Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер



Жоспар.

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім.
2.1 Франциядағы XVIII . XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер
2.2 Франциядағы XVIII . XIX ғасырдағы феодалдық.абсолюттік ойлар
2.3 Франциядағы XVIII . XIX ғасырдағы Жан Жак Руссоның саяси ілімдері

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Кіріспе.
Орта ғасырларда католик шіркеуі абсолютизмді және феодалдық тәртіптерді қызғыштай қорғады. Монархиялық шексіз билік пен әлеуметтік теңсіздіктің бәрін құдай жаратты, бұлар құдай ісі деген соқыр сенімді халық арасында кеңінен таратты және қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейін-ақ Еуропаның көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар феодалдық құрылыс пен оның орнатқан тәртіптерін сынай бастады. Олар ғылым мен оқуды дінге қарсы қойды, бас көтеріп келе жатқан буржуазия мен халықтың басқа да топтарының мүдделерін қорғады. Феодализмнен капитализмге өту дәуіріндегі осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистік қозғапыс Ағарту деп аталып, оның өкілдері тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен енді..
Ағартушылық бағыт сол дәуірдегі жас буржуазия мен халық бұқарасының феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегі құрамды бөліктерінің бірінен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтік-адамгершілік идеалдар мен оны іске асырудың жолдарын іздестірумен сипатталады. Адам қасиеттерін құрметтеуді, қараңғылық пен бойкүйездікті жеңуді, рационалды білімді халық арасына кең таратуды басты мақсат еткен ағартушылар ең апдымен, феодалдық тәртіптер мен шіркеу үстемдігін жоюды талап етті. Олардың феодалдық тәртіптерге қарсы, жеке кәсіпкерлердің еркіндігі мен адам бостандығын және құқықтарын қорғау және адамды, қоғамды шіркеу мен абсолютизм өзгісінен азат ету жолындағы айтқан ой-пікірлері мен үндеулерінің аса зор маңызы болды.
Ағартушылық әр елдің қоғамдық-тарихи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі мазмұнда және сипатта көрінді. Франциядағы ағартушылықтың көрнекті өкілдері Ф. Вольтер, Ш, Монтескье, Ж. Руссо, Д. Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф және тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшін озық идеялар ұсынды, бұл идеялар күні өткен дәстүрлердіжойып, неғұрлым прогресшіл тәртіптерді енгізуге бағытталды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалова Қ. Ж. Сатершинов Б.Ш. «Саяси ой тарихы» Алматы, 2000ж
2. М. Мұхамедов Б. Сатаршинов Б, Сырымбетұлы. «Саяси – құқықтық ілімдер тарихы» Алматы 2002ж
3. История романтических и правовых учений Москва 1995 г
4. Азаркин «История политических учений » Москва 1994 г
5. История государство и право зарубежных стран Москва 1999г
6. Аппиан, Римская история: Пер, С. П. Кондратьева,-Вест, древней истории, 1950, , № 2-4.
7.Аристотель, Поэтика: Пер. М, Л. Гасларова,- В сб,: Аристотель и античная литература, М„ 1978.
8.Аристотель. Риторика: Пер. Н. Платоновой,-В кн.: Античные риторики. М., 1978,
9.Афиней. Пирующие софисты: Пер, Т. А. Миллер и М. Л. Гаспарова.— В сб.: Памятники поздней античной научно-художественной литературы II-V в. М., 1964.
10.Афиней, Пир софистов: Пер. С. Ошерова.—В сб.: Поздняя греческая проза. М., 1960.
11.Геродиан. История императорской власти после Марка.— Вест, древней истории, 1972, № 1 -1973, № 1.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім.
2.1 Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер
2.2 Франциядағы XVIII – XIX ғасырдағы феодалдық-абсолюттік ойлар
2.3 Франциядағы XVIII – XIX ғасырдағы Жан Жак Руссоның саяси ілімдері

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кіріспе.
Орта ғасырларда католик шіркеуі абсолютизмді және феодалдық тәртіптерді
қызғыштай қорғады. Монархиялық шексіз билік пен әлеуметтік теңсіздіктің
бәрін құдай жаратты, бұлар құдай ісі деген соқыр сенімді халық арасында
кеңінен таратты және қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейін-ақ
Еуропаның көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар
феодалдық құрылыс пен оның орнатқан тәртіптерін сынай бастады. Олар ғылым
мен оқуды дінге қарсы қойды, бас көтеріп келе жатқан буржуазия мен халықтың
басқа да топтарының мүдделерін қорғады. Феодализмнен капитализмге өту
дәуіріндегі осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистік қозғапыс Ағарту деп
аталып, оның өкілдері тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен
енді..
Ағартушылық бағыт сол дәуірдегі жас буржуазия мен халық бұқарасының
феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегі құрамды
бөліктерінің бірінен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтік-
адамгершілік идеалдар мен оны іске асырудың жолдарын іздестірумен
сипатталады. Адам қасиеттерін құрметтеуді, қараңғылық пен бойкүйездікті
жеңуді, рационалды білімді халық арасына кең таратуды басты мақсат еткен
ағартушылар ең апдымен, феодалдық тәртіптер мен шіркеу үстемдігін жоюды
талап етті. Олардың феодалдық тәртіптерге қарсы, жеке кәсіпкерлердің
еркіндігі мен адам бостандығын және құқықтарын қорғау және адамды, қоғамды
шіркеу мен абсолютизм өзгісінен азат ету жолындағы айтқан ой-пікірлері мен
үндеулерінің аса зор маңызы болды.
Ағартушылық әр елдің қоғамдық-тарихи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі
мазмұнда және сипатта көрінді. Франциядағы ағартушылықтың көрнекті өкілдері
Ф. Вольтер, Ш, Монтескье, Ж. Руссо, Д. Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф
және тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшін озық идеялар ұсынды, бұл
идеялар күні өткен дәстүрлердіжойып, неғұрлым прогресшіл тәртіптерді
енгізуге бағытталды.

2. Негізгі бөлім.
2.1 Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер.
Еуропадағы ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын
қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған
тақырыптардың біріне айналды. XVIII ғасырдың өн бойында социалистік мұратты
білдіретін әдеби шығармалар оған дейінгі бүкіл дәуірге қарағанда көбірек
жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидің "Табиғат
кодексі немесе оның заңдарының нағыз рухы", Г. Маблидің "Азаматтардың
құқықтары мен міндеттері туралы", Г. Бабефтің "Теңдік" және тағы басқа
еңбектерді қосуға болады.
Жеке меншікке жан-тәнімен қарсы болған Бабеф сол кезде өмір сүріп
тұрған халықтық емес мемлекеттік құрылысты құлатып, "халықтық мемлекет
орнықтыру" идеясын батыл жақтады. Оның ойы бойынша, мұндай мемлөкетті
қастандық жолымен өзінің жак,тастарының - яғни теңдікті жақтаушылардың
шағын тобы мен революционерлер дайындаған халық көтерілісі орнатады. Оның
."Теңдік" манифесінде көрсетілген "біз қоғамдық меншікке немесе дүние-
мүліктің ортақтығына ұмтыламыз. Мұнан былай жерге жеке меншік жоқ, жер
ешкімнің де меншігі емес. Біз жердің жемісін бәріміз де пайдалануды талап
етеміз, солай еткіміз келеді және жердің жемісі ортақ" болуы адамдардың
барлығын тұрпайы теңестіруге әкеліп соғатын қоғамдық құрылысты білдірді.
Ағартушылық ойдың дамуына энциклопедистердің де қосқан үлесі аз болған
жоқ. Энциклопедистер атауының пайда болуына жазушы әрі философ Дени
Дидро бастаған бір топ ағартушылардың 1751 жылдан бастап "Ғылым, өнер және
кәсіп энциклопедиясын" шығаруы себеп болды. Оның авторлары қатарында
Вольтер, Руссо және басқа да белгілі ойшылдар болды. Олар сол дәуірдегі
ғылыми білімдер мен алдыңғы қатарлы озық идеяларды бір жүйеге келтіруді
және мазмұндауды, оны оқырманға көптеп таратуды мақсат етіп қойды.
Озық идеялар ретінде феодалдық-абсолюттік тәртіптер мен шіркеу
үстемдігін сынайтын ойларды негізге алған олар, адамның бүкіл өмір
әрекетінің негізінде дін емес, парасаттылық, оқу-ағарту және ғылым
жататынына ерөкше назар аударды. Олар дін мен шіркеуді сынады, монархтардың
жеке билігін, сословиелік артықшылықтарды, шаруалардың феодалдық
міндеткерліктерін, басқа да ескірген тәртіптерді айыптады. Адамзат үшін
мәдениет құндылығын баса көрсеткен олар сөз, баспасөз және ар-ождан
бостандықтарының берілуін талап етті. Адамдардың заң алдында ғана тең
болуы мүмкін екендігін ескерген олар заңның күштілігі мен әділеттілігіне
ерекше назар аударды. Энциклопөдияның басшысы Дидро "заңдар жақсы болса,
мінез де жақсы, ал заңдар кесапатты болса мінез де кесапатты" деп жазды.
Энциклопедистер халықтың табиғи құқықтарын жүзеге асыру үшін
мемлекеттік басқару тәсілін өзгертуге, заңдарды рөттеуге көп көңіл бөлді.
Олар бүкіл француз қоғамы (ұлты) сословиеге бөлінген артықшылығы мен
құқықтары шектелген "азаматтардан" емес, заң алдында тең құқылы, тең
міндеттері бар ерікті азаматтардан тұруға тиіс деп жариялады.
Француз ағартушылары өз еңбектерінде қоғам мен табиғаттың арақатынасы,
қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, діни наным, адам
құндылықтары сияқты сұрақтарға жауап іздеді. Олар қоғам дамуының нәрін
парасаттылық пен саналылық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен
байланыстырып, "әлемді пікір билейді" деген қорытындыға келді.
Ағартушылық идеялары Франциямен қатар Италия, Англия, Германия, Ресей,
Голландия, СолтүстікАмерика және тағы басқа елдерде кең қанат жайды.
Ағартушылықтың гуманистік-адамгершілік идеялары мемлекет пен құқық туралы
ғылымның даму бағыттарына, әдістеріне және мазмұнына зор ықпалын
тигізді. Олардың озық ойлы идеялары ұлы француз революциясын дайындауда
және оның барысында маңызды рөль атқарумен қатар, оның юдеологиялық алғы
шарты қызметін де абыроймен атқара білді.
Француздың ұлы ойшылы және әдебиетшісі Франсуа Мари Аруэ Вольтер
европалық Ағартудың жұрт таныған дем берушісі және көсемі болып табылды. Ол
арнайы саяси-құқықтық еңбектер жазған жоқ. Бірақ оның шығармапарында
мемлекет, саясат, құқық және заң туралы көзқарастар көрініс тапты. Сол
дәуірдегі феодалдық қоғамның әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық
қайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердің сол қоғамға дейінгі
ойшылдардың көзқарастарынан басты ерекшелігі - бостандық рухы, гуманизм
және әділдік болды. Оның пікірі бойынша, әлеуметтік зорлық түп-тамырымен
жойылуы тиіс, ал оның ең басты көріністері адамгершілікке жатпайтын күштеу
әрекеттері, үстемдік, қараңғылық және сананы тұншықтыру.
Әлеуметтік зорлық пен қараңғылықтың басты тірегі мен жауапкершілігін
Вольтер шіркеуден іздеді. Оның шығармашылық еңбегінің көп бөлігі де
шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған.
Өзінің соқыр сенімі мен жауыздық әрекеттерін жүргізген құдайды ол
тиранға теңейді. Шіркеу қызметкерлерін -арамтамақтар мен қаңғыбастар
ретінде қарғайды, діни қуғындау мен фанатизмді аяусыз сынға апады. Ол
католиктік шіркеуге қарсы "сұмырайды таптаңдар" деген ұран көтерді жәнө
құдайдың барлық уақытта табиғат құбылысы мен адамның әрекетіне араласу
жөніндегі шіркеу ілімін әшкерелөді, дегенмен ол атеист болған жоқ. Ол
дінді халық үшін, хапықты бағынышты жағдайда ұстау үшін қажет деп
есептеді.
Вольтер барлық бостандықтың өмірлік бастауы болып табылатын ар-ождан
және сөз бостандығын діни қараңғылық пен сенім тұншықтыруда деп есептеді.
Ол католик шіркеуіне дұшпандық көзқараста және онымен аяусыз күресте
болғанымен, дін мен діншілдікті жоққа шығармайды. Вольтердің "егер құдай
болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген қанатты сөзі де бар.
Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жақтай қойған жоқ.
Бостандық пен білімді және адамгершілікті жоғары бағалаған ол еңбекші
халықтың ауыр тұрмысы мен оны жақсартудың жолдарын және қоғамды
демократиялық негізде қайта құру мәселелерін қарастырмады. Демократия мен
халық билігін тобыр билігі ретінде есептеді. Бірақ, табиғи құқықтар,
бостандық, теңдік оның қызу қолдаған мәселелері болды.
Вольтердің ойынша, жеке тұлғаның бостандығы қоғам бостандығы ретінде
емес, оның өзіне тиесілі бостандығы ретінде ғана қарастырылды. Жеке бас
бостандығының негізгі кілті ретінде сөз жәнё баспасөз бостандығын алдыңғы
орынға қояды. Оның католик шіркеуі тұншықтырған ар-ождан бостандығы туралы
идеясы да осы қатардан орын алған. Жаңа заман сипатының негізгі
ерекшелігінің бірі еңбек бостандығы да Вольтер көзқарасынан тыс қалмаған.
Яғни еңбек бостандығы "әркімнің өз қалауы бойынша неғұрлым жоғары бағаға
өз еңбегін сата алуы, өйткені еңбек те әр адамның жеке меншігі болып
санапады".
Вольтер нағыз бостандықты адамдар бір-бірінен тәуелсіз болғанда, олар
автономды субъектілер болып қалыптасқан кезде ғана көреді. Бұл жағдай
автономды еріктердің бейберекет қақтығысы мен қоғамдағы тәртіпсіздікті
туғыза қоймайды. Өйткені, адамдардың белгілі бір әрекетінде бір-біріне
деген тәуелділігі сақтапады және осы қатынастар бұл кезде басқаша сипат
алады. Вольтердің ілімі бойынша, "Бостандық тек заңға тәуелді болуды
білдіреді". Оның бұл сөзі кейіннен "құқық үстемдігі" идеясы ретінде бүкіл
Батысқа белгілі болды. Кейбір ойшылдар сияқты Вольтер бостандық пен
еркіндікті бір-біріне қарама-қарсы қоймайды. Ол еркіндікті саяси-құқықтық
мәннің шеңберінде, яғни барлық адамдардың тең дәрежедегі азаматтығы және
заң арқылы өзін қорғай алуы ұғымында түсінеді. Алайда, Вольтер мүліктік
теңдікті жақтай қоймайды, оның көзқарасы бойынша қоғамдық игіліктер
мәселелері жағынан дауыс беруге кез-келген адам емес, тек меншік иелері
ғана құқылы. Ол әсіресе, жеке меншіктің мызғымастығына, жеке адамның бас
бостандығына және заңмен тыйым салынбаған іоәрекеттің барлығымен айналысу
мүмкіндігіне көбірек мән бөрді.
Бостандық және еркіндік туралы ойларын Вольтер феодалдық қоғамды
реформалау туралы ұсыныстарында пайдаланды. Ол сословиелік артықшылықтарды
жоюды, шіркеу соттарын таратуды талап етті және мемлекеттік басқару
жүйесіндегі басты орындарды иеленген аристократияны бюрократиямен алмастыру
қажеттігін айтты.
Мемлекеттік басқару формасында абсолютті монархияға бүйрегі бұрған
Вольтер революциялық сілкіністер қажеттігін де жоққа шығармайды. Бірақ, ол
абсолютті монархияның "ағартушылық" болғанын қалайды. Король тағында
"ағартушы монарх" отырғанда ғана саяси құрылыс игілікті болып табылады.
Білімді және ақылды патшаға, сонымен бірге, қайырымды, кешірімді және
жомарттық қасиеттер де қажет. Терең білімді, адамгершілігі мол билеуші ғана
елдегі әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қайшылықтарды жоюға қабілетті,
яғни Вольтердің ойынша абсолюттік монархиялы билік өз күшін әлі де
әлеуметтік игілік үшін жұмсай алады. Вольтер философ билеген абсолютті
монархияның осындай әрекеттер жасай алатынына сенді. Ол мемлекеттік басқару
формалары мен билік институттарын және оның іс-қимылдарын маңызды деп
таппады. Яғни оның пікірінше мемлекет құрылысының ең жақсы түрі Англиядағы
сияқты тежеулі конституциялық монархия болып табылады. Вольтер үшін
әлеуметтік-саяси және құқықтық принциптердің ең маңыздысы бостандық,
меншік, заңдылық және адамгершілік болып саналды. Оның саяси-құқықтық және
ағартушылық идеялары бүкіл Европа мен Америкаға көңінен таралды. Шарль Луи
Монтескье - француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал
заңгер және саяси ойшылы. Ол құқықтану, саясатпен қатар философия, этика,
әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен
өнер жәнө дін мәселелөріне арналған көлемді шығармалар қалдырды. Оның
мемлекет, саясат және құқықтануға арналған басты үш еңбегі: "Парсы
жазбалары" (1721), "Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы
пікірлер" (1734) және жиырма жыл бойы жазған "Заңдар рухы туралы".
2.2 Франциядағы XVIII – XIX ғасырдағы феодалдық-абсолюттік ойлар.
Францияның феодалдық-абсолюттік тәртібі аяусыз сыналған "Парсы
жазбалары" бір жылда сегіз рет жарық көрді. "Римдіктердің қуаттылығы мен
құлауының себептері туралы пікірлерінде" Монтескьенің ағартушылық және
антидеспоттык, идеялары Ежелгі Римнің қоғамдық, саяси және рухани өмірінің
тарихи зерттеу тәжірибесімен және дәлелдерімен бекітіледі. Кең көлемде және
жан-жақты жазылған "Заңдар рухы туралы" еңбегі Монтескьені саяси және
құқықтық ойдың бүкіл әлемдік тарихындағы танымал классиктердің қатарына
шығарды. Сол кездегі қоғамдық құрылыс пен шіркеудің қарсылығына тап болған
бұл шығарма тыйым салынған кітаптар тізіміне енгізілді.
Монтескьенің саяси-құқықтық теориясының басты тақырыбы және онда
қорғайтын басты құндылығы - саяси бостандық. Оның аталған шығармасында
бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мөн
мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын
заңдар қарастырылады.
Монтескье барлық заңның бастауы жеке оқиғалардан туындайды, соның
салдарынан жеке заңдар басқа заңдармен байланысады және жаппы заңдармен
өзара тәуелділікте болады дейді. Табиғи заңдар адамдардың тіршілік
әрекетіне байланысты олардың ішкі өмірі негізінде қалыптасады, яғни адам
табиғатының қасиеттеріне қарай табиғи заңдар пайда болады. Монтескье бұндай
заңдарға адамдардың бейбіт тұруға ұмтылысын, өзіне қажетті азық-түлікті
табуын, адамдардың бір-біріне көмегін және олардың қоғамдағы тыныштық
өмірін қосады.
Француз ойшылы Гоббстың адамдардың әуелгі кезден-ақ бір-біріне
дұшпандық ниетте және бірін-бірі билеуге ұмтылғандығы туралы қателігін
арнайы атап көрсетеді. Монтескьенің ойынша, адамдар алғашқы кезде әлсіз,
қорғансыз, батылдығы жеткіліксіз болған және басқалармен бейбіт қарым-
қатынаста болуға, тең өмір сүруге ұмтылған. Адамдар қоғамға біріккен кезден
бастап қана өздерінің әлсіздігі туралы ойларды ұмыта бастаған, олардың
арасындағы теңцік жойылып, жеке адамдар және халықтар арасында соғыс
әрекеттері бастапған. "Осындай соғыстардың пайда болуы деп жазды ол,
адамдар арасында заң шығаруды қажет етті".
Халықтар арасындағы қарым-қатынасты белгілейтін (халықаралық құқық),
билеушілер мен басқарушылар арасындағы қатынасты айқындайтын (саяси құқық)
және барлық азаматтар арасындағы қатынастарды белгілейтін (азаматтық құқық)
заңдар пайда болды. Бір қоғамда және сол қоғамдағы заңдармен өмір сүретін
адамдардың қажет етуі себепті мемлекет құру қажеттілігі туындайды.
Заңдардың шығуына қажетті қатынастарға әр халықтың өзіндік сипаты мен
ерекшелігінің ықпалы бар екендігіне де Монтескье назар аударады. Сирек
жағдайда болмаса бір халықтың заңы екінші халыққа жарай бермейді. Бұл
туралы кейіннен қазақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов та "Сот
реформасының жазбасы" туралы еңбегінде айтады.
Монтескье, сонымен бірге, мемлекет белгілеген заңдардың табиғаты мен
принципі оның географиялық жағдайы мен ерекшелігіне, жер көлемі мен
табиғатына (ыстық, суық, шөл, тропиктік)г топырақ құрамына тұрғындардың
өмір салтына (егіншілер, малшылар, көшпелілер т.б.), халықтың санына, елдің
байлығына, әдет-ғұрыптарына сәйкес келу қажеттігін атап көрсетеді.
Монтескье заңдардың шығуына азаматтық жағдайда құрылған үкіметтің билік
етуі мен табиғаты шешуші ықпал ететіндігін айтады.
Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық
формасын көрсетеді. Басқарудың атапған түрлеріндегі заң шығару принциптері
мен бұл заңдардың кімгетиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында
халықтың теңдігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуге
тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдар
шығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінің
өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен
мемлекеттер үшін щеспоттық, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер
үшін демократиялық түрі тиімді деп есептейді.
Монтескье заң мен бостандық қатынасы мәселесіне арнайы көңіл бөлөді,
ол саяси бостандық туралы заңның екі түрін атап көрсетеді. Біріншісі -
мемлекеттік құрылымдағы саяси бостандықты қамтамасыз ететін заңдар,
екіншісі – азаматтардың саяси бостандығын қамтамасыз ететін заңдар. Бұл
жерде әңгіме саяси бостандықтың заң жүзінде бөкітілуі мен оның жүзеге асу
мүмкіндігі туралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектілерсіз , жарым-
жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье
"...еркін мемлекөттік құрылымда азамат бостандық ала алмаса немесе
азаматтың бостандығы сақтапмаса, яки қорғалмаса, мемлекеттік құрылысты
бостандығы бар құрылым деп атауға болмайды" деп жазды.
Оның ілімінің едәуір бөлігі "билікті бөлу" концепциясына арналған.
Локктың билікті бөлу идеясын одан әрі дамытқан Монтескье мемлекеттік
билікті теріс пайдалану жағдайында саяси бостандық бос сөзге
айнапатындығын, сондықтан да мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және
сот билігіне бөлу қажеттігін айтады. Билікті бөлудің басты мақсаты - өқімет
билігін теріс пайдалануды болдырмау. Биліктің бөлінуі мен олардың теңдігі
және әрқайсысының жорықсыз әрекеттерді өзара тыйып отыруы саяси бостандықты
мемлекеттік құрылымда қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады.

Егер, - деп жазды
Монтескье, заң шығару және атқару билігі бір адамның қолына шоғырланса,
бостандық болмайды, өйткені, монарх немесе сенат өзі тиімді пайдалана
алатын заңдар шығарады". Сот билігі заң шығару және атқару билігінен
бөлінбеген жағдайда да бостандық бола алмайды, өйткені судья өзі шығарған
және орындаған заңдар бойынша ғана әрекет етеді. "Заңда міндеттелмеген істі
ешкімнің де күшпен орындатуға өкілеттігі жоқ және заң тыйым сапғанды
істеуге мәжбүр етуге де болмайды".
Ұсақ буржуазиялық құрылысты мақсат еткен Робеспьер жеке меншікті қорғау
идеясынан әрі шыға алмады. Оның революциялық қызметінің бүкіл бойында
буржуазиялық мемлекеттік-құқықтық идеалының мазмұны ешбір өзгерген емес.
Ребеспьердің мінсіз мемлекет туралы концепциясы Руссо мен Монтескье
шығармапарының ықпалында пайда болған. Ол Руссоның табиғи құқықтар, басқару
формасы, өкілдікжүйе, жеке меншік шекарасы турапы және т.б. ілімдерін одан
әрі дамытты.
Робеспьердің саяси-құқықтық көзқарастары жиынтығының түпкі мәні -
мемлекеттік билік, оның басқару аппараты мен құрылымының принциптері және
қызметі туралы қағидапар болып табылады. Робеспьер ойынша, саяси одақтың
түпкі негізінде үш бастау болу керек. Олардың біріншісі..- азаматтардың
табиғи құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, олардың барлық қабілеттерін
дамыту, екіншісі - азаматтардың заң шығару мен басқару ісіне қатысу құқығы,
үшіншісі - мемлекеттегі халық билігінің мойындалуы. Халық барлық жағдайда
да өз тағдырын өздері шешуге құқылы. "Егер қоғамның бір мүшесі езгі көрсе,
онда бүкіл қоғам езгіде деп түсіну керек, ап егер қоғам езгіге ұшыраса,
онда әрбір қоғам мүшесінің езпге ұшырағаны".
Робеспьер алғашқы кезде, халықтың, бүкіл азаматтардың бостандыққа ие
болуы мемлекеттік мекемелер мен заңдардың әртүрлі болуынан өмес деген
қорытынды жасады. Бірақ революцияның одан әрі дамуы мен тереңдеуінен ол
басқарудың түрлі формаларының әлеуметтік-саяси мазмұнының үқсас емес
екендігін аңғарады және мемлекеттік биліктің монархиялық принципте
ұйымдастырылуына батыл тойтарыс беріп, елдің республикалық құрылысын жанын
сала қорғайды.
Елдегі революциялық оқиғаларға байланысты, Робеспьер конституциялық
және рөволюциялық үкімет концепциясын жасайды. Осы концепцияны ұсыну
барысында оның саяси-құқықтық идеялары едәуір өзгерістерге ұшырайды.
Робеспьердің билік етудің авторитарлық түріне көңіл қоюы айқын біліне
бастайды. Оның ойынша, конституциялық үкіметтің мақсаты -құрылып біткен
республикалық құрылысты сақтау, ең бастысы азаматтық бостандықпен айналысу,
азаматтарды билікті теріс пайдалануынан қорғау және т.б. "Конституция -
жеңімпаз және ол бөйбіт еркіндіктің режимі".
Революциялық үкімет Робеспьерге басқа мағынада көрінеді. Бұл үкімет
төтенше жағдайларда әрекет етуге арналған, яғни революция жауларына қарсы
күрес болып табылады. "Революция дегеніміз - бостандық жауларына қарсы
соғыс." Бұл күрес Робеспьерді биліктің диктаторлық режимін жақтауға ықпап
етті.
Революция жеңісі үшін алаңдаушылық батыл төтенше шараларды қолдануды
қажет етті. 1793 жылы жирондистерге ниеттес контрреволюционер әйел
Мараттың үйіне кіріп, оған қанжар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Монтескьенің еңбектеріндегі құқықтың өзекті мәселелерін, нысандары мен бағыттарын, ерекшеліктерін зерттеу
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер жайлы
Қайта өрлеу және ағартушылық кезең тарихнамасына лекция мәтіндері
Батыс Европа және АҚШ - тағы саяси - құқықтық iлiмдер
Батыс Европалық саяси-құқықтық ой
Пәндер