Ескі қазақ әдеби тілінің дереккөздері хақында



Орта түркі дәуірінің қазақ тілінің тарихи даму үдерісін көрсетуде және ондағы қазақ тіліне тән элементтерді айқындауда өзіндік мәні жоғары. Бұл дәуірлерде түркі тайпалары іштей сараланып, жеке ұлт болып қалыптасты. Әрине, жеке шаңырақ құрып, халық болып қалыптасу бір ғана кезеңді қамтымайтыны тарихтан белгілі, оның тамыры ертеректен бастау алады. Бұл дәуірлерде сырт елдермен қарым-қатынас жасай отырып, әдебиет пен мәдениет, ғылым мен білім дамып, өркен жайды, соның ішінде араб, парсы тілдерінен енген сөздердің сан мөлшері мол әрі мәдениетінің де ықпалы күшті болды. Сөйтіп орта ғасырларда құнды да, көлемді ескерткіштер дүниеге келді.
Моңғол шапқыншылығы кезінде түркі тайпаларының араласып кеткендігінен, олардың халық ретінде қалыптасуы 2-3 ғасырға артқа шегерілгендігі де анық. Шыңғыс және оның ұрпақтарының сарбаздары түркі тайпаларының этникалық құрамына айтарлықтай өзгеріс енгізе алмады. Моңғол сарбаздарының көпшілігі Шыңғыспен бірге Отанына кері кетті, түркі тайпаларының арасында қалған монғол сарбаздары өз тілін тез жоғалтып, түркі тайпаларының құрамына сіңіп кетті [1, 42 б]. Өзге өлкелердегі сияқты Шыңғыс ханның екінші ұлы билік құрған Шағатай ұлысында, яғни оның атымен аталатын аймақтарда ортақ әдеби тіл қалыптасты. Шыңғыс хан Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін төрт ұлына (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) бөліп бергенде, Шағатайға Әмудария, Сырдария, Мауераннахр, Жетісу, Іле, Шығыс Түркістан аймақтары тиген болатын. Ал шағатай тілі дегеніміз – осы аймақтарда классикалық тіл ретінде қалыптасқан орта ғасырлық түркі жазба әдеби тілі. Бұл жөнінде С. Исаев: Ескі дәуірдің фактілеріне жүгінсек, шағатай (көне өзбек - староузбекский) деп аталынатын тіл тек өзбек тілінің мұрасы емес, сонымен қатар қазіргі Орта Азия, Қазақстан жерлеріндегі біраз халықтардың мұрасы, ортақ дәстүрі екенін байқауға болады. Осы шағатай немесе көне өзбек деген терминдерді кейінгі зерттеушілер енгізді, ал дұрыстығында ол шығармалардың авторлары өздері жазып отырған тілді «түркі» немесе «түрки» тілі деп атап отырғандықтарын айта кету керек», - дейді [2, 121б].
Шағатай тілі деген терминді алғаш орыс ориенталист ғалымдары лингвистикалық термин ретінде қолданғанмен, олар оны ойлап таппаған, тек жаңа мағынада қолданған. Оны халықтардың өздері дүниеге алып келген. ХІҮ ғасырдың өзінде-ақ Шағатай үлесіне тиген ұлыс халқы шағатай түріктері деп аталына бастаған. Ә. Науаи, Бабыр шығармаларында кездесетін шағатай елі осы Шағатай әулеті қол астына қараған халық деген мағынада қолданылған. Темурилердің таққа отыруы Шағатай ұрпағының беделін түсіргенімен, оны мүлде жоғалтып жібермеген. Ал Шайбани бастаған көшпенді өзбектермен соқтығысудың күшеюімен байланысты көшпенділер мен отырықшы түріктерді салыстыра атап, шағатай елі, шағатай тілі (сондай-ақ өзбек тілі) тіркесін қолдану көбейді: Ә. Науаида шағатай лафзи (шағатай тілі) термині қолданылған [3, 18 б ].
1. Оразов М. Шағатай тілі (А. Науаидың 550 жылдығына байланысты) . Қазақ ССР ҒА Хабарлары.Тіл, әдебиет сериясы, 1991, № 4, 41 – 50 бет
2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы: Ана тілі, 1996 – 304 б.
3. Оразов М. Шағатай тілі (жалғасы) ҚР ҒА хабарлары. Тіл әдебиет сериясы 1992, №1, 9-19 бет.
4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас. ред. Б. Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007. – 688 б.
5. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі Алматы: Ғылым, – 1968 – 334 бет.
6. Құрышжанов Ә., Ибатов Ә. Ескі түркі ескерткіштері жайында // Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы : Ғылым, 1981. – 198 б.
7. Өмірәлиев Қ. Оғыз қаған эпосының тілі . Алматы : Ғылым, 1988 – 280 бет.
8. Сағындықұлы Б.М. Ғаламның ғажайып сырлары Алматы: Ғылым, 1997 – 296бет.
9. Айдаров Ғ, Құрышжанов Ә, Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы: Мектеп, 1971 – 173 бет.
10. Сыздықова Р, Қойгелдиев М, Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы : Қазақ университеті, 1991 – 272 бет.
11. Сыздықова Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. Алматы: Сөздік – Словарь, 2004, - 552 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЕСКІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ ХАҚЫНДА

Р.А. ДОСЖАН
Филология ғылымдарының докторы,
Шымкент қ., ОПҚУ Отырар
институтының профессоры

Орта түркі дәуірінің қазақ тілінің тарихи даму үдерісін көрсетуде және
ондағы қазақ тіліне тән элементтерді айқындауда өзіндік мәні жоғары. Бұл
дәуірлерде түркі тайпалары іштей сараланып, жеке ұлт болып қалыптасты.
Әрине, жеке шаңырақ құрып, халық болып қалыптасу бір ғана кезеңді
қамтымайтыны тарихтан белгілі, оның тамыры ертеректен бастау алады. Бұл
дәуірлерде сырт елдермен қарым-қатынас жасай отырып, әдебиет пен мәдениет,
ғылым мен білім дамып, өркен жайды, соның ішінде араб, парсы тілдерінен
енген сөздердің сан мөлшері мол әрі мәдениетінің де ықпалы күшті болды.
Сөйтіп орта ғасырларда құнды да, көлемді ескерткіштер дүниеге келді.
Моңғол шапқыншылығы кезінде түркі тайпаларының араласып кеткендігінен,
олардың халық ретінде қалыптасуы 2-3 ғасырға артқа шегерілгендігі де анық.
Шыңғыс және оның ұрпақтарының сарбаздары түркі тайпаларының этникалық
құрамына айтарлықтай өзгеріс енгізе алмады. Моңғол сарбаздарының көпшілігі
Шыңғыспен бірге Отанына кері кетті, түркі тайпаларының арасында қалған
монғол сарбаздары өз тілін тез жоғалтып, түркі тайпаларының құрамына сіңіп
кетті [1, 42 б]. Өзге өлкелердегі сияқты Шыңғыс ханның екінші ұлы билік
құрған Шағатай ұлысында, яғни оның атымен аталатын аймақтарда ортақ әдеби
тіл қалыптасты. Шыңғыс хан Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін төрт ұлына
(Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) бөліп бергенде, Шағатайға Әмудария,
Сырдария, Мауераннахр, Жетісу, Іле, Шығыс Түркістан аймақтары тиген
болатын. Ал шағатай тілі дегеніміз – осы аймақтарда классикалық тіл ретінде
қалыптасқан орта ғасырлық түркі жазба әдеби тілі. Бұл жөнінде С. Исаев:
Ескі дәуірдің фактілеріне жүгінсек, шағатай (көне өзбек - староузбекский)
деп аталынатын тіл тек өзбек тілінің мұрасы емес, сонымен қатар қазіргі
Орта Азия, Қазақстан жерлеріндегі біраз халықтардың мұрасы, ортақ дәстүрі
екенін байқауға болады. Осы шағатай немесе көне өзбек деген терминдерді
кейінгі зерттеушілер енгізді, ал дұрыстығында ол шығармалардың авторлары
өздері жазып отырған тілді түркі немесе түрки тілі деп атап
отырғандықтарын айта кету керек, - дейді [2, 121б].
Шағатай тілі деген терминді алғаш орыс ориенталист ғалымдары
лингвистикалық термин ретінде қолданғанмен, олар оны ойлап таппаған, тек
жаңа мағынада қолданған. Оны халықтардың өздері дүниеге алып келген. ХІҮ
ғасырдың өзінде-ақ Шағатай үлесіне тиген ұлыс халқы шағатай түріктері деп
аталына бастаған. Ә. Науаи, Бабыр шығармаларында кездесетін шағатай елі осы
Шағатай әулеті қол астына қараған халық деген мағынада қолданылған.
Темурилердің таққа отыруы Шағатай ұрпағының беделін түсіргенімен, оны
мүлде жоғалтып жібермеген. Ал Шайбани бастаған көшпенді өзбектермен
соқтығысудың күшеюімен байланысты көшпенділер мен отырықшы түріктерді
салыстыра атап, шағатай елі, шағатай тілі (сондай-ақ өзбек тілі) тіркесін
қолдану көбейді: Ә. Науаида шағатай лафзи (шағатай тілі) термині
қолданылған [3, 18 б ].
Түркітанушылар шағатай тілін Орта Азия түркі әдеби тілі деп атаған.
Түркітанушы ғалымдар арасында шағатай тілінің қолданылған уақыты мен
таралу шегіне қатысты әртүрлі болжамдар айтылып келеді.
П.М. Мелиоранский бұл тілді 13-18 ғасырларға жатқызса, А.Н. Самойлович
шағатай тілінің үш түрлі даму кезеңіне: 1) қарахан дәуірі (11ғ); 2) оғыз-
қыпшақ дәуірі (12-14 ғасырлар ); 3) Сырдарияның төменгі жағы мен Хорезм
аймағын қамтитын (15-19 ғасырлар) Шағатай ұлысында дамыған жазба әдеби
тілді шағатай дәуіріне жатқызады. С.Е. Малов түркі әдеби ескерткіштері
тіліне тән кітаби тілдің біртіндеп ұйғыр дәуірінен шағатай дәуіріне өту
кезін (11-14 ғасырлар) атап көрсеткен. Мұндай түркі тілдес ескерткіштердің
қазірде белгілі болғандары қатарында Ж. Баласағұнидың Құтадғу білік
дастанын (12-13 ғасырлар), Махмұт Қашқаридың Диуани лұғат-ит-түрік
сөздігін (11ғ), Ахмед Йүгінекидің Һибат-ул-хақайиқ, Қиссасу-л-әнбия
еңбектерін атайды [4, 409-410 бб.].
Осы уақытқа дейін шағатай тілі жөнінде бір ортақ пікір жоқ және шағатай
тілінің табиғаты толық анықталмаған. XX ғасырдың 30 жылдарына дейін жазба
әдебиетте шағатай тілі қолданылып келді. Түрколог ғалымдар арасында шағатай
тілі терминінің орнына көне өзбек тілі атауы қолданылды. Енді бір
ғалымдар шағатай тілін көне өзбек тілі деп атауға қарсы. Қазақ ғылымдарының
ішінде Ә. Құрышжанов пен А. Ибатов, Р. Сыздықова, М. Оразов, С. Исаев, А.
Аманжолов, Б. Кенжебаев т.б., орыс ғалымдарының ішінде П.М. Мелиоранский,
В.В. Радлов, А.Н. Самойлович, С.Е. Малов, Ф.Г. Благова т.б. ғалымдар
шағатай терминін қолданды.
Орта ғасырларда қалыптасқан әдеби тілдің, біріншіден, біздің тілімізбен
тікелей байланысы бар, қазақ тілі лексикасының құрамындағы ортақ элементтер
осының айғағы. Екіншіден, Шағатай ұлысы деп аталатын аймақта қазақ халқының
да қоныстанып, өмір кешіп келе жатқанын ескерсек, шағатай тілді
жәдігерліктердің қазаққа да ортақ екенін жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан
шағатай тілінде жазылған еңбектерді басы бүтін көне өзбек тілінің үлесіне
тели салудың реті жоқ секілді. Себебі XIV ғасырларда толық қалыптасқан
шағатай тілі XX ғасырдың бас кезіне дейін қазақ өмірінде жазба тіл ретінде
қолданылып келді.
Ашық түрде жариялы болмағанымен, ғалымдар арасында, ең алдымен, шағатай
тілі деген терминнен бас тарту әрекетінің барлығы байқалады. Соңғы 50 жыл
бойында Орта Азия халықтарының XIII – XV ғасыр әдебиетін зерттеген өзбектің
тілшілері мен әдебиетшілері шағатай тілі терминін қабылдамай, сол термин
аясында топтастырылып жүрген тарихи ескерткіштер мен ақын-жазушыларының
тілін ескі өзбек тілі деп атап, ақын-жазушыларын өзбек халқының өкілі
ретінде танып жүр. Көне дәуір және орта ғасыр түркі әдебиетінің жетік
маманы Н.М. Маллаев та өз зерттеулерінде шағатай әдебиеті терминін
қолданбайды. Тек өзбек әдебиетінің тарихын тарихи кезеңдерге бөле отырып,
ең көне әдеби ескерткіштер мен X–XIII ғасыр әдебиеттері басқа да түркі
тектес халықтарға ортақ мұра деп есептейді. XIII ғасырдан бергі жазба
мұраларды өзбек әдебиетінің төл туындыларының қатарына жатқызады. Оқулықтың
(Маллаев Н. Узбек адабиети тарихи. Тошкент, 1976. – 8-9 б. Р.Д.) қалған
бөлімінде Хорезмий, Қутб, Сайфи Сараи, Дурбек сияқты ақындарды өзбек
әдебиетінің өкілдері деп есептейді. Мұндай пікір тек әдебиетшілерінің ғана
емес, өзбек тілшілерінің арасында да бар. Жалпы шағатай тілі терминінен бас
тарту орыс-ориенталист ғалымдарынан басталған. Октябрден бұрын жасаған
ғалымдарды былай қойғанда, советтік тюркологияны қалыптастыруға белсене ат
салысқан Н.К. Боровков, А.М. Шербактар шағатай тілінің орнына ескі өзбек
тілі терминін қолдануды жөн көрген. Мысалы, А.К. Боровков шағатай тілін
ескі өзбек тілімен тең көрген Староузбекский язык чагатайской эпохи
тесно примыкает к восточно-тюркской литературной традиции, – деп жазған
болатын. А.М. Щербак болса Лутфи, Саккаки, Атои, Науаи, Бабыр, М.Салық
сияқты ақын-жазушылардың шығармаларының тілін жинақтап, өзбек тілі деп
атайды. Бірақ А.М. Щербак шағатай тілі деген терминнен мүлде қол үзіп
кеткен емес, тек шағатай тілі термині мен ескі өзбек тілі терминін тең
санап, біріншісін ескі традициялық термин деп көрсетеді [1, 42 – 43бб].
Түрколог ғалым М. Оразов шағатай тілі жөнінде осылай зерттеулер жүргізе
отырып, шағатай тілін ескі өзбек тілі терминімен тең санамайтындығын айта
келе, шағатай әдеби тіл үлгісінде шығармалар жазған Саккоки, Атои, Лутфи,
Гадои, Науаи, Бабыр, Хусайн Байқараларды өзбек әдебиеті тарихынан шығарып
тастау керек деген пікірден аулақ екендігін айтады. М. Оразов Н.
Келімбетовтың Бабырды көне қазақ әдебиетінің өкілі ретінде көрсетуіне
қосылмайды. Бабырнамада қазақ тарихына тиісті материалдардың көп
болғанымен, ол классикалық шағатай тілінде жазылған дей отырып, екінші
жағынан классикалық шағатай әдеби тілінің бірден-бір мұрагері өзбектер
болып саналатындығы дәлелденгендігін айтады [3, 17 б].
Қазақ ғалымдары арасында шағатай тілі термині айтылғанда, оны кітаби тіл
терминімен синоним ретінде ұсынатын тұстары да кездеседі. Алғашқы кезде
орыс ориенталистері кітаби тіл деп XIX ғасырда пайда болған діни қисса-
жырлардың тілін атаған.
Р. Сыздықова Ә. Құрышжановтың: ... шағатай тілі, яғни орта азиялық түркі
жазба тілі мен қазақ даласында қолданылған кітаби тіл деген бір категория
емес деген пікірін келтіре отырып, діни тақырыпта жырланған қисса-
дастандарда кітаби тілдік сипат негізінен лексикасында болды дейді. Бұларды
о баста қазақтар кітап өлең деп атағанда, олардың тіліне қарап емес,
кітаптан оқылатындығына қарай атағаны сөзсіз, бірақ кейін қазақ халқының өз
жырлары кітап болып шыққанда, екеуінің арасындағы тематикалық та, тілдік
те, көркемдік те айырмасы қарапайым оқушының өзіне сезіліп тұрғаны және
даусыз, сондықтан кітаби өлең, кітаби ақын дегендер жаңа діни мазмұнды,
тілі өзгешелеу дүниелерге телініп, күні бүгінге дейін термин болып
қалғанын көреміз [5, 34 б.]. Кітаби тіл терминіне бір ізді түсінік берілмей
келе жатқанын айта келіп, М. Оразов та: Кітаби тілге байланысты элементтер
дегенде нақтылы, бармақпен санап көрсететін грамматикалық формалар, сөздер
бар дегенге сенуге болмайды, – дейді [3, 18 б]. Кейінгі еңбегінде: Бірақ
шағатай тілінің ықпалы кеңсе тілінде, зиялылардың хат-хабарларында соңғы
кезге дейін (ХХ ғасырдың басына дейін) сезілерлік дәрежеде болғандығын
дәлелдеуге болады. Қазақ тілшілері жеке бөліп жүрген кітаби тіл осы
шағатай тілінің жалғасы болып саналатынын айтады [11, 176 б].
Шағатай тілі жасанды тіл, оның тілі көпшілік халыққа түсініксіз деген
де пікірлер болған. Алайда шағатай тілі түркі дүниесінен өзге бір ортада
қалыптасқан тіл емес. Шағатай тілінің түсініксіз болуы араб, парсы
сөздерінің көне грамматикалық көрсеткіштердің және сөйлем құрылысында араб,
парсы сөйлем үлгілерінің көп сақталуына байланысты.
Шағатай тілі қай кездерден бастап қалыптасып, әдеби тіл ретінде
қолданыла бастады дегенде, көпшілік ғалымдар XIII ғасырдан басталғандығын
айтады. Қандай ескерткіштер шағатай тілінде жазылды дегенде де әртүрлі
пікір ала-құлалығы байқалады. Бір ғалымдар шағатай тіліне жатқызған
ескерткіштерді екінші бір ғалымдар шағатай тілінің ескерткіші деп
есептемейді. Шағатай тілінің толық қалыптасқан кезеңін көпшілік ғалымдар
XIV ғасырмен байланыстырады.
Шағатай тілінің басын Ә.Н. Нәжіп XIV ғасырда Орта Азияда пайда болған
Дурбектің Юсуф – Зулейхасынан (Жүсіп – Зылиқа) бастайды. Сондай-ақ XIV–XV
ғасырларда жазылған Хорезмидің Мухаббатнамасы, С. Сараидың Гулстаны
сияқты дастандардың тілін й тілі деп есептейді.
Осылайша, шағатай тілінің әуелгі бастама белгілерінде жазылған әдеби мұра
ретінде Оғыз-наме тілін де осы Дурбектің Юсуф – Зулейхасының қатарында
санайтын әдет те бар. Мысалы, Н.А. Баскаков Оғыз-намені Шағатай ұлысының
әдеби тілінде жазылған ескерткіштер қатарына қосады. Бірақ оны сельджуктер
тайпасының құрамына енген оғыз руларының көнерек ескерткіші деген пікір де
бар [6, 119 б.].
Ескерткіштердің тілін зерттеуде олардың қай дәуірлерге қатыстылығы
ондағы оқиғаның болған мерзіміне қатысты емес, сол оқиға жазылған кезеңге
қатысты анықталады. Ескерткіш қай дәуірде жазылса, сол дәуірдің тілдік
ерекшелігі сақталады. Сондықтан Оғыз қағанның түпнұсқасы IX-X ғасырларда
жазылған болу керек деген болжам бар.
Атақты Оғыз-наме дастаны XII ғасырда туып, XIV ғасырда кең тараған,
ол Орта Азия тұрғындарының тілінде айтылып жүрген деген пікір дастанның
таралу мерзімі жағынан алдыңғы пікірлермен сәйкес келеді [43, 6б.] Тілші
ғалымдардың біразы бұл дастанды XIV ғасыр ескерткіші деп есептейді.
Пелльо ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Публицистика жанрлары
Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы («Мұқаддимат әл Әдаб», XIV ғасыр)
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Яссауи мұрасы
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
Қазақ тілінде біріккен сөздердің зерттелуі
Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
ҚТС - дағы зат есіммен байланысатын етістікті сөз тіркестерінің синтаксистік құрылымдарын өзге тілдермен салыстыра, салғастыра отырып зерттеу
Пәндер