Кейбір жағдайларда өлікті қылмыс болған жерде тексеріп қарау
Кіріспе
І тарау. Кейбір жағдайларда өлікті қылмысты болған жерінде
тексеріп қараудың түсінігі мен өлікке қатысты тексеру
түрлері.
1.1 Қылмыс орны түсінігі мен оның негізгі ерекшеліктері
1.2 Өлікті тексеру ісінің кейбір маңызды тұстары
ІІ тарау. Түрлі жағдайларда пайда болған өлікті тексеріп қарау:
түсінігі мен ерекшеліктері.
2.1 Әуе жағдайында өлікті тексеріп қарау: түсінігі мен
ерекшелігі
2.2 Механикалық жарақаттан пайда болған өлік орнын тексеру: түсінігі мен ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық кейбір жағдайлардағы өлікті табылған жерінде тексеріп қараудың өзіндік ерекшеліктері мен сипаты және осы істің қылмыстық іс жүргізуде алатын орнын, маңызын, сонымен қатар, өлікті табылған жерінде жүргізілетін тексеру ісінің мақсаттары мен міндеттерін анықтап арналады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялағалы 19 жылдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде атқарылған оң істер аз емес. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі осы уақыт ішінде Қазақстан үлкен жолдан өтті. Елде дәйекті түрде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар іске асырылып келеді. Біз мемлекеттік құрылыс пен демократияны дамыту саласында да көп алға ілгеріледік, Қазақстан нарықтық экономикалық ел деп танылды. Біздің мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі мен халықаралық бірігу үрдістерінің жұрт таныған жетекшісіне айналды. Қазақстан қоғамын реформалауда, өмірдің негізгі салаларын қамтитын-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды сақтау мен іске асыруда адамның құқығы мен бостандығы негізгі фактор болып табылады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, бостандықты қадірлеп сақтайтын құқықтық мемлекетке жету мүмкін емес. Демократиялық мемлекетте жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету қашанда өзекті мәселе болып келеді.
Қазіргі таңда, дамыған қоғамымызда жеке адамға қатысты бірнеше қылмыстық іс-әрекеттер орын алып, ұйымдастырылып жатқандығы белгілі. Жалпы, адамзат тарихында мейлі ол, орта ғасыр болсын, тіпті, ежелгі дәуір болсын адамға қатысты қастандық ісі болып келген. Осы жерде туындайтын басты мәселе сол қылмыстық іс-әрекеттің әшкереленіп, қылмыскердің тиісті жазасын алуы болып табылады. Ал, қылмыстық істің өз кезегінде ашылуы мен сәтті жүргізілуі үшін, тергеуші қызметінің жан-жақтылығы мен кәсібилігінде екендігінде дау жоқ. Сонымен қатар, орын алған қылмыстық іс-әрекеттің уақытында ашылуы, тергеушінің алғаш ақпарат алғаннан кейінгі әрекеті, яғни өлікті табылған жерінде тиянақты да, толық, әрі нақты тексеріп қарау.
Өз бойында ерекше тәртіпті қалыптастырған өлікті табылған жерінде тексеріп қарау ісі-ерекше білімділік пен сақтықты, сонымен қатар жан-жақтылықты талап етеді. Сонымен бірге, тергеушінің іс-әрекетіне көмекке келетін көмекші-мамандардың қызметін жұмылдыратын аса бір ұйымдастырушылық та қажет. Ең бастысы, өз ісінің терең білімді және бәсекеге қабілетті болатындай әр маманның теориялық білімімен қатар жүретін, іс-тәжірибелік дағдысы да болғаны жөн. Міне, осы жоғары да атап өткен тергеуші мен оның көмекшілеріне тән қасиеттерді болашақ осы мамандарды даярлап, оны бойларына сіңіруде арнайы пәндерді оқыту ісінде қалыптасқан деңгейді арттыра түсуді қажет етіп отыр.

1. Қ. Қаракөбенов «Сот медицинасы» А., 1996
2. А.А. Матышеваның «Осмотр трупа на месте его обнаружения» С-ПБ., 1997
3. В.И. Добряк «Судебно-медицинская экспертиза скелетированого трупа»
4. А.А. Лукаш «Методические указание судебно-медицинским экспертам Эстонской ССР по работе при осмотре места происшествия». Таллин.,1973.-42 б
5. Н.В. Попов. «Судебная медицина» М., 1950.-444б
6. М.И. Авдеев «Судебно-медицинская экспертиза трупа» М., 1976 440 б
7. Рассейкин Д.П Осмотр места происшествия и трупа при расследовании убиств. С., 1967 ж 152б
8. Козлов В.В. Основы экспертной оценки тяжести телесных повреждений. С., 1968
9. Осмотр места происшествия. Справочник следователя. Под.ред А.А. Леви. М., 1982
10. М.Мырзабеков. Жазатайым жарақат алсаңыз. Алматы, 1987 ж.
11.Қазақтан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгi. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнiндегi материалдардың ақпараттық әдiстемелiк жинағы. (1,2,3 шығарылым), 2000 жыл.
12. Материалы судебных медиков Казахстана. А., 1968
13. Материалы научных трудов судебных медиков Казахстана. А., 1980
14. Осмотр места происшествия и первоначальный наружный осмотр трупа. Метод.рекомендации для студентов и врачей-интернов. под.ред А.П Загрядской М., 1982-38 с
15. Сот-медицинасының түсіндірме сөздігі. Қ., 2009-63б
16. Қ. Қаракөбенов. Сот медицинасы терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., 1997-88б
17. Авдеев М.И. Курс судебной медицины. М., 1959
18. Судебная медицина (руководство для врачей). под.ред. А.А. Матышева, А.Р. Деньковский. Л., 1976
19. Проблемы судебно-медицинской экспертизы. Выпуск 9. А., 1991
20. Практикум по судебной медицине. под.ред А.П. Громов. М., 1971
21. Барсегянц Л.О., Бабаева Э.У., Дворкин А.И. Выяаление и предварительное исследование следов крови. М., 1994-72 с
22. Крылов И.Ф. Криминаоистическое учение о следов. Л., 1986-197 с

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
Криминалистика және сот сараптамасы КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Кейбір жағдайларда өлікті қылмыс болған жерде тексеріп қарау
Орындаған 4 курс студенті __________________
Ғылыми жетекшісі
______________________
Норма бақылаушы
______________________
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
______________________
Алматы, 2010 ж.
РЕФЕРАТ
Бұл дипломдық жұмыс Кейбір жағдайларда өлікті қылмыс болған жерде
тексеріп қарау тақырыбына жазылды. Дипломдық жұмыс 2 бөлімнен яғни,
кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, 2 тараудан, 4 бөлімшеден және
пайдаланылған әдебиеттер мен сілетемелер тізімінен тұрады.
Қазіргі таңда, дамыған қоғамымызда жеке адамға қатысты бірнеше
қылмыстық іс-әрекеттер орын алып, ұйымдастырылып жатқандығы белгілі. Жалпы,
адамзат тарихында мейлі ол, орта ғасыр болсын, тіпті, ежелгі дәуір болсын
адамға қатысты қастандық ісі болып келген. Осы жерде туындайтын басты
мәселе сол қылмыстық іс-әрекеттің әшкереленіп, қылмыскердің тиісті жазасын
алуы болып табылады. Ал, қылмыстық істің өз кезегінде ашылуы мен сәтті
жүргізілуі үшін, тергеуші қызметінің жан-жақтылығы мен кәсібилігінде
екендігінде дау жоқ. Сонымен қатар, орын алған қылмыстық іс-әрекеттің
уақытында ашылуы, тергеушінің алғаш ақпарат алғаннан кейінгі әрекеті, яғни
өлікті табылған жерінде тиянақты да, толық, әрі нақты тексеріп қарау.
Осы дипломдық жұмысты жазу барысында алдыға қойған мақсатым: қылмыс
болған жағдайларда өлікті тексеріп қараудың маңыздылығы мен оның кейбір
жағдайлардағы ерекшелігін жан-жақты зерттеу болып табылады. Сонымен қатар,
осы тақырыптың қазіргі таңдағы маңыздылығын анықтауды да диплом жұмысының
негізгі мақсатымыз етіп алдық.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сай міндеттері айқындалды.
1. Қылмыс орнындағы өлікті зерттеп қараудың жалпы жағдайы туралы
мәліметті ашып көрсету;
2. Қазақстандағы қылмыстық құқық жүйесінің жалпы тарихына тоқталып,
өлікті сот медициналық сараптаудың өзектілігін ашып көрсету;
3. Соның ішінде әуе жағдайындағы өлікті тексеріп қараудың
ерекшеліктері мен негізгі түсініктерін ашып көрсету;
4. Механикалық зақымданудың жалпы сипаттамасы мен сараптама үрдісін
ашып көрсету;
Өз бойында ерекше тәртіпті қалыптастырған өлікті табылған жерінде
тексеріп қарау ісі-ерекше білімділік пен сақтықты, сонымен қатар жан-
жақтылықты талап етеді. Сонымен бірге, тергеушінің іс-әрекетіне көмекке
келетін көмекші-мамандардың қызметін жұмылдыратын аса бір ұйымдастырушылық
та қажет.
Қарастырған кейбір жағдайларда өлікті тексеріп қараудың түрлі
ерекшеліктерімен қатар, олардың негізгі түсініктерін ашып көрсету басты
орында болды. Осы тұрғыда өзінің көзқарасын білдірген ғалымдардың пікірлері
де басшылыққа алынды
ГЛОССАРИЙ
Авиациялық жарақаттану-әуе жол қатынасындағы қатерлі оқиғадан болған
зақымдар. Бұл қатерлі оқиғалар: апат, қирау және амалсыздықтан қону болып
бөлінеді.
Жарақат-айналадағы ортаның әр түрлі факторларының әсерінен туындаған
(механикалық, термиялық, химиялық, сәулелік, т.б) ұлпалар мен органдардың
қызметі анатомиялық тұтастығының бұзылуы.
Минаков дағы-адам аз уақытта көп қан жоғалтудан өлген жағдайда сол жақ
қарынша эндокардиясы (жүректің ішкі қабығы) астына қан құйылу.
Мәйітхана-мәйітті қабылдау, сақтау, тану және сойып тексеруге арнайы
жабдықталған үй.
Мәйіттің сіресуі-бұлшық ет ұлпаларының тығыздалуы және тартылуы секілді
өзіндік жағдайға келтіретін, мәйіттің жан тапсырған сәттегі қалпы сақтап
қалатын, өлімнің алғашқы белгісі.
Қан дағы-қан дағының пайда болу сәтінен оны байқау немесе зерттеуге
дейінгі уақыт қан болып кеткен оқиғаға қатысы барын немесе байланысы жоғын
анықтауға көмектеседі.
Өлікті қалпына келтіру-қатты шіріп кеткен, көп зақым келіп немесе
қасақана кейпі бұзылған өліктерді ұқсаттырып тану үшін кейде марқұмның бет
әлпетін қалпына келтіру ісі.
Жоспар
Кіріспе
І тарау. Кейбір жағдайларда өлікті қылмысты болған жерінде
тексеріп қараудың түсінігі мен өлікке қатысты тексеру
түрлері.
1. Қылмыс орны түсінігі мен оның негізгі ерекшеліктері
1.2 Өлікті тексеру ісінің кейбір маңызды тұстары
ІІ тарау. Түрлі жағдайларда пайда болған өлікті тексеріп қарау:
түсінігі мен ерекшеліктері.
1. Әуе жағдайында өлікті тексеріп қарау: түсінігі мен
ерекшелігі
2. Механикалық жарақаттан пайда болған өлік орнын тексеру:
түсінігі мен ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:
К І Р І С П Е
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық кейбір жағдайлардағы өлікті
табылған жерінде тексеріп қараудың өзіндік ерекшеліктері мен сипаты және
осы істің қылмыстық іс жүргізуде алатын орнын, маңызын, сонымен қатар,
өлікті табылған жерінде жүргізілетін тексеру ісінің мақсаттары мен
міндеттерін анықтап арналады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз мемлекет
деп жариялағалы 19 жылдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде атқарылған оң істер
аз емес. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі осы уақыт ішінде Қазақстан үлкен
жолдан өтті. Елде дәйекті түрде саяси, экономикалық және әлеуметтік
реформалар іске асырылып келеді. Біз мемлекеттік құрылыс пен демократияны
дамыту саласында да көп алға ілгеріледік, Қазақстан нарықтық экономикалық
ел деп танылды. Біздің мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықтың толық
құқықты мүшесі мен халықаралық бірігу үрдістерінің жұрт таныған жетекшісіне
айналды. Қазақстан қоғамын реформалауда, өмірдің негізгі салаларын қамтитын-
саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды сақтау мен іске
асыруда адамның құқығы мен бостандығы негізгі фактор болып табылады.
Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, бостандықты
қадірлеп сақтайтын құқықтық мемлекетке жету мүмкін емес. Демократиялық
мемлекетте жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету қашанда
өзекті мәселе болып келеді.

та қажет. Ең бастысы, өз ісінің терең білімді және бәсекеге қабілетті
болатындай әр маманның теориялық білімімен қатар жүретін, іс-тәжірибелік
дағдысы да болғаны жөн. Міне, осы жоғары да атап өткен тергеуші мен оның
көмекшілеріне тән қасиеттерді болашақ осы мамандарды даярлап, оны бойларына
сіңіруде арнайы пәндерді оқыту ісінде қалыптасқан деңгейді арттыра түсуді
қажет етіп отыр.
Осыдан келе мынадай ой түйіндейміз, біріншіден, қарастырып отырған
кейбір жағдайлардағы өлікті табылған жерінде тексеріп қарау мәселесі заң
ғылымында теориялық және практикалық және орын алған қылмыстық іс-әрекетті
ашып көрсетуде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген
қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің
дәлелі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы дипломдық жұмысты жазу
барысында алдыға қойған мақсатым қылмыс болған жағдайларда өлікті тексеріп
қараудың маңыздылығы мен оның кейбір жағдайлардағы ерекшелігін жан-жақты
зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, осы тақырыптың қазіргі таңдағы
маңыздылығын анықтауды да диплом жұмысының негізгі мақсатымыз етіп алдық.

Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – кейбір
жағдайларда өлікті табылған жерінде тексеріп қарау мәселесі болып табылады.
Зерттеу пәні. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні өлікті табылған жерінде
тексеріп қарау ісіндегі теориялық зерттеулер, өлікті табылған жерін
тексеріп қараудағы заңнаманың нақты нормалары мен осы зерттеу
аспектісіндегі тергеушінің процессуалдық өкілеттіктері нақты көрініс тапқан
тәжірибе материалдары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Аталған мәселе көлемінде жұмыс
жасау үшін дәрігер немесе осы істі жүргізуші сот медицинасы саласында
өзінің айтарлықтай білімі болуы керек. Осы диплом жұмысын жазу барысында
біз көз жеткізгеніміз осы мәселеге қатысты оқулықтарда тақырыбымыз өте
қысқа түрде жарық көрген. Дегенмен, біздер осы диплом жұмысын жазуда тек
қана отандық зерттеушілермен қатар, Ресей ғалымдарының да еңбектірін
пайдаландық. Кейбір жағдайларда өлікті зерттеп қарастыруда біз пайдаланған
негізгі әдебиеттердің ішінде Қ. Қаракөбеновтың Сот медицинасы [1] атты
оқулығын атаумызға болады. Аталған оқулықта біз қарасытырып отырған мәселе
қысқа әрі нақты түрде бейленіп, жазылған. Атап айтқанда, сот медицинасы
туралы жалпы түсінік пен оның мазмұны және де әуе мен механикалық
жағдайларындағы өлікті тексерудің кезеңдері мен ерекшеліктері туралы нақты
мәлімет берген.
Сонымен қатар, профессор А.А. Матышевтың басшылығымен жарық көрген
жинақ Осмотр трупа на месте его обнаружения атты зерттеу жұмысында
аталған мәселе анағұрлым кең түрде, әрі нақтылана берілген деп айтуға толық
негіз бар [2]. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда өлікті қылмыс орнында
тексерудің жалпы жағдайымен, оның кезеңдері, тексеру құрамы, зерттеудің
мақсаты мен міндеттері туралы мағлұматты жақсы бере алған. Автор өлікті
тексеретін топтың әр мүшесінің мақсатын анықтап беріп, біз қарастырып
отырған диплом жұмысының тақырыбына да түсініктеме бере кеткен.
Қарастырып отырған мәселеміз қазіргі таңда тек біздің ғана
мемлекетіміз ғана емес, сонымен қатар бірнеше елдер үшін аса өзекті мәселе
болып табылатыны шындық. Сондықтан да, біз өз диплом жұмысымыз барысында
осындай Ресей және тағы да басқа мемлекеттердің зерттеушілерінің
еңбектеріне сілтеме жасай отырып, пайдалануға тырыстық. Солардың қатарында,
В.И. Добряктың Судебно-медицинская экспертиза скелетированого трупа атты
еңбегі [3], А.А. Лукаштың Методические указание судебно-медицинским
экспертам Эстонской ССР по работе при осмотре места происшествия [4], Н.В.
Поповтың Судебная медицина [5] және М.И. Авдеевтің Судебно-медицинская
экспертиза трупа атты зерттеу жұмыстарын біздер диплом жұмысы барысында
барынша пайдалануға тырыстық [6] .
Осы және тағы да басқа ғылыми зерттеулер мен оқулықтарды, зерттеу
жұмыстарын пайдалана отырып біз диплом жұмысының алдына қойған мақсатын
барынша ашуға тырыстық. Жоғарыда аталған ғылыми зерттеу жұмыстарында өлікті
қылмыс орында зерттеп қараудың ерекшеліктері мен олардың түрлері және жұмыс
ерекшелігін жақсы ашып көрсетіп бере алған. Сонымен қатар, осы сот-
медицинасы саласында өзіндік зерттеу жұмыстарымен белгілі болған
ғалымдардың еңбегінде диплом жұмысы барысында қолдандық. Мысалы, Д.П
Рассейкиннің Осмотр места происшествия и трупа при расследовании убиств
және Э.Кноблохтың Медицинская криминалистика атты еңбегінде біз
қарастырып отырған мәселеміз жақсы бейнеленген. Атап, айтқанда тергеуші
атқаратын жаллпы мәселелер мен оның істі ашу барысында көмекке келетін
мамандардың қызметінің тізімдері осы зерттеушілердің еңбегінен табуға
болады.
Диплом жұмысының методологиялық негіздері. Зерттеуде мәселеге қатысты
еңбектерді жан-жақты қарастырған түрде өзара байланыстылығын анықтай
отырып, қалыптасқан ғылыми принциптерінің негізінде оқып-үйрену, талдау
басшылыққа алынды. Диплом жұмысын жазуда соңғы уақыттарда отандық ғылымда
қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарға
сүйендік, зерттеу барысында нақты кейбір жағдайларды салыстырмалы талдап,
жинақтап және қорыту әдістерімен қатар логикалық әдістер қолданылды.
Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты өз зерттеу жұмыстарын жүргізген
авторлардың еңбектерін диплом жұмысы барысында пайдалану біз үшін аса
маңызды болып табылды.

орында болды. Осы тұрғыда өзінің көзқарасын білдірген ғалымдардың
пікірлері де басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста кейбір жағдайларда
өлікті қылмыс болған жерде тексерудің негізгі түсініктерімен және олардың
ерекшеліктерін ашып көрсету дипломдық жұмыстың негізі ретінде қарастыруға
талпыныс жасалған. Дипломдық жұмыста әуе жағдаймен қатар, механикалық
жағдайдағы орын алған іс пен өлікті зерттеуді кешенді түрде сарапталды.
Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты жарияланған еңбектерге өзіндік баға
беріліп, олар барынша талданды. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен
алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін төмендегідей жаңалықтар
жасадым. Мысалы:
- диплом жұмысымда қарастырып отырған өлікті тексеріп қарауға немесе
пайда болуына әсер еткен негізгі мәселе, кейбір жағдайларға, соның
ішінде әуе және механикалық жарақатқа барынша талдау жасалынады.
- Өлікті тексеріп қарауда сот медицинасының орны мен ролін анықтап, оның
қызметін барынша талдауға тырыстық.
- Осы мәселеге қатысты жарық көрген еңбектерге өзімізше баға беріп,
олардың мәнін ашып, автордың еңбектерін, ондағы керекті мәселенің
бейнелену дәрежесін барынша шынайы көрсетіп, ғылыми айналымға қостық.
Диплом жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысы әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің қылмыс кафедрасында дайындалып, талқыланып,
қорғауға ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі
мәселені қарастыратын екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Кейбір жағдайларда өлікті қылмысты болған жерінде тексеріп қараудың
түсінігі мен өлікке қатысты тексеру түрлері.

Қылмыс болған жер немесе орын түсінігінде көбінесе қылмыстық тексеріп
қарау ісін қозғайтын оқиға болған орын немесе үй бөлмесі.
Көбіне-көп осындай оқиғалар қылмыстық мінезде кездеседі. Мәселен, кісі
өлімі, зорлау, ұрлық және тағы да басқа жағдайлар. Біз ескеретін мынандай
жайт бар, оқиға түсінігі қылмыс түсінігінен әлдеқайда кең. Себебі,
қылмыс келесі бір адамның қатысуымен жүзеге асса, ал оқиға түсінігі өзі-
өзіне қол жұмсау және орын алған бақытсыз жағдайларды қамтиды. Тергеу
тәжірибесіне сай адам денесін тапқан уақытта бұл алдымен оқиғалар қатарына
жатқызылады. Осыдан келіп, біз қарастырып отырған қылмыс орны мәселесі
туындайды. Сондықтан, адам денесі табылған жер, қылмыс қай жерде және қай
уақытта жасалғанына қарамастан үнемі оқиға орны болып табылады [7. 46-
62бб].
Көптеген жағдайларда қылмыс орны мен өлікті тексеріп қарау ісі кезек
күттірмейтін іс болып табылады. Қылмыс орнын тексеріп қарау ісінің өзі
құрамында бірнеше сатыдан тұратынын да ескеру қажет. Алдымен қылмыс орнын
қабылдап, сол жердің ерекшелігімен танысқан дұрыс. Содан кейін сол жердегі
қылмыстан хабар беретін айғақтық заттар мен негізгі іздерді іздеп,
табылғандарын тіркеп, болған қылмыстың үрдісі мен қылмыскерді анықтау
басталады. Сонымен қатар, істі ашуға көмектесетін тағы да басқа факторлар
мен қылмыс жасаудың негізгі себептерін ашуда аса маңызды [9. 16-93бб]. Сөз
жоқ, қылмыс орны мен өліктің табылған жерін тексеріп қарау істің негізгі іс-
әрекеттері қатарына жатқызылып, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының
баптарына сай жүргізілуі тиіс. Кейбір жағдайларда қылмыс орнын, сол жерден
табылған заттық айғақтарды тексеріп қараудың негізгі мақсаты-қылмыс желісі
мен тағы да басқа іске қажетті себептерін анықтау болып табылады.
Қылмыс орнын тексеріп қараудың негізгі шарты дәлдік пен толықтылық.
Себебі, өз уақытында және түбегейлі жасалған тексеру ғана шынайы әрі толық
ақпарат алуға көмектеседі. Осындай уақытылы және дұрыс та, толық жасалған
тексеру нәтижесінде қылмыс орнының мынандай жайттарын анықтауға болады:
- Оқиға немесе қылмыстың негізгі мәнін;
- Болған жайттың орны мен уақытын;
- Қылмыстың мақсаты мен себептерін;
- Қылмыс желісін;
- Қылмыстың іске асуын тудырған жағдайды;
- Қылмыскердің іс-әрекетін;
- Қылмыстық іс-әрекеттің неге апарғандығын;
- Өліктің физикалық және психикалық ерекшеліктерін;
- Өлікті тексеріп қарау нәтижесінде алған зақымының ерекшелігін;
Осындай мәліметтерді ала отырып, тексеруші орын алған оқиғаның түрлі
себептері туралы әртүрлі нұсқаларын келтіреді. Оның ішінде, қылмыскер
туралы ақпарат, оларды құрықтаудың түрлі жолдары мен іздеу салу ісін
қарастырады. Ал, жоғарыда айтқан уақытылы жасалған тексерумен қатар, өлікті
қылмыс орында тексеру ісін созып алған жағдай істі ашуға көптеген
кедергілер келтіреді. Атап айтқанда, жағдайды өзгерте отырып, іздің жоғалуы
мен заттық айғақтардың табылмауы, сөз жоқ үлкен кедергі болып табылады. Ең
басты ескерілетін жайт, осы қылмыс орнын тексеріп қарауда жіберілген
қателіктер мен салақтық істі ашу барысында үлкен қиындықтар туғызатынын
естен шығаруға болмайды.
Алайда, қылмыстық іс жасалған немесе орын алған оқиғаның араға уақыт
салып белгілі болып жатқанда да өлікті табылған жерін тексеру ісінен бас
тартуға болмайды. Тіпті, бірнеше күндер мен уақыттың өтуіне қарамастан
осындай тексеріс нәтижесінде істі толық ашуға көмектесетін айғақтар табылуы
әбден мүмкін. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Көптеген істі ашу
барысында тексерушілер уақыты жағынан екі жылды құрайтын қылмыс болған
жердегі табылған заттар арқылы істі сәтті ашып жатқан кездері де кездеседі.
Қылмыс болып, өліктің табылған жерін тексеріп қарау ісі аса бір
ұйымдастырушылықты талап ететіні сөзсіз. Өліктің табылған жерін тексеріп
қарау ісін тек қана тергеуші жүргізеді. Сондықтан да, осы аймақтағы жұмыс
жасаушы әріптестері тек соның бұйрығы және рұқсатымен жұмыс атқарады. Ең
бастысы, қылмыс орнын қараудың кейбір жағдайларында куәгерлердің болуын
талап етеді. Ал, куәгерлер осы істің болашағына аса қам жемейтін немесе
істен хабары жоқ әр азамат бола алады. Өліктің табылған жерін тексеріп
қарауда жоғарыда айтқан куәгерлер үнемі тергеушінің қасында болуы шарт.
Куәгер өз кезегінде табылған заттық айғақтарды өз көзімен көріп, оның
тіркелегеніне көз жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, толтырылған хаттамада
куәгерлер қол қойып осы істің немесе өліктің табылған жерін тексерудегі
істі растауы тиіс. Тергеуші қылмыс орнын тексеріп қарау барысында заң
бойынша күдікті немесе қылмыскерді алып, қарауы мүмкін. Әрине, өліктің
табылған жерін тексеріп қарау ісінде тергеушіге барынша көмектесетін ол-
арнай білімі мен тәжірибесі бар маман. Осындай істі атқаратын адамдар
көбіне сот медицинасының қызметкерлері және басқа медицина саласының
мамандары мен криминалдық сарапшылар, автомобиль ісінің мамандары болып
табылады.
Өлікті табылған жерін, табылған заттық айғақтарды тексеріп қараумен
қатар, сөз жоқ өліктің өзінде тексеру қажеттілігі туындайды. Ал, мұндай
жағдайда тергеуші сот медицинасының немесе басқа да медицина саласының
мамандарының қатысуымен тексеруді жүзеге асыруы тиіс. Бұл жерде, маман өз
білімін тергеушіге жеткізе отырып, осы істі жүргізуші тергеушінің көмекшісі
ретінде істі ашуға қатысады. Көмекші мамандар тергеушіге заттық айғақтар,
түрлі қылмыс іздерін тауып, оларды тіркеу және тергеу ісінде көмектесуі
тиіс. Әрине, көмекшілер тек қана тергеушіге бағынған күйде, оның айтқандары
мен рұқсаты арқылы жұмыс атқарады. Өлікті табылған жерін тексеріп қарауда
арнайы білімі бар маманның қажеттілігі сөз жоқ өте жоғары. Сол себепті де,
маман өзінің білетінін іс барысында тергеушіге айта отырып, тергеушінің
істі ашу барысында туындаған түрлі сұрақтарына толық әрі, нақты жауап беруі
тиіс. Істі ашу үшін жұмылдырылған көмекшілер, соның ішінде дәрігерлер
өлікті табылған жерінде қараумен қатар, болашақта іске асатын сот медицина
мамандарымен өлікті терең түрде зерттеп қарауына болады. Бұл тексеру ісі
сөз жоқ, жазбаша түрде беріліп отырады. Осындай, тергеушіге келетін көмекші
мамандар қатарында, тергеушінің шақыруымен ішкі істер органдарының
қызметкерлері, қызметтік-іздестіру иттерінің мамандары, яғни кинологтар
жұмысқа араласуы мүмкін. Тергеушінің нұсқауымен ішкі істер органдарының
қызметкерлері өлікті табылған жерінде күзет қызметін ұйымдастырып, іске
қатысы жоқ адамдарды қылмыс орнынан аластатуға көмегін тигізеді. Ең
бастысы, ішкі істер органдарының қызметкерлері жәбірленуші қатарына көмек
беріп, оқиға салдарының сәтті аяқталуына жағдай жасайды. Қылмыс орнында
таяу тұрған немесе куәгерлердің жауабы арқылы алғашқы ақпараттар желісін
жасап, қылмыскерді іздестіру мен қолға түсіру қызметін жүзеге асырады.
Сонымен қатар, тағы да басқа тергеуші нұсқауы бойынша жұмыс атқарады [2. 45-
47бб].
Жалпы, өлік табылған жерді тексеріп қарау ісі ол тергеушінің істі
ашуға бағытталған іс-әрекеттінің алғашқы сатысы болып табылады. Ал,
қылмыстық және тағы да басқа істің сәтті ашылуы үшін біз жоғарыда атап
өткен көмекші-мамандардың тікелей қатысуымен жүзеге асуы керектігін баса
атап өткен болатынбыз. Сол көмекшілердің ішінен ерекше атап өтетін маман-
сот-медицинасының немесе басқа салалық медицина қызметкерінің көмегі.
Көптеген жағдаяттарда өліктің табылған жерінде тексеріп қарау ісін тек
медицина қызметкері атқарады. Бұл жерде тергеуші тек қана алынған
мәліметтерді жазып, сақтап, тергеу ісіне тіркеумен айналысады. Бұл дұрыста.
Тергеуші тек медицина қызметкеріне барлық жұмысты салып қоймай, өзі де
белсенді түрде араласып, табылған өліктің барлық өзгерістері мен
зақымдардың мөлшері мен көлемін жазып, тергеу ісінің сәтті жалғасуына
жағдай жасауы тиіс.
Осы сөзімізді кейбір сот-медицинасының өкілдері де өліктің табылған
жердегі медицина қызметкерінің роліне жоғарғы баға беріп жатады. Мысалы,
осы тұрғысында Э. Кноблох былай дейді: Өліктің табылған жерін және өлікті
тексеріп қарауда дәрігер қызметкерінің еңбегі орасан зор. Оның берген ақыл-
кеңесі мен нұсқаулар барлық тергеу ісінің мазмұнын да ашып береді деп
дәрігер қызметінің істі баянды етудегі еңбегіне өзіндік баға берген [8. 29-
46бб].
Әрине, тергеушіге көмекші мамандар, соның ішінде дәрігер нұсқау бере
алмайды. Ол тек қана тергеушіге істің толық, әрі тиянақты ашылуына ғана
көмектесе алады. Міне, осы көмек қана тергеушіге істің оңтайлы болып
шешілуіне көмектесуі мүмкін.
Дәрігер мен тергеуші арасындағы өзара көмек қылмыстық-процесуалдық
заңнамамен реттеледі. Дәрігердің қылмыс орнында немесе өліктің табылған
жеріндегі жұмысын, нақтырақ айтқанда оның аталмыш жерге келуі мен кетуі,
жұмыс жағдайының жасалуы, сонымен қатар, сол жердің жалпы күзеті мен өлікті
тиісті жерге апару ісін өз мойнына өліктің табылған жерін тексеріп
қараушылар алады.
Тергеушіге қылмыстық істің ашылуына көмекке келе отырып, сот-
медицинасының маманы және басқа да саладағы дәрігер мынандай мәселелерді
шешуге көмектеседі:
1. Өліктің қайтыс болғандығын анықтап және оның белгілеріне қарап отырып,
өлім болған уақытты анықтайды.
2. Тергеушіге өлікті тексеруде толық, әрі тиянақты да, сапалы тексеруге
көмектеседі.
3. Тергеушіге өлік табылған аймақтан заттық айғақтар мен іздерді, дәлірек
айтқанда қан, шәует дақтарын, шаш және тағы да басқа адамның биологиялық
бөліністері мен қылмыс құралдарын табуға көмектеседі.
4. Тергеушіге өліктің сипаттамасын жасау мен биологиялық бөліністер
қалдықтарының есебін хаттамаға енгізуге көмектеседі.
5. Өліктің табылған жерін тексеруді қолға алған тергеушіге ауызша түрде
қылмыстың мәнін, механизмі мен өлім келген уақыт пен медициналық
мазмұндағы барлық сұрақтардың жауабын айтып, алғашқы нұсқалармен
таныстырады.
6. Керек болған жағдайда тергеушіге сот-медицинасының қорытындысын жасау
мен экспертиза шешетін мәселелерге сұрақ дайындайды.
Осы тұста, дәрігер өзі жасап жатқан әр іс-әрекетті тергеушіге
түсіндіре отырып, оның ерекшеліктерін тергеушіге жеткізуі тиіс [2. 15-
16бб].
Осылайша, өлікті табылған жерін немесе қылмыс орнын тексеріп, істі ашу
әрекетіне көптеген көмекші адамдар қатысады. Тіпті, кейбір жағдайларда,
соның ішінде аса маңызды қылмыс болған тұста өліктің табылған жеріне
тергеуші мен прокуратура және ішкі істер органдары, мамандардан құралған
арнайы топтар мен бригадалар жіберіледі. Олардың барлығы да қылмыс орнының
заттық айғақтарының жоғалмауымен қатар, іздердің жоғалмауын қамтамасыз етуі
тиіс. Сонымен қатар, ешқандай маман немесе көмекші алдын-ала бөтен адамдар
мен жәбірленушінің туыс, таныстарының қасында қылмыстың негізгі себептері
мен мақсаты, барысы туралы айтуына жол берілмейді. Сонымен қатар, көптеген
жағдайда жалған ақпараттың шықпауында қаперде ұстаған абзал.
Осы істің барлығы да қылмыстың болғандығы туралы немесе қылмыс орнынан
өліктің табылғандығынан басталады. Осы істің, яғни қылмыстың орын алғандығы
және өліктің табылғандығы туралы ақпарат алғаннан кейін өліктің табылған
жерін, яғни қылмыс орнын тексеру қажеттілігі туындайды. Алдымен, ақпарат
таратушыдан оқиғаның мән-жайын біліп, қылмыс орнын жіті бақлауда ұстап,
күзет қызметіне тапсырма береді. Жоғарыда айтқанымыздай, мамандарды
шақырып, тексеруге аттанады. Осындай істерді шешу ісінде үлкен қалаларда
арнайы барлық керек-жарақтармен қамтылған қозғалмалы криминалисттік
лаборатиялар болады. осы лаборатория қажет жағдайда сол қылмыс орнында да
тексеру қызметін атқара алуы тиіс. Осындай, лаборатиялар тексеру барысында
істі ашуға мейлінше көмектесіп, жұмысты жеңілдете түседі.
Оқиға орнына келісімен тергеуші болған істің мән-жайын түсінуге
тырысады. Осы мақсатта тергеуші куәгерлерлерден сұрақ-жауап алып, куәгер
болмаған жағдайда хабарды таратушы дерек көзінен немесе адамнан ізді
анықтау барысынан ақпарат алуға тырысады. Осы тергеуші басты назарда ұстауы
тиіс жайт-қылмыс орны білместіктен немесе қасақана өзгеріске
ұшыратылмағандығына көз жеткізуі тиіс. Себебі, қасақана өзгертілген қылмыс
орны қылмыскердің іс-әрекеті болуы әбден мүмкін. Сондықтан да, өзгертілген
қылмыс орны, яғни өліктің табылған жерін өзгертуші тұлға туралы мәліметте
аса маңызды. Көп жағдайларда өліктің табылған орны табиғи құбылыс
нәтижесінде өзгертілуі мүмкін. Құстардың, жан-жануарлардың есепсіз
қозғалысы нәтижесі мен қар және жауынның толассыз жаууы өліктің табылған
орнын көп өзгеріске ұшыратады.
Осыдан кейін барып, тергеуші өліктің табылған жеріне жалпы шолу жасап,
қылмыс орнының шекарасы мен қылмыс салдарын анықтайды. Оның нәтижесінде
қылмыс орнына жасалатын тексеру әдістері мен айласын дайындайды.
Өліктің табылған жерін анықтау қылмыс орнының орталығы мен оның
айналысына және айналысынан орталығына қарай жасалуы мүмкін. Қылмыс орнының
орталығы болып табылған өлік пен негізгі заттық аймағы табылған жер болып
есептеледі. Тәжірибе жүзінде көп жағдайларда қылмыс орнын анықтау көбіне-
көп орталықтан шеткері аймақтарға қаратып жүргізіледі. Ал, шеткері
аймақтардан орталыққа бағытталған қылмыс орнын анықтау ісі төмендегі
жағдайға сай жүреді:
1. Қылмыс орнының орталығы анықталмаса;
2. Шеткері аймақтағы заттық айғақтар мен іздердің жоғалу қаупі төнеген
жағдайда, ал орталықтағы заттық айғақтар мен іздердің жоғалуына күмән
болмаса;
3. Орталықтан бастап анықтау ісін жүргізген жағдайда, іздердің, айғақтардың
жоғалу қаупі төнеген жағдайда; [9. 59б]
Алайда, бұл қатып қалған заңдылық емес. Әрбір орын алған оқиғаның
ерекшелігінен шыға отырып, тергеуші нақты анықтау туралы шешім қабылдайды.
Қылмыс орнының шекарасы мен тексердің кезектілігін анықтағаннан кейін
қылмыс орнына қатысы жоқ аймақты белгілейді. Ол аймақ көмекші мамандардың
жеке заттары мен шеккен темекі қалдықтары және сіріңке қалдығына арналады.
Себебі, осындай бір қарағанда қарапайым құбылыста істі ашуға өз кедергісін
келтіреді. Осындай, жағдайларды белгілегеннен кейін тергеуші көмекшілері
арқылы істі ашуға тырысып, істі бастайды. Ол үшін әр көмекші өз мамандығына
қарай тергеушіден нақты тапсырмалар алып, іске кіріседі. Алдымен, істі
ашуда жасалған әрекеттерге баға берілуі үшін фотолық құжат үшін суретке
түсіріледі.
Жұмысқа кіріскен уақыт тергеушінің сағатымен белгіленіп, тіркеуге
алынады. Ал, жұмыс ұзақ уақытқа созылатын жағдайларда хаттамаға демалыс
уақыты мен жұмыстың қайта басталғандығы туралы ақпарат сақталуы тиіс.
Тексеру уақыты және жұмыс аяқталғаннан кейін барлық мамандардың қатысуымен
жұмыс қорытындысын талқылау тергеушінің қатысуымен болуы тиіс. Осы кезде
қылмыстың алғашқы көрінісі мен негізгі себептері және мақсаты туралы
ақпаратты тергеушіге жеткізіледі.
Ал, тексеру жұмысының өзіндік деңгейлері мен кезеңдері болатындығы да
белгілі. Тексеру жұмысын кезеңдерге бөлуге қатысты бірнеше нұсқалар бар.
Көптеген криминалисттердің анықтауы бойынша өліктің табылған дерін тексеру
кезеңдері статистикалық және динамикалық кезеңнен тұрады. Статистикалық
кезең өліктің табылған жерінің алғашқы кездегі бұзылмаған күйдегі заттық
айғақтары мен іздерін тіркеген уақытпен сай келіп, заттар мен іздерді
тиіспей зерттеп, тексеруден тұрады. Осы кезең де табылған барлық заттық
айғақтар өз орны мен мағыналас жақындығы айқындалады. Статистикалық кезеңде
табылған заттар жалпы сипатталып, суретке түсіріліп, схемалық сызбасы
жасалады. Бұл жерде алғашқы іздер мен заттарға аса сақтықпен қарап, әрекет
ету керек. Себебі, ол әлі де болса толық тексеруді талап етеді.
Тексерудің динамикалық кезеңінде, аты айтып тұрғандай өліктің табылған
жерінен алынған заттық айғақтар алғашқты табылған орнынан жылжытылып,
тексеруге ұшырайды. Қылмыс желісін толықтай ашып көрсетіп, қылмыстың
мақсаты мен себептерін анықтап қарау үшін тергеуші мен оның көмекшілері
заттық айғақтарды қолға алып, ұстап, қозғап көреді. Сонымен бірге, әрбір
заттың жекелеген мүшелерін суретке түсіріп, жалпы сипаттамасы жасалады. Осы
кезеңде де тергеуші және оның көмекшілеріне аса сақтықпен жұмыс жасауына
тура келеді. Себебі, табылған заттар мен іздерді қозғап қарауда да өліктің
табылған орны мен қылмыс желісін өзіндік нұқсан келтіреді. Осы үшін резеңке
қолғаптармен жұмыс жасап, заттық айғақтарды шетінен, бұзылмайтын жерінен
ұстаған абзалырақ [2, 47-51бб].
Өлікті табылған жері немесе қылмыс орны көптеген жағдайда үлкен
аумақты қамтығандықтан осы статистикалық және динамикалық кезеңдегі
зерттеу, тексеру жұмыстарын тек кейбір аймақтарға қатысты ғана кезекпен
жүргізілуі тиіс. Кезектен жаңылып қалмау үшін тергеуші қылмыс орны мен
өлікті табылған жерін бөлек-бөлек аймақтарға бөліп, жоспар бойынша кезекпен
жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқиғаның ерекшелігі мен желісіне байланысты
статистикалық және динамикалық кезеңдерде өз кезегінде тергеушінің ыңғайына
қарай қолданыла бастайды.
Ал, өлік табылған жеріне қарай қылмыс орнынын тексеріп қарауда өзгере
түсетіні анық. Қылмыс орнының бірі-бөлме ішіндегі қылмыстың жасалуы. Бөлме
ішін қылмыс орны деп қарастырып, тексеру барысында ерекше мән берілетіні
бөлме ішіндегі иіс өзгешілігі мен әуен және дыбыстың ерекшелігі болып
табылады. Сонымен қатар, электр көзінің, су құбырының, жылыту құбырының
өлік табылған жерден қашықтығының да аса мән ие. Көбіне-көп тұрғын үй
жағдайларында қылмыстық іске қатысты бірнеше заттар болатыны белгілі.
Сондықтан да, осының барлығы да тергеуші мен оның көмекшілерінің тексерісі
мен терең сүзгісінен өтуі керек. Өліктің табылған жерін тексерместен бұрын
тергеуші оның алғашқы суретін түсіріп, бөлменің сипаттамасын алған дұрыс.
Бөлмедегі әр заттың орналасуы мен орындарын есте ұстаған дұрыс. Бұл
тергеуші мен оның көмекші-мамандарына болашақ жұмысты тиімді ету үшін аса
маңызды. Бөлме ішінің көлемі мен ондағы заттардың ұзындығы мен мөлшері, ал
тергеуші өліктің табылған жерін тексеру барысында ондағы іздердің қашықтығы
мен көлемі туралы мәліметті де алып отыруды естен шығармауы керек.
Заттардың қылмысқа қатыстылығына байланысты олардың суреттемесі мен
сипаттамасы әртүрлі жағдайда бейнеленуі мүмкін. Осы жағдайда, тек қана
бөлменің ғана толық мағлұматын алып қана қоймай, оны қоршап тұрған аймаққа
да ерекше мән берілуі керек. Бөлме ішіндегі жасалған қылмыстың немесе
оқиғаның желісінен мағлұмат беретін кейбір заттық айғақтар бөлмеден тыс
далада да табылуы мүмкін. Ол өз кезегінде оқиғаға қатысуы мүмкін адамдардың
және көліктердің ізі сақталуы мүмкін. Мұндай, іске қатысты заттардың
табылуы істің ашылуына орасан зор пайдасы тиетіні сөзсіз. Көптеген
жағдайда, далалы жердегі ізбен заттық айғақтар бөлмелік жағдайдан бірінші
тексерілуі керек, себебі бөлмеге қарағанда далала аймақтағы заттардың
жоғалу қаупі жоғары болатыны даусыз.
Ал, қылмыс орнының шекаарасын анықтап алған кейін, тергеуші өліктің
табылған жеріне қарай оны бірнеше бөліктерге бөледі. Жалпы, өліктің
табылған жеріне тексеріп қарау бір-бірімен тығыз байланысты кезектілікті
сақтай отырып, жүргізілген анағұрлым тиімді. Себебі, тек жоспар және
кезектілікті сақтап жүргізілген жұмыстар ғана істің толық әрі тиянақты
жүргізілуінің көрсеткіші бола алады.
Қандай да жағдайға қарамастан өліктің табылған жеріне қарай ол
табиғатта, орманда немесе бөлмелік жағдай болмасын ол-оқиға орны алған орын
бола бермейтінін де есте сақтауымыз керек. Істі бұлыңғұрлытап және ізді
жасыру мақсатында қылмыскер өлікті қылмыс орнынан басқа аймаққа апарып
тастауы әбден мүмкін. Адам өліміне қатысты жасалған қылмыстық іс-
әрекеттерде осындай қылмыс орнының ауысуы тіпті жиі кездеседі.
Ашық алаңқайларда жұмыс жасаған тергеушіге көбіне-көп қылмыс орнын
анықтау барысында бірнеше қиындықтар туындауы әбден мүмкін. Себебі, көп
жағдайда анықталған қылмыс орны тағы да басқа заттық айғақтардың табылуына
қарай шекара аймағы кеңейе түсетін де жағдайлар көптеп кездеседі. Сонымен
қатар, ашық алаңқайлы аймақта жұмыс жасаған уақытта тергеуші жұмыстың
басталуы мен осы уақыттағы ауа райының да қолайлы немесе қолайсыздығын
хаттамаға енгізіп отырған абзал. Соның ішінде ауа температурасы, жауын-
шашынның немесе оның болар болмастығын, желдің бағыты мен жылдамдығын,
ылғалдылықты, жарықтылығын ескерген дұрыс.
Осындай жоғарыда айтқан барлық жағдайлар ескерілген жұмысты тергеуші
өзінің көмекшілерімен аяқтағаннан кейін де немесе тергеу барысында да
қылмыс орны мен өліктің табылған жерін қайта қарау қажеттілігі туындауы
әбден мүмкін. Қосымша тексерулер қылмыс орны мен өліктің табылған жерінің
кейбір бөліктеріне түпкілікті тексеру жұмысының жасалмаған жағдайы мен оның
толық емес күйде жасалған уақытында ғана жүргізіледі. Тіпті, тергеушінің
қылмыс орнын немесе өліктің табылған жерін қайта қосымша қарауы сот-
медицина сараптамасынан кейінде жүргізіліп жатқан кезедері болған. Әрине,
сот-медицина сараптамасының қорытындылары мен тергүеуші тапқан қылмыс
орнындағы заттық айғақтар мен іздер әр уақытта бірін-бірі толықтырып
тұрады. Қосымша қарауды ұйымдастырған уақытта тергеуші көзге ілмеген
көптеген заттар мен іздердің айғақ ретінде табылып жататындағы да шындық.
Сот-медициналық сараптамасы егер де адам өліміне қатысты жасаған
қорытындысына сай қылмыс құралын анықтаған жағдай да тергеуші мен
көмекшілері қылмыс орнынан осы бір затты аса бір жітілікті сақтай отырып
іздеуіне алып келеді.
Өлікті сот-медициналық сараптамасынан кейін осы қызметтің
қызметкерлерінің бастамасымен қосымша тексеру ұйымдастырылуы мүмкін.
Себебі, қолда бар мәліметтер өліктің және қылмыскердің қылмыс механизмі мен
екеуінің сол уақыттағы жалпы жағдайын білуге аздық етуі мүмкін. Міне, осы
сұрақтар мен тағы да басқа мәселелер қосымша тексеру ісін қолға алуды талап
етеді. Осындай жағдайларда өліктегі сот-медицинасының сараптамалық
қорытындысы мен қылмыс орнындағы табылған айғақтық заттардың мәліметті
бірін-бірі толықтырып, қосымша тексеруге алып келген сұрақтарға жауап
қарастырылуы керек [2.13-14бб].
Қосымша тексеру барысында қылмыс орны мен өліктің табылған жерін қарау
ісі бастан аяқ қайта қарауды талап етпейді. Тек қана тергеу барысында
ашылып, әлі де болса заттық айғақтарды талап ететін, қылмыс орнының
тергеуші бөлген кейбір бөліктері ғана тергеушінің басшылығымен тексеріледі.
Әрине, біздер қосымша тексеру орын алған жағдайда көбінесе тексеру
ісінің сапасыз жүргізілігендігін еске аламыз. Сонымен қатар, алғашқы кезде
өлікті табылған жерін қарауда табиғи құбылыстарда кедергі келтіруі мүмкін.
Міне, қосымша тексеру дегенде біздер жауын мен шашынның және қар мен
бұршықтың болашақта қосымша тексеруге алып келетіндігін ескеруіміз керек.
Сондықтан да, қосымша тексеруде қылмыс орны, өліктің табылған жерін
тергеуші толық әрі нақты сапалы түрде тексеру қажеттілігі туындайтыны
сөзсіз.
Біздер өліктің табылған орнын тексеру ісі тергеуші мен оның
көмекшілері арқылы жоғары да айтқандай ақпарат алынған уақыттан бастап
тексерілуімен бірге, сот үрдісі жүріп жатқан уақытта да өліктің табылған
жерін тексеру ісі орын алуы мүмкін екендігіні біліп жүруіміз керек. Мұндай
жағдай көбіне-көп сот ісі мен істің жабылуы немесе толықтай ашылуына
кедергілер келіп, заттық айғақтардың осы істі аяқтауға нұқсан келітірілген
жағдайында тергеуші мен көмекшілері өліктің табылған жерін қайта қарап, біз
айтып өткен қосымша тексеру орын алуы мүмкін [9, 34б].
Өлікті табылған жерін тексеру ісін сот арқылы жүзеге асыру ісі
оқиғаның орын алуынан кейін бірнеше уақыттан кейін жүргізіледі. Яғни,
тергеуші тексеріп біткеннен кейінде сот ісінде қажетті айғақтарды табу және
тағы да басқа нақты мәселелерді шешу мақсатында тергеуші мен сот өліктің
табылған жерін қарастырып, қылмыс орнын аралауы мүмкін. Сот қызметі өлік
орнын тексеру барысында тергеуші алғашқы уақыттарда жасаған қызметі және
сол кезде толытырылған хаттама негізінде жұмыс атқара алады.
2. Өлікті тексеру ісінің кейбір маңызды тұстары
Қылмыстық іс орын алғаннан кейін, тиісті ақпарат алынғаннан кейін
өліктің табылған жеріне қарай тергеу ісі басталатыны анық. Орын алған оқиға
орнына келуші топ болашақта күтіп тұрған іске толық және нақты дайындықпен
келу керек. Осы істі жүргізуші тергеуші мен оның көмекші-мамандары өз
істеріне қарай құралдары мен тағы да басқа керек-жарақтарының болуы шарт.
Мысалы, тікелей өлікті зерттеп, тексеру ісімен айналысатын дәрігер ауа
температурасын өлшеу мақсатында термометр, өлітің дене қызуын өлшеу үшін
электротермометр, өлік денесіндегі зақымдық дақтарды тексеруге диномометр,
жүйкелік балға, 1 % пилокарпин мен атропиннің ерітіндісі, хронометр және
номограм болуы керек. Сонымен қатар, тергеуші бастаған топта өліктің
табылған жеріне түпкілікті тексеру мақсатында қағаз және пластмассалық
пакеттер, шыны ыдыстар және тағы да басқа істі тексеру үшін керекті
құралдардың болғаны абзал. Қазіргі таңда осындай керек құралдардың кешенді
түрі жоқтың қасы. Дегенмен, көпшілік оисындай бір жинақ жасап алып,
тәжірибеде сәтті қимылдауда.
Қылмыс орын алған жерге, яғни өліктің табылған жеріне келісімен
табылған дененің жансыздығына көз жеткізгеннен кейін алдымен өлім сағатының
келген уақытын анықтау маңызды. Егер де, табылған дене әлі де болса өмір
сүру қабілеттілігін байқатса барынша алғашқы медициналық көмек көрсету
шарт. Осы сәтте тергеуші мен көмекші мамандар оны тиісті орындарға
жеткізуге міндетті.
Ал, дененің жансыздығын анықтау үшін шамалап және шынайы немесе
абсолюттік белгілері арқылы анықталады. Шамалап анықтау дегенімізде дененің
еш қозғалмастан жатуы, дене терісінің ақшылдана бастауы, ес-түссіздігі,
ауырған сезімінің байқалмауы, көзге түсірген сәулеге деген қарсы реаккияның
болмауы арқылы байқауға болады.
Тергеуші мен дәрігер бір қарағаннан өлімнің қай уақытта келгендігін
анықтай алмайды. Өліктің табылған жерінде адамның жүрегіне тікелей уқалау
жасап, тыныс алу жолдарына ауа жіберу арқылы реанимациялық көмек көрсетеді.
Тек содан кейін ғана, денеде өлікке тән дақтар пайда болысымен тірілту
әрекеті тоқтатылады. Осы істі тергеуші өз хаттамасында реанимациялық
көмектің басталу уақытымен оның аяқаталғандығы туралы ақпаратты енгізеді.
Ал, көп жағдайда өліктің табылған жерінде-ақ адам денесінде өлікке тән
дақтар мен көз жанарының өлікке тән өзгерісі байқалғандықтан мұндай іс-
шаралар жасалмай жатады [7, 67б].
Жалпы алғанда, адамның өлген сәтін анықтау үшін жауапкершілік
дәрігерге жүктеледі. Өлу сәтін мамандар клиникалық деректер негізінде
анықтауға, ал қажет болған жағдайда оны диагностикалық аспаптардың
көрсеткіштерімен толықтыруға тиіс. Егер әңгіме адам мүшесін ауыстырып салу
жайында болса, оның өлген сәтін бұлайша ауыстырып салуға еш қатысы жоқ екі
немесе одан да көп дәрігерлер анықтауы керек.
Әлбетте, адамның өлгеніне күмән туған жағдайда дәрігер адамның
өлгеніне анық көз жеткізгенге дейін, яғни алғашқы өліктік құбылыстар пайда
болғанға дейін оған қолынан келетін барлық көмекті көрсетуге тиіс (жасанды
жолмен тыныс алдыру, жүрек дәрі-дәрмектерін енгізу және т.б.). Демек,
өзінің күш-жігерін де, уақытын да аямай көмек көрсетуге міндетті.
Тергеуші өлікті табылған жерінде қарап, оның жалпы жағдайымен
танысқаннан кейін, әлі де болса толық ақпарат алу мақсатында сот-медицина
қызметіне жүгінуі мүмкін. Ол жерде оны жарып, істің ашылуы үшін нақты
мәліметтерді алады. Сот-медициналық жарудың негізгі міндеті-адамның өлу
себептерін анықтау. Ал, оның себептері мейлінше алуан түрлі және белгілі
бір жарақаттарға, ауруларға және олардың асқынуына байланысты болады.
Адамның өлгені туралы дәрігер куәлігін арнаулы үлгі бойынша толтыра
отырып, дәрігер өлімге тікелей не (ауру немесе негізгі аурудың асқынуы)
себеп болғанын және тағы басқаларын түгел көрсетуге тиіс. Мысалы, адам
жалпы атеросклероз салдарынан бел алған коронарокардиосклероз негізінде
асқынған жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен өліп кеткен делік. Сонымен
бірге өлікті зерттеген кезде сарапшы-дәрігер адамның өлуіне тікелей себеп
болған негізгі аурумен немесе онын асқынуымен байланысы жоқ, бірақ өлімге
қосымша болған басқа да елеулі ауруларды анықтауға міндетті.
Организм өлуінің бастапқы кезеңінде өлу диагнозын қою едәуір қиын.
Теория жүзінде өлу сәтін едәуір дәл анықтауға болады, ол жүректің соңғы
жиырылуымен немесе ақтық дем алумен байланысты. Бірақ тәжірибеде бұл
әлдеқайда қиын, өйткені өлу процесі белгілі бір уақыт аралығына созылады.
Организмнің бір мезгілде өлмейтіні жоғарыда айтылды. Жүйелердің бірі
қызметін тоқтатқан кезде бүкіл организм өледі.
Өмірді сақтап қалу жөніндегі сынамалар "орамалы үштаған" ("витальный
треножник" — жүрек, өкпе, ми) дейтіннің төңірегіне шоғырланған және ең
басты өмірлік қызметтердің болуын-нерв жүйесінің тұтастығын, тыныс пен қан
айналысының болуын дәлелдеуге негізделген. Өмірдің сақталуына сынама алу
эволюциясы едәуір дәрежеде медицинаның эволюциясын көрсетеді, ол қызған
темір мен айнаның көмегімен сынама алудан электрокардиография мен
электроэнце-фалографияға дейінгі жолдан өтті.
Нерв жүйесінің жұмыс істеуіне негізделген сынамалар ішінде мыналарды
атаған жөн: 1. Естен тану (өте салыстырмалы белгі). 2. Мұрынға иісі қатты
шығатын нәрсені, мысалы, мүсәтір спиртін және т.б. жақындатқанда нәтиже
бермейді.
Рефлекстердің, әсіресе көздің мүйізгек қабығы рефлекстерінің болмауы өлу
диагнозын қоюда зор рөл атқарады.
Көз алмасын басқанда қарашық түрінің өзгеруі ("мысық көз
феномені"). Көз алмасын басқан кезде тірі адамның көз қарашығы өзгермейді,
ал өлген адамда ол сығырайып кетеді (Белоглазовтың белгісі). Бұл өте бағалы
белгі және ол адам өлген соң 10-15 минуттан кейін байқалады. 5.
Электроэнцефалографиялық зерттеу ең дәлелдісі болып табылады. Алайда ол
белгілі бір жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Тыныс болуын төс ойығы тұсынан фонендоскоппен тыңдау арқылы анықтауға
болады.
Тіршілік барына сынама жасаудың көпшілігі қан айналысының болуын
дәлелдейтін төмендегідей белгілерді анықтауға қатысты: 1) жүрек лүпілінің
сезілуі және иық, күре тамыр, самай, сан артериясы маңында лүпіл болуы; 2)
жүректі тыңдау; 3) алақанды ашып, жарыққа ұстағанда тірі адамның саусақтары
арасындағы саңылаудан қызғылт сәуле шығады, ал өлген адамда бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz