Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы



Кіріспе
1 ҚАЗАҚСТАН ЗЕЙНЕТАҚЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2 ҚАЗАҚСТАН ЗЕЙНЕТАҚЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
3. ҚАЗАҚСТАН ЗЕЙНЕТАҚЫ НАРЫҒЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-бабамыз армандаған егемендігімізге ие болдық. Олар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін жанын пида етіп күресіп өткені тарихымыздан белгілі. Халқымыздың тарихының жаңа белестері, яғни бұқпасыз тарихы осы бостандығымен бірге десек қателеспейміз. Қазақстан жеке ел ретінде қалыптасқаннан кейін ендігі кезекте ел өмірін жандандыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарып, экономикалық және стратегиялық бағыттарда жұмыстар атқарып отырғандығы белгілі. Оған дәлел, Қазақстанның болашағы мен дамуына арналынып жасалынған "Қазақстан 2030" деп аталынатын бағдарламасын атап айта аламыз.
Тақырыбымызға арқау болып отырған іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының бірі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының дамуы барысы мен реформалау жүйелері болып отыр. Осыған орай, жоғарыда аталған Қазақстанның 2030 жылғы даму стратегиясында да жинақтау зейнетақы мәселесі де сөз болады. /1/
Республикамыздың "Қазақстан- 2030" бағдарламасында барлық. "Қазақстандықтардың" әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсарту гүлдену, даму стратегиясында президентiмiз Н.Назарбаев атап өткендей елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi.
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу оның тереңдеуi нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi. Атап айтатын болсақ, еңбек етiп болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз етуге зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi, тендерлiк мәселелердiң шешiмiн таппауы, өмiр сүру ұзақтығының әр-түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер арасындағы зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi және т.б. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту және әрi қарай дамытудың экономикалық тетiктерiн зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-бабамыз армандаған егемендігімізге ие
болдық. Олар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін жанын пида етіп күресіп өткені
тарихымыздан белгілі. Халқымыздың тарихының жаңа белестері, яғни бұқпасыз
тарихы осы бостандығымен бірге десек қателеспейміз. Қазақстан жеке ел
ретінде қалыптасқаннан кейін ендігі кезекте ел өмірін жандандыру мақсатында
түрлі жұмыстар атқарып, экономикалық және стратегиялық бағыттарда жұмыстар
атқарып отырғандығы белгілі. Оған дәлел, Қазақстанның болашағы мен дамуына
арналынып жасалынған "Қазақстан 2030" деп аталынатын бағдарламасын атап
айта аламыз.
Тақырыбымызға арқау болып отырған іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының
бірі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының дамуы барысы мен
реформалау жүйелері болып отыр. Осыған орай, жоғарыда аталған Қазақстанның
2030 жылғы даму стратегиясында да жинақтау зейнетақы мәселесі де сөз
болады. 1
Республикамыздың "Қазақстан- 2030" бағдарламасында барлық.
"Қазақстандықтардың" әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсарту гүлдену, даму
стратегиясында президентiмiз Н.Назарбаев атап өткендей елiмiздiң дамуының
басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты
болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен
сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының
маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тұрақты түрде дамуы
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi.
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды
дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет
етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу оның тереңдеуi
нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және
оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және
шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi
бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi. Атап айтатын болсақ, еңбек етiп
болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз етуге
зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi,
тендерлiк мәселелердiң шешiмiн таппауы, өмiр сүру ұзақтығының әр-
түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер арасындағы
зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi
және т.б. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке
шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау
мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға
бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Сондықтан,
Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн
жаңғырту және әрi қарай дамытудың экономикалық тетiктерiн зерттеу өзектi
мәселелердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы

Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы
санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті
қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін
кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезілді. Оны жүргізудің негізгі
қағидасына мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасымен зейнетақыны
дербес жинақтау қағидасына өту және 1980 жылдардың басында басталған
чилийлік ең озық үлгінің негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінен
мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау жүйесіне көшу.
Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі “Қазақстан
Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың
тұжырымдамасын” мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымында ҚР “Қазақстан
Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заңы қабылданды.
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дағдарысқа ұшыратқан
негізгі себептер мыналар:
1. Халықтың қартаюы, туудың азаюы, жұмыссыздықтың артуы нәтижесінде
зейнетақы жасындағылар мен жұмыс істеушілердің арасындағы арақатынастың
(арасалмақтың) кемуі.
2. Бюджеттен тыс қорларға аударылатын міндетті аударымдар мөлшерінің
жоғары болуы (жиынтық шамасы 32%-ке жетті) және төлемдермен байланыстың
болмауы төлеуден бас тарту, бюджеттен тыс қорларға ұсынылатын есеп
берулерде табысты азайтып көрсету, белсенді жарғылық қызметін тоқтатпаса да
салық органдарына тіркелуден қашу секілді әрекеттердің тұрақты сипат алуына
әкеп соқтырды. Зейнетақы қорларына түсетін түсімдердің аз болуы — өз
кезегінде төлемдердің азаюына және аз да болса төлеп тұратын төлеушілерді
салықты мүлдем төлемеуге итерлемеген табыстың мағлұмдалған бөлігінен
өндіріліп алынатын салықтың өсуін тудырады.
3. Зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебінің болмауы қарттықты
қамтамасыздандырудағы жеке жауапкершілік пен мүдделікті жойды.
4. Шаруашылықты дербес жүргізушілерге бақылаудың мүлдем болмауы.
Мәселен, 1996 жылдың бірінші жартысында кәсіпорындар жарнасының сомасы 34,7
млрд теңгені құрады, ал шаруашылықты дербес жүргізулерден түскен жарна –
2,4 млрд теңге ғана.
5. Бюджеттен тыс қорлар қаражатының қалай пайдаланатыны бақыланбады.
6. Облыстардың жергілікті түсімдерден зейнетақыны төлеу бойынша
мүмкіндіктері бірдей емес. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі түсімдерді қайта бөлудің тетігін жасады. Ай сайын жиналған 30%
жарна республикалық шотқа бағытталып отырды. Министрлік бұл түсімді
тапшылығы бар облыстарға бөліп береді. Облыстар бойынша зейнетақы
төлемдеріндегі айырмашылық әділетсіздік болып табылады, бұл халықты
әлеуметік тұрғыдан қорғаудың ұлттық ынтымақтастығына салқынын тигізеді.
Оның үстіне, бұл тиімсіз. Табысы жоғары облыстар барлық жарнаны жинауға аса
ынталы болмайды, өйткені олар – әсіресе, сақтап қойған 70% түсімдерінен
өздерінің зейнеткерлеріне төлеуге мүмкіндіктері болса – олардың
зейнеткерлерге төлейтін сомасынан асатын түсімдердің көп бөлігінен немесе
барлығынан айырылып қалады. Қазақстан зейнеткерлер мен салымшылардың қайда
өмір сүретініне қарамастан оларға бірдей қызмет көрсетілетін зейнетақы мен
түсімдердің нақты ұлттық жүйесіне көшуі керек.
7. Басқарудың екі жақты әкімшілік құрылымына әкелетін жергілікті
жерлердегі үкіметтің орталықсыздандырылуы бір жағынан – аймақтық деңгейдегі
операциялар министрліктің бөлімшелерімен жүзеге асырылады, екінші жағынан –
барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынады.
8. Зейнеткерлерге уақытылы төленбеген зейнетақы төлемдер ондаған
миллиард теңгеге жетті.
Зейнетақы реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде зейнетақыға кететін
шығындардың үлес салмағы кеміп, әлеуметтік сақтандыру бюджетінде қаржылық
ресурстардың жинақталуын қамтамасыз ететін табыс өсті.
Бұл ресурстарды мемлекеттік тұрғыдан қорландырылған зейнетақы сызбаларын
нақты әрекетке енгізу үшін пайдалануға болады. Зейнетақы шығындарының үлес
салмағының кемуіне нақты зейнетақы жасын ұзарту, сондай-ақ әлеуметтік
сақтандырылған тұлғалардың үлес салмағын арттыру өз әсерін тигізуі керек.
Бұл арада зейнетақы реформасы әлеуметтік сақтандырудың жүйесіне белсенді
қосылуға, өз табыстарын толық ашып көрсетуге және өзінің еңбек ететін
жылдарын ұзартуға халықты ынталандыруы қажет.
Оның жүзеге асырылуы мемлекеттің макроэкономикалық жағдайына жағымды
әсерін тигізеді деп болжанған болатын, мемлекеттік тұрғыдан қорландырылған
зейнетақы мен жеке зейнетақы қорларының енгізілуі Қазақстанның капитал
нарығын дамытуға ықпалын тигізетін ауқымды да, ұзақ мерзімді қаржылық
капиталдың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге
арналған әлеуметтік сақтандырудың мөлшермесін кеміту және осы жүйеге кіруге
мүдделік танытушылардың көбеюі көлеңкелі экономиканың үлес салмағын
азайтады.
Бұл себептер мемлекеттің зейнетақы жүйесін реформалауға әкеп соқтырады.
Онда халықаралық ұйымдардың сарапшылары мынадай принциптерді, атап
айтқанда, табанды, тұрақты болуды, ең аз шамадағы әкімшілік құнмен әрекет
етуді және т.б. ұсынды. Ал, зейнетақы бәріне бірдей әділ төленуі керек. Бұл
арада зейнетақы реформасын жүзеге асыруда Қазақстан азаматтарының санасын
өзгертудің маңызы зор.
Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер – 63 жас, әйелдер
– 58 жас. Зейнетақы жасының ұзартылуы бір мезгілде емес, біртіндеп жүзеге
асырылады:
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ерлер – 61 жасында, әйелдер – 55
жасында;
1998 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 61,5 жасында, әйелдер – 56,5
жасында;
1999 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62 жасында, әйелдер – 57
жасында;
2000 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62,5 жасында, әйелдер – 57,5
жасында;
2001 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 63 жасында, әйелдер – 58
жасында зейнетақыға шыға алатын болды.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық артықшылықты зейнетақы жойылып,
зейнетақыға шығудың талаптары бірдей болды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің
ынтымақтастық жүйесі кезінде экономика секторларының барлық субъектілері
мемлекеттің зейнетақы қорына еңбекақы қорынан (ЕҚ) 25% төлеп отырды. Бұл
25% екі ағымға бөлінді: оның біріншісі 15% мөлшерінде мемлекеттік зейнетақы
қорына зейнетақы жарнасы ретінде түсе бастады. Қазіргі уақытта мемлекеттік
зейнетақы қоры зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталыққа (ЗТМО)
айналып, мүмкіндіктері артты. ЗТМО осы 15%-тен 1998 жылдың 1 қаңтарына
дейінгі зейнетақы алушыларға ағымдағы зейнетақысын төледі және алдағы
кезеңнің зейнеткерлеріне
1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақыға шыққан азаматтардың еңбек
стажының жылдар мөлшеріне пропорционалды мөлшерде төлене бастады. 10%
мөлшеріндегі екінші ағым салымшының өз қалауы бойынша бекіткен зейнетақы
келісімшартына сәйкес мемлекеттік немесе мемлекеттік емес зейнетақы
қорындағы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарнасы ретінде түсе
бастады. Мұнда салымшы жылына
2 мәрте зейнетақы қорын себебін түсіндірмей ауыстыруға құқылы. Мемлекеттік
емес зейнетақы жинақтаушы қорлар жабық акционерлік қоғамдар түрінде
құрылды.

2 Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымы

Қолданыстағы зейнетақы жүйесі кемшіліктері болғанына қарамастан
республикада зейнетақы жинақтайтын қорларды, зейнетақы активтерін
инвестициялық тұрғыдан басқаратын компанияларды, кастодиан-банктерін,
бағалы қағаздар бойынша брокерлік компанияларды, екінші деңгейлі депозиттік
банктерді, қор биржасын, орталық депозитарийді, мемлекеттік реттеуші
органдарды қамтитын қатысушыларының айтарлықтай үйлесімді институционалдық
құрылымы құрылды.
Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымын былайша көрсетуге болады (20-
сурет):

20-сурет. ҚР Зейнетақы нарығының институционалдық құрылымы*

Айтылып өткендей, Қазақстанда Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік
орталық (ЗТМО) құрылды. ЗТМО-дан зейнетақы алудың құқығына мына
категориядағы азаматтар ие болады:
• 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алғандар;
• әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының, ҚР Әділет министрлігінің
қылмыстық атқару комитетінің қаржылық полиция органдарының
қызметкерлері және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны алуға
құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ҚР заңымен
белгіленген ережеге сай әскери атағы бар мемлекеттік өрт сөндіру
қызметінің қызметкерлері;
• 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін ең аз дегенде
10 жыл радиациялық қаупі жоғары және төтенше аймақтарда тұрған
азаматтар: жалпы еңбек өтілі 25 жылды құрайтын ерлер 50 жасында, жалпы
еңбек өтілі 20 жылды құрайтын әйелдер 45 жасында зейнетке шығып, ЗТМО-
дан зейнетақы алады;
• 5 және одан да көп балалы әрі оларды 8 жасына дейін тәрбиелеген
әйелдердің 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға аталмыш
зейнетақы жасын біртіндеп арттырумен (алайда бұл тек 3 жылдан артық
болмауы тиіс) жасына қарай зейнетақы алуына құқы бар.
ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылды. Бұл органның негізгі
функцияларына мыналар жатады:
• республикалық бюджеттің қаражат есебінен зейнетақымен қамтамасыз етілу
құқы бар азаматтарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыру;
• азаматтарға ӘЖК беру;
• міндетті зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебі;
• міндетті зейнетақы жарнасын агенттерден ЗЖҚ-ға аудару және т.б.
Республикада ЗТМО-дан өзге мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы
жинақтаушы қорлары бар. ЗЖҚ халықтың міндетті және ерікті зейнетақы
жарналарын тартады әрі бұл ресурстарды бұл арада атаулы ие ретінде алға
шығатын кастодиан-банктің шотына аударады. Зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын ұйым басқарады
(ЗАИБЖҰ) немесе тиісті лицензиясы болса, зейнетақы қорлары дербес
басқарады. ЗАИБЖҰ кастодиан-банктің шотына зейнетақы жарнасы түскен күннен
бастап 3 күннің ішінде бұл қаражатты тиісті бағалы қағаздарға орналастыруға
міндетті.
Зейнетақы жинақтаушы қордың, зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан-банктің бір-біріне қатысты
қызметтерінде пайда болған барлық құқықтық қатынастарында — тараптардың
құқықтары мен міндеттері толық айтылатын үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы
Зейнетақы жүйесі туралы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы: теориясы, тәжірибесі
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Экономикалық ұғымдар
Пәндер