Қазақстанның банк жүйесі туралы



Кіріспе
1 Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
1.1 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы
1.2. Қазақстандағы банктік реформа
2 Қазақстан Республикасындағы екі деңгейлі банк жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасының Орталық банкі. Ұлттық банк
2.2 Екінші деңгейлі банктер
3 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТЕРІ
3.1 Дағдарыс жағдайындағы банктер
3.2 Ұлттық банк, Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс. шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ежелден банктің пайда болуынан бастап оның мәні қандай екені қарастырылған, бірақ әлі күнге дейін толық мәні жұмбақ болып қала бермек.
Банктің мәнін ашуда екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық. Заңи тұрғыдан қарасақ «банктік жүйе» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына «ҚР-ғы банктер және банк қызметі» туралы ҚР заңында көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір фактор банк жүйесінің дамуы. Өйткені банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақыт сатысында тиімді, нәтижелі және болашақ бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Экономика басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері, мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. Банктер:
1.Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтайды;
2. Шаруашылық субъектілерінің кассирлері қызметін атқарады;
3. Эмиссия жүргізеді.
1. Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы.-Алматы, Атамұра, 2007.-42б.
2. Мамыров Н.К., Тілеужанова М.Ә., Макроэкономика. –Алматы, Экономика, 2001-462б.
3. Мақыш С.Б., Банк ісі.-Алматы, ИздатМаркет, 2007.-471б.
4. Основные направления денежно-кредитной политики НБРК на 2007-2009 годы // Банки Казахстана №4.-2009.
5. Ред. басқ. Ғ.С.Сейітқасымов, Ақша, Несие, Банктер.-Алматы,Экономика, 2001.-462б.
6. Об итогох деятельности за 1 полугодие 2009 года // Банки Казахстана №8.-2009
7. Оценка рейтингового состояния банковского сектора Республики Казахстана // Банки Казахстана №8.-2009.
8. О состоянии финансового рынка и финансовых организаций по состоянию на 1 сентября 2009 года // Банки Казахстана №9.-2009.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ежелден банктің пайда болуынан бастап оның мәні қандай екені
қарастырылған, бірақ әлі күнге дейін толық мәні жұмбақ болып қала бермек.
Банктің мәнін ашуда екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және
экономикалық. Заңи тұрғыдан қарасақ банктік жүйе ұғымының маңызы артады.
Олардың қатарына ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы ҚР заңында
көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің
мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді.
Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны
істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде
ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына
мән берген дұрыс.
Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикасының дамуына әсер ететін
бірден-бір фактор банк жүйесінің дамуы. Өйткені банктік жүйе-нарықтық
экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Отандық
экономиканы реформалаудың қазіргі уақыт сатысында тиімді, нәтижелі және
болашақ бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Бұл саланың
маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету
тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Ұлттық
банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Экономика басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық
қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені
осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың
экономикалық әдістері, мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі
буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен
немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет
етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғалысын қамтамасыз етеді. Банктер:
1.Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтайды;
2. Шаруашылық субъектілерінің кассирлері қызметін атқарады;
3. Эмиссия жүргізеді.
Өзінің дамуында банктер ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар
мен міндеттемлер құрады.Қоғам мен экономикадағы нарықтық қатынастардың
дамуымен банктердің экономикалық ролі күшейеді.Қазір банктердің кең
таралған жүйесінсіз үйлесімді дамыған мемлекетті елестете алмаймыз. Шынында
да, банктер экономикада көптеген жүректер жұмысы қызметін атқарады, яғни
олар арқылы мемлекеттің экономикалық-саяси қуаты дамуы мүмкін
болады.Курстық жұмысымның негізгі мақсаты-банк жүйесінің қалыптасу және
даму мәселесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық
стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Осы тақырыптың өзектілігіне келсек,
біз банкті мемлекетті және қоғамның бүкіл мүшелерін қаражатпен
қамтамасыздандыратын генератор деп те қарастыра аламыз. Осыған орай,
тұрақты, иілгіш, әрі тиімді банк инфрақұрылымын құрастыру – Қазақстан
Республикасындағы экономикалық реформаның ең маңызды және өте қиын мақсаты
болып отыр.

1 Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

1.1 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы

Банк сөзі banko- деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақыт монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда- саттық барысында әр түрлі формадағы
монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша- сауда капиталының
өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уакыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.
Біздің түсінігімізше, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі.
ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы заңның 1- бабына сәйкес,
банк- осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік қызмет- бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Аталған заңның 30- бабына сәйкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау.
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспонденттік-
банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша
есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай- ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету,
сондай- ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені
республика аймағында КСРО-ның орталықтандырылған кредит жүйесінің
филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің
тарихы КСРО тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихымен
ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді:
Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара кредит қоғамы, қалалық
банктер, ипотекалық кредит банкісі және басқа кредит мекемелері.
Ресейдің Мемлекеттік банкісі ( өз қызметін 1860 жылы бастады) бүкіл
кредит жүйесінің Орталық банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа
шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің
Мемлекеттік банкісі 1914 жылы салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың
жартысынан көбін, барлық акционерлік- коммерциялық банктердің шамамен 13
есептік- ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің
орталық эмиссиялық банктерден Ресейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылығы:
ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауда- саттықты
және т.б. кредиттеледі. 1914 жылы оның 10 кеңсесі, 124 бөлімшесі және 791
басыбайлы мемлекеттік қазынашылық кассасы болды.
Акционерлік-коммерциялық банктердің (743 филиалы бар 47 банк) жағдайы
ссудалық капитал нарығында үстем болды және 1914 жылы шоғырланудың жоғары
деңгейіне жетті.
Орта және ұсақ буржуйларға қызмет көрсету үшін ұсақ кредит мекемелері
жұмыс істеді: өзара кредит қоғамы (11081), қалалық- қоғамдық банк (343).
Ипотекалық кредит жүйесі мемлекеттік- дворяндық жер банкісін, 10
акционерлік жер банкісін, 36 қалалық кредит банкісін, басқа да ипотекалық
кредит банктерін қамтиды.
Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы банктерді мемлекеттік тұрғыдан
монополиялады. Елде мемлекеттік банк құрылды, содан соң, басқа банктер-
мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер пайда болды. Банк
жүйесінің бір буыны- мемлекеттік еңбек- жинақ кассасы. Кеңес үкіметінің
алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен қатар бір мезгілде мемлекеттік
емес кредит мекемелері; кооперативтік және жеке меншік, мемлекеттік-
капиталистік, оның ішінде, шетелдік капитал қатыстырылған мекемелер
құрылды. 1922 жылы кредит және ссуда-жинақ серіктестіктері мен олардың
одақтары ұйымдастырылды. Олардың міндеттеріне деревняларды және
майдангерлік өнеркәсіпті қркендету кірді. 1924 жылы ауыл шаруашылық
кооперацияларына салым ақшаларды қабылдау, ссуда беру және есеп айырысуда
делдал болу секілді формаларды кредит операцияларын жүргізуге рұқсат
берілді. 1926 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша КСРО-да 16185 серіктестік
жұмыс істеген. Оның 2426-сы кредит және сауда-жинақ мекемесі, 12424- ауыл
шаруашылығында арналған кредит мекемесі.
1922 жылы жеке сауда-саттықты, өнеркәсіпті кредиттейтін өзара кредит
қоғамы, мемлекеттік- капиталистік әрі акционерлік Оңтүстік- шығыс банкісі
және шетелдік капиталдың қатысуымен Ресей коммерциялық банкісі құрылды.
Социолистік экономика секторының дамуына қарай кооперативтік және
кредит мекемелерінің маңызы кеміп, жұмыс істеуін біржола тоқтатады. Ауыл
шаруашылығы ұжымдастырылғанда кредит кооперативтерінің қажеті болмай қалды.
Ол 1931 жылы таратылды. Экономиканың жеке секторынан сауда мен өнеркәсіп
салаларының ығысуына байланысты өзара кредит қоғамы да өз қызметін
тоқтатады. Басқа да кредит органдарының міндеті мемлекеттік салалық
банктерге ауысады. Олар 1922- 1925 жылдар аралығында құрылған Өнеркәсіп
банкісі, Цекомбанк, Всекобанк, Орталық ауыл шаруашылық банкісі және
басқалары.
КСРО-да жүргізілген кредит реформасының нәтижесінде 1930-1932 жылдары
салалық банктер жаңа принциппен ұйымдастырылды. Капитал салымдарын
қаржыландыру және кредиттеу бойынша 4 арнайы банк құрылады.
1. Өнеркәсіптерді және электр шаруашылығын ұзақ мерзімге
кредиттейтін банктен қайта құрылған өнеркәсіптердің және
электр шаруашылығының капиталдық құрылысын қаржыландыратын
банк (өнеркәсіп). Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкісі боп
қайта ұйымдастырылады.
2. Социалистік егіншілікті қаржыландыратын банк ( КСРО Ауыл
шаруашылық банкісі). Ол көптеген кредит серіктестіктерінің
және республикалық ауыл шаруашылық банктерінің орнына
құрылды ( 1959 жылы жабылып, оның қызмет ету аясы КСРО
Құрылыс банкісі мен Мемлекеттік банкісіне ауыстырылды).
3. Кооперациялардың капиталдың құрылысын қаржыландыратын банк (
Всекобанк). Ол Бүкіл ресейлік кооперативтік банкісінің
негізінде құрылды (Всекобанк 1936 жылы таратылып, оның
активтері мен пассивтері 1959 жылы жабылып қалған КСРО Сауда
банкісіне берілді).
4. Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын банк
(Цекомбанк); 1959 жылы жабылып, оның қызметі КСРО
Мемлекеттік банкісі мен Құрылыс банкісіне берілді.
Осы салалық банктердің барлығы салаларды ұзақ мерзімді кредиттеу және
қаржыландырумен айналысты. Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісіне халық
шаруашылығының барлық саласына арналған қысқа мерзімді кредиттер
шоғырландырылды. Барлық кредит жүйесінің орталық әрі жетекші буыны ретінде
КСРО Мемлекеттік банкісінің ролі өсе түсті. Барлық кәсіпорындар мен
ұйымдардың есеп айырысуға арналған қысқа мерзімді кредиттер
шоғырландырылды. Барлық кредит жүйесінің орталық әрі жетекші буыны ретінде
КСРО Мемлекеттік банкісінің ролі өсе түсті. Барлық кәсіпорындар мен
ұйымдардың есеп айырысуға арналған және ағымдағы шоттары КСРО Мемлекеттік
банкісіне шоғырландырылды.
Барлық одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақстанда барлық
банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл арада банк ісін
орталықтандырудың принципі қатаң сақталды, банк мекемелері органдарына
бағынды, қандай да бір жергілікті мәні бар ереженің енгізілуінің үзіліді-
кесілді тыйым салынды.
Сондай-ақ, іс-тәжірибеде ақша айналымын тек бір ғана банкте
шоғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе
мекеме есеп айырысу және ағымдағы шотын тек бір ғана банкте аша алатын.
Олар өз қаражатын осы банкте сақтады, кредит пен қолма- қол ақшаны осы
банктен алды және осы банк арқылы ақшасыз есеп айырысты.
КСРО-да банк реформасы 1987-1988 жылдары жүргізілді. Осы реформаның
нәтижесінде КСРО Мемлекеттік банкісінің және КСРО Құрылыс банкісінің
негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкісі (Промстройбанк), Аграрлық өнеркәсіп
банкісі ( Агропромбанк) және Әлеуметтік тұрғын үй банкісі (Жилсоцбанк)
құрылды. КСРО Мемлекеттік банкісінің құрамына кіретін жинақ касса жүйесінің
негізінде Жинақ ақша банкісі құрылды, ал Сыртқы сауда банкісінің негізінде
Сыртқы экономика банкісі құрылды, осы тұста КСРО Мемлекеттік банкісі
кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық тұрғыдан және кредит есеп-айырысу
секілді қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкісі боп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне (Промстройбанк) кредит саясатын
жүргізу, кредит жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп, капитал салымдарын,
сонымен бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы,
КСРО Мемлекеттік жабдықтаудағы есеп айырысуларды қаржыландыру мен реттеу де
оның міндетіне кірді. Банк кәсіпорындардың және шаруашылықтың бірлескен
салаларының есеп-айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Мұндай
кешенді кредит-есеп айырысу қызметін аграрлық-өнеркәсіп кешенінің
кәсіпорындары үшін- КСРО Аграрлық өнеркәсіп банкісі, сауда мен әлеуметтік
салалардағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін- КСРО Әлеуметтік тұрғын үй
банкісі жүзеге асырса, ал халыққа КСРО Жинақ банкісі қызмет көрсетті. КСРО
Сыртқы экономика банкісі экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп
айырысуды ұйымдастырды әрі жүргізді.
Мамандырылған банктердің құрылымы аймақтық- әкімшілік принципі бойынша
құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер, ал облыстар мен
өлкелерде банк басқармалары ұйымдастырылды. Аудан орталықтарында және
қалаларда банктердің өз мекемелері болды. Олар бастапқыда мынадай принцип
бойынша құрылған болатын: мамандырылған қай банкінің клиенттері басым
аудандарда тек олардың (мамандырылған банктердің) мекемелері (әр ауданда
бір мекемеден) болды. Тек КСРО Жинақ банкісінің ғана мекемелері әрбір
ауданда, ұжымшар мен кеңшарда ашылды. Мамандырылған банктердің (Жинақ
банкісінен басқасы) төменгі буындары өзінің мамандануына қарамастан,
ауданның барлық клиенттеріне қызиет көрсетті. Негізінен банктердің
мамандануы тек басқару дейгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері
әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың
кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген
банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы
келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты
бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп
айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банкке тасқындай құйылуымен
күрделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО
Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп
айырысуға көшу қажет болды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен
мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада
(өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды.
Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбінесе осы
кәсіпорындардың өміршеңдігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен
пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерңнде залалды мемлекеттік
кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.
Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүйесінің жұмысын
шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге
түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырық және көп бөлімді,
шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық
аппараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі
әлдеқайда әлсіреп кетті, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ықпал ете
алмады.
Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк
жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып
табылады.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын
жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі- Орталық, коммерциялық және
инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.
КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада,
өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет
көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы
сауда банкі ( Внешторгбанк) валютадағы және валютамен жасалатын
операцияларға қызмет көрсетті.
70- жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде
әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-
несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық
қатынастар шарттарына сай келмеді.
Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы
қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде
жойылып отырды. Утопиялық идеологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз
КСРО Мембанкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына
несиелік жүйені түгелдей басып алды және бәсекелестіктің элементтерін,
жарыс пен тәуекелдікті толығымен жойды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік
жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның
бастамасы болып табылатын, Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет
туралы Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық
басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық
Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне,
Агроөнеркәсіпбанк- Қазақстан Республикасы акционерлік- коммерциялық
Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі- ҚР акционерлік- коммерциялық Жинақ
банкіне ауысты. 1993 ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта
өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие
болды.
1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік,
жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк
сияқты және т.б. коммерциялық банктер құрылды.

1.2. Қазақстандағы банктік реформа

Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы
төмендегідей үш банктік реформаға тікелей байланысты:
1) 1987-1988 жж. банктік реформалар;
2) 1995 ж. банктік реформа;
3) 1996-1998 жж. банктік реформалар.
1987-1988 жж. банктік реформалар. Қазақстандағы несие жүйесінің қайта
құру тұсындағы дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-
1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік
банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде- КСРО Өнеркәсіп-
құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіптік банкі және КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік
банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО- ның Мемлекеттік банкі құрамында
келген жинақ кассалары негізінде- КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі
негізінде- КСРО Сыртқы экономикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап,
Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп
айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО- ның Орталық банкісіне
айналды.
1990 жылғы Банктер және банк қызметі туралы Заңға сәйкес
республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Осыдан бастап Қазақстан банк
жүйесінің жаңа даму сатысына көшті.
1990 жыл желтоқсан айында қабылданған ҚазКСРО-ғы банктер және банктік
қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды.
1995 жылғы банктік реформа. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995
жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалау бағдарламасына
сәйкес жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда ҚР жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш
кезеңге бөлуге болады:
1-кезең. 1988-1991жж.- мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер
қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті
бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер
қатарын құру; КСРО Мембанкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге
байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
2-кезең. 1992 аяғы мен 1993 жылдары- рубль аймағында бола отырып, ҚР
Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп
кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы мен дамуы,
ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3-кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа
ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының
қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас
орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің қызметін реттеу
жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
Бұл банктердің қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994
жылдың орта кезінен басталып 1995 жылға дейін жалғасты. Бірінші кезекте
1994 жылы Ұлттық банкінің ұсынысы бойынша Агроөнеркәсіп балансы Қаржы
министрлігінің қарамағында құрылған ауылшаруашылығын қолдау мемлекеттік
қорының балансына беру шаралары іске асырылды. Екінші кезекте, Қазақстан
Әлем банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік экспорттық-импорттық
банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап Әлембанкке бөлу шаралары жүзеге
асты. Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап
банкке түрлендіру шаралары жүргізілді.
Банк жүйесінің дамуын төмендегі ретпен қорытындылап шығаруға болады.
Біріншіден, 1990 жылдар басындағы өзгерістер. Алғашқы заң актілерінің
қабылдануы Қазақстан Республикасының жеке банк жүйесінің қалыптасуы. Осы
жылдар ішіндегі ең елеулі оқиғалар: Ұлттық валютамыздың енгізілуі, Орталық
банктің Ұлттық банк болып құрылып, өз саясатын экономикамызды
тұрақтандырып, өсуін қамтамасыз етуде іске асыруы. Екі деңгейлі банк
жүйесінің алғашқы қадамдары.
Екіншіден, 1995-1998 жылдар аралығындағы банктік реформалар. Ең
маңыздылары Банктер және банктік қызмет туралы және Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңдардың қабылдануы. Осы реформалар
негізінде инвестициялық, несиелік, қаржылық банк қызметтерінің дамуы. Ел
экономикасын несиелеу және инвестиция тарту мәселелерінің шешімдерін таба
бастауы. Банктік талаптың өсуі және банктердің реттелуі.
Үшіншіден, соңғы кездегі ел экономикасының тұрақтылығы қамтамасыз
етіліп, экономикалық өсу нәтижесінде банктік жүйенің дамуы және ондағы
банктердің рөлін атап көрсетуге болады. Банктік жүйе- нарықтық экономиканың
ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы
қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады.
1996-1998 жж. банктік реформалар. Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-
1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау
бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты- ҚР ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және
экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі
банктердің жүйесін нығайту.
2 Қазақстан Республикасындағы екі деңгейлі банк жүйесі

2.1 Қазақстан Республикасының Орталық банкі- Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) еліміздің эмиссиялық және резервтік
орталығы ретінде мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатының басты
бағыттарын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни
мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік ету.
Қазақстан Ұлттық Банкі- бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет
көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
түрлендірілген банктердің банкі болып табылады.
Іс жүзінде Қазақстан Ұлттық Банкінде барлық кассалық резервтердің
шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Қазақстан Ұлттық Банкі
мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге
асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды ҚҰБ мекемелері
арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда ҚҰБ-нен несие ала алады.
Қазақстан Ұлттық банкі- бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса
меншікті алтын-валюта резервтерден, басқа да материалдық құндылықтардан
тұратын мүліктерге ие заңды тұлға.
ҚҰБ өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал
мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері-
20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан,
құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен бағалылықтардан, ал айналым
қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан
тұрады.
ҚҰБ резервтік және басқа да қорларды құрайды. Оның резервтік қоры
жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен толықтырылады және
жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға
жұмсалады.
ҚҰБ- нің қаржылық жылдағы таза табысы сол қаржылық жылға қатысты,
нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса
активтердің өтелімін, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы
шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
ҚҰБ-нің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік
сомада құруға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы
жылындағы республикалық бюджетке аударылады. ҚҰБ және оның мекемелері ҚР
салық кодексіне сәйкес барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылған.
ҚҰБ-нің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қарадат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және ҚҰБ-де шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- Арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттар есебінен.
Ұлттық банктің Басқармасы 9 адамнан тұрады. Ұлттық банктің
басқармасының құрамына:
-ҚҰБ төрағасы және 5 лауазымды тұлғалары;
-ҚР Президентінен 1 өкіл;
-ҚР Үкіметінен 2 өкіл кіреді.
ҚҰБ- нің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі- тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына:
Басқарма және Директорлар кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ- ның жоғары басқару органы Басқарма болып табылады.
ҚҰБ- нің оперативтік басқару органы- Директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
ҚР Ұлттық банк туралы ҚР заңына сәйкес Қазақстан Ұлттық банкісі ҚР
Президентіне есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:
• Парламеттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ- нің төрағасы 6 жылға
сайлайды және қызметінен босатады;
• ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
• ҚҰБ- нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
• Ұлттық валютаның- теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
• ҚҰБ- нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты
ақпараттарды беріп отыруы.
Қазақстан Ұлттық банкі өзінің негізгі қызметтерін жергілікті
жерлердегі облыстық басқармасы және Алматы қалалық бас филиалы арқылы
атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен
өкілеттіктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен құзіреттері шегінде ғана жүзеге
асырады. Қазақстан Ұлттық банкінің функционалдық құрылымына департаменттер
мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары,
өкілеттіктері мен ұйымдары кіреді.

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері*

пайызбен, кезеңнің соңында
Реттік саны Сыйақы мөлшерлемесінің
түрлері
Ұлттық банк 1
Екінші деңгейлі банктер 37
Оның ішінде, коммерциялық банктер 35
Мемлекеттік банк 2
Шетелдердің еншілес банктері 14
Шетелдік банктердің өкілдігі 23
Қазақстан даму банкісі 1

Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
- қайырмыдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу.
- Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары болса, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету.
2009 жылдың 1 қыркүйектегі мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасының
банк секторында 37 екінші деңгейлі банк бар. 1 қыркүйекке қарай банктердің
жиынтық активтері 12116,0 млрд. теңгені құрады. Жиынтық актив бір ай ішінде
13,8 млрд-қа немесе 0,1(-ға өсті. Банк секторының жиынтық капиталы (-712,7)
млрд теңгені құрады. БТА Банк АҚ мен Альянс Банк АҚ санамағанда,
жиынтық жеке капитал 1311,3 млрдтеңгеге тең. Шетел валютасындағы активтер
жиынтық активтердің 6364,1 млрд теңгесін немесе 52,5(-ын құрады.

Кесте 2-Екінші деңгейлі банктердің ссудалық портфелі бойынша мәлімет

№ Банктің атауы Ссудалық ҚР резидентҚР банк Ссудалық
портфель еместерге жүйесіндегіпортфельдег
қарызға резидент і резидент
беру еместерге еместерге
жиынтық қарыз беру
қарыз үлесі, (
беруде
банктердің
үлесі,(
1 БТА банк АҚ 2610,0 1396,6 71,8 53,5
2 Казкоммерцбанк АҚ 2551,4 379,1 19,5 14,9
3 Қазақстан Халық 1257,1 79,6 4,1 6,3
банкі АҚ
4 АТФБанкАҚ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Әлемдік қаржы дағдарысы
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Нарықтық экономикадағы ипотеканың алатын орны мен ролі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Пәндер