Экономикалық инвестиция



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1.Инвестицияның экономикадағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні ... ... ... ... ... 4

1.2.Қ.Р.Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8


2 Қазақстан Республикасындағы қолайлы инвестициялық климатты құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10

2.1 Елiмiздiң инвестициялық жағдайы, мәселелерi және шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.Қ.Р.ң инвестициялық климатының жалпы жағдайы ... ... ... ... ... ... .. 16

2.3.Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37
Қазір Республика экономикасының түбірлі қалыптасуы күрделі проблемалармен іргелесіп жүреді.Шаруашылық қызметтің кризистік жағдайы көптеген кәсіпорындардың жабылуына немесе банкротқа ұшырауына әкеледі.Жекешелендіру өндірістің айтарлықтай тиімді өсуіне әкелген жоқ.
Сақталған кризистің маңызды аспектілерінің бірі болып ұзаққа созылған инвестициялық кризис табылады.Сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту,шетел инвестицияларын кең көлемде тарту Қазақстанға экономикалық кризистен шығуға көмектеседі. Осыған байланысты Республикада инвестициялық процесті белсендіру бойынша Президент және Үкіметпен алғашқы қадамдар жасалған. Сонымен,Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен инвестиция жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті құрылған.1995 жылы Үкіметпен 1996-2002 жылдарға реформаларды тереңдетудің орта мерзімдібағдарламасы жасалды.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты макроэкономикалық тұрақтылықты,құрылымдық-институционалдық қайта құруларды аяқтау,өндірістің құлдырауын тоқтату және осылардың негізінде-кең ауқымды инвестициялар арқылы экономикалық өсім мен халықтың өмірлік деңгейінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
ЮНКТАД сарапшыларының қорытындысына сәйкес қазіргі таңда Қазақстан бұрынғы КСРО елдері мен Шығыс Еуропа елдерінде тікелей шетел инвестицияларының көлемі бойынша төртінші орынды алады.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің мәліметтері бойынша Қазақстан жан басына келетін тікелей инвестициялардың жиынтық құйылымы бойынша Т.М.Д. елдерінің ішінде бірінші орынды-165АҚШ долдары.Ал Ресейде бұл көрсеткіш-34 АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар Қазақстан, Болгария, Хорватия, Польша, Румыния, Литва, Македония сияқты бұрынғы социалистік ерлерден де озып келеді.
Солай бола тұра, Қазақстандағы инвестициялық климат айтарлықтай жақсартуларды қажет етеді.Шетел инвестицияларын тартуға бөгет болатын себептерді жою үшін едәуір күш жұмсау талап етіледі.Мұндай себептер айтарлықтай көп.Ондай себептердің негізгілері-саяси тәуекелдер, экономикалық және саяси тұрақсыздық, сақтандыру сферасындағы құқықтық инфрақұрылымдардың дамуының жеткіліксіздігі.
Әлемнің басқа елдерінің тәжірибесі көрсеткендей,шетел капиталы оң нәтижеге, сондай-ақ елдің экономикасын терең қарыздық кризиске ұшырауына әкелетін теріс нәтижеге де ұшырату мүмкін.Инвестицияны максималды көлемде тарту негізгі мақсат емес.
1. Шарп У. Александр Г. Бейли Дж. Инвестиции – М: Инфра, 1998 г.
2. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.
3. Хусанов Б.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов. // Известия. Серия обественных наук, 2003, №3.
4. С.И. Шушкина «Инвестиционный проектирование» практические руководства по обоснованию инвест. проект – Москва, - 1995 г.
5. Экономика: Учебник / Под ред. А.С.Булатова. – М., 1995, гл. 12.
6. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. - М., 1997.
7. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г.
8. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
9. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
10. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
11. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында”. Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы: атамұра, 2005. – 48бет.
12. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г. №5.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

1.Инвестицияның экономикадағы 4
ролі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның 4
мәні ... ... ... ... ...

1.2.Қ.Р.Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

Қазақстан Республикасындағы қолайлы инвестициялық климатты
құру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .1 0
... ... ... ... ... .

Елiмiздiң инвестициялық жағдайы, мәселелерi және шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1 0
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.2.Қ.Р-ң инвестициялық климатының жалпы 16
жағдайы ... ... ... ... ... ... ..

2.3.Инвестициялық жобаның тиімділігін 20
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .3 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

Пайдаланған әдебиеттер 37
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

Кіріспе

Қазір Республика экономикасының түбірлі қалыптасуы күрделі
проблемалармен іргелесіп жүреді.Шаруашылық қызметтің кризистік жағдайы
көптеген кәсіпорындардың жабылуына немесе банкротқа ұшырауына
әкеледі.Жекешелендіру өндірістің айтарлықтай тиімді өсуіне әкелген жоқ.
Сақталған кризистің маңызды аспектілерінің бірі болып ұзаққа
созылған инвестициялық кризис табылады.Сыртқы экономикалық байланыстарды
кеңейту,шетел инвестицияларын кең көлемде тарту Қазақстанға экономикалық
кризистен шығуға көмектеседі. Осыған байланысты Республикада инвестициялық
процесті белсендіру бойынша Президент және Үкіметпен алғашқы қадамдар
жасалған. Сонымен,Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен
инвестиция жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті
құрылған.1995 жылы Үкіметпен 1996-2002 жылдарға реформаларды тереңдетудің
орта мерзімдібағдарламасы жасалды.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты
макроэкономикалық тұрақтылықты,құрылымдық-институцион алдық қайта құруларды
аяқтау,өндірістің құлдырауын тоқтату және осылардың негізінде-кең ауқымды
инвестициялар арқылы экономикалық өсім мен халықтың өмірлік деңгейінің
өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

ЮНКТАД сарапшыларының қорытындысына сәйкес қазіргі таңда
Қазақстан бұрынғы КСРО елдері мен Шығыс Еуропа елдерінде тікелей шетел
инвестицияларының көлемі бойынша төртінші орынды алады.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің мәліметтері бойынша Қазақстан
жан басына келетін тікелей инвестициялардың жиынтық құйылымы бойынша Т.М.Д.
елдерінің ішінде бірінші орынды-165АҚШ долдары.Ал Ресейде бұл көрсеткіш-34
АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар Қазақстан, Болгария, Хорватия, Польша,
Румыния, Литва, Македония сияқты бұрынғы социалистік ерлерден де озып
келеді.
Солай бола тұра, Қазақстандағы инвестициялық климат айтарлықтай
жақсартуларды қажет етеді.Шетел инвестицияларын тартуға бөгет болатын
себептерді жою үшін едәуір күш жұмсау талап етіледі.Мұндай себептер
айтарлықтай көп.Ондай себептердің негізгілері-саяси тәуекелдер,
экономикалық және саяси тұрақсыздық, сақтандыру сферасындағы құқықтық
инфрақұрылымдардың дамуының жеткіліксіздігі.
Әлемнің басқа елдерінің тәжірибесі көрсеткендей,шетел капиталы оң
нәтижеге, сондай-ақ елдің экономикасын терең қарыздық кризиске ұшырауына
әкелетін теріс нәтижеге де ұшырату мүмкін.Инвестицияны максималды көлемде
тарту негізгі мақсат емес.

1.Инвестицияның экономикадағы ролі.

1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні.

“Инвестиция" терминінің бірнеше мағынасы бар. Ол біршама қаржылық
нәтижелерді ескеріп акция немесе облигациялар сатып алуды білдіреді;
белгілі бір тауарды өндіру мен сатуға талап етілетін нақты активтерді,
мысалы машиналарды білдіреді.
Инвестиция-бұл капиталдың сақталуын немесе құнының өсуін және ол
бойынша оң табыс алуды қамтамасыз ететін капиталды орналастыру әдісі. Бос
ақша қаражаттары- инвестиция емес, себебі қолма-қол ақшаның құндылығы
инфляциямен “жеп” қойылуы мүмкін және олар табысты алуды қамтамасыз ете
алмайды. Егер,сол ақша қаражаттарының сомасын банктін жинақтаушы шотына
орналастырсақ, онда оларды инвестиция деп атауға болады, себебі шот белгілі
бір табысқа кепіл береді.
Инвестициялық процесті талдаулар таза инвестициялардың артқы Ж.Ұ.Ө-
ң мультипликативті өсуін басқаратынын көрсетеді. Басқаша
айтқанда,инвестициялық ақшалар – бұл “қуаттылығы жоғарылатылған “
ақшалар.Мұның баламалы әсеріне мемлекеттік шығындардың өсуі де әкеледі.
Кез келген экономикалық инвестициялық ортасы негізгі болып табылады
және елдің экономикалық өсуін анықтайды, ал инвестициялық саясат
экономикалық саясаттың приоритетті сферасы болып табылады.
Капиталды орналастырудың түрлі нысандары бар.Олар бірқатар
факторлармен айқындалады: бағалы қағаздарға және жылжымайтын мүлікке;
қарыздық міндеттемелерге; акция және опциондарға;аз немесе көп
тәуекелмен;қысқа немесе ұзақ мерзімге;тікелей және жанама.
Бағалы қағаздар және мүліктік салымдар.
Бағалы қағаздар немесе қор құндылықтары-бұл кез келген біреудің қарыз
міндеттемелерін көрсететін немесе меншік иесі ретінде компаниядағы үлесін
сату немесе сатып алу құқығын қамтамасыз ететін ақша салымдарының құралы.
Мүліктік салымдар-бұл компанияның нақты активтеріне немесе жеке нақты
мүлікке салымдар.
Нақты активтер-бұл жер,құрылыстар және жермен тұрақты
‘’байланыстырылғандардың’’барлығы.
Нақты жеке мүлік-бұл алтын, антиквариат,өнер өндірісі және басқа да
коллекциялық заттар.
Тікелей және жанама инвестициялар.
Тікелей инвестиция – бұл қор немесе мүліктік құндылықтар түріндегі
активтерге талаптартарды инвестор тікелей иеленетін капитал салымы.
Жанама инвестиция – бұл портфельге қаражат салу,басқаша айтқанда
бағалы қағаздардың,не мүліктік құндылықтардың жиыны. Мысалы,инвестор
әртүрлі фирмалар шығарған бағалы қағаздардың диверсификацияланған жиынын
көрсететін өзара байланысты қордан акция сатып ала алады.Осы сатып алудан
кейін,инвестор жеке алынған компаниялардың активтеріне талаптарды емес, ал
портфельдегі үлеске ие болады.
Облигация,акция және опциондар.
Ережеге сәйкес, инвестициялар не кредиторлардың мүддесімен,не
капиталға меншік иесі ретінде қатысуымен байланысты. Қарыздық бағалы
қағаздар мүліктік емес активтерге салымдар ретінде пайыз (%) түрінде табыс
алу құқығына айырбасқа берілген қаражаттарды және белгіленген уақытта қарыз
сомасын қайтаруға қарыз алушының міндеттемесін білдіріді. Инвестор қарыздық
қаржы инструменттерін сатып алған кезде, мысалы облигацияны айналысқа
шығарғанды несиелейді және келісім шарттың аяқталуында қарыздың бастапқы
сомсын қайтаруға міндетті болатын келісілген уақыт ішінде бекітілген
пайыздарды төлеу міндеттемесін алады.
Капиталға қатысу немесе үлестік салымдар - бұл уақыт шектеулерімен
байланысты емес белгілі бір компанияның немесе мүлкінің иесінің үлесі.
Негізінде инвестор акция деп аталатын бағалы қағаздарды сатып ала отырып
компания каиталына қатысу құқығын иеленеді.Опциондар қарыздық
инструменттерге де,үлестікке де жатпайды; бұл инвесторларға басқа бағалы
қағаздарды немесе келісілген мерзім аяқталғанша алдын – ала белгіленген
баға бойынша активті ссатып алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Жоғары тәуекелді және аз тәуекелді инвестициялар.
Кейде инвестицияларды тәуекел деңгейі бойынша бөледі. ’’Тәуекел’’
термині жағымсыз нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді.
Тәуекелі төмен инвестицилар- бұл белгілі бір табыс алу тұрғысынан
қауіпсіз деп есептелетін салымдар.
Тәуекелі жоғары инвестициялар- бұл белгілі бір табыс алу кепілі
тұрғысынан спекулятивті болып есептелетін салымдар.
Спекуляция- бұл қаржы инструменттерінің құнымен табыстылығы болашақта
анықталған болатын қаржы инструменттерін сату және сатып алу операциясы.
Инвестициялыық процестің құрылымы.
Жалпы, инвестициялық процесс- бұл ақша ұсынушылар мен сұранушылар
арасындағы механизм.Екі жақ әдетте,қаржы институттарында немесе қаржы
нарығында кездеседі.Қаржы институттарын – банк және қарыз жинақтаушы
ассоциациялар сияқты ұйымдар,әдетте, алдымен салымдар алады,содан соң
ақшаларды кредитке береді,басқаша айтқанда инвестициялайды.Қаржы нарықтары
– бұл қор биржасы сияқты делдалдар көмегімен келісімдер жасау үшін қаржы
ресурстарын ұсынушылар мен іздеушілерді мемлекеттің ағымдағы қажеттіліктері
табылады.
Жалпы,мемлекет – бұл ақша қаражаттарын таза тұтынушы,яғни ол ақша
қаражаттарын бергенге қарағанда көп пайдаланады.
Компаниялар.
Көптеген компаниялар (типіне тәуелсіз) өз қызметін қолдау үшін күрделі
қаражаттарды қажет етеді.Мемлекетке ұқсас компаниялар,жалпы таза ақша
қаражаттарын сатып алушылар болып табылады.
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар инвестициялық процеске әр түрлі әдістермен ақшаларды жеткізе
алады,мысалы,ақшаларды жинақтаушы шоттарға орналастыру,акция және
облигациялар сатып алу,сақтандыру полистерін сатып алу,әр түрлі мүліктерді
сатып алу.
Жеке тұлғалар – ақшаларды таза жабдықтаушылар;басқаша айтқанда,олар
инвестициялық процеске ақшаны алғанға қарағанда көп береді.
Инвестициялау.
Инвестициялау деп – ақшаларды олрдың құндылығын арттыру немесе оң
табыс алу мақсатында арнайы таңдалған қаржы инструменттері арқылы
орналастыру процесін айтамыз. Бұл қызмет үлкен экономикалық маңызға ие, ол
логикалық кезекті әректтерді орындай алады, ал оның нәтижесі табыс алу
болып табылады.
Инвестициялардан табыс немесе пайда 2 негізгі нысанның біреуінен
алынуы мүмкін: ағымдағы табыс немесе салынған қаражаттардың құнының өсімі
ретінде.Мысалы,банктің жинақтаушы шотына орналастырылған ақшалар немесе бос
жер учаскесін сатып алуға салынған ақшалар.(оның табысы жерді сатып алу мен
сату уақыты арасында учаске құнының өсімі түрінде болады).
Инвестицияларды қаржыландыру көздері
Инвестициялық белсенділік экономиканың дамуының маңызды жағдайы,
құрылымдық қайта құруларды жүзеге асырулардың, бәсекелестіктің нығайуының
маңызды жағдайы болып табылады.
Әлемнің әрбір елі инвестициялық кризистен өз жолдарымен
шығады.Қалыптасқан инвестициялық саясат сол елдің не басқа елдің нақты
қаржылық - өндірістік мүмкіндіктерін есепке алуы тиіс.
Толық және дамыған инвестициялық бағдарлама инвестициялау көздерінің
барлық жиынының ‘’жұмысын’’ кіріктіруі қажет.Инвестициялық көздер мен
экономикалық даму арасындағы өзара байланыс жүйелі түрде келесідей
көрсетілуі мүмкін.
Инвестициялау көздерінің жалпы құрылымын қарастырайық.
Экономикалық теорияда инвестиция көздерінің сыныптамасы оның
негізіндегі белгілермен ерекшеленеді.Егер,көздердің негізгі арналымынан
қарастырсақ,ұлғайтылған инвестициялық шығыстарды ескірген құрал –
жабдықтарды алмастыруға бағытталған амортизациялар және физикалық капиталды
кеңейтетін, яғни экономикалық өсімге әсер ететін таза инвестицияларға
бөлуге болады.
Инвестицияны қаржыландырудың ішкі көздері.
Жоғарыда айтқандай,ішкі көздердің бірі болып жинақтар табылады.Ел
масштабында,жинақтардың жалпы деңгейі тұрғындардың, ұйымдардың және
үкіметтің жинақ деңгейіне тәуелді.
Елдегі жинақтардың көлемі елдегі инвестициялар көлеміне әсер етеді.
Инвестициялар болашақта бүкіл экономикалық өндірістік қуатын арттыратын
негізгі қорлардың сатып алу шығыстарын көрсетеді. Қоғам өзінің ағымдағы
табыстарының бір бөлігін жинақтаса, бұл өндірістің бір бөлігі тұтынуға
емес,инвестицияға бағытталғандығын көрсетеді.
Инвестицияның сыртқы көздері.
Қазіргі уақытта,сыртқы көздерден қаржыландырылатын шетел
инвестицияларына көп көңіл бөлінеді.Оларға жеке тікелей және портфельді
инвестициялар,сондай – ақ шетел несиелері мен қарыздары жатады.
Қазір инвестиция түріндегі шетел капиталына үлкен үміт артылуда.
Бұл, жол берілетін көлемде шетел валютасының біріктіретін механизм. Қаржы
нарықтарының бірнеше түрлері бар:акция нарығы,облигация нарығы, опциондар
нарығы.
Суретте инвестициялық процесті көрсететін диограмма келтірілген.
Диаграммадан көрініп тұрғандай,ақша ресурстарын беруші тұлғалар қаржы
институттары арқылы,қаржы нарықтары арқылы немесе тікелей ақша ресурстарын
сұранушы тұлғаларға бере алады.Қаржы нарығының қысқа мерзімді секторы –
ақша нарығы, ұзақ мерзімді секторы – капитал нарығы,оның ішінде қор биржасы
деп аталады.

Қаржылық мекемелер
Банктер
Қарыз жиеақтаушы ассоциациялар
Жинақтаушы банктер
Кредиттік бірлестіктер
Сақтандыру компаниялары
Зейнетақы қорлары
Капитал
Капитал

Жабдықтаушылар Тікелей келісімдер Тұтынушылары

Қаржы нарығы
Ақша нарығы (қысқа мерзімді)
Капитал нарығы(ұзақ мерзімді)
Көрініп тұрғандай қаржы мекемелері бір уақытта қаржы рыноктарының
жұмысына қатысады және қаражат берушілер мен сұранушылар арасында делдал
болып қатысады.
Инвестициялық процесс қатысушылары.
Мемлекет.
Әрбір атқарушы билік деңгейіне өз қызметін қаржыландыруға ауқымды
ақша сомалары талап етіледі.Әдетте,мұндай жобалар әртүрлі ұзақ мерзімді
міндеттемелер – облигациялар шығару арқылы қаржыландырылады. Ақшаға
сұраныстың басқа көзі болып құйылуы ұлттық экономиканы сауықтыруға әрекет
жасайды. Екіншіден, қазір интеграция кезінде, шетел инвестициялары ұлттық
мемлекеттердің жақындасуының бір құралы болып табылады.
Қазіргі уақытта, екі негізгі ұйымдар даму деңгейі төмен нлдерге,
соның ішінде Қазақстанға да, қаржылық қаражаттар салады. Олар – Халықаралық
Валюта Қоры және Халықаралық Даму Банкі.Бірақ, бұл халықаралық ұйымдар
‘’приоритетті’’ салаларын қаржыландырады, мысалы, ауыл шаруашылығы.
Қазақстан қазір іс – жүзінде барлық салаларды қаржыландыруды қажет етеді.
Қазіргі кезде, кәсіпорынды концессия көмегімен шетел иелігіне
беру жолымен Қазақстан өндірістік процесті қалпына келтіру әдісін дамытуда.
Ережеге сәйкес,бұл кәсіпорындар металлургиялық, тау – кен өндірісі,және тау
– кен өңдеуші салаларға жатады. Бірақ,қазір,ұлттық экономикаға жағымды әсер
етеді.

1.2.Қ.Р.Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі
міндеттері.

Қ.Р.Президенті жанындағы Шетел инвесторлары Кеңесі (ШИК) Мемлекет
басшысының №3985 2002 ж 30 маусымындағы жарлығымен құрылды. Ондағы мақсат
Қазақстандағы жұмыс жасайтын инвесторлармен тікелей келіссөз жүргізуде,
сондай– ақ инвестициялық
Қызметпен байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету.
Кеңес – ақылдасушылық – консультативтік орган болып
табылады.ШИК–н Қазақстан Республикасының Президенті басқарады. Ол оның
қызметін басқарады, сонымен қатар нұсқаманы бекітеді жене Кеңес отырысында
өкілеттік етеді.
Кеңес құрамына Қазақстан Республикасынан Премьер – Министр,Ұлттық
Банк Төрағасы, Сыртқы істер Министрі, Индустрия және сауда
Министрі,экономика және бюджетті жоспарлау Министрі,Қаржы Министрі,
Индустрия және сауда Министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитет Төрағасы
және шетел инвесторларының жолдауын қарау жөніндегі ведомстволық
комиссияның төрағасы кіреді.
Кеңес құрамына шетел жағынан халықаралық қаржылық ұйымдардың және
шетел компанияларының бірінші басқарушыларының белгілі бір саны кіреді.
Кеңес отырысында оның құрамына кірмейтін компаниялар мен
ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. ШИК шегінде 5 бірлескен жұмыс топтары
қызмет етеді – салық салу, заңнама, шетел инвесторларының ағымдағы қызметі,
Қ.Р. инвестициялық беделдік арттыру және мұнай газ секторы мәселелері
бойынша.
Кеңестік қызмет органы мен қызметінің негізгі координатор болып
Қ.Р. индустрия және сауда Министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитет
табылады.’’Шетел Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі’’ Ассоциациясы шетел
жағынан координатор болып табылады.Комитет, мүмкіндігінше, өндірістік және
шетел инвесторларының іскерлік ассоциациясы,мемлекеттер
өкілдіктерінің(Қазақстан Республикасында тіркелген ). ‘’Шетел
Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі ‘’Ассоциациясымен келісіп ұсыныстарды
ескере отырып Кеңестің шетелдік мүшелерінің 13 құамын өзгерту жөнінде
ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына бере алады.
Кеңес отырысы жылына бір немесе екі рет жүргізіледі.Оның
құрылған мезетінен бастап мемлекет басшысының төрағалық етуімен 13 пленарлы
отырысы өтті:2002ж 25 қыркүйек, 2003ж 2маусым,2003ж 3 желтоқсан, 2004ж 8
желтоқсан, 2005ж 13маусым,2005ж 15желтоқсан,2006ж 05 щілде, 2006ж 06
желтоқсан, 2007ж 05 маусым, 2008ж 4 маусым,2008ж 10 желтоқсан және 2009ж 17
маусым.
Бұдан басқа, Кеңестің ағымдағы отырысы жиі болады және жұмысшы
топтардың кездесулері ұйымдастырылады.
Кеңестің пленарлы және ағымдағы отырыстарының қорытындысы
бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жетілдіру бойынша
министірліктер мен ведомстволарға тапсырыспен қаулылық шешімдер
қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетел
инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар табылады:
1.Инвестициялық қызмет мәселелерін реттейтін заңнамаларды
жетілдіру бойынша ұсынымдарды және сонымен қатар халықаралық маңызға ие
Қазақстан Республикасының ірі инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын
жүзеге асыруымен байланысты мәселелер бойынша ұсынымдарды Қазақстан
Республикасы Президентіне қарауға беру.
2.Инвестициялық климатты, сондай–ақ Қазақстан Республикасы
экономикасына шетел инвестицияларын тарту стратегияларын жақсарту бойынша
ұсынымдар жасауға.
3.Әлемдік экономикалық процестерге елдің экономикасының
интеграциясы бойынша ұсыныстар жасау.
Кеңес отырыстарында мәселелердің кең спектрі талқыланады, оның
ішінде:
- Қазақстан Республикасының инвестициялық беделдік арттыру
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- Салық салу және салық әкімшілігі жүйесін жақсарту
- Заң шығару процесінің айқындылығын арттыру
- Шетел жұмысшы күшінің елге келуін лицензиялау
- Инвестициялық пікірталастың келіспеушіліктерін жою және сотсыз шешу
- Көрші елдермен тарифтік саясаттың координациясы және транспорттық
тарифтер.
- Шетел компанияларының басты буындарының келуі мен кетуі
процедураларының жеңілдету.
- Бюрократия және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

2 Қазақстан Республикасындағы қолайлы инвестициялық климатты құру.
1. Елiмiздiң инвестициялық жағдайы, мәселелерi және шешу
жолдары

Қазақстан Республикасының бүгiнгi әлемнiң экономикалық шаруашылығы
күннен-күнге күрделене түскен таңдағы мемлекет ретiндегi орны оның рыноктық
қатынастағы дамушы ел деп танылуы болып табылады. Рыноктық қатынастардың
дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы
уақытқа дейiн даму үстiнде. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi
барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз
етiп отырады.
Инвестициялық дағдарыс Қазақстанда Республикасында инвестициялық
қызметтiң дереу тоқталуымен белең алды. 1991-1996 жылдар аралығында негiзгi
капиталға инвестиция тарту тұрақты түрде кемiп отырды. Осы аралықта негiзгi
капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 10 есе кемiдi. Осылайша
елiмiзге инвестиция ағымы азаюымен қатар жоғарыда көргенiмiздей
экономикалық өсуде дағдарысқа ұшырады. Жалпы экономикада өндiрiстер
құлдырап, көбiсi банкротқа ұшырады. Сондай-ақ бұрынғы құралдардың жаппай
тозуы басталды. Осының салдарынан әлеуметтiк салада жұмыссыздық күннен-
күнге өсе бастады.
Қазақстан Республикасының егемендігін алған жылдардан кейінгі жаппай
өндірістік құлдырау кезінде еліміз экономикасының инвестицияларға деген
мұқтаждығы өте жоғары болды. Ол жылдары отандық инвестициялардың әлі де
болса тиімді дамымауына байланысты еліміз сол жылдардан бастап елдегі
тиімді ресурстық жағдайларды ескере отырып, шетелдік инвестициялардың
келуіне оңтайлы жағдайлар жасай бастады. Осы кездерде шетелдік
инвестициялардың басым бөлігі шикізаттық салаларға ағыла бастады және
оларға шектен тыс еркіндіктер берілді. Оның зардабын Қазсқатан Республикасы
бүгінгі таңда түсіне бастағанымен, шаралар қолдануға әлсіздік танытып отыр.
Оған мысал ретінде ұлтымыздың шикізат өндіруші басты орындары бей-
берекет, сырапсыз қызмет етуде, сонымен қатар ірі, маңызды кәсіпорындарымыз
Петро Казахстан, КазахМыс шетелдердің қолына оп-оңай өтіп кетуде. Оның
барлығы кезіндегі инвестициялық дағдарысты жылдардың кемшілігінің
зардаптары болып табылады.
Ал басқа шетелдерде шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және
ұлттық экономиканың жағдайын ескеру, экономикалық қауіпсіздікті бірінші
орынға қояды көре аламыз. Оған мысал ретінде Оңтүстік Корея елінің шетелдік
инвестиция жағдайын атап өтсек болады.
Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары
азайып, халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып,
ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.
Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды
1962 жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп
отырды. Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға
бағытталды.
Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл
өнеркәсiпке салынды. Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi
жылдардағы инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол
инвестициялардың 46 млрд. доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы
қарыздар негiзiнде көрiнiс тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi
бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар негiзiнде берiлдi.
Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс
объектiлерiнiң, темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй
секторы, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына
салынды. Жеке кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң
экономикалық активтi қызмет етуiне себепшi болды.
Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк
инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар
негiзiнде қызмет еттi.
Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi
кезеңiнде жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы
елдiң қажеттi деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi. Шетел
инвестициялары арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық
негiзде жұмыс iстедi.
Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар
келесi талаптарға жауап бере алса:
• Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр
жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);
• Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын
60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);
• Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен
араласапауы қажет.
Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық
аймақтардың болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам
арнайы өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен
қызметкерлер еңбек етедi.
Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады.
Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа
шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз
инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн
капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге
белгiлi.
Мемлекетiмiз осы мәселеге тiкелей араласа бастады. Ол экономикаға
инвестиция тартуды ынталандыру саясатын жүргiздi, шетлдiң тура
инвестициялар келуiне ынғайлы жағдайлар жасады. Сондай-ақ iшкi экономикалық
инвестиция тартуды дамытты. Осылайша 1997 жылдан бастап елiмiзде
инвестициялық қызмет өсу бағытына бет алды. Оның өсiмi 1997 жылы 11,6%,
2001 жылы – 41,9%, 2002 жылы – 3,8%, 2003 жылы – 29,4%, 2004 жылы – 30%-ды
құрады.
Бiрақ қазiргi уақытта шетелдiк инвестицияның басым көпшiлiгi
елiмiздiң шикiзаттық қорын игеруге салынып отыр. Осыған байланысты
экономикалық өсудiң өзi осы сонғы жылдарда әлемдiк рыноктарда мұнайға деген
бағаның өсуiмен байланысты болып отыр. Ал экономиканың тұрақты өсуiн
қамтамасыз ету үшiн өндiрiстiң өңдеушi саласын дамыту мәселесi туындап
отыр. Ол үшiн осы салаларға инвестиция салуды ынталандыруды мемлекеттiк
тұрғыдан ынталандыруды қолға алу керек. Жалпы оның себебiн 2008 жылы
негiзгi капиталға тартылған инвестиция мөлшерiмен анық көруге болады.
(сурет 3).
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық
өндiрiске салынуда. Оны келесi суреттен көре аламыз:














Сурет-1 – Елiмiзге келiп жатқан шетел инвестициясының құрылымы

Бүгiнгi таңда Қазақстан экономикасының дамуы негiзiнен инвестицияның
көп мөлшерде тартылуына тiкелей байланысты. Өйткенi елiмiз өндiрiсiнiң
жалпы деңгейi мен оның даму болашағының деңгейi қазiргi өндiрiс ауқымынан
10 есеге артық болып табылады. Бұл шамаға жету үшiн шетелдiк
инвестицияларды тартумен қатар, отандық инвестицияның да үлесiнiң артуын
басты орынға қойып, ұлттық инвесторлардың инвестициялық саясатын өндiрiстiң
өнеркәсiп және өңдеушi саласына тартуына ынталандыруымыз керек.
Осы аталған iшкi инвестицияларды дамытудың бiрден-бiр көзi жағдайы
жақсарған отандық корпорациялардың, екiншi деңгейдегi коммерциялық
банктердiң және сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын дамыту
және оларды ұлттық экономиканы дамытуға деген ынталарын арттыру болып
табылады.
Осылардың iшiнде әсiресе негiзгi капиталды инвестициялауда әр түрлi
корпорациялардың алатын орны ерекше, себебi банктер көбiнесе ақша-несиелiк
операциялармен айналысады, ал өндiрiс және тағы басқа корпорациялар
өндiрiске тiкелей инвестиция тартуға икемдi болып келедi.
Қазақстан экономикасына қазiргi келiп жатқан көптеген шетел
инвестициялары негiзiнен әлемдiк тарнсұлттық корпорациялардың бiздiң
экономикамызға салған инвестициясында көрiнiс табуда. Елiмiздегi ауқымды
трансұлтты компаниялардың басым көпшiлiгi АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және
Оңтүстiк Корея елдерi екенi белгiлi. Осы дамыған елдердiң елiмiздегi басты
және кең көлемде қызмет етiп отырғандарына келесiлердi жатқызуға болады:
Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Сумимото Корпорейшн, Эльф Акитэн, БМВ, Туркие
Петроллери, Оман Ойл компани, Джапан Петролеум Эксплорейшн, LG және т.б.
трансұлттық корпорациялар жатады.
Олардан тартылған инвестициялардың дерлiк бөлiгi өндiрiстiң шикiзат,
яғни мұнай және газ минералдарын өндiруге салынуда. Инвестиция негiзiнен
экономика дамуына жақсы орай. Ол арқылы тек қана ақша ғана келмейдi,
сонымен қатар технологиялар, инновациялар, менеджменттер, жақсы нарықтар
келедi. Бiрақ экономика дамуының сапалылығы сол инвестициялардың қалай
жұмсалғандығына байланысты. Бүгiнгi Қазақстандағы шетелдiк және отандық
корпорациялардың инвестициялық саясаттары ұлттық экономиканың тұрақты
дамуын қамтамасыз етпейдi және одан да жоғары артық мүмкiншiлiктердi iске
асыра алмай отыр. Әрине бiзге белгiлi шетелдiк трансұлттық компаниялар бұл
инвестициялық саясатқа ынталы емес, бұны шешудiң бiрден-бiр жолы отандық
корпорацияларды өз инвестициялық қызметтерiн өңдеушi өнеркәсiп саласына
бағытттау, сонымен қатар отандық корпорациялар шетелден тартқан
инвестицияларын қолданудың тиiмдi жолдарын қарастыру қажеттiгi туындап
отыр. Мұндай тиiмдi инвестициялық саясаттың қажеттiгi 2008 жылы елiмiзде 59
млн. тонна мұнай шикiзаты өндiрiлдi. Осының 52,6 млн. Сол шикiзат күйiнде
экспортқа шығарылды. Ал осы мұнай минералын шикiзат күйiнде емес мұнай-
химия өнiмдерi ретiнле өңдеп шығарса оның құны төрт есе жоғары болады екен.
Сонымен қатар, мұнайдың осындай өңделген өнiмдерiне әлемдiк рынокта жылдан-
жылға сұраныста артып келе жатыр. Мысалы, соңғы 30 жылда әлемде болаттың
өсуi 80%, алюминийдiң өсiмi 300%, ал пластмассаның өсiмi 550% жеттi.
Осы аталған жағдайларды ескере отырып, елiмiздiң отандық мұнай және
газ салаларында қызмет ететiн корпорациялары (“КазМунайГаз”, ОАО “СНПС –
Актобемунайгаз”, “Карачаганак Петролеум Опереитинг”, ТОО Казахойл-Актобе,
ТОО КазГерМунай”, ЗАО “Торгай-Петролеум” және т.б. компаниялар) өздерiнiң
инвестициялық саясатын жалпы түрде келесi бағыттарда құру керек:
• Корпорация қаржылары мен активтерiн дамыту және тиiмдi пайдалану;
• Корпорацияға инвестиция тартудың тиiмдi көлемiн және оның қажет
деңгейiн алдын-ала анықтау;
• Тартылған инвестицияларды өндiрiстiң өңдеушi саласын дамытуға немесе
өнеркәсiп саласын дамытуға ынталандыру;
• Инвестиция тартудың әр түрлi жолдарының (несие, лизинг, тiкелей,
портфельдi, құрал-жабдықтай немесе мемлекеттiк гранттар) өздерiне ең
ұтымды көздерiн анықтау;
• Инвестициялық тәуекелдiлiктерiн барынша азайту немесе сақтандыру;
• Негiзгi капиталды инвестициялауға баса назар аудару, әсiресе мұнай-
химия өнеркәсiбiн дамытуды қолға алу;
• Мұнай саласында инновациялық жоғары технологияларды пайдалануды дамыту
және шетелдерден қажеттi жаңа технологияның түрлерiн алдын-ала
тiзiмдеу;
• Мұнай және газ саласында қызмет ететiн отандық және шетел
корпорациялары ұлттық өнеркәсiптiң басқа салаларын инвестициялауға
ынталы болуы керек;
• Корпорациялардың қаржы тарту мақсатындағы щығарған бағалы қағаздарының
қор биржасында өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
• Осы мұнай-химия және мұнай өiмдерiн шығаратын салаға мемлекеттiң
бөлген субсидиялары мен гранттарын ұтып алу болып табылады.
Сондай-ақ елiмiз көлемiнде және халықаралық деңгейде өз қызметiн iске
асырып отырған ұлттық компаниямыз “Қазақтелеком” ААҚ халықаралық және
аймақаралық бесекелестiкте орнының маңыздылығы ерекше. Сондықтан елiмiздiң
бұл компаниясын қолдау және ол компанияның инвестициялық саясатын тиiмдi
ұйымдастыру арқылы бiз әлемдiк рыноктағы шетел компанияларына тойтарыс бере
аламыз. Бүгiнгi таңда компания алдында екi негiзгi қызмет туындап отыр: өз
қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекоммуникация қызметiн
халықаралық стандарттар саласына енгiзу.
Анализ көрсеткенiндей, телекомуникация саласында басты табиғи
монополия телекоммуникация жүйелерi мен каналдары арқылы құрылады.
“Қазақтелеком” ААҚ бәсекелестiк рынокта басты элементi бұл қызмет
көрсетуде инновация мен техниканы жоғары дәрежеде, халықаралық стандартарға
сәйкес дамыту болып табылады. Бұл шара бүгiнгi таңда iске асуда. Оның
көрiнiсiн “Қазақтелеком” ААҚ елiмiз аумағында жүргiзiп жатқан “Ұлттық
ақпараттық супермагистрал” торабынан көруге болады.
2007 жылы “Қазақтелеком” ААҚ Шығыс Қазақстан аймағындағы байланыс
торабын жүргiзу қызметтерiн аяқтады, оның ұзындығы 2400 км құрап отыр.
Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан мен Оңтүстiк Қазақстан арасындағынегiзгi
байланыс торабын iске қосты, яғни ол: Петропавл – Көкшетау – Астана –
Павлодар – Семей - Өскемен – Талдықорған қалаларын жүйелендiрдi. Жобаның
құны 40,2 миллион евроны құрады және жобаға басты қатысушы Германияның
“Сименс” компаниясы. Алдағы жылдары Қазақстанның басқа аймақтарына да
Ұлттық байланыс супермагистралы тартылады.
Бұл торап қазiр 14 халықаралық автоматты станцияларды және 18 елмен
байланыс орнатуда. Яғни, елiмiз көлемiнде “цифровой” байланысты дамытуда.
Мамандардың айтуынша “Қазақтелеком” ААҚ “Ұлттық байланыс супермагистрал”
жобасын толығымен iске асырса, 2009 жылы Азия мен Европа арасындағы
телекоммуникация бойынша iрi транзиттi орталыққа айналады. Бұл жоба
елiмiздiң 80% халқын қазiргi заманғы байланыс жүйесiмен қамтамасыз етедi.
Сондықтан осы ұлттық компаниямыздың бiрi ААҚ “Қазақтелекомның” бүгiнгi
инвестициялық саясаты тиiмдi iске асу үстiнде деп айта аламыз.
Жалпы Қазақстан Республикасы экономикасындағы инвестициялық қызметтiң
даму көлемiн келесi кестеден көре аламыз:

Кесте 1
Елiмiздегi 2005-2008 жылдардағы жалпы инвестициялар

Көрсеткiштер, (млн) 2005 2006 2007 2008
Барлық инвестициялық активтер 512332 752645 1158148 1307249
Негiзгi капиталға инвестиция 369084 595663 943398 1099986
Капиталды жөндеулерге шығындар 21893 43013 85657 146264
Айналым активтерiне инвестиция 140147 153526 207067 202912

1-шi кестеден көрiп отырғанымыздай жалпы инвестициялар құрамында
негiзгi капиталға инвестицияның алатын үлесi айтарлықтай басым. Бұл әрине
жақсы көрсеткiш болып табылады. Бiрақ осы негiзгi капиталға тартылған
инвестициялардың экономикалық қызмет түрi бойынша алатын үлесiнiң ара
салмағының маңызы жоғары. Себебi, елiмiздегi негiзгi капиталға тартылған
инвестициялардың негiзгi бөлiгi тау-кен өндiрiсiне, яғни шикiзат саласының
капиталдарын дамытуға салынуды. Осы мәселенi келесi экономикалық қызметтiң
негiзнгi түрлерi бойынша келесi кестеден көре аламыз.

Кесте 2

Экономикалық қызметтер бойынша негiзгi капиталды инвестициялау көлемi

2005 2006 2007 2008
Негiзгi капиталға тартылға 369084 595663 943398 1099986
нбарлық инвестициялар
Ауыл, орман шаруашылығы 2471 8179 11986 15972
Тау-кен өндiрiсi 155082 296828 417982 457010
Өңдеушi өнеркәсiп 44987 71607 104775 103421
Құрылыс 13661 21241 40738 50366
Қаржылық қызметтер 6508 9239 12249 9569

Осы мәселеге байланысты ендiгi жерде iшкi және сыртқы инвестициялардың
негiзгi бөлiгiн өңдеушi салаға құйылуын мемлекеттiк және кәсiпкерлiк қолдау
арқылы ынталандыруымыз керек. Ол үшiн ондай салаға салынатын
инвестицияларға белгiлi дәрежеде қолайлылықтар туғызуымыз қажет. Мысалы,
оларға салық жеңiлдiктерi, пайыз мөлшерлемесiнiң жоғары болуы және қолайлы
инновациялық орта жағдайын айтуға болады.

2.2.Қ.Р-ң инвестициялық климатының жалпы жағдайы.

Қазақстан, сөзсіз ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту
сферасында постсоветті кеңістікке көшбасшылардың бірі болып
табылады.Қазақстан тек шикізаттың стратегиялық түрлерінің экспортері
ретінде ғана емес, сонымен қатар инвестицияларды жүзеге асыру үшін қажетті
заңнамалық база және жағымды орта жасалғандығымен де тартымды.
Жалпы, шетел капиталын тарту және қорғау процедурасы, қазіргі
уақытта 20-дан астам заңдық және нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Соларға сәйкес Қазақстанда шетел инвестициялары барлық ұйымдық – құқықтық
нысандарда рұқсат етілген кез келген обьектілер мен қызмет түрлеріне,соның
ішінде шетел фирмалары құру арқылы, яғни толығымен шетел инвесторларына
тиесілі, оның филиалдарын өкілдіктерін, не бірлескен кәсіпорындар құру
арқылы салына алады.Шетел инвесторларына респуюликада қайта инвестициялау
үшін, тауарларды сатып алу үшін және басқа да мақсаттар үшін табыстарды өз
қалауы бойынша пайдалануға кепіл береді.
Ел экономикасына күрделі ауқымды инвестициялық ресурстарды
тартудың,оларды рационалды және тиімді пайдалану қажеттілігін ескере
отырып,Президент жарлығымен бірыңғай уәкілетті орган – Қазақстан
Республикасының инвестиция жөнінднгі мемлекеттік комитеті құрылды.
Республикада экономиканың приоритетті секторларына тікелей инвестицияларды
тарту бойынша белгілі бір жарнамалық жұмыстар да жүргізілуде.

Шетел инвесторлары үшін келесідей салық жеңілдіктері
қарастырылған.

Негізгі қаражаттарға Салық жеңілдіктерінің қызмет ету
№ инвесторлардың жалпы мерзімі(инвестор салықтан босатылатын
көлемі көрсетілген Жылдар саны)
экономиканың
приритетті секторларының
атауы.
Табыс* салығы Мүлік салығы Жер салығы
Өндірістік инфроқұры -
лым.
1 10млн(АҚШ)долларына 4 5 4
дейін қоса алғанда.
10 млн.жоғары 5 5 5

Өңдеуші өндіріс
1млн.АҚШ дол.дейін қоса 2 3 3
2 алғанда.
1млн.-5млн.$(АҚШ)қоса 3 4 4
алғанда.
5млн.$(АҚШ) жоғары 5 5 5
Астана қаласының
объектілері.
3 10млн.$(АҚШ) дейін қо- 3 4 4
са алғанда
10млн.$(АҚШ) жоғары 5 5 5
Тұрғын үй**,әлеуметтік
Сфера және туризм
объектілері.
4 4млн.$(АҚШ) дейін қо - 2 3 3
са алғанда
4млн.$-10млн.$(АҚШ) 4 4 4
қоса алғанда
10млн.$(АҚШ) жоғары 5 5 5
Ауыл шаруашылығы.
5 1млн.$(АҚШ)дейін қоса 3 4 5
алғанда
1млн.$(АҚШ)жоғары 5 5 5


* -Салық салынатын табыстар алу мезетіне 5 жыл мерзіміне, бірақ келісім
шарт жасалған мезеттен 8 жылдан артық емес мерзімге табыс салығын төлеуден
босатылады
** -Салынған тұрғын үйлерді сатудан алынатын табыстар аталғанды жүзеге
асыру жылында табыс салығынан босатылады.
Қабылданатын заң актілері мен ұйымдастырушылық шаралар Қазақстандық
экономикаға шетел инвестицияларының құйылуына әрекет жасайды.Оған, қазір 40
шақты елдер өз қаржылық ресурстарын жұмсауда.Шетел инвестицияларының
негізгі көлемі тау-кен өндірісі өеркәсіптерінің негізгі
қаражаттарын(75%)құруға бағытталады.Құрылыстағы шетел инвестицияларының
жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Батыс
Қазақстан(66%),Атырау(22%),Ақтөбе және Маңғыстау(4-5%) облыстарында
игерілуде.Қазақстан Республикасы экономика және сауда министірі Жақсыбек
Кулекеевтің мәліметтері бойынша 2006 жылы Қазақстан Экономикасына тікелей
шетел инвестицияларының көлемі 4,5млрд.$ құрады. Ол алдынғы жылдан 1млрд.-
қа көп.Оның айтуы бойынша тікелей шетел инвестицияларының көлемі 2007 жылы
5млрд.$ кем болуы керек. Жақын 10 жылда инвесторлар Батыс Қазақстанның
мұнай инфрақұрылымын нығайтуға 65 млрд.$ көп салым салуға дайын.
Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан Орта Азияға түскен барлық
тікелей инвестицияларының 80%-н алды.2005 жылы Әлем банкі Қазақстанды
инвестицияның едәуір көлемін тартатын әлемнің 20 елінің қатарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру
Инвестиция экономикалық даму құралы
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
«ISKER GROUP» ЖШС инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу процесстерін зерттелуінің негізінде кәсіпорында инвестиция қызметін ұйымдастыруды жеңілдету жолдарынының ұсынынылуы
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Инвестициялық активтілікке әсер ететін факторлер
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық негіздері
Инвестициялар, олардың түрлері, қызметі және жүйесі
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
Пәндер