Валюта – дербес экономикалық категория ретінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе . . . 3

І Валюта - дербес экономикалық категория ретінде . . . 5

  1. Валюта туралы жалпы түсінік. Валюта бағамы . . . 5
  2. Еркін және тағайындалатын валюта бағамдары

кезіндегі ақша саясаты . . . 13

  1. Атаулы және нақты бағам . . . 15
  2. Тағайындалатын және еркін айналымдағы бағам

режиміндегі салыстырмалы тиімділік . . . 17

ІІ Қазақстан Республикасының Валюта бағамы. Төлем балансы . . . 19

2. 1 Қазақстандағы төлем балансы . . . 19

2. 2 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі . . . 26

2. 3 Қазақстан Республикасының валюта нарығы . . . 28

Қорытынды . . . 34

Графиктер . . . 36

Қолданылған әдебиеттер . . . 40

Кіріспе

Мен бұл тақырыпты таңдауымның себебі - Қазақстан Республикасының нарыққа өтуіне байланысты, Қазақстан егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды.

Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің арақатынасы, яғни, басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп аталады.

Мақсаты: Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие-қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы шетел валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе-күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы шетелден сатып алған тауарларға төлеу үшін шетел валютасын сатып алады.

Валюта бағамы қайта есептеу кооэфициенті емес, ол шетел валютасымен немесе халықаралық валюталық өлшемдермен көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің «бағасы». Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Валюта бағамын қалыптастырудың негізі не? Тауардың бағасы оның құны негізінде құралатыны сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.

Валюта бағамының қалыптасуы - көп факторлы процесс. Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мысалы,

  • инфляция
  • процент мөлшерінің деңгейі
  • бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі
  • төлем балансының жағдайы

Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының өсуі, негізінде, халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта-экономикалық және экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады.

Бірінші тарауда, қамтылатын мәселелердің бірі бұл - валюта туралы түсінік, яғни, Қазақстан Республикасындағы валюта нарығы, Қазақстан Республикасындағы валюта жүйесі және валюта бағамына жалпы түсініктеме. Қазақстан Республикасындағы Валюта бағамы туралы тоқталардың алдында, Валюта туралы тоқталғанды жөн көрдім. Валюта туралы егжей-тегжей түсініп, валюта бағамына тоқталамыз.

Екінші тарауда, қамтылатын мәселелердің бірі - Қазақстан Республикасындағы валюта бағамы, еркін және тағайындалатын валюта бағамдары, атаулы және нақты бағам, тағайындалатын және еркін айналымдағы бағам режиміндегі салыстырмалы тиімділік.

Бұл тарауда Қазақстан Республикасының валюта бағамының сауда жағдайы, бағаның салыстырмалы өзгеруі, салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі, алыпсатарлығы қарастырылған.

І Валюта - дербес экономикалық категория ретінде

1. 1 Валюта туралы жалпы түсінік. Валюта Бағамы.

«Валюта» деген терминді екі мағынада қолдануға болады.

Біріншіден, елдің ақша бірлігі - оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі деп. Екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде мұнда олардың несие және төлем құралдары көрінісін алады. Ал жалпы түсінікке келсек, валюта халықаралық төлем-есеп айыру айналымындағы ұлттық ақшаны пайдаланудың ерекше әдісі болып табылады. Валюта қатынастары деп ұлттық ақша бірлігін халықаралық есептесуде қолданғанда пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтықтары аталады.

Қандай ел болмасын, ол басқа елдермен есептескенде, шетел валютасын қолданыды. Сондықтан шетел тауарлары мен қызметтерін өтеу қажетті валюта айырбасы мәселесін тудырады. Валюталар сыртқы валюта нарықтарында сатылады. Осы сатылымдар әлемдік қаржы нарығынында сатылады. Осы сатылымдар әлемдік қаржы нарығның елеулі бөлігін құрайды. Мемлекет валюта қатынастарын Орталық (Ұлттық) банк арқылы реттеп отырады. Бірақ валюта нарығы - децентрацияланған (бір орталыққа бағынбайтын) нарық болып табылады. Бұнда Орталық банктен басқа көптеген мекемелер мен делдалдар әрекет етеді. Қаржы нарығының аса ірі орталықтары Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Токио, Мәскеу қалалыры. Валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс орналасады, тауар нарығында әрекет ететін заңдылықтар осы нарыққа да тән болады.

Сыртқы валюта нарығының институттарына Орталық банк, ірі коммерциялық банкттер, банктік емес дилер мен брокерлер жатады. Коммерциялық банктер валютамен жасалатын сатып алу-сату операцияларының ірі мүшесі болып табылады. Дилер ретінде бұлар «валютаның деңгейін» қолдайды, яғни, олардың қарамағында корреспонденттенген банктардағы ұлттық ақша салымы болады. Бұл банктерге пайда болатын (сатушы бағасымен) сатудың арқасында түсетін пайда мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктер жеке фирмалардың шетел валютасын сатып алу-сату туралы тапсырмасын орындап, брокерлер рөлін атқаруы мүмкін. Валюта нарығы өте үлкен нарық, сондықтан осы нарықта банктік емес дилерлік және брокерлік фирмаларда әрекеттерін жүргізе алады. Экономикасының жағдайы төмен және демократиялық жүйлер дамымаған елдерде «қара» валюталық нарықта әрекет ететін, тіркеуден өтпеген келісімдердің делдалдары мен мүшелерінің саны өте көп болады. /5/

Валюта нарығында есеп айырысу қолма-қол ақша арқылы және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Біріншіден валюта немесе жол шегі қолданылады. Қолма-қол ақша айналымы қаржы операцияларыныңөте аз шамасын құрады. Жол шегі валюталық аккредитивтернің бір түрі болып табылады. Демек, (Американ Экспресс» компаниясының кең тараған жол шегін, белгілі бір дисконт бойынша, шетелде коммерциялық банкте қолма-қол валютаға айырбастап алуға болады, немесе, ірі қонақ үйлерде, ресторанда, әмбебап дүкенде, сауда ортағында есеп айырсуға болады.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді коммерциялық банктер телеграф арқылы немесе аударылатын вексель арқылы орындайды. Осы вексельдер кейін, белгіленген мерзімде төленуі мүмкін жіне ел ішіндегі айналымда жүретін қарапайым вексель түрінде айналуы мүмкін.

Экспортерлер мен импортерлердің шығындары ұлттық валютада белгіленгенеді, бірақ сатушыға өз елінің ұлттық валютасы қажет. Бұны алу үшін ол шетел валютасын өз елінің валютасына сатады. /3/

Валюта бағамы.

Экономикадағы төлем балансында көрінетін өзгерістер тұбінде келіп валютағ курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан писсивтік білдірмей, белсенді түрде экономикадағы процестерге әсер етеді. Мемлекеттің валюта нарығын реттеу саясатын оның экономика процестеріне қатысуының әр түрлі дәрежесімен сипатталады. Осыған байланысты валюта нарығын және курсын ұйымдастырудың қарама-қарсы екі жүйесі болады:

  • валютаның айырбастау курсы сұраныс және ұсыныспен белгіленген жағдайдағы валюта курсының жұмсақ немесе еркін жүзу жүйесі. Шұғыл өзгерістер болып қал, анда, мемлекет курсты жанама реттеу арқылы қолдап отырады;
  • қатал белгіленген валюта курстарының жүйесі. Осы жағдайда сұраныс және ұсыныс өзгерістерінің нәтижесінде курстың ауытқуы болмайды. Бұл жағдай валюталық және басқа нарықтардың қызметтеріне мемлекеттік кірісудің күшті болуымен қамтамасыз етіледі.

Валюта бағамы қайта есептеу коофициенті емес, ол шетел валютасымен немесе халықаралық валюталық өлшемдермен көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің «бағасы». Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Валюта бағамын қалыптастырудың негізі не? Тауардың бағасы оның құны негізінде құралатыны сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.

Валюта курсымен осы екі қарама қарсы жүйелерінен басқа көптеген аралық жүйелерде болады. Демек, экономистердің көбінің тұжырымдалуы бойынша, бүгінгі АҚШ-та еркін жүзетін, қатал белгіленген курстар жоқ онда «басқарылған жүзу» жүйесі қолданылады. Осы жүйе доллардың маңайына басқа валюталардың жүзуіне, егер осы «жүзу» АҚШ экономикасына жағымды болса, жол береді.

Валюта курсы ұзақ мерзімде паритетпен белгіленуге тиісті. Паритет, өз кезегімен, елдегі еңбек өнімділігінің дәрежесіне, экономикалық өсудің қарқыны және сапасына, экономиканың құрылымына және халықаралық еңбек бөлінісіне тартылуына тәуелді болады.

Валюта курсы қысқа және орта мерзімде валюта нарығндағы сұраныс және ұсыныспен бнлгіленеді. Осы процестер төлем балансына көрсетіледі. Сондықтан, төлем балансын белгілейтін факторлар, сонымен қатар, айырбас курсына әсер етеді. Валюта нарығындағы тепе-теңдік экспорт және импорт көлемімен, капиталдың кіріс және шығысымен байланысты болады. Валюта курсын белгілейтін факторлармен танысайық.

  1. Тұтынушылардың талғамының өзгеруі тауарлар мен қызметтердің экспортын немесе импортын өсіреді. Шетел тауарларының ұнамдылығын жарнама және т. б. арқылы өсіруге болады. Импорттық тауарлардың ұнамдылығының өсуі олардың тұтынуын өсіреді. Экспорт көлемі өзгермесе, ұлттық валютаның ұсынысы, шетелдікімен салыстырғанда өседі.
  2. белсенді сауда саясаты да экспортерлер мен импортерлер жасап отырған экспорттың және импорттың және ұсыныс көлемін өзгертеді. Баж салығы және импорт квотасы енгізілгенде, тауардың сапасына және қоршаған ортаны сақтаудың қатал стандартына (күтпеген) жаңалықтар, енгізілгенде, импорт төмендейді. Бұндай шаралар әкімшілік болғандықтан халықаралық сауданың көлемін төмендетеді, жеке елдерге дискритиминация тудырады. Сондықтан валюта нарығын тұрақтандыру мақсатымен осындай саясатты қолдану негативтік нәтижелер тудырады.
  3. импорттық тауарларға сұраныстың икемділігі. Импорттық тауарларға икемді сұраныс, валютаға нарығындағы доллардың санын көбейтеді. Импорттық тауарларға икемді емес сұраныс, сатылған тауарлар айырбасынан нарыққы түсетін доллардың санын азайтады.
  4. табыстағы салыстырмалы өзгерістер. Бұрыннан мәлім, тұтынушылық шығындадың көлемі ұлттық табыстың дәрежесіне тікелей туелді.
  5. инфляция. Егер бір елдегі бағаның өсу қарқыны басқа елдегі осы көрсеткіштердн артық болса, онда импорттық тауарлар арзандау болады. Бұл осы тауарларға сұранысты өсіреді, бұның нәтижесінде шетел валютасына сұраныс өсіп, ұлттық акция құнсызданады. Шетел валютасын қымбаттатытын тағы бір жағдай - ол инфляция өскен сайын адамдардың өздерінің нақты табыстарын сақтап қалуға тырысады.
  6. нақты проценттік ставканың жанама көлемі. Біз осыған дейін ағымдағы есепшот арқылы қалыптасатын, айырбас курсына әсер ететін факторларды қарастыраған болатынбыз. Ағымдағы есеп шоттың дисбалансы нәтижесінде пайда болатын валютаның сұранысы мен ұсынысының сәйкес келмеуін капиталдың клуі мен кетуі ғана жояды.
  7. белгілі айырбас курсын күту. Шаруашылық агенттерінде болашақтағы экономикалық өсу қарқыны, инфляция темпі, нақта проценттік ставка көлемі, макроэкономикалық саясаттың бағыттары туралы болжамдайды.
  8. экономиканы мемлкеттік макрореттеу. Осчыған жататындар: ресми валюта резервтерін пайдалану, сауда саясаты валюта нарығында валюталық бақылау және валюта нарығын рационалдау, қаржылық және ақша-несиелік саясат. Валюта резервтерін шебер қолдана отырып, шетел валютасының ұсынысын өсіру үшін валюта нарығында белгілі валюта курсын ұстап тұруға болады. /7/

Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға оларға сұраным азая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздеренің елінде бұл тауарларға сұраным артады.

Мемлекеттік валюта бағамдарының жүйесі икемді (құбылмалы) немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатанасы белгіленеді; екінші жағдайда мемлкетбұл ара қатынасты реттеп отырады, сөйтіп елдің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта рыногының қызметіне араласады. Бұл орайда шетелдік валюта бағамының кемуі экспорт кезінде құнның импорт кезінде өтелінетін шығасын тудырады және керісінше, бұл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт кезінде пайда болады, бұл қосымша экспортпен жабылуы тиіс. /5/

Валюта бағамдары өзгерісінің экспорт пен импорттың көлеміне әсер (шетелдік ақша өлшемдерінде - шетелдік ақша өлш. және ұлттық ақша өлшемінде - ұлт. ақша өлш. )

КӨРСЕТКІШТЕР
Бағамдар нұсқалары
1-қалыпты
2-төмендетілген
3-көтеріңкі
КӨРСЕТКІШТЕР: 1
Бағамдар нұсқалары: 2
3
4
КӨРСЕТКІШТЕР:

Бағамдардың арақатынасы (шет. ақша өлш. ұлт. ақша өлш. )

Ақшаның бастапқы сомасы (мың ұлт. өлш. )

А. Тіркелген бағамдар

Экспорт

Алынған экспорттық түсім-ақша (мың шет. ақша өлш. )

Белгіленген бағам бойынша қайта саналған экспорттық түсім-ақша (мың ұлт. ақша өлш. )

Валюталардың қалырты бағамының шарттарынан ауытқу (мың ұлт. өлш. )

Импорт

  1. Отандық импортшы үшін:

Шетелдік валютаға қайта саналған ақшаның сомасы (импорт құны, мың шет. ақша өлш. )

Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (рыноктық шарттар бйоынша мың ұлт. өлш. 1:150)

Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан ауытқу (мың. ұлт. өлш. )

  1. Шетелдік импортшы үшін:

Жеткізілім көлемі (мың. шет. өлш. )

Өткізуден алынған табыс (мың ұлт. өлш. )

Шетелдік валютаға қайта саналған өткізуден алынған табыс (мың ұлт. өлш. )

Шетелдік импортшы үшін ауытқу (мың ұлт. өлш. )

Б. Икемді бағамдар

Экспорт

Жеткізілім көлемі (мың ұлт. өлш. )

Шетел рыноктарында сату (мың ұлт. өлш. )

Еркін бағам бойынша ұлт. өлш. қайта саналған өткізуден алынған табыс (мың ұлт. өлш. )

Импорт

1. Отандақ импортшы үшін:

Валютаға қайта саналған қаражаттардың сомасы және сатып алу көлемі (мың ұлт. өлш. )

Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (мың ұлт. өлш. )

2. Шетелдік импортшы үшін:

Шетелдік өлшемдегі жеткізілім көлемі (мың ұлт. өлш. )

өткізуден алынған табыс (мың ұлт. өлш. )

Валютаға қайта саналған өткізуден алынатын түсім-ақша (мың ұлт. өлш. )

Бағамдар нұсқалары:

1:150

1

100

1500

-

66, 7

1

-

100

1500

100

-

1

66, 7

1

66, 7

1

100

1500

100

1:140

100

1400

-100

71, 4

10710

710

100

1500

107, 1

7, 1

1

71, 4

1

71, 4

1

100

1400

100

1:180

100

1600

100

62, 5

93, 75

-625

100

15000

93, 7

-6, 3

1

62, 5

1000

62, 5

1000

100

1600

100

Импорт кезінде (шетелдік импортшы үшін) шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы төмендеуі жергілікті рынокта мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді және керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағамының өсуіне байланысты рыноктың тұқыруына ұрындырады.

Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.

Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, ол, өз кезегінде, қаржы құралдары - экспорт пен импеортқа салынатын салықтар, кеден баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жайсайды. /9/

Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидаттар бұзылады әрі бұрмаланады. Бұл тұтынушыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, өскелең импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшінвалюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.

Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып табылады; бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы - бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары (экспорт пен импортқа салынатын салықтар)

Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.

Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарыны және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаттарының (яғни тауарлар мен өзге де заттардый кеден шекарасы арқылы өту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын) белгілейді.

Кеден тарифі ішкі рыноктағы шетелдік бәсекені реттейді. Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кеден аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкелінетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.

Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кеден төлемдерінің басты түрлерінің тірі кеден баждары - ұлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кеден тарифінде қарастарылған мөлшерлемелер бойынша мемлкет алатын салықтар. Отандық практикада баж салығының адвалорлық, айрықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адворлық - салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен, айрықшалықты - бөлгіленгенмөлшерде салық сал ынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне, ал құрамдастырылған мөлшерлемелер - салық салудың екі түрініңұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер. Әкелім, әкетілім, транзиттік, маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтімдік, протекционистік (қолдампаздық), пұрсаттылықты (преференцаилдық) кеден баждары болып ажыратылады. Қазақстанда импорттық (әкелімдік), маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік баждар қолданылады.

1996 жылға дейін Қазақстанда экспорттық баждар жұмыс істеді. Экспорттық кеден баждары үкімет анықтайтын тізбе бойынша тауардың жеке түрлеріне салынды. Экспорттық баждар меншік нысанына және тіркеу орнына қарамастан заңды тұлғалардан, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаратын жеке тұлғалардан, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаратын жеке тұлғалардан өндіріп алынды. Экспорттық баждарды шетелдік валютада өндіріп алынды. Экспорттық баждарды шетелдік валюталарда экспортерлер төлейді және тауарлар мен қызметтер көосетудің кеден құнына есептеледі. Бартерлік (тауар айырбасы) операциялары бойынша тауарлардың әкетілімі кезінде баждың мөлшерлемесі сақталады. Экспорттық кеден баждары көптеген мемлекеттерде қолданылады және сыртқы сауда айналымының, дүниежүзілік рыноктардағы тауарлар бағасының, олардың бәсекеге жарамдылығының шынайы реттеуіші болып қалуда және жалпы бұл рыноктардың конъюнктурасына әсер етеді.

Экспорттық кеден баждарының экономикалық мәні - абсолюттік рента. Оны шетелдік сатып алушы төлейді.

Кеден баждарының түрлері

Алу әдісі бойынша

Салық салу объектісі бойынша

Сипаты бойынша

Шығу тегі бойынша

Мөлшерлемелердің типтері бойынша

Есептеп шығару әдісі бойынша

Айрықшалықты

Импорттық

Маусымдық

Дербес

Тұрақты

Атаулы

(номиналдық)

Адвалорлық

Экспорттық

Демпингке қарсы

Конвенциялық

Ауыспалы

Тиімді

Құрамдастырылған

Транзиттік

өтемдік

Пұрсаттылықты

-

-

Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, елдің импорттық саясатын тиімді жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызметтен мемлекеттік бюджеттің кірістерін енгізілді. Импорттық кеден тарифі қарастырған кеден баждары құнына пайызбен белгіленген және теңгемен (Ұлттық банк белгілейтін теңгенің бағамы бойынша кедендік құнды қайта есептей отырып) немесе импортшының таңдауы бойынша еркін айырбасталымды валютамен төленеді.

Тауардың кедендік құны - кеден шекарасын кесіп өткен мезеттегі нақты төленген баға. Оған фактура-шотқа сәйкес тауардың бағасы, сондай-ақ фактура шотқа кірмеген нақты шығыстар қосылады.

Импорттық кеден баждарының жүйесі ұлттық өндірісті шетелдік өнім экспансиясынан қорғайды: отандық тауарлармен бәсекелесетін тауарларға жоғары импорттық баждар, жоқ немесе ел ішінде жеткіліксіз көлемде өндірілген тауарларға төмен баждар салынады. Бұл қағидат бір мезгілде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру жөніндегі мемлекеттің фискальдық мүдделерін қамтамасыз етеді. /10/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік қаржы нарығы
Ақшаның уақытша құны, экономикалық мәні
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Қаржы жүйесінің ұғымы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі тәуекелді басқару процесін талдау
Ақшаның мәні және шығу тегі
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz