Өмірді сақтандыру


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

: Кіріспе
: 3
: 1 Өмірді сақтандырудың теориялық негіздері
:
: 1. 1 Өмірді сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі ұғымы және сыныптамасы
: 6
: 1. 2 Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушыны қатыстыру өмірді сақтандыру
: 22
: 1. 3 Өмірді сақтандырудың шетелдік тәжірибесі
: 31
: 2. Қазақстан Республикасындағы өмірді сақтандыру рыногін талдау «Лондон-Алматы» АҚ-ның қызметінің мысалында
: 39
: 2. 1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының өмірді сақтандыру рыногін талдау
: 39
: 2. 2. «Лондон- Алматы» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
: 45
: 2. 3. «Лондон- Алматы» АҚ-ның нарықтық ортасын талдау
: 55
:

3. Өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық инвестициялық ресурсы ретінде

3. 1 Өмір сапасы мен халықтың өмір сүру деңгейін жалпы бағалау

3. 2 Өмiрді ұзақ мерзiмдi сақтандыру рыногындағы басқаруда мемлекеттiң рөлi және тұрғынның мәселелерiн шешудегі негiзгi әлеуметтiк-экономикалық аспаптар

: 58
: 69
: Қорытынды
: 74
: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
: 76

Кіріспе

Еліміздегі сақтандыру рыногы жаңа бағыттарды қамти отырып күннен-күнге ілгерілеп дамып келеді. Сақтандыру рыногы Қазақстандағы қаржы рыногының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан олардың ел экономикасындағы ролі өте жоғары. Егер Батыста сақтандыру компаниялары банктермен бірдей деңгейде позицияланатын болса, бізде әзірге олар әлі шағын. Олардың өсіп жетілуі үшін көптеген іс-шаралар жүргізілуі керек. Қазақстан сақтандырушылары үшін бастысы - мемлекет тарапынан қолдау бар. Республикада міндетті сақтандыру бойынша бірқатар заңдар енгізілуде, олар өз кезегінде сақтандырудың ерікті түрлерін дамытуға итермелейді.

Әр сақтандыру компаниясы өз қызметін нарыққа бейімделе отырып жетілдіру бағыттарын қарастырады. Біздің жұмысымызда зерттеу объектісі болып отырған «Лондон- Алматы» АҚ-ы сақтандыру рыногында 1997-жылдан бері жұмыс істеп келеді. Құрылған уақыттан бергі уақытта компания көптеген жетістіктерге жеткен. Сөйтсе де нарықта бәсекелестік күрестің нығаюына байланысты, нарыққа шетелдік компаниялардың келу қаупіне қарай компанияның әлсіз тұстарын дамыту керек. Сондай әлсіз тұстарының бірі ретінде - компаниядағы маркетингтік қызметтің жеткілікті деңгейде дамымауын айтуға болады. Маркетинг - нарық жағдайында ұйымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, өміршеңдігіне кепіл болатын бизнес философиясы. Маркетингсіз компанияның қызметі алға жылжымайды. Осыған орай біздің жұмысымыздың өзектілігі анықталады.

Қоғамда адамдардың кез келген қызметінің барлық түрлерi және өмірлері өмірін жоғалту, денсаулығынан айырылу және дүние мүлкінен айырылу сияқты тәуекел жағдайлармен кездесіп отыр. Нарықтық конъюнктураның өзгерiсi салдарынан пайданың есептеулерi ақталмауы мүмкiн. Және де уақыт және ұқсас оқиғалар ауқымы алдын ала бағалай алмайды. Ол кездейсоқ факторларды есепке алумен анықталады.

Адамның шаруашылық және тұрмыстық қызметінен болжанбаған жағдайлардың бар болуы ескерту өлшемдерiндегi қажеттiлiк немесе кездейсоқ оқиғалардың нәтижесінен пайда болатын ысыраптың өтеулерін анықтайды.

Өмірді сақтандыру сақтанушының өмірінде қандай да бір жағдайлар туындағанда төленетін ақшалай төлем соммасымен байланысты. Ондай жағдайларға, біріншіден, сақтанушының белгілі жасқа келуі немесе сақтану периоды кезінде қайтыс болуы. Бұл жағдайларға қосымша, науқас болуы, мүгедектік, ауыр жарақат алуы да жатады. Өмірді сақтандыру ұзақ уақыттық сақтандыруларға жатады. Сақтандыру келісімшарттары 5 жылдан 30 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады. Сақтандыру төлемдері ұзақ жылдар бойы біртіндеп төленетін болғандықтан және әрбір төлемақыға проценттер қосылуына байланысты өмірді сақтандыруды өмірдегі белгілі бір жағдайларға орай жинақталатын ақша қоры деп қарастыруға болады. Мысалы, балалардың кәмілетке толуы, жоғары білім алу, белгілі бір жаста үй сатып алу, зейнетке шығу немесе зейнетақы алу, т. б. Сонымен қатар, банктік салымдардағыдай өмірді сақтандыруға салынған ақша ешқайда жоғалмай, сақтанушы немесе оның мұрагеріне процентімен қайтарылады. Дегенмен, өмірді сақтандыру банктік салымдардан мүлдем өзгеше болып табылады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада, егер сақтанушы қайтыс болған жағдайда банк мұрагерлеріне тек қана жинақталған сомманы мұрагерлік процедурасынан кейін ғана қайтарады, ал сақтандыру компаниясы сақтанушы салған төлемақыларының жинақталған соммасына қарамастан, келісімшарт бойынша жинағысы келген бүкіл сомманы төлейді. Бұл сомма сақтандыру келісімшартын жасау уақытында көрсетілген адамға, яғни мұрагерге мұрагерлік процедурасынсыз төленеді. Өмірді сақтандыру жеке сақтандыру аймағына жатады және жеке меншікті сақтандыруға қарағанда ұзақ уақыттық қаржылық программалар құруда тиімділігімен ерекшеленеді. Ондай ерекшеліктеріне келесілер жатады:

  1. Сақтандыру келісімшартында сақтандыру соммасын сақтанушының өзі анықтайды және оған шек қойылмайды.
  2. Өмірді сақтандыруда бірнеше сақтандыру полистерін қатар алуға болады. Бір немесе бірнеше сақтандыру компаниясында сақтануға болады. Әрбір сақтандыру полисі бойынша төлем бір-бірінен тәуелсіз жүргізіледі.
  3. Өмірді сақтандыруда өзіңмен қатар басқа кез-келген адамды сақтандыруға болады. Келісімшартты жүргізіп, сақтандыру төлемақыларын төлейтін адам сақтандырушы, ал келісімшарт бойынша сақтандырылған адам - сақтанушы болып табылады. Сақтандыру төлемақыларын не сақтанушы (оның мұрагерлері), не сақтанушы-пайдатабушы алады.
  4. Өмірді сақтандыруда пайдатабушыны көрсеткен жөн, бұл сақтанушы қайтыс болған жағдайда мұрагерлік процедурасын өтпей-ақ бірнеше күнде төлемақыны ала алатын адам. Оны тек қана сақтанушының өзі тағайындайды.

Компанияның төлем қабілеттілігі, оның көрсеткіші болып активтердің мөлшері мен құрылымы табылады. Активтер - бұл компанияның қаражаты, оның бөлігі бағалы қағаздарға, шоттарға, банк депозиттеріне және т. б. инвестициялануы мүмкін. Қысқа уақыт кезеңінде қажеттілігіне қарай ақшаға айналуы мүмкіндігі бар активтердің болуы сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін көрсетеді. Компанияның бос қаражатының мөлшері сақтандыру шарттары бойынша алынған міндеттемелердің мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Сақтық капиталы - акционерлік қоғамдағы арнаулы ақшалай қор; ықтимал залалды жабу мақсатымен және облигацияларды өтеу және есепті кезеңде табысты кем алған жағдайда артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді төлеу үшін құрылады. Сақтық қордық шамасын акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді. Қор акционерлік қоғамның таза табысы есебінен құралады.

Алғашқы капиталы бар сақтандыру мекемесі белгілі деңгейі бар резервуардан тұрады, түсетін сақтандыру сыйақысы - кіретін ағын, атқарылатын төлемдер - шығатын ағын. Шығатын ағынды қамтамасыз ету үшін резервуарда түк қалмаған жағдайда, күйреу басталады. Күйреуге ұшырамау үшін, компания сақтандырудың «бағасын» дұрыс қойуы тиіс (сақтандыру сыйақысын белгілеу), себебі тым төмен баға шығынға әкеледі, ал тым жоғары бағамен бәсекелесуге түсе алмайды. Сақтандыру бағасы оның тұтыну құнымен және сақтандырушы оны қаншаға сатуға дайындығымен анықталады. Сонымен қатар, сақтандырушы портфелінің көлемі мен құрылымына, оның ағымдағы қаржылық жағдайына, басқару шығыны мен көптеген басқа факторларға бағынады.

Қазақстанда сақтандыру институтының пайда болуы оның тәуелсіздік алуы уақытымен сәйкес келді. Сақтандыру рыногын құру экономикалық жаңа кезеңге өту шартында болды. Өндірістің құлдырауы, кәсіпорындардың төлеу қабілетсіздігі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық құбылыстар оның жағдайына тура әсер етті. Мемлекеттің дамуы, қаржы жүйесінің жетілдірілуі қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде қарқынды дамып келе жатқан сақтандыру рыногының қалыптасуына әкелді. Сақтандыру мекемелерінің қаржылық тұрақтылық деңгейінің өсуі, оларға өздерінің активтерін тез сатылатын қаржылық құралдарға салуға мүмкіндік беруде. Өсудің үлкен қарқынына қарамастан сақтандыру рыногы мемлекетімізде экономикамыздың маңызды бір тармағы ретінде және халық өмірінде әлі өзін көрсете алған жоқ.

Қорытындылай келгенде, сақтандыру саласы қоғамға қызмет көрсетудің керекті саласы болғандықтан ол, тұлғаны не кәсіпорынды қауіпті кездейсоқ жағдайлардан сақтандырады, сол сақтандырушылар алым қорынан келген акциядан пайда табу арқылы қорды байыту, қызмет ету кеңістігін ұлғайту керек. Компанияда дұрыс ұйымдастырылған сақтандыру жүйесі клиенттердің кетіп қалмай, ұзақ жылдар бойы сол компанияның қызметін пайдалануға ынталы болуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Жұмысымыздың мақсаты - «Лондон- Алматы» АҚ-ның қызметін талдау және оның өмірді сақтандыру қызметін талдау.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер анықталды:

  • өмірді сақтандырудың ұғымын анықтаукәсіпорынның жалпы құрылымын, ұйымдастырылуын, басқарылуын сипаттау; компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау; компанияның нарықтық ортасын талдау; компанияның қызметін жетілдіру бағыттарын анықтау.

Зерттеу барысында осы қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес жұмыстар жүргізілді.

Талдау, бағалау нәтижелері бойынша компания қызметін ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .

1 Өмірді сақтандырудың теориялық негіздері
1 Өмірді сақтандырудың теориялық негіздері: 1. 1 Өмірді сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі ұғымы және сыныптамасы

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірісітік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға себеп болатын басты себеп - өндіріс пен адам өмірінің қауіп - қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс үрдістерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл - ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай - ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары әдетте резерв және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер тән болып келеді:

  1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
  2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

- сақтандыру қатынастарының ақшалай сипаты;

- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

- оның іс - қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

- сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .

Сақтандыру щеңберінде мемлекет сақтандыру ресурстары меншігінің субъектісі болып кететіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - несие институты ретінде қарауға болады. [1, 32]

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөнінідегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтандыру жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына байланысты болады.

Бақылау функциясы сақтандыру төлемдерін жұмылдыруды және сақтандыру қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланыстырылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материялдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе - теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталады. Бұл қатынастардың іс - әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегіндегі бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүлкін сақтық қорғау жөнінідегі қатынастар болып табылады. Бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтандыру әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтандыру әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілері мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заң мен не сақтандыру қатынастардың қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтандыру әдісі пайдаланылады.

Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдық қайыр алымы немесе белгілі бір уақиғаға қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болу мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қолар - жемшөп, тұқым, отын және т. б қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.

Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарпынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтандыру қорлары - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді. [2]

Сақтандыру қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бір бөлігі.

Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциалық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтандыру қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногындада ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтандыру тарифтер мен жарналары түрінде болады. Сақтандыру қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

Клиенттерді тарту үшін сақтандыру ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.

Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтандыру төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларында сақтық қорланың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциалық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсету бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтандыру рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалардың қашқысы келетін тапсырыскерлердің тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі [2] .

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бір қатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді. [3]

Сақтандыру жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтандыру ұйымдарының қызметі сақтандыру ісі ретінде болып көрінеді.

Сақтандыру - сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты бойынша бір талап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші талап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасын шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді [3] .

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті; сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік ; сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымның сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандыру
Сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу
Сақтандыру
Өмірді сақтандыруда компанияның стохастикалық моделін құрудың ерекшеліктері
ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Мүліктік сақтандыру түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz