Қазақстан Республикасы банкiнiң валюталық бақылауы



Кiрiспе 3

I.тарау. Валюталық бақылаудың экономикалық мазмұны.
1.1. Экспортты.импорттық валюталық бақылаудың мәнi мен маңызы. 4
1.2. ҚР.дағы валюталық органдардың, валюталық бақылауды реттеудiң кейбiр құқықтық күштерi. 10

II.тарау. ҚР.дағы валюталық бақылаудың тәжiрибелiк аспектiсi.
2.1. Заңды тұлғалар операцияларының валюталық бақылауы 12
2.2. Жеке тұлғалар операцияларының валюталық бақылыуы. 14
2.3. Валюталық бақылауды жүзеге асырудағы банктiң операциялары. 18

III.тарау. Валюталық бақылаудың даму механизмiнiң бағыты. 21

Қорытынды. 25

Қолданған әдебиеттер тiзiмi. 27
“Қазақстан Республикасы банкiнiң валюталық бақылауы” тақырыптағы курстық жұмысты таңдауымда, банктiк қызмет орындарында туындайтын сұрақтарға үлкен мән берiп және талап етiлген тақырыпқа үлкен мамандық қызығушылық себеп болды.
Бұл тақырыптың көкейтестiлiгi тым жоғары. ҚР-ның ҰБ-i талаптары қатал қойылып, банктер операцияларын жүргiзу барысында, мейлiнше жiберген қателiктерi үшiн, ҚР-ның ҰБ тарапынан жазбаша ескертулер мен айыппұл төлеу қаупiн төндiредi. Банктер осындай жағдайларда, тек клиенттердiң тапсырмасын орындаумен ғана емес, сонымен қатар, олардың операцияларының заңмен сәйкесiнше орындалуын тексерiп отыруға мiндеттi.
Курстық жұмысымның негiзгi мақсаты – бұл әр түрлi жағдайларда, банктердiң, валюталық бақылауға байланысты модельдердi талдауда, нақты әрекетi мен жалпы ҚР-ның нормативтi-құқықтық актiлер негiзiнде валюталық бақылау механизмiн зерттеу болды.
Курстық жұмысымның мiндетi – бұл ҚР-да валюталық бақылауды жүргiзу себебiн әр жақтан талдау, экспортты-импорттық валюталық бақылаудың мәнi мен маңызы. ҚР-дағы валюталық бақылауды реттеушi заңдылық актiлер және заңды тұлға мен жеке тұлғалардың валюталық бақылау операциясының тәжiрибелiк аспектiлерiн қарастыру болды.
Курстық жұмысымның мәнi – ол, оқып бiлу мақсатында ғана емес, сонымен қатар валюталық бақылау аспектiлерiн қарастыра-талдап, болашақ уақытта, валюталық бақылау механизмiн жетiлдiру бағытында, тәжiрибелiк өндiрiм және валюталық бақылауға баға беру.
Орындалған курстық жұмысымның жазу барысында, нормативтi-құқылық мағлұматтар базасы мен ҚР ҰБ-нiң түсiнiктемесi бар хаттамасын қолдандым.
1. «Бюллетень бухгалтера» № 45 ноябрь 1998 г. стр. 19.
2. «Бюллетень бухгалтера» № 47 ноябрь 1998 г. стр. 4.
3. «Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане» №6 март 2000 г. стр.
4. «Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане» №8 апрель 2000 г.
5. «Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане» №9 май 2000 г.
6. «Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане» №10 май 2000 г.
7. Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности».
8. Закон Республики Казахстан «О валютном регулировании» от 24 декабря 1996 года.
9. Закон Республики Казахстан от 29 июня 1998 года №237-I ЗРК «О платежах и переводах денег».
10. Законом Республики Казахстан «О внесении изменений в некоторые законодательные акты по вопроса банковской тайны» от 29 марта 2000 г.
11. Положение Национального Банка Республики Казахстан «О порядке регистрации валютных операций, связанных с движением капитала» от 24 апреля 1997 года.
12. «Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан» от 23 мая 1997 года.
13. Положение Национального Банка Республики Казахстан от 01 июля 1997 года «Об организации экспортно-импортного валютного контроля в Республике Казахстан».
14. Письмо Национального Банка Республики Казахстан № 29009/964 от 05 мая 2000 г.
15. Письмо Национального Банка Республики Казахстан № 25015/1985 от 16 мая 2000 г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: “Қазақстан Республикасы банкiнiң валюталық бақылауы ”

Жоспар

Кiрiспе
3

I-тарау. Валюталық бақылаудың экономикалық мазмұны.

1. Экспортты-импорттық валюталық бақылаудың мәнi мен
маңызы.
4
2. ҚР-дағы валюталық органдардың, валюталық бақылауды реттеудiң
кейбiр құқықтық күштерi.
10

II-тарау. ҚР-дағы валюталық бақылаудың тәжiрибелiк аспектiсi.

1. Заңды тұлғалар операцияларының валюталық бақылауы 12
2. Жеке тұлғалар операцияларының валюталық бақылыуы. 14
3. Валюталық бақылауды жүзеге асырудағы банктiң операциялары.

18

III-тарау. Валюталық бақылаудың даму механизмiнiң бағыты.
21

Қорытынды.
25

Қолданған әдебиеттер тiзiмi.
27

Кiрiспе.

“Қазақстан Республикасы банкiнiң валюталық бақылауы” тақырыптағы
курстық жұмысты таңдауымда, банктiк қызмет орындарында туындайтын
сұрақтарға үлкен мән берiп және талап етiлген тақырыпқа үлкен мамандық
қызығушылық себеп болды.

Бұл тақырыптың көкейтестiлiгi тым жоғары. ҚР-ның ҰБ-i талаптары қатал
қойылып, банктер операцияларын жүргiзу барысында, мейлiнше жiберген
қателiктерi үшiн, ҚР-ның ҰБ тарапынан жазбаша ескертулер мен айыппұл төлеу
қаупiн төндiредi. Банктер осындай жағдайларда, тек клиенттердiң тапсырмасын
орындаумен ғана емес, сонымен қатар, олардың операцияларының заңмен
сәйкесiнше орындалуын тексерiп отыруға мiндеттi.

Курстық жұмысымның негiзгi мақсаты – бұл әр түрлi жағдайларда,
банктердiң, валюталық бақылауға байланысты модельдердi талдауда, нақты
әрекетi мен жалпы ҚР-ның нормативтi-құқықтық актiлер негiзiнде валюталық
бақылау механизмiн зерттеу болды.

Курстық жұмысымның мiндетi – бұл ҚР-да валюталық бақылауды жүргiзу
себебiн әр жақтан талдау, экспортты-импорттық валюталық бақылаудың мәнi мен
маңызы. ҚР-дағы валюталық бақылауды реттеушi заңдылық актiлер және заңды
тұлға мен жеке тұлғалардың валюталық бақылау операциясының тәжiрибелiк
аспектiлерiн қарастыру болды.

Курстық жұмысымның мәнi – ол, оқып бiлу мақсатында ғана емес, сонымен
қатар валюталық бақылау аспектiлерiн қарастыра-талдап, болашақ уақытта,
валюталық бақылау механизмiн жетiлдiру бағытында, тәжiрибелiк өндiрiм және
валюталық бақылауға баға беру.

Орындалған курстық жұмысымның жазу барысында, нормативтi-құқылық
мағлұматтар базасы мен ҚР ҰБ-нiң түсiнiктемесi бар хаттамасын қолдандым.

I-тарау. Валюталық бақылаудың экономикалық мазмұны.
1. Экспортты-импорттық валюталық бақылаудың мәнi мен маңызы.

“ҚР-дағы валюталық операцияларды жүргiзу тәсiлi” туралы жоба мен “ҚР-
ның экспортты-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру” туралы ереже 1997
жылдың мамыр айында жарық көрген болатын. Валюталық бақылау түсiнiгi, ҚР-
ның банктiк жүйесiне терең түсiнiкпен ендi.Қазақстан территориясына бұл
жаңа түсiнiк болып, банктiк тәжiрибеде заңды шешiмi болмады. Валюталық
бақылауды жүзеге асыру – банктердiң валюталық басқару басшыларының мiндетi
болып табылады.
Алматы қаласы және Алматы облысы территориясында “ҚР-ның экспортты-
импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру” туралы ереже, эксперименттiк
түрде енiп, банктерде валюталық бақылау тiкелей қызметiн атқара бастады.
1997 жылдың қыркүйегiнен бастап ҚР-ның банктерiнде, жоғарыда айтылған
ережелер ескерiлiп, өз күшiне ендi.

ҚР-да валюталық бақылауды енгiзудiң негiзгi себептерi:

1) “жабайы бизнестi” ауыздандыру қажеттiлiгi. Ауқымды салық, негiзгi ақшалы-
тауарлы операцияларды жүйелi түрге және формаға келтiру;
2) негiзгi капиталдың заңсыздануы, және олардың мүмкiндiгiнше жоғалып кету
қаупiнiң негiзделуi, шетелге босқа шығарылуы;
3) кедендiк тәртiптiң мүлдем шатысып, қиындауы және сәйкесiнше, шаруашылық
субъектiлерiнiң одан қашуға талпынысы;
4) үлкен көлемде пайда алу үшiн талпынған жеке-бөлек компаниялардың тыйым
салынған тауарларды шетке шығару, кiргiзудегi заңсыз операциялары;
5) қолма-қолсыз, шетел валютасымен жұмыс iстеу бiлмейтiн фирмалар мен
компаниялардың, сыртқы экономикалық қызметке дайын болмауы;
6) қолма-қолсыз шетел валюта операциясында фирма, компания
бухгалтерлерiнiң, бухгалтерлiк рәсiмдеу мен есеп айру жолдарын бiлмеуi;
7) сыртқыэкономикалық қызметке психологиялық дайын болмауы.
8) бұрынғы одақтас мемлекеттердi, шетел мемлекеттерi ретiнде қабылдамауы;
9) нақты нормативтi-құқылық базалардың болмауы;
10) тауарлы-ақша ағымына бақылау қажеттiлiгi.
Жоғарыда айтылған себептердiң нәтижесiнде, Қазақстаннан бақылаусыз тауарлы
және ақшалы ағымдар пайда болды. Экспорттық табысы жоқ, бiр күндiк фирмалар
пайда болып, үлкен көлемде шикiзат сыртқа шашыла бастады. Нарықта қолма-қол
валютаға тауарлар толып, ешқандай салық төленбедi. Банктер өз қызметтерiн
басқаруда, өздерiнiң iшкi жағдайлары мен ортақ инструкцияға сай атқарды. Өз
күшiне енген “ҚР-ында экспортты-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру”
туралы ережесi, шамалы шалағай болды. Ережеде Қазақстандағы бизнеске мән
берiлмей және тiкелей қарама-қайшылық көздерi де болды. Сондықтан, Алматы
қаласы мен Алматы облысының кедендiк органдары мен банктердiң тәжiрибесiне
сүйене отырып, 1997 жылдың қазан айында ереже толықтырылды. Ал, 1999 жылдың
2 ақпанынан бастап “ҚР-ында экспортты-импорттық валюталық бақылауды
ұйымдастыру” туралы, экспортты-импорттық валюталық бақылаудың мәнi мен
маңызын анықтау негiзiндегi ережесi жарық көрдi.
Валюталық бақылау ең алғашында, рессей валюталық бақылауының
көшiрмесiндей болып, өзiне тән ерекшелiктерге ие болды. Олардың
негiзгiлерiн бөлiп көрсетуге болады:
- Рессейде банктер валюталық аванстық төлемдердi бақылауға мiндетi:
қабылдаған тауарға алдын-ала төленген төлемi мен соммасының сәйкес
болуын және тауар қабылданбаған жағдайда, төлемнiң қайтарылу мерзiмiн
бақылау;
- Рессей ақшасының шетел банктерiнiң корреспондент шотына
қабылдауаудару, валюталық операцияларға және валюталық бақылауға
жатқызылмайды;
- жоғарыда көрсетiлген пунктерге байланысты, Рессейде шаруашылық
субъекттерiне шетел банктерiнде, өз шотын ашудың оңайлатылған түрлерi
бар.
Валюталық бақылаудың мақсаты болып – уақытында валюталық түсiм алуды
қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың негiзгi бағыты – ол, бекiтiлген
заңдарға сәйкес, валюталық операцияларды жүргiзiп және қажет жағдайда
сәйкесiнше лицензиялары немесе тiркелген куәлiгiнiң қолда болуы.
Экспорттерлердiң мiндетi – ҚР-ның банктерiнде, контракт бойынша
белгiленген уақыт iшiнде, валюталық пайданы өз шотына, орнатылған заңға
сәйкес қабылдауды қамтамасыз ету. Валюталық пайданы шетел банкiнде,
экспорттер шотына, контракт бойынша белгiленген уақытта, ҚР-ның ҰБ-ның
лицензиясы болу керек.
Импортердiң мiндетi – ҚР-на ақша-товарды кiргiзуге барлық жағдайларды
қалдану.
Заңды тұлғалар арасындағы төлем, шетел валютасымен қолма-қолсыз
орнатылады. Импортер болып саналмайтын, импортталған тауарға төлемдi,
үшiншi бiр тұлға, тек қана бекiтiлген келiсiм бойынша ғана орындайды.
Әрбiр сыртқыэкономикалық контрактпен, бiр ғана келiсiм шарт куәлiгi
толтырылады. Оған экспорттан пайда түсiруге тиiстi, резидент шотын
жүргiзушi, банк қана қол қоюға құқылы. Сыртқыэкономикалық қызметтiң
резидент-субъектiлерiнiң, экспортты-импорттық операцияларында кiрiсi мен
шығысы, салық төлеу мақсатында, ҚР-ның орнатылған салық төлеу заңдылықтары
арқылы анықталады. Сыртқыэкономикалық қызметiнiң резидент-субъектiлерiнiң
экспорттық операциялары бойынша тексерулер салық және кеден органдарымен
заңға сәйкес орындалады.

Валюталық бақылаудың негiзгi түсiнiктерi.

Тауарлардың экспорты мен импортына байланысты, валюталық операциялар
бойынша құжат толтыру барысында, келесi негiзгi түсiнiктер қолданылады:
Экспорт бойынша:
экспорттаушы – заңды және жеке тұлға, тауарларды ҚР-ның кедендiк
территориядан тыс жерге сату немесе сатып алу туралы контракты (келiсiм-
шартты) жасайтын ҚР-ның резидентi;
банк-банк (және оның филиалдары), немесе ҚР-ның ҰБ лицензиясы бар,
бөлек банктiң операциясын және контракт бойынша валюталық кiрiс түсетiн,
банктiк шот жүргiзетiн ұйымдар;
экспорт жөнiндегi келiсiм паспорты – “ҚР экспортты-импорттық
бақылауды ұйымдастыру туралы” ережесiнде бекiтiлген, экспортер арқылы
толтырылатын және сыртқыэкономикалық келiсiм туралы мазмұны бар, валюталық
бақылау нұсқасына сәйкес келетiн құжат;
кеден комитетi бұйрығына сәйкес келетiн, сол бұйрықпен бекiтiлген
форматтарға келiтiрiлiп құрастырылған, келiсiм пспортының электрондық
копиясы;
экспорт жөнiндегi досье – тауарлар экспортынан түскен валюталық
пайданың келуiн бақылау жөнiндегi, арнайы құжаттар жинағы. Әрбiр экспорттық
келiсiм шарт бойынша, кеден органдарымен құрастырылатын досье;
экспорт жөнiндегi iс – тауарлар экспортынан түскен валюталық пайданың
келуiн бақылау жөнiндегi, арнайы құжаттар жинағы. Iс, әрбiр экспорттық
келiсiм шарт бойынша банкпен құрастырылады.
экспорт жөнiндегi журнал – валюталық бақылау құжаттарын арнайы
тiркеуге алу үшiн, банкпен де, кедендiк органмен де, жүргiзiлетiн журнал;
банктiң жауапты қызметкерлерi – валюталық бақылауды, банктiң атынан
келiсiм паспортына қол қоюға және басқа да жауапты iс-шараларды жүзеге
асыруға құқы бар, банк қызметкерлерi;
кеден органдарының қызметтiк тұлғалары – валюталық бақылауды, кеден
органының атынан экспорттық келiсiм паспортына қол қоюға және басқа да
бақылау iс-шараларды iске асыруға құқы бар, кеден органдарының
қызметкерлерi.
Импорт бойынша:
импорттаушы – ҚР кеден аумағына тауарларды сатып әкелу келiсiм
шарттарын құрастыратын заңды және жеке тұлға-ҚР резидентi;
банк – банк (оның филиалы), немесе тауар импорты үшiн төленетiн
жалақы жөнiндегi келiсiм шартын iске асыратын банктiк шотты және банктық
операцияларды жүргiзу үшiн, ҰБ-тен лицензиясы бар ұйым;
импорт жөнiндегi келiсiм паспорты – кедендiк органда импорттаушымен
толтырылатын сыртқыэкономикалық келiсiм туралы мәлiметтерден тұратын, “ҚР
экспорты-импорттық бақылауды ұйымдастыру туралы” ережесiмен бекiтiлген,
валюталық бақылау нұсқасына сәйкес келетiн құжат;
импорт жөнiндегi келiсiм паспортының электрондық копиясы – кеден
комитетiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiлген, форматтарға сай келтiрiлiп
құрастырылған келiсiм паспортының электрондық копиясы;
импорт жөнiндегi досье – тауар импорты кезiнде қолданылған шетел
валютасын бақылау жөнiндегi құжаттардың арнайы жинағы. Досье әрбiр
импорттық келiсiм шарт бойынша кеден органдарымен құрастырылады;
импорт жөнiндегi iс – тауар импорттау кезiнде қолданылған ақшаны
бақылау жөнiндегi құжаттардың арнайы жинағы. Iс, әрбiр импорттық келiсiм
шарт бойынша банкпен құрастырылады;
импорт жөнiндегi журнал – кiрiс пен шығыстағы валюталық бақылау
құжаттарын арнайы тiркеуге алу үшiн банкпен де, кедендiк органмен де
жүргiзiлетiн журнал;
банктiң жаупты қызметкерлерi – валюталық бақылауды, банктiң атынан
келiсiм паспортына қол қоюды және басқа да iс-шараларды жүзеге асыруға құқы
бар, банк қызметкерлерi;
кеден органдарының қызметтiк тұлғалары – валюталық бақылауды, кеден
органының атынан, импорттық келiсiм паспортына қол қоюға және басқа да
бақылау iс-шараларын жүзеге асыруға құқы бар, кеден органдарының
қызметкерлерi.

2. ҚР-дағы валюталық органдардың, валюталық бақылауды реттеудiң
кейбiр құқықтық күштерi.

Валюталық операциялар барысында, ҚР-ның резиденттерiнiң және резидент
еместердiң заңдылығына бағынушылығын қамтамасыз ету – валюталық бақылаудың
мақсаты деуге болады.

ҚР-ның резиденттерi мен резидент еместер, валюталық операцияларды
орындауда мынадай құқықтарына сүйенедi:
- валюталық бақылау органдары мен агенттерi арқылы, жүргiзiлген тексерiс
актiлерiмен танысу;
- валюталық бақылау агенттерi мен органдарын, ҚР-ның бекiтiлген
заңдылығына сәйкес шағымдау;
- ҚР-ның қарастырылған заңдылық-нормативтiк актiлермен, басқа да
құқықтарын жүзеге асыру.

ҚР резиденттерi мен резидент емес азаматтарының валюталық операцияларды
жүзеге асырушы мiндеттерi:
- валюталық бақылау органдары мен агенттерiне, валюталық операция жүргiзу
үшiн қажет ақпарат және құжаттармен қамтамассыз ету;
- валюталық бақылау органдары мен агенттерiн тексеру барысында және
нәтижесi бойынша түсiнiктер беру;
- валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң тексерiс актiлерiн жүргiзу
барысындағы, фактiлермен келiспеген жағдайда, ол актiлерге қол қоюдан
бас тартуы туралы, жазбаша түрдегi түсiнiктер беру;
- валюталық операциялары бойынша есеп жүргiзу және оларды бес жылдан артық
сақтандыру;
- валюталық бақылау органдарымен ескертiлген қателiктерiн жою және
болдырмау, қойылған талаптарды орындау;
- және тағы басқа, ҚР-ның бекiтiлген валюталық заңдылықтарында қойылған
талаптарды орындау.
Көрсетiлген тәртiптi бұзушылар, ҚР заңымен қатаң түрде қудаланады.

Валюталық бақылаудың негiзгi бағыттары болып мыналар табылады:
- қызмет ететiн заңдылығына және олардың жүзеге асырылуына керектi
лицензияларға, куәлiктерге сәйкес келетiн валюталық операцияларды
өткiзу;
- шетелдiк валюталық төлемдердiң дұрыстығын және келiсiм шарттарға сәйкес
келуiн тексеру;
- валюталық операциялар есеп берудi және есептiң толықтылығын,
объектiлiгiн тексеру.

Өз құзiретi шеңберiндегi валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң
мiндетi – валюталық операцияларға, валюталық бақылау жасау.
Өз құзiретi шеңберiндегi валюталық бақылау органдары, нормативтiк
актiлер шығарады, айқындалған бұзушылықтарды жою туралы шарттар қайтiп және
басқа да заңдылықпен бекiтiлген, ҚР-ның барлық резиденттерi мен резидент
емес азаматтарының орындауына мiндеттi шаралар қолданылады.
Валюталық бақылаудың агенттерi құқық қорғау органдарына және ҚР-ның ҰБ-
iне валюталық заңдылықтың бұзушылықтары туралы ақпараттандыру мiндетi болып
табылады.
Валюталық бақылаудың агенттерi өз мiндеттерiн орындау үшiн, өз
клиенттерi туралы, олар арқылы өтпеген валюталық операциялар арқылы ақпарат
алу құқығы бар.
Валюталық бақылау органдары, өздерiнiң қызметтерiн орнату үшiн валюталық
бақылаудың агенттерiн өзiне қарату және соларға бұйрықтар беру.

Валюталық бақылаудың агенттерi, валюталық бақылау
органдарының бұйрықтарын орындауға және ол туралы есеп беруге тиiстi.

II-тарау. ҚР-дағы валюталық бақылаудың тәжiрибелiк аспектiсi.
2.1. Заңды тұлғалар операцияларының валюталық бақылауы.

Негiзгi нормативтiк құжаттар бойынша, валюталық бақылаудың негiзгi
мақсаты – заңды тұлғалардың қаржылық операцияларын қадағалау.
Заңды тұлғалар операцияларын үш категорияларға бөлуге болады:
1. валютаның түсуi;
2. валютаны аудару;
3. банктiң өзiнде валюталық операциялар.

1. Валютаның түсуi.

Заңды тұлғалардың есеп шотына түсетiн валюталық табысты, түсу түрiне
қарай бөлуге болады:
• шығарылған өнiмдi сатудан алынған табыс;
• қорға кредиттер, гранттар, төлемдер түсуi;
• инвестициялық iс-қағаздар мен байланысты түсiмдер;
• төленген ақшаны, финанстық көмектi, кредиттердi қайтару т.б.

Валюта түрiне қарай:
• шетел валютасы;
• ұлттық валюта.

Төлемнiң түрiне қарай:
• қолма-қолсыз төлемдер;
• қолма-қол ақшаның есеп-шотқа түсуi.

2. Валютаны аудару.

Ақшаны жөнелту үшiн, банкке түскен арыздар, осыған құқы бар банк
қызметшiсiнен өтедi және оның штампы мен тексерiсiнен, қол қоюынан кейiн
ғана жөнелтiлуге рұқсат берiледi.
Келiсiм паспорты құрастырылған банк арқылы, экспорттық табысты жүзеге
асыруды растайтын құжат – келiсiм паспортының копиясы болып табылады.
Клиент басқа банктегi есеп шотындағы ақшасын, өз шотына ауыстыру
кезiнде, банк клиенттiң арызымен ғана орындауды ұстанады.

3. Заңды тұлғалардың банктiң өзiндегi операциялары.

Банктiң iшiндегi валюталық бақылау юрисдикциясына жататын операциялар:
1. конвертация;
2. қолма-қол ақшаны шоттан шешу;
3. қолма-қол ақшаны шотқа енгiзу.

2.2. Жеке тұлғалар операцияларының валюталық бақылауы.

Жеке тұлғаларға қатысты валюталық бақылауды екiге бөлуге болады:
1. жөнелтiлген аударымның валюталық бақылауы;
2. түсетiн (алынатын) аударымның валюталық бақылауы.

1. Жөнелтiлген аударымның валюталық бақылауы.
Жеке тұлғалар аударымының валюталық бақылауына келесi позициялары
жатады:
a) аударымды қабылдау;
б) аударымды белгiлеу;
в) аударым соммасы;

а) Аударымды қабылдау.
Егер аударым жеке тұлға жағына ұтымды болса – ешқандай шектеу жоқ,
егер аударым заңды тұлға жағына ұтымды болса, онда жеке тұлғалардың шотынан
қандай да болсын коммерциялық қызмет жүргiзуге болмайтындықтан,
коммерциялық мақсаты жоқ аударымды куәлендiретiн құжат қажет.
Ондай аударымды куәлендiретiн мәселесiне қызмет болып:
Белгiлi шарттар ақысын төлегенде – шарттарға келiсiм, және шот ашу.
Көбiнесе жиi қолданылатын формалар түрi:
• телекоммуникациялық шарттарға төлем (НТВ Плюс) – шарттарды орындауға
келiсiм;
• сақтандыру төлемi (Midlife Insurance) сақтандыру келiсiм және салым
төлеуге шот ашу;
• шетел жоғары оқу орындарында бiлiм алу үшiн төлем – бiлiм алуға келiсiм
және төлемге шот ашу (егер салым соммасы келiсiмде көрсетiлмесе);
• конференцияларда қатысу үшiн төлем – конференцияға шақыру қағазының
копиясы және шот ашу;
• туристiк путевкаларды төлеу – туристiк агентствалар қызметiне шоттар;
• медициналық қызметке төлемдер – медициналық қызметтерге келiсiм және
шоттар;
• мағлұматтар базасын қолдану үшiн төлем – шоттар басылымы;
• жұмыс iздеу қызметтерi – келiсiм копиялары;
• газет, журналдарға жазылу – жазылу квитанциялары;
• жеке қолданатын тауарға құнын төлегенде – төлеушiге тiкелей ашылған шот,
(сатып алынатын тауардың түрi және мөлшерi “жеке қолданылатын” тауарды
анықтауын сәйкес келуi тиiс) және тауарды коммерциялық мақсатта емес,
жеке қолдануға қажеттiгi туралы, төлемшнiң жазбаша арызы;
• бұқаралық ақпарат құралдары мен арнайы басылымдардан алынған жарнама
ақпараттары арқылы клиент тауар сатып алған жағдайда операцияның
мүмкiндiгi. Бұндай аударым да тауардың жеке қолдану мақсаттары туралы
арызбен бекiтiледi.

б) Аударымды белгiлеу.
Егер аударым жеке тұлғадан жеке тұлғаға “материалдық көмек”, “жеке
аударым”, “салым аударымы” т.с.с. төлем белгiсiмен аударылса, ол ешқандай
шектеусiз орындалады.
Егер қандайда болмасын нақты жағдайлар “аударымды белгiлеуде” себеп
болып табылса, онда бұл нақты жағдайларды қолдайтын құжаттар қажет.

в) Аударым соммасы.
Аударым соммасы клиенттiң жеке iсi болып табылады, тек мына
жағдайлардан тыс:
• егер бұл аударым шоты ашылмаған болса, онда аударым соммасы 3000 $-дан
аспауы керек (немесе эквивалент түрде);
• егер аударым соммасы 3000 $-дан асып және аударым шотпен iске асырылса,
клиент аударымға валютаның заңдылығын куәлендiретiн (сертификат-
справкасын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу
Валюталық бақылау
Шетел валютасын кәсіпкерлік қызмет ретінде пайдаланудың тәртібі және оның режимі
Валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік
Ұйымның несие қабілетін талдау
Банк қарыздарын қамтамасыз ету нысандары
Қазақстанн Республикасының коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау
Кеден әкімшілігін жүргізу
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2006 жылға арналған экономикалық және әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттары мен экономикалық көрсеткiштері
Пәндер