Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы туралы


Мазмұны
Кіріспе
І-Тарау. Көші-қон үрдістерін зерттеудің теориялық негіздері
1. 1. Халықтың көші-қоны - демографиялық үрдістердің қалыптасу негізі.
1. 2. Көші-қон үрдістерін зерттеуге арналған түпнұсқаларды талдау
ІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы……
2. 1. Қазақстан халқының демографиялық үрдістерінің өзгерістері
(санақ өткізілген жылдар бойынша)
2. 2. Көші-қон үрдістерінің тарихы. .
ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі көші-қон үрдістері
3. 1. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі көші-қон қозғалысының ерекшеліктері
3. 2. Қазақстан Республикасындағы көші-қон қозғалысының мәселелері мен жетістіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының ауқымы 2724, 9 мың шаршы шақырым. Қазақстан Республикасының құрамында 14 облыс бар. Жалпы халықтың тығыздығы 1км 2 . -ге -5, 7 адамды құрайды.
Халықтың саны жөніндегі ғылыми теория еңбек ететін халықты қоғамның басты өндіргіш күші, бүкіл қоғамдық өндірістің негізі ретінде қарастырады. Халық табиғатпен (географиялық ортамен) үнемі әрекеттесе отырып, оны қайта түлетуде белсенді рөл атқарады. Сонымен бірге, халық жасалатын бүкіл материалдық игіліктердің басты тұтынушысы болып табылады.
Ал, халықтың миграциясына (көші-қонына) келетін болсақ, Миграция дегеніміз - яғни, адамның бір жерден екінші бір жерге тұрақты, мезгілді немесе уақытша орнын ауыстыруын атайды. Миграция халықтың орналасуына, санына, құрамына үлкен әсерін тигізеді. Миграцияның негізгі себебі экономикалық себебке байланысты, бірақ олар саяси, ұлттық, діни, экологиялық және басқа да себептермен тығыз байланысты. "Адамдар", - деп жазды Н. Н. Баранский, - жыл құстары емес, сондықтан олардың қоныс аударуы биологиялық емес, қоғамдық заңдылықтарға байланысты /3/. Халықтың ішкі көшіп-қонуының бірнеше түрі бар. Оған халықтың ауылдық жерден қалаларға көшуі жатады, мұндай көшу көптеген елдерде олардың өсуінің негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде көшіп-қонудың бұл түрінің кең өрістегені соншама, оны “ХХ-ғасыр халықтарының ұлы қоныс аударуы” деп атай бастады. Халықтың территориялық орын ауыстыруы ірі және шағын қалалардың арасында да жүреді.
Тәуелсіздік тұғырына ту тіккен тұстағы егемендігіміздің елеулі шараларының бірі - көші-қон мәселесін қолға алу еді. Қазақстандағы қазіргі қалаптасқан нақты жағдайға сүйенгенде демографиялық жағдайды жақсартудың бір жолы бар. Ол сырттан көшіп келушілерді көбейту. Үкіметіміз шама-шарқы келгенше қолдан келген жағдайын оралмандар үшін жасап жатыр. Әрине, жұмыс болған соң кемшіліксіз болмайды, бірақ соның бәрі қаржы тапшылығына келіп тіреледі. Ең бастысы, оралмандар бұрын “төркінсіз, жетім қыздың” күйін кешіп келсе, енді олар артымызда іздеушіміз бар екен деген дәрежеге жетті. Өйткені Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабында: ”Республикада өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік беріледі”-деп атап көрсеткен /8/.
Ғасырлар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетті қазағым, енді өз елінде жиналып бас қосып ата-бабаларымыз өмір бойы аңсаған егеменді Қазақстан мемлекетін құрып нығайту.
Енді қазақтың кең даласын - малға, қаласын - адамға толтыруды қажет етеді. Оған бір адамдай үлес қосу барша қазақтың парасаттық парызы болмақ.
І-Тарау. Көші-қон үрдістерін зерттеудің теориялық негіздері.
- Халықтың көші-қоны - демографиялық үрдістердің қалыптасу негізі
Халықтың көші-қоны тек экономика мен әлеуметтік саланың дамуындағы емес, сондай-ақ ұлтаралық қатынастардағы өзгерістерді сезінетін өзіндік барометр болып табылады. Нарықтық қатынастар өтетін күрделі кезеңде көші-қон үрдістері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған, олардың құрылымы мен экономикалық факторлардың анықталуының сақталу кезіндегі себептер өзгереді. Өндіргш күштердің орналасуы мен дамуындағы қозғалыстармен, сондай-ақ мезгілді және маятниктік орын ауыстырулармен байланысты болып келетін көші-қонмен қатар, олардың біздің қоғамға тән емес жаңа түрлері пайда болады. Олардың ішінен ұлтаралық қақтығыстар, экономикалық және табиғи апаттар нәтижесінде туындайтын мәжбүрлік көші-қон деп аталатын түрін бөліп көрсетуге болады. Бұған, сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздерінің тарихи отандарына қайтып оралуымен байланысты болып келетін көші-қонды да жатқызуға болады.
Көші-қонның классикалық түрлері сияқты, оның жаңа түрлері де бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды, бір жағынан халықтың көші-қондық белсенділігін арттыратын, ал екінші жағынан осы үрдістерді тежейтін жалпы факторлар біріктіреді.
Қазіргі кезеңде көші-қон сипатын айқындайтын басты қозғауш күш - нарықтық қатынастардың дамуы. Бұрынғы одақтық республикалардың жаңа экономикалық қатынастарға өту үрдісі жұмысшылар мен өндірістік саланың босауы есебінен, сондай-ақ жұмыссыздар армиясының пайда болып, оның экономикалық дамудың тұрақты факторына айналуының нәтижесінде халықтың миграциялық белсенділігін артуын тудыратыны даусыз. Халықтың миграциялық қозғалысының төмендеуі, негізінен, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың шиеленісуімен, яғни Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты. Адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруды біршама кейінге қалдырып, сол жерде тұрақтай тұрады. Тек төтенше жағдайлар - ұлттық белгілер бойынша қудалау, ұлтаралық қақтығыстар ғана адамдарды үйреншікті жерінен кетіріп, оларды босқындарға айналдырады. Халықтың миграциясына әсер ететін факторларға, сондай-ақ, елдің, әсіресе ірі қалаларындағы экологиялық және криминогенді жағдайлардың нашарлауын жатқызуға болады. Миграцияның жаңа кезеңінің айрықша ерекшелігі бұрыннан да айқын көрініс беретін миграцияның ұлтаралық факторлары болып табылады. Миграциялық үрдістер әсері нәтижесінде халықтың этноұлттық құрылымының өзгерісін талдау өте маңызды болып келеді.
Миграциялық үрдістер бұзушы сипатқа ие болмай, біріктіруші қызмет атқару үшін, белгілі бір мақсатты көздейтін миграциялық саясат қажет. Миграциялық үрдістерді басқару мәселесі арнайы келісімдерде, сонымен қатар сол мемлекеттер арасындағы миграциялық мәселелер жөніндегі екі жақты келісім жасасу негізінде көрініс табу қажет.
Қоныс аударудың мүмкін болатын масштабтарын бағалау кезінде, ең алдымен, экономикалық факторларды ескеру қажет. Кез-келген аумақ белгілі бір өмірлік сыйымдылыққа ие болады (яғни, жұмыс орындарының саны, жыртылған жер аумағы, үй, пәтер қоры) . Бұл шектеулер қалаларға қатысты (тіркеу тәртібі өзгертілсе де) .
Қоныс аудару кезінде, босқындарды жаңа жерге орналастыру кезінде олардың құрамының ерекшеліктерін толық ескеру қажет: ауыл немесе қала тұрғыны ма, мамандығы қандай және жүргізген шаруашылығының түрі, балаларының және қамқорында кәрі-құртаңның болу-болмауы және т. б.
Осыған байланысты қоныс аудару мәселесінің жалпы одақтық бағдарламасын дайындау алға қойылған. Бұл бағдарламада аз игерілген аумақтарды қоса, мүмкін болатын орындарды, қоныс аударушыларды орналастыруға кететін қажетті шығындарды қарастырған жөн. Бұл мақсаттарға байланысты миграция үрдістерін қозғайтын, ТМД елдеріне мүше барлық мемлекеттер арқылы қаржы-қаражат жинақталатын арнайы аймақаралық қор құру қажет. Ал қоныс аудару ерікті түрде жүзеге асырылуы керек.
Біздің елімізде миграция маңызды роль атқарады. Миграция мәні келесі объективті жағдайлар арқылы анықталады: еліміздің ұлан-ғайыр аумағы; әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен деңгейінің айтарлықтай кеңістіктік дифференциациясы, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі; ТМД-да әлі күнге дейін негізгі миграциялық тасқын болып табылатын, ауылдан қалаға қарай ағылған қарқынды урбанизация үрдісі;
50-жылдардың ортасынан 80-жылдардың аяғына дейін дәл осы факторлар КСРО-дағы халық миграциясының масштабы мен бағытын анықтаған болатын, ал соңғы уақытта бұларға жаңа факторлар қосылды: босқындардың толық тасқынын тудырған ұлтаралық қақтығыстар; ұлттық шекара ашу үрдісін күшейтіп, ұлттық және әлеуметтік қатынастарды тежеген республикалардың егемендігін алу үрдісі;
Ел өміріндегі либерализация, дүниежүзілік бірлестік арқылы мойындалған адам құқтарының кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған қозғалыстар, соның ішінде еркін көшіп-қонуға құқық берілуі эмиграцияның ұлғаюын тудырады.
Халық миграциясы - тұрақты тұрғылықты жердің ауысуымен байланысты болып келетін адамдардың (мигранттардың) орын ауыстыруы. Бағытына байланысты халық миграциясын ішкі және сыртқы деп бөлуге болады, оларды мемлекетке қатыстылығы жағынан эмиграция және иммиграция деп атайды. Мигранттар бір елге басқа бір үшінші елден өтіп келсе, халық миграциясының мұндай түрін транзитті миграция деп атайды. Елді мекендер жүйесіне байланысты қалааралық, ауыларалық, ауылдан қалаға, қаладан ауылға бағытталған миграцияларды бөліп көрсетеді. Халық миграциясы адамның өз еркімен жүзеге асатын ерікті миграцияға, сондай-ақ мәжбүрлі және еріксіз миграцияға бөлінеді.
Халық миграциясын әртүрлі белгілері арқылы жіктеуге болады: миграция себептері, олардың аумақтық қамтылуы, ұзақтығы, мигранттар құрылымы.
Себептеріне байланысты миграцияны екі негізг топқа бөлуге болады: Экономикалық және саяси. Экономикалық себепті миграцияларға, негізінен, адамдардың ерікті таңдауы мен шешімі нәтижесінде жүретін және материалдық жағдайды жақсартуды көздейтін барлық қоныс аударулар жатады. Бұл категорияға жер шарында әлі күнге дейін орын алған көптеген миграциялар жатады.
Соңғы бірнеше онжылдық ішінде әлемде экономикалық жағдайларға тәуелсіз, тек қана саяси себептер нәтижесінде туындаған едәуір саяси миграциялар байқалуда. Осы уақытқа дейін саяси миграциялар қоғамның азғантай тобын қамтыса, біздің ғасырда олар жалпылама сипатқа ие болды. Бұл миграциялар халықтың барлық түрдегі жаппай орын ауыстыруын, мысалы, мемлекеттік шекараның өзгеруі нәтижесіндегі халықтың өз еліне өтуін, дискриминацияның әр алуан түрлерінен халықтың жаппай қашуын және т. б. кіріктіреді.
Миграцияның басқа түрлері тұрақты сипатқа иеленбейді. Оларға, мысалы, жоғары дамыған елдерде қазіргі кезде көлемді масштабтарды иеленіп отырған туризмді, сондай-ақ діни сенімге байланысты (мысалы, мұсылман қауымның Меккеге қажылыққа аттануы т. с. с. ) болып келетін миграцияларды жатқызуға болады.
Аумақты қамтуы бойынша миграция 3 топқа бөлінеді: а) континентаралық, б) мемлекетаралық (яғни бір континенттегі мемлекеттер арасында, әдетте көршілес мемлекеттер арасында жасалады), в) мемлекетішілік
Ұзақтығы бойынша миграцияны екіге бөлуге болады: а) тұрақты миграция, яғни мигранттар жаңа жерде не біржола, не біршама ұзақ мерзімге қалатын тұрақты миграция және б) 1-2 жыл көлемінде қайтуды көздеп, табыс табу үшін жасалатын мезгілді миграция. Әдетте, мезгілді миграциялар бір континенттегі мемлекетаралық қоныс аударуларда басым болса, континентаралық миграциялар тұрақты миграциялық сипатқа ие болады.
Мигранттар құрылымына қарай миграцияларды төмендегідей жіктеуге болады: өндірістік және қалалық орталықтарға бағытталған миграциялар; ауылшаруашылықтық миграциялар; қазіргі уақытта ауылшаруашылықтық миграция маңыздылығын біртіндеп жойып келе жатыр.
- Көшіп-қону үрдістерін зерттеуге арналған түпнұсқаларды талдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz