Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
І. Қызылорда қаласының табиғи - экологиялық жағдайлары
1. 1. Экологиялық - географиялық орны . . .
1. 2. Литогендік негізі . . .
1. 3. Гидрологиялық - климатогендік ортасы . . .
1. 4. Биогендік компоненттері . . .
1. 5. Қазіргі табиғи кешендері . . .
ІІ. Антропогендік факторлардың қаланың экологиясына тигізер әсерлері
2. 1. Табиғатты пайдаланудың урбаэкологиялық негіздері мен қаланың урбажүйелі функцияналды құрылымы . . .
2. 2. Қоршаған ортаға өндірістің тигізетін әсерлері . . .
2. 3. Табиғи ортаға транспорттың тигізетін әсері . . .
2. 4. Ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға тигізер әсері . . .
ІІІ. Қаланың қазіргі кездегі табиғи жағдайлары
3. 1. Урбандалған территорияның экологиялық бағалау әдістемелері . . .
3. 2. Ауа бассейні мен су қорларының жағдайлары . . .
3. 3. Топырақтық - жер ресурстарының жағдайлары . . .
3. 4. Қызылорда қаласы қоршаған ортасының экологиялық жағдайына сапалық баға беру . . .
ІV. Экологиялық қауіп - қатерді бағалау, Қызылорда қаласының тұрақты дамуы және табиғатын қорғау міндеттері
4. 1. Урбажүйенің қауіп - қатер жағдайында тұрақты дамуының ғылыми негіздері . . .
4. 2. Қала аумағындағы экологиялық қауіп - қатер дәрежесінің кеңістікті көрінуі . . .
4. 3. Қызылорда қаласы қоршаған ортасының экологиялық дестабилизациясы қауіп - қатерін кешенді бағалау . . .
4. 4. Қала қоршаған ортасының экологиялық дамуының аумақтық негіздері . . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі бағзы замандардан бері Сырдария өзенінің алқабы Орта Азия мен Қазақстандағы егіншілік мәдениетінің орталығы болды. Қызылорда облысында қажетті табиғи ресурстар жинақталған. Бұнда Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалалрдың бірі - Қызылорда қаласы орналасқан.
Соңғы он жылджа Арал теңізінің тартылуына Сырдария өзенінің алқабын қарқынды игеруге және осы өзеннің науасындағы суды есепсіз, ысыраппен пайдаланғанына байланысты Қызылорда облысының территориясында апатты экологиялық жағдай қалыптасқан. Теріс антропогендік әсер Арал теңізінің тартылуына тұтас экожүйенің құлдырауына әкеп соқты. Бұл жағдай табиғатты қорғаудың Сырдария өзені алқабының экономикалық тұрғыда игерілген бөліктерінің рационалды қолданылуының ғылыми негізделген шараларын ұйымдастыру қажеттілігін туғызды.
Осы кезге дейін Қазақстанның географ ғалымдары мен экологтары Қазақстанның Арал өңіріне Сырдария өзені алқабының ландшафттысына кешенді зерттеулер жүргізіп келді. Дегенмен, Қызылорда өзге тұрғындар көп шоғырланған жерлерде қоршаған ортаға кешенді экологиялық - географиялық зерттеулер жүргізілмеген.
Урбандалған орта - табиғаттың терең өзгеріске ұшыраған ареалы, ерекше экожүйе. Тұрғындар өміріндегі гигиеналық және өзгеде жағдайға қаладағы табиғатты тиімді қолданылуына байланысты шешімдер, әдістер, жолдарын урбаэкология қарастырады.
Техногендік ауыртпашылықтардың үлкен концентрациясының әсерінен урбандалған территориялар табиғатты құлдыратудың ірі ошағына айналған. Қызылорда қаласы Қазақстандағы Арал өңірінің орталығы ретінде қоршаған ортамен тығыз қарым - қатынаста қалыптасып дамуда және Қызылорда облысына тән экологиялық проблемалардың да әсерлері байқалады. Қызылорла қаласында облыс тұрғындарының 26, 4 % - ы (157, 3 мың адам) тұрады. Сол себепті Қызылорда қаласының урбандалған ортасы Қызылорда облысындағы қоршаған орта жағдайының маңызды индикаторы болып саналады. Қызылорда қаласы қоршаған ортаның геоэкологиялық жағдайы табиғи - экологиялық себеп - салдарларын біртұтас урбаөндірістік кешенді қарастыруға мүмкіндік береді. Қызылорда қаласының экологиялық проблемалары мен табиғатты қорғауға қатысты кеңестер жалпы Қызылорда облысына тән.
Осының барлығы Қызылорда қаласының табиғатты қорғау проблемаларын зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
І. Қызылорда қаласының табиғи- экологиялық жағдайлары
1. 1. Экологиялық- географиялық орны
Экология - географиялық территориясының жағдайы деп оның жерге қатысты маңызды экологиялық жағдайлары [1] .
Экология - географиялық жағдайының ғылыми анализінің маңыздылығы территорияны урбандауда жаңа принциптермен, оған жүйелік сипаттама беру. Экология - географиялық орнының ерекшклігін қоршаған ортаның қазіргі геоэкологиялық жағдайы анықтайды. Соған байланысты оның мынадай сұрақтары бар: қала жағдайына табиғи ішкі және анторпогенді көздердің экологиялық маңыздығы, сондай-ақ қаланың географиялық жағдайының сипаттамасына қатысты ішкі табиғи-анторпогенді процестер, экологиялық қауырт жағдайларды күшейтеді.
Қызылорда қаласының, Қызылорда облысының административті орталығы, ол Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Қызылорда қаласының территориясы Сырдария өзенінің оңтүстігінде 44°44′ -44°53′ аралығында орналасқан және 65°2′ - 65°35′ бойлықта. Ол солтүстік - батыстан оңтүстік шығысқа, 15 км созылып жатыр және 8 км дейін тең. Қала ауданы - 605 км 2 , ал оған қатысты жергілікті пунктермен 821 км 2 жетеді. 1996 ж Қызылорда қаласының құрамына Қызылорданың арнайы экономикалық зоналары кіреді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті 1996 ж 8 қазандағы №3123 «Қызылордада арнайы экономикалық зона ашылу» атты жарғыға байланысты құрылған және өндіріс экономикасын дамыту мақсатында жоғарғы эффективті және экспортты заттарды шығаруда Қызылорданың АЭЗ урбокомплексті кешен және өзіне 8 административті территорияларды қосады: Қызылорда қаласы, 2 қала типті ауылдар - Тасбөгет және Белкөл, 5 ауылды округтер - Қызылжар, Қызылөзек, Ақсуат, Қасшыңырау, Ақжорма [2] .
Физика - географиялық зерттеулерге қатысты территория төменгі Сырдарияға, Тұран ойпатынына қатысты. Ол Сырдария өзеннінің қазіргі аккумулятивті аңғары, оның төменгі ағынында орналасқан [3, 4] .
Ойпатты рельефпен сипатталады, абсолютті белгілері 124-135 м дейін, оданда жоғары аудандар қаланың оңтүстік шығысында. Рельефтің ойпатты сипаты территорияның ашықтығына тиеді, яғни Қазақстанның басқа аудандарынан келетін атмосфера ластаушы заттардың түсуіне ықпал етеді. (Арал теңізі, Байқоңыр космодромы) .
Қаланың төменгі ендікте орналасуы Милан (Италия), Новороссисктің (РФ) ендігіне сәйкес, күн радияциясының көптігі және сыртқы теңіздер мен үлкен мұхиттардан алшақтығымен климаты континентальді және құрғақтылығымен ерекшеленеді. Қаңтардағы орташа температура -8, 4°С, шілдеде +29°С. Атмосфералық жауын мөлшері жылына 129 мм. Гидротермикалық деңгейі 0, 1 яғни климат құрғақтығын көрсетеді. Сондықтан, Қызылорда қаласының территориясының климаттық жағдайы қоңыржай белдеудің солтүстік шөлдерінің қуаңшылық климатымен жарқын түрімен сипатталған, ол осы жерде қуандану және шөлейттену процестерінің болуымен бақыланады. Қызылорда қаласының маңызды гидроэкологиялық жағдайын, оның орта азия бойынша 2 орындағы өзеннің Сырдария жағалауында орналасуымен анықталады. Сырдария өзені қаланы оңтүстігінен батысына қоршап, 10 км жатыр. Сырдария өзені негізгі қаланы сумен қамтамасыздандырушы және оған қатысты елді мекендері де. Ағыстың реттелуі, судың суғару деңгейінің өсуімен және Сырдария өзеніне құятын суармалы су ағыстарының өсуі, 20-25жылда өзгерістердің болуы: судың минералдылығымен лайлығы өсті (0, 72 г/л-ден 1, 40 г/л өскен) . Сырдария өзенінің трансшекаралық ағысының сипаты су сапалығымен анықталады: ағыстың жоғарғы жағына Өзбекстан, Тәжікістан және Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістік орындарды қалдық суларының әсері бар. Соңғы жылдары су сапасының тенденциясы жақсарған, ол Сырдария өзенінің ағыс көлемінің өсуі және орта Азия мемлекеттерінің экономикалық активтілігінің төмендеуі әсер көрсетті [5] .
Қызылорда қаласының территориясындағы өзен сулары су ластану индексінің өлшемі бойынша 3 класқа жатады. Судың сапалығына негізгі әсерді коллекторлы-дренажды су лақтырымдары ауыл шаруашылығының аудандарында көп мөлшерлі пестицидтердің және минералды тұздардың болуы.
Сырдария, Қызылорда ауданына су қалдығындағы негізгі көз және ағыс суды шақырушы. Қызылорда қаласында медико-санитарлы жағдайдың нашарлауы, соңғы жылдары су ресурстарының тапшылығы мен және өзен суларының жоғарғы дәрежелі ластануы [6] .
Қаланың экология - географиялық жағдайының зерттеудегі маңызды аспектілер анализі көрші және шекаралық территориясының экологиялық жағдайы. Қазақстан Республикасының жоғарғы советінің 1992 ж 18 қаңтардағы шешімі бойынша Арал жеріндегі халықтың тұру жағдайының түпкі тоқтамсыз жағдайы. Қызылорда облысының территориясы екі зонаға бөлінген:
а) экологиялық катастрофа зонасы 2 административті аудан (Арал және Қазалы) кіреді;
б) экологиялық тоқырау зонасы, оған Қызылорда қаласынан басқа 6 административті аудан - Сырдария, Жалағаш, Шиелі, Қармақшы, Жаңақорған, Тереңөзек кіреді. Осыған орай, Қызылорда қаласына қатысты аталған аудандар экологиялық тәуекел көздері, ал ауа ағымдары Арал теңізінің экологиялық зонасындағы - ластануды тасушы фактор деп қарастырады [7] .
Ауа бассеиінің ластануында маңызды рөлді топырақтың техногенді ластануы және зерттелетін жер сулары Қызылорданың батысына жақын Арал теңізінің құрғақ түбіне жатады. Жасанды жер серігінің космостық суреттерінде шығыс жағалауларында шаң лақтырылымдары және құрғақ теңіз түбінен оңтүстік-шығысқа, Қызылорда қаласына қарай тасымалданады. Тұзды-шаңды шливтер ұзындығы космостық суреттер боиынша 200-300 км құрайды. Арал теңізінің құрғақтануы Қызылорда қаласы территориясындағы экологиялық жағдайдың қиыншылықтарының бірі. Экологиялық тәуекелдің белгілі факторы атмосфераға лақтырымдар түсіуі Қызылорда қаласынан 200 км солтүстік батысқа қарай орналасқан «Байқоңыр» космодромның жұмыстары. Космодромның Қызылорда қаласына әсері солтүстік батыс және солтүстік румбтар желдері арқылы атмосфералық аэрозолдардың тасымалдануы [8] .
Айтылғандар Қызылорда қаласының экологиялық жағдайының сыртқы факторында үлкен рөл атқарады. Қызылорда қаласының қоршаған ортасының экологиялық өзгерістері болып жатқандардың бағыттылығы мен масштабтарға баға беру.
1. 2. Литогендік негізі
Қызылорда қаласының геологиялық құрылымы табиғи-экологиялық жағдайында маңызды рөл алады. Литология түрлері жер бедерінің түрін, жер асты суларының жинақталуына, топырақтың пайда болуын анықтайды. Антропогендік факторлардың литогенді ландшафт негізіне әсері, біріншіден геологиялық фундаментті толықтығының бұзылуымен техногенез процесі кезінде жер бедеріне тиеді. Бұл литогенді ортаның өзгерісінің қоршаған орта дестобилизацисының экологиялық тәуекелін көрсетеді, ал жер бедеріне, жер асты суларына, топыраққа, биотаға әсер етеді [9] .
Қызылорда қаласының территориясы Сырдария ойысының орталық бөлігінде орналасқан. Бұл жазықты жоғары полеозой жасы және Тұран плиталарының бөлігінің құрылымы. Ойыстың орталық бөлігі Қызылорда қаласының территориясындағы полеозой фундаменті 600-800 м тереңдікте жатыр. Сырдария ойпатының геологиялық тарихының ұзақтығы террагенді материалдарды көрсетеді. Ескі қиын дислоцирді полеозой фундаменті теңіз түріндегі шөгінділермен табылған, Сырдария өзенінің шөгінділері дельта-алювиальді. Бұл қабат қалыңдығы шаңды саздардан, суглинектерден және ұсақ құмдардан мезо-кайназойдан тұрады [10] .
Мезазой эрасының шөгінділері кең дамыған бор жүйелі жауындардан тұрады, олар континентальды ала-құла түсті саздақтармен көрсетілген. Осы шөгіділер қуаттылығы жоғары бор жасына байланысты, төрттік ярусымен көрсетілген, 140-150 м құрайды. Оларға негізгі су горизонты жер асты сулары келтірілген жоғарғы континентальды шөгінділердің неогенді жүйесі құмдақты-сазды түрдегі қабаттан тұрады. Жасының қуаттылығы 60 м дейін. Неогенде жазықттық толығымен құрылған, сондай-ақ Сырдария өзенінің төменгі жазықтығының геологиялық процестерінің дамуына да әсер етті. Жер бетінен тұрақты түрлер төрттік жастағы шөгінділермен жабылған, олар құмдар, супессиялар және сазды топырақтармен көрсетілген және қуаттылығы 70-80 м. Геологиялық құрылымның әртүрлілігі гидрогеологиялық ерекшелігін анықтайды. Мұнда су ұстап тұратын көк жиектің бірнеше түрі кездеседі, Қызылорда қаласын сумен қамтамасыздандыруда маңызды рөл атқарады.
Геологиялық құрылым Қызылорда қаласынның урба жүйесінің қазіргі экологиялық көптігін анықтайды. Онымен мынадай маңызды табиғи-экологиялық жағдайға байланысты, жер бедері жазықтығы және оның әлсіз сулану территориясының болуы мезо және микро жер бедерінің эрозиялық формасының көптігін топырақтың жағдайын анықтайды. Қызылорда қаласының жер асты суы және ландшафт құрылымын анықтайды. Онымен құрылу этапын анықтау қызық, Сырдария өзенінің төменгі релефінің құрылуы.
Қызылорда қаласының жер беті жауынды аккумулятивті комплекст түрлерімен көрсетілген. Айта кететін жай ертеде жер бедерінің құрылымы Сырдария потенциалының маңызы. Соған орай, Қызылорда қаласының ауданында аллювиальді қабаттың шөгінділердің жинақталуы. Сырдария өзенінің ескі аңғары Орта Тұранның кең жазықтықтарында құрылған.
В. М. Боровскийдің мәліметтері бойынша басталу этапы төртінші уақыттының ортасы. Сырдария өзенінде шөгінділердің жиналуы. Кельтеминар дельтасының құрылуынан кейін, өзен ағыстарының күрт азаюы жүрді. Аллювильді жел арқылы және құмды атыздарды биіктігі 15-30 м құрады. Голоценде аллювильдің жинақталуы 2 этапта жүреді. Бұл уақытта атыздардың бөлігінің өңделуі және кельтеминаралді аллювильдің жинақталуы. Сырдария өзенінің төменгі ағысының үлкен бөлігіндегі жаңа аллювиль ескі құмдар бетіне жатады.
Қызылорда қаласы территориясында мезо-кайнозой жасындағы құмды-сазды шөгінділері маңызды экологиялық роль атқарады. Бұл түрлер тез су және жел эрозиясына ұшырайды. Олар жер асты сулары мен ыза суларының араластырушы тұзды топырақта гидроларды топырақ құрылады, олар сор топырақты [11] .
Сырдария өзенінде күшті эрозиялы шоғырлану қызметінде аллювиальды жазықтық құрылған. В. М. Баровский мәліметтері бойынша оның беткейі Қызылорда қаласының ауданында 123-132 м теңіз деңгейінен биікте жатыр. Қазіргі жер бедерінің құрылуында сондай-ақ дефиляциялық шоғырлану факторға қатысты. Осы процестердің нәтижесінде Қызылорда қаласының территориясында жер бедерінің шоғырланған түрі және құмды жазықтық. Құмдар өсімдіктермен жақсы бекітілген, бірақта күшті жел қызметі құмдардың таралу процесіне жолды жер бедері формасының құрылуына қатысады [11] .
Негізінен, Қызылорда қаласының территориясының геоморфология жағдайы өте қарапайым. Мұнда жазықтықтар көбіне Сырдария өзеннінің ағысына аз еңкейген оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыстан 132-123 м дейін. Жазықтық периферасында ұсақ төбелі және төгілмелі құмдар дамыған, биіктігі 10 м дейін. Олардан төмен сорлы және үлкен емес көлдер - ескі қалған өзен аңғарлары. Қала ауданында Сырдария өзені өте иірімді, мұнда кезектесіп ескі және батпаққа айналған жер бедері кездеседі. Бүкіл территорияда ескі арна төмендеулер көрсетілген, эолды процестермен әлсіз өңделген. Қазіргі геоморфологиялық құрылымы Қызылорда қаласының территориясының В. М. Баровскийдің мәліметтерінше келесі түрде көруге болады. Мұнда Сырдария өзенінің 3 террасысы көрсетілген. Қазіргі арнаның абсолюттік биіктігі 2-3 м, кеңдігі 5-6 км. Бірінші арна беткейінің террасысы Қызылорда қаласының маңызды бөлігінде орналасқан, оның биіктігі 5-6 м. Ең үлкен биіктігі екінші арна террасысы Сырдария өзенінен 12 м дейін, ені 20-25 км жетеді. Оның беткейі күшті жолды өңдеуге түскен және негізінен ұсақ төбелі және төгілгіш құмды [11] .
Шоғырланған жер бедері антропогендік қызмет әсерінен күшті бұзылған: көптеген өзен учаскілері құрылыстанған, қола инфрақұрылымында жатқызылады. Мұнда өндіріс объектілері тұрғызылған, жолдар салынған, құрғақ тереңдетілген арналар және әрқашан қызмет ететін арықтар. Қызылорда қаласының үлкен бөлігінде табиғи жер бедері қала торларымен торланған, өндірістік және құрылыстармен. Сондай-ақ қала территориясының жазық жер бедері ирригациялық жүйелері нашарланған, дачалар жанындағы жыралар тереңдеген, құрылыс және жоспарлы жұмыстардың деляциялы аудандар ошақтары және т. б.
Қызылорда қаласының литогенді негізі қарастырылған территорияның экологиялық жүйесіне айқын әсерлер көрсетеді.
1. 3. Гидрологиялық-климатогендік ортасы
Климаттық жағдайы территорияның жер беткейі және жер асты суларының зерттеулері негізгі Қызылорда қаласының экологиялық күйін анықтаушы. Б. П. Алисованың климаттық аудандық схемасы бойынша қарастырғанда территорияда континентальді солтүстік тұрады, климаттық обылыстары қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан [12] .
Қызылорда қаласының табиғи-экологиялық жағдайы көбіне күн радияциясының деңгейіне байланысты. Қызылорда қаласына жоғары күн радияциясының жылдық қарқындылығы тән (129-134ккал/см 2 жылына) . Мұндай жоғары күн радиациясының қауырттылығынан атмосферада фотохимиялық реакциялар жүреді, токсикалық өнімдердің құрылуына өндірістік лақтырылымдар қызмет етеді. Техногенді құрылған азот қышқылының құрылымы өндірістік лақтырылымдардан түсетін, күн радияциясының қарқындылығына азот екі оксидіне айналады және фотохимиялық түтін қоспасының құрылуына көмектеседі [13] .
Күн радияциясының қарқындылығы жылдық маусымдықпен бөлінген. Күзде ол орташа 28 ккал/см 2 құрайды, көктемде 38 ккал/см 2 . Күн радияциясының ең кіші мөлшері қыста - 20 ккал/см 2 бақыланған. Бұл кезеңде теріс радияциялық баланыс тән. Ең үлкен мөлшері күн радияциясының мәні жылы кезде бақыланады, төменгі мәні - суық кезеңде. Бұл заңдылық негізінен атмосфераның трансформациялық ластануы жазда макимум, қыста минимум болады.
Соған байланысты жиынтық күн радияциясының деңгейі және оның маусым бойынша таралуы Қызылорда қаласының қоршаған орта жағдайының экологиялық климаттық бағалау рөлі [14] .
Қоршаған ортаның ластану деңгейі көбіне атмосфералық циркуляциясына байланысты. Қызылорда қаласының климаты жыл бойына 3 ауа массасының түріне әсер етеді. Олар: арктикалық, қоңыржай және тропикалық.
Кесте 1.
Қызылорда қаласының ауа массасының қайталанушылығы
Тұран- Қазақтық
(Қызылорда)
кБВ - континенттік бореальды ауа
тБВ - теңіздік бореальды ауа
кАВ - континенттік арктикалық ауа
тАВ - теңіздік арктикалық ауа
кТВ - континенттік тропиктік ауа
тТВ - теңіздік тропиктік ауа
Қызылорда қаласының ішкі континентальды орнында континентальды полярлы ауа басым. Ауа массасының қайталанушы пайызы Сібірде және Шығыс Европада 69% құрайды. Атлантика және Жер Орта теңізінде құрылатын мұхиттық масса тіпті жоқ. Көп қайталанушылық (12%) арктикалық ауа континентальдығы басым. Суық және өте суық ауа массаларының енуі қыста көп болады, суық аяздар әкеледі. Екінші орында құрғақ және ауа массаларының қайталанушылығы алады, континентальды тропиктік ауалары (16%) . Бұл ауа массалары Орта Азияның оңтүстігімен Иранда құрылады. Олардың енуі жазда болады, өте құрғақ және ыстық ауа райында жүреді.
Қызылорда қаласында көрсетілген ауа массалары әрқайсысы орын алады. Сондай-ақ, әр бөлікте әртүрлі ауа массаларының циклоны құрылады. Негізгі ылғал тасушылар және Қызылорда қаласының территориясында атмосфералық жауындардың түсуі.
Әр түрдің ауа массасы Қызылорда қаласының атмосфералық ластану деңгейі анықтау: аз ластаушылар арктикалық ауа массалары, көбіне қоңыржай және тропиктіктер әсерді көрсетеді. Континентальды тропиктік ауа массасының енуі шаңды дауы және құрғақтыққа әкеледі.
Кесте 2.
Жел және штильдің орташа көпжылдық қайталанушылық бағыты м/с бойынша
Желдің
бағыты
Мезгілдер
Бұл жағдай Қызылорда қаласының территориялық атмосфералық ластанудың локальді шекаралық таралуына көмектеседі.
Жыл бойына желдер солтүстік және солтүстік-шығыс румб болады, Қызылорда метеостанциясында олар 17 және 35 құрайды. Ол желдер Арал теңізінің шаңды-тұзды шығарылымдарының таралуын көреміз, сондай-ақ Бетпақдала шөлінде таралуда, жыл ішінде шаңды дауылдардың дамуын көрсетеді.
Қызылорданың орташа айлық, жылдық жел м/с жоғары өте күшті желдер қыста және көктемде бақыланады.
Жылы кезде көбіне шаңды дақылдар бақыланады. Орташа, Қызылорда қаласында 30 күндей болған. Мөлшерлі есептеулер көрсеткендей Аралда шаңды дауылда жылдамдығы 10-12 м/с, 100 м-ге жер бетінің қабатында 5-тен 11кг соғатын тұздар түседі. Бұл Қызылорда қаласының қоршаған ортаға әсері Арал теңізінің түбінің құрғақтануда әсерін тигізеді. [15]
1975-1982 ж аралығында Аралда 35 шаңды дауыл тіркелген, олардағы шаңның таралу жылдамдығы 200-400 км-ге созылған. Қазіргі уақытпен салыстырғанда арал теңізіне әсер ету кеңдігі 75 км (қыста), 100 км (жазда) жеткен [16] .
Кесте 3. Орташа көпжылдық ауа температурасы мәні (ºС) [11]
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жыл
Көрсетілген мәліметтер бойынша Қызылорда қаласындағы орташа жылдық ауа температурасы 9, 7 С. оң таңбалы орташа айлық ауа температурасы сәуір-қазан, теріс таңбалы қараша-наурыз.
Қызылорда қаласында орташа жылдық жауынның мөлшері құрғақ аудан және ыстық климатқа байланысты. Қызылорда қаласында орташа жылдық жауындары 129 мм құрайды, олар жылына маусым бойынша таралады.
Кесте 4.
Атмосфералық жауын - шашынның көпжылдық орташа мәндері (мм) [12]
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жыл
Тұзды топырық - Қызылорда қаласының ландшафтына тән. Сондықтан, Қызылорда қаласының климаттық жағдайы экологиялық тәуекел тфактор және қоршаған ортаның экологиялық дистибилизациясының құрылуына әсер көрсетеді.
Қызылорда қаласының қоршаған орта экологиялық жағдайын жер асты сулары мен беткейлі экологиялық роліне көңіл бөлеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz