Статистикадағы қорытынды көрсеткіштер және олардың түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


I Бөлім. Статистикадағы қорытынды көрсеткіштер және олардың түрлері:

1.1 Абсолютті шамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.2 Қатысты шамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.3 Орташа шамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10


II Бөлім. Қазақстан Республикасының еңбек рыногін статистикалық зерттеуде қорытынды көрсеткіштерді қолдану:



2.1 Еңбек рыногі көрінулерінің маңызы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.2Еңбекрыногіні Қазақстан Республикасындағы және аймақтардағы ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

2.3Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногіндегі жұмыс бастылықты жақсарту мен жұмыссыздықты төмендету саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дұрыс өңдеп, жинақтаудың әлеуметтік-экономикалық және сттистикалық тәжірибеде атқаратын рөлі өте жоғары. Бірақ, бұл көрсеткіштер зерттеп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестерге талдау жасауға, жиынтық бірліктерін қорытындылауға жеткіліксіз. Кейбір жағдайда осы көрсеткіштер жиынтығының даму, өзгеру заңдылығын зерттеу және сол сандық мәндер жиынтығын дұрыс дәлдікпен көрсету үшін және берілген бірліктерді толық қамту үшін бәріне ортақ негізгі көрсеткіштер жүйесі керек болады. Мұндай көрсеткіштер орташа шама әдісі арқылы алынады және оны, қорытындылаушы көрсеткіш деп атайды.
1996 жылдың соңында "Караван" газеті еңбек рыногі жөнінде өз зерттеулерін жариялады және шығарымға келе, Қазақстан Республикасында 170 мың жұмыссыздар есептеледі. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің мәліметі бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін 9140,1 мың адам еңбекке жарамды деп саналды. Яғни, Қазақстанда қазір уақытша есепке алынбаған мәліметтер бойынша жұмыссыздықтар 12,8%-ды құрайды. АҚШ-та мұнай дағдарыс уақыты кезінде де бос емес жалпы халық бойынша жұмыссыздықтың саны 9,4%-ды құрайды. 1989 жылы Кеңес Одағы кезінде халық санақтары уақытында жұмыссыздықтың саны 4,4%-ды құраған. Осыдан қорытынды: Қазақстан Республикасында жұмыссыздық қатерлі масштабтар қабыл алды .
Курстық жұмыстың мақсаты - елдегі жұмыссыздық мәселесін зерттеу, макроэканомикалық талдау қолдана отырып, жұмыссыздық мәселесінің шешім жолдарын табу, Республикадағы еңбек рыногінің дағдарысты жағдайынан шығу.
Мына бағытта зерттеу негізгі мәселелермен келеді:

1)Келісушіліксіз және де айқын, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар аралық зерттеулерде.

2)Еңбек рыногі және жұмыс бастылықсыз.

3)Халық және үкімет жағынан парызсыздық.

4)Менталитет ізгініне тән түрі, социалистік қатар жанында халықта пайда болатын.
Бірақ мына мәселелердің шешімінің тәсілдері бәрі-бір бар болады, оларды табу үшін, жұмыссыздық жөнінде талдау жасауы қажет, оның қандай себептері , қалай пайда болған және қалай ол сондай көлемге жетті .
1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы», Алматы, 1996г.
2. Ұлттық Статистика Агенттігінің жинақтары, Алматы, 1997г.
3. The Economist Books «The economist atlas. The shape of the world today», London, 1990
4. П. Хейне «Экономический образ мышления», Москва, 1992г.
5. Jeffrey D. Sachs, Felipe Larraine B. «Macroeconomics in the global economy», Moscow, 1996
6. «Казахстан. Экономика и жизнь» журналы, №4, 1995 г.
7. «Караван», «The Globe», «Панорама», «Ковчег», «Новое поколение» газеттері.
8. «Общая теория статистика», Москва 2004ж. Елесеева И.И., Юзбашев Ю.Н.
9. Әміреев Ы.Ә. «Статистиканың жалпы теориясы»
10. Кесікбаев Ө.К. «Статистиканың жалпы теориясы»

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I Бөлім. Статистикадағы қорытынды көрсеткіштер және олардың түрлері:

1.1 Абсолютті шамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.2 Қатысты шамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.3 Орташа шамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

II Бөлім. Қазақстан Республикасының еңбек рыногін статистикалық зерттеуде
қорытынды көрсеткіштерді қолдану:

2.1 Еңбек рыногі көрінулерінің маңызы мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.2Еңбекрыногіні Қазақстан Республикасындағы және аймақтардағы
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...16

2.3Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногіндегі жұмыс бастылықты
жақсарту мен жұмыссыздықты төмендету
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .22

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...23

Кіріспе

Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дұрыс
өңдеп, жинақтаудың әлеуметтік-экономикалық және сттистикалық тәжірибеде
атқаратын рөлі өте жоғары. Бірақ, бұл көрсеткіштер зерттеп отырған қоғамдық
құбылыстар мен процестерге талдау жасауға, жиынтық бірліктерін
қорытындылауға жеткіліксіз. Кейбір жағдайда осы көрсеткіштер жиынтығының
даму, өзгеру заңдылығын зерттеу және сол сандық мәндер жиынтығын дұрыс
дәлдікпен көрсету үшін және берілген бірліктерді толық қамту үшін бәріне
ортақ негізгі көрсеткіштер жүйесі керек болады. Мұндай көрсеткіштер орташа
шама әдісі арқылы алынады және оны, қорытындылаушы көрсеткіш деп атайды.
1996 жылдың соңында "Караван" газеті еңбек рыногі жөнінде өз
зерттеулерін жариялады және шығарымға келе, Қазақстан Республикасында 170
мың жұмыссыздар есептеледі. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің
мәліметі бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін 9140,1 мың адам еңбекке
жарамды деп саналды. Яғни, Қазақстанда қазір уақытша есепке алынбаған
мәліметтер бойынша жұмыссыздықтар 12,8%-ды құрайды. АҚШ-та мұнай дағдарыс
уақыты кезінде де бос емес жалпы халық бойынша жұмыссыздықтың саны 9,4%-ды
құрайды. 1989 жылы Кеңес Одағы кезінде халық санақтары уақытында
жұмыссыздықтың саны 4,4%-ды құраған. Осыдан қорытынды: Қазақстан
Республикасында жұмыссыздық қатерлі масштабтар қабыл алды .
Курстық жұмыстың мақсаты - елдегі жұмыссыздық мәселесін зерттеу,
макроэканомикалық талдау қолдана отырып, жұмыссыздық мәселесінің шешім
жолдарын табу, Республикадағы еңбек рыногінің дағдарысты жағдайынан шығу.
Мына бағытта зерттеу негізгі мәселелермен келеді:

1)Келісушіліксіз және де айқын, мемлекеттік және мемлекеттік емес
құрылымдар аралық зерттеулерде.

2)Еңбек рыногі және жұмыс бастылықсыз.

3)Халық және үкімет жағынан парызсыздық.

4)Менталитет ізгініне тән түрі, социалистік қатар жанында халықта пайда
болатын.
Бірақ мына мәселелердің шешімінің тәсілдері бәрі-бір бар болады, оларды
табу үшін, жұмыссыздық жөнінде талдау жасауы қажет, оның қандай себептері ,
қалай пайда болған және қалай ол сондай көлемге жетті .

I Бөлім. Статистикадағы қорытынды көрсеткіштер және олардың түрлері:

1.1 Абсолютті шамалар

Статистикалық бақылаудың, жинақтаудың және топтаудың нәтижелеррінен
барлық жиынтық бірліктері бойынша және оның жеке бөліктері туралы көптеген
қызықты мәліметтер алынады. Осы алынған мәліметтер өздеріне тән белгілеріне
қарай бірнеше топтарға бөлінеді, өзара байланысты сандық көрсеткіштер
жүйесімен сипатталады және статистикалық кестелер арқылы көрсетіледі. Жеке
топтарды немесе барлық жиынтықты бүтіндей сипаттайтын сандық жөндер
қорытындылаушы көрсеткіштер деп аталады. Мысалы, республикамыздағы халықтың
саны, өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдерінің көлемі, әр гектардан
түскен орташа өнімнің мөлшері және т.с. сияқтылар жатады.
Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өздерінің сандық мәндеріне
қарай нақты( абсолютті ), қатысты және орташа шамалар арқылы беріледі.
Осының ішінде нақты шамалар жиі қолданылады және бастапқы түрі болып
табылады. Ол статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді өңдеу,
жинау және қосудан алынады. Осының кезінде, қатысты және орташа шамалар
есептеледі. Сонымен бірге бұл көрсеткіштер нақты шаманың сандық
өзгерістерін қарастырып отырады. Сол себепті, әлеуметтік – экономикалық
құбылыстар мен процестер туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде нақты,
қатысты, орташа шамалардың атқаратын күрделі, өте жоғары және олардың
сандық көрсеткіштері қорытынды жасау үшін жиі пайдаланылады.
Статистикалық және нақты шамалардың ғылыми және тәжірибелік
жұмыстардағы маңызы мен атқаратын рөлі өте жоғары болады. Себебі, нақты
көрсеткіштерді қолдана отырып, әрбір кәсіпорындар мен шаруашылықтардың,
мекемелер мен ұйымдардың, ұжымдардың және т.б. әлеуметтік-экономикалық
дамуына және кемуіне толық қорытынды жасауға мүмкіндік туады. Міне, осыған
байланыстыбасқару орындарын жан-жақты сипаттайтын мәліметтермен қамтамассыз
етіп отырады және оның кемшіліктерін ашық көрсете алады. Бұл арнайы есептеу
әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ статистика
мекемелерінде жұмыс істейтін мамандардың негізгібір міндеті болып табылады.
Сонымен,статистикалық нақты шамалар деп қоғамдық құбылыстар мен
процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын,
деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады. Мысалы, топтағы
студенттердің саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнімнің
көлемі және т.б.
Нақты шамалар өздеғрінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай
жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді. Жеке нақты
шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән
сандық көрсеткіштер арқылы көрсетіледі. Оған мысал ретінде бір жұмысшының
бір ауысымдағы дайындаған тетіктерінің санын, бір жұмысшының айлық табысын,
әрбір отбасындағы балалардың санын және т.б. алуға болады.
Жалпы, нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады.
Мысалы, халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны
алынады. Ол әрбір адамның жиынтығынан құрылады. Жалпы нақты шамалар
қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсететін
жиынтық көрсеткіштер және оны күрделі зерттеу жұмыстарында пайдаланады.
Олай болса, жалпы нақты шамалар статистикалық қорытындылаушы , жинақтаушы
көрсеткіш болып табылады.
Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін
бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отыған объектінің (зерзаттың) -
әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем
бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи (натуралдық), еңбек
және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.
Табиғи (натуралдық) өлшем бірлігі сол қарастырылып отырылған заттың,
нәрсенің өзіне тән табиғи – физикалық қасиеттеріне байланысты қолданылатын
өлшем бірліктері.оған салмақ, көлем, ұзындық сияқты мөлшерлік өлшем
бірліктері жатады. Мысалы, тоқылған мата – метрмен, болат қорыту –
тоннамен, даярланған тетіктер – данамен, сауылған сүт – литрмен, жер –
гектармен, т.с.с. өлшем бірліктерімен есептеледі.
Жоғарыда көрсетілген табиғи (натуралдық) өлшем бірліктерінен басқа
әрбір өндірілген өнімнің сорты мен сапасын анықтау үшін сапалық өлшем
бірліктер де қолданылады.
Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған
жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағат, адам-күн, адам-
жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді, яғни бір адамның бір
сағат, күн және жыл ішінде істеген жұмысының нәтижесін көрсетуге болады
және оны ақшалай өлшемге айналдыруға тура келеді.
Ақшалай өлшем бірліктеріөндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы
көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептеу және т.б.
көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады. Ақшалай өлшем бірліктеріне тиын
мен теңге жатады. Бірақ , біздің республикамыз бойынша кейінгі жылдары шет
елдермен экономикалық және сауда-саттық тауар айналымының өркендеуіне,
шетелдік инвестицияның енгізілуіне байланысты доллар мен марка ақша өлшем
бірлігі ретінде қолданыла басталды. Сонымен бірге есеп айырысу үшін ақшалай
өлшем бірліктері өте қажет болады.

1.2 Қатысты шамалар

Зерттеліп отырған көрсеткіштерге талдау жасау, олардың өзара
байланыстылығы мен заңдылықтарын анықтау және тұжырымды қорытынды жасау
үшін нақты шамамен берілген көрсеткіштер жеткіліксіз болады. Сондықтан
статистикалық зерттеуде, нақты шамалармен қатар қатысты шамалар да
қолданылады.
Қатысты шамалар деп қоғамдық өмірдегі әлеуметтік – экономикалық
құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.
Қатысты шама қорытындылаушы көрсеткіштің негізгі түрінің бірі болып
саналады. Себебі, оның нәтижесінде нақты шама көрсеткіштеріне талдау,
қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.
Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі нақты шаманың
қатынасы қарастырылады және ол екі көрсеткішті біріне бірін бөлу арқылы
айқындалады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама
деп, ал алымын салыстырмалы шама деп атайды.
Егер салыстыру, негізін, 100-ге тең деп алсақ, онда өлшем бірлігі
процентпен беріледі. Сонда салыстырылатын шаманың базалық шамадан қанша
процентке артық немесе кем екені айқын аңғарылады. Бір шама бөлшектің
негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін, сол берілген шама бөлшегін негізгі
шамаға бөлу керек.
Сонымен, статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық
құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзгеден
дамуын, құрылымын анықтауға, талдауғамүмкіндік береді және сол берілген
сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге
бөлінеді. Оған жататындар төмендегілер: жоспардың орындалуы, жоспарлық
тапсырма, өсіңкілік, құрылымдылық, үйлестік, үдемелік(пәрменділік),
салыстырмалылық, дәрежелік.
Жоспардың орындалуының қатысты шамалары берілген жоспардың қандай
дәрежедеорындалғанын, яғни қаншаға өскендігін немесе кемігендігін көрсетеді
және өлшем бірлігі коэффициентпен немесе процентпен беріледі. Ол
көрсеткіштің нақты орындалған мәнінің жоспарланған мәніне қатынасы арқылы
есептеледі және мына схема немесе формула арқылы өрнектеледі:

қазіргі уақыттағы нақты мәндерді
У1
----------------------------------- ------------- х 100 немесе
------------- х 100
жоспарлық мәндерге
Ужос

Мысалы, 1995-жылы зауыт 900 тетік шығарды, ол жоспар бойынша 800 тетік
шығаруы тиіс еді. Онда жоспардың орындалу дәрежесі 112,5%

900
(------- х 100 = 112,5% ) тең болады. 1995-жылы зауыт
тетікті 12,5 %-ға асырған.
800

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамаларыдегеніміз, жоспар
бойынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен уақытпен салыстырғанда
қаншалық өсетіндігін немесе кемитіндігін бағдарлама арқылы көрсету болып
табылады. Оны есептеу үшін көрсеькіштің жоспарланған мәнін өткен уақыттағы
нақты мәніне бөлеміз және мынадай схема немесе формула арқылы есептейм:

жоспарлық мәндерді
Ужос
----------------------------------- ----------- х 100 немесе
------------- х 100
өткен уақыттағы нақты мәндерге
У0

Мысалы, 1994-жылы зауыт 750 тетік шығарған, ал жоспарлық тапсырыс
бойынша 1995-жылы 800 тетік шығару керек болатын. Сонда жоспарлық
тапсырманың көрсеткішімынаған тең болады:

800
--------- х 100 = 106,7% яғни зауытқа 1995-жылы тетік шығаруды
6,7 процентке
750. арттыру жоспарланған.

Өсіңкілік қатысты шамалар құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру
мөлшерін білдіреді. өсіңкілік шамалар салыстырылатын уақыттағы көрсеткіш
мәнінің өткен уақыттағы бір өзіне қатынасы арқылы есептеледі, яғни уақытқа
қарай құбылыстар мен процестердің өзгеру қарқыны көрсетіледі. Оны есептеу
үшін төменде берілген схеманы немесе формуланы пайдаланамыз:

қазіргі уақыттағы нақты мәндерді
У1
----------------------------------- ----------- х 100, немесе ----
----- х 100.
өткен уақыттағы нақты мәндерге
У0

Мысалы, 1194-жылы зауыт 750тетік, ал 1995-жылы 900 тетік шығарды. Онда
өсіңкілік қатысты шама көрсеткіші мынаған тең болады:

900
-------- = 1,2 немесе 120%. Бұл тетік шығарудың бір
жыл ішінде 1,2 есеге
750
немесе 120 процентке артқанын көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген қатысты шамалар бір-бірімен өзара байланысты
болады. Сол байланысты көрсету үшін төменде берілген формулаға зер салайық:

У1 Ужос
У1
------- = -------- х --------.
У0 У0 Ужос

Бұдан өсіңкілік қатысты шама жоспарлық тапсырманың және жоспардың
орындалу көрсеткіштерінің көбейтіндісіне тең деген ұғымды ағғарамыз. Демек,
бұл байланыстылықтың статистикалық зерттеудегі атқаратын рөлі мен
тәжірибелік мәні өте жоғары деп бағалауға болады және бұл үш шаманыңекеуі
белгілі болса, онда үшіншісін әрқашан да есептеп шығаруға толық болады.

Құрылымдық қатысты шамалар жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін
көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Мысалы,
республикамыздағы барлық халықтың ішіндегі қала мен ауыл тұрғындарының
үлесі, топтағы үздік студенттердің үлесі, жоғары сортты үлестік қатысты
шама деп те атайды. Оны есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін
оның жалпы жиынтығына бөлу керек. Мысалы, 1995-жылы Қазақстандағы халықтың
саны – 9,3 млн. адам, ал ауыл тұрғындары – 7,4 млн. адам болады. Яғни
қала тұрғындарының үлесі 56 процентке тең
9,3
7,4
(------- х 100 ) , ал ауыл тұрғындароының үлесі 44 процентке тең (-------
х 100 ) болды.
16,7
16,7
Бұл екі бөліктің қосындысы 100 процентке тең ( 56 + 44 = 100).

Үйлестік қатысты шамалар деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара
қатынастарын айтады. Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен қыз балалардың
санының қатынасы, жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы, қала ауыл
тұрғындары санының қатынасы және т.б. үйлестік қатысты шамаларды
есептегенде жалпы жиынтықтың құрамдас бөліктерінің біреуін салыстыру негізі
(базалық) ретінде алып қалған бөліктерінің осыған қатынасын табады.
Нәтижесінде салыстырып отыған бөлік салыстыру негізінен неше есе көп не аз
екенін немесе салыстыру негізінің 1, 10, 100, 1000 бірліктерінің салыстырып
отыған бөліктің неше бірлігі сәйкес келетінін білуге болады. Мысалы,
республикамызда 1995-жылдың басында 9292 қала тұрғындары және 7411 мың ауыл
тұрғындары болды. Яғни әрбір 1000 қала тұрғынына 798 ауыл тұрғыны
7411
( ---------- х 1000 = 798 ) келді және т.с.с.
9292

Үдемелік ( пәрменділік ) қатысты шамалар аттас емес көрсеткіштердің
қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әр түрлі көрсеткіштерінің қатынасын
немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі
бір құнға таралуын көрсетеді.мысалы, Қазақстан бойынша 1995-жылы 1000
адамға шаққанда туу коэффиценті -18,2, өлім-жітім – 9,5, табиғи өсу – 8,7
коэффицент (промиль есебімен) болды. Бұл көрсеткіштер облыстар бойынша әр
түрлі коэффиценттермен сипатталуда. Бірақ, барлық облыстар үшін
республикалық ортақ көрсеткіштер таратылады. Үдемелілік (пәрменділік)
қатысты шамаларды есептегенде оның негізі ретінде алынған көрсеткіштердің
(зерзаттың) қандай шамасы келетіні анықталады.
Салыстырмалы қатысты шамалар деп бір уақытта әр түрлі объектілерге
немесе әр түрлі аймақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын
көрсетуді айтады. Мысалы, 1995-жылдың басында Алматы қаласының тұрғындары
1197,9 мыңадам, ал Қарағанды қаласының тұрғындары 596,0 мың адам болды.
Яғни, Алматы қаласының халқы қарағандықтарға қарағанда 2,0 есе көп: (
1197,9 : 596,0 = 2,0 ).
Салыстырмалы қатысты шамалырдың өлшем бірліктері коэффицентпен немесе
процентпен беріледі және салыстырып отырған көрсеткіштердің бір-бірінен
қанша есеге көбейгендігі немесе азайғандығыкөрнекті түрде көрсетеді.
Сондықтан да, оны кейбір жағдайларда көрнекті қатысты шамалар деп те
атайды.
Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз - әлеуметтік – экономикалық
құбылыстардың даму немесе кему проценттерін жан басына шаққанда шығатын
көрсеткіштермен көрсете білу. Мысалы, жан басына шаққанда келетін халық
шаруашылығы өнімдерінің көлемі, ұлттық табыс пен ұлттық байлықтың көлемі
және т.б. Дәрежелік қатысты шамаларды есептегенде, сол жылғы өндірілген
өнімнің көлемін орташа жылдық халықтың санына бөлу керек. Есептелінген
көрсеткіштер атаулы санмен беріледі. Кейде бұл көрсеткіштер жан басына
емес, 1000, 10000 адам есебімен де берілуі мүмкін.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген нақты және қатысты шамалардың қайсы
түрін қолдану керек екендігін анықтау үшін, сол берілген көрсеткіштердің
сандық мәндеріне көңіл бөлуіміз керек және оның саралану маңызын
анықтауымыз қажет.

1.3 Орташа шамалар

Бұған дейін де және қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде де
статистиканы оқымағанхалықтың ортасынан орта немесе орта есеппен деген
ұғымды көптеп естуге тура келіп жүр. Яғни, бұл сөздерді қандай жағдайда
қолдана аламыз деген сұрақ-сауалдың тууы мүмкін. Мысалы, бір институтта
оқитын студенттердің степендияларының мөлшерін алатын болсақ, онда орташа
шама әдісін қолданудың ешқандай да қажеттілігі болмайды. Себебі, сол жоғары
оқу орындағы степендияның мөлшері барлық студенттер үшін бірдей, тек қана
өте жақсы оқитын студенттердікі ғана өзгеше болады. Ал егер жұмысшылардың
орташа айлық еңбекақыларын қарастыратын болсақ, онда олардың арасында түрлі
себептеріне қарай жалақы мөлшері әркімде әрқилы болып келеді. Мұндай
жағдайда барлық жұмысшыларға тән сандық көрсеткішті есептеу үшін орташа
шама әдісі қолданылады.
Орташа шама деп, біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және белгілі
бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа сан
мөлшерін, яғни жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын барлық
бірліктерге жатқызылатын сандық шамасын айтады. Мысалы, шаруашылық бойынша
әр гектардан 20 центнер өнім алынған десек, онда бұл көрсеткіш бір жерде 22
центнер, ендігі бір жерде 18 центнер және т.б. көрсеткіш түрінде болып
кездесуі мүмкін. Бірақ, 20 центнер деген сандық көрсеткіш осы шаруашылықтың
орташа өнімділігінің шамасын көрсетеді.
Статистикада орташа шаманы есептегенде және қолданғанда төменде
берілген принциптер мен шарттар толықтай орындалуы тиіс:
1) Зерттеп отырған құбылыстың, процестің жиынтық бірліктері
біртекті болуы шарт. Егер зерттеп отырған жиынтық бірліктері
біртекті болмай, әр түрлі болатын болса, онда осы
жиынтықтарды өздеріне тән сапалық белгілері бойынша бірнеше
топтарға бөліп, әр топ үшін жеке орташа және одан кейін жалпы
орташа шама есептелінеді. Мұндай жағдайда жалпы орташа шама
құбылыстың орта мөлшерін дәл көрсетеді және нақты шындықты
бейнелейді.
2) Орташа шаманы есептегенде оның жеке - дара өзгермелі сандық
және сапалық көрсеткіштері толығымен жойылады. Көп сандар
заңына байланысты негізгі белгінің әрбір бөлікке тән шамасы
шығады. Атап айтқанда, құбылыстар мен процестердің ауытқуын
жекелей зерттемейді.
3) Орташа шаманың көрсеткіші статистикалық бақылау нәтижесінде
жиналған мәліметтер арқылы есептелінеді. Егер бақылау
көрсеткіштері неғұрлым көп болатын болса, соғұрлым орташа
шама дұрыс шығады және нақты шындықты көрсетеді.себебі, осы
жағдайда ғана кездейсоқ ауытқулар өзара жойылып, бір
заңдылықпенен өзгерген шама ғана қалады. Мысалы, бір цехта
жұмыс істейтін үш жұмысшының айлық еңбекақысына қарап сол
цехтағы барлық жұмысшылардың орташа еңбекақысын көрсетуге
болмайды, т.б.
4) Зерттеп отырған құбылыстар мен процестердің жеке бөліктерінің
арасында ауытқу болатын жағдайларда орташа шама қолданылады.
Статистикада зерттеп отырған құбылыстар мен процестер дің негізіне,
алдына қойған мақсаты және бастапқы берілген көрсеткіштердің мәніне сәйкес,
орташа шаманың бірнеше түрі қолданылады, олар мыналар: арифметикалық,
геометриялық, құрылымдық, үйлесімдік және шаршылық (квадраттық) орташа
шамалар.
Қоғамдық құбылыстар мен процестерге әлеуметтік – экономикалық талдау,
зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде қорытындылаушы көрсеткіштерде әр түрлі
орташа шамалар қолданылады. Солардың ішінде ең жиі қолданылатыны және кең
тарағаны - арифметикалық орташа шама.
Арифметикалық орташа шама жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгілердің
жеке мәндерінің қосындысы болған жағдайда ғана қолданылады. Арифметикалық
орташа шама біртектес бірлік көрсеткіштерінің жеке мәндерінің мағынасына
қарай жәй және салмақталған болып екіге бөлінеді.
Жиынтықта әрбір белгі тек бір рет ғана кездессе, яғни бір-ақ рет
қайталанса немесе барлық белгілердің (варианттардың) жиіліктері бірдей
болса, онда орташаның жәй түрі қолданылады. Ол өзгермелі белгілердің
мәндерін бір-біріне қосып , одан шыққан қосындыны белгінің санына бөлгенге
тең болып мына формула арқылы есептеледі:

_ Σх
х = -----------,

n
_
мұндағы х – орташа шама;
х – белгілердің жеке сандық мәндері;
n – белгілердің саны;
Σ – жиынтықтың белгісі, яғни х-тің қосындысы.

Егер жиынтықтың әрбір белгісі бір рет емес, бірнеше рет қайталанатын
болса, яғни жиілік бірліктерінің саны берілген болса, онда орташа шаманың
салмақталған түрі қолданылады. Оны есептеу үшін әрбір қатардағы белгі
мәндерін (х) жиілік көрсеткіштеріне (f) көбейтіп, одан шыққан
көбейтінділердің қосындысын ( Σ хf ) жиіліктің жалпы санына ( Σ f ) бөлеміз
және ол мына формуламен өрнектеледі:

_ х1f1 + х2f2 + х3f3 ...
+ хn fn Σхf
х = -----------------------------
--------------------- = -------------
f1 + f2 + f3 +
... + f n Σ f

_
мұндағы х – орташа шама;
х – белгілердің жеке сандық мәндері;
f – жиіліктің мәндері;
Σхf – белгілер мен жиілік мәндерінің көбейтіндісінің қосындысы;
Σf – жиіліктің жалпы саны;

Статистикада әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикадағы орташа шамалар әдісі
Екі өлшемді айнымалылар
Әлеуметтік – экономикалық статистиканың мазмұны мен мақсаты
Ірі қара мал
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Құқықтық статистикадан дәрістер
Статистиканың жалпы теориясы
Вариация көрсеткіштері және олардың қасиеттері. Статистикалық талдауда вариация көрсеткіштерін қолдану
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Үйлесімдік орташа шаманың ерекшеліктері
Пәндер