Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тарих факультеті
Дүние жүзі тарихы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Нидерландының ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы мәдениеті
Орындаған:
4 курс студенті Үйсінқұлов Азамат
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. д., профессор Қ. Т. Жұмағұлов
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
т. ғ. д., профессор “ ” 2010 ж. Қ. Т. Жұмағұлов
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ХVІ-ХVІІ ғасырдағы Нидерланды
1. 1 Нидерланды мемлекетінің саяси жағдайы
1. 2. Нидерланды мемлекетінің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы
2. Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
2. 1. Нидерланды мәдениетінің ерекшелігі
2. 2. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтүстік Нидерландының мәдениеті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Дипломдық тақырыптың өзектілігі. Ғасырлар бойғы халқымыздың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдері қатарынан көріну арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Бүгінгі таңдағы бұл қол жеткізген зор табыс болғанымен, оны кез-келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, елдігіне қажетті саяси, әлеуметтік-экономикалық, алдыңғы қатарлы озық білім және мәдени жетістіктерімен қамтамасыз етіп, одан әрі өрбіту керектігі сөзсіз.
Еліміз егемендік алған уақыттан бері осы қойылып отырған мақсаттарды жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Солардың бірі тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында осыған дейінгі дәуірде саналы түрде бұрмаланып, жасырылып келген халқымыздың, адамзат тарихының өткенін жаңа тұрғыдан зерттеуде, оған тиісті баға беруде орын алып отыр. Республика тарихшы ғалымдарының осы мәселелерді зерттеу нәтижесінде қол жеткізген табыстары осыған куә. Дегенмен, ғылымның бұл саласында зерттелмей тың жатқан және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер әлі де болса баршылық.
Мәдениет-адамзат баласының кейінгі ұрпаққа қалдырған өз заманының қайталанбас өнер үлгісі. Қай кезеңде болмасын тарихта және тарих ғылымы үшін «мәдениет» мәселесі аса өзекті мәселелер қатарына жатқызылған. Себебі, бүтіндей адамзат тарихында өзіндік орны бар «мәдениет» түсінігі ғалымдар үшін, тіпті қарапайым халық үшін де үнемі сұранысқа ие еді.
Қазіргі таңда еліміз әлемдік қауымдастықта өзіндік беделге ие. Сондықтан да, әлемдік тарих, соның ішінде әлемдік мәдениет мәселесі ғалымдар тарапынан зерттеле түсуі орынды. Осындай сәтте, бүгінгі таңдағы тарих ғылымында сұранысқа ие болып саналатың мәселелердін бірі-ол XVI-ХҮІІ-ші ғасырдың бірінші жартысындағы Нидерландының мәдениеті болып табылатыны анық. Осы салада, көбінесе, Нидерланды елдерінің әр-түрлі тұрмыстық жағдайына назар қатты аударылады, әсіресе көрші елдік арасындағы, халықаралық қатыңасқа, діни табынушылық, әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларға, адам құқығы мен оның бостаңдығына және сөз еркіндігіне өте күрделі де принципті мәселелер қойылып отырылады. Сонымен қатар, осы мәселелердің қалай шешілгендігі болашақ уақытың көптеген күрделі нәрселерімен әлі де тығыз байлаңыстырмақ. Шын мәнінде, бүгінгі таңда әлемде кең құлаш жайған мемлекеттерді қарастыратың тарихи үрдісі ешбір бөлек мемлекетті өз назарынан тыс қалдырмайды.
Нидерланды мемлекетін қарастырып, зерттегеннің өзі, осы уақытта Қазақстан секілді өтпелі кезенді бастан кешіп жатқан мемлекет үшін зор маңызды, соңымен қатар бұл мемлекет қарастырылған тақырыптың сандаған мәселелерін көлденең тартатыны барған сайын айқындала түсуде.
ХХ ғасырдың басындағы Нидерланды мәдениеті өзінің қалыптасуы мен дамуынында өте күрделі, қайшылықты кезеңді басынан өткерді. Бұл кезең бір жағынан алып қарағанда ғылым мен білім, музыка, бейнелеу, және тағы да басқа қолданбалы өнердің қалыптасып дамуы, сондай-ақ адамзат тарихында Нидерланды мәдениеті ең бір шарықтаған кезеңі ретінде де белгілі. Сонымен қатар, ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы орын алған күрделі қоғамдық-саяси өзгерістер Нидерланды мәдениетінің дамуында да өзіндік із-қолтаңбасын қалдырды. Сондықтан, аталған кезеңдегі Нидерланды мәдениетін осы мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайлармен қоса зерттеген дұрыс.
Жалпы дипломдық жұмыстың зерттелу өзектілігін дұрыс көрсету, оған бейімделу, дүниежүзілік бәсекелестік күшейіп отырған жағдайда әлемдік экономикалық және саяси қатарда қолайлы позицияда болу-өте маңызды мәселе. Ал толығымен нақтылығында, ең алдымен, Нидерландының осы үрдіс барысындағы тарихи орнын анықтап алу қажет деп есептейміз.
Нидерланды мемлекетінің оңтайлы даму жолдарын табу мәселесін жан-жақты зерттеу мен ой сарабынан өткізу үшін, ең алдымен осы мемлекеттің бастапқы жеке аймақты тұғырына шыққан күннен бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолындағы кездескен қиыншылықтары мен жетістіктері негізінде тарихи орнын анықтап алу қажет. Осы кезеңде Нидерланды мәдениетінің көрнекті өкілдері адамзаттық құндылықтарға үндеп, мәңгілік өнерді ту етіп ұстаудан жалтармады. Сондықтан ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Нидерланды мәдениетінің тарихын оқып-үйренуде осы қағидаларды естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда да біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігі айқындала түседі.
Қазақстан дүние жүзінің 50 мемлекетінің қатарына қосылып, өркениетті бағыт ұстап, бәсекеге қабілетті ел болуды мақсат тұтып жатқанда, Нидерланды сияқты мемлекеттің мәдениетін зерттеу өзекті деп санаймыз. Қазіргі таңда елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асып, төрткүл дүниеден Қазақстан туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар, Голландиядан шыққан саяхатшылардың мұралары, сызған карталары ғалымдардың назарын өзіне аударды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудін алдына қойған басты мақсаты Нидерланды мемлекетінің құрылған жылдан бүгінгі күнге дейінгі экономикалық, саяси, мәдени даму тарихы туралы жазылған материалдар мен пікір-тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, Нидерландының ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы мемлекеттік жағдайындағы экономикалық, саяси, ұлттық мәдени дербестігін, өзіндік болмысы мен қатар осы кезеңдегі адамзат тарихында өзіндік орынға ие болып отырған Нидерланды мәдениетінің сан қыры мен ерекшеліктерін, сол мәдениеттің көрнекті өкілдерін ашып көрсету. Мақсат айқындалғаннан кейін осы мақсатқа сай міндеттер туындады. Осы мақсатқа байланысты қарастырылған негізгі мәселелер мен жұмыстың міндеттері мынадай:
·ХҮІ-ХҮІІ ғасыр шеніндегі Нидерланды мемлекеті жағдайындағы экономикалық қалыптасу тарихын ашып көрсету.
· Қарастырып отырған кезеңдегі Нидерланды мемлекетінің дүниежүзілік мәдени орнын аңғарту.
·Нидерланды мемлекетінің ХҮІ-ХҮІІ ғасыр жағдайындағы мәдениеті туралы сөз ете отырып, осы уақыттағы мәдениеттің даму ерекшелігі мен көрнекті өкілдерінің тарихын баяндау.
- Нидерланды да ұлттық тілдің қалыптасуына үлес қосқан П. Хоофт, Иост фан Фондел, Х. Бредо шығармашылығының маңызын айқындау;
- Гуго Гроцкийдің тарихи еңбектері Нидерланды мәдениетіндегі алатын орнын анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. ХҮІ-ХҮІІ ғасырдың Нидерланды мәдениетінің даму тарихы мәселесінің күні бүгінге дейін көптеген зерттеушілер тарапынан қызығушылық танытылғанымен толықтай зерттеу жұмыстары әлі де болса жеткіліксіз екендігі рас. Ал, осы мәселе төңірегінде қазіргі таңға дейін жарық көрген зерттеу жұмыстарында қарастырып отырған мәселенің, яғни Нидерланды мәдениетінің оң және теріс жақтарын айқындағандығы белгілі болып отыр. Нидерланды мәдениеті мен қатар әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық өмірін тарихшылары мен саяхатшыларының зерттеулері мен жазбаларынан, ресми құжаттардан оқып білуге болады. Әрине, олардың барлығы бүгінгі таңда аса қызығушылық танытатын түрде орындалып, қазіргі таңда өзіндік сұранысқа ие. Нидерландының қарастырып отырған кезеңдегі мәдениеті туралы ғалымдардың зерттеулерінде жалып халықтың тұрмысы, әлеуметтік өмірі, табиғи-географиялық жағдайы, мәдениеті мен тілі, діні, жалпы психологиясы зерттеліп, өте қажетті дүниелер пайда болды. Жалпы осы кезеңде жарияланған мұндай зерттеулердің құнды мәліметтері сыни талдау арқылы пайдалануға болатын маңызды зерттеулер екені даусыз.
Қаралстырылып отырған мәселенің тарихи тұрғыдан зерттелуіне келетін болсақ, XV-XVII ғасырлардағы Нидерланды мемлекеті туралы кеңес уақытының ғылыми еңбектерінде толық ақпаратты ақиқат және осы жағдайындағы тарихи орны туралы зерттеулерді жоқтың қасы деуге болады.
Дегенмен, Нидерланды мемлекетінің түрлі тарихи кезеңі мен мәселесін қозғап, зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың ішінде Э. Роттердамский [1], Г. Гроцкий [2] еңбектерінде Еуропадағы оқиғалармен қатар, теориялық ойларын тұжырымдаған.
Біздің ойымызша Нидерланды мемлекетінің экономикалық қалыптасу тарихы, әлемдік қауымдастық орны жайында, зерттелу жағдайындағы рухани мәдениетінің даму тарихы сияқты мәселелер төңірегінде жарық көрген зерттеулерді екі топқа бөліп талдауға болады:
- А. Н. Чистозвоновтың [3] көлемді, ғылыми еңбектері, баяндамалары мен қосымша С. Д. Сказкиннің [4] таптырмас зерттеу еңбектері;
- экономист, саясаттанушы және т. б. ғалымдардың зерттеулері, ғылыми мақалалары, интернет желісінің материалдары [5] .
Осындай екі топқа бөліп талдаудың себебі-бірінші топқа жататын еңбектердің мән-мазмұны Нидерландының саяси, экономикалық және мәдени дамуында орын алған жағдайларды айқындаудың, оларды дағдарыстан шығарып, заңдардың түбегейлендірудің өзекті мәселелерін дөп басып, атқарылуға тиісті шараларды анықтайтын нақты, ғылыми еңбектер болып табылады. Бүгінде айтылып жүрген осындай сипаттағы пікірлердің болашақта іргелі зерттеулерде талданатыны сөзсіз.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Нидерланды мәдениеті мен оның тарихының өзекті мәселелері туралы сонымен қатар, Д. Л. Модлейдің еңбектерін атауымызға болады [6] . Аталған автор еңбектерінде Нидерландыдағы революцияның сипаттамасы берілсе, Г. Форстеннің еңббектерінде геосаяси жағдай толығырақ айтқанда, Балтық мәселесін баяндаған [7] . Сонымен қатар, Нидерландыдағы революция мен ондағы шаруалар қозғалысына қатысты құнды еңбектер бар [8] .
Қазіргі таңда, Қазақстандық зерттеушілер де Еуропаның тарихына ерекше назар аударуда, өйткені елбасы «Еуропаға жол» бағытын нақты алдыға қойды. Атап айтқанда Қ. Т. Жұмағұлов еңбектері дүние жүзі тарихының методологиялық мәселелерін алға қойды. Еуразия тарихының негізгі бағыттарын көрсетті [9] . Сонымен қатар, дүние жүзі тарихының кезеңдеу мәселелерін көрсетіп, зерттеу нысандарын сипаттады.
Сонымен қатар, Р. С Мырзабекова Чистозвановтың тарихи еңбектерін зерттеп, өзіндік үлес қосты [10] .
Дипломдық жұмыстың деректік негіздері. Тарихи білімнің қалыптасуы мен тұрақты эволюциялық өрістеу процесіне зерттеудің деректік негізі ықпал ететіндігі белгілі. Ал мәселенің жаңаша зерделенуі, қойылуы мен объективті түрде зерттелуі ақиқатқа негізделген тың деректерге байланысты. Бұрын-соңды айналымға түспеген тың деректерді зерттеу ауқымына енгізу мәселенің қарама-қайшылығы мен күрделі тұстарының шешімінің табудың көзі.
Зерттеудің деректілік негізін Нидерланды мемлекетіне қатысты мәліметтер құрайды. Олар зерттеу жұмысында кенінен пайдаланылды. Сондай-ақ Гуго Гроцкийдің еңбектерін дерек ретінде капитализм генезисіне қолдандық. Сонымен қатар, ортағасыр тарихына қатысты еңбектер мен осы кезең туралы мәлімет беретін хрестоматиялар да барынша пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. Сонау, Орта ғасырдың бастапқы кезеңінің, әлемде және дүниежүзілік тарихта ерекше орың алған Нидерланды мемлекеті, күні бүгіңгіге дейін өзіне қызығушылық таңытуда. Әсіресе зерттеушілер, ғалымдар қатарынан, ең алдымен бұл мемлекетке жер жүзінің тарихшылары, назар аударуда, себебі осы елді-мекеннің зерттелмей, қарастырылмай және қағаз бетіне толығымен түспей қалған ақпаратты-мәліметтері жетерлік.
Ұсынылған бітіру жұмысы, жоғарыда жазылғаңға дәлел болуға лайық. Өйткені, бастапқы Нидерландының ірге тасы салынып қаланғанынан емес, жалпы, бұл мемлекеттің XVII -ші ғасырдың бірінші жартысында өркендеп дамығаңдығы ақиқат, яғни сол кезеңдік уақытқа дейін Нидерландының тарихын, барлық жағынан, талай ғалымдар, зерттеушілер тек тарихнамалық сипаттама жағынан ұсыңып көрсеткені баршаға аңық. Толығымен қарастыра оқи келгенде, басқа ақпараттық-мәліметтің аздауына көзіміз жетеді. Осыңдай жағдайдың өзінде, бітіру жұмысыңда, ең алдымен негізгі мақсаттардың ерекшелігі, жаңадан ел естімеген жаналық ашу емес, керісінше, Нидерланды мемлекетінің тарихы әлі күнге дейін өзекті екенін айқындау. Диплом жұмысының негізгі нысаны ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Нидерланды мәдениеті.
Дипломдық жұмыстың теориялық-методологиялық негізі мен әдістері. Зерттеуде тарихи еңбектерді жан-жақты обьективті түрде, диалектикалық тәсілдермен етене байланыстағы тарихилықтың, ғылыми принциптердің негізінде оқып-үйрену, талдау басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында нақты тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері, сондай-ақ логикалық әдістер қолданды.
Тарихи хронологиялық (мерзімдік) әдіске үлкен мән берілді. Ол тарихи бұлтартпас дәлелдерді бір кезенді екіншілермен салыстыру және әр кезенде жинақталған білімнің объективті заңдылықтарын айқындау мақсатында өзара байланыста зерттеу ісіне мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыста осы әдіс нақты пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін төмендегідей жаңалықтар жасадым. Мысалы:
- Дипломдық жұмыста алғашқы рет Нидерландының XV-XVII ғасырлар аралығындағы саяси дамуына толықтай баға беріледі.
- Сонымен қатар, мәдениет мәселесі сол заманғы экономикалық және саяси мәселемен де тығыз байланыстылығын ескер отырып, экономикалық қалыптасу тарихының еңбектері мен мәдениетке қатысты оқиғалар бір жүйелілікке келтірілді.
- Сондай-ақ бас мәселелер жағдайындағы Нидерландының ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы мәдени даму ерекшеліктері мен тарихына өзімізше талдау жасап, қорытындыладық.
- ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Нидерланды мәдениеті жайлы деректер мен қатар соңғы зерттеулер де біршама сөз етілді.
- ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Нидерланды мәдениеті осы кезедегі Еуропа мәдениетінің көріністері болғандығы дәлелденді.
Дипломдық жұмыстың мерзімдік шегі. XV-XVII ғасырлар аралығын қамтиды. XV ғасырдан бастап, Нидерландының бір бүтін болып қалыптасқанына орай, республиканың экономикалық, сыртқы саяси және мәдени дамуында жаңа кезең басталды. Аталған кезеңде экономикада жоспарлы әкімшіл-әміршіл түрінен нарықтық қатынастарға көшу, өзіндік экономикалық дербестік алуға талпыныстар жасалып, шаралар іске асырылды; сыртқы саясатта көп саясаттылық ұсталынып, соңы нығайтулық жүзеге асырылды; мәдени салада саяси идеологияландырылған шылаудан босап, ендігі жерде ұлттық болмыс пен ұлттық мәдени дербестік жолындағы іс-шаралар жүзеге асырылды. Өтпелі кезеңнің қиындықтары мен қайшылықтары айқын көрініс тапты. Міне осындай күрделі мәселелердің алғышарттарын, сипатын, қайшылықтарын және салдарын біздің дипломдық жұмысымыз біршама анықтап береді.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын Нидерланды мемлекетінің тарихын зерттеушілерге, ізденушілерге өте қажет деп есептейміз.
Дипломдық жұмыстың материалдарын орта мектеп оқушылары және жоғары оқу орындарының студенттеріне оқу процесіне пайдалануға болады деп есептейміз.
Зерттеу жұмысын орта мектептерде дүние жүзілік тарихы сабағында мұғалімге қосымша дерек ретінде пайдалануға болады деп санаймыз.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Ұсынылып отырған диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар.
1. ХVІ-ХVІІ ғғ. Нидерланды
1. 1 Нидерланды мемлекетінің саяси жағдайы
Нидерланды - Маас, Рейн және Шельд өзендерінің сағаларында Солтүстік теңіздің жағалауын қуалай орналасқан аймақ. XIV-XV ғасырларда осы территорияда орналасқан графтықтар, герцогтықтар және сеньорийлердің көпшілігі, әдетте, Қасиетті Рим империясына немесе Францияға лендық тәуелділікте болды және олар Бургунд герцогтықтарының қол астына біріктірілді. 1477 жылы Франциямен және Швейцария кантондарымен соғысқан герцог Карл Смелый Нанси түбіндегі ұрыста қаза тапты, ал оның әскері талқандалды. Франциямен жүріп жатқан күресте көмек алу үшін тақтың мұрагері Мария Бургундская Максимилиан Габсбургскиймен некелесті және ол кейіннен Германияның императоры болды. Сөйтіп, Нидерланды осылайша Австрия Габсбургтерінің қол астына қарады. Бұдан былайғы жерде Габсбургтер Нидерландыны империяның ішінде ерекше жағдайға қойып, оларды шын мәнінде мұралы иеліктеріне айналдыру мақсатында өз биліктерін жаңа облыстарға барған сайын көптеп тарата бастады. Ол 1523 жылы - Фрисландияны, 1528 жылы - Утрехт пен Оверэйсселді, 1536 жылы Хронинген мен Дрентунды, 1543 жылы - Гельдернді (Хелдерді) қосып алды. Бұларды 1548 жылғы Аугсбургтік бітім заңды түрде бекітті. Осы бітім бойынша империя жалпы империялық, алым-салыктардың; ic жүзінде символикалық 6ip бөлігін төлеп тұруға міндеттеп Нидерландыны өз қамқорлығына алды. Империямен лендық байланыстарды онда да нашарлау формада, тек Гельдерн, Утрехт және Оверэйссел ғана сақтап калды. 1549 жылдьң «Прагматикалык, санкциясы» Нидерландының он жеті провинциясының оларға келешектегі суверендердің мұрагерлік етуі кезінде бөлінуге жатпайтындығын белгілеп берді. Бұл провинциялар: Артуа, Эно (Геннегау), Люксембург, Намюр, Фландрия, Брабант, Лимбург, Турне, Мехельн, Француз Фландриясы (Лилль, Орши, Дуэ), Зеландия, Голландия, Утрехт, Фрисландия, Гельдерн (Хелдер), Хронинген, Оверэйссел (Дрентамен) еді [2. 12-23бб] . Шіркеулік Льеж аймағы ерекше құқылык, статуспен пайдаланды.
Нидерландының саяси құрылысындағы күрес екі бағытта жүргізілді. Бір жағынан, император, ал кейінірек Испанияның королі және оның жанынан арнайы құрылған «Фландр кеңесі» басқарған үкіметтік аппарат болды. Нидерландыны әдетте наместник (бас статхаудер) басқарып отырды. Наместниктің жанында кeңecшi құқықтары бар үш кеңес - ipi шонжарлардан құралып, барлык, маңызды мәселелерді талқылап шешетін мемлекеттік кеңес; алым-салық мәселелерін басқаратын қаражаттық, кеңес және заң жобаларын, маңызды әкімшілік жарлықтарды дайындайтын; сондай-ақ наместниктің атына жолданған шағымдарды қарайтын жасырын кеңес құрылды. Соңғы екі кеңестегі лауазымдарды негізінен корольдық заңгерлер мен әскери міндеттерін атқарған дворяндардың арасынан шыққан білімділер алып отырды. Орталық сот органы Мехальна қаласында мәжіліс құратын Бас кеңес болды. Жергілікті жерлерде әжептәуір әскери әкімшілік билігі бар провинциялардың статхаудерлері де наместникке бағынды. Осы орталықтандырылған аппарат барған сайын күш жинап, заң, алым-салық және сот-әкімшілік жүйелерін бip iзге түcipдi, монарх пен оның наместнигінің әмірін жүзеге асыра отырып, жергілікті өзін-өзі басқару ісіне де араласты. Елдің саяси және экономикалық өмірін осылайша орталықтандырудың өзі шетелдік династиялардың Нидерландыны құлдыққа салудың реакциялык, максатына қызмет етті [2. 23-41бб] .
Екінші жағынан, Нидерландыда сословиялық монархия кезінен мұраға қалған уәкілділік мекемелері - Бас және «жер» штаттары өмір сүрді және бұлар өкіметтердің; сұраған алым-салықтарын дауысқа салып шешіп отыруға шексіз құқықтары болды. Оның үстіне далалар мен ауылдардың өзін-өзі басқаратын органдары (магистраттары) болды, оларда патрицийлер мен бюргерлер, бай купецтер үстемдік етті. Ал әрбір провинция мен даланың өз алдына артықшылықтары мен ерекшеліктері және автономиялары болды. Олар өздерінің бұл праволарын өкіметтердің қол суғуларынан табандылықпен қорғап отырды [3, ] . Сондықтан да монарх Нидерландыда өзінің ic-әрекет қимылдарын, біршама тежеп отырды.
V Карл үшін Нидерланды ерекше маңызды аймақ болып саналды. XVI ғасырдың орта шенінде ол қазынаға гульден есебімен 2 миллион қарапайым алым-салық төлеп тұрғанда, Италия 1 миллион, ал Испания мен оның отарлары 0, 5 миллионнан алым-салық төлеп тұрды. Нидерланды сонымен қатар Францияға және кейбір неміс князьдықтарына қарсы операциялар жургізу үшін ең маңызды соғыс плацдармы болып табылды. Нидерланды да V Карлдың қол астына тарауынан белгілі 6ip дәрежеде пайда тапты: олардың саудагерлері мен мануфактурашылары V Карлдың қол астындағы территориялардан өздерінің товарларын өткізуді қамтамасыз ететін рыноктар тапты, отарларға баруға бөтен елдерде де өздерінің сауда-саттық мүдделерін қорғауға мүмкіндік алды.
Алайда V Карлдың патшалық құру кезеңінің екінші жартысы үздіксіз алым-салықтар төлетуге, күйзеліске ұшыратқан әулеттік соғыстар, елдің шаруашылық мүдделеріне ат үсті қарап Нидерландының экономикасы мен қаражат жағдайын мүлдем әлсіретуге әкеп соқтырып, қатты наразылық туғызды. Толғағы жетіп келе жатқан жалпы шиеленістің V Карлдың жүргізген саясатының қалың бұқара тарапынан қолдау таппағанынан да гөрі терең себептері болды; олар Нидерландының әлеуметтік-экономикалық даму сипатына негізделді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz