Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 5

1. 1 Қазақстандағы жерге меншік құқығының қалыптасу және даму тарихы . . . 5

1. 2 Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері . . . 12

2 ЖЕРГЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ . . . 21

2. 1 Жерге меншік құқығының обьектілері . . . 21

2. 2 Жерге меншік құқыңының субьектілері . . . 23

2. 3 Жерге жеке меншік құқығы субьектілерінің құқықтары

мен міндеттері . . . 26

3 ЖЕРГЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ҚАТЫНСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ . . . 29

3. 1 Жер учаскесін жеке меншікке берудің тәртібі мен шарттары . . . 29

3. 2 Жер учаскесіне жеке меншік құқығын шектеу мәселелері . . . 34

3. 3 Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің жер заңнамаларына салыстырмалы талдау және ұлттық заңнаманы жетілдіру жолдары . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жер - адамзаттың басты тіршілік көзі, бүкіл материалдық базистің негізі, аса маңызды геосаяси және экономикалық фактор. Сондықтан жердің ресурстық мүмкіндіктерін бағалай білу, оны тиімді пайдалану және қорғау, келешек ұрпаққа сақтау мемлекет деңгейіндегі негізгі мақсат және міндет болуы керек. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда жер қатынастары саласында көптеген нормативтік актілер қабылданып, бұл бағытта мемлекеттік саясат орнығып, белгіленген болатын. Бұл нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы өзгерістер бұл саладағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіріп отыруды, жаңартуды талап етеді. Елімізде жер қатанастарын жаңа заман талаптары негізінде жер ресурстарымызды ел байлығына айналдыру жолында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

Жер қатынастарының социалистік жүйеден нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа жер қатынастарына көшуі үшін, жерге мемлекеттік меншік монополиясын жою, жердің кейбір санаттарына жеке меншікті енгізу, жерді ақылы пайдалану жүйесін қалыптастыру, онымен бірге мемлекеттік емес ауылшаруашылық ұжымдарының түрлерін қалыптастыру шараларын іске асыру қажет болды.

Нарық жолына түскен ТМД елдерінде, әлемнің дамыған және жақсы дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде жер қатынастары осы модель бойынша жүргізіліп келе жатыр. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат пен осы саясатты жүзеге асырудың құралы ретінде әрекет ететін Жер Кодексінің мақсаты жерді жеке меншікке беру ғана емес. Негізгі мақсаты жер байлығымызды халықтың игілігі жолында барынша тиімді пайдалана білу, оның күтімі мен қорғалуына қатысты мәселелерді шешу. Ұлттық негізгі байлығымыз ретіндегі құндылығын арттыра отырып, елдің әлеуметтік және экономикалық серпінді дамуына тигізер ықпалын күшейту болып табылады. Ал, жеке меншікке берудің өзі осы мақсатқа қол жеткізудің дүниежүзілік тәжірибеде мойындалған тиімді амалдарының бірі.

Ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар шаруашылық жүргізудің еркіндігі мен меншік түрлерінің дамуын, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жерге жеке меншік құқығын ғылыми түрде зерттеудің маңызы зор.

Қазіргі таңда жер заңнамаларының кейбір нормаларында өзге мемлекеттердің жер заңнамаларымен салыстырғанда талас тудыратын мәселе көбеюде. Мысалы, жердің жеке меншік иесі ҚР азаматтығынан шыққан жағдайда құқықтарын қайта рәсімдеу, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеңілдікті бағамен сату, субьектілер құқықтарын байланысты басқа да шектеулер, т. б. Нарықтық қатынастар жағдайында мұндай мәселелер нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу арқылы шешімін табуы тиіс. Мақсаты мен міндеттері. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы жерге жеке меншік құқығының реттелу тәжірибесін талдап, қорыту, заңдардағы кемшіліктерді, қайшылықтарды, жетіспеушілікті анықтау, теориялық қорытынды негіздеу және шетел мемлекеттерінің жер заңнамаларымен салыстыра отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау. Аталған мақсаттар төмендегі мәселелерді қарастыруды талап етеді:

-жерге жеке меншік қатынастарын реттеуге байланысты негізгі теориялық мәселелерді қарастыру; -қазіргі кездегі жер заңнамаларының жағдайын, жерге жеке меншік құқығының іске асырылуының құқықтық реттелуін, нарық пен мемлекет талаптарына сәйкестігін бағалау; -жерге жеке меншік қатынастарын реттейтін заңдардағы кемшіліктер, жетіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтарды анықтап, өзгерту жолдарын қарастыру; -жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша халықтың жер қатынастары саласындағы сауаттылығын арттыру мен ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар әзірлеу. Пәні. Жерге меншік және жеке меншік құқығы туралы ұғым, жерге жеке меншік құқығының обьектілері, жерге жеке меншік құқығының субьектілері, олардың жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру нысандары, құқықтары мен міндеттері, жер қатынастары саласындағы халықаралық байланыс. Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі. Республикамыздағы нарықтық экономиканың орнығуы, жекешелендіру саясатының жүзеге асырылуы мен құқықтық реформалар жүргізілуі жағдайында жердің құқықтық реттелуі, жерге жеке меншік құқығы мен онымен байланысты азаматтық қатынастар. Нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конститиуциясы, ҚР Жер Кодексі, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары, шетел мемлекеттерінің жер заңнамалары. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖЕРГЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Қазақстандағы жерге жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңінде жерге жеке меншік құқығын кешенді зерттеу, оның ғылыми жетістігін жаңадан қабылданып жатқан заңдарда қолдану- құқық жүйесіндегі аса маңызды мәселелердің бірі. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауда осы айтылған ғылыми жетістіктерге сүйенеді және оны алдыңғы қатардағы мәселе деп есептейді. Ғылыми зерттеулер жерге жеке меншік құқығын реттейтін нормалар құқықтық актілердің өрісін жетілдірумен қатар, еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына ықпал етуі тиіс. Жер- барлық тірі жан иелерінің мекені, өмір азығының негізі. Ал эволюциялық дамудың барысында азық-түлік өнімдерін өндіру ісіне шексіз дерлік үстем болуға барлық жан иелерінің ішінен адамның ғана қолы жетті [1] . Жер - негізгі табиғи байлық және экономикалық құндылық, қоғам тіршілігінің қайнар көзі. Жердің негізгі қызметі - оның сол территорияда тұратын халықтар өмірінің және іс- әрекеттерінің, қызметінің негізі болып табылатындығында. Сонымен қатар, жердің ерекше табиғат ресурсы ретінде қорғалуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге байланысты құқықтық нормаларды құру үшін маңызы бар бірқатар негізгі қасиеттері бар. Жер сияқты сол территорияда тұратын халықтың өмірі мен іс-әрекет, қызметінің негізі болатын басқа табиғи ресурстардың жойылуы және қалпына келтірілуі мүмкін. Жер қойнауларының энергетикалық қорлары қайта қалпына келмейді, бірақ күн, жел, атом энергиясы сияқты альтернативалары бар. Су ресурстарының қорлары бар іс жүзінде сарқылмайды, керек жағдайда ащы суларды тұщыландыруға болады. Бірақ жердің, ең алдымен адамның тіршілік ету орны ретінде орны толмайды. Сондықтан да адамзат тіршілігі үшін жердің алатын орны ерекше[2] . Әрбір мемлекеттің шекараларымен шектелген тіршілік ету орны ретіндегі жерлері бар. Жердің адам өмірінің негізі ретіндегі ерекше қасиеті оның табиғи құндылығын, флора, яғни өсімдік әлемін өндіру және қайта өндіру қабілетінде. Жер өңдеу ісін жүзеге асыра отырып, адам өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғи өсу процесін жандандырып, өз қажетіне бағыттайды. Бір сөзбен айтқанда, жер өз-өзімен қалпына келетін өндіріс ресурсы. Жер бүкіл экологиялық жүйені байланыстырушы түйін болғандықтан, оны пайдалану, оған қандай да болмасын әсер ету - жердің өзінің қалпына да және оны қоршаған ортаға да әсерін тигізеді. Жердің басты қасиеті - адам қоғамының тіршілігі мен оның іс әрекет қызметінің негізі болу қажеттілігін сақтап қалу. Сонымен қатар, жер өзіне деген субьективтік заттық құқықтардың іске асырылу ерекшеліктерін қатаң сақтауды талап етумен қатар, мемлекет пен оның органдарының жерді бөлу, ұтымды пайдалану және қорғауға байланысты іс- әрекетінің шектерін де анықтайды. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз - жерді пайдалану максатын іске асырған кезде жердің басқа да табиғат факторларымен пайдалы өзара әрекетін есептей отырып, максималды жетістікке жету және жерді қандай да болмасын іс-әрекеттің ерекше шарты ретінде, ауыл шаруашылық өндірісіндегі басты өндіру құралы ретінде қорғауды білдіреді. Жерлерді ұтымды пайдалану мен корғау талаптары көп қырлы және ақырында жердің экономиканың әр түрлі сферасындағы атқаратын рөлімен анықталады. Қоғамның өмірі мен іс-әрекет, қызметінің негізі бола тұра және шектеулі сипатты болса да, жер жеке индивидтер мен олардың бірлестіктерінің жүмыс жасауы үшін ашық болуы шарт. Жерге меншік қатынастарын күқықтық реттеу проблемасы әруақытта да маңызды болды және маңызды бола бермек. Казақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан-2030" деп аталатын Жолдауында: "Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады" деп атап көрсетті[3] . Көтерілген мәселе тек жердің табиғи объект және табиғат ресурсы ретіндегі құқықтық режиміне ғана қатысты емес, жеке адамның құқықтық статусының, сонымен қатар шаруашылық іс-әрекетке қатысушы тұлғалардың заңды мүдделер мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің негізі болып табылады. Жерге меншіктік қатынастарды құқықтық реттеу экономикалық, саяси, құқықтық сипаттағы өзгерістер жағдайында іске асырылуда. Қоғамның экономикалық жүйесіндегі өзгерістер бәрінен бұрын көп қырлы экономиканың дамуымен, жерді жекешелендіру процестерімен және қазіргі бар жерге меншік нысандарының негізінде жер нарығын түзеу процестерімен тығыз байланысты. "Ғылыми зерттеулер - деп жазады профессор Ә. Е. Бектұрғанов жер қатынастарын реттейтін нормалардың өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс"[4] . Жердің тұлғаның меншігінде болуы оның экономикалық және әлеуметтік жағдайына ықпал етіп, аса маңызды рөл атқаратынын қоғамдық даму үрдісінің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан да жер құрылымы мәселесі, жерге меншік формасының мәселелері, жерге қауымдық иелік формасы, ең аяғы жеке меншіктік жер иелігінің маңызы мен ерекшелігі - көне дәуір мен феодализмді зерттеуде аса маңызды орын алды. Ең алдымен құлиеленуші қоғамдағы жер қатынастарының екі типін - көне Шығыстағы жер катынастары мен антикалық дәуірдегі жер қатынастарын ажырата білу қажет. Құл иеленуші қоғамындағы жер қатынастарының мысалы ретінде көне Вавилондағы жер қатынастары мен антикалық Римдегі жер қатынастарын келтіруге болады. Көне Вавилондағы мемлекет пен құқық жер қатынастарын зерттеуде өте қажетті мәлімет беретін ерекшелігімен өзіне назар аудартады, атап айтсақ, көне Вавилон көне шығыс құл иеленуші қоғамының типтік мысалы бола алады. Бұл құл иеленушілік қоғам, сол қоғамға сай, антикалық құл иеленуші қоғамнан оның өзгешілігін көрсететін бірқатар өзіне тән ерекшелігі бар (Грекия, Рим) . Көне вавилондық патшалықта жердің төмендегідей бөлініс категориялары болды: сарай иелігіндегі жерлер, храм иелігіндегі жерлер, қауымдық иеліктегі жерлер, жеке меншік иелігіндегі жерлер. Лев Исаакович Дембоның пікірі бойынша, дәл осы жағдайда мәселе жерге иелік ету жайында болып отыр, ал біздің пікірімізше жерді пайдалану құқығы ғана көрініс тапқан. Олай дейтініміз жерге билік, иелік жүргізу мәселесі көрініс таппаған, тек қана жердің пайдалы қасиетін пайдалану және одан кіріс кіргізу мәселесі ғана көрініс тапқан. Жерге меншік құқығының субъектісі вавилон патшасы, өйткені жерге қатысты барлық реттеу жүйесі, иелік ету құқығы соның қолында болды. Жер рентасы, соған сәйкес үстеме еңбектің пайдасына иелік етіп, оны жұмсау мүмкіншілігін де вавилон патшасы шешетін[5] . Жерге жеке меншік нысаны рим құқығында қандай болды және оның ерекшелігі неде деген занды сұраққа жауап берместен бұрын, осы мемлекеттің тарихына шолу жасайық. Көне Римдегі жер кұрылымының ерекшелігін, "классикалық-антикалық" форма ретінде көрсету үшін, алдымен рим қауымдастығы мен оның өзіндік ерекшелігін танып, білу кажет. Мемлекет- қала құру жағдайындағы, рим кауымдастығының өзіндік ерекшелігін, атап айтар болсақ, ол - рим кауымдастығы ерекше саяси ұйым ретінде көрінді, яғни, кауымдастық жері, рим жері ретінде екі түрлі формада көрініс тапты: мемлекеттік жер ретінде, сондай-ак, жеке меншік жер ретінде. Өйткені, рим азаматы - ақсүйек, мемлекет-қала қауымдастығының мүшесі ретінде, рим азаматы ретінде жеке меншік иесі боп танылды[6] . Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның тарих ғылымында көшпелі қазақтардың феодализм негізін малға жеке меншік құрады, ал жер ешкімдікі болған емес деген пікір кеңінін орын алады. Бұл салада өткір қадамды отандық ғалым, ҚР ҰҒА-ның академигі А. Е. Еренов жасады. Ғалымның дәлелдеуі бойынша, көшпелі малшылардың өндірістік қатынастар жүйесінде анықтаушы орынды жерге жеке меншік қатынастары анықтайды[7] . Қоғамдық меншіктен жеке меншікке айналған жердің бірнеше обьектісі, кең мағынада алсақ сол жерде өскен төрт түлік мал болды. Малы көп, бай отбасының пайда болуы, малға жеке меншік иелік етудің бастауы болып, соның негізін қалады. Ғалымдардың көбі малға жеке меншік иелік құкығының белгісі ретінде, халық арасында тараған түрлі аңыздарға сүйеніп, малға соғылатын түрлі таңбаның пайда болуымен байланыстырды[8] . Төрт түлік малдың жеке меншік объектісіне айналуы, сол кездегі қалыптасып, орныққан жерге меншіктің қауымдық түрімен қайшылықка ұшырады. Өйткені, жерге меншіктің мұндай түрі дараланып, жекеленген мал шаруашылығының дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Бұл күресте жеңіс қашанда ірі мал иелері жағында болды, өйткені олар өздерінің малдарын жайылыммен қамтамасыз етулері керек еді. Мал басының қарқындап өсуі және мал шаруашылығының дамуы, жайылымды кеңейтіп, оны өзінің қарамағына алуға ірі байлар әрекет жасап отырды. Сонымен қатар, кезең-кезеңімен, әлсін-әлсін кайталанып отырған жұт, табиғи апаттар, малдың жаппай қырылуына әкеп соғып, малшылардың ауыр жағдайға қалдырған кездерде болды. Сондықтан да, бай мал иелері табиғи апат, жұттан мал басын аман сақтап қалудың ең оңтайлы жолы, малға жайлы, құнарлы жайылым мен (жайлау, қыстақ, күзеу) жыл он екі ай камтамасыз ету керек екенін біліп, соны өзі иелігіне айналдыруға ұмтылды. Қауымдық жер қатынастарының ыдырауына объектінің жеке меншікке айналуы ыкпал етті. Бұл бағдарда, "ең бастысы кысқы жайылымға ие болу" дейді, көшпенді түркілердің көне тарихын зерттеуші-ғалым[9] . Қыстақ, қысқы жайылым жерлерінен кейінгі маңызды жер, жазғы жайылым, жайлауды жеке меншікке айналдыру ірі байлардың, белгілі адамдардың құзырында болды. Белгілі ру, тайпадан шыққан ірі мал иелері, қауымдық жерлерді ығыстырып, өзіне қарату арқылы, қарапайым қауым мүшелерінің ығысып, басқа жерлерді басып алуына апарып соқтырды. Аздаған қауымдық иелігіндегі жерлер біртіндеп, сол байлардың қолына көшуі керек еді. Бұның өзі дала ақсүйектерінің көшпелі мал шаруашылығын жеке дара жүргізуге материалдық негіз ретіңде қалыптастыру мақсатына сай келді. Кейбір кеңес дәуірі ғалымдарының пікірі бойынша, Қазақстанда көшпелі аудан жағдайында XX ғасырға дейін жерге феодалдық меншіктің қалыптасуы мүмкін емес деп таниды. Бұл көзқараспен, академик С. З. Зиманов келіспейтінін айтады. Оның пікірінше, бұл көзқарас тарихи шындыкқа қайшы келеді [10] . Жер шаруашылығы жағдайында жерді пайдалану төңірегіндегі мәселелер алға шығып, тез пісіп жетіледі. Қолдан суармалы жерлерде жерге иелік етуді жекешелендіре жүргізу аса маңызды мәнге ие болды. Қолдан өнделіп, Қауымдық жерлерді тартып алу суландыру жүйесіне де иелік етуге апарып соқтырды. Сонымен, бұл процесс жерге феодалдық меншіктің қалыптасуын көрсетіп берді. Қазақстандағы жер қатынастарының қалыптасуы туралы айтқан кезде, моңғол шапқыншылығын айтпай кетуге болмайды. Сол шапқыншылық салдарынан Қазақстан территориясының барлығы дерлік және әлемнің үлкен бөлігі Шыңғыс тұқымдарының қол астында қалды. Б. Я. Владимирцев моңғолдардың феодалдық карым қатынасының негізін көптеген құқық нормасы мен жазу түрінде қалған қолжазбалар арқылы ашқан[11] . ХІП-ХІҮ ғасырларда Қазақстанның барлық жерінде негізінен феодалдық жер катынастары толығымен орнықты. Егерде көшпелі-қазақтар өмірінде малға меншіктік қатынас алғашқы қауымдық құрылымның ыдырауына ықпал етсе, ал жерге феодалдық меншіктің қалыптасуы феодалдық құрылымның қалыптасуына ықпал етті. Кеңестік дәуірдегі жер қатынастары Қазақ жерлерінің патшалық Ресейге қосылуымен байланысты үкімет бұл жерлерді Ресей мемлекетінің меншігі ретінде жалиялады. Қазақ билерінің, мемлекет басшыларының жер меншігі жойылды. Қазақ ауылдарындағы жер қатынастарын реттеудің әдет құқығы нормаларына негізделген тәртібі кейбір шектеулермен сақталды. Социалистік жер қатынастары Ресейде 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін орнықты. Большевиктердің помещиктер жерін конфискациалау және барлық жерді мемлекет мүлкіне айналдыру туралы бағдарламалық талаптары 1917 жылдың 26 қарашасында (8 қазанда) қабылданған жер туралы Декретінде нақтылы жүзеге асты[12] . Декреттің негізгі ережелері жерге жеке меншікті жоюға бағытталды және жерді ортақ халық байлығына айналдырамыз деген ұранмен жүргізілді. 1918 жылдың 27 қаңтарында жұмысшы, солдат және крестянь депутаттарының Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті "Жерді социализациялау туралы" Декретті қабылдап, онда мынадай міндеттерді белгіледі: Ресей Федерациясы Кеңес Республикасы шеңберіндегі жерге, жер қойнауындағы байлыққа, суға, орманға және табиғатта тіршілік ететін барлық байлыққа деген қандай да болмасын меншік мүлде жойылсын, жер ешқандай төлемсіз (ашық немесе жабық) барлық еңбекші халықтың пайдалануына өтеді, жерді пайдалануқұқығы, кім сол жерді өз еңбегімен өндейді, соның пайдалануына беріледі, тек қана сол занда көрсетілген ерекше жағдайда болмаса ғана, құнарлы жерден алған өнімнің артығы және рынокқа өткізуге ыңғайлы жерде орналасқандардың артық өнімі Кеңес үкіметі ұйымдарына ортақ қоғамдық қажетке пайдалану үшін өткізіледі, астықпен сауда жасау, іште және сыртка шығаруда мемлекет монополиясында болмақ. Тағы бір көрнекті ғалым, экономист-аграрник А. В. Чаянов жерді мемлекет мүлкіне айналдырудың негізгі қағидаларын айқындап берді. Жерді мемлекет мүлкіне айналдыру барысында жер меншік ретінде жалғыз меншік иесі - мемлекетке қарайды. Жалпы мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында мемлекет барлық мемлекет жерін басқарып, билік ету кұқына ие. Мемлекет өз қүқығына сүйене отырып, барлық жерді еңбек адамдарына, жалға беру түрінде жақын нысанда пайдалануға береді. Сонымен қатар, мемлекет шаруашылықтың ішкі мәселесіне араласпайды. Жерге жоғарғы иелік ету мемлекеттік өкіметтің қолында, ал жергілікті жерді бөлу жұмысымен жергілікті жер ұйымдары айналысады. Олар өзін-өзі басқару принципімен кұрылған[13] . Кеңестердің ІХ Бүкілресейлік съезді 1921 жылғы желтоқсанда БОАК-ға жер туралы заңнаманы қайта қарап, әрбір жер өңдеушіге түсінікті жер туралы заңдар жинағын қабылдауды тапсырды. БОАК 1922 жылғы 22- мамырда еңбек мақсатында жер пайдалану туралы заң қабылдады. 1922 жылы БОАК РСФСР-дің жер кодексін қабылдады. Сонымен, Қазан төңкерісінен кейінгі кезенде жер туралы заңдарда жерді пайдаланушының кең негіздегі құкы мен оған кепілдік формалды түрде ғана жарияланды. Ал шындығына келсек, күштеп енгізген колхоз-совхоз қүрылымының нәтижесінде, жерді пайдаланушы өзінің негізгі өндіріс құралы- жерден алшақтатылады. Сондай-ақ, өз еңбегінің өнімінен, негізгі жылжымалы мүліктерінен де айрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан ауыл шаруашылығына әскер мен халықты тамақпен камтамасыз ету жауапкершілігі жүктелді. Елімзге ет, сұт, жүн көп мөлшерде қажет болды. Бірақта, республикада мал шаруашьшығын тез көтеруге шынайы мүмкіндіктер болмады: техника, жұмыс күші жетпеді, шөп дайындаумен айналысатын күш аз болды, малға жем-шөп дайындау да оңай болған жоқ. Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті қалыптасқан қиын жағдайды ескере отырып, мал шаруашылығын сырт жайылым арқылы дамытуды қолға алды. Соғыс жылдары 20 млн. гектар жер мал шаруашылығына арналған сырт жайылым

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу
Азаматтардың жер учаскелеріне құқықтарын қорғау
Жермен байланысты мәмілелерді құқықтық реттеу
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жерге меншік құқығының субъектілері
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жерге меншік құқығы
Жер қатынастары және оларды жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz