Құлажорға мәдениеті



КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ҚҰЛАЖОРҒА КЕЗЕҢІНЕ ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ

1.1 Құлажорға кезеңінің зерттелу тарихы

1.2 Құлажорға мәдениетінің кезеңделуі мен мерзімделуі

ІІ тарау. Құлажорға ескерткіштерінің сипатамасы

2.1 ҚҰЛАЖОРҒА МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫ
(қорғандардың орналасуы мен ішкі құрылымы, жерлеу ғұрпы ерекшеліктері)


2.2 ҚҰЛАЖОРҒА КЕЗЕҢІНІҢ ЗАТТАЙ МӘДЕНИЕТІ
(тұрмыстық бұйымдары және ат.әбзелдері мен қару жарақтары)


Қорытынды

Қосымша
Тақырыптың өзектілігі. Неолиттен басталатын адамды жерлеу ғұрпындағы жер бетіне ескерткіш түрғызу дәстүрі кең далада бірнеше мыңжылдықтар бойы жүрді. Әр тарихи-мәдени кезеңде элеуметтік-экономикалық, этномэдени процестерге байланысты оның архитектурасы мен көркемдік жағына жаңаша ерекшеліктер қосылып отырды. Осы дәстүрдің ең бір шарықтап дамыған уақыты - ерте темір дәуірі. Осы дәуірдің бір кезеңі болып табылатын Құлажорға мәдениеті Қазақ Алтайы тайпаларында жаңа түсініктер мен өзгешеліктер қалыптастырды, олардың шығуы, қалыптасуы мен таралуы мәселелерін зерттеудің қажеттігі бұл өлкелерді мекен еткен халықтардың Евразиядағы сақ-сібір тарихи-мәдени қауымдастығындағы орнын ашып беретіндігімен құнды.
Біз қарастыратын тарихи кезеңдегі Қазақстанның шығысында мекен еткен түрғындардың жерлеу ғүрпы жөнінде орасан зор мағлұматтар жинақталды. Мағлұматтардың барлығы дерлік толық ғылыми айналымға енбеді. Алынған мәліметтердің өңделуі жүйелі, бағытты зерттеулердің жоқтығынан өте жай жүрді. Әсіресе жеке археологиялық кезең ретінде бөліп көрсетілген Құлажорға мәдениеті ғылыми айналымға енгізілгенімен оған қатысты нақты жүйеленген тұжырымдар мен қорытындылар жасалған жоқ. Осының өзі тақырыптың өзектілігін айқындап тұрғандай.
Соңғы бір жарым ғасырда қарастырылып отырған өлкеде ерте темір дәуірінде мекен еткен халықтардың жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері жайлы жинақталған көптеген мәліметтердің легі зерттеулердің жаңа әдістемелеріне сай жүйеленіп, қазіргі ғылыми-теориялық деңгей мен талапқа сай жіті талдауды керек етеді. Сонда ғана өлкелердің ғылыми тұжырымдалған ортақ тарихи-мәдени келбеті құрылады. Ең бастысы бітіру жұмысының тақыры ретінде алынып отырған Құлажорға кезеңі бұрынғы жасалған қорытындыларды жаңаша көзқараспен қайта қарауды талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Таңдап алынған жұмыстың басты мақсаты Құлажорға кезеңіне қатысты жинақталған қолда бар деректер мен зерттеулердің негізінде, аталған кезеңнің Қазақстан археологиясындағы орнын мен мазмұнын ашып көрсету. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойып отырмыз:

- Құлажорға кезеңіне қатысты ескерткіштердің зерттелу тарихына тоқталу;

- Аталған кезең ескерткіштерінің мерзімделуі мен кезеңделуіне байланысты жасалған тұжырымдарды жүйелеу;

- Осы кезеңге жататын ескерткіштердің барлығына сипаттама беру;

- Зерттелген ескерткіштерді сыртқы құрылымына, жерлеу дәстүріне қарай топтау;

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ҚҰЛАЖОРҒА КЕЗЕҢІНЕ ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ

1. Құлажорға кезеңінің зерттелу тарихы

1.2 Құлажорға мәдениетінің кезеңделуі мен мерзімделуі

ІІ тарау. Құлажорға ескерткіштерінің сипатамасы

2.1 ҚҰЛАЖОРҒА МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫ
(қорғандардың орналасуы мен ішкі құрылымы, жерлеу ғұрпы ерекшеліктері)

2.2 ҚҰЛАЖОРҒА КЕЗЕҢІНІҢ ЗАТТАЙ МӘДЕНИЕТІ
(тұрмыстық бұйымдары және ат-әбзелдері мен қару жарақтары)

Қорытынды

Қосымша

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Неолиттен басталатын адамды жерлеу ғұрпындағы
жер бетіне ескерткіш түрғызу дәстүрі кең далада бірнеше мыңжылдықтар бойы
жүрді. Әр тарихи-мәдени кезеңде элеуметтік-экономикалық, этномэдени
процестерге байланысты оның архитектурасы мен көркемдік жағына жаңаша
ерекшеліктер қосылып отырды. Осы дәстүрдің ең бір шарықтап дамыған уақыты -
ерте темір дәуірі. Осы дәуірдің бір кезеңі болып табылатын Құлажорға
мәдениеті Қазақ Алтайы тайпаларында жаңа түсініктер мен өзгешеліктер
қалыптастырды, олардың шығуы, қалыптасуы мен таралуы мәселелерін зерттеудің
қажеттігі бұл өлкелерді мекен еткен халықтардың Евразиядағы сақ-сібір
тарихи-мәдени қауымдастығындағы орнын ашып беретіндігімен құнды.
Біз қарастыратын тарихи кезеңдегі Қазақстанның шығысында мекен еткен
түрғындардың жерлеу ғүрпы жөнінде орасан зор мағлұматтар жинақталды.
Мағлұматтардың барлығы дерлік толық ғылыми айналымға енбеді. Алынған
мәліметтердің өңделуі жүйелі, бағытты зерттеулердің жоқтығынан өте жай
жүрді. Әсіресе жеке археологиялық кезең ретінде бөліп көрсетілген Құлажорға
мәдениеті ғылыми айналымға енгізілгенімен оған қатысты нақты жүйеленген
тұжырымдар мен қорытындылар жасалған жоқ. Осының өзі тақырыптың өзектілігін
айқындап тұрғандай.
Соңғы бір жарым ғасырда қарастырылып отырған өлкеде ерте темір
дәуірінде мекен еткен халықтардың жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері жайлы
жинақталған көптеген мәліметтердің легі зерттеулердің жаңа әдістемелеріне
сай жүйеленіп, қазіргі ғылыми-теориялық деңгей мен талапқа сай жіті
талдауды керек етеді. Сонда ғана өлкелердің ғылыми тұжырымдалған ортақ
тарихи-мәдени келбеті құрылады. Ең бастысы бітіру жұмысының тақыры ретінде
алынып отырған Құлажорға кезеңі бұрынғы жасалған қорытындыларды жаңаша
көзқараспен қайта қарауды талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Таңдап алынған жұмыстың
басты мақсаты Құлажорға кезеңіне қатысты жинақталған қолда бар деректер мен
зерттеулердің негізінде, аталған кезеңнің Қазақстан археологиясындағы орнын
мен мазмұнын ашып көрсету. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға
төмендегідей міндеттерді қойып отырмыз:

- Құлажорға кезеңіне қатысты ескерткіштердің зерттелу тарихына
тоқталу;

- Аталған кезең ескерткіштерінің мерзімделуі мен кезеңделуіне
байланысты жасалған тұжырымдарды жүйелеу;

- Осы кезеңге жататын ескерткіштердің барлығына сипаттама беру;

- Зерттелген ескерткіштерді сыртқы құрылымына, жерлеу дәстүріне қарай
топтау;

- Құлажорға кезеңіне жататын ескірткіштерден табылған заттардың қойылу
тәртібіне қатысты тұжырымдама беру;

- Осы кезеңде өмір сүрген тайпалардың этникалық құрамын анықтау.

Зерттеу жұмысының нысанына Қазақ Алтайы мен Тарбағатай теріскейі
аралығын алып жатқан ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштері және осы
уақытпен мерзімделетін артефактілер жатады.
Бітіру жұмысының әдістемелік негіздері. Қазақстанның батыс жэне шығыс
өркениеттерінің ортасында жатуы, ежелгі көшпелілер, оның ішінде
құлажорғалықтардың жерлеу ғұрпының нашар зерттелінуі және өлкенің сол
замандағы этномәдени процестердің тоғысар торабында орналасуы бітіру
жұмысының негізгі зерттеу әдісі етіп тарихи салыстырмалы талдауды алуға
әкелді. Сонымен бірге топтау, жүйелеу мен статистикалық әдістері де
қолданылады. Ең басты әдістердің бірі ретінде баяндау негізгі болып орын
алды.
Бітіру жұмысының мерзімдік шеңбері. Бүгінгі күні археология ғылымында
әртүрлі пәнаралық радиокөміртекті, дендромерзімдік және т.б. жаңаша
мерзімдік жастарды алу жолдарының болғанымен ол зерттеулердің өзі кезіндегі
моладан табылған заттарды өзге жерлерден табылған олжалармен салыстыра
мерзімдеу сияқты көп күмән туғызады. Сондықтан да ескерткіштердің жасын
бұлжытпай анықтайтын, жаппай мойындаған, қалыптасқан зерттеу әдістерінің
әлі ашылмауы зерттеу барысында құжатталған Қазақ Алтайы құлажорға
ескерткіштерін шартты түрде б.з.д. 4-1 ғғ. мерзімдеуге әкелді.
Зерттеудің деректік негізі. Қазақстанды мекен еткен ерте көшпенді
тайпалардың тарихын зерттеуде тарихшылар деректердің екі тобына иек артады:
археологиялық және жазба деректер. Шығыс Қазақстан территориясында ерте
темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар тарихының қайнар көзін ашар,
мәдениетін анықтайтын жазба деректердің тым аздығына байланысты өлкені
мекендеуші ежелгі тұрғындар қалдырған жерлеу орындары – қорғандар
материалдары осы олқылықтың орынын толтырар бірден-бір дерек көзі.
Шығыс Қазақстанның құлажорға кезеңіне қатысты археологиялық деректер
ХІХ ғасырдың өзінде-ақ жинала бастағанымен, нағыз, шынайы және кәсіпқойлық
деректер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жиналады. Бұл орайда
С.С.Черников, С.С.Сорокин, Ә.М.Оразбаев, Ф.Х.Арсланова, З.С.Самашев,
Ә.Т.Төлеубаев және т.б. зерттеушілердің жүргізген қазба жұмыстары
нәтижесінде жинақталған археологиялық материалдарды атап айтуға болады.
Аталған авторлардың кейбір жарияланбаған, жүйеленбеген материалдары, сондай-
ақ ғылыми жетекшінің қазбалары нәтижесінде жинақталған материалдар
зерттеудің деректік негізі болып табылады.

І тарау. Құлажорға кезеңіне тарихнамалық шолу

1. Құлажорға кезеңінің зерттелу тарихы

Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихын Қазан
төңкерісіне дейінгі зерттеулер, Кеңес дәуірі тұсындағы зерттеулер (1920-
1990 жж.) және егемендік алғаннан кейінгі жаңа археологиялық материалдармен
толығу, ұғыну және мән-мағынасын түсіну кезеңі деп қарастыруға болады.
Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер туралы алғашқы қысқа
мәліметтерді біз ХҮІІІ ғасырдың саяхатшылары мен ғалымдарының зерттеулері
мен қысқаша хабарламаларынан кездестіреміз. Алайда қазан төңкерісіне
дейінгі зерттеулерде қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты мәселелер
қозғалмады. Құлажорға кезеңі ескерткіштерінің ашылуы мен жеке мәдениет
ретінде бөліп көрсетілуі тікелей Кеңес заманымен байланысты.
Тек Қазақ төңкерісінен кейін ғана Шығыс Қазақстандағы археологиялық
зерттеулер табысқа жеткен кезең болып табылады. Кеңестік археологтардың
алдында көне қоғамдағы өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің
дамуынан дерек беретін қазылған және бұрын зерттелінген ескерткіштерді
қайта зерттеу міндеті тұрды. Кеңес зерттеушілерінің жүйелі және сәтті
жүргізілген зерттеулері тарих ғылымының алдында тұрған негізгі міндеттерді
шешуге себін тигізгендігін әсте жоққа шығаруға болмайды.
Шығыс Қазақстанды жүйелі археологиялық зерттеу 1935 жылғы КСРО-ның
Ғылым Академиясының Материалдық Мәдениет тарихының институты, Қазақ ССР-нің
тарих, археология және этнография институты бірігіп ұйымдастырған Шығыс
Қазақстан археологиялық экспедициясының қызыметінен басталады. Экспедицияны
СССР Ғылым Академиясының Материалдық Мәдениет институтының аға ғылыми
қызметкері С.С.Черников басқарды. Бұл экспедиция 1957 жылдарға дейін
үздіксіз барлау, қазба жұмыстарын жүргізді. Экспедиция Нарым және Қалба тау
жоталарындағы тау-кен орындарын зерттеді (Черников С.С. Восточный Казахстан
в эпоху бронзы. МИА- № 88. М-Л., 1960. С.12).
Дегенмен Шығыс Қазақстанның ежелгі тарихы, әсіресе ежелгі көшпелілер
дәуірі салыстырмалы түрде алғанда өте аз зерттелген. Бұл осы облыстағы
археологиялық зерттеу жұмыстарының өте кеш басталуымен тығыз байланысты.
Соғыс жылдарынан кейін 1947 жылдан бастап Шығыс Қазақстандағы археологиялық
зерттеулер жүйелі сипатқа ие болады (Черников С.С. Отчет о работах ВКЭ 1948
года. Изв.АН КазССР №108, вып.3. 1951. С.67-68. С.С.Черников.
Предварительный отчет о работе Восточно-Казахстанской экспедиции в 1948г.
Архив. Ф.11, опись 2, дело 120, С. 6.)
В.Г.Никитин мен С.С. Черников Жоғарғы Ертіс ауданында ерте темір
дәуіріне жататын ескерткіштерді тіркеуге алды. Шығыс Қазақстан
археологиялық экспедициясын С.С.Черников 1947 жылы құрған уақыттан бастап
кейбір үзілістерін санамағанда өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басына дейін
басқарды. Соғысқа дейінгі 1935-1937жж. өзінде-ақ көне кен орындарын
іздестіру, археологиялық барлау мен стационарлық қазба жұмыстарына және
шешуін күтпейтін күрделі мәселелер мен ірі ескерткіштерді жүйелі түрде
зерттеуге бағытталды. Жартас суреттері де ғалым назарынан тыс қалмады.
[Черников С.С. Наскальные изображения верховий Иртыша. СА. 1947. Т.IX. -
С.251-282.]
Археологиялық экспедицияның алғашқы жылы Шығыс Қазақстанның
археологиялық ескерткіштерін барлап, есепке алу және неолит, қола дәуірі
ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізсе, ал келесі 1948 жылы Самар
ауданындағы Құлажорға және Баты ауылдары жанындағы ерте темір дәуірі
қорғандарын зерттейді.
Соның негізінде Құлажорға қорымындағы мүрделердің біразы тас
жәшіктерде ғана емес, адам қаңқасын қоршаған ағаш қорапты жер қабірлерге
қойылғандығын, ал мұндай жерлеу түрінде ақіреттік заттар кездеспейтіндігін
анықтайды.
С.С.Черников Құлажорға қорымы мәдениетін сақтарға жатқызғанымен,
кейбір белгілері үйсіндерге ұқсастығын да айта келіп, алдын-ала есеп
беруінде ж.с.д. 4-3ғғ. мерзімдесе [С.С.Черников. Предварительный отчет о
работе Восточно-Казахстанской экспедиции в 1948г. Архив ИА. Ф.11, опись 2,
дело 120. - С. 6.], ал бұл ескерткіштер туралы тұжырымдалған мақаласында
ж.с.д. 3-2ғғ. мерзімдейді [ЧерниковС.С.Отчет о работах Восточно-
Казахстанской экспедиции 1948г.Известия АН Казахской ССР. Серия
археологическая, вып.З. № 108. Издательство АН Каз ССР.- А-Ата, 1951.-
67-68бб.]. 1948 жылы Құлажорға 1 қорымынды барлығы 13 оба қазылса, Баты
қорымында 11 қорған қазылып зерттеледі. Бұлардан басқа Славянка, Қызыл ту,
Түсқайың және Пчела секілді құлажорға мәдениетіне тән ескерткіштер ашылып
зерттеледі.
Баты қорымның Құлажорға қорымымен ұқсастығындағы қабір үйінділерінің
бірдей формасы, тас жәшіктері мен ыдыстары болса, сондай-ақ бірқатар
айырмашылықтары да барекендіктерін зерттеушілер өздерінің еңбектерінде атап
кетеді. Баты мен Құлажорға ескерткіштері сақ және үйсіндермен генетикалық
жағынан байланысы барын және үйсін тайпалық одақтарының Ертістің жоғарғы
ағысына дейін таралғанын, олардың солтүстік шекарасының анық еместігін
көрсетеді. С.С.Черников. Предварительный отчет о работе Восточно-
Казахстанской экспедиции в 1948г. Архив. Ф.11, опись 2, дело 120, С. 6.
Шығыс Қазақстан экпедициясы 1950 жылы Ертіс өзенінің оң жағалауында
Самар ауданы Қызыл ту ауылы маңындағы ерте темір дәуірінің қорғандарына
қазба жұмыстарын жүргізді. [Черников С.С. О работах Восточно-
Казахстанской экспедиции. КСИИМК. Вып.64. М., 1956.С. 43-60.].
Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының А.А.Гаврилова басқарған
3-ші отряды 1952 жылы Күршім ауданы Қызыл Ту ауылы жанында Ертіс өзенінің
оң жақ жағалауында ерте көшпелілердің 1950 жылы басталған қорғандарына
қазба жұмыстарын жалғастырыды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бұл
қорымнан қорғандардың екі түрі табылды:
1) Құлажорға типіндегі топырақ пен тас аралас қорғандар
2) Алтайлық (пазырықтық) қорғандарға ұқсас тас үйінділі қорғандар.
Нақтырақ айтқанда 1952 жылы да екі қорған қазылды. Құлажорға типіндегі №3
қорғанды С.С.Черников 1948 жылы зерттелген Құлажорға және Баты ауылы
жанындағы қорғандар сияқты ж.с.д. соңғы ғасырларға жататын болуы керек деп
топшыласа, келесі алтай типіндегі №4 қорған өзіндік керамикалық
қазандарының ерекшелелігіне қарай басқа кезеңге жатқызды. [ Черников С.С. О
работах Восточно-Казахстанской экспедиции. КСИИМК Вып.64. 1956г. ].
Ал, 1953 және 1954 жылдары арасында Құлажорға мәдениетіне жататын
обалары бар Мало-Краснояр, Пчела, Түсқайың, Славянка, Юпитер ауылдары
маңындағы ерте көшпелілердің ескерткіштері зерттелді. [Черников С.С. Отчет
о работах ВКЭ за 1954 год. (Рукопись). С.10-12.]. Осы уақытта аталған
жылғы және өткен жылдардағы табылған археологиялық және антропологиялық
материалдарды сараптай келе С.С.Черников: ...Андроновтық негізде
қалыптасқан қазақтардың антропологиялық типі Шығыс Қазақстанда анық
байқалады, ал пазырықтықтар мен қазақтардың ою-өрнектерінің (орнаменттері)
ұқсастығы қандай да болмасын тайпалар мен рулардың жылжуларына қарамастан
Қазақ халқының мәдени тарихи тамырлары біз осы уақытқа дейін ойлап
келгендей беріде емес, тіпті ежелгі уақыттарға кетеді –, деп қорытынды
жасаған болатын [Черников С.С. Отчет о работе Восточно-Казахстанской
археологической экспедиции 1953 года. Архив ИА. Фонд 11, дело 284, связка
20.]. Бұл жерде зерттеуші өзінің зерттеп жүрген ескерткіштерінің тікелей
қазақ халқымен байланысты екендігін атап өту арқылы, саяси қағидаларға
қарамастан батыл пікір жасаған болатын.
Бұқтырма ГЭС-ін салуға байланысты су жайылымындағы археологиялық
ескерткіштер 1956 жылы кешенді түрде зерттеле бастайды. Бұл жылы ШҚАЭ 4
отрядқа бөлініп жұмыс істеді. Ерте темір дәуірі тобын қазақтан шыққан
тұңғыш кәсіпқой археолог Ә.М.Оразбаев басқарды. Қазба жұмыстары Құлажорға
және Усть Бөкен ауылдары маңында жүрді. 1948 жылы зерттелген ерте
көшпелілердің жыл санауымыздың басталар межесіндегі ерекше локальдық топқа
жататын қытай жылнамаларындағы у-ге, у-дзе тайпаларымен баламалау
мүмкіндігі туған Құлажорға ескерткішінде 1956 жылы 18 қорған қазылды.
[Черников С.С. Отчет о работе Восточно-Казахстанской археологической
экспедиции ЛОИИМК АН СССР 1956г. Опись-2. Дело 420. Связка 28.]. Олардың
барлығының үйінділері топырақ пен тастан тұрады, қабір шұңқыр тереңдігі 3м-
ге дейін жетеді. Үлкен жақпар тастардан құралған жәшіктер жиі кездесті.
Қазақ ССР ҒА археология, тарих және этнография институтының Бұқтырма
археологиялық экспедициясының 1958 жылғы мақсаты Ертіс бойы аңғарының бұған
дейін зерттеліп келген археологиялық ескерткіштерін соңына дейін зерттеу
және Зайсан көлінің солтүстік жағалауының әртүрлі дәуірлерге жататын
ескерткіштерін анықтау, сондай-ақ айрықша көзге түсетін қорған,
қоршауларына қазба жұмыстарын жүргізу болды. Зерттеу жұмыстары Шығыс
Қазақстанның Күршім, Самар және Ұлан аудандарында жүрді. Күршім ауданындағы
археологиялық қазба жұмыстары Шиліқарын, Көкжар және Аманат тауы етегіндегі
қорымдарда жүрді. Ә.М.Оразбаев басқарған Бұқтырма археологиялық
экспедициясы осы маусымда II-IV ғасырларға жататын Шиліқарын қорымында 2
қорған, ж.с.д. IV-II ғасырларымен мерзімделетін Көкжар қорымында 9 қорған
және Аманат қорымдарында 4 қорғанына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазба
нәтижесінде Көкжар қорымындағы етегінде тас белдеуі бар №2 қорған қабірінің
солтүстік-шығыс қабырғасынан ұзындығы – 2,4м, ені 0,3м-ден 0,5м-ге дейін,
биіктігі 0,25м бүтін ағаштан ойып жасалған ладья түріндегі астау-табыттың
табылуы ерекше жағдай. [Архив ИА. Бухтарминская археологическая экспедиция.
1958 год. Дневник раскопок. Фонд 11, опись 2, дело 518, 519 связка 33.].
Мемлекеттік Эрмитаждың Оңтүстік Алтай археологиялық экспедициясы 1962
жылы ерте темір дәуіріне жататын Сарымсақ өзенінің оң жағалауында үш
шақырымға дейін созылатын Катон қорымындағы 6 қорғанға қазба жұмыстарын
жүргізді. Қорғандар дөңгелек келген тас үйінділі, ортасында ойығы бар,
диаметрлері 10м дейін жетеді. [С.С.Сорокин. Мемлекеттік Эрмитаждың Оңтүстік
Алтай археологиялық экспедициясының 1962 жылғы есебі Фонд 11. Дело 887.
Связка 58. Инв. №129. ].
Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінің студенттері 1967
жылы т.ғ.к. доцент Ф.Х. Арсланованың жетекшілігімен Шығыс Қазақстанның
Шемонайха ауданында Зевакино қорымында әр дәуірге жататын ескерткіштерге
қазба жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ерте темір дәуірінің 4 қорғанына
қазба салынды. №30 және 105 қорғандардан табылған екі ыдысқа қарап Шығыс
Қазақстанның (Баты, ж.с.д. ІІІ-І ғғ, Құлажорға), сондай-ақ, Катон қорымы
мен Быстрянка обаларындағы ерте көшпенділеріне жататын материалдар арасында
ұқсастықтарын салыстыра келе қорғандарды б.д.д. І мыңжылдықтың соңына
жатқызған. [Отчет (предварительный) об итогах археологических работ,
проводимых студентами Усть-Каменогорского государственного педагогического
института в 1967 году. Фонд 11, дело, связка , инв. № 98 ].
Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология
және этнография институты археология бөлімінің Шүлбі археологиялық
экспедициясы Ертісте Шүлбі су қоймасының жайылу аймағында 1977 жылы барлау
жұмыстарын жүргізсе, 1980-1983 жылдар аралығында тұрақты археологиялық әр
дәуірлерге жататын ескерткіштерін зерттеді. [Археологические памятники в
зоне затопления Шульбинской ГЭС. А-Ата, 1987.]. Бұл жұмыстар 1977, 1980,
1982 жылдары А.Г.Максимова және 1981, 1983 жылдары С.М.Ақынжановтың
басшылығымен іске асты. Осы жылдары З.Самашев Құлажорға кезеңіне жататын
Жартас, Убаредмет ауылы маңы, Қарашат ІІІ, Ақший ІІ ескерткіштерінде қазаба
жұмыстарын жүргізіп, барлық зерттелген ерте көшпенділер дәуірінің
ескерткіштерін конструктивті құрылысының ерекшелігіне және жерлеу ғұрпына
қарай 2 топқа бөледі.
Шүлбі су қоймасы аймағында 1986 жылы Ю.И.Трифонов ашқан Трифонов Ю.И.
Отчет о полевых работах 1986 г. в зоне затопления Шульбинской ГЭС Архив
ИА. – А-Ата, 1986. әр дәуірдің ескерткіштері топтасқан Ақши-1 қорымында №6
қорғанға және бір жер қабірге қазба жүргізді. Мұндағы №4 және №5
қорғандардың құлажорға мәдениеті ескерткіштеріне жататындығы анықталды.
Кемерово университетінің Ю.П.Алехин басқарған археологиялық
экспедициясы 1988, 1990-1991 жылдары Семей облысының Новошүлбі, Бородулиха
және Бесқарағай аудандарында 100-ден астам әр дәуірге жататын археологиялық
ескерткіштерді есепке алып, төлқұжаттарын жасады. Бесқарағай ауданында
Ертістің екі жағалауында диаметрі 5-60м, биіктігі 4,5м-ге дейінгі белгілі
бір жүйесіз шашырай орналасқан топырақ үйінділі оншақты ескерткіш ж.с.д. 1-
ші мыңжылдықтың екінші жартысына жататын 100-ден аса сақ дәуірінің
қорғандары.
Новошүлбі және Бородулиха аудандарындағы ерте темір дәуірінің 2-ден 30-
ға дейін топырақ пен тас аралас қорғандардан тұратын тобы солтүстіктен
оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Бұл аудандардағы ерте темір дәуірі
қорғандары кенді-алтай және құлажорға мәдениеттеріне жатады. Алехин Ю.П.
Исследования 1991 г. в Семипалатинской области. Маргулановские чтения
(тезисы). Петропавловск, 1992. С. 12-15.
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 1987-1989 жылдары
зерттеулері нәтижесінде Күршім ауданының Қалғұты, Қызылағаш өзендері
бойында негізінен ерте темір дәуірі ескерткіштерінен тұратын 1300-ден астам
әр дәуірге жататын археологиялық ескерткіштері есепке алынып, төлқұжаттары
жасалды. Жекелеген үйінді мен қорғандар тобынан тұратын топырақ пен тас
аралас қорғандардың сыртында қоршаған тас шеңбері, кей жағдайда тас
қоршаулары бар. Суворова Г.И. Археологические исследования в верховьях
Иртыша. Маргулановские чтения (тезисы). Петропавловск, 1992. С. 115-116.

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы 1990
жылы Тарбағатай ауданындағы археологиялық барлау, іздестіру жұмыстарының
нәтижесінде Қандысу өзені бойынан және Сеңгір, Маңырақ тауларынан 189
үйіндіден тұратын 12 қорғандар тобы анықталды. Покровка қорымы 75 қорғаннан
және 6 қола дәуірінің қоршауынан тұрады. Қорғандар оңтүстік батыстан
солтүстік шығысқа қарай тізбектеле орналасқан. Үлкен қорғандардың жер үсті
құрылысында қосымша тас қоршауы және жерге орнатылған сынтастары бар.
Қандысу өзенінің оң жағалауында орналасқан Сеңгір қорымы оңтүстік, оңтүстік
батыстан солтүстік шығысқа қарай тізбектеліп келген 108 үйінділі 6
қорғандар тобынан тұрады. Осы қорымдағы №13 қорған етегінен 2м алшақтықта
12х12м келген төртбұрыш тас қоршауымен ерекшеленеді. Әр тізбекте тас қошауы
бар қорғандар кездеседі. Зерттеушілер бұл қорғандарды 1948 жылы
С.С.Черников зерттеген Самар ауданындағы Құлажорға ескерткіштерімен
салыстыра келе б.д.д.III ғасырлармен мерзімдейді. Кущ Г.А. Археологические
исследования Восточно-Казахстанского историко-краеведческого музея.
Маргулановские чтения (тезисы). Петропавловск, 1992. С. 77-78.

2. Құлажорға мәдениетінің кезеңделуі мен мерзімделуі

Алтай – Тарбағатай аралығы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің кезеңделуі
мен мерзімделуін Алтайдағы 1927 жылы С.И.Руденконың [Руденко С.И. К
палеоантропологии Южного Алтая. Казахи, Л., 1930. С.146-148.], 1947
жылдан бастап арасындағы үзілістерімен 1971 жылға дейінгі С.С.Черниковтың
[Черников С.С. Отчет о работах ВКЭ 1948 года. Изв.АН КазССР №108, вып.3.
1951. С.67-68. С.С.Черников. Предварительный отчет о работе Восточно-
Казахстанской экспедиции в 1948г. Архив. Ф.11, опись 2, дело 120, С. 6.
Черников С.С. О работах Восточно-Казахстанской экспедиции.
КСИИМК. Вып.64. М., 1956.С. 43-60. Черников С.С. Отчет о работах ВКЭ
за 1954 год. (Рукопись). С.10-12. Черников С.С. Отчет о работах
Восточно-Казахстанской экспедиции 1948г.Известия АН Казахской ССР. Серия
археологическая, вып.З. № 108. Издательство АН Каз ССР. А-Ата, 1951.С.64-
81. Черников С.С. Работы Восточно-Казахстанской археологической экспедиций
в 1956 году. КСИИМК. Вып.73. Л., 1959. 99-106 бб. Черников С.С. Загадка
золотого кургана. М., 1965.], 1959-1963жж. С.С.Сорокинннің [Сорокин С.С.
Памятники ранних кочевников верховьях реки Бухтармы. Археологический
сборник. №8. М-Л., 1966. С.35-37.Сорокин С.С. Большой Берельский курган
(полное издание раскопок 1965 и 1969гг.) Тр. Гос. Эрмитажа. Л., 1969.
Т.X. С. 208-236.], 1965-1974жж. Ф.Х.Арсланованың [Арсланова Ф.Х.
Могильник ранних кочевников на правобережья Иртыша Изв. АН КазССР, вып.
219. С. 57.], Ә.М.Оразбаевтың [0разбаев А.М., Омаров Г.К. Некоторые
итоги археологического исследования Восточного Казахстана. Проблемы
изучения и сохранения исторического наследия. Алматы, 1998. С.9-70. ],
З.С.Самашевтың [Самашев З.С. Памятники Кулажургинского типа.
Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. А-Ата,
Наука. 1987. С.95-115.] және т.б. археолологиялық зерттеу жұмыстарының
негізінде жасауға болады.
М.П.Грязнов 1939 жылы Алтайдың ерте көшпелілер дәуірін үш қорымдар
хронологиясы бойынша: майемер (ж.с.д. VII-V ғғ.), пазырық (ж.с.д. V-III
ғғ.) және шибе (ж.с.д. II ғғ.) деп бөлсе, ал 1956 жылы Алтайдағы
большереченск материалдарын есепке ала отырып майемер кезеңін ж.с.д. VII-VI
ғғ. деп қысқартты. Грязнов М.П. История древних племен верхней Оби по
раскопкам близ с. Большая Речка МИА №48. М-Л., 1656. -160. С.17. Тывадағы
1971-1974 жылдары Аржан қорғанындағы қазбадан кейін хронология мен кезеңдеу
сұрақтарын шешуге жаңаша көзқараспен қарады. Грязнов М.П. Аржан. Л., 1980.
-80 с. М.П.Грязнов 1978 жылы Алтайда майемерліктерден бұрын өмір сүрген
Тывадағы Аржан ескерткішімен қатар өмір сүрген ерекше күрту кезеңін (ж.с.д.
VIII-VII ғғ.) бөлек көрсетті. Грязнов М.П. К вопросу о сложении культур
скифо-сибирского типа в связи с открытием кургана Аржан КСИА №154. –М.,
1978. С. 9-18. Ал 1979 жылы ж.с.д. VIII-III ғғ. скиф мәдениетінің біріңғай
даму үрдісін үш фазаға бөлді: аржан-черногоров (ж.с.д. VIII-VII ғғ.),
майемер-келермес (ж.с.д. VII-V ғғ.) және пазырық-чертомлык (ж.с.д. V-III
ғғ.). Әрбір фаза өзіне тән қару-жарақ бұйымдары, ат әбзелдері және аң
стилімен айқындалады. Грязнов М.П. Об едином процессе развития скифо-
сибирских культур Проблемы скифо-сибирского культурно-исторического
единства. – Кемерово, 1979. С. 4-7.
Ерте темір дәуіріндегі көшпелілер мәдениетін М.П.Грязнов жерлеу ғұрпы
мен ақыреттік заттары негізінде күрту (ж.с.д. VIII-VII ғғ.), майемер
(ж.с.д. VII-VI ғғ.), пазырық (ж.с.д. V-III ғғ.) және шибе (ж.с.д. II ғғ. –
ж.с. I ғғ.) деп төрт кезеңге бөлді. Грязнов М.П. Алтай и приалтайская степь
Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время. – М. 1992.
– С. 161-178. С. 163. Ғалымның бірінші және екінші кезеңдерді бөліп
көрсетуіне, сондай-ақ шибе кезеңін өз алдына көрсетуімен біраз зерттеушілер
келіспеді. Алайда бұл зерттеушілер де белгілі бір тоқтамға келе алмады. Осы
мәселе жөнінде кезінде С.В.Киселев майемер мәдениетін ерте скиф
мәдениетінің біріңғай даму үрдісін үш фазаға бөлді: аржан-черногоров
(ж.с.д. VII-VI ғғ.) және кейінгі (ж.с.д. V-IV ғғ.) деп бөлген. Ал ж.с.д.
III-I ғғ. ғұн-сармат уақыты деп белгілеп, пазырық дәуірін сонда кіргізген.
Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири. – М-Л., 1951. -638с. С.288-293.
Ал С.И.Руденко болса скиф уақыты деп көрсетіп (ж.с.д. VII-VI ғғ.)
ешқандай кезеңдерге бөлмеді және скиф тайпалары Алтайды бұған дейін
мекендеуші тұрғындарымен ешқандай байланысы жоқ деп пайымдады. Руденко С.И.
Культура населения Центрального Алтая в скифское время. – М-Л., 1960. -359
с. С164. Ғалымның пікірінше ж.с.д. VIII-VII ғғ. Зайсан қазан шұңқырындағы
Ертістің жоғарғы ағысы, немесе Тарбағатай бөктерін мекендеген тайпалардың
бір бөлігі Таулы Алтайға келіп жергілікті халыққа сіңісіп кеткен деген
болжам айтады. Руденко С.И. Горноалтайские находки и скифы. – М-Л., 1952.
-266 с. С.250. Алтайдың ерте темір дәуірін кезеңдеу мәселесіне өзіндік ой
айтқан ғалымдардың бірі – А.С.Суразаков. Алтайдағы ерте көшпелілер
мәдениетін ж.с.д. VI-II ғғ. үш хронологиялық топқа бөле келіп, Солтүстік-
Батыс Мұңғылия, Тыва, Шығыс Қазақстан және Таулы Алтай ескерткіштерін
біріктіре келіп саян-таулыалтай мәдени-тарихи қауымдастығына жатқызады.
Алтайдың ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуына А.С.Суразаковтың
пікірінше керексур мәдениеті тайпалары мен монгун-тайга мәдени қауымдастығы
өз әсерін тигізген.
В.А.Могильников болса ерте скиф уақытын ерекше майемер мәдениеті дей
келе күрту (ж.с.д. VIII-VII ғғ.) және майемер (ж.с.д. VII-VI ғғ.) деп екі
кезеңге бөледі. Алтай ескерткіштерін Л.С.Марсадолов майемер (ж.с.д. VIII-
VII ғғ. мүмкін ж.с.д. VI ғ. алғашқы ширегі) кезеңіне жататын екі
ескерткіштер тобы (ұзыннан сұлай жатқызылған және бүктетілген) және пазырық
кезеңі (ж.с.д. VI-IV ғғ.) деп екіге бөледі. Марсадолов Л.С. Хронология
курганов Алтая (VIII-IV вв. до н.э.). Автореферат дис... к.и.н. –Л., 1985.
-16 с. С.10-11.

Тарбағатайда 1971 жылдарға дейін қазба жұмыстары С.С.Черниковтың
басшылығымен Шілікті және Шаған оба ескерткіштерінде ғана жүргізілді.
Алтай – Тарбағатай аралығы сақ тайпалары ескерткіштерінің
хронологиясы мен кезеңделуі жөнінде өзінің ұзақ жылдарғы ғұмырын арнаған
С.С.Черников Шығыс Қазақстанның б.д.д. VIII-IIIғғ. ескерткіштерін жерлеу
құрылыстарына қарап солтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі. Олар
көршілес орналасып көптеген элементтері ортақ скиф мәдениеті түріне
жатқанымен, әртүрлі территорияларды алып жатыр және өзара кейбір
айтарлықтай ерекшеліктеріне қарап ажыратылады.
Солтүстік топ – Ертістің жоғарғы ағысы салалары жазықтарын
мекендеген. Оларға топырақ пен тас қорғандар және қабірдің солтүстік
қабырғасы мен ағаш қима арасындағы ер тоқымымен ауыздықталған жылқылар
жерленуі тән. Бұл қорғандар пазырық мәдениетіне жатады. Оңтүстік топ –
Зайсан көлі маңы мен Тарбағатай жоталарын мекендеушілер. Топырақ
қорғандар, ағаш жабындылы қабірлер немесе бөренелерден салынған ағаш
құрылыстар; қабір шұңқырға шығыс жағынан жер асты жолы келіп қосылады. Бай
қорғандардың құрылысы күрделірек, үгітілген саз балшық пен шым, ал қорған
етегіне тастар төселген. Керамикалық ыдыстар, құлдардың және жылқылардың
жерленуі кезікпейді.
Солтүстік және оңтүстік топтар арасындағы шекара Усть Бөкен ауылы
жанында және Ертістің жоғарғы сағасы ағысындағы Нарын өзені бойында айқын
аңғарылады. Археологиялық зерттеулерде осы территориялық топтар арасындағы
шекараны анықтауға қиындық туғызады, бірақ Зайсан көлі бойынша
көрсетіледі. Екі топта да кездесетін қола заттар мен әшекей бұйымдар
арасындағы айырмашылық байқалмайды. Бұл өлкеде көптеген ескерткіштердің
зерттелгендігіне қарамастан қазіргі таңда да ақтаңдақ аймақтар баршылық.
Б.д.д. І мың жылдықтағы көшпелілердің мәдениетінің хронологиясы мен
кезеңделуін талдаған С.С.Черников солтүстік аймақтың біршама зерттелгенін
басып айтады, ал оңтүстік ескерткіштер тобында (Тарбағатай аймағы) тек
б.д.д. VII-V ғасырларға жатқызылған қорғандары ғана қазылып, ал қалған
хронологиялық кезең ескерткіштері зерттелмеген еді. Ескерткіштердің
солтүстік тобында табылған қорғандардың хронологиясының кеңдігіне
байланысты С.С.Черников оларды үш кезеңге бөлді. Басқа территорияларда
табылған жаңа қорғандардан алынған материалдарға жүгіне отырып,
С.С.Черников ерте көшпелілер дәуірінің хронологиясының бастауы ретінде
б.д.д. VIII ғасырларды көрсетеді. 1) б.д.д. VIII-VIIғғ. – майемер типіндегі
ескерткіштер (Славянка, 19 қорған; Юпитер, 1 қорған; Қанай, 7 қорған және
т.б.); 2) б.д.д. VI-IVғғ. – пазырық типіндегі ескерткіштер (Мало-
Красноярка, Қызыл ту, 2,4 қорғандар және т.б.); 3) б.д.д. III-Iғғ. –
құлажорға мәдениеті ескерткіштері.
Құлажорға мәдениетін С.С.Черников тағы да, 3 кезеңге бөліп
қарастырған. Осы мәселелер С.С.Черниковтың ең соңғы 1975 жылғы К вопросу о
хронологических периодах в эпоху ранних кочевников атты еңбегіне кірген.
[Черников С.С. К вопросу о хронологических периодах в эпоху ранних
кочевников (по археологическим материалам Восточного Казахстана).
Первобытная археология Сибири.Л., 1975. С.132-137] Мұнда ол зерттелген
археологиялық материалдарға қарап нақты екі екі хронологиялық кезеңге
бөлді:
1) б.д.д. VII-ІV ғ.ғ. және 2) б.д.д ІІІғ.- б.д. Іғ. Алғашқы б.д.д.
VIIІ ғасырларды алып тастап Құлажорға кезеңін кеңейтті.
Соңғы ерте көшпелілер туралы мәліметті (Шығыс Қазақстандағы) ҚазақССР
тарихының 1 томының жеке бөлімінде берген М.Қ.Қадырбаев Шығыс Қазақстан
көшпелілерінің басқа аймақтардан өзіндік далалық болғанын, сондай-ақ
солтүстік таулы аймақтарда көршілес Алтайлық тайпалар ықпалы болғанын және
оңтүстіктегілерге – Жетісу ерте көшпелілердің ықпалында болғанын
көрсетеді. Осыған қарамастан Шығыс Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті дамуы
толық сипатталған. [Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 1
том.Алматы, 1980. 246-273бб.] М.Қ.Қадырбаев Қазақ ССР тарихында алғашқы
екі кезеңі – Майемер б.д.д. VII-VI ғғ. және Берел (немесе Пазырық) б.д.д. V-
IV ғғ. негізінен Алтайлық материалдар негізінде тұжырымдалған. Шығыс
Қазақстанда бірінші кезеңді сипаттау үшін Шілікті обасы, екінші кезең үшін
Усть-Бөкенді. (б.д.д. ІІІ-І ғғ. кезең С.С.Черниковтың Шығыс Қазақстандағы
ескерткіштерді зерттеуі бойынша. М.Қ.Қыдырбаевтың еңбегі аймақтағы ерте
көшпелілердің мәдениетінің даму кезеңдері туралы жалпылама түсінік береді,
қайта ескерткіштердің барлығын қамтымайды. С.С.Черников пен
М.Қ.Қадырбаевтың кезеңдеулері сәйкес келеді, тек сәл айырмашылығы
кездеседі. Соңғысында Шығыс Қазақстан мен Алтай ескерткіштері ұқсастығы
байқалады.
Ары қарай Тарбағатай мен Ертіс аймақтарын қарастырамыз, себебі
Павлодарлық Ертіс маңы мен таулы аудандар басқа мәдениеттермен байланысты.
Н.А. Боковенко мен Ю.А. Заднепровский бар кезеңдеулерді, сондай-ақ
жаңа археологиялық материалдарды, жерлеу рәсімдерді, қорған конструкциялары
мен заттық комплекстерді ескере отырып, негізгі үш кезеңге бөліп
қарастырады. [Боковенко Н.А.. Заднепровский Ю.А. Ранние кочевники
Восточного Казахстана. Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-
сарматское время. М., 1992. С.140-149.]
1-кезең – бастапқы кезең (Зевакино, Шілікті) б.д.д. VIII-VI
ғасырлармен кезеңделеді. Мүмкін, оның көне кезеңі б.д.д. IX ғасырларға
дейін игеріліп, бұнда ерте көшпелілердің Алтайдың синхронды комплексінің
Курту ІІ типі негізге алынған. Скиф ескерткіштерін сондай ерте дәуірге
жатқызу көрші территориялардан жиналған материалдарға анализ жасауға
негізделеді. Зевакино немесе Измайловка комплекстерін (б.д.д. VIII-VII ғғ.)
зерттеу арқылы және олардың бір бөлігіне жасалған типологиялық анализ,
дендрохронологиялық әдістер, радиокөміртекті сараптау арқылы одан да ерте
кезеңге жатқызады. Археолог ғалымдар арасында мәйемер кезеңі мерзімін
біреулері тым ерте кезеңге апарса, біреулері бұрыннан келе жатқан мерзімде
қалса, ал баз біреулері жасартуға тырысады.
Алайда соңғы жылдары еліміздегі қазылған Мәйемер 2, №3 қорған (Самашев
З.С.) Шілікті 3, №1 қорған (Төлеубаев Ә.Т.) ескерткіштері б.з.д. ІХ-ҮІІІ
ғасырларға жататындықтан (радиокөміртектік сараптама бойыншыа) мәйемер
кезеңінінің уақытын арырақ жылжытып б.з.д. ІХ ғасырлардың соңынан бастауға
толықтай негіз бар деп ойлаймын [Марсадолов Л.С., Зайцева Г.И. Соотношение
радиоуглеродных и археологических датировок для малых и средних
курганов.Саяно-Алтая І тыс.до.н.э. Итоги изучения скифской эпохи Алтая и
сопредельных территории. Барнаул.1999. Изд. Алтайского государственного
университета. С.115.]. Бұл ескерткіштердің уақыты бір болғанымен жерлеу
салтында, қорған құрылысында (біреуінде дромос бар, біреуінде жоқ)
айтарлықтай айырмашылықтың болуы мұнда әртүрлі этникалық топтардың қатар
өмір сүргендігін көрсетеді. Сондықтан да атауын Мәйемер-Шілікті деп атаған
дұрыс болар.
2-кезең – орташа (бөкен) б.д.д. VI-IV ғасырлаға жатқызылады. Ол Алтай
мен Пазырық дәуірі материалдарына негізделген.
Шығыс Қазақстанда б.д.д. ҮІ ғасырдың басында пазырық (берел)
мәдениетінде бұған дейінгі майемер археологиялық кезеңімен салыстырғанда
күрт, әрі ойламаған айтарлықтай өзгерістер болды. Берел кезеңінің соңында
қоланы жаппай темір ығыстырды.
3-кезең – кейінгі (Құлажорға) – б.д.д. ІІІ-І ғасырға жатады.
Б.з.д. ІІІғ. әлі толық шешімін таппаған өзгерістер көріне бастады.
Алғашқы көшпелі бейнесіндегі жартылай мемлекеттер пайда болды. Бұлар –
орталық Азиядағы ғұндар, Жетісудағы – үйсіндер, Қырымдағы – скифтер еді.
Бұл кезеңде алтын қорғандар жоқ еді, басшының мұрагерлері ата-анасын
қарапайым заттармен көмуге бел буса керек. Темір қоланы біржола ығыстырып
шығарды. Аң стилі де біртіндеп жойыла береді.
Б.з.д. ІІІ ғ. Ертістің жоғарғы жағын көшпелі тайпалар мекендеген,
жазба деректерде олар – угэ деп аталады, ал солтүстікке қарай – динлиндер
мекендеген. Угэ қорғандары Құлажорға, Славянка т.б. пунктерден табылған.
Олар үлкен емес, әрі заттары жұпыны. Темір пышақтар, құмыралар, әшекейлер
табылған. Құмырада қымыз болса керек. Өлген кісінің қасына атын қоса
көмген. Угэ мәдениеті үйсіндерге жақын. Олардың европалық келбеттеріне
моңғол келбеттері араласа бастайды. Б.з.д. І ғ. Угэ мен динлин жеріне ғұн
басшысы (шаньюйі) Чжи-Чжи басып кіреді. Оларды басып алып, әскерін өзіне
қосып, оңтүстік батысқа қарай үйсіндермен соғысуға аттанады. Бұл жорықта ол
қаза табады. Угэ Шығыс Қазақстанды түгел билемеген еді. Қазбаларға
қарағанда, этнографиялық жағынан өзгеше тайпалар болғанын көреміз. Олар
Бұқтарма мен Шыңғыстауды мекендеген. Сақтар мен аримаспылардың берік одағы
ыдырай бастаған еді.
Біздің заманымыздың алғашқы ғасырында көшпелілер өмірінде әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер болады. Көшпелілердің өмірінде ХХғ. дейін созылған
патриархалды-феодалдық қатынас қалыптаса бастайды. Олар шаруашылық ұйым
баяғыда ауылдық қоғамға ауысса да, рулық құрылымдармен бірге феодалдық
эксплуатация формасымен сипатталды. Малға деген жеке меншік байлардың
малдарының көбейе беруіне әкелді. Мемлекет формасы және мемлекеттік
бөлініс иерархиясы одан ары қарай дами түсті. Осы уақытқа жататын
құлажорға мәдениетіне жататын ескерткіштер біршама зерттелгенімен, археолог
ғалымдар тарапынан бар материалдарға ғылыми саралау жүргізілмеді. Тек
З.С.Самашевтың Шүлбі су қоймасын салуға арналған жинақта ғана
қарастырылған.
Онда Құлажорға ескерткіштері қорған құрылысының ерекшелігіне және
жерлеу ғұрпына қарай 2 топқа бөлінеді. Алтайда б.д.д. ІІІ ғасырдан
бастап ерте көшпелілер мәдениетінде айтарлықтай өзгерістер болды. Бұл жерде
тас жәшікте жерленген құрылыста құлажорға тұрпатындағы ескерткіштер пайда
болады. Мәйітті онда шалқасынан шығыс немесе батысқа қаратып ұзыннан сұлай
жерлеген. Өте сирек жағдайда ғана оң жамбасымен бүктеле жерленген мәйіттер
кездеседі.
Ұқсас ерте көшпенділер ескерткіштерін зерттеген С.С. Черников Пчела,
Славянка, Қызылту, Юпитер, Малокрасноярка, Усть – Бөкен обаларын ерте
көшпенділер кезеңінің аяқталуына жатқызып оларды ежелгі және кейінгі деп
бөлді. Өкінішке орай бұл ескерткіштердің материалдары саралаудан өтіп,
ғылыми айналымға енбей қалды.
Тарбағатай теріскейінде 1989 жылдан бастап зерттелген[Төлеубаев Ә.Т.
Ертедегі үйсіндердің Тарбағатайдың теріскейіндегі ескерткіштері.
ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы №127, 23-38 бет. Омаров Г.К. Могильники
раннего железного века в предгорьях Тарбагатая. Проблемы изучения и
сохранения исторического наследия. Алматы, 1998. С.225-239. Омаров Ғ.Қ.
Тарбағатай көшпелілерінің б.з.д. 1-мыңыншы жылдықтағы мәдениеті
жөнінде. Проблемы изучения и сохранения исторического наследия.
Алматы, 1998. 253-259б. Омаров Ғ.Қ. Базар шаты қорғандары ҚазМУ
хабаршысы. Тарих сериясы N12. Алматы. 1999. 81-89 бет.] б.з.д. ІІІ ғ.- б.з.
ІІІ ғғ. дейінгі қорғандардың сыртқы және ішкі құрылыс, құрылымы және ондағы
мәйітпен бірге көмілген ақыреттік заттары Жетісу мен Шығыс Түркістан
жеріндегі усунь ескерткіштерімен ұқсас екендігін көреміз және олардан
табылған артефактілердің тым аздығына қарамастан усуньдердікі деп айтуға
толық негіз бар. Алтайдағы құлажорға мәдениетін қалдырушылар мен
Тарбағатай, Іле бойы усуньдерінің өзара этно-мәдени байланыста болған,
жерлеу салты мен материалдық мәдениеті бір туыстас тайпалар деп айтуға
болады. Алтай мен Тарбағатай ерте темір дәуірі ескерткіштерінің сыртқы
құрылысы, ішкі құрылымы, жерлеу салты ерекшеліктеріне байланысты кезеңделуі
мен мерзімделуі туралы өз көзқарасын автор мақала соңындағы таблицада
берді.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанмен көршілес Таулы Алтайдың скиф дәуірін
Ресей ғалымдары екі кезеңге бөліп қарастырады: ерте скиф, скиф немесе
пазырық. Бұл кезеңдердің хронологиялық шеңбері және кезеңдері туралы
пікірлердің әртүрлілігіне қарамастан негізінен ерте скиф уақыты б.д.д. IX-
VIIIғғ.-дан б.д.д VI ғғ., ал скиф немесе пазырық уақыты б.д.д VI- Vғғ.-нан
б.д.д. III-I ғғ.-мен мерзімделеді. Таулы Алтайдың скиф кезеңінің қорғандары
туралы қалыптасқан көзқарас бойынша 1) тек пазырық археологиялық
мәдениетіне жатады [Кубарев В.Д. Курганы Сайлюгема. Новосибирск, 1992. С.
114-117. Соенов В.И. К вопросу о типологии погребальных памятников
скифского времени Горного Алтая Итоги изучения скифской эпохи Алтая и
сопредельных территорий, Барнаул, 1999. С. 170-171.]; 2) пазырық мәдениеті
және қара-қоба топтарына бөлінеді [Шульга П.И. Этнокультурная ситуация в
Горном Алтае северо-западных предгорьях в VII-III вв. до н.э. Итоги
изучения скифской эпохи Алтая и сопредельных территорий, Барнаул, Изд. АГУ,
1999.С.245-250.];
Қытай Алтайындағы ерте темір дәуірінің ескерткіштері біз қарастырып
отырған аймақтағы ескерткіштермен сыртқы құрылысы, орналасуы жағынан[Ван
Линьшань, Ван Бо. Қытайдағы Алтай даласының мәдениет ескерткіштері.
Үрімші,1996. 104,105,106 суреттер.Қытай тілінде] ұқсас, тіпті бірдей
болғанымен диссертант 2007, 2008 жылдардағығы ҚХР-ға жолсапар барысында
көптеген ескерткіштерді өз көзімен көріп, мұражай материалдарымен танысқан
қазірге дейін ресми түрде өкімет тарапынан жүйелі, әрі кешенді
археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген. Ғылыми зерттеу ісі тек барлау,
тексеріп есепке алу және кездейсоқ жағдайда табылған ескерткіштерді зерттеп-
зерделеу деңгейінде ғана. [Сұңғатай С., Еженханұлы Б. Тарихи-мәдени
жәдігерлерҚазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. 2том. Алматы, Дайк
Пресс 2005. 26 бет. -80бет.]
Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің хронологиясы мен кезеңдеуінде
әртүрлі көзқарастардың болуы ғалымдар тарапынан әлі де жалғасын табады. Осы
тақырыпқа байланысты тыңнан ашылған, әсіресе Тарбағатайдағы соны
археологиялық жаңалықтар мен ізденістер бұл мәселенің мәдени-хронологиялық
интерпретациясын шешу жолдарына әкелері сөзсіз.
Шығыс Қазақстан ерте темір дәуірі ескерткіштерінің кезеңделуі
Кезеңдеуші ғалымдар Кезеңдері Мерзімделуі
Черников С.С. 1)Майемер типі б.д.д. VIII- б.д.д.VIIғғ.
2)Пазырық типі б.д.д. VI- б.д.д.IVғғ.
3)Құлажорға мәдениеті б.д.д. III- б.д.д.Iғғ.
Черников С.С.(1975ж.)1-ші кезең б.д.д. VII-ІV ғғ.
2-ші кезең б.д.д ІІІғ.- б.д. Іғғ.
Қадырбаев М.Қ. Майемер б.д.д. VII- б.д.д.VI ғғ.
Берел (немесе Пазырық) б.д.д. V- б.д.д.IV ғғ.
Құлажорға мәдениеті б.д.д. III- б.д.д.I ғғ.
Н.А. Боковенко мен 1)бастапқы (Зевакино- б.д.д. (IX ?)VIII-
Ю.А. Заднепровский Шілікті) б.д.д.VI ғғ.
2)орта (Бөкен )
3) кейінгі (Құлажорға) – б.д.д. VI- б.д.д.IV ғғ.
б.д.д. ІІІ- б.д.д.І ғғ.
Омаров Ғ.Қ. 1)Майемер-Шілікті б.д.д.IXғ.аяғы-б.д.д.VI ғ.
басы
2)Берел-Базар шаты б.д.д.VI ғ. аяғы- б.д.д
.IV ғғ.
3)Құлажорға- Құлбабас б.д.д. IV ғ. аяғы- б.д. І
ғғ.

Таулы Алтайдың ерте темір дәуірі ескерткіштерінің кезеңделуі
Мәдениеттері Кезеңдері Мерзімделуі
Ерте скиф Майемер және бийке б.д.д. VIII- б.д.д.VI
мәдениеттері ғ. басы
Пазырық 1)Башадар-Тұяқты б.д.д. VI-б.д.д.Vғғ.
2)Пазырық б.д.д.Vғ.- б.д.д.IV ғғ.
3)Кейінгі Пазырық б.д.д ІІІғ.- б.д.д.
IIғ. басы

Барлық зерттелген ерте көшпенділер дәуірінің ескерткіштері
конструктивті құрылысының ерекшелігіне және жерлеу ғұрпына қарай 2 топқа
бөлінеді.
Бірінші топқа Жартас обасының 5 обьектісі кіреді (11, 41, 49, 50 ,51).
Олар дөңгелек тәрізді , жер астылық құрылыс. Үш қорғаннан дөңгелек тәрізді
ірі тастардан крепиды айқын байқалады. Қалған екі қорғаннан крепид
қалдықтары байқалмайды. Мүмкін олар табиғи және жасанды факторлардың
әсерінен қиратылған. Осы конструкциялардың биіктігі - 0,3 метрден 0,5
метрге дейін, ал диаметрі – 4,5 метрден 7,6 метрге дейін. Негізінен
обалардың шұңқырлары сопақ формада келеді, әрқашанда батыстан шығысқа қарай
бағытталған. Осы обалардың ерекшелігі ол колоколдық кеңейту және тас
жәшіктердің жабуына байланысты. Жәшіктер негізінен 4 граниттық плиталардан
тұрады. Қабірлерде есейген ( 3 ), жасөспірімдер ( 2 ) және емшекті балалар
( 3 ) жерленген. Төртеуі оң жақ бүйіріне, тізелері бүгіліп жатқызылған,
екеуі – шалқасынан, және де екеуінің біреуінде аяқтары жамбас буынына
бүгілген. Мәйіттердің беттері солтүстікке, ал бастары шығысқа қаратылған.
Мәйіттердің антропологиялық типтері анықталмаған. Екінші қорғанға 41
қарағанда, барлық қорғандардан жол азығы ретінде қойдың қалдықтары және 3
жәшіктен қосымша қойлардың омыртқалары табылған. Және тек қана бір
қорғаннан ( 51 ) аттың сүйегі табылған. Бұйымдары – кувшин тәрізді сазды
ыдыстар. Тек қана қорған 51-ден 5 сүйектен жасалған жебенің ұштары
табылған.
Екінші топқа Убаредмет обасының 5 объектісі кіреді, Ақшы ІІ және
Қарашат ІІІ. Бірінші топ қорғандардан ерекшелігі олар кішкене топтармен
әртүрлі кезеңдерді қамтитын ескерткіштер арасында орналасқан. Зерттелген
ішкі құрылымдар тас сақина тәрізді келіп, диаметрі 5,4 метрден 6,6 метрге
дейін. Сақинаның ені – 0,5 мертрден 1,3 метрге дейін, биіктігі – 0,2 – 0,3
м. Қабір шұңқырлары солпақ формада болған. Қабірдің ішкі
құрылымында кейде ағаш рамалары кездескен. Зерттелген қорғандардың
көпшілігінде, топырақты шұңқырларда жерленген мәйіттер болған. Мәйіттер
созылған күйінде, шалқасынан, қолдары денесін бойлай жерленген. Басы тек
қана батысқа қаратылған. Мәйіттердің сазды ыдысдарынан басқа оларда темір
пышақтар, түйреуіштер, мыстан жасалған сырғалар, және де мәйіттердің әр
қайсысында бір-біреуден сырға болған.
Осылайша ежелгі көшпенділер кезеңінің екі топ ескерткіштерінің маңызды
этнографиялық ерекшеліктері болады, мұнда тек қана әртүрлі уақытарының
ескертілгені емес, сонымен қатар әлеуметтік қоғам құрылымының қиындығы,
өздерінен кейін қалдырған әртүрлі этникалық халықтар. Ең алдымен мұнда
ішкі қабір құрылымы және жер конструкцияларының ерекшеліктерінен көреміз.
Мәйіттердің жатқызылуы қарама – қарсы. Бірінші топтағы ескерткіштерде
қосарланып жерлеу, ал екінші топта – тек қана бір мәйіттен. Шығарып салу
бұйымдарына келетін болсақ, бұл жерде кейбір ұқсастықтар байқалады: барлық
қабірледе кувшин тәрізді саз ыдыстар болған, бірақ әртүрлі формаларда.
Екінші топтағы қорғандардан ең жиі кездесетін темір пышақтар, түйреуіштер
мен мыстан және қоладан жасалған сырғалар. Жерлеу ғұрыптарына, бұйымдарына
және қабірлердің конструкцияларына қарап біз оларды ежелгі көшпенділер
дәуірінің аяқталуына байланысты 2 кезеңге бөлеміз. Ұқсас ескерткіштер
жоғарғы Ертіс бойындағы аудандарда да белгілі. Бұл ең алдымен Зевакино
жерлеу комплексі, Құла – Жорға мен Баты обалары.
Ұқсас ерте көшпенділер ескерткіштерін зерттеген С.С. Черников Пчела,
Славянка, Қызылту, Юпитер, Малокрасноярка, Усть – Бөкен обаларын. Осы
ескерткіштерді С.С. Черников ерте көшпенділер кезеңінің аяқталуына және
оларды ежелгі және кейінгі деп бөлді.
Осылайша жоғарғы Ертіс бойы аудандарындағы ескерткіштері бір типі
ішкі қабір құрылымын, заттарының бірдей терімі, жерлеу ғұрпының ұқсастығы.
1940 жылдарда С.С. Черников осы ескерткіштерді Құлажорға ескерткіштері деп
атап кеткен.

ІІ ТАРАУ. ҚҰЛАЖОРҒА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ СИПАТАМАСЫ

2.1 Құлажорға мәдениетінің жерлеу ғұрпы ( қорғандардың орналасуы мен
ішкі құрылымы, жерлеу ғұрпы ерекшеліктері)

Құлажорға кезеңі зерттеушілердің кезеңдемелік тұжырымдары бойынша
Шығыс Қазақстан ерте көшпелілері мәдениетінің соңғы, яғни үшінші кезеңі
болып табылады. С.С. Черников бөліп көрсеткен аталған кезең
ескерткіштерінің жерлеу ғұрпында өзіндік ерекшеліктер бар және бұл
археологиялық мәдени кезеңнің өзі алынған материалдарға байланысты екі
кезеңге жіктеледі. Енді осы күнге дейін археологиялық қазбалардың
нәтижесінде жинақталған материалдардың негізінде, бұл кезеңге тиесілі
ескерткіштерге арнайы тоқталып, олардың жерлеу ғұрыптарының ерекшеліктерін
бірнеше ұстанымдар бойынша анықтасақ.
Б.д.д. 1 мыңжылдықтың соңы (б.д.д. 4-1 ғғ.) Құлажорға
ескерткіштерінде өлгендерді тас жәшіктерге салып, аттың немесе оның бір
мүшелерін қоса көметін болған. Құлажорға мәдениетінің осы күнге дейін
қазылып зерттелген сексен обаларының диаметрлері 5-15 м, биіктіктері 0,6 м
шамасында. Тек диаметрі 30 м болатын екі оба Баты мен Пчела қорымдарында
тіркелген болатын. Егер Құлажорға мәдениетін ерте және кейіңгі деп бөліп
қарастыратын болсақ, ерте кезеңінде адамның басын шығысқа бағыттаса,
кейіннен батысқа қарата жерлеу орын алған. Бұған ұқсас жерлеу құрылысы
Зевакинода, Қоғалы 1 мен Юпитер жерлеу кешендерінде кездеседі. Пчела
қорымында тас жәшік пен ағаш табыттағы адам басы батысқа, солтүстік-батысқа
қаратылған. Жалпы мұның өзі ескерткштер арасындағы мәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Ерте темір дәуірі отрядын
Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихы мен кезеңдеу мәселесі
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Алтын адам туралы дерек
Сақ ескерткіштері
Зерттеу нәтижелері ерте темір дәуірінде
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Сақ тайпалары
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Пәндер