинг
компаниясынан сатып алынады, ал газды өңдеу Орендурггазпромның (Орынбор
газ өңдеу заводы) күшімен іске асырылады. Тазартылған құрғақ газды сату-
өткізуді Каз Транс Газ Дистрибьюшн, Газпром, Зарубежгаз Менеджмент
және Карачаганак Петролеум Операйтенг компаниялары жүзеге асырады.
Бұдан Қазақстан мен Ресей үкіметтері тарапынан мұнай
газ кешені салаларындағы интеграциялық өзара әрекеттесулі тереңдете
түсу, транзитті мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, мұнай газ
ресурстарыын әлемдік рынокқа жеткізудің экспорттық мүмкіндіктерін
кеңейте түсу бойынша белсенді саясатты жүргізіп отырғандығын
көруге болады.
Алайда аталған бағыттарды іске асыру бірқатар роблемалармен
тежелуде, және оның ішіндегі ең бастысы - мұнай- газ ресурстарын
транзиттеу тарифтерін қалыптастырудағы келіспеушілік болып табылады.
Яғни, ЕврАзЭқ мемлекеттері тараптарынан мұнай – газ ресурстарын
транзиттеу тарифтерін қалыптастыру бойынша әлі де ортақ қадамдар
жасақталмаған.
Мәселен, қазақстандық мұнай экспорттаушылар үшін транзиттік
тарифтер ресейлік мұнай компанияларының тарифтерімен салыстырғанда
екі еселен артық, ал белорус тарифтері ресейлік те, қазақстандық
экспортерлер үшін де бірдей. Украина мен Қазақстанның трубажелі
компаниялары да тарифтердің осындай теңдейлігін ұстанады.
Осыған байланысты мұнай – газ ресурстарын транзиттеудегі тарифтер
келісіміне қол жеткізу ЕврАзЭқ мемлекеттерінің энергетика саласындағы
интеграциялық ынтымақтастықтарын дамытудағы негізгі бағыттарының бірі
болуы тиіс.
Ресей мен Қазақстанның энергетикалық ведомстволарының транзитті
мүмкіндіктерді рационалды пайдалану мәселелері бойынша әрекеттерінің
келіспеушілігі бестік елдерінің мұнай – газ салаларындағы
интеграциялық өзара әрекеттесулеріндегі тағы бір шешімін таппаған
мәселе болып табылады.
Демек, ЕврАзЭқ мемлекеттерінің негізгі құжаттарында күн
тәртібіне қойылған Біртұтас энергетикалық кеңістікті болашақта
қалыптастыру міндеті бестік елдерінің ортақ мұнай - газ рыногының
қызмет атқаруының құқықтық тетіктерін жасақтауды талап етеді. Және,
ұйым мемлекеттерінің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мен
оны одан ары дамыту осындағы басым бағыт болуы тиіс.
Осы ретте энергоресурстар рыногының ғаламдануы мен жнергия
көздерін сатудың өсе түсіп отырған жағдайында мұнай-газ транзиттеу
мәселесі одан сайын өзекті мәнге ие болып отырғандығын айта кету
керек. Энергоресурстардың транзитті ағымына әсер етіп отырған
проблемалар мүмкін болатын бірқатар тәуеклдердің айтарлықтай көзі
болып табылады, және бұл әсіресе энергоресурстарды эксполрттауда
көптеген мелекеттердің территориялары арқылы өтетін транзитті
жеткізумен байланысты елдер үшін айрықша проблемаларды тудыратындығы
хақ. Сондықтан да осыған сәйкес нормативті – құқықтық базаны құру
Қоғамдастық елдерінің энергетикалық ынтымақтастарының даму
мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.
ЕврАзЭқ мемлекеттерінің Біртұтас экономикалық кеңістігін орнауы
айтарлықтай дәрежеде оның басты мақсаты тұтынушылардың сұранымдарын
арзан энергоресурстармен қанағаттандыру, оларды үшінші елдерге
экспорттық жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту болып табылатын ортақ
энергетикалық рыноктың қалыптасуына байланыстыекндігі анық.
Қоғамдастық елдерінің электроэнергетикалық жүйелерінің өзара
әрекеттесулерін тереңдете түсу, олардың транзиттік мүмкіндіктерін
тиімді пайдалану, энергоресустарды ЕврАзЭқ-тің ішкі және сыртқы
рыноктарына жеткізудегі келісілген экспорттық саясатты жүргізу,
Қоғамдастық шеңберінде энергоресустарды тасымалдау жүйелерін дамыту
осындағы басым бағыттар болуы тиіс.
ЕврАзЭқ мемлекеттерінің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру
жобасы - бұл, ең біріншіден, олардың экономикалық қауіпсіздіктерін
қамтамасыз етудегі маңызды факторға айналып келе жатқан Қоғамдастық
елдерінің энергия көздерінің ортақ рыногын қалыптастыру жобасы
болып табылады.
Өзінің стратегиялық мақсатын белгілей отырып, ЕврАзЭқ осылайша
әлемдік экономикаға және халықаралық сауда жүйесіне ірі аймақтық
ұйым ретінде интеграциялануды көздеуде. Ал бұл бүгінгі күндегі
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) шеңберінде жасақталып жатқан
өзарәрекеттесудің халықаралық ережелерін ескерген жағдайда ғана
мүмкін болады. ЕврАзЭқ елдерінің дүниежүзілік сауда клубына кіруі
қалай өтуде?
ЕврАзЭқ елдері ДСҰ-ға кіру жолында.
ДСҰ – бұл оның мүшелігі әлемнің 147 мемлекеттерін қамтитын сауда
саласындағы жетекші халықаралық ұйым. 1994 жылдың 8 желтоқсанында
құрылған ДСҰ, өзінің қызметін 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастсды. ДСҰ
- тек жай ұйым ғана емес , тауарлар мен қызмет көрсетудің
халықаралық сауда сферасындағы үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін
анықтайтын көпжақты келісім десе де болады.ДСҰ-ның басты міндеті
тауарлардың бір елден екінші елге бөгетсіз енуін және дотациялық
сфераларға, оның ішінде ауыл шаруашылығына қатынастағы мемлекеттің
протекционистік саясатын азайтудан көрініс табатын халықаралық
сауданы либерализациялау болып табылатындықтан, дүниежүзілік сауда
клубының қатарына өту әртүрлі мемлекеттердегі ең дәрменсіз
салалардың өкілдері тарапынан күшті қарсылыққа ұшырауы таң
қалдырмайды.
ЕврАзЭқ елдері үшін сауалдың осылай қойылуы бірқатар себептерге
байланысты ерекше өзекті.
Ең біріншіден, ұйым елдерінен шығатын экспорттық тауарлардың 80%-
нан астамы қоғамдастықтан тыс жерлерде пайдаланылады, оның үстіне
ДСҰ-ның мүшелері ЕО, Қытай, АҚШ басты сауда әріптестер болып
табылады. ЕврАзЭқ мемлекеттері, тіпті шикізат өңдеудің бастапқы
сатыларындағы тауарлар үшін өзінің негізгі сауда әріптестерінің
рыноктарына кіруде шектеу проблемасымен қазіргі жағдайда іс
жүзіндегі тең құқықсыз, әріптестік мәселесі туындайды.
Одан кейін, аймақтық дірлестіктер үшін дүниежүзілік сауда
ұйымының қатарына өту шартының ерекшеліктері бар. ДСҰ-ның тәртібі
бойынша, егер ДСҰ-ға мүше ел Кедендік одақ құратын болса, онда
бүкіл одақ немесе оның атынан бір ел ДСҰ-ға кіруі тиіс. 1998
жылы Қырғызстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін, ЕврАзЭқ-тің басқа елдері
осы болған жайтты назарларында ұстауға мәжбүр. Алайда, ДСҰ
тәртібінің оған кірген елдің, қандайда бір нақты кақыт аралығында,
осы ұйымға мүше емес басқа елдермен өзінің екіжақты қатынастарын
сақтап қалуын жалғастыруын терістемейтіндігін де айта кету қажет.
Қырғыстан бір мезгілде ЕврАзЭқ шеңберінде де өзінің сауда саясатын
құруды жалғастырып отыр.
ДСҰ-ға кіру практикасының өзі сондай, бұл ұйымға үміткер-
елдердің кіруі үшін біртұтас қабылданған ортақ шарттар жоқ. Әрбір
кейін қосылған елдер үшін кіру шарты, осыған дейін аталмыш ұйымға
кірген мемлекеттерден гөрі қатаң болуы мүмкін, өйткені ДСҰ-да
прецедент практикасы орныққан. Сондықтан да, прагматикалық ойларды
басшылыққа ала отырып , әрбір ел өзінің аталмыш ұйымдағы мүшелігін
тез рәсімдеуге талпынады. Дегенмен, қысқа мерзімдік мүдделерді
ескерер болсақ, аймақтық бірлестіктің - бұл жерде ЕврАзЭқ – ортақ
рыногының артықшылығы, елдердің жекелеген рыноктарының
артықшылықтарымен салыстыруға келмейтіндіктен, мұндай біржақты қадам
барлық сұрақты шеше алмайды.
Сыртқы экономикалық қызмет мәселелеріндегі дербестік пен
тәуелсіздікке қарамастан, қоғамдастық елдеріне өздерінің осы ұйымға
кіру шараларын бірегейлендіру мен аталмыш мәселедегі өз саясаттарын
уйлестіргендері дұрыс. Егер олар ДСҰ-ға әртүрлі позициямен қосылған
жағдайда,бұл мемлекеттердің бір-бірінен кедендік тосқауылдардың бөлінуіне
алып келеді, онда кедендік одақ тұралы да, біртұтас экономикалық кеңістік
тұралы да ұмытуға болады, өйткені кедендік одақтың негізгі принципі осынау
кедендік бөгеттерді алып тастаудан, тарифтік және тарифсіз реттеуден
тұрады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz