Евро


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны


Кіріспе

1. Евроға хроника

1. 1. Еуропалық валюта жүйесінің тарихы . . . . . …. 5

1. 2. Еуропалық Одақтың пайда болуы. ……. 8

1. 3. Евроны айналымға шығару кезеңдері . . . . . . …. 10

2. Евро - жаңа валюта

2. 1. Еуропалық валюта жүйесін құрудың себептері . . . . . . 13

2. 2. Евроның халықаралық валюта нарығындағы функциялары . . . 16

2. 3. Капитал нарығында евромен жүргізілетін операциялар……… . . . 18

3. Евро және Қазақстан . . . 22

Қорытынды

Қосымша

Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе

Еуропаның әр мемлекеті өзінің кеден салығы, валютасы, импорт және экспорт ережелері, қаржылық операцияларды жүргізу заңдары болғандықтан бірігу қажеттілігі туды. 1991 жылдың желтоқсанында мемлекеттер басшылары - Еуропалық бірлестіктің мүшелері Экономикалық және Валюталық Одағын (ЭВО) құру, сонымен бірге бір валюта қолдану жайлы Маастрихт келісімін қарастырып, қол қойды.

Жеті жыл бойғы қарқын дискуссиялардан және қызу дайындалу жұмыстарынан кейін ЭВО жүзеге асырылды. Бастапқы кезеңде оның құрамына 11 мемлекет кірді - Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Финляндия және Франция. 1999 жылдың 1 қаңтарында ЭВОның мемлекет қатысушалары бірыңғай валюта ЕВРО енгізді. Ұлттық валюталар әлі де қолданыста болғанымен, олар өздерінің экономикалық дербестігін жоғалтып, евроның ондық емес номиналдары ғана саналады. Жаңа валютаны шығару процесі келесі екі айда аяқталды, сол уақытта евро банкноттары мен монеталары айналымға шығады да, ал ескі ұлттық валюталар қолданыстан шығарылды.

Еуропалық Одақтың (ЕО) саясаттық және экономикалық әсер етуі тек Еуропаны ғана қамтымайды. ЕОның басты мақсаты одақтың экономикалық потенциялына сәйкес жаңа дүниежүзілік валюта шығару болып табылады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - евроны айналымға шығаруға байланысты маңызды сұрақтарға жауап беру, яғни Еуропалық валюталық жүйені зерттеу, динамикада евроның пайда болу процесін қарастыру, бірыңғай еуропалық валютаның перспективасына шолуы мен бағалауын ұсыну. Курстық жұмыста көптеген мәселелер жалпы контурда берілгендігін ескерту керек. Оның себебі - евроны шығару бұл бір мезеттік операция еместігі, бұл белгісіздіктің жоғары деңгейлі ұзақ динамикалық процесс. Берілген зерттеулердің мақсаты болып сонымен бірге жаңа валютаны Қазақстан Республикасының экономикасына енгізудің әсерінің анализі табылады.

Курстық жұмыстың мақсаттары:

  • Еуропадағы экономикалық интеграцияның пайда болуы мен дамуының тарихын қарастыру
  • Бірыңғай еуропалық валютаның мақсаттарын зерттеу
  • Қазақстан Республикасы экономикасына евроның әсерін қарастыру
  1. Евроға хроника

1. 1. Еуропалық валюта жүйесінің тарихы

Еуропалық мемлекеттер арасында Валюталық Одақтар құру әрекеттері сол XIX-XX ғғ. басында жасалынған болатын.

Бірінші валюталық одақ болып Австрия-Герман валюталық одағы саналады (1857-1866 жж. ) . 1857 жылы Австрия Герман кеден одағының мүшелерімен келісім-шарт жасады. Берілген келісім-шартта үш түрлі валюта келісілген тұрақты айырбастау курсы және жалпы есеп бірлігімен байланысты болуы туралы айтылған-ды. Бірақ ұлттық валюталардың болатын. Бір жақ өзінің міндеттерін орындамаушылық өкілетті жоғары орган болмады. Банктік және ақша жүйесінің шынайы интеграциясының жоқ болғанымен, жоққа шығарылмады. 1866 жылы Австрия мен Пруссия арасындағы саяси ұрыс соғысқа айналып, одақ ыдырап кетті.

Франция инициативасы бойынша 1865 жылы Латын валюталық одағы құрылды (1865-1878 жж. ) . Оған Франция, Бельгия, Италия, Швейцария кірді. Одақ ішінде Франция қолбасшы ролін ойнады. Қалған үш мемлекет одақты құруға дейін алтын мен күміс арасындағы жазып алынғанына байланысты француз биметалдық стандартты қабылдаған болатын. Валюталық кооперацияға арналған база болған-ды. Келісім-шарттың мақсаты монета соғудың бірыңғайлығы болды. Оның себебі - ұлттық қазынашылықтардың монеталары заңды төлем құралы ретінде қабылдау. Эмиссия әр мемлекеттің халық көлеміне байланысты шығарылған формулаға сәйкес жүргізілді. Бұл одақ басты екі себепке байланысты табысты болмады. Бірінші себеп - келісім-шартта банкноттардың кең қолданылуы есепке алынбады, ал екінші себеп күміс құнының алтын құнына байланысты уақытылы төмендеуі болып табылады. 1878 жылы күміс монета соғуды тоқтатты, ал бұл жағдай одақтың ары қарай қызмет атқаруының соңын дәлелдейді.

Скандинав валюталық одағы (1875-1917 жж. ) Дания, Норвегия, Швеция арасында бірыңғай монета шығару туралы келісім-шартта құрылды. Конвенцияда банкноттарды айналымға шығару туралы ережелер көрсетілмеген болатын, бірақ онсыз да берілген мемлекеттерде банкноттар кең қолданыста болды. Алтынмен жүргізілетін операцияларды үнемдеу арқылы және оңтайлы халықаралық клиринг механизмін шығару арқылы одақ бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін жұмыс атқарды. Бірінші дүниежүзілік соғыс скандинав мемлекеттерінің экономикалық және қаржылық жүйелерінің берекесін келтірді. 1917 жылы елдер өзара операцияларда алтынды ғана қолданды, ал ол өз кезегінде одақты жоққа шығарды.

Бельгия-Люксембург экономикалық одағы 1921 жылы пайда болды. Люксембург франкы Бельгия франкына бір де бір байланысымен бекітті. Екінші дүниежүзілік соғыста басып алынған Люксембург неміс валюталық зонасының бөлігі болды, бірақ 1944 жылы қайта қарастырылған келісім-шарт Люксембург пен Бельгия франктарының құндарын теңестірді. 1981 жылы берілген валюталық ассоциация шеңберіндегі валюталық одақтың болашақ құрылымын қарастыратын тағы бір детальданған келісімге келді. Бельгиялық банкноталар мен монеталар Люксембургта заңды төлем құралы саналды, ал Люксембург банкноталары мен монеталары Бельгияда заңды төлем құралы болып есептелмеді, бірақ бельгиялық банкнота немесе монетаға ешқандай тиімділіксіз айырбасталды. Басқа валюталарға аталған валюталардың сыртқы құны бірдей болды. Үшінші елдердің валюталарына байланысты курстық саясат өзара келісім арқылы орындалды. Бұл екі елдің экономикалық көрсеткіштерінің айырмашылықтары болғанымен де, валюталық одақ 70 жылдан көп уақыт қызмет етуде.

1979 жылдың 13 наурызынан бастап құрамына 8 мемлекет: Германия, Франция, Бенилюкс, Италия, Ирландия және Дания кіретін Еуропалық Валюта Жүйесі (ЕВЖ) қызметін бастады. ЕВЖ үш элементті құрды: еуропалық валюталық бірлік - ЭКЮ; валюталық курстардың бірыңғай тербелу тәртібі - «супержылан»; Валюталық бірлестіктің Еуропалық қоры.

ЭКЮ - құрылымдық валюта, оны Бірлестіктің мемлекеттерінің ұлттық валюталар қоры қолдады. Әр қатысушының бөлігі мемлекеттің тұтас жалпы өнімінің және өзара саудадағы салмағына байланысты болды. Үлестері келесідей бөлінді:

32, 7% неміс маркасы

20, 8% француз франкі

11, 2% ағылшын фунты

10, 2% голланд гульдені

7, 2% италиан лирасы

8, 7% Бельгия және Люксембург франктері

4, 2% испан песетасы

2, 7% дат кроны

1, 1% ирланд фунты

0, 7% португал эскудасы

0, 5% грек драхмасы.

Еуропалық Одақ елдерінің айырбас курстарының қазіргі механизмі валюталардың өзгеруін біреусінің екіншісіне байланысты 2, 25% және диапозоны 15 %-дан аспау шегіне қойды.

ЕВЖ-н құру туралы шешімінде ЭКЮ:

  1. Валюталық курстарды анықтайтын есеп беру механизмінің негізі
  2. Ақша құралдар ішіндегі курстың ауып кету көрсеткіштерін анықтау негізі
  3. Валюталық интервенциялар, мәмілелерге тұру және несиелерді ұсынуды жүзеге асыру құралы
  4. ЕО-ң мүше-мемлекеттерінің орталық банктері және Еуропалық Экономикалық Одақтың валюталық органдары арасындағы есеп беру құралы
  5. Шынайы резервті актив болып табылады.

Батыс Еуропа интеграциясын дамытудың жаңа кезеңі - валюталық және экономикалық одақты құру бағдарламасы Ж. Делор комитетімен 1989 жылдың сәуірінде орнатылды.

  1. Еуропалық Одақтың пайда болуы

«Делор» жоспары жалпы нарықтың пайда болуын; Еуропалық Одақта бәсекелесті қолдау; инфляция, баға тұрақтылығын және экономикалық өсуді сақтау мақсатында экономикалық, бюджеттік және салық саясатын үйлестіру; мемлекеттік бюджет дефицитін азайту және оны жабу әдістемесін дамытуды көздейді. 1991 жылдың желтоқсанына қарай «Делор» жоспары негізінде Экономикалық және Валюталық Одақтың (ЭВО) этаптық құрылуын қарастыратын Еуропалық одақ туралы Маастрихт келісім-шарты жасалды.

Бірінші этап 1990 жылдың шілдесінде ЕО-та капиталдардың қозғалысы бойынша валюталық шектеулердің тұтас жоюымен бір уақытта басталды. Экономикалық даму деңгейлерінің жақындатуына, инфляция қарқынының төмендетуіне және бюджет дефицитін азайтуға басты көңіл бөлінді. Екінші этап 1944 жылдың қаңтарында Франкфурт-на-Майнеде (Одақтың Орталық Банкі орналасқан қала) құрамына Одақтың мүше мемлкеттерінің Бас орталық банктері кіретін Еуропалық Валюталық Институтын ашқанда басталды.

1995 жыл маңызды жыл саналады, өйткені келешек валютаның нақты перспективалары аңғарыла басталды. Сол жылдың желтоқсанында Мадридте Еуропалық Одақтың отырысында 1999 жылдың 1 қаңтарынан жаңа валютаны енгізу шешімі қабылданды және валютаның атауы туралы да сұрақ шешілді. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары бірыңғай валютаны «ЕВРО» деп атап, саяси дауға нүкте қойды.

Еуропалық Одақтың 15 елдерінің ойы бойынша «евро» атауы осы аймақтың тарихи және мәдени тұтастығын дәлелдейді және де бұл атау нейтралды атау саналады, себебі ұлттық дау шақырмайды.

Қолма-қол айналымға жеті номиналды банкнот шығару шешілді: 5, 10, 20, 50, 100, 200 және 500 евро, сонымен қатар 8 монета, номиналдары: 1/100, 2/100, 5/100, 1/10, 2/10, 5/10, 1 және 2 евро. Еуропалық одақта ұзақ уақыт бойы болашақ еуропалық ақшаның сыртқы түріне байланысты таластар жүрді. Евроға Еуропаның атақты «аталарының» суреттері мен ұлттық символдарын енгізу ұсыныстары көп болды. Бірақ бұл тек ірі елдердің атағын көтеріп, кіші елдердің ұлттық сезімдерін туғызып, теңсіздік тудырар еді.

1996 жылдың соңында Еуропалық валюталық институт Батыс Еуропаның архитектуралық стильдеріне байланысты салынған көркемдік евроға тоқталды. Банкноттарда нақты архитектуралық ескерткіштер мен ғимараттар емес, түрлі эпохаларға тиісті - ежелгіден қазіргі кезге дейінгі ғимараттардың қоспа суреттері мен детальдары болады деп шешілді. Бұдан басқа банкноттарда латын және грек әріптерімен «ЕВРО» жазуы, Еуропалық Одақтың туының суреті, эмитент реквизиттері және Еуропалық Орталық Банкінің президентінің қолы болады. Сонымен қатар олар жалғандықтан сақталған болады. Евроның эмитенті - Еуропалық Орталық Банк.

Валютаны келесі міндеттемелерді қанағаттандыратын елдерде ғана енгізу рұқсат етілді:

  • Инфляция деңгейі 1, 5 %-н аспауы керек
  • Мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 60 %-дан аспауы керек
  • Мемлекеттік дефицит ЖІӨ-нің 3 %-дан аспауы керек
  • Минимум екі жыл бойы валюталық курстың тербелулерінің шегі орындалу керек
  • Ұзақ мерзімді пайыздық ставкалар 2 %-дан аспауы керек.

Шарттар қатал, бірақ олардың орындалуынсыз бірыңғай валютаға көшу тиімсіз. Өйткені дамыған елдердің ұлттық байлығы аз дамыған елдерге құйылып кету себебінен. Одан кейін құнсыздану, сосын - валюта мен одақтың тұтас экономикалық жүйесінің жоюлуына әкеп соқтырады.

  1. Евроны айналымға шығару кезеңдері

Евроны айналымға шығарудың процедурасы үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең 1999 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл кезеңде евро нақты ақшасыз есеп берулерде экономикалық және валюталық одақтың елдерінің ұлттық валюталарымен тең жүрді. Берілген процесс әрине жоғарыда айтылған шарттардың орындалуы кезінде ғана жүргізілді.

Бірінші кезеңде негізгі қаржылық жүйелер екі жақты қайта есептеу функциясымен қамтамасыз етілген болу керек. Яғни қандай да бір сома бір уақытта екі валютада, евро мен ұлттық валютада енгізілді және есептеу жүргізілді.

Тәжірибеде теорияға қарағанда бұл кезең қиын жұмыстардын өтті. Евроға өту - арзан ғанибет емес. Gartner Group корпорациясының аналитиктарының айтуы бойынша Еуропаның кәсіпорындарының осы операцияға кеткен шығындары 150 млрд. АҚШ долларынан 400 млрд. АҚШ долларына дейін құрды ( IBM компаниясының специалистерінің есептеулері бойынша - 175 млрд. АҚШ доллары) .

Қайта есептеудің нақты ережелері жоқ. Мысалға, лира мен испан песетасын дөңгелектеу жағдайында не істелік? Бұл кезде сандар неміс маркасын немесе голланд гульденін есептеуден біршама көп болады, бұл Еуропа кәсіпорындарына қиынға түсті. Оған қоса Экономикалық және валюталық одақ есептеулерде үтірден кейінгі алты санға дейінгі нақтылықты қажет етті, бірақ бұл дөңгелектеулер күрделі қателіктер әкелуі мүмкін болды. Бірыңғай валютаның жағымды жақтарының (ақшаны айырбастамай саяхат жасау және әр уақытта банктік комиссия төлемеу) болғанымен де, әр кассалық құралды және сауда автоматын жаңа банкноталар мен монеталарға қайта ұйымдастыру керек боды. Бұл үлкен ауыртпалыққа түсер еді, егер Экономикалық және валюталық одақ келесі шешімді қабылдамаса: 1999 жылдың 1 қаңтарынан барлық тауарлар мен қызметтерге еврода және жергілікті валютада бағаны көрсету міндетті.

Сонымен қатар банкаралық есептеулерде және қор биржасында ұлттық валюталар қызметін аяқтап, евроға ауыстырылды. Әр валютаның курсы күрделі формула негізінде есептелді. Формула елдің жеке экономикалық көрсеткішін, ЭКЮге сәйкесінше валютаның курсын, ЭВО-тың елдер валюталарының кросс-курстарын және т. б. қамтыды. 1998 жыл басында шамалап курстар айтылған болатын, ал нақты соңғы курстар 1999 жылдың 1 қаңтарында айқын болды. Соңғы курстарды айтқаннан кейін олар 2002 жылдың 28 ақпанына дейін өзгермеді, сол уақытта ұлттық валюталар айналымнан шықты. 1999 жылдан бастап ұлттық валюталар евроның нысандарының бірі саналды, бірақ басқа атаумен. Одақтың қаржы министрлері 11 елдің келесі Конвертация курсын жаңа жалпы валюта - евроға енгізді ( 1-Кесте) .

Ұлттық валюталардың евроға конвертациялау курстары. 1-кесте

Неміс маркасы: Неміс маркасы
1. 95583: 1. 95583
Неміс маркасы: Француз франкі
1. 95583: 6. 55957
Неміс маркасы: Фин маркасы
1. 95583: 5. 94573
Неміс маркасы: Голланд гульдені
1. 95583: 2. 20З71
Неміс маркасы: Австрия шиллингі
1. 95583: 13. 7603
Неміс маркасы: Италиан лирасы
1. 95583: 1936. 21
Неміс маркасы: Испан песетасы
1. 95583: 166. 386
Неміс маркасы: Португал эскудосы
1. 95583: 200. 482
Неміс маркасы: Ирланд фунты
1. 95583: 0. 787564
Неміс маркасы: Бельгия/Люксебург франктері
1. 95583: 40. 3399

Екінші кезең - евроны қолма-қол ақша айналымына енгізу және оның ұлттық валюталармен параллельді 2002 жылдың 28 ақпанына дейін жүргізу. Бұл кезеңге табысты дайындалу үшін банкноталар мен монеталарды шығару басталды. Банкноталар жеті типті болып шығарылды - 5, 10, 20, 50, 100, 200 және 500 евро номиналды. Олардың дизайны еуропалық мәдениетінің тарихының жеті заманына сәйкес - классикалық, римдік, готика, ренессанс, барокко және рококо, шыны және металл, және де ХХ ғасырдың қазіргі архитектурасы. Сонымен қатар безендіруде міндетті түрде үш архитектуралық элемент бар - терезе, арка және көпірлер.

Терезелер мен аркалар Еуроодақтың туы орналасқан жағында, терезелер мен аркалар ресми риторикаларға сәйкес «Еуропадағы ашықтық және кооперация рухын» білдіреді. Сонымен бірге банкнотада валюта атауы латын және грек әріптерімен көрсетілген, ал Еуропалық Орталық банктің аббревиатурасы бес лингвистік түрде (ВСЕ, ЕСВ, EZB, EKT, EKP) берілген.

Монеталармен күрделірек болды. Олар сегіз номиналды (1, 2, 5, 10 және 50 евроцент, 1 және 2 евро) . Монетаның бет жағы (аверс) бірдей болған уақытта, артқы жақ беті (реверс) монета қай мемлекетте соғылғандығына байланысты болды. Бірақ сыртына қарамастан, мысалы, Германида соғылған евро ЭВО-тың басқа елдерінде соғылған евродан айырмасы болмады.

Банкноттардың өзара ұқсастығына қарамастан, олардың ұлттық ерекшеліктері болды. Оның себебі валюталар Еуропалық одақтың 11 баспаларында жасалынған. Ал баспалар 10 қағаз өндірушілерден арнайы қағаз қолданды. Мөр мен қағазды ажырата алмайтын болды, оған қоса банкноттарды шығаратын бояулардың ерекшеліктері болды. Осының себебінен жалған банкноттарды табуда салмақты қиыншылықтар көрді.

2002 жылдың 28 ақпанында Экономикалық және валюталық Одақтың қатысушы елдерінің ұлттық валюталарымен барлық есеп айырысулар аяқталды. Еуропалық Экономикалық және валюталық одақ шекарасында евро жалғыз заңды төлем құралы саналды.

  1. Евро - жаңа валюта

2. 1. Еуропалық валюта жүйесін құрудың себептері

Еуропалық валюталық жүйе механизміне біршама уақыт болды және де ол күн сайын дамуда. Бірақ еуропалық мемлекеттердің өздеріне қымбат марка, франк және шиллингтерін бәріне жалпы евроға ауыстыру себептерін де түсіну қажет.

Бірінші себеп - Еуропадағы көптеген тәуелсіз мемлекеттердің өз валютарымен болуы оларға өте қымбатқа шығуы. Біріншіден, бұл конвертациядағы қалдықтар. Сонау XIV ғасырда Солтүстік Германияның саудагерлері көптеген кішігірім көрші князьдықтармен, герцогтықтар және корольдықтармен жұмыс істеу тиімсіз екенін түсінді. Үздіксіз бір ақшаны екіншіге айырбастау оларға қиынға туды және жемісін әкелмеді. Сонда тәжірибелі немістер бір-бірімен валюталық одақ құрып, бірдей монеталар соға бастады. Бұл мәселе әлі де шешілуде.

Қағаз ақшалар алтынға айырбасталу аяқталғаннан кейін және 1971 жылы алтын долларлық стандарт жойылғанда, ескі қиыншылықтарға тағы біреу қосылды. Егер Жапония немесе Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) экономикалық агенттер бір валютаның курсының тербелуінен сақтандырылса, Еуропада - бірнеше валютадан бір уақытта. Сонымен бірге Еуропалық Одақ елдері дүниежүзілік саудаға белсенді қатысуда (мысалы, Германия мен Францияда ЖІӨ-дегі экспорт үлесі 20% құрайды, Нидерландыда - 47%, ал Жапония мен АҚШ - 8-9% ), соған байланысты олардың шығындарының көлемі де біршама жоғары. 1998 жылы түрлі көптеген валюталардың циркуляциясынан ЕО-тың елдері 20-25 млрд. ЭКЮ жоғалтты: сақтандыру шығындары, айырбастау операцияларының шығындары және бухгалтерлік есеп пен коммерциялық құжаттамаларды жүргізу шығындары кірді.

Екінші себеп - басты себептердің бірі. Еуропалық Одақтың елдерімен жүргізілетін экономикалық саясат қоғам алдында тұрған мақсаттарға сәйкес келмейді. Егер Батыс Еуропа шаруашылықты басқару әдістерін жақын уақытта өзгертпесе, онда ол өзінің дүниежүзілік бәсекелес жарысына қатысу мүмкіншілігінен айырылады. Экономикалық ұлғаюы қарқыны бойынша ЕО көптеген жылдар бойы өздерінің жақын бәсекелерінің артынан қиыншылықпен еруде. Еуропалық тауарларының бәсекелестігіне әлеуметтік жеңілдіктердің қолы ашық жүйесі жағымсыз әсер етеді. ЕО-та көптеген жанама салықтар мен әлеуметтік қорларға төлемдер үшін салық салу деңгейі Жапония мен АҚШ-қа қарағанда үш есе көп.

Еуропалық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі 50-60 жж. орнатылды, ол кезде мемлекеттік көмекті керек еткендер саны көп емес болған. Қазір бұл категорияға әрбір төртінші еуропалық азамат кіреді. 65 жастан үлкен адамдарға ЕО-тың 15 % азаматы келеді, ал жұмыссыздарға - 5%. Сонымен бірге зейнетақы көлемі ЖІӨ-ң бір орташа статистикалық адам басына шаққанда - 60%, ал жұмыссыздық бойынша жәрдем ақша көлемі - 40%. Қазір зейнетақы төлеуге барлық мемлекеттік шығындардан 16-20% жұмсалады. Ұлттық бюджеттер жыл сайынғы көбеюдегі жүкті тарту оңайға соқпайтыны баршаға мәлім.

ЕО-тың Люксембургтан басқа елдерінде мемлекеттік қарыздары жарты жылғы ЖІӨ-нен асып түседі, ал Бельгия, Греция және Италияда оның көрсеткіші 110-130% ЖІӨ-н құрайды.

Мемлекеттердің ірі қарыздары шағын және орта бизнестерден қаржылар тартады да, пайыздық ставкалар жоғарыға ұмтылады. Осының нәтижесінде инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал ол өз кезегінде әлеуметтік мәселелерді шешуге кедергі келтіреді. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін Батыс Еуропа мемлекеттері евроны енгізуде қатаң шарттар орнатады.

Еуропалық Одақ экономикалық реформаларды Еуропа елдерінің көбісі бірге орнатып, евроның жемісін көріп жатыр. Бұл валюталық одақ жағына үшінші себеп болды. Бірыңғай валютаның пайда болуы ЕО территориясын бір тұтас экономикалық кеңістікке айналдырды. Қазір ЕО ішінде тауарлар, капитал және жұмыс күшінің қозғалуына еш кедергі жоқ, қызмет көрсету нарығы жеңілденіп қалды. Қазір ЕО Жапония мен АҚШ деңгейіне жетті.

Төртінші себеп - евро Ақш долларына бәсеке болып, оны дүниежүзілік нарықтан ығыстыру керек деген ой бар. Шынымен де, 2-Кестені қарасақ, Еуропада дүниежүзінде ең ірі қаржы нарығы болу мүмкіндігі жоғары болғанын көреміз. 2001 жылдың соңында ЕО елдерінің облигациялары, акциялары мен банктік активтерінің бағасы 27 трлн. доллардан асып кетті. Ал Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада, Мексика) Еуропаның халық саны және ЖІӨ-мен бірдей болғанымен де, бұл көрсеткіш 25 трлн. долларды ғана құрды (23 трлн. АҚШ-та) .

ЕО және Солтүстік Америка: экономика дамуының және капитал нарығының көрсеткіштері, 2001 жыл (млрд. АҚШ долларымен)

2-Кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы автотранспорттың экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары және оны шешу жолдары
Валютасы ауысқан мемлекеттер ұлттық валюта атаулары
Әлемдік экономикадағы евроның жағдайы
Еуропалық қаржы нарығындағы Евро
Автокөліктерге қолданылатын ЕВРО стандарты
Авиация саласындағы кәсіпорындарда маркетинг құралдарын қолданудың ерекшелігі
Еуропалық валюта жүйесі. Евроға хроника
Евро аймағы
Евро валютасы
Валюта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz