Шағын және орта бизнесті дамыту
Кіріспе
I. ҚР.да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005.2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау.
1.2 Кәсiпкерлiктiң инновациялық экономикаға қатысуы .
II. Шағын және орта бизнесті несиелеудің бағыттары.
Шағын бизнесті несиелеу бағдарламасын іске асыру.
Шағын және орта бизнесті несиелеу кезінде шетел тәжірибесін қолдану.
2.3 Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары.
III. Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемалары мен заңнамалары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің жағдайы мен экономикалық маңызы қарастырылады.Кез келген салада алдын ала бағдарлама жасау арқылы белгіленген мерзімге дейін сол көзделген шараларды орындау керек. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады.Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру үшін оның қазіргі жағдайын біле отырып дамуына талдау жасалады. Қазіргі кезде кез келген бизнесті дамыту үшін оған қосымша қаржы көздері керек, ал ол қаражаттарды тек несиелеу арқылы ала алады. Сондықтан жұмыстың екінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асырылуы және оның шетел тәжірибесінің әдістерін қолдану шаралары қарастырылады. Соңғы бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуындағы проблемалар мен оның перспективалары заңнамаға сәйкес қарастырылады. Кез келген экономикаға қатысты іс әрекет ҚР Заңнамасында тіркеліп, тек заң жүзінде ғана жұмыс істеу керек.
Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалары мен мiндеттерi ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған мемлекеттiң экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында қаралуымен түсiндiрiледi. Қазіргі кезде шағын және орта бизнеспен айналыстын азаматтардың саны өсуде. Оған себеп жекешелендіру нәтижесінде қазір кезкелген азамат қандай істі ашуды таңдау өз еркіне байланысты. Өз ісінің маманы болмаса да жұмыс істеуге құқылы. Сол себептен кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтардың саны артуда деп түсіндіруге болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік ісі көп қырлы салаларды қамтиды. Ол өмірге қажетті барлық тауар, қызмет түрін, білім беру, сауда, өнім өндіру, шетел тауарларын импорттау сияқты т.б өнімдерді көрсетеді. Сондықтан бұл тақырыпты талқылау өте маңызды мәселе болып табылады.
Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы басымдықтары тұрғысынан Бағдарламаның басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылады.

1. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов , «Кәсіпорын экономикасы», Оқу құралы
Алматы «Экономика» 2003 ж;
2. Бисенғазиев М.Б, Хамитов А.Ш, «Кәсіпкерлік негіздері»;
3. Бизнес: составляющие успеха; в помощь предпринимателю (ПРООН) ЮНИДО, проект «Содействие в развитий малых и средних предриятий», Алматы 2000г, 160 стр;
4. Блинов А.О, Шапкин И.Н, «Препринимательство на пороге третьего тысячилетия», 2000г, 152 стр;
5. Богатин Ю.В, Швандар В.А, «Оценка эффективности бизнеса и инвестиций», М: Юнити 1999г, 254 стр;
6. Ванганди Арту Б, «Успех в бизнесе», Попурри, 99-320стр;
7. «Транзитная экономика», №5,7. 2004г;
8. «Мысль», №7, 2005г.

Жоспар
Кіріспе
I. ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-
2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
1. Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау.
1.2 Кәсiпкерлiктiң инновациялық экономикаға қатысуы .
II. Шағын және орта бизнесті несиелеудің бағыттары.
1. Шағын бизнесті несиелеу бағдарламасын іске асыру.
2. Шағын және орта бизнесті несиелеу кезінде шетел тәжірибесін
қолдану.
2.3 Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары.
III. Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемалары мен заңнамалары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі шағын және орта
бизнестің жағдайы мен экономикалық маңызы қарастырылады.Кез келген салада
алдын ала бағдарлама жасау арқылы белгіленген мерзімге дейін сол көзделген
шараларды орындау керек. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы шағын және орта
бизнесті дамыту жөнінде шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
қарастырылады.Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру үшін оның қазіргі
жағдайын біле отырып дамуына талдау жасалады. Қазіргі кезде кез келген
бизнесті дамыту үшін оған қосымша қаржы көздері керек, ал ол қаражаттарды
тек несиелеу арқылы ала алады. Сондықтан жұмыстың екінші бөлімінде осы
шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асырылуы және оның
шетел тәжірибесінің әдістерін қолдану шаралары қарастырылады. Соңғы
бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуындағы проблемалар мен оның
перспективалары заңнамаға сәйкес қарастырылады. Кез келген экономикаға
қатысты іс әрекет ҚР Заңнамасында тіркеліп, тек заң жүзінде ғана жұмыс
істеу керек.
Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалары мен мiндеттерi ұзақ
мерзiмдi перспективаға арналған мемлекеттiң экономикалық дамуының
мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара байланыссыз оның өз
проблемалары тұрғысында қаралуымен түсiндiрiледi. Қазіргі кезде шағын және
орта бизнеспен айналыстын азаматтардың саны өсуде. Оған себеп жекешелендіру
нәтижесінде қазір кезкелген азамат қандай істі ашуды таңдау өз еркіне
байланысты. Өз ісінің маманы болмаса да жұмыс істеуге құқылы. Сол себептен
кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтардың саны артуда деп түсіндіруге болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік ісі көп қырлы салаларды қамтиды. Ол
өмірге қажетті барлық тауар, қызмет түрін, білім беру, сауда, өнім өндіру,
шетел тауарларын импорттау сияқты т.б өнімдерді көрсетеді. Сондықтан бұл
тақырыпты талқылау өте маңызды мәселе болып табылады.
Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің
"Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты
2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы басымдықтары тұрғысынан
Бағдарламаның басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi
қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған
институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге
қабiлеттiлігін арттыру болып табылады.
I.ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
1.1. Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен дамуын
талдау.
Елдегi әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта
кәсiпкерлiктiң дамуына оң ықпал еттi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша
2005 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның
195,7 мың шағын кәсiпорындар құрайды, орта кәсiпорындар - 10,67 мың. Бұл
ретте, шағын кәсiпкерлiк субъектілерi жалпы санының 93,9%-ын құрайды.
Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың
саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиiстi
күнiне 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсiпкерлiктiң ЖIӨ-ге қосқан үлесi 2003 жылы 16,2%-ды құрады,
яғни салыстырмалы түрде шағын және орта кәсiпкерлiк шамамен 25%-ды бередi.
Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң тауарлар мен
қызметтердi сатудан түскен кiрiстерiнiң артуы 2004 жылы 2003 жылға
қарағанда 8,7 %-ды құрады.
Шағын кәсiпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары
мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсендi заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданатын
бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсiпкерлiк
саласында белсендi халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған
(шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31 %-
ы).
2003 жылы көлеңкелi экономиканың үлесi ЖIӨ-ден 22,6%-ды құрады,
әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңiнде аталған көрсеткiш орташа 30-38%-
ға дейiнгi аралықта бағаланды.
Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып, астыртын
өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да көлеңкелі
операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырысады.
Бүгiнде Қазақстандағы экономикалық өзгерiстер құқық саласындағы қайта
құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және орта кәсiпкерлiк
саласында да қалыптасқан.
Мысалы, қолданыстағы құқық жүйесiнде "де юре" әрекет етуiн
жалғастырып жатыр, кейiн қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерге қайшы
келетiн, қайшылықтар туғызатын не құқықтық мәнiн жоғалтып, ескiрген
кiшi заңи кесiмдер бар.
Жоғарыда аталғандар, уәкiлеттi органдар тарапынан өздерiнiң нормативтiк
құқықтық кесiмдерiне және басқа да мемлекеттiк органдардың олардың
бастамасы бойынша қабылданған кесiмдерiне тұрақты мониторинг
жүргiзбегендiктен.
2004 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 195 Yкiмет қаулылары,
оның iшiнде жою және өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша қолданыста
деп есептеледi. Yкiметтiң қолданыстағы қаулыларының 420-сы дербес
нормативтiк құқық кесiмдер тiкелей кәсiпкерлiк қызметтi реттейдi.
Оларды қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 357 қаулысының
күші жойылды деп танылды.
Бір жағынан қолданыстағы заңнаманың қолданыстағы заңнама жүйесiнен
заңсыз кесiмдердi "болдырмауды" қамтамасыз ететiн тетiктерi жоқ.
Шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық
кесiмдi қабылдау қажеттiгiн негіздеу кезiнде орындылығын жан-жақты талдау
және шағын және орта кәсiпкерлiктiң жекелеген проблемаларын мемлекеттiк
реттеудiң одан әрі тиiмдiлігі жүзеге асырылмайды.
Бұдан басқа, қазiргi уақытта нормативтiк құқықтық кесiмдер әрекетiнiң
одан әрi нәтижелiлiгiн қадағалап отыру тетiгi мүлдем дерлiк жоқ, мұндай
нәтижелiлiктiң көрсеткiштерi мен өлшемдерi айқындалмаған.
Әкiмшiлiк кедергiлер жеткiлiктi кездесетiн шағын және орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тыныс тiршiлiгiн үш кезеңге бөлуге болады;
- тiркеу және қайта тiркеу;
- әрекет етуi және дамуы;
- тарату.
Жоғарыда аталған әрбiр кезеңде шағын және орта кәсiпкерлiктiң
икемдiлiгiне, белсендiлiгiне және ұтқырлығына әсер ететiн көптеген
проблемалар кездеседi, нәтижесiнде олардың дамуын тежейдi.
Тiркеу, қайта тiркеу және тарату кезеңдерiнде.
216 заңнамалық кесiмдердi қамтитын рұқсат ету жүйесiнiң қолданыстағы
заңнамалық базаны ерекше айта кету керек және бизнес жүргiзу жөнiндегi
жоғары шегерiмдердiң себебi болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тiркеу және қайта тiркеу рәсiмдерi әр
жерде орналасқан, түрлi ұйымдар беретiн көптеген құжаттарды қажет етедi.
Рыноктiң конъюнктурасына байланыстығын ескере отырып, шағын және орта
кәсiпкерлiк субъектілерi қызмет түрлерiн үнемi өзгертiп отырады. Бұл,
құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және тiркеушi
органға хабарлауға, сондай-ақ рұқсаттардың көптеген түрлерiн алуға әкелiп
соғады.
Көптеген елдерде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілері қызметiн
қолдау үшiн "бip терезе" қағидаты бойынша тiркеу мен қайта тiркеуге жағдай
жасалған. Мысалы, 2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар
Францияда тiркеу процесі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар "бip
терезе" қағидаты бойынша 10 күн iшiнде тiркеледi. Бүгінде Қазақстанда
бизнес - қоғамдастық құптаған осындай жүйе енгiзiлдi.
Әрекет етуi мен даму кезеңiнде.
Кәсiпкерлердiң қызметiнде көпшiлiк жағдайларда негізiнен әкiмшілiк
бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттiк
органдар жүргiзетiн тексерулердiң нәтижесiнде анықталады.
Мұнда:
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерiн реттейтiн құқықтық нормалар
әртүрлi нормативтік құқықтық кесiмдерде және бұл мәселе бойынша бiрыңғай
заңнамалық кесiм жоқ;
заңнамалық кесiмдерде (Салық, Әкiмшiлiк кодекстерде, кейбiр
мемлекеттiк органдардың мәртебесiн айқындайтын заңдарда және т.б) шағын
және орта кәсiпкерлiк субъектілерін тексеруге ерекше ұстанымдар көзделмеген
және сондықтан да мемлекеттік органдардың кәсiпкерлерге қатынасы олардың
қызметiнiң ауқымына қарамастан бiрдей;
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерi бойынша рәсiмдердiң нақты
бiрыңғай сипаты мен бiрыңғай глоссарилерi жоқ. Әртүрлi мемлекеттiк органдар
тексерулердiң түрлi сыныптамасын (рейдтiк, кешендi, қарама-қарсы, жоспарлы,
жоспардан тыс, хронометражды, ағымдағы және т.б) қолданады;
бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиiмдiлігін бағалаудың қазiргі
практикасы анықталған бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына
байланысты;
кәсiпкерлiк субъектiлердiң қызметiнде төтенше жағдай туындағанда
(ғимараттың құлауы, жаппай улану, кiсi өлiмi және т.б) аталған объектiге
тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бiр мезетте қаралмайды.
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
туралы кодекстiң жекелеген ережелерi шағын және орта кәсiпкерлiктiң тұрақты
дамуына кедергi келтiредi.
Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
үшiн айыппұлдарды қоспағанда, әкiмшiлiк айыппұлдардың еселенген мөлшерi
шағын кәсiпкерлiк үшiн де және iрi бизнес үшiн де бiрдей белгіленген.
Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000
айлық есептiк көрсеткiшке дейiн) белгіленген айыппұлдың сомасын өз қалауы
бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың
туындауына әкеліп соғады.
Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсiпкерлердiң өзiн
заңға сәйкес айыппұл төлеу не "аз" пара берiп құтылуды таңдауға
итермелейдi.
Лицензиялауға, акредаттауға, стандарттауға, сертификаттауға жататын
жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерiнiң қазiргi кең көлемдi тiзбесi
iскерлiк белсендiлiктiң, кәсiпкерлiк бастаманың өсуiне кедергі келтiредi.
Бұдан басқа, лицензияны беру ретiнде, және одан әрi лицензиялық қызметтi
негiздейтiн қосымша рұқсат беру жүйесi (рұқсат беру, қорытындылау, келiсу)
бар. Бұл iс жүзiнде елде кәсiпкерлiктiң және әсiресе шағын және орта
кәсiпкерлiктiң қызмет етуi мен дамуын тежейдi.
Осылайша, әкiмшiлiк кедергiлердiң ауыртпалығы негiзгi кемшiлiк болып
табылады:
- тiкелей әрекет етпейтiн кесiмдер, көптеген кiшi заңи кесiмдер бар;
- мәнi бойынша мемлекеттiк функциялар берiлген, мемлекеттiк органдар
уәкiлеттiк еткен көптеген мемлекеттiк кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар
қызмет етедi;
- шектен тыс статистикалық және салықтық есептiлiк бар;
- жекелеген мемлекеттiк органдар өздерiнiң бақылау-қадағалау,
рұқсат беру және келiсу функциялары мен өкiлеттiктерiн қысқартуға дайын
емес.
Мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi)
жеткiзiп беруде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ашықтығын және
олардың барынша көп қатысуын қамтамасыз етуi тиiс "Мемлекеттiк сатып алу
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының аясында мемлекет пен шағын және орта
кәсiпкерлiктiң өзара қатынасын жеке атап өту керек. Алайда, практикада
мемлекеттiк тапсырыс берушiлер шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн заңда
көзделген жеңiлдiктердi мүлдем дерлiк қолданбайды.
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына сәйкес
мемлекеттiк органдардың қарамағында 400-ден астам республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындар бар, алайда алдын ала жүргiзiлген сараптама олардың саны
бүгінде 509 құрайтынын көрсеттi. Мемлекеттiк органдардың
мәлiметтерi бойынша республикалық коммуналдық меншiкте барлығы 4892
кәсiпорын бар.
Заңды тұлғалар тiзбесiнде (акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiктер) орталық атқарушы органдардың атынан жарғылық
капиталында мемлекеттiң қатысуымен 178 ұйым бар. Жергiлiктi атқарушы
органдар 1061 акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктердiң құрылтайшылары және қоса құрылтайшылары болып табылады.
Мемлекеттiң қатысуымен кәсiпорындардың қызметiне алдын ала
жүргiзiлген талдау олардың қызметiнiң бүгiнгi күннiң жағдайларына сәйкес
келмейтiнiн көрсеттi. Кәсiпорындар iс жүзiнде рыноктi мемлекеттiк
монополияға айырбастап, мемлекетке сәйкес келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыруда. Әсiресе мұндай тәжiрибе мемлекеттiк тапсырыс есебiнен өз
қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындарға тән. Бiр қатар
мемлекеттiк кәсiпорындар рыноктік ортаға кең ұсынылған қызметтi жүзеге
асырады: сауда - делдалдық қызмет, көлiк қызметтерi, сервистiк сипаттағы
қызметтер, құрылыс, баспаханалық және басып шығару қызметi, абаттандыру,
ғимараттар мен құрылыстарға қызметтер көрсету, ұйымдастыру техникасына
қызмет көрсету және бағдарламалық өнiм жасау және т.б. Iрi мегахолдингтер
құрамында жоғарыда айтылған қызметтi жүзеге асыратын және холдингтің
негiзгi қызметiне қатысты бейiндi емес болып табылатын еншiлес ұйымдары бар
екендігін айту керек.
Құрылтай құжаттарда көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың мақсаты
мен мәнi заңнамада нормалардың нақты жазылмауы салдарынан әрқашан тура
мағынасы негiзгi мақсатқа сәйкес келе бермейдi не кез келген қызмет
түрлерiмен айналысу мүмкiндiгін көздейдi.
1.2. Кәсiпкерлiктiң инновациялық экономикаға қатысуы.
2015 жылға дейiнгі индустриалдық-инновациялық стратегияны тиiмдi iске
асыру және оған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерінің барынша көбірек
қатысуы мақсатында инновациялық жобаларды iске асырудың алғы шарттары
құрылады, оның негiзi отандық және шетелдiк ғылым әлеуетiн пайдалану
негiзiнде бәсекеге қабiлеттi соңғы өнім құруды қамтамасыз ететiн ашық
үлгiдегі жаңа инновациялық жүйе болады.
Жаңа инновациялық жүйе ғылыми әлеуеттi дамытады, көпдеңгейлi
инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырады, берiлетiн гранттар түрлерiн
кеңейту және венчурлiк қорларды құру бөлігінде қаржы инфрақұрылымдарының
элементтерiн және тетiктерiн дамытады.
Осы бастамаларды ұтымды iске асыру үшiн Ұлттық инновациялық Қордың
өсу әлеуетi жоғары жобаларды iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктi
тарту жөнiндегi рөлi жандандырылады. Бұл іс-шаралар шетелдiк венчурлiк
қорларды тартумен венчурлiк инвестициялау арқылы iске асырылады, бұл озықты
шетелдiк тәжiрибенi алуды қамтамасыз етуi керек.
Технологиялық бизнес инкубаторларды - технологиялық инновацияларды
құратын және iске асыратын және оларға консалтингтiк, заңгерлік, лизингтік
және өзге де қызметтер көрсететiн арнаулы пысықталған жеке және заңды
тұлғаларды өз алаңдарында белгiлi бiр мерзімге орналастыратын құрылымдарды
құру.
Коммерциялық тиiм жағынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа
технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi құруға бағытталған
қолданбалы ғылыми зерттеулiк және тәжiрибелi конструкторлық әзiрлемелердiң
гранттарын беру жүйесi қайта қаралады.
Мынадай гранттардың нысандары қайта қаралады:
шағын гранттар - ғылыми зерттеулік және тәжiрибелi конструкторлық
әзiрлемелердi өткiзу үшiн 7,2 млн. теңгеден (55 мың АҚШ доллары) кем емес
сомаға тартылатын;
жоба алдындағы гранттар - құжаттардың толық пакетiн дайындау үшін
(ТЭН, бизнес жоспар және т.б.) 650 мың теңгеден кем емес (5 мың АҚШ
доллары);
үлкен гранттар - зерттеулердi аяқтау және пайдалы моделге немесе
ойлап шығаруға жеткiзу үшiн 33 млн. теңгеден кем емес (250 мың АҚШ
доллары);
патенттеу үшін гранттар - шетелдегі патенттi рәсімдеу үшiн 13,2 млн.
теңгеден кем емес (100 мың АҚШ доллары) сомаға.
2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық
инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi Бағдарлама
шеңберiнде ұлттық технологиялық парктердi, ақпараттық аймақтарды, ядролық
технологиялар мен биотехнологиялар аймақтарын, жаңа материалдар паркін,
мұнай-химиялық технопарктi құру көзделедi
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын және орта
кәсiпкерлiк субъектілерінiң бастамаларын қолдау жөнiндегі жеделдетілген
шаралар бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету көрсетілген мақсаттарға
көзделіп жыл сайын бекітілетін республикалық бюджет қаражаты шегiнде және
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын көздер есебiнен
жүзеге асырылатын болады.
Осы Бағдарламада баяндалған жеделдетiлген шараларды iске асыру үшiн
2005 жылы республикалық бюджеттен 11181,12 млн. теңге, 2006 жылы - 10215,12
млн. теңге, 2007 жылы - 10000,0 млн. теңге бөлiнедi.
Бұл ретте мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру мөлшерi белгiленген
тәртiппен тиiстi жылдың бюджетiн қалыптастыру және нақтылау кезiнде жыл
сайын нақтыланатын болады.
Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi
шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге
қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр.
Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен бiрiктiру (кооперациялау)
мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң негізгi қызметiне қатыссыз
қызметтер көрсету жөнiндегi функцияларын шағын бизнес субъектiлерiнiң
бәсекелестiк ортасына беру тетiгiн әзiрлеу қажет. Бұдан өзге, шағын
бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның
iшiнде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу және
шағын және iрi бизнестiң франчайзингтiк қатынастарының кең таралуы есебiнен
дамыту үшiн жағдай жасау керек.

2.1. Шағын бизнесті несиелеу бағдарламасын іске асыру. Шағын
бизнес бағдарламасы бойынша несиелеу шарттары:
□ кәсіпорын шағын және орта бизнес қатарына жату керек және де сауда,
өндіріс пен қызмет көрсету сферасында жұмыс істеуі керек;
□ кәсіпорынның минимум дегенде 50% Қазақстан азаматының жеке
меншігінде болуы керек;
□ кәсіпорында басқарушысын қоса алғанда штаттық тізім бойынша
қызметкерлері 50 адамнан аспауы керек.
Қосымша қаражаттар мыналарға бөлінеді:
□ тауарайналысын ұлғайту;
□ ары қарай өсуге айналым капиталын көбейту;
□ өндіріс пен ұсынылатын қызметтер көлемін кеңейту;
□ машина, жабдық, шикізат пен материалдарды сатып алу және де
өндірісті дамыту;
□ басқа да капитал салымдары.
Казкоммерцбанк несиелерді келесі шарттар бойынша ұсынуға дайын:
Несие сомасы 125000 $ - ға дейін
Мерзімі 36 айға дейін
Проценттік ставкасы Валютамен-16-26% жылдық
Қаржыландырады өндіріс, қызмет, саудаға негізгі
активтер
Қазіргі кезде отандық банктер несиелеуді жеке кәсіпкерлер мен шағын
кәсіпорындарға ұсынуда. Шағын бизнесті несиелеу бағдарламасын дамытуды іске
асыру бұл Қазақстандағы банктердің несиелеу қызметінің перспективалық түрде
даму бағыттарының бірі болып табылады. Мысалы, Тұран Алем Банк ЕҚДБ линиясы
бойынша шағын бизнесті қолдау Бағдарламасына қатысады.
Бағдарламаның мақсаты – кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке тұлғалар мен шағын кәсіпорындарды қаржылық жағынан қолдау,
яғни төмен проценттік ставка бойынша несие ресурстарын ұсыну арқылы.
Банк мынадай жоспарларды қарастырылады:
көлік, құрал-жабдық, шикізат пен материалдарды қамтамассыз ету;
өндірісті дамыту;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлікті жөндеу және
құруды қамтамассыз ету т.б.
Банк шағын бизнесті несиелеу үшін келесідей шарттар ұсынады: -
несие соммасы – 30000$-дан 125000$-ға дейін; - несие
мерзімі – 24 айға дейін; -
прценттік ставка – 1,33-1,75% айына.
Несие қолма-қолсыз және қолма-қол түрде берілуі мүмкін.
Несиелеуді қамтамассыз ету түрінде мыналар қабылданады: -
жылжымайтын мүлік; -
құрал-жабдықтар; -
автокөлік; -
жеке мүлік; -
тауарлық қорлар; -
кепілдеме мен үкімдер. Банктен
несие алуүшін учредительдік құжаттар мен кәсіпорынның қаржылық есебін
көрсету керек, ал білімі жоқ жеке кәсіпкерлерге заңды және жеке тұлғаларға
– жеке куәлік, кепіл құжат пен тіркелген туралы куәлік. Керек жағдайда
кредиттік эксперт басқа да ақпараттарды сұауы мүмкін. Банк
қызметкерлері келесідей тегін қызмет көрсетеді: -
клиентке кеңес; -
қаржылық тексеру; - -
кепілдемені бағалау; -
қарызгердің құжаттарын заңды түрде тексеру; Тұран
Әлем Банк жеке бизнесті Азиаттық несиелеу компаниясының (АНК) линиясы
бойынша қаржыландыруды келесідей шарттармен ұсынады:
- несие соммасы – 25000 – 300 000$;
- мерзімі – 1 – 3 жыл; -
проценттік ставка – 18 % жылдық несиемен қамтамассыз еткені үшін қарыздың
соммасынан 1%; -
несиені жабу – доллармен немесе теңге бойынша; -
несие проценті мен негізгі қарызды жабу – ай сайын. Бұл
жағдайда несие ресурстары коммерциялық мақсаттағы тауар импортын
қаржыландыруға пайдала алмайды. Азиаттық несие компаниясының несие
линиясының құжаттары тек өндіріспен және халыққа қызмет көрсетумен
байланысты жоспарларды қаржыландыруға бөлінеді. АТФБ ЖАҚ өзінің арнайы
Несиелеу және бизнесті дамыту бағдарламасын құрды. Бұл банк ЕБРР-мен,
экономиканы қалыптастыру бойынша Германдық несиелік институтымен (KFW)
қосылып шағын және орта бизнесті қаржыландыру проектісіне
қатысады.Екіншісімен жақын арада шағын және орта бизнесті несиелеу үшін
қаржының бөлінуі туралы келісімшартқа қол қойылады.Одан басқа, АТФБ-ң
несиелік линиясын ұлғайту үшін немесе ашу үшін басқа германдық банктер
қатарынан бекітулер алынды.Қазіргі кезде АТФБ жеке кәсіпкерлердің жалпы
сомасы 2 млн.доллар болғандықтан проекттерін қаржыландырды.Ал,
Казкоммерцбанк ЕБРР-мен қосылып қазақстандық шағын және орта жеке
кәсіпорындар үшін шағын бизнесті несиелеу бағдарламасына қатысады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – қазақстандық шағын және орта жеке
кәсіпорындарға және де кәсіпкерлік іспен айналысатын жеке тұлғаларға
ыңғайлы шарттар ұсыну жолымен несие ресурстарымен қаржылық ұсыным
көрсету.
Несиелер келесі мақсаттарға беріледі:
- өндірістің немесе қызмет көрсету
көлемін ұлғайту; - автокөлік,
жабдықтар, шикізат пен материалдар сатып алу және де өндірісті дамыту
үшін;
- кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін мүліктің құрылысы мен жөндеуін қамтамассыз ету.
Несиелеу шарттары:
- несие сомасы
– 125000$;
- несие мерзімі - 36 айға дейін;
- проценттік
ставка: валютамен – 18-24% жылдық;
теңгемен – 25-32% жылдық. Қазақстанның
халықтық жинақтау банкі шағын бизнесті несиелеу бағдарламасында келесідей
шарттарды қарастырады:
Жеке кәсіпкерлерге Заңды тұлғаларға
Несие сомасы: 100-30000$ Несие сомасы: 125000$
Несие мерзімі: 12 айға дейін Несие мерзімі: 24 айға дейін
Ставкасы:доллармен-24-30%жылдық. Ставкасы: доллармен-18-24%жылдық.
теңгемен-28-35%жылдық. теңгемен-28-32%жылдық.
Бұған қоса Халықтық банк келесілерді кепілдендіреді:
- несиені орналастырудың минималды мерзімі;
- кепілдікке икемді
ыңғай;
- құжаттарды толтыру үшін кеңестер мен көмек көрсету.
Осы берілген екі бағдарлама бойынша Казкоммерцбанктің мамандары
ЕҚДБ эксперттерімен бірлесіп заңды құжаттарды дайындау бойынша және
қаржылық жоспарлау мәселелеріне тегін кеңестер ұсынады. Банктің мамандары
барлық несие алуға арыз берушілердің арыздарын, әлеуметтік жағдайына, заңды
статусына, олардың кәсіпорынының көлеміне байланыссыз қабылдайды. Әр Қарыз
алушымен жұмыс ұзақ мерзімді серіктестік негізінде жеке түрде жүзеге
асырылады.
2.2 Шағын және орта бизнесті несиелеу кезінде шетел тәжірибесін
қолдану.
Европалық қайта құру және даму банкінің әдісі бойынша Қазақстанда
шағын бизнесті несиелеу бағдарламасы үлкен орынды алды. Байқай кететіні,
бұл әдіс отандық банктердің несиелеу бағдарламасымен салыстырғанда бір
қатар артықшылықтарға ие. Ескеретіні берілген бағдарлама біздің ойымызша,
потенциалдық қарызгердің қаржылық жағдайының толық көрінісін береді және
де банк-қарызгер қатынасының даму мінездемесін болжауға және де несиелік
қызметтен тәуекелді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Шағын бизнесті несиелеу бағдарламасының міндеттері.
Бағдарламаның міндеті-шағын кәсіпорындар мен
кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін ыңғайлы және тұрақты қаржыландыру көзін
қамтамассыз ету болып табылады. Щағын бизнесті несиелеу бағдарламасы
саудалық және өндірістік жабдықтарды, ғимараттарды, автокөліктерді және
басқа да негізгі құралдарды, ғимараттарды жөндеу, құрылысты қаржыландыру,
материалдық техникалық қорларды алу үшін несиелерді бөледі және басқа да
өндіріс пен қызмет көрсету аймағында өзінің қызметін іске асырып жүрген
шағын және орта кәсіпорындардың капитал салымдарымен қамтамассыз етеді.
Мақсатты топ.
Бағдарламаның клиенттері – бұл 30-50 адам жұмыс істейтін
кәсіпорындар. Қарызгерлер заңды тұлғалар немесе білімі жоқ заңды түрде
тіркелген кәсіпкерлер болуы мүмкін. Көбінесе микронесиелеу бағдарламасының
клиенттері сауду сферасында жұмыс істейді. Шағын бизнесті несиелеу
бағдарламасының клиенттері көбінесе қызмет көрсету мен өндіріс сферасында
жұмыс істейді.
Формальды емес сектордағы кәсіпорындардың сипаттамасы.
Формальды емес сектор туралы айтқанда, көбінесе жеке кәсіпкерлердің
заңды түрде білімі жоқтығы туралы айтылады.
Мұндай кәсіпорындар баланс, кіріс және шығыс накладнойы,
квитанциялар, жарғылық құжаттардың болмауымен сипатталады.
Жеке кәсіпкер заңды түрде банкте шот ашуға міндетті емес. Негізінде
бұл топ тек қолма-қол ақшамен жұмыс істейді. Мұндай кәсіпорындардың
меншіктк капитал немесе негізгі қаражаттары айналым капиталының аз ғана
бөлігін құрайды.
Бұл топтың тағы басқа сипаттамасы банктегідей, кепілдіктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz