Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы: мазмұны, белгілері, болашағы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы: мазмұны, белгілері, болашағы

Конституциямызда зайырлы мемлекет екеніміз ап-анық жазылған. Зайырлы мемлекеттің діни ұстанымы қандай болуы керек.

Зайырлы мемлекет дегеніміз - діни тап өкілдерінің мемлекет билігін тартып алуына жол берілмеуі. Жалпы, ислам дінінде діни таптың болуына тыйым салынған. Исламда Жаратушы мен пенденің арасындағы қатынастарды реттейтін, арада дәнекерлік жасайтын топтар жоқ. Бұл күндері ислам атын жамылған кейбір ағымдар исламда жоқ нәрсені алып келді. Адам мен Жаратушы арасында делдал болатын «тақсыр», «шейх» деп аталатын тариқат көсемдері пайда болды. Бұл өз кезегінде исламға жат әрекет болып қана қоймай, мемлекеттің зайырлылық қағидасына да қайшы болады. Өйткені суфизм тариқаттарына кірген «мүридтер» ең бірінші кезекте тариқаттың заңдары мен ережелерін басшылыққа алады. Тақсырға көзсіз бағынушылық - суфизмнің ең негізгі қағидаларынан. Яғни бір тариқат көсемі оң мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған адамдарды өзіне қарата алады. Ал сол адам кімнің ықпалында болатыны белгісіз. Егер сыртқы күштердің, яки іштегі бүлікшілердің қарамағында болса, түгел бір тариқат аталмыш бағытта жұмыс істеуі мүмкін. Сол себепті 1923 жылы Түркия Республикасын орнатқан Мұстафа Кемал Ататүрік ең алғашқы реформаларын халифалықты жою және суфизмге тыйым салумен бастаған.

Бүгінгі қазақ (қазақстандық дей беріңіз, - Ғ. Е. ) қоғамында қоғамдық пікір үстемдігін меңгеріп алуға тырысушылықта, менің ойымша, екі негізгі мәселе бар. Бірінші мәселе дінге қатысты.

Біздегі жағдайға келсек, Конституциямызда Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет деп анықталған. Бұл мемлекет пен діннің қарым-қатынасы мәселесіндегі теория мен тәжірибеде қолданылатын басты принцип. Демек, дін және діндер үрдісі мәселелерінде ұстанатын принципіміз зайырлылық. Бұл принцип білім беру саласында сақталуда. Зайырлы оқу орындары діни оқу орындарынан бөлек. “Зайырлы мемлекеттің” не екенін анықтама, энциклопедиялар арқылы, яғни түсінік негізінде түсіндіруге болады, ал заң жөнінде қалайша айтпақпыз. Интернет беттерін парақтасақ, зайырлылық мәселесі, бүгінде Ресей, Украина елдерінде талқыланып, алуан түрлі пікірлер айтылып жатыр. Сөз орайына қатысты айта кетейін, зайырлы мемлекеттің атеистік классикалық түріне кеңестік мемлекетті айтуға әбден болады. Бұл мемлекет шын мәнінде дінді (шіркеуді) мемлекеттік істен мүлдем аластатты, демек, бізге бұл жолға түсуге болмайды. Ол теріс бағыт болатын.

Біздің түсінігіміздегі зайырлы мемлекет мазмұны жағынан құқықтық, демократиялық болғандықтан ол дін өрісіне мүмкіндік беретін мемлекет. Мәселе, осы мүмкіндіктің сапалық мөлшерінде. Соны заң арқылы нақтылы анықтау мәселеге айналып отыр.

Зайырлы қоғамда зайырлы азаматтар болуы табиғи жағдай. Олар, зайырлылар кімдер, атап айтсам, мемлекеттік, саяси жүйедегілер, журналистер, ғалымдар, білім беру саласындағы мұғалімдер, оқу ісін ұйымдастырушылар, ең соңында өзін зайырлы деп санайтын азаматтар.

Зайырлылық дегенде басын ашып алатын жай, ол теократия мәселесі. Осы мәселе туралы америкалық ислам танушы Бернард Луэйс былай дейді: “Теократия - это государство, в котором власть принадлежит церкви, т. е. духовенству. Ясно, что в этом смысле ислам не является и не может быть теократическим. В исламе нет церкви и нет духовенства, как с теологической точки зрения, потому что в нем нет духовной должности или духовного посредничества между Аллахом и верующим, так и учредительской, потому что здесь нет епископов и иерархической власти религиозных деятелей” (Выступление проф. Бернарда Луэйса на международном коллоквиуме ЮНЕСКО 7-10 декабря 1982 г. в Париже) .

Исламда діни билік пен саяси (мемлекеттік) билік, әуел бастан бір болған, бірге қалыптасқан. Исламның осы ерекшелігін біз шіркеудің мемлекеттен ажырату принципімен түсіндіріп келеміз. Шіркеу бір басқа, Мешіт бір басқа. Екеуінің діни билікке және мемлекетке деген түсініктері де басқа. Христос - адам, бірақ Құдай, ал исламда адам баласы Құдай бола алмайды. Бір сөзбен айтқанда, исламдық тұрғыда “зайырлылық” деген түсінік жоқ. Зайырлылық батыс өркениетінің өлшемі. Зайырлылықтың жоқтығы ислам әлемін түсінбеушіліктің негізі, ол бір, екіншіден, зайырлылықтың жоқтығы, одан зайырлылық талап еткенде архетиптік әр пиғылдағы көріністердің бой көрсетіп қалуы аңғарылады. Осы психологиялық халді батыс саясаткерлері “исламдық фактор”, “исламдық терроризм”, “исламдық экстремизм” деп сан-саққа жүгіртуде. Батыс үшін исламдағы өзіне түсініксіз жағдай - қауіп.

Бұл мәселеде бізге Түркия елінің тәжірибесі жақын. Себебі, ол еуропалық ел және де біз мемлекет пен діндер мәселесін еуропалық тәжірибе негізінде шешуге ынта білдіріп отырған жұртпыз. Бірақ, Түркия елінің де тәжірибесін толық ала алмай отырмыз, себебі онда бәрі түріктер, одан өзге ұлт жоқ, бізде болса жағдай басқалау. Сондықтан діни келісімде үнемі ортақ шешімге келу қиын болып отыр. Сонымен мемлекет және діндер дегенде екі тәжірибе бар, бірі исламдық, екінші христиандық. Бізге керегі ортақ өркениеттік шешім. Ол қалай болмақ?

Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде негізінен мемлекетті басқару тәсілдері туралы айтылған. Хадистерде саяси билік пен діни билік бір-бірінен ажыратылмаған. Мұсылман елдерінің дені, батыстық терминді қолданса, теократиялық болып келуі содан.

Әлем халықтары әрі елдеріндегі діни үрдістерді бағамдап отырсақ, мемлекеттік, саяси істермен айналысушылыққа, тек қана ислам діні ғана емес, өзге діндер, айталық, православие, католик, протестанттар, иудаизм т. б. ынта танытуда. Мұндай үрдіс Қазақстанда да байқалып отыр, бұл біріншіден. Екіншіден, неге дін мемлекеттен бөлінген деген конституциялық тұжырымға қарамастан, мемлекет дін мәселесімен шұғылдануды қажет деп санайды. Бұл былай қарағанда зайырлыққа жатпайтын іс. Бірақ, тәжірибе теорияның анасы екенін естен шығармаған жөн. Қандай ілім, теория, қағида болмасын, тәжірибеден замандар өзгерісіне қатысты жайлар қалып қойып отырады. Теорияларға емізікпен сүт беріп, жандандырып алатын - тәжірибе.

Тәжірибеде жағдай былай. Үш ұғым бар: Мемлекет, Қоғам, Ел. Ел болу үшін мемлекетшіл болу жеткіліксіз, мемлекеттен тыс қоғам, оның сан қырлы мүдделері бар. Мемлекет, осы қарастырып отырған мәселеге орай айтсақ, адам құқына жағдай жасаушы, мүмкіндік туғызушы, ал адам болмысы, ғұмыры, еркі іске асатын - алаң, ол - қоғам. Қоғам адам еркінің кеңістігі. Міне, осы адам еркіне мүмкіндік туғызу мен оның жүзеге асуының бірлігінен елдік сана, елдік мүдде қалыптасады. Елдік сананы өркениеттік сана деп айтуға әбден болады, себебі мұнда адам мүмкіндігі мен оның нақтылы өмірі көрініс табады. Осы өркениеттік - елдік сана қалыптасуында - діннің орны ерекше. Қазақ елі үшін, әрине, оның 60% сенетін ислам дінінің тазалығы, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті саласы. Мысалы, елдік санасы бар қазақстандық азамат, ешқашанда “Хизб ут-Тахрир” сияқты діни сектаны қолдауы мүмкін емес. Керісінше, елдік сезім, санасы жоқ дүбәралар аса зиянды діни секталарға өтіп кетулері мүмкін. Елдік сана негізі азаматтық құндылықтарды қалыптастыруда. Демек, білім және тәрбие саласында елдікке баулу мемлекеттің де, қоғамның да, Қазақстандағы ресми діндердің де өзекті мәселесі болуы керек. Олай болмағанда, Қазақстан Республикасы өркениетті ел болудан қалмақ. Бұл жерде мен өркениеттілік деп өзін Мемлекет, Қоғам, Ел ретінде сақтауға қабілетті, яғни ұлттық қауіпсіздігі мығым елге қатысты айтып отырмын. Өркениетсіз елдердің өзін-өзі сақтау қабілеті шамалы болатыны тарихтан белгілі. Мысалы, кешегі өзіміз өмір сүрген Кеңес империясы нағыз өркениеттілікке көтеріле алмады, соның нәтижесінде ыдырап, тарап кетті. Себебі, ол зайырлы мемлекет болғанмен, қоғамда атеистік білім мен тәрбие негізгі мәселелер болған. Демек, таза атеистік негізде құрылған мемлекеттің, қоғамның Ел болып қалу мүмкіндігі шамалы екеніне Кеңес өкіметінің қысқа ғұмыры дәлел.

Кеңестік заманда дін мемлекеттен бөлінгенімен, ол қоғамнан мүлдем аластатылмады. Неше түрлі айла-тәсілдерге қарамай қоғамда дінге сенушілер болды.

Солар тәуелсіздікпен келген діни еркіндікті, тіптен діни Тәуелсіздікті десе болғандай ынтамен қабылдап, дінге сенуші қауымның негізін құрады, мұны дәстүрлер деп атасақ, одан берідегі 15 жыл ішінде жаңа діни қауымдар өсіп-өніп келеді. Солармен бірге, күн тәртібіне жаңа діни мәселелер қойылып отыр. Оның бастапқыдағы шешімі 1992 жылдың 16 қаңтарында Парламентте қабылданған “Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы” Заң болатын. Енді оған өзгертулер енгізу мезгілі жетті.

Әрине, адам құқы туралы халықаралық тұжырымдамалар бар. Оларды есепке алмасқа тағы да болмайды. Оның үстіне бар діндер өзін нағыз ақиқат жолындағы хақ діндер деп жариялауда. Ол діни қисынға сиымды. Біздің ислам насихатшылары - ислам хақ дін, таза дін десе, өзгелер де өз діндерін таза, хақ дін дейді. Сонда шешім қайда? Шешім қандай жағдайда болсын нақтылы болуы шарт. Дерексіз шешім болмайды. Шешім жасау үшін нақтылы тарихи, әлеуметтік, қоғамдық, саяси, мәдени жағдайды есепке алуымыз керек. Нақтылы жағдай - Қазақстан Республикасы, яғни мәселе осы мемлекеттің мазмұнына, оның мүддесіне орай шешілуі керек. Ол қандай шешім? Мемлекет пен діндердің арақатынасын ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселесі деп бағалау. Бірінші орынға, еш даусыз - ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұруы керек. Онда ескеретін мәселе мынау, ислам мемлекет құрушы ұлттың дәстүрлі діні. Дінге қатысты мәселелер осы тұрғыда қарастырылып, шешілуге тиіс. Адам құқы дерексіз емес, ол нақтылы қоғамда өз көрінісін таппақ. Мемлекет шенеуніктері де, дін басшылары да осы принциптен ауытқыса, Югославиядағы жағдайды жақындатып аламыз. Ол ел тәжірибесі нені көрсетеді. Бір ұлт діндер негізінде үш бөлінді. Сербтер - православие, хорваттар - католиктер, босниялықтар - ислам дінінде. Не болды, бір ұлт бір-бірін қырғынға ұшыратты, ақыры Югославия мемлекет ретінде жойылды. Бұл елдің ыдырауы әлі жүріп жатыр, жақында ғана черногориялықтар жеке мемлекет болып жарияланды, ендігі кезекте Косово мәселесі тұр.

Қазіргі кезде еліміздегі діни үрдістердің жағдайы, еріксіз мемлекеттік органдардың айналысуына мәжбүрлеп отыр. Экстремистік діни топтар әрекеттері, әрине, сөзсіз заң арқылы реттелуі қажеттілік. Себебі, дін саясаттанып барады. Діннің саясаттан тыс болғаны жөн, бірақ әлемде де, бізде де дін саясатқа иек артқысы келеді, саясат дінді өз мүддесіне пайдаланғысы келеді. Бұл қауіп туғызатын әрі ойланатын жағдай.

Осы мәселені бүгін түсініп алмасақ, ертең кеш болып кетуі ықтимал. Республикада ислам дініндегілер көпшілік бола тұра, ол негізінен қорғаныста, көбінесе ақталумен айналысуда. Ол дұрыс жол емес. Қазақстандағы ислам дініне ғылыми және өркениеттік қарқындық қажет. Ислам кереметтермен айналысып кетсе, онымен зиялы қауымды үркітіп алуы ықтимал. Өткен жылдары басылым беттерінде қозының қабырғасында Алла деген жазу болған екен, бір қауынның қабығында Алла есімі жазылған екен деген мәселелер ислам діні тазалығына жұмыс істемейтін лақаптар, қаптап кеткен сенсациялар. Дін адамның жүрегінде, ол адам мен бүкіл әлемнің байланысын білдіретін, сезілетін сезім, ақылды нұрға айналдыратын - сана. Осы тұрғыда мұсылман қауымына айтарым, кінә мұсылмандықта емес, кейбір өзін мұсылманмын деп санайтындардың пиғылында.

Дінге өмірден жолы болмағандар келіп жарытпайды. Дін арлылар ісі, арсыздар дінді нарықтың саудасына салушылар, өз мүддесіне пайдаланушылар. Арсыздар мұсылмандыққа надандықты енгізеді. Өкінішке қарай, ондай көріністер әрбір облыста, аудандарда бар. Шәкәрім айтқан шын дін - арлылар ісі. Дін - ғылым, дін - өркениеттік феномен. Олай болмағанда, дін өзінің көлеңкесі діншілдік шылауына түсіп, мемлекеттікке, елдікке бөгет істер жүйесіне айналмақ.

Діни сана өзгеріссіз болмайды. Жоғарыда айттық, дінге ғылымның, өркениеттің және мәдениеттің әсерлері мол. Діни сана толысып, кемелденіп келеді, ол үрдіс дінге деген көптеген жаңа көзқарастар туғызуда. Дінде де дәстүрлік пен жаңашылдық бар. Еуропалық өркениет үрдісі бұл аймақтағы ірі-ірі діни реформалардың болып өту қажеттілігін туғызды. Мұндай үрдістен Қазақ қоғамы да тыс қалмақ емес. Сондықтан, Қазақстандағы діни үрдістердің бүгінгісін біліп қана қоймай, оның ертеңгісі туралы ойлану қажет.

Қоғамда ұлтшылдықтың көріністері бола бермек, бірақ оның өркениеттік деңгейде көрінгені жөн. Демек, сөз ұлтшылдықтың деңгейлері туралы болуы керек. Меніңше ұлтшылдықтың үш деңгейі бар: төменгі бұқаралық, ол тобырлық (люмпендік) болып кетуі де бар. Бұл ұлтшылдық қоғам үшін, оның тұрақтылығы үшін қауіпті деңгей. Ұлтшылдықтың төменгі көрінісі люмпендік мазмұнда болмақ. Люмпендік кедейшіліктің анайы, тұрпайы көрінісі. Кедейшілік қоғамның бір парасын діншілдікке де, ұлтшылдыққа (люмпендік түріне) де бастап кететін қауіп алаңы. Кедейшілікпен күрес қоғамның әлеуметтік экология тазалығы үшін күрес. Ертеден айтылып қайталанып келе жатқан қағида, адам өз шарасынан екі жағдайда шығады, бірі тым жоқшылықта, екінші тым тоқшылықта. Орта деңгей, қазіргі ұлтшылдықтың көріну түрі. Орта деңгейдегі ұлтшылдық мемлекетшілдікпен үйлесімділік табатын құбылыс. Мемлекетшілдік - ол да ұлтшылдықтың формасы ретінде көрінуі мүмкін, бірақ ол ұлтшылдықтың орта деңгейіне сай келетін жағдай. Жоғарғы деңгейі, онда ұлтшылдықтың мазмұны өркениеттік ізденістер арқылы анықталмақ. Ұлтшылдықтың өркениеттік деңгейі адамзаттық өлшемдермен анықталады, Абайдың “адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” дегені осы деңгей.

Саяси тәуелсіздік деген ойын емес. Оған жету тәуелсіздіктің ең бірінші мәселесі. Ол жалпы тәуелсіздік болмысының кеңістігі, алаңы. Саяси тәуелсіздік болмаса азаматтық ой-сана тұншығады, адамдардың оң-солын айыруы қиынға түседі. Бұл жағдайды басымыздан өткердік.

Ел болу идеясы - биік нысана. Бүгінге дейін елдегі тұрақтылықты мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар және халқымыздың бойындағы байсалдылық сақтап келді. Алдағы уақытта елдегі тұрақтылық негізінен қоғамдағы ахуалға қатысты болмақ.

Ел болу деген идеяны стратегиялық бағыт деп санаймыз. Қазақ елінің мәңгілігі әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кеңістігі. Ол ұрпақтар қамы. Ел болу сонау түркі заманынан үзілмей келе жатқан арман. Ел болу болашаққа, келер ұрпаққа ашылар жол. Ол жолды қадірлеп, таза ұстау бүгінгі тірілердің ұрпақтар алдындағы парызы, ата-бабалар алдындағы қарыз. Ел болу идеясы - парыз бен қарыздың түйіскен жері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақ елі өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады. Еуропада бірнеше мемлекет зайырлы мемлекет болып есептелмейді: олар Ватикан (католик діні - мемлекеттік дін), Англияда англикан шіркеуі, Грекияда православие діні - мемлекеттік дін. Ал зайырлы мемлекеттерде дін, айталық, шіркеу, мешіт мемлекеттен бөлінген, бірақ қоғамнан бөлінбеген, ажырамаған, ол мүмкін де емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің биліктің бірегей жүйесі
Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет
Қазақстан Республикасы Конститутциясының дамуының негізгі кезеңдері
Жергілікті билік органдары
Мемлекет, теориялық негіздері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАУЫ
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz