Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы



Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы
Комитеттің негізгі функциялары мен құқықтары
Қазынашылықтың бүгінгі жағдайы
Арыс қалалық Қазынашылық Басқармасы
Арыс қаласының әлеуметтік.экономикалық дамуының талдамасы
2009.2011 жылдарға күтілетін нәтижелер
Кірістер саясаты
Шығындар саясаты
Қаржы активтерімен операциялар
Бюджетаралық қатынастар
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқару.
Фискалдық тәуекелдер
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан нарықтық экономикада экономикалық қатынастарды дамытудың батыстық үлгісін таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық енді ғана аяғынан тұра бастаған жас мемлекетке үлкен сынақ болды.
Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды.
Осы міндетті мәселелерді шешу мақсатында Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, елімізде қаржы жүйесіне қатысты өте маңызды «Қазақстан Республикасының Бюджеттік жүйесі» Заңы қабылданып, қолданысқа енгізілді.Осыған орай елімізде қаржы-экономикалық жағдайдың тұрақталынуына және шетелдік инвестициялардың ағылып келе бастауына байланысты, қаржы Министрлігінің құрылымдарына өзгерістер енгізу керектігі айқындалды.
Жоғарыдағы аталған құрылымдық өзгерістерге байланысты еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 1994 жылғы №1526 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылығын құру және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 20-мамыр күні шыққан №549 қаулысына орай Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне қарасты Қазынашылық бас Басқармасы құрылды. Бұл қаржылық жүйе мен бюджеттік мекемелердегі бухалтерлік есептің әдістемесі және сонымен бірге бюджеттік басқарылу функциясы берілген бюджеттің атқарудағы бірден бір ұйым. Сонымен қатар, министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мақсатты және мақсатсыз пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды тексеруге және сонда фактілерді айқындаған кезінде мақсатсыз пайдаланған қаражаттарды қайтарып алуға құзыретті болды.
Бірінші кезекте аймақтардағы қазынашылық жүйенің алғашқы құрылымдануы жасалды, Ұлттық банктің есеп-айырысу кассалары қазынашылық басқарманың аумағына шоғырландырылды. Олар бюджеттік қаражаттың түсуін және оны мемлекеттік мекемелердің шотына аударылуын қадағалап отырды. Аумақтық басқарма ҚР Ұлттық банкі мекемесінің ағымдағы шоты мен шығындарын толық есептейтін заңды тұлға болып табылды.
1995 жылы Қазынашылық әлемдік тәжірибеге сәйкестендірілген Қазақстан Республикасы бюджетінің шығындары мен кірістерінің жаңа бюджеттік классификациясын жасап шығарды. Сонымен бірге қазынашылық жүйенің қызметтік бөлігін құрылымдады.
1. Өтебаев Б.С., Мемлекеттік бюджет. – Алматы:Экономика, 2006
2. ҚР Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережелер. 2008ж 24сәуір #199 бұйрығы
3. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. –Астана, 2004
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. w.w.w. minfin.kz. Бюджет жүйесінің қалыптасуы және іске асырылуын бақылау
5. Арыс қаласының 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімдік фискалдық саясаты
6. Арыс қаласының антикризистік бағдарламасы. 2009ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы
 
Қазақстан нарықтық экономикада экономикалық қатынастарды дамытудың
батыстық үлгісін таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы,
инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық енді ғана аяғынан тұра бастаған жас
мемлекетке үлкен сынақ болды.
Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын
бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде
экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын
реформалау қажеттіліктері туды.
Осы міндетті мәселелерді шешу мақсатында Тәуелсіздігін жариялағаннан
кейін, елімізде қаржы жүйесіне қатысты өте маңызды Қазақстан
Республикасының Бюджеттік жүйесі Заңы қабылданып, қолданысқа
енгізілді.Осыған орай елімізде қаржы-экономикалық жағдайдың тұрақталынуына
және шетелдік инвестициялардың ағылып келе бастауына байланысты, қаржы
Министрлігінің құрылымдарына өзгерістер енгізу керектігі айқындалды.
Жоғарыдағы аталған құрылымдық өзгерістерге байланысты еліміздің
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 1994 жылғы №1526 Жарлығымен Қазақстан
Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылығын құру және Қазақстан
Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 20-мамыр күні шыққан №549
қаулысына орай Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне қарасты
Қазынашылық бас Басқармасы құрылды. Бұл қаржылық жүйе мен бюджеттік
мекемелердегі бухалтерлік есептің әдістемесі және сонымен бірге бюджеттік
басқарылу функциясы берілген бюджеттің атқарудағы бірден бір ұйым. Сонымен
қатар, министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мақсатты
және мақсатсыз пайдаланылған  бюджеттік қаражаттарды тексеруге және сонда
фактілерді айқындаған кезінде мақсатсыз пайдаланған қаражаттарды қайтарып
алуға құзыретті болды.
Бірінші кезекте аймақтардағы қазынашылық жүйенің алғашқы құрылымдануы
жасалды, Ұлттық банктің есеп-айырысу кассалары қазынашылық басқарманың
аумағына шоғырландырылды. Олар бюджеттік қаражаттың түсуін және оны
мемлекеттік мекемелердің  шотына аударылуын қадағалап отырды.   Аумақтық
басқарма ҚР Ұлттық банкі мекемесінің ағымдағы шоты мен шығындарын толық
есептейтін заңды тұлға болып табылды.
1995 жылы Қазынашылық әлемдік тәжірибеге сәйкестендірілген Қазақстан
Республикасы бюджетінің шығындары мен кірістерінің жаңа бюджеттік
классификациясын жасап шығарды. Сонымен бірге қазынашылық жүйенің қызметтік
бөлігін құрылымдады.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық
Банкінің есеп айырысу кассаларының орталығы Қазынашылықтың базасында
құрылған Бюджеттік банктің қарауына берілді. Бұл банк -  бөлімдері мен
облыстық қазынашылық басқармаларының бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста
жұмыс істеді, бюджеттік ұйымдардың төлемдерінде жаңа технологияларды
пайдалану бірнеше сатыға жоғары болды.
Қазынашылықтың қаржылық жүйесін дамытуда ерекше айтылатын жұмыстарының
бірі – ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық банкте Қазынашылық бірлестігі
шотын ашу болып табылады. Оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттің ақша
қаржылары шоғырландырылды.  Қазынашылық БҚШ (Біріккен қазынашылық шоты)
арқылы төлеу
механизімін, бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасады. Әр күн
сайынғы БҚШ арқылы алынған ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметіне және
басшылыққа жіберіледі.  Сондықтан да, күн сайын бюджеттің жағдайы:
кірістер, шығындар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы
қалдықтар бақыланып отырады.    
1998 жылдың қаңтар айынанда Бюджеттік банкінің жойылуына байланысты,
оның бюджетті атқару қызметтері аумақтық қазынашылық органдарына берілді.
 

Комитеттің негізгі функциялары мен құқықтары

Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде
заңнамада белгiленген тәртiппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету;
2) мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;
3) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық
бюджеттің міндеттемелері жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау
және бекіту;
4) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық және
жергілікті бюджеттердің міндеттемелері жөніндегі қаржыландырудың жиынтық
жоспарын өзерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып қазынашылықтың
біріктірілген ақпараттық жүйесіне енгізу;
5) жылдық сомаларды қоса алғанда түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық
жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
6) республикалық бюджеттің қаражатын игеру мониторингі;
7) мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру;
8) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
9) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
10) бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
арасындағы түсімдерді қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарына одан әрі
есептей отырып бөлу;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау
шотынан түсімдер сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына аудару;
12) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері
бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды
жүзеге асыру;
13) бюджеттен түсімдер сомасын қайтару жөніндегі салықтық және
уәкілетті органдардың төлем құжаттарын орындау не оларды салық берешектерін
өтеу есебіне есепке жатқызу;
14) инкассолық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
15) мемлекеттiк мекемелер жасаған төлемдердi қайтару кезiнде кассалық
шығыстарды қалпына келтiру;
16) бюджеттік заңнамада көзделген себептерге сәйкес мемелкеттік
мекемелерді қолма - қол ақшамен қамтамасыз ету;
17) бюджет ақшасын басқару;
17-1) Қазақстан Рреспубликасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген
трансфертке республикалық бюджет мұқтажының көлемін ай сайынғы болжамдау;
17-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан республикалық бюджетке соманы көрсете отырып, кепілдікті
трансфертті аудару туралы өтінімді жіберу;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық
және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық
бюджетке сыйақылардың (мүдделердің) көлемін болжамдау;
19) республикалық бюджеттен агенттің қызметтерін төлеу бойынша
шығыстарды болжауды және бюджетте салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді
төлеуге жеке тұлғалардан және мемлекеттік мекемелердің өкілеттіктерінен
алынған қолма-қол ақшаны есептеу бойынша агенттің қызметтерін тарту мен
төлеу;
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының
түрі бойынша банктік (корреспонденттік) шоттарды ашу, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіндегі Комитеттің шоттары арқылы шетел
валютасындағы операцияларды жүргізу және есепке алу;
21) мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін
айқындау жөнінде ұсыныстарды әзрлеу;
22) мемлекеттік мекемелерде бюджеттік және бухгалтерлік есепке алуды
және есептілікті жүргізу тәртібін айқындау жөнінде ұсыныстарды әзәрлеу;
23) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
24) мемлекетік қарыздарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды,
мемлекеттiк кепiлдiктерді, қарыздарды хеджирлеу жөнiндегi мәмiлелерді,
бюджеттік кредиттерді, мемлекет кепілгерлігін және мемлекет кепілгерлігімен
берілетін қарыздарды тіркеу;
25) үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштық міндеттемелер
бойынша төлемдерді және үкіметтік сыртқы қарыз шоттарынан қаражаттарды алу
бойынша операцияларды есепке алуды жүзеге асыру;
26) бюджеттік кредит беру нәтижесінде пайда болатын үкіметтік
талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды жүзеге асыру;
27) республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікті және өзге
де есептілікті Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес
даярлау және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыну;
28) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді дайындау және
жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
ұсыну;
29) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау
шотындағы ақшаның қозғалысы туралы есепті дайындау және ұсыну;
30) ҚБАЖ-нің төлем жүйелермен әрекет етуі;
31) қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнің (ҚБАЖ) он-лайн
режимінде тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
32) мемлекеттік мекемелер ұсынатын қаржы құжаттардың қолданыстағы
бюджеттік заңнамаға сәйкестігін алдын-ала және ағымдағы бақылау;
33) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық
қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылау;
34) мемлекеттік мекемелердің шоттарына тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылау;
35) мемлекеттік мекемелердің ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер
бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың
жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық
жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарлана, түсімдер мен қаржыландырудың
жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық
жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының,
шот-фактуралардың, хабарлама-шоттарының, орындалған жұмыстар актілерінің,
жүкқұжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
басқа да құжаттардың және азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет
заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
36) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның
шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылау;
37) мемлекеттік мекемелердің шетел валютасында операциялар жүргізу
кезінде валюталық заңнаманың сақталуы бойынша тексеру ұйымдастыру;
38) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
қаражаты, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарының
атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау және тексеруді
жүзеге асыру;
39) қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің қызметінде қауіпсіздіктің
ережелерін сақталуын бақылау;
40) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің және қабылдануы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде қарастырылған бюджеттің
атқарылу тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер
талаптарының бұзылу кезінде мемлекеттік мекемелердің төлемдерінің жүзеге
асырылуын тоқтата тұру;
41) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де
функцияларды атқару.
Комитеттiң мыналарға:
1) мемлекеттік мекемелерден республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуын ұйымдастыру үшін қажеттi ақпарат пен мәлiметтер алуға, ал олар
уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлiк есеп беруді сұратуға;
2) теңгеде және шетел валютасында бiрыңғай қазынашылық шоты мен
банктiк шоттарының болуына;
3) қаржы тәртібінің сақталуына және мемлекет қаражатының мақсатты әрі
тиімді пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгізуге;
4) мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарында жолсыздықтар анықталған
жағдайда оларды тиісті органдарға қарауға жіберуге;
5) республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету
жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға;
6) инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты министрліктерден
үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі (игерілуі) және жұмсалуы туралы
есептерді сұратуға және алуға;
7) шет елдердің қазынашылық жұмыс тәжірибесінің практикалық пайдалануы
жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
8) Комитет органдарының қызметін тексеруді жүзеге асыруға, оны
жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
9) мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен
(олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) ұлттық және
шетелдік валютада банктік операцияларды, сонымен қатар демеушiлiк,
қайырымдылық көмектен, гранттардан түсетiн түсiмдер бойынша операцияларды
және мемлекеттiк мекеме жеке немесе заңды тұлғалар оларды қайтарып алу
шартында беретiн ақша бойынша мынадай операцияларды:
мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу;
есеп операциялары: төлеуге берiлетiн шоттардың негiзiнде мемлекеттік
мекемелердің төлемдерін өткізу;
аккредитивті ашуды, олар бойынша міндеттемелерді орындауды және жабуды
жүзеге асыруға;
10) бюджеттiк бағдарламалар (ішкi бағдарламалар) бойынша төлемдердi
жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң
келiсiмi бойынша түсiмдердiң болжамды көлемдерiн ескере отырып өзгерiстер
енгiзуге құқығы бар.

Қазынашылықтың бүгінгі жағдайы
 
          Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 29
қыркүйегіндегі №1449 Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін
одан әрі жетілдіру шаралары туралы Жарлығын, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1129 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында
бекітілген ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитет туралы  Ережесіне
сәйкес Қазынашылық комитетіне ҚР Қаржы министрлігі орталық аппаратынан
республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру
және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың
нақтыланған жиынтық жоспарын енгізу; несие мен қаржылық мөлшердің бюджетке
қайтарылымын беруде республикалық бюджетке назар аудару; үкіметтік және
мемлекеттік кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін
және үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі
операцияларды қамтамасыз ету; жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне
түскен бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау –
мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын игеру және шығыс есебінің
мониторингі; Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды басқаруда
республикалық бюджетке борыштанушыларды талаптармен бақылау сияқты жаңа
міндеттер берілді.  
Қазынашылықтың алдына қойған міндеттерді атқару 4044 қызметкері бар,
26 ұлт өкілдерінің басын қосқан үлкен ұжымға жүктелді. Бүгінде
Қазынашылықтың құрамына  16 облыстық,   Астана мен Алматы қалаларындағы
қазынашылық департаменттері, 187 аудандық және қалалық бөлімшелері мен
орталық аппарат кіреді. 
Қазынашылық органдарында жас және тәжірибелі мамандар қызмет атқарады.
Қызметкерлердің орташа жасы – 34 құрайды. Олардың 80 пайызға жуығы жоғары
білімді мамандар. Жыл өткен сайын мамандардың біліктілігі артып келе жатыр.
Сонымен бірге Қазынашылық комитетінің 370 қызметкері жоғары оқу орындарында
өздерінің білімдерін жетілдіруде.
Қазынашылықтың аумақтық ұйымдардың жандануы күллі аймақтардың жұмыла
жұмыс істеуіне байланысты. Әр облыстық қазыналық департаменттер – мекен-
жайдағы шоттардың функциясы, тұрғындар санының есепке алынуы, өнімділік пен
әлеуметтік базаның бар болуы сияқты мәселелерді анықтайтын өзінің
міндеттері бар жеке ұйым. 
Қазіргі кезде қазынашылық органдар 15 мыңнан астам республикалық және
жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді.
Тәуелсіздігіміздің жаңа тарихи беттері ел астанасының Алматыдан
Сарыарқа төсіне қоныс аударуымен сабақтасады. Ал бұл тарихи оқиға
қазынашылықтың даму тарихымен де тығыз байланысты. 1995 жылы Ақмола
қаласындағы орталық жоғары мемлекеттік ұйымдарды қайта құрылымдау басталды.
Осы кезде жас елордаға Қаржы министрлігі қоныстанды. 1997 жылы 19
желтоқсанда Алматы қаласынан Ақмолаға Қазынашылық комитетінің 48 қызметкері
көшіп келді. Қазынашылық департаменті  бұрынғы Каздорпроек институтының
ғимаратына орналастырылды. 1999 жылы желтоқсан айында Қазынашылық комитет
жаңа ғана бой көтерген министрлер үйінің ғимаратына көшіп келді, комитеттің
көптеген қызметкерлері тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
2004 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы қазынашылық қызметтің
негізі қаланғанына 10 жыл толды. Мерекелі күнге байланысты Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінде қазынашылықтың аумақтық органдары
қызметкерлерінің қатысуымен бюджеттің атқарылуы тақырыбында  семинар-кеңес
және Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомства жетекшілерінің
қатысуымен Республикалық қаржы жүйесін дамытудағы қазынашылықтың рөлі
атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.   
Уақыт өте келе Қазақстандағы бюджеттік реформалар жұмыс істеп тұрған
қазынашылықтың жүйесін қайтадан модернизациялау қажеттіліктері туды. Осыған
орай Қазақстан Үкіметі халықаралық
ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, қарыз берудің мүмкіндіктерін
қарастырды. 1996 жылы Халықаралық қайта құру және дамыту банкімен келісімге
қол қойылды, соның негізінде қазынашылық комитет компьютерлер,
оргтехникалар, спутниктік антеналар және тағы да басқа қазіргі заманғы
техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. 
ORACLE бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде жаңа қазынашылық жүйесі
жасалды. Бұл Елбасы жүктеген – мемлекеттік қаржыны тиімді басқару басты
міндетін жүзеге асыруды негізге алады. Жаңа жүйе қаржылық-экономикалық
шешімдерді дұрыс қабылдауды  және мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейде
атқарылуын бақылау әрекеттерін жүргізеді.  Сонымен бірге жүйе нақты
уақыттағы бюджеттік құрылымдардағы аударымдарды тіркейді, олардың
шығындарының мақсатты орындалуын қадағалайды.
Жаңа қазынашылық жүйе Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
базасына сәйкес жасала отырып, бюджеттік құрылымның шығындарын мақсатты
және тиімді қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдар мен Үкіметтің
жауапкершілігін бөлуді тіркейді. Комитетке  жиынтық есеп беру және Бас
кітап басқармасы, республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру
басқармасы, түсімдерді есепке алу басқармасы, төлем операциялары
басқармасы, бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы, қазынашылық
жүйесін сүйемелдеу басқармасы сияқты басқармалар кіреді.
2004 жылдан бастап қазынашылықтың ақпараттық жүйесі республикалық
аумақтарына толық енгізілді. 
Бүгінде көптеген сарапшы мамандар Қазақстанда Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығындағы ең жақсы, қазіргі талаптарға толық жауап беретін
қазынашылықтың ақпараттық жүйесі жасалғандығын мойындап отыр.
 Қазынашылықты модернизациялау жобасы МВФ, МБРР және ТМД елдердегі жоба
жетекшілері, Қытай, Словакия, Палестина, Моңғолия, АҚШ, Болгария
елдеріндегі сарапшы мамандар тарапынан жақсы бағаға ие болды. Қазақстан
тәжірибесінде қолданылып жүрген Қазынашылық жүйенің модернизациясы өте
сирек модель ретінде де басқа елдердің тәжірибесінде  қолдану ұсынылуда. 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қытай
үкіметінің арнайы сұрауы бойынша, қазынашылық жүйенің көрсетілімі
ұйымдастырды. Оған Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан,
Тәжікстан елдерінен келген делегациялар қатысты.  2002 жылы сәуір айында
Қазақстан Республикасы ведомствалары мен министрліктер,
Парламент палатасы, Үкімет жетекшілерінің, сонымен бірге әлемнің 18
елінен келген өкілдердің қатысуымен бюджеттік реформалар мен қазынашылық
реформаларға арналған халықаралық конференция  өткізілді.  
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы аясында дамып келе
жатқан қазынашылық ақпарат жүйесі, бюджетке бүгінгі салықтарды
және басқа да төлемдерді аудару, бюджеттік шығындарды жүргізу, қаржы
ресурстарындағы жергілікті атқару органдары мен Қазақстан Республикасы
Үкіметін басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік бюджеттің
атқарылуындағы транспаренттілік бағыттарына негізделген. Басқаша айтқанда,
дамып  келе жатқан қазынашылықтың ақпараттық жүйесі -  ел Президенті қойған
– мемлекеттік қаржыны тиімді басқару басты міндетін қамтамасыз етуге
бағытталған.
Бүгінде аяғынан нық тұрған Қазынашылық комитеті өзін жақсы дамып келе
жатқан  қаржы институты ретінде көрсете алды. Ол мемлекеттік қаржыны жедел
басқарудың,  барлық деңгейдегі бюджеттің атқарылу процесіне қатаң бақылау
жасаудың ақпараттық негізі болып табылады. Бұл әрине, білімді, өз істерін
жақсы білетін қазынашылық қызметкерлерінің және мемлекеттік бюджетті
атқаруды тиімді бақылауды қамтамасыз етудің арқасында жүзеге асып отыр.
Басқаша айтсақ, қазынашылық жүйеге мемлекеттік мекемелердің қаржылық
операциялары мен оларға қатаң бақылау орнату сияқты жаңа міндеттері кіреді.

2005 жылдың қазан айында Hewlett –Packard компаниясының ТМД елдері
бойынша өкілдігі Әлемдік компьютерлер қорының атынан Қазынашылық комитетіне
Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесін енгізгені үшін медаль мен
The ComputersworldHonors Жаңа жеңімпаздарды іздеу Мемлекеттік және
коммерциялық емес ұйымдар  санатында халықаралық бағдарламасының
куәлігімен марапаттады. 
Қазіргі кезде Қазынашылық комитетінің алдында қазынашылықты әлі де
болса дамуын қамтамасыз ету, бюджеттің атқарылуындағы құқықтық нормативті
актілерді дамыту, Электронды қаржы министрлігі және Электронды үкімет
құрудағы көптеген шараларға ат салыса отырып ақпараттық қазыналық жүйесін
одан әрі жетілдіру міндеттері тұр. 

Арыс қалалық Қазынашылық Басқармасы

Жоғарыда аталып өткен өзгерістерге,қаулылыарға сәйкес, Қазынашылық бас
Басқармасы және оның аймақтық бөлімшелері жер-жерлерде өз қызметтерін
атқара бастады. Алғашқы қалыптасу кезеңінде Арыс аумақтық бөлімшесі тек
қана 4 маманмен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 10 мемлекеттік
мекемеге қызмет көрсеткен болса, қазіргі таңда жергілікті (облыстық) және
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 74 бюджеттік мекемеге 11 штаттық
бірліктегі қызметкерлер қызмет көрсетіп отыр.
Осындай қомақты қаржыларды мемлекеттік мекемелердің өз мақсатына сай
сапалы жұмсауы үшін оған қызмет көрсететін техникалық ақпараттандыру жүйесі
мен тиісті бағдарлама да сай болғаны оңды. Осы тұрғыда бөлім соңғы үлгідегі
компьютерлермен толықтай жасақталынып, олар өзара және Астана қаласында
орналасқан орталықтандырылған Сервер байланысына спутниктік жүйе арқылы
қосылған. Қазіргі таңда Арыс қалалық қазынашылық басқармасының барлық
қызметкерлері төмендегі буын ретінде Елбасының жүргізіп отырған саяси-
әлеуметтік,қаржы-экономикалық,банкт ік саладағы реформаларының жергілікті
жерлерде де, қарқынды іске асуына өздерінің лайықты үлестерін қоса отырып,
өз салаcы бойынша Қаржы және Салық, Экономика және жоспарлау бөлімдерімен
ағымдағы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтау мақсатында бірлесе тығыз қызмет
атқарады.
Арыс қалалық қазынашылық басқармасында 11 штаттық бірлік бойынша 11
лауазымдық қызметкер өз қызметіне сай функционалдық міндеттерін атқаруда.
Қазынашылық басқармасы 4 топтан тұрады, атап кетсек Құжаттарды қабылдау
тобында 2 қызметкер, Қаржылық және шарттарды тіркеу тобында 2 қызметкер,
Құжаттарды енгізу және бекіту тобында 4 қызметкер, Бақылау тобында 1
қызметкер жұмыс атқарады.
Арыс қалалық қазынашылық басқармасында өндірістік практика барысында
Құжаттарды қабылдау тобының негізгі функционалдық міндеттерімен
таныстым, атап кетсек мынадай міндеттері бар:
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
қаржыландыру жоспары мен жиынтық жоспарларына өзгерістер мен қосымшалар
енгізу туралы анықтамалар мен қаржыландыру жоспарын қабылдау;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
рұқсаттарын қабылдау;
- келісім- шарттар тіркеу үшін қажетті құжаттарын қабылдау;
- төлем құжаттарын № 220 бұйрығына сайкестігіне тексеріп қабылдау;
- орындауға қабылданған құжаттарын тіркеу;
- орындалмаған құжаттарды қайтару кезінде ММ-нің есеп нысандары мен жолдама
хаттарын беру;
- берілген чек кітапшаларын есепке алу;
- чектермен жұмысты ұйымдастыру; чектердің тізілімдерімен жұмыс істеу.
Бақылаушылық міндеттері:
- ММ құжаттарын жинақтылығын тексеру;
- ММ-нің қолма-қол ақшаны пайдалану лимитін бақылау.

Төлем шоттарын енгізу және бекіту тобының негізгі функционалдық
міндеттерін жұмыс үстінде көріп таныстым,:
- әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарды, стипендия, жеке
тұлғалардың карт-шоттарына немесе жинақ салым шоттарына аудару арқылы
төлеу, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы мен басқа да ақшалай
төлем шоттарын төлеуге енгізу;
- қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде тіркелген шарттар бойынша, сондай-
ақ шарттар тіркеусіз өтетін төлем шоттарын енгізу;
- төлемдерді пакеттеу;
- инкассолық өкімдермен жұмыс;
- агенттік келісімдерді және берілген чек кітапшаларын есепке алу;
- чектердің қозғалысын есепке алу;
- төлем шоттарының тізілімімен жұмыс;
- екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері арқылы
- төлем шоттарының қайта енгізуін жүргізу; төлем шоттарын бекіту;
тексерілмеген төлем шоттарына талдау жасау.
Бақылаушылық міндеттері:
- мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджет бойынша, жергілікті бюджет
бойынша төлем шоттарының деректемелеріне бақылау жүргізу.

Бақылау тобының жұмысы мен таныстым, негізгі функционалдық
міндеттерін көріп білдім:
- 5-15, 5-15а шығу нысандарын атқарылған төлем шоттарымен құжаттарды
қабылдау тобына беру;
- операциялық күннің аяқталуы бойынша есептілікті қалыптастыру; төлем
шоттарының жағдайында талдау жасау.
Бақылаушылық міндеттері:
- 5-15, 5-15а, 5-02 есеп нысандарымен атқарылған төлем шоттарына бақылау.

Қаржылық және шарттарды тіркеу тобында жұмыс үйрендім, негізгі
функционалдық міндеттерімен таныстым:
- өзгерістер енгізуге анықтама, олардың өкімдігінде қалған, мемлекеттік
мекемелерге тауарлар (жұмыстар,қызметтер) өтеуден түскен ақшалар мен
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
қаржыландыру жоспарларын атқару мен жүргізу;
- республикалық бюджеттің қаржыландыру жоспарлары бойынша қалыптастрылған
рұқсаттарды басып шығару және беру;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
қаржыландыру жоспарлары бойынша рұқсаттарын енгізу;
- АИҚЖ-не республикалық және жергілікті бюджеттерге нақтылау, түзетулерді
енгізу.
Бақылаушылық міндеттері:
- тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өтеуден түскен ақшалай шығыстары мен
түсімдер жоспарлары, тиісті қаржыландыру жоспарлары бойынша шығыс
операцияларын тоқтату.
- бюджет және ММ-дің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен
қаржы есебінен қаржыландыру мен азаматтық-құқықтық мәліметін тіркеу;
- мемлекеттік мекемелерге қалыптастырылған хабарламарын беру;
- Түпкілікті деген мәртебесі бар төлеуге арналған шоттардың
хабарламаларын қалыптастыру және беру.
Бақылаушылық міндет:
- негізгі шартқа өзгерістер енгізу кезінде және басқа жағдайларда
тапсырысты (хабарламаны) жою мен жабуды жүзеге асыру.

Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының талдамасы

2006-2008 жылдарда қаланың тұрақты экономикалық өсу қарқынының
тенденциясы сақталды.
Арыс қаласы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған
экономикалық өзгерістерді дәйекті және мақсатты бағытта іске асыруда.
Тұрақты қаржы-несие және салық-бюджет жүйесі, кәсіпкерліктің дамуы,
халықтың өмір сүру деңгейінің жақсарғандығының нәтижесінде ішкі сұраныстың
артуы, инвестициалық ауа–райының жақсаруы, инфляция деңгейінің төмендігі
қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етті.

2006 жылы өнеркәсіп көлемі 1728,1 млн теңгені құрап, 2005 жылға
қарағанда 111,0 пайызды құрап, 291,7 млн теңгеге ұлғайған.

2007 жылдың қорытындысы бойынша 2106,0 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері
шығарылды. 2006 жылмен салыстырғанда 122 пайызды құрап, өнеркәсіп өнімдері
380 млн теңгеге артқан.

Ауылшарушалығы құрылымдары 2006 жылы 2782,7 млн теңгенің ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірілді, немесе 2005 жылмен салыстырғанда 10,5 %
артқан.
2007 жылы 2993,6 млн теңгенің өнімін өндірді
егін шаруашылығы – 1440,6 млн теңге
мал шаруашылығы –1553,0 млн теңге.
2006 жылмен салыстырғанда 210,9 мың теңгеге немесе 8 пайызға артып отыр.
2006 жылы Арыс қаласы бойынша автомобиль көлігімен
жолаушыларды тасымалдау көлемі 17,3 млн адамды құраған, жолаушылар айналымы
102,5 млн жолаушыкилометрді құраған.

2007 жылы автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау көлемі 17,4
млн. адамды, жолаушылар айналымы 104,7 млн жолаушы километрді құраған. 2006
жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасымалдау көлемінің өсімі 0,6 пайызды,
жолаушылар айналымының өсімі 111,9 млн. жолаушы километрді құрап, 9,2
пайызды құрайған.
2006 жылы қалаға 2427,6 млн теңге инвестиция тартылды. 2005 жылмен
салыстырғанда 53,9 пайызға инвестиция көлемі артқан. Оның
ішінде: тұрғындардың жеке қаржысы есебінен 96,8 млн теңге, мекемелер
мен кәсіпорындардың жеке қаржысы есебінен 1207,1 млн теңге, республикалық
бюджеттен 1182,3 млн теңге инвестиция тартылған, жергілікті бюджеттен 38,1
млн теңге инвестиция тартылған.
2007 жылы қалаға 2887,4 млн теңге инвестиция тартылды. 2006 жылмен
салыстырғанда 18,9 пайызға инвестиция көлемі артқан. Оның ішінде:
тұрғындардың жеке қаржысы есебінен 119,3 млн теңге, мекемелер мен
кәсіпорындардың жеке қаржысы есебінен 1122,1 млн теңге, республикалық
бюджеттен 1455,0 млн теңге инвестиция тартылған, жергілікті бюджеттен
310,3 млн теңге инвестиция тартылған.
2008 жылдың 1 қаңтарына шағын кәсіпкерлер субъектілердің саны - 3220
бірлікті құрап, онда – 3651 адам жұмыспен қамтылған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының 184,4 пайызын жеке
кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары құрайды.
2007 жылдың шағын кәсіпкерлер субъектілері -1877,9 млн.теңге
көлемінде өнім (тауар, қызмет көрсету) шығарған, бұл 2006 жылмен
салыстырғанда 1,0 пайызға артқан
2008 жылдың 1 қаңтарына қалада бөлшек сауда айналымын көтеру үшін
264, көтерме 16 және тамақтандыру - 27 орындар халыққа қызмет көрсетіп,
629 адам жұмыспен қамтылған.
Экономиканың өсуі халықтың тұрмыстық жағдайын әрі қарай жақсартуға
мүмкіндік берді.
2006 жылы халық саны 64,2 мың адамды құраған, 2005 жылға қарағанда
500 адамға көбейген. Табиғи өсім 197 адамды құрап, 2005 жылға қарағанда
16,1 пайызға артқан.
Экономикалық белсенді халық саны 30,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздар
саны 2,33 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 7,4 пайызды құрады. Номиналды
орташа жалақы қоры 30,7 мың теңгені құрады. Нақты жалақы қорының өсімі
105,0 пайызды құраған.

Арыс қаласы бойынша халық саны 2007 жылы 64,6 мың адамды құрады. 2006
жылға қарағанда 400 адамға көбейген.
Экономикалық белсенді халық саны 31,5 мың адам болып, 102.6 % құрады.
Жұмыссыздар саны 2,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 7,3 пайызды құрады.
Номиналды орташа жалақы қоры 43,8 мың теңгені құрады. Нақты жалақы қорының
өсімі 126,0 пайызды құраған.

3.2. 2009-2011 жылдарға күтілетін нәтижелер

Ұзақ мерзімді жоспарда мақсат бәсекеге қабілетті экономика негізін
құру, қала халқының тұрмыстық жағдайын арттыру, макроэкономикалық деңгейде
Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың болып табылады.
Жоспарланған мерзімде әлеуметтік-экономикалық саясаттың жалпы бағыты
сақталып, стратегиялық жоспардың, индустриалды-инновациялық даму
Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Өкіметі Бағдарламасының міндеттері
мен мақсаттарына сәйкес болады. Қаланың бәсекеге қабілеттілігін ары қарай
арттыру бойынша шаралар Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты міндеттерінен айқындалып және міндеттері болып төмендегілер
айқындалды:

- экспортты ұлғайтуға және жоғары технологиялық өнімді өндіруге бағытталған
бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту;
- экономиканың басымды салаларына инвестиция тарту, соның ішінде шетел
инвестициясын;
- шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;
- азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту, тұрғын үй құрылысын дамыту;
- білім беру және кадрларды даярлау деңгейін жоғарлату;
- денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік көмек салаларын дамыту;
- кедейлікпен жұмыссыздық деңгейлерін төмендету.
Негізгі басымдықтары болып анықталды:
- кластерлік даму негізінде аймақтарды бәсекеге қабілетті мамандандыру;
- басып озатын аймақтарды - нәтижелі аймақтарды басымды дамыту;
- әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды біркелкі аймақтық орналастыру.

2009-2011 жылдары әрі-қарай өндірістің тау-кен өндірісін, құрылыс
материалдарын шығаруды дамыту жоспарлануда. Өндіріс көлемінің өсуі барлау
жұмыстарының аяқталуы кәсіпорынның өнім өндіру жұмыстарына өтуімен, құм,
ұсақ тас өндіру, әк-тас және басқа пайдалы қазбалар өндіру көлемінің ұлғаюы
есебінен жүргізіліп отыр.
2011 жылға қарай өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3961,8 млн. теңгеге
жететін болады, ол жоғары технологиялық өндірістерді құру, инновациялық
экономиканы енгізу, сыртқы инвесторлармен қатар ішкі инвесторлар үшін
қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру есебінен 2007 жылмен салыстырғанда
49,7%-ға ұлғаяды.

Аграрлық азық-түлік саясатын іске асыру және шаруашылықтарды
ірілендіруді іске асыру, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру,
тамшылар суғару әдісін қолдану, көкөніс, жеміс-жидек кластерлерін құру,
ауыл шаруашылық өнімдерін және бәсекеге қабілеттіліктің негізінде оның
өңделген азық-түліктерінің сату көлемін ұлғайту, асыл тұқымды мал
шаруашылығы мен элиталық тұқым шаруашылығын дамыту арқылы аграрлық
өндірісті индустриализациялау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізу есебінен
2011 жылы ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 2007 жылмен салыстырғанда
9,2 %-ға, оның ішінде егін шаруашылығының өнімін – 5,2 %-ға, мал
шаруашылығының өнімін – 16,6 %-ға арттыру көзделуде.

2011 жылы болжам бойынша 2007 жылмен салыстырғанда барлық қаржыландыру
көзінен негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 55,9 пайызға өседі және
болжам бойынша 3784,9 млн. теңгені құрайды.
Тұрғын үй құрылысының дамуын қамтамасыз ететін кешенді іс-шаралардың
нәтижесінде 2009-2011 жылдары қалада 25,5 мың шаршы метрден астам тұрғын
үйлер іске қосылады.
Қаламен елді мекендердің ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
Қазынашылықты ұйымдастыру ,оның бюдежттің орындалуындағы рөлі
Есеп берудің құрылмы
Шетелдегі бюджеттің іске асырылуы байынша қазынашылық органдардың қызметтерін ұйымдастыру
Қазынашылық ақпараттық жүйелері
АҚ «Халық банк» тарихы
Шетелдік валюта операцияларының есебі
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы есеп
Пәндер