Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
- Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері . . . 5Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының мәні, түрлері және
құрылымдық ерекшеліктері . . . 5
- Қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері . . . 10
- ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ қаржылық ресурстарынЫҢ қалыптасуын талдау ЖӘНЕ БАҒАЛАУ . . . 15«ҚазМұнайГаз - Консалтинг ЖШС ұйымдық - экономикалық сипаттамасы . . . 15«ҚазМұнайГаз - Консалтинг қаржылық ресурстарының
өсу динамикасын талдау . . . 20
- Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды талдау және кәсіпорын қаржыларының қалыптасу мен пайдаланудың көкейкесті мәселелері . . . 24
- Қаржылық ресурстарды пайдалануды
жетілдіру жолдары . . . 32
- Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды жоғарлатудың негізгі бағыттары . . . 32
- Қаржылық ресурстарды басқаруды жетілдіру жолдары . . . 35
Қорытынды . . . 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41
КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткіздік. Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді. Шаруашылық субъектілерінің орталықтандырылған жүйеден тәуелділігі экономикалық тұрғыдан негізсіз болды. Кәсіпорындар нарық талаптарына сәйкес дербестікке қол жеткізе бастады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанң халыққа Жолдауында: «Экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқаруң керектігін баса көрсетті /1, б. 6/. Бұл осыған дейінгі ауыр да, қиын кезеңдерден Қазақстанның үлкен жеңіспен шыққандығын және осы қалыптан таймай, оны ары қарай қарқынды дамыту керектігін білдіретін сөздер. Өйткені, Қазақстанның қазіргі жағдайы Орталық Азия мен ТМД елдерінің арасында саяси тұрақты, экономикалық дамудағы көрсеткіштерді білдіріп тұр. Әлбетте, жетістікке жету салыстырмалы түрде алғанда оңай болғанымен, оны ұстап тұру және ары қарай дамыту өте қиын іс екені белгілі. Осы реттен қарағанда Елбасының саяси-экономикалық көзқарастары да осы жылғы жолдауда негізінен әлеуметтік секторға назар аударудан басталды.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржылық ресурстарын тиімді қалыптастыра білуінде. Яғни, ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін талдау мәселесі аз зерттелген, осы тұрғыдан келгенде зерттеу тақырыбының өзектілігі объективті. Ұлттық экономикалық жүйенің нарық жағдайындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастырудың ғылыми теориясы мен практикасы, нақты кәсіпорын мысалында («ҚазМұнайГаз - Консалтинг ЖШС) .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпорында қаржылық ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеп бағалау болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды қалыптастырудың жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік базасы мен негізгі нышандарын айқындау курстық жұмыстың мақсаты және де осы тақырыпқа сәйкес бірнеше міндеттер алға қойылып отыр:
- кәсіпорынды қаржылық ресурстары мәселесінің ғылыми-теориялық негізін зерттеу және қаржылық ресурстарды басқару жағдайындағы кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыруды талдау;
- шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
- нақты субъекті мысалында қаржылық ресурстарын қалыптастырудың талдау және кәсіпорындарды қаржылық ресурстарын қалыптастыруды басқару жұмыстарының басымдылықтары мен жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі ретінде барлық дерлік қазақстандық кәсіпорындар секілді нарықтық экономикада консалтингтік қызмет көрсету саласындағы компаниялардың бірі болып табылатын «ҚазМұнайГаз - Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Зерттеу жұмысының субъектісі ретінде ғылыми зерттеуді жүргізген курстықант пен оның ғылыми жетекшісін, өндірістік тәжірибеден өту ісі бойынша жетекшісін атаймыз.
Тақырыптың зерттеліну дәрежесі. Кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыру мәселелері біздің тәжірибемізде нарықтық экономикаға көшумен байланысты болғанымен, ол экономикалық ғылымға бұрыннан танымал мәселе. Сондықтан, тақырыптың зерттелу дәрежесін экономикалық ғылымның классикалық өкілдерінің еңбектерінен бастап қазірге дейінгілерді толықтай атай аламыз. Бұл мәселе, шетелдік ғалымдар Ю. Бригхем, Ван Хорн Дж. К, К. Уоми, еңбектерінде, ресейлік И. Т. Балабанов, А. Д. Шеремет, М. Н. Голикова жұмыстарында, отандық М. М. Мухамбеков, К. Ш. Дүйсенбаев, В. Л. Назарова, т. б. еңбектерінде қаралған.
Курстық жұмыстың әдістемелік базасы . Зерттеу жұмысының даярлау барысында экономикалық ғылымға танымал ғылыми әдістермен қатар шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған әдебиеттерден, Үкімет пен министрлік-ведомостволық заңды-нормативтік құжаттар, статистикалық-аналитикалық мәліметтер, бұқаралық-ақпарат құралдары мен интернет желісінің материалдары пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы үш тараудан, сегіз бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім ғылыми жұмыстар жазу тәртібіне сәйкес рәсімделген.
1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бұл бөлімде шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарына жалпы сипаттама беріліп, құрылымы, қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері және шетелдік тәжірибелер негізінде салыстырулар қарастырылған.
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық ресурстардың мәні, түрлері және
құрылымдық ерекшеліктері
Шаруашылық субъектілерінің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.
«Ресурстарң термині француз тілінің «rescourceң сөзінен шыққан, яғни қосымша қаражат. Ресурстар ақшалай қаражаттарды, құндылықтарды, мүмкіндіктерді, қаражаттар мен табыстардың қайнар көздерін білдірді.
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары - бұл оның иелігіндегі ақшалай қаражаттар. Қаржылық ресурстар өндірісті дамытуға (өндірістік-саудалық үдеріс), өндірістік емес саладағы объектілерді ұстауға және дамытуға, тұтынуға бағытталады, сонымен қатар резервте де қалуы мүмкін.
Өндірістік-саудалық үдерістің дамуына жұмсалған қаржылық ресурстар (шикізат, тауар және басқа да еңбек заттарын, еңбек құралдарын, жұмыс күшін және өндірістің өзге де элементтерін сатып алу) ақша нысанындағы капитал. Сонымен, капитал - қаржылық ресурстардың бөлігі. Капитал - бұл айналымға жіберілген және осы айналымнан табыс әкелетін ақша. Ақша айналымы кәсіпкерлікке салу, қарызға беру және жалға беру жолдары арқылы жүзеге асырылады. Капитал - бұл пайда алуға бағытталған ақша.
Капитал - шаруашылық субъектілерінің өзіндік жоғарлауына қолданылатын байлық болып табылады. Капиталды шаруашылық қызметке салғанда, оны инвестициялаған кезде ғана пайда әкеледі. Капиталдың жалпыға ортақ формуласы (1) келтірілген. :
Д - Т - Д*, (1)
мұндағы,
Д - инвестормен авансталған ақша қаражаттары;
Т - тауар (өндірістке сатып алынған құралдар, жұмыс күші және де өндірістің басқа да элементтері) ;
Д* - өткізілген қосымша құн қосылған тауарды сатудан түскен инвестормен алынған ақша қаражаттары;
Д* - Д - инвестордың пайдасы (қосылған құн) ;
Д* - Т - тауарды сатудан түскен пайда;
Д - Т - тауарды сатып алуға кеткен инвестордың шығындары.
Келтірілген операцияда Д - Т - Д* өндірістік-саудалық үдеріске салынған ақша қаражаттары (Д) толығымен жұмсалмайды, ол тек қана авансталады, кейін айналым аяқталғаннан кейін ол салымшыға (инвестор) қосымша пайдамен қайтарылады. Капитал әр уақытта айналымда болуы тиіс, жыл сайынғы айналым көп болған сайын инвестордың жылдық пайдасы да көп болады. Капиталдың құрылымы ақшалай қорлардан құрылады. Капиталдың құрылымына негізгі қорларға, материалдық емес активтерге, айналым қорларына, айналыс қорларына салынған ақша қаражаттары кіреді. Салым нысанына байланысты кәсіпкерлік және несиелік капитал болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік капитал - бұл тікелей және портфелдік инвестиция арқылы әртүрлі кәсіпорындарға салынған салым түріндегі капитал. Бұндай капиталдық салым пайда табу және кәсіпорынды (акционерлік қоғам, серіктестік) басқару құқығына ие болу мақсатында салынады.
Несиелік капитал - бұл ақшалай капитал, яғни қайтарымдылық және ақылылық талаптарға сәйкес берілетін несие. Кәсіпкерлік капиталға қарағанда несиелік капитал кәсіпорынға салынбайды, бұл басқа кәсіпкерге (инвесторға) пайыз табу мақсатында уақытша беріледі. Несиелік капитал - бұл тауар, ал оның бағасы - пайыз. Төменгі пайызбен алынған несие - «арзан ақшаң, ал жоғары пайызбен алынған несие - «қымбат ақшаң болып табылады. /5, б. 55/
Негізгі қорлар (негізгі капитал) - өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке, есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдардың өмірлік циклі келесі кезеңдерден тұрады: түсім - өндірістік үдерісте қатысу - кәсіпорын ішінде ауыстырылуы - жөндеу - жалға беру - түгендеу - шығып кету. Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын «табиғиң және «сапалықң тозу деп екіге бөледі. Табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектердің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көр уақыт бойы пайдаланғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігінде байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады. Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды) . /6, б. 25/
Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын, өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады, оны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау қайтарылады. Негізгі құралдардың тозуына сәйкес келетін ақшалай қаражаттар амортизациялық қорда жинақталады. Амортизациялық қор немесе өтелетін ақшалай қор әр уақытта қозғалыста жүреді.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің ерекшелігі бірқатар белгілі сипаттамаларға байланысты анықталады, оларға: дайындалған өнім құнына негізгі қорлардың құнын бірқалыпты ауыстыру; құн мен тұтынушылық құнның қоғалысы; қорлар құнының айналымы; дайын өнімдегі құнды бөлшектеп ұдайы өндіру және ақшалай нысандағы жинақталуы; ұзақ мерзімді кезеңдерде негізгі қорларды заттық - табиғи нысанда қайта жаңарту, бұл өз кезегінде амортизациялық қордағы қаражаттарды оңтайландыруға мүмкіндік туғызады.
Сурет 1. Негізгі қорлардың айналымы
Негізгі қорларды сатып алуға авансталған ақшалай қаражаттар негізгі құралдар (негізгі капитал) деп аталынады. Қорларға жұмсалынған ақша қаражаттары аванс арқылы жүзеге асады. Мақсаттық бағытталуына байланысты өндірістік үдерістегі рөлі мен орындалатын қызметтерінде негізгі қорлар белгілі топтарға сыныпталады.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер уачскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатады.
Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктері, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салалары мен қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
Материалдық емес активтер - белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтер.
Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары, тауар белгісі, жер қойнауы, электронды есептеуіш машиналарды, өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады. /7, б. 206/
Гудвилл - (ағылшын тілінің good wіll - фирманың беделі) екі мағынаны білдіреді.
Біріншіден, гудвилл - бұл фирма байланыстарының іскерлігі шартының құны, фирманың материалдық емес активтер бағасының жинағы, болмашы капиталдың ақшалай бағасы. болмашы капитал өзіне сауда маркасының беделін, іскерлік байланыстардың тәжірбиесін, тұрақты клиентураны, техникалық, ұйымдастырушылық, және басқарушылық ресуртарды, қаржылық әлемдегі атақты, өткізу қызметінің механизмін бағалау және тағы басқаларды қосады.
Екіншіден, гудвилл - өзі болмашы негізгі капиталды жалпы фирма бағасы мен негізгі капиталдың нақты бағасы арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Гудвилл - бұл теңестірілген активтер мен міндеттемелердің әділ құнына сатып алушы үлесінің үстінен арттырылған құны болып табылады.
Теріс болмашы актив фирманың сату және баланстық құн арасындағы айырмашылықты білдіреді.
Сатып алынбаған гудвилл көптеген жылдар бойы клиенттер мен сатып алушылар арасындағы шаруашылық субъектінің беделін көтеру және табыс алуға, оның жоқ кезіндегі табыстардан жоғарғы табыстар алуға жету үшін сатып алынады.
Гудвилді сатып алуға болады. Гудвилл өзін шаруашылық субъект сатылатын кезде көрсетеді. Шаруашылық субъект сатылатын бағаның құрамына меншік капиталының құны, қосымша капитал құны, гудвилл кіруі мүмкін.
Пайдалану сипатына қарай материалдық емес активтер негізгі құралдарға ұқсас. Олар ұзақ уақыт пайдаланылады, табыс әкеледі, уақыт өте келе көбісі өзінің құнын жоғалтады. Материалдық емес активтердің ерекшелігі болып олардың материалдық-заттық құрылымының жоқтығында, құнын анықтаудағы қиындық, пайдаланудан түскен пайданы анықтаудың күрделілігі. Материалдық емес активтерді бағалағанда және оны жарғылық капиталға енгізгенде әлемдік немесе ішкі нарыққа сәйкес бағалайды. Материалдық емес активтердің құнына сатып алынған бағасы, сатып алуға және бұл активтерді дайын жағдайға келтіруге кеткен шығындарды қосады. Материалдық емес активтердің құны тозуды есептей отырып өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Қоғамдық еңбек бөлінісінде бір шаруашылық субъектілерінің еңбек өнімдері басқа шаруашылық субъектілерінің еңбек (құрал) заттары болып табылады. Сондықтан өндірістік және тауарды тұтыну үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір шаруашылық субъектілерінде және олардың басқа шаруашылық субъектілеріне кетер жолында еңбек өнімі мен заттарының қоры болуы қажет.
Еңбек заттарының қоры айналым қорларының заттық элементтерін көрсетеді Олар екі бөліктен тұрады: өндіріс үдерісіне әлі кіріспеген, бірақ шаруашылық субъектісінің қарауындағы, және өндірілгеннен кейін дайын өнімге айналатын осы өндіріс үдерісіндегі еңбек заттарынан тұрады. Еңбек заттары қорларын құру үшін оларға белгілі бір мөлшерде ақша қаражаттарын салу керек. Бұл шығындарды шаруашылық субъект аванс түрінде өндіреді. Бұл бөліктердің әрбіреуін ақшалай қаражатпен аванстау әр түрлі жолдармен әртүрлі уақытта құрылады. Айналым қорларының бірінші бөлігін құру үшін өндірістік қорларда затқа айналған ақша қаражаттары шаруашылық субъектісінің қарауындағы еңбек заттарын алуы бір мезгілде авансталады. Аяқталмаған өндірісте жүзеге асырылған айналым қорларының екінші бөлігі, еңбек затының (шикізат) құны түгелімен, өндірістік үдерісте құрылған (еңбек ақы мен оған есептелген сома) негізгі құралдар құнының жарым-жартылай бөлігі мен табыстың бөлігі, көшірілуінен пайда болады. Ақырғысы өндіріске деген ақша шығындары нысанын қабылдайды.
Қорыта келгенде, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары - бұл оның иелігіндегі ақшалай қаражаттар. Қаржылық ресурстар өндірісті дамытуға (өндірістік-саудалық үдеріс), өндірістік емес саладағы объектілерді ұстауға және дамытуға, тұтынуға бағытталады, сонымен қатар резервте де қалуы мүмкін.
1. 2 Қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері
Қаржылық ресурстар бірқатар қайнар көздердің есебінен қалыптасады. Меншіктік құқықтық нысаны бойынша меншікті ақша қаражаттары және бөтен қайнар көздерден тұрады.
Қаржылық ресурстардың қайнар көздерінің құрамы мен қолдану бағыттары (Қосымша А) көрсетілген.
Шаруашылық субъектіде пайдалар мен табыстардың біртұтас жүйесі қызмет жасайды. Табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың көбеюін яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай табыстарға: дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивиденттер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады. /5, 102б. /
Осы аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төленген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды: алдын - ала аванс ретінде алынған табыстар; алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы;
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түлерге бөлінеді:
Негізгі қызметтен алынған табыстар
Негізге емес қызметтен алынға табыстар
Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.
Пайда мен табыстар жүйесінің құрамы өнімді өткізуден түскен пайдадан, басқа да өткізуден түскен пайдадан, өткізуден емес операциялардан түскен табыс (осы операциялар бойынша шығындарды алып тастағанда), баланстық (жалпы) пайдадан және таза пайдадан тұрады. Сонымен қатар салық салынатын пайда және салық салынбайтын пайда болып ажыратылады. (Сурет 2. )
Нарықтық экономиканың ажырамас белгісі болып консолидацияланған пайданың пайда болуы. Консолидациялық пайда - бас кәсіпорын мен еншілес кәсіпорындарының қаржылық нәтижелерінің және қызметітерінің бухгалтерлік баланс бойынша жинақтық пайдасы. Консолидацияланған бухгалтерлік есеп белгілі бір заңдық және қаржы-шаруашылық қарым-қатынастағы екі немесе бірнеше шаруашылық субъектілерінің есептерінің жинағын білдіреді. Консолидацияның қажеттігі экономикалық мақсатқа лайықтылықпен анықталады.
Кәсіпкерлерге бір ірі фирма ашқанның орнын заңи дербес бірақ экономикалық байланысқан бірнеше кішігірім фирмалар ашқан тиімді, осы жағдайда салық төлемдерінен үнемдеуге болады.
Кәсіпорындардың әрқайсысы жеке заңды тұлға болып табылады және өзінің қаржылық есеп берушілігін жасайды, бірақ басқа жағынан алғанда еншілес және бас кәсіпорындардың арасындағы ерекше қатынастар мен байланыстарды ескере отырып, олар біртұтас біріңғай ретінде қарастырылып, консолидацияланған есеп берушілік деп аталатын жалпы есеп берушілікті жасайды.
Сурет 2. Шаруашылық субъектінің таза пайдасының құрылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz