Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблемалары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . .
Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблемалары
1 Экономикалық өсудің және экономикалық дамудың теориясы мен түсініктері, оның негізгі қарастыратын мәселелері . . .
2 Экономикалық - экологиялық саясат және оның қазіргі таңдағы маңызы . . .
3 Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі идеясы. оның міндеттері мен проблемалары . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған материалдар . . .
КІРІСПЕ
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе - теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын өамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи - ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі-әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасында өзара қайшылықтар кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ. Қазіргі Қазақстан мемлекеті үшін Семей аумағы, Арал проблемасы мен қатар экономиканы дұрыс жоспарламау салдарынан болып отырған Каспий проблемасы, қалаларымыздың ауа тазалығын шешу уақыт күттірмейтін проблемалар. Сондықтанда Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықпен бірге осы проблемаларды шешуде көп күш пен қаражат жұмсауы керек, ал ол үшін біріншіден экономика саласын реттеу маңызды аспектілерінің бірі. Бекерден бекер емес, қазіргі таңда табиғатты пайдалану экономикасы, яғни экономикалық өсім мен экологияны қатар алатын сала ретінде маңызды ғылыми пән ретінде қалыптаса бастады.
Осылардың шешімін табу үшін экономика саласында мамандардың экономика мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология негіздерінің ауқымындағы білімін талап етеді. Кез-келген кәсіпорын болсын, қазіргі өзекті экологиялық сауаты бар мамандарды тартуға көп көңіл бөлу
үстінде. табиғатты пайдаланудың механизімі дұрыс жоспарланған кезде ғана экономиканың тиімділігіне, экологияның тазалығына қол жеткізуге болады. Ал алдымен, әлем, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен билік өкілдері экономикалық өсімді не экологияны бірінші қоямай екеуін де қатар дамытуды жете түсінуі қажет. Бұл салада мемлекеттің жетістіктерімен қатар кемшіліктері де бар. Осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты - экология мен экономикалық өсімнің қатар жүруінің маңыздылығы, бар проблемалардың теориялық және әлемдік пратикалық шешімі, сонымен қатар нормативтік-құқықтық құжаттардың реттелуі болып табылады.
1 Экономикалық өсудің және экономикалық даму теориясы
Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы экономикалық жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын сипаттайтын, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады.
Экономикалық өсу дегеніміз - бұл қоғамдық өндірістің өсуі сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨнің артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижесінде жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму - бұл көп өлшемді процесс, оның құрамында техникалық экономикалық, әлеуметтік, саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістер кіреді. Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:
1. Экономика дамуының бастапқы деңгейі (мысалы, жан басына шаққандағы табыспен өлшенетін) ;
2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі, денсаулығы;
3. Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс;
4. Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары, яғни әлемдік конъюктурасы;
Экономикалық даму оң және теріс динамикада болуы мүмкін. Ал, экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасы болып табылады.
Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі болып табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экономикалық өсуге өол жеткізу мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу -
бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т. б. ) дмау бағыты. Сонымен
қатар, экономикалық өсу - бұл номиналды және нақты ЖҰӨнің өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан экономикалық өсу мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі болып табылады.
Нақты экономикалық өсу - экономикадағы негізгі қайшылықты
(ресурстардың шектеулігі мен қоғамдық қажеттіліктердің шексіздігі арасындағы) жаңа деңгейде шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:
а) Өндірістік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстарды, өндіріс процессіндегі жаңа мүмкіншіліктерді қолдану)
б) Қолда бар өндірістік мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану және қоғамдық қажетткіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашақорлыққа қарсы күрес, адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту) .
Тағы бір көңіл бөлетін ұғым қазіргі экономикалық өсу. Қазіргі экономикалық өсу - нақты ұлттық табыстың өсу қарқынының халық санының өсу қарқынынан тұрақты түрде жоғары болуы. Қазіргі экономикалық өсуіне тән белгілер:
1. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі.
2. Халықтың білім деңгейі жоғарылайды.
3. Аграрлық сектордың үлесі азаяды.
4. Урбанизация процесі жеңілдейді.
5. ЖІӨгі экспорттың үлесі артады.
6. ЖІӨгі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.
7. Экономика мен әлеуметтік саяси даму арасында тығыз байланыс туындайды(демократиялану процесі)
Экономикалық өсудің қарқыны мен экономикалық өсу сапасының жоғарлануы арасында белгілі бір алшақтық болатынын айта кету керек. Өсудің жоғарғы қарқыны қосу сапасының төмендеуі арқылы болуы мүмкін.
Мысалы, еңбек шығындарының артуына, сол арқылы экономикалық өсу қарқынын өсіретін жұмыс күнінің ұзаруы немесе еңбек интенсивтілігінің өсуі өз кезегінде экономикалық өсу сапасына кері әсер етеді, яғни бос уақытты
азайтады. Керісінше, төмен және теріс экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім шығару негізінде тұтынуды қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан да көп экономистердің ойы бойынша өсу аса жоғарғы қарқынды
(9-10%) болса да, төменболса да (2-3%) экономикалық өсудің тұрақты қарқыны болу керек.
Экономикалық өсу өндіріс көлемі мен сұраныс өсетін экономиканың жағдайымен анықталады және құлдыратуға қарсы тұрады. Сонымен қатар, ол экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады және экономиканың циклдық ауытқуын жоя алмағанын өзінде, оны төмендетуге бағытталады. Сондай-ақ, дамудың объективті мүмкіндіктері жағдайында үздіксіз және барынша жоғарғы экономиаклық өрлеуді қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өсудің факторлары мен типтері
Экономикалық өсуді талдау, жеткілікті ұзақ кезеңді қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болуы мүмкін. Өсу факторлары - экономикалық өсудің түпкілікті элементтері. Әдетте келесідей экономикалық өсу факторларын бөліп көрсетеді:
1. тұрғындар;
2. капитал салу (инвестициялар)
3. инновациялар
4. сырқы айырбас
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей фактор экономикалық өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды. Жанама осы қабілеттің іске асу мүмкіншілігіне әсер етеді. Тікелей факторлардың құрамына жиынтық өндіріс пен ұсыныс динамикасын тікелей анықтайтын бес негізгі фактор кіреді:
1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру;
2. негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру;
3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру;
4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарлату;
5. қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру.
Аталмыш суретке көз жүгіртсек Қазақстан Республикасының таңдаған жолын көре аламыз. Яғни, Қазақстан ең алдымен, экономикалық өсімді таңдап отырғандығы анық байқалады. Алайда соңғы кездері бұл саясаттың өзгеріп келе жатқандығын көріп жүрміз.
Экнонмикалық өсудің экстенсивті және интенсивті типтеріне қатысты өсудің
тікелей факторлары екі негізгі топқа бөлінеді: экстенсивті және интенсивті (2-сурет)
Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. Өсу факторларын ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына немесе жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экономикалық өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті немесе интенсивті өсу қарқыны деп бөлінеді. Қазіргі уақытта экономикалық өсуді наұты ЖҰӨ өсіміндегі үліс салмағына байланысты екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлес 50%-дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.
Экономикалық өсуді реттеудегі мемелекеттің негізгі бес бағытын көрсетейік:
1. Мемлекет рынок шеше алмайтын мәселлерді шешеді: қоғамдық игіліктер өндірісі, іргелі ғылыми зерттеулерді қолдау. қоршаған ортаны қорғау жіне т. б.
2. Антициклдық реттеуді жүргізу, яғни бюджет мен ақша айналымына мемелекет бақылау жасайды. Мемлекет төлем қабілеті бар сұранысты қамтамасыз ету үшін рыноктық тепе-теңдікті қалыпты деңгейде ұстауға ұмтылдады.
3. Экономикалық өсудің жаңа сапасы өндірісті құрылымдық қайта құруға әкеледі: ҒТП енгізу, капитал салымдарының тәуекелін төмендету, экономиканың жаңа секторын игерудегі бизнесті қолдау, экспрттық салаларды қолдау, импортты алмастырушы өндірісті қолдау және т. б.
4. Инвестициялық сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты сақтау, яғни жинақтардың ағымдық тұтынудан өндірістік тұтынуға ауысуы ауысуы.
5. Салық саясаты.
Мемлекет жиынтық сұраныс пен ұсынысты ынталандыра отырып, экономикалық өсуді жүзеге асыру үшін қолайлы инвестициялық климаттың қалыптасуына себепші болады.
Экономикалық өсудің модельдері
Эконикалық өсу қзінің қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі аса маңыздылығымен соңғы үшжүзжылдықтың ғалымдарымен зерттелуде.
Классикалық мектептің негізін салушы А. Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеулер» еңбегінде XVIIIғ. соңында-ақ, экономикалық өсудің негізгі факторларын атаған болатын: еңбек бөлінісі процесі, капиталдың қорлануы және техникалық прогресс.
XXIғ. басында осы мектептің келесі көрнекті өкілі ағылшын экономисі Д. Рикардо экономикалық өсудің басқа тұжырымдамасын ұсынды оның мәні кемімелі қайтарым қағидасына негізделген Д. Рикардо: «жерге қосымша инвестиция салымының өсуі жерден алатын экономикалық өсудің кідірісін туғызады» - деген.
Экномикалық өсудің модельдеріне келсек, оның негізгі үшмоделін атап өтуге болады:
1. Неоклассикалық модель, яғни еркін рыноктық қатынасты, өндіріс факторларын қарастырды.
2. Кейнстік және неокейнстік модельдер-сұранысты ынталындыра отырып экономиканы реттейді.
3. Институционалдық модель-дамып келе жатқан қажеттілікті үнемі қанағаттандыруға және халық шаруашылығының құрылымының институционалдық өзгерістеріне көңіл бөледі.
Неоклассикалық бағыт төмендегілерге негізделген:
а) өндірістің әрбір фаторы өндірілетін өнімге сәйкес үлесін қамтамасыз етеді;
б) өнім құны шекті факторлармен жасалады
в) экономика еркін бәсеке процесі кезінде тепе-теңдікті автоматты түрде қалпын келтіру үшін қажетті алғы шарттарға ие.
Табыстың күтілетін өнімі, Y
G1
G2
G3
Акселератор әсері
E F
C D
A B
45˚
X
шаруашылық субьектілер санының өзгерісі
Шаруаышлық субъектілер санының өсуі
Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономикалық өсудің неокейнстік жүйесіне қарсы өздерінің жаңғырту тұжырымдамасын жасауға ұмтылды. Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік-экономикалық алғы шарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек тек техника-экономикалық көрсеткіштердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалық емес сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік өсу теориясының қарастыратын негізгі мәселесі инвестиция мен жинақтың ара қатынасы, бірақ неоклассиктер капиталдың қорлануы мен халықтың өсуінің арасындағы тепе-теңдікке кейнстерден бұрын талдау жасаған. Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан. олар ұқсас әдістемеге негізделген. Институтционалдық модельдің олардың өзгешелігі сапалық теориялық негіздерге сүйенеді.
2 Экономикалық - экологиялық саясат және оның қазіргі таңдағы маңызы
Қазіргі күнге дейін адамзат табиғаттың ресурстарын аяусыз сарқа пайдаланып келді. Соңғы кездері әлемде болып жатқан оқиғалар адам баласының ойланып, ой санасына табиғат ресрустарының шектеулі екендігі, экологияның нашарлауы адамзат үшін қауіпті екенін сезіне бастады. Көптеген әлемде болып жатқан соңғы онжылдықта өткен самиттер мен халықаралық кездесулер осының дәлелі болса керек. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік туын желбіреткен күннен бастап, көптеген экологиялық проблемаларға жолықты. Әрине, бастапқы кезде ол проблемаларды шешуде көп қателіктер жіберілді. Керек десеңіз, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі де жасақталмаған болатын. Бірақ ең бастысы біз ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияландық. Қазіргі кезде халықаралық көптеген хаттамаларға қосылдық.
Біздің өзіндік экономикалық-экологиялық саясатымыз қалыптаса бастады. Мұның кез келген мемлекет үшін маңызды екендігі қазір толық дәлелденіп отыр. Жалпылама алғанда мемлекет үшін бұл сала маңызды болуы тиіс. Әлемді алып қарасақ, кедей елдер экономикалық экологиялық саясат жүргізбейді. Мұның өзіндік себептері болса керек. Өйткені, бұл мемлекеттердің оны ойлауға шамасы да жоқ. Себебі, экономикалық өсу төменгі деңгей болып есептелетін аталмыш елдердің халқы өте кедей тұрады. Олар үшін ең маңыздысы халқының әлеуметтік жағдайы. Сондықтанда әлемдік қауымдастық алдында қазір экономикалық-экологиялық саясатты жүргізудің маңызы зор.
Бұл мәселелерге тоқталғанда әлемдік интеграцияның маңызын атап өткен жөн. Себебі, алпауыт капиталистік мемлекеттер кедей елдерге қаржы жағынан көмек көрсетуі керек секілді. Менің ойымша, қазір экономикалық-экологиялық саясатты белсенді жүргізу керек. Мемлекеттің осындай саясатты жүргізуі болашақта өз жемісін беретіні айқын.
3 Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі идеясы. оның міндеттері мен проблемалары
Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буынның әсері(парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда айтылған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.
Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егерде, олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық баяу жолымен, біршама уақыт аралығында біп түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық проблемалары жер шарындағы бар табиғатты өзекті проблемаларына айналып отыр.
Табиғат пен қоршаған ортаға адамның ХХ ғасырдағы антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрлер бойынша асып жатыр. Әрине, мұның көріністері әр түрлі:
Бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық түрлерінің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан кедейленуі;
Тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
ХХғ. орны толмайтынминералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемалар тудырып отыр.
Құрамында заттар мен материалдар табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйені бұзуына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді;
Ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді;
Жердің геологиялық тарихына өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрлықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған.
Сондай-ақ, адамның табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдамдығында болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен «сығалауы» деген сөз.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz