Қытай халық Республикасындағы ұлтаралық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультеті

Саясаттану кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаушы:

4 курс студенті

Ғылыми жетекші

Доцент (қолы, дата)

Нормабақылаушы (қолы, дата)

Қорғауға каф. меңгерушісімен

жіберілді

(қолы, дата)

Алматы, 2007

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кіріспе 2 - 7

І. Қытай Халық Республикасының саяси даму ерекшеліктерінің мәні мен мазмұны

1. 1. Басқару және кадр жүйесіндегі реформалар - саяси дамудың ішкі мазмұнының модернизациялануы негізінде 8 - 16

1. 2. Қытай Халық Республикасындағы саяси жүйе мен мемлекеттік идеология ерекшеліктері 17 - 30

2. Жаңа геосаяси кеңістіктегі Қытай Халық Республикасының саясатындағы өзекті мәселелер

2. 1. Қытай Халық Республикасындағы автономиялық ұлтаралық саясат негіздерінің теориялық аспектілері 31 - 41

2. 2. Қытайдағы демографиялық ахуал және оның ішкі саясатта алатын орны 42 - 52

Қорытынды 53 - 56

Пайдаланылған әдебиеттер 57 - 58

КІРІСПЕ

Кез-келген саясат дәстүрлі және тарихи түрде мемлекеттің негізгі сипатын, оның шынайы мазмұндылығын, потенциалын, елдің өмір сүру жағдайының жаңа сапалы жетістіктерге жету жолдарының көрсеткіштері болды. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруына, нақты мемлекеттің ілгерілеуі, дамуына үлкен серпіліс берген мемлекеттегі саясат пен адам ресурстары екенін тарих біледі. Бірақ сол мемлекеттегі саясаттың дені жетістіктерге жете бермегенін де есте ұстау керек. Іске аспай қалған тұстары да болғаны тарихи-саяси шындық. Сондықтан да, әлеуметтік, экономикалық, саяси ғылымдардың қоғамның қазіргі заманғы саясатына, оның жетістіктері мен басты мәселелеріне деген қызығушылығының өсуі объективті заңды құбылыс деп білеміз. Қоғамның тұрақты дамуының бірден -бір кепілі ол- ұлтаралық келісім екенін де естен шығармаған жөн.

Бітіру жұмысының өзектілігі ретінде Орталық-Шығыс Азиядағы алып мемлекет - Қытайдың саяси даму ерекшеліктері мен ұлтаралық саясатының негізгі аспектілерін қарастыру себебіміз, саяси реформаларды жасаудағы көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан, бұл процестен үлкен жетістіктерге, барынша шыдамдылықпен жеткен, өздеріне тән ″спецификасымен″ дүние жүзін таңқалдырған елдің тәжірибесін басты назарға алып, ондағы алғышарттарды, жүргізілу барысы, кезеңдері мен негізгі аспектілеріне саяси көзқарас пен талдау жасауға тырыстық. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты басымдылықтардың бірі - көрші мемлекеттермен тату-тәтті достық қарым-қатынас орнату негізгі приоритет деп танылса, ол мәселені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ″Қытаймен арадағы ынтымақтық көршілік қарым-қатынастың нығаюынан жоғары, дұрыс саясаттың болуы мүмкін емес жағдай″/1/ деп қадап айтқан болатын. Әрине осы көрші мемлекеттерде болып жатқан саяси процестермен оның сабақтары, қателіктері және жетістіктерінен тәжірибе алсақ біз сияқты егемендікке жаңадан қол жеткізген жас мемлекет үшін көп пайдасы бар десек қателеспейміз деп ойлаймыз.

Хронологиялық жағынан шамамен Қытай Халық Республикасы құрылғаннан (1949. 1. Х) бастап 60 жылдық, соның ішінде соңғы 20 жылды - Қытайдағы саясаттың жүргізу кезеңін қамтып отырған бұл жұмыста осы елдегі ішкі саясат мәселелеріне, әсіресе ұлтаралық процестерге үлкен көңіл бөлінді. Жалпы ішкі саясатты мемлекеттік саясаттың негізгі басты элементі ретінде қарастыруға тырыстық. Осы тұрғыда Қытайдағы реформа өткізілу қарсаңындағы әлеуметтік алғышарттар, заңдылықтар, нақты бұл саяси реформаның өткізілуінің қажеттілігін де талдауға алуға талпыныс жасалды. Қытайдағы ″мәдени революцияның″ өзін экономикалық және саяси өзгерістердің алдын-алу процестері ретінде жүргізілуін назарға алсақ, бітіру жұмысындағы көтерілген мәселелер мен талдаулар болашақтағы жүргізілетін реформалардың әртүрлі аспектілерін зерттеуге, танып-білуге көмегін береді.

Бұл мәселенің зерттелу деңгейіне келсек, әрине қытайлық саяси реформаның 20 жылы батыс және ресейлік, отандық мамандардың, сондай-ақ Қытайдың өз зерттеушілерінің біраз қызығушылығын туғызды. Белгілі қытайтанушы, РҒА(Ресей Ғылым Академиясының) корреспондент-мұшесі, ″Ресей - Қытай″ Орталығының басшысы Владимир Степанович Мясниковтың пікірінше, олардың саясатының мотивін, саяси психологиясын түсіну үшін өркениеттік ерекшеліктік білім мол болуы керек. Және бұл мәселеде қытай жағы әлденеше қадамға алға кеткенін жасыра алмайды /2/.

Сондай-ақ қытайлық реформаларды зерттеудегі ресейлік қытайтанушы оқымыстылардың еңбектерін де ерекше атап өтуге болады. Мысалы, А. Г. Яковлевтің, А. С. Красильниковтың, А. П. Бутенконың, Л. И. Молодцованың, М. Хурметханның т. б. зерттеулері бітіру жұмысына үлкен көмегін тигізді /3/. Ал академик О. Т. Богомоловтың қытай реформалары мәселелеріне арналған ″дөңгелек үстел″ мәжілісіндегі көрсеткен ″ . . . бізге халықаралық салыстырмалылықтар өте керек деп ойлаймын. Қытайлық тәжірибе біздің өткен тарихымызда жіберген қателіктерімізді түсінуге, және де алда қабылданатын реформаларға коррекция жасау тұрғысынан баға жетпес құнды дүние″/4/ дей келе, Қытай да Американы ″жаба алмаған″ сияқты, ешқашан ″жабылмайды″ деп, мұндай ұлы елдегі қызықты тәжірибелік өзгерістерді зерттеу керектігін, және содан нақты қорытынды шығаруды ұсынады.

Қытай реформасы тақырыбы күн өткен сайын АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т. б. Батыс елдерінің саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы зерттеушілерінің жан-жақты қызығушылығын туғызуда. Осылардың ішінде америкалық саясаттанушылар Самуэль П. Хантингтон және Джеймс Курттың мақаласы ″Өркениеттер қақтығысы″, ″Нақты қақтығыс″ т. б. ″Халықаралық мәселелер″ журналының бірнеше номерінде жарияланған маңызы зор талдаулар/5/.

Шетелдік бай материалдарды ғылыми айналымға қосып, олардың барлық көзқарастарын талдаған отандық саясаттанушылардан Қуаныш Сұлтановтың Қытайдағы реформалардың негізін сараптама жасауы бітіру жұмысына мол көмегін тигізді /6/. Сондай-ақ, бұл аспектідегі зерттеулерге Е. М. Әбеннің, Р. К. Жоламанның, Е. Т. Кариннің, С. К. Көшкімбаевты, М. У. Спановтың /7/ тыңғылықты зерттеу ойлары мен жекелеген мақалаларын жатқызуға болады, мұнда қазақстандық сарапшылар ауқымды мәселелерді көтеріп, басты факторларға үлкен мән береді.

Бітіру жұмысының мақсаты Қытайдағы өткізілген саяси реформаның, соның ішінде ішкі саясаттың басты мәселесі ұлтаралық саясаттың жүргізу процесін талдай отырып, оның ерекшеліктеріне, мемлекеттілікпен тығыз байланыстағы ішкі және сыртқы факторларға баса мән беру.

Бұл мақсатқа жетудегі біздің алға қойған міндетіміз:

  • -Қытай Халық Республикасының саяси даму ерекшеліктерінің мәні мен мазмұнының негізі ретінде ішкі саясаттағы өзгерістерге талдау жасау;
  • -жаңа модернизациялық саяси дамудағы басқару және кадр жүйесінің өзгеру процесін қарастыру;
  • -партиялық жүйенің ұстанатын басты тәртіптерін және реформаны жүзеге асырудағы нақты ұстанымдарын сарапқа салу:
  • -мемлекеттік идеология ерекшеліктеріндегі дәстүрлілік және өркениеттілік қарым-қатынасына баға беру;
  • -автономиялық-ұлтаралық саясат негіздерінің теориялық аспектілерін ашуға, ондағы жүргізілген саясатқа талдау жасау;
  • -демографиялық жағдайдың өзгеруін зерттеу нәтижелерінің қорытындыларымен дәлелдей отырып, өзіндік баға беруге талпыныс жасау;

Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қытай Халық Республикасының саяси даму ерекшеліктерінің мәні мен мазмұны

  1. Басқару және кадр жүйесіндегі реформалар - саяси дамудың ішкі мазмұнының модернизациялануы негізінде

Қытай тарих сахнасындағы ең көне мемлекеттердің бірі. Көптеген адамзат тарихындағы жаңалықтар отаны. Қытайда алғаш рет қағаз, порох, кітап басу, компас, сейсмограф және тағы басқа заттарды ойлап тапты. ХІХ ғасырда Қытай нағыз отарлы мемлекетке айналды. Мұнда Ұлыбритания, Жапония, Германия сияқты ірі империалистік мемлекеттер өз отарларын иемденді. Әсіресе елді ХVІІ-ХХ ғасырлар аралығында өз отарлығында ұстаған маньчжурияның Цин династиясы басқарған тұста саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы тіпті адам айтқысыз болды. Тек Қытайдың жаңа тарихында синьхай революциясынан кейін (1911-1913жж) Қытай Республикасы құрылды. Елдің алғашқы президенті болып Сунь Ятсен болыцп тағайындалды.

Бұрынғы Кеңес үкіметі Қытай Республикасына өзінің достық қолын беріп отырды. Бірінші болып Кеңес үкіметі патшалық Ресейдің территориялық иеліктерін қайтарып берді. Екіншіден Жапондармен болған соғыста оларға әскери және материалдық көмек көрсетуінің арқасында Қытай Республикасы өз егемендігіне қол жеткізді. Ол 1949 жылдың 1 қазаны еді . Міне осы тұстан бастап Қытай Халық Республикасы құрылды. Және де ол әлелдегі ен үлкен көп ұлтты мемлекетке айналды.

Қытай реформаларының тақырыбы күн сайын АҚШ, Жапония, 949-1952 жылдар аралығында жаңа Қытай үкіметі өндіріс пен шаруашылықтың барлық саласында национализациялау саясатын бастады. Кеңес үкіметінің көмегімен елдің экономикасын тез арада аяғынан тұрғызып алды . 1953-1957 жылдар аралығында алғашқы бес жылдық жоспар қабылдап оны түгелімен орындап шықты. Бірақ кеңес одағындағы “аурулар” мұнда да байқала бастады. “Бөтен -жат элементтермен “күрес Қытайда да кең қарқынмен жүрді . Салдарынан көптеген адамдар зардап шекті. Осы зобалаң жылдарында елдің экономиеалық-әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кетті. Ел экономикасы 100 млрд юань жоғалтты. 1966 жылдан басталған “ мәдени революция” елдің саяи жүйесін қатты шайқалтып жіберді. “Мәдени революцияның” нәтиежесінен 100 млн. Жуық адам жапа шекті, ал материалдық шығынның зардабы 500 млрд-қа жетті.

Қытай Халық Республикасының Орталық Комитетінің 1978 желтоқсан айындағы 3 плннумы “мәдени революцияны айыптап, сол кезде жапа шеккендерді ақтады. Ал ҚКП ХІІ сьезі Мао Цэедунның бұрынғы жүргізген саясатын сынап . енді ел өмірінің барлық саласын модернизациялау туралы маңызды стратегиялық документ қабылдады. Ол бойынша бірінші кезең- 2000 жылға дейін өндіріс пен ауыл шаруашылық өнімдерін 4 есеге арттыру, халықтың орташа тұрмысын қалыптастыру көзделді, екінші кезеңі-2021 жыл Қытай коммунистік прртиясының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты- елді экономикасы орташа дамыған мемлекеттер қатарына қосу туралы болды. Үшінші кезеңі -2049 жыл- Қытай Халық Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты елді ең жоғарғы дамыған технологиялық мемлекет қатарына қосу. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы ҚКП қабылдаған осы стратегиялық маңызды документі өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келе жатыр.

Қазіргі жаһандану заманында 2 млрд-қа жуық халқы бар Қытай елінде болып жатқан үлкен экономикалық өзгерістер әлем экономистері мен саясаттанушыларының назарын өзіне аударып отыр. Әсіресе Германия, Франция және тағы басқа Батыс мемлекеттерінің зерттеуші- әлеуметтанушыларының, тарихшыларының әр түрлі қызығушылығын тудырды. Көптеген жағдайларда нақты мәселе мемлекеттер менен континенттер арасындағы жаһанды саяси қарым-қатынас контекстінде қарастырылатынын атап өткен жөн. Американ саясаттанушыларының -Самуэль П. Хантингтонның және Джеймс Курттың «Халықаралық мәселелер» журналының бірнеше нөмірлерінде жарияланған «Өркениеттер қақтығысы?», «Егер де өркениеттер қақтығысы болмаса, онда не?», «Ақиқат қақтығысы» деген мақалалары белгілі бір қызығушылықты білдірді. Қытай менен Қазақстанның және Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен қазіргі қарым-қатынас мәселелеріне «Орталықазия аумағындағы жағдайлардың сипаттамалары мен перспективалары» мақаласында Чэн Миншань және Хе Сиюцянь қытай ғалымдары жағдайлық сараптама жасады. Қытайдың Орталық Азиядағы жаңа мемлекеттермен жаңа геосаяси жағдайлардағы қарым-қатынастары мәселелеріне «Лишы яньцзю вэньти» («Вопросы истории») журналындағы Қытай халықаралық зерттеу Институтының директоры Ян Чэнсюйдің «1995-год хрупкой разрядки», Ма Вэйсянның «Пять государств Центральной Азии», «Вай Цзяо» («Дипломатия») журналындағы Ма Дачженаның «Из истории дипломатических отношений Китая и Казахстана» және т. б. саясаттану мақалалары арналған.

«Батысшылдардың» көпшілігі қытай реформалары туралы бұрынғысынша ұстамды пікір мен скептикалық болжамдар білдірген бірінші жылдарға қарағанда, 1989 жылдан кейінгі аралық зерттеу жұмыстарында объективті, өлшемді әрі әділетті қорытындылардың, бағалаулардың пайда болуымен ерекшеленеді.

«Проблемы Дальнего Востока» журналы Қытайдағы соңғы он жылдағы процесстерді зерттеуге арналған «Чайна Куотерли» журналының бір нөмірінде жарияланған Э. Перри, А. Голдстайн, П. Муди және Х. Хардингтің мақалаларын сараптау нәтижесінде американ синологтарының Қытайдағы саяси-әлеуметтік жағдайларға концептуалды әдістерін қорытындылайды. Авторлардың көпшілігі осы онжылдықты КХР-дағы саяси процестерді зерттеудегі маңызды кезең деп санайды және қол жеткізген, сонымен қатар дерек базасының қомақты ұлғаюы осы мәселелерді зерттеу жолының фактіге негізделген және теоретикалық қатынастағы жаңа деңгейге жол ашады, осы саладағы қытайтанушылар арасында даулы бірқатар мәселелерді жарыққа шығаруға мүмкіндік береді деп пайымдайды.

Калифорния Университетінің саясаттану профессоры Ричард Баум Дян Сяопиннің кетуінен кейінгі Қытайдың болашағына қатысты соңғы кезеңде спекуляция мен болжамдар саны өсіп жатқанын атап өтеді. 1989 жылы Тянаньмэнь алаңындағы оқиғадан кейін кейбір мамандар Қытайдағы коммунистік режимнің демократиялық күштер әсерінен құлайтынын болжады. Болжағандай шықпаған соң, назар Қытайда азаматтық қоғамның маңызды алғышарттарының болмауына аударылды және ақырында бұл мемлекет демократияға дайын емес деген қорытынды жасалды. Автор өз жұмысының бірінші бөлімінде постэдондық кезеңнің Қытай өмірінде жиі кездесетін саяси сценариін, ал келесі бөлімінде жұмысты соңына дейін жеткізу, неоконсерватизм, неоавторитарлық, саяси бөліну, әскерлердің преториандық араласуы, демократизация, неомаоистік қайта жаңғыру сияқты процестерді қамтитын сценарийдің өзінің вариантын ұсынады. Р. Баум сценариі бойынша саяси анализ өте қызықты нәтиже береді. Онда автор кез-келген сценарийдің мүмкіндігін бағалайды. Азияны зерттеу бойынша Гамбург институтының ғылыми қызметкері, саясаттанушы С. Хайльман өзінің Қытайдағы саяси өзгерістеріне, партияның жетекші ролі кезіндегі құқықтық жүйенің реформаларына арналған зерттеулерінде институционалды-саяси процестер, адам құқықтары мен демократия жағдайы, сауда қатынастарының саяси әсері, армияның саяси ролі мен саяси реформаларды сараптайды. Автор ҚХР-дың батысында екі жақты имидж - бір жағынан, экономиканың динамикалы дамуы; екінші жағынан - саяси тас болып қату деген саясаткерлердің және іскер адамдардың кейбір бағаларын жалпылайды. Міне, осылай шетел саясаткерлері және БАҚ Қытайды көрсетеді. С. Хайльманның мақаласының құндылығы ғалымның өлшенген бағалаулар арқылы объективті бағалауға келгенінде жатыр. Ол: «Саяси тас болып қату (окостенение) Қытайдың факт жүзінде дамуына сәйкес келмейді. Бірақ ҚКП әлі де билікке деген өз монополиясын кез-келген бәсекелес саяси ұйым немесе тәуелсіз бақылау инстанциялары тарапынан шектеуге дайын емес. Бірақ экономикалық реформалар және ашықтық саясаты саяси жүйеде өзгерістер тудырады», - деп атап өтеді. Ғалымның бұл қорытындысының Қытай реформаларын зерттеу үшін де, қазіргі этаптағы қытай қоғамының табиғатын түсіну үшін де практикалық маңызы бар.

Қытай реформаларын аналогиялық бағалау және қоғамда орын алып жатқан өзгерістер бойынша Д. Леш, П. Фишер, М. Шюллер (Германия), Н. Траси (Австралия) өздерінің зерттеулері мен мақалаларында ұштасады. Қытайдағы реформалар мемлекеттік басқарудағы күрделі механизмды - орталық және жергілікті билік арасындағы қарым-қатынастың өзгеруін іске қосты. Осыған Дороти Дж. Солингердің мақаласы арналған. Ол реформалар барысында әкімшілік тәжірибедегі түбегейлі өзгерістерді, орталық пен провинциялар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту деңгейін, орталық үкіметтің жергілікті ықпалын Қытай оңтүстігіндегі ірі өндірістік орталықтардың бірі - Ухань қаласының мысалында көрсетуге тырысты.

Австралиялық Ұлттық университеттің стратегиялық және қорғаныс зерттеулер орталығының саясаттанушысы Дэнни Рой өзінің «Права человека как угроза национальной безопасности: на примере КНР» мақаласында осы тезистің қайнар көздерін, логикасын және модификациясын қарастырады. Автор ҚКП-ның әлемге, соның ішінде алдымен Батыс елдеріне көзқарасын; қытайлықтардың, Шығыс азиялық мамандардың мақалалары мен позицияларын, қазіргі Қытай тарихының ҚКП интерпретациясын және партияның ролін, саяси жүйенің табиғатын, «адам құқығы» терминін ҚХР-ң түсінуін және ішкі саяси ойлауына анализ жасайды.

Пенсильван университетінің профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Лоуренс Р. Клейн Қытайдағы экономикалық реформалардың жүру барысын сараптай отырып, оның жетістіктерін көрсете отырып, қатаң орталықтанған экономикалық жоспарлаудан рыноктік баға белгілеу либералдық жүйесіне өту экономиканың аралық процесіне өте үлкен мағына береді.

Берілген сала бойынша Қытайдағы тенденциялар қандай? Қытайда құрылымдық және кадрлік реформалар күрделі әрі үздіксіз процесс екенін көрсету қажет. Оның Қазақстандағыдан айырмашылығы қытай спецификасына тән жүргізіледі, олар келесі аспектілерде көрінеді:

біріншіден, берілген реформа басқа бағыттағы реформалар сияқты, «қытай сақтығыменен және алдын-ала болжағыштығымен», яғни

ақырындап, бірқалыпты, ойланып және бірмағыналы жүргізіледі;

екіншіден, құрылымдық және кадрлік реформаның жүйесі бар. Ол көбінесе бес жылда бір рет, яғни жаңа үкіметтің қалыптасуы және ХӨБЖ(ВСНП) -нің жаңа сайлауының бірінші сессиясы кезінде болады;

үшіншіден, экономикалық реформалар нәтижесіне сай ол нақты экономикалық мақсатпен байланыстырылады.

Құрылымдық және кадрлік реформаларды тиімді жүргізу қытай реформаларының архитекторы Дэн Сяопиннің негізгі еңбегі болып табылады. Дэн Сиопин 1982 жылдың 1 қыркүйегінде болған Қытайдың Коммунистік партиясының ХІІ Бүкілқытайлық съезіндегі өзінің кіріспе сөзінде: «Ұзақ мерзім барысында, кем дегенде 20 жыл ішінде біз күш-жігерімізді жоғалтпай төрт бағытта жұмыс істеуіміз керек: басқарушы апаратты және шаруашылық жүйесінің реформасын қайта құруды жүзеге асыру, бірқатар кадрлік жұмысшыларды түбірімен өзгерту, жасарту, интеллектуализациялау және мамандандыру . . . »

ҚХР-ның кадрлік саясат және кадрлер мәселесін зерттеу бойынша библиогрфияны мемлекеттің экономикасыменен саяси құрылымын зерттеу библиографиясымен салыстырғанда, соншалықты бай емес.

Осылайша, 90-шы жылдарда кадрлар мәселесі бойынша қытай зерттеулері өзінде негізінде уезді және провинциалды басқарушыдан бастап жоғарғы басқарушыға дейін мемлекеттің басқарушы кадрларын зерттеу мәселесін қамтиды. «Синь Чжунго ди яньцзю» журналының мәлімдемелері бойынша, біз кадрлік мәселені зерттеуге аса көңіл аудару ҚХР-ның, сонымен қатар Сянганның және Тайваньнің ғалымдары мен зерттеушілері кадрлер осы мемлекеттің экономикалық және саяси өмірінің маңызды құрамдас бөлігі деп есептеуімен байланысты. Саяси және экономикалық шешімдер қабылдау және қытай басшылығындағы сабақтастық мәселесі 80-ші және 90-шы жылдары саяси сахнадан Дэн Сяопиннің кетуімен байланысты ерекше өткірлік қабылдайды.

Тайваньнан шыққан қытай ғалымы Ле Дакпоның «Второе поколение руководства КПК» монографисы осы мәселеге арналған ең маңызды еңбектердің бірі болып табылады. Американ ғалымы Рейзерді қатаң сынға ала отырып, ол қытай басшыларының үлкен ұрпақтарының мемлекетте жасаған төңкерістерін, сонымен қатар мемлекетті басқару әдістері мен формаларын мұқият зерттеу қажет екендігі туралы жазады. Ол сонымен қатар экономика саласындағы жүзеге аспай қалған реформалардың себептері мен мәнісін ұғынуды ұсынады.

Кадрлер туралы беделді зерттеулерге сүйене отырып, Ле Дакпо теоретиктердің қытай кадрлері туралы зерттеулеріндегі жалпы ережелер мен әдістерін қолдану деңгейін көрсетуді негізі мақсат ретінде қойды. Оның ойы бойынша, басқарушы кадрлердің қытай қоғамының даму процесіне әсер ету мәселесі және құрылымдық сараптама сәйкес әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көрсетілмеген. Оған қоса, ол формальді емес саналатын критерийлерге ғалымдардың жеткілікті көңіл аудармайтын, яғни формальді сәттер(иерархиядағы және қызметтегі орын) жағынан алғандағы әдіс бойынша кез-келген жоғарғы лауазымға ие емес тұлғаны саяси ықпалы да ескеріледі.

Шығыс қытайлық болып табылатын көрнекті американ ғалымы Стивен Лю өзінің «Кадры и общество в Китае» еңбегінде Қытайдағы саяси элитаны сараптауға стандартты әдіс қолданылады және оның мүшелерінің мансабы мен шығу тегі, элитаға іріктеу әдістері туралы ғана мәлімет жиналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеу
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Қытайда ұлтаралық қатынастарды басқару мәселелері
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
Саясат - бүкіләлемдік құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz