Мекемелер кірісі мен табысы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ МЕКЕМЕЛЕР КІРІСІ МЕН ТАБЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ТҮСІНІГІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. 1.: 1. 1.
Мекеме табысы мен кірістерінің экономикалық мәні: Мекеме табысы мен кірістерінің экономикалық мәні
1. 1.: 1. 2.
Мекеме табысы мен кірістерінің экономикалық мәні:

Кіріс пен табыстың мекеме қызметіндегі

рөлі және функциялары

1. 1.: 1. 3.
Мекеме табысы мен кірістерінің экономикалық мәні:

Мекеме кірісі мен табысының қалыптасуы

және орналастырылуы

ІІ БӨЛІМ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ КІРІСІ МЕН ТАБЫСЫН ТАЛДАУ, АҚ «ҚАЗПОЧТА» МЕКЕМЕ МЫСАЛЫНДА

2. 1. Мекеменің қаржылық нәтижелерін талдау

2. 2. Мекеменің табыстылығының көрсеткіштері

2. 3. Мекеме табысы мен кірісін жоспарлау әдістемесі

2. 4. Қаржылық тәуекелдердің мекеме табысы мен кірісіне әсері

2. 5 Мекеменің қаржылық жағдайының сипаттамасы («Қазпочта» акционерлік

қоғамының мысалында»)

2. 6 «Қазпочта» акционерлік қоғам кірістер мен табыстарын басқару механизмін талдау

2. 8 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

ІІІ БӨЛІМ Мекеме табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері

3. 1. Кіріс пен табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

3. 2.: 3. 2.
Мекемелердің табысы мен кірістерін арттыру жолдары: Мекемелердің табысы мен кірістерін арттыру жолдары
:

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайларында мекеменің қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан мекемелерді басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Бәсекелестік ортада мекеменің қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті мекеменің өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Табыс пен кірістің мекеме қызметіндегі атқаратын рөлі үлкен, ол мекеменің мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай мекеме кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс пен кіріс мекеменің ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

Мекеменің өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын мекемелер табыс пен кіріс қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында мекеме кірісі мен табыс қызметіндегі рөлі мен оны арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:

  • мекеме табысы мен кірісінің экономикалық негіздерін қарастыру;
  • мекеме табысы мен кірісіне талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
  • мекемелердегі табыс пен кірістің артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.

Зерттеу объектісі ретінде мекеменің өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.

Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мекеменің табысы мен кірістеріне жалпы ұғымына және оның мекеме қызметіндегі рөлі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.

Екінші тарау барысында мекемелердің кіріс пен табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады, АҚ „Қазпочта” мысалында. Сонымен қатар, мекеме табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады, мекеме мысалында кіріс пен табыс нәтижелері зерттеледі.

Үшінші тарауда қазіргі таңдағы мекемелердің кірістері мен табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.

Дипломдық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

І БӨЛІМ МЕКЕМЕЛЕР КІРІСІ МЕН ТАБЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ТҮСІНІГІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. 1.: 1. 1.
Мекеме табысы мен кірістерінің экономикалық мәні: Мекеме табысы мен кірістерінің экономикалық мәні

Мекеме кірісі мен табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл мекеменің есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы мекеменің өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

Біз білетіндей, мекеме табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған табыс;
  • өзге де табыстар.

Негізі қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.

Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.

Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді.

  1. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек мекеме әлі табыс алған жоқ. Бұл мәселе мекеменің өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
  2. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда мекеменің балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда мекеменің өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
  3. Мекеме өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда мекеме ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
  4. Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы - бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген мекеме банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай мекеме өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде мекеменің өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
  5. Мекеменің мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда мекеменің табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
  6. Мекеме нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, мекеме қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында мекеме зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
  7. Мекеменің біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы «гудвилл» немесе «фирманың құны» деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни мекемелерді бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.

Кіріс және табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі - тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі - капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады.

Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:

  1. салықтарды есептеу үшін;
  2. кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
  3. тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.

Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.

Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, «табыс» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері мекеменің пайдасын арттырады.

Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «табыс» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Табыс дегеніміз - қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді».

Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай дейді:»Табыстар - бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады».

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай мекеменің дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың мекеме қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі рөлі маңызды болып табылады.

Шаруашылық субъектісінің кірісі мен табысы- деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 «Кіріс пен табыс» - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мекеме табыстары мен кірістеріне:

  • дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
  • қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
  • дивиденттер, ролятилер және пайыз (процент) түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.

Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:

  • алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;
  • алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.

Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған табыстар;
  • негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.

Субъектінің негізгі қызметтен алынған кірісі мен табысы мен негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған кірісі мен табысының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.

Шаруашылық субъектісінің кірісі мен табысы мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:

  • табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
  • субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;
  • субъекті сатып алынған меншік құқығын берген жағдайда;
  • мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.

Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын кірісі мен табысы - деп мекемедер мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан кірісі мен табысы саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын кірісі мен табысының есебі 6010 «Негізгі қызметтен түскен табыс» - деп аталатын жұмыс жоспарының бөлімше шоттарында жүргізіледі

Мекемедер мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен кірісі мен табысы - деп субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды (қызметтерді) орындауы (атқаруы) барысында тапқан кірісі мен табысын айтады. Шаруашылық субъектісінің бұндай қызметтерді атқаруы, жұмыстарды орындауы барысында алған кірісі мен табысы 6210 «Негізгі емес қызметінен түскен табыс» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.

Нарықтық экономика шарты бойынша мекеменің экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Мекеменің табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші- бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде "табыс" ұғымы келесі мағынада анықталады: Табыс-бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі.

Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:

  • Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс;
  • Жалпы табыс;
  • Қаржыландырудан түскен кірістер;
  • өзге кірістер;
  • негізгі емес қызметтен алынатын табыс;
  • салық салынғанға дейінгі табыс;
  • салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;
  • төтенше жағдайлардан болатын табыстар;
  • мекеме қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс.

Табыс жалпы алғанда тірі және затқа айналған еңбек шығындарының өнімділігін, шаруашылықтың нәтижелерін көрсетеді. Кейбір экономистер оны экономикалық тиімділік көрсеткішіне басқа экономистер мекеме жұмысы тиімділігіне жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша бірінші айтылған сөздер дұрыс.

Қазіргі нарықтық заманға сай табыстың маңызы өте зор. Табыс: не өндіреміз, кімге және қалай өндіреміз деген үш түбірлі бір бірімен тығыз байланысты мәселелерді шешуді анықтайды.

Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген мекеме қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі мекеменің шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізеді. Әр мекеме ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамасыз етеді.

Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігін жоғарылауын және өзіндік құнынның төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек. Табысты бөлу механизмі белсенді орныды алуы тиіс және өндірістің дамуын, тиімділігінің жоғарылауына ынталандырушы фактор қызметін атқарады.

1. 2.: 1. 2.
Кіріс пен табыстың мекеме қызметіндегі рөлі және функциялары: Кіріс пен табыстың мекеме қызметіндегі рөлі және функциялары

Нарықтық жағдайларды кіріс пен табыстың рөлі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген мекеменің мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс мекеменің қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген мекеменің қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика мекеменің негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және мекеменің өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр мекеме өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.

Нарықтық экономикада мекеме табысының рөлі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде кіріс пен табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

Біріншіден, кіріс пен табыс мекеме қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, мекеменің табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш мекеме иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі мекемеге кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (мекеме иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері мекеменің өзіне байланысты болса, кейбіреулері мекеменің қолынан келмейтін шаралар болып табылады.

Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Мекемелердің қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «мекемелердің басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.

Кіріс пен табыс - меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, мекеме қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, мекеменің даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

Тағы да айта кететін жағдай - табыс мекеме жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін мекеме қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Үшіншіден, мекеме кірістері мен табысы мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

Сонымен, мекеменің табысы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары мекемелердің мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:

  • акционерлік меншікті арттыру;
  • табысты арттыру;
  • басқарушылық сыйақыларды арттыру;
  • әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты - мекеме акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни мекемелер өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Мекеменің басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.

Мекеме мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру - ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі мекеме иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі.

Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржылық жүйесінде ғана (амортизациялық аударымдар жарнасы, қаржылық жазалау шаралары, салық салу акциздер, жол ақысы, дивиденттер, өсім ақы, салымдар, пай жарнасы, қаржы салымдары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздардың құндылығы, тағы басқа) .

Нақты табыс көлемі мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің (кіріс және шығыс туралы есеп беру) тиімділігі емес, экономикалық тиімділік көрсеткішіне жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттің кірісі мен шығысының экономикалық талдауы
Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Бюджет кодексінің атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау
Бюджет табыстарының есебі
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
Қазынашылық басқармасының ашылуы
Бюджеттің балансы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz