Қаржылық дағдарыстың жағдайы және экономикаға оның әсері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАҒА ОНЫҢ ӘСЕРІ
1. 1 «Дағдарыс» түсінігі. Компаниядағы дағдарыстың ерекшеліктері
1. 2 Компаниядағы дағдарыс жағдайының пайда болуының негізгі себептері
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық дағдарыс әлемдік экономикаға айтарлықтай әсерін тигізуде. АҚШ-тан басталған қаржы дағдарысы соңғы уақытта Еуроодақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қаржы рыногын туралатып тастады. Барлық көрші елдерімізге қаржы дүмпуінің нақты экономикаға қалай әсер етіп жатқанын көзіміз көріп отыр. әлемдік экономиканың 20-25 пайызын құрап отырған АҚШ мемлекеті биылғы бюджет жылын 450 миллиард долллардан астам тапшылықпен аяқтап отыр. Соңғы деректер бойынша, АҚШ-тағы жұмыссыздар саны 8 млн. адамға дейін өсіп кетіпті. АҚШ экономикасы өз тарихында ешқандай мұндай ірі тапшылыққа ұшырап көрген емес. Сондай-ақ, Жапония мен Қытайдың да жағдайлары мәз емес.
Бұл әлемдік дағдарыс Қазақстанда да шарпымай қалған жоқ. Экономикалық қатынастар барысында, әсіресе, ішкі рынокты қорғау, қолдау тұрғысынан мемлекеттік реттеу тетіктерінің тиімділкпен қолданылуы ел жағдайын тұрақты ұстауда үлкен нәтижеге жеткізетіндігін қазақстандық тәжірибе де барған сайын дәлелдей түсуде. Мұны еліміз өз тәуелсіздігіне ие болған 17 жылда Елбасының Қазақстанның даму бағытттары мен қағидаттары, елдің ішкі, сыртқы саясаттарын дұрыс белгілеуі деп түсінеміз. Алдағыны болжай отырып жүзеге асырылуы үстіндегі бұл саясаттың тиімділігі әсіресе, әлемді шарпыған қазіргідей дағдарыс жағдайында өз ақиқаттығын білдіруде. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлттық қор құрылып, мұнайдан түскен қаржының барлығы осы қорға шоғырландырылуы бірнеше кезекте «голланд сырқатынан» сақтануымызға себеп болса, екіншіден, бүкіл әлемде қаржы тапшылығы орнаған қазіргідей сәтте Қазақстан экономикасына берік тыл ретінде әрекет етуде.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қаржы дағдарыс процессі әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Осыған орай, елімізде шұғыл тұрғыда, ғаламдық экономикалық дағдарысқа қарсы Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған экономика мен қаржы секторын тұрақтандыруда Ұлттық банкпен, Қаржы қадағалау агенттігімен бірлесіп әрекет ету жөніндегі жоспары жасалды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан экономикасы республикалық бюджетте қаралған қаржыға қосымша 2, 2 триллион теңгеден кем емес көлемде мемлекеттік қолдау алады, ол шамамен ІЖӨ-нің 20 пайызын құайды.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Intergaz компаниясының инвестицияларын дағдарыс жағдайында жоспарлау» . Бұндай тақырып таңдаған себебім, кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымның басты мақсаты - 2007 жылы басталған дағдарыс жағдайын зерттеп білу. Соның ішінде «Intergaz» компаниясының мысалындағы дағдарыс жағдайында инвестицияларын бақылау, бағдарлау және жоспарлау болып табылады.
Міндеттері:
Бұл дипломдық жұмыс 3: негізгі, кіріспе және қорытынды бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімінде, жалпы дағдарыс туралы түсінік, олардың түрлері мен фазалары, пайда болу себептері мен мақсаттарын ашып көрсетілген. Екінші бөлімінде, белгілі бір (соның ішінді «Intergaz» мұнай және газ) компаниясының мысалында дағдарыстың сипаты анықталған. Осы компанияның жалпы талдауы жүргізілген және соңында жоспарлау барысында қолданылатын түрлі шаралар көрсетілген болу керек.
Ал соңғы үшінші бөлімінде, осы комапнияға келетін инвестиция түрлері, бағыттары мен мақсаттары, қай елдердің қатысуымен келетіндігі және қазіргі дағдарыс жағдайында келетін инвестицияларын жоспарлау жүргізу.
1. ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАҒА ОНЫҢ ӘСЕРІ
1. 1 «Дағдарыс» түсінігі. Компаниядағы дағдарыстың ерекшеліктері
Дағдарыс - бұл тек жаман жаналық емес, ол фактілердің канстатациясы. «Дағдарыс» гректің «кріσіς, crisis» сөздерінен шыққан, белгілі бір жағдайлар мен сұрақтарға жауап табу деген мағынаны білдіреді. Дау-жанжалдардан шығу жолдарын табу мағынасын да білдіру мүмкін. Дәрігерлер мен Гиппократта «дағдарыс сөзі» бір аурудың даму фазасын - аурудың басқа күрделі ауруға ұласуы немесе оның өліммен байланысуын білдіреді. /6/.
«Дағдарыс» сөзі XVII-XVIII ғасырларда барлық салаларда қолданылған, саяси дағдарыс, әскерде де, жалпы қоғамда да қолданылған.
Ал, XIX ғасырдың аяғында экономикалық терминге айналды. Сол кездегі экономикадағы «классикалық» түсінігі, капиталистік экономикалық жүйедегі керекті және драммалық фазаны сипаттаған. Экономикадағы коньюктураның даму теориясының дағдарыс түсінігі ұзақ уақыт белгілі орын алған. Осылай Шпитхоффтің схемасында белгіленген:
Спад-бірінші көтеріліс-екінші көтеріліс-пик-капиталдың жетіспеушілігі-кризис
Ғасырдың басындағы Харвардтың схемасында ерекшеліктер бар:
Depression-Recovery-Prosperity-Financial Strain-Industrial Crisis
(Депрессия-Возраждение-Процветацие-Финансовая стагнация-Промышленный кризис)
Бірақ та бұл анықтама, экономиканың құрылуы мен дамуындағы стадиялар мен схемаларды ескермейді. Сондықтан да дағдарыстың «классикалық» түсінігін «экономикалық дағдарыс» түсінігіне айырбастады. Осы экономикалық дағдарысты көптеген экономистер түсіндірген, соның ішінде Мечлапа айтқан, экономикалық қатынастардың қажет емес жағдайлары. Ал Сомбарт негативті экономикалық көрініс деп анықтайды. Микроэкономикада кәсіпорындағы дағдарыс түсінігі қолданылады, ол сол кәсіпорынның өмір сүру жағдайына қауіп төндіру деп түсіндіріледі. Вебстердің сөздігінде дағдарыс сөзі өзгерістердің болуын анықтайтын кезең немесе нүкте деп атаған.
Дағдарыс - тұрақсыздылық периоды немесе кәсіпкерліктің сондай жағдайы, күрделі бір өзгерістердің болуын айтады. Ол өзгерістердің нәтижесі жаманмен қатар, жақсы да болуы мүмкін. Дағдарыстың нәтижесі 50х50 болуы мүмкін, бірақ та білікті менеджердің арқасын ол қатынасты өзгертуге болады.
Дағдарыс, тек банкротқа ұшырау, крах болу, жұмыстан босату деген сөзді білдірмейді, сонымен қатар ол белгілі бір тәуекелділік деңгейін және белгісіздікті сипаттайды.
«Кәсіпоырндардағы дағдарыс» түсінігі қазіргі экономикалық әдебиеттерде кәсіпорынның өміріндгі әртүрлі экономикалық жағдайлардың болуы, жәй кәспорындардағы жағдайлармен қатар кәсіпорынның жойылуына дейін алып келуі мүмкін. Сонымен қатаркәсіпорындағы дағдарыс жоспарланбаған және қажеті жоқ деп түсінеміз.
Сонымен дағдарыс дегеніміз тәуекелділіктің пайда болатын кез келген стандартты емес жағдайлар деп айтуға болады /7/.
«Кәсіпорындағы дағдарыс» кәсіпорынның жағдайындағы немесе өміріндегі сынық бөлік деп те атауға болады. Одан шығудың екі түрі болуы мүмкін. Біріншісі кәсіпорынды түгелімен жою, ал екіншісі дағдарысты аз шығынмен жеңіп шығу.
Дағдарыстың басталуы мен аяқталуының ортасындағы мерзім әртүрлі болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді дағдарыстар бар, олар жәй жойылатын дағдарыс процесстері. Ал қысқа мерзімді дағдарыс, ол тез басталып, интенсивті және қарқынды түрде жүріп өтеді.
Экономика туралы кітаптарда дағдарыстың бірнеше түрлері бар, олар әртүрлі категориялар мен критерийлерге байланысты бөлінеді.
- Кәсіпорынның стратегиялық дамуы. Дағдарыстың өсуі, стагнациясы және құлдырауы туралы түрлері болады;
- Кәсіпорынның өмірлік циклдар стадиясы. Өсу және қартаю дағдарыстары;
- Мақсат дағдарыстары: экзогенды және эндогенді;
- Агрегатталған жағдай: латенттік және ащы дағдарыстар;
- Кәсіпорынның мақсаттарына қауіп: пассивтердің активтерден көп болуы және төлемқабілеттілікті жоғалтпау. /8/
Дағдарыс классификациясының жіктелуі:
- “ішкі ” талдырудың дағдарыстағы нәтижесі негізінде. Бұл жағдайда дағдарыс түсінігі, экономикалық шаруашылық жалғасы, ол географиялық болып табылады.
- Дағдарыс кезеңі. Экономиканың көтерілуі механизмі мен әлеуметтік процесс.
- Құрылымдық дағдарыс. Экономикалық және жалпы динамика шаруашылыққа кіру барысында тұрақты импульс береді.
- Өндірістік дағдарыс тәсілі. Қарама-қайшы дағдарыс мінездемесінің шиеленісуі.
Белгілі француз экономисі Робер Буайс 4 негізгі дағдарыс типологиясын ойлап тапты.
Дағдарыстың бірінші типі - сипатты бұзу
Екінші типі - жүйе реттеуіндегі ішінараны бұзу.
Үшінші типі - жүйе реттеу дағдарысы
Төртінші типі - жүйе реттеу және қор жинаудағы дағдарыс тәртібі.
Бұл типтік дағдарыстардың ішіндегілерді жіктесек.
Бірінші дағдарыс типі-“ішкі” талдыру дағдарыс нәтижесіне жатады.
Екінші типтік дағдарыс-құрылымдық кезеңге сәйкес.
Үшінші және төртінші типтік дағдарыс - тағы да басқа кезеңдер негізінде.
«Кәсіпорындағы дағдарыс» түсінігін толығымен түсіну үшін, оның фазаларының дифференциялдануын анықтау қажет болып табылады.
Бірінші фаза - рентабельділік пен табыс көлемін төмендету. Осының салдарынан, кәсіпорынның қаржылық жағдайының күрт өзгеруі, даму резервтерінің азаюы байқалады. Проблеманы шешу жолдарында стратегиялық (стратегияны қайта қарау, кәсіпорынды қайдақұрылымдау) және тактикалық (өндірісті көбейту, издержкілерді төмендету) басқаруды қадағалау қажет етді.
Екінші фаза - өндірістің шығынға ұщырауы. Кәсіпорынның резерв қорларының азаюы (қордың болған жағдайында, егер қор болмаса онда бірден үшінші фазаға көшеміз) байқалады. Бұл проблеманың шешімі стратегиялық басқару облысында және кәсіпорынды қайта құрылымдауда болып отыр.
Үшінші фаза - резерв қорларының болмауы немесе мүлдем жойылуы. Шығындарды жабу мақсатында айналым қаражаттарын жұмсайды, соның есесінде өндірісті немесе қайтаөндірісті азайтады. Қайта құрылымдау проблеманы шешуге қажет етілмейді, себебі оны ұйымдастыратын ақша қаражаты жоқ. Кәсіпооынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, жедел шаралар қажет. Егер олар орындалмаған жағдайда дағдарыс төртінші фазаға ауысады.
Төртінші фаза - төлемқабілетсізділік. Кәсіпорын ең төменгі критикалық жағдайда, азайтылған өндіріті қаржыландыратын қаражат жоқ. Өндірістің тоқтау немесе банкротқа ұшырау қауіпі төніп тұр. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін қайта құру және өндіріс процессін қолдауға шұғыл шаралар қолдану қажет /9/.
Осыған байланысты, дағдарыстың үшінші және төртінші фазаларында шұғыл шаралар қолдану арқасында, дағдарыстан құтылу мүмкіндігі туады. Басты момент болып төлемқабілетсіздік болып табылады. Авторлардың ойынша, төлемқабілетсіздік дағдарысқа қарсы шараларды басқаруды қолдану шараларының ең бастысы және бірінші болып келеді.
Дағдарысты кәсіпорынның өміріне келтіретін кедергі ретінде қарастыратын болсақ, онда оның екі аспектісі бар деп қарастыруыызға болады. Біріншісі ол ішкі, екіншісі - сыртқы. Сыртқы аспектісі, ол кредиторлар алдында қарыздарын қайтару үкіндігін тудыру. Ал ішкі аспектісі - шаруашылық жүргізу үшін, айналым қаражаттар көлемін ұлғайту болып табылады. Осыған орай, эконоикалық мағынада дағдарыс шаруашылық және қаржылық қажеттіліктерді поддерживатететін ақша қаражаттарының дефицитін айтады. Авторлардың ойынша, экономикалық дағдарыстың формуласы ынадай түрде болуы керек/7/:
Ақша қаражаттары<Айналым қаражаттарындағы ағымдағы шаруашылық жағдай+айналым қаражаттарындағы ағымдағы қаржылық жағдай.
Айналым қаражаттарындағы ағымдағы қаржылық жағдайы дегенііз формуланың жәй және түсінікті бөлігі. Ол алдағы төленетін қарыз сомасы, пенилер мен штрафтар болп табылады.
Айналым қаражаттарындағы ағымдағы шаруашылық жағдайы дегеніміз жоспарланған периодқа өндірілген және өндірілмеген шығындар айырмасын айтады. Олар смета арқылы жасалынады.
Психологиялық нүктеден қарасақ, дағдарыс жағдайында аспекті, құлдырап бара жатқан кәсіпорынның болашағы жоқ. Егер үш айдан соң кәсіпорын банкроттық туралы арбитражды жағдайда жауап беруші болса, онда әрбір болашақтағы жоспар абстрактілік сипаттама алады. Егер кәсіпорын дағдарысты жеңіп шықса, онда оның болашағы бар деген сөз. Бірақта психиологиялық қысымға түскен кәсіпорындардың көбі банктроттыққа ұшырайды.
Елдер сарапшыларының еске алу жиілігі кесте
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz