Қазіргі қазақ деректі фильмі: әлеуметтік киноның ерекшелігі («Жетімдер қалашығы» атты фильм негізінде талдау)


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Телевизия және радиожурналистика кафедрасы
Жоғары оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын бакалавриаттық
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Атымтаева Айман Серікқызы
Қазіргі қазақ деректі фильмі: әлеуметтік киноның ерекшелігі («Жетімдер қалашығы» атты фильм негізінде талдау)
Шифр - 050504-журналистика
Ғылыми жетекшісі - ф. ғ. к., доцент Ошанова О. Ж.
Ресми сарапшысы - СТВ телеарнасының қазақ тілді
редакциясының бас редакторы
Бектеміс Ы.
Комиссия хатшысы - аға оқытушы Майлықұтова М.
Телевизиялық және радиожурналистика кафедрасының
2010 жылғы . . . мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі . . . доцент Бейсенқұлов А. А.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2010 жылғы . . .
Алматы, 2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 5-6
Негізгі бөлім:
1. 1 Тележурналистиканың табиғаты мен ерекшеліктері . . . 7-11
1. 2 Қоғамымыздағы жетім балаларға деген
қамқорлықтың деңгейі . . . 12-17
1. 3 «Жетімдер қалашығы» деректі фильмінің
түсірілу кезеңдері . . . 18-24
Қорытынды . . . 25-26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27-28
Реферат
Жұмыстың құрылымы: «Тележурналистиканың табиғаты мен ерекшеліктері», «Қоғамымыздағы жетім балаларға деген қамқорлықтың деңгейі», «Жетімдер қалашығы» деректі фильмінің түсірілу кезеңдері» атты үш тараудан тұрады.
Көлемі: 28 бет және 10 минуттық «Жетімдер қалашығы» атты деректі фильм.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 38.
Жұмыстың өзектілігі. Бұл еңбекті жазу барысында еліміздің телеарналарындағы мемлекет қамқорлығына зәру балалардың мәселелеріне арналған бағдарламаларды және жетім балаларға деген қоғамдағы жасалып жатқан шараларды жан-жақты көрсетуге тырыстым. Сонымен қатар тек теориялық мәселелерді сөз етпей, өзім арнайы деректі фильм түсірдім.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бүгінгі ғаламдандыру ғасырында еліміздегі жастар тәрбиесі қаншалықты деңгейде, әсіресе әлеуметтік жағынан қорғансыз, ата-анасы жоқ жетім балалардың жағдайлары қалай, оларға деген мемлекеттік қамқорлықтың дәрежесі қандай, неліктен қазақ балалары шетел асып кетіп жатыр, бұл аталған мәселе отандық телеарналарда көтеріліп отыр ма деген сұрақтарға жауап беру ең бірінші кезекте алға қойылды. Сонымен қатар бұл мәселеге қатысты арнайы «Жетімдер қалашығы» атты фильм түсірілді.
Зерттеу жұмысымызда біз осындай өзекті деген мәселелерді іріктеп алып, шешімін табуды мақсат еттік.
Глоссарий
Акустика - сөйлеудің дыбыстық құрылымын және сөйлеудің қалыптасуын, әрі адамның сөйлеуді қабылдау үрдісін зерттейтін жалпы фонетиканың бөлімі.
Дыбыс-бейнежазу туындысы - тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп (дыбыспен сүйемелденген жағдайда) қабылдауға арналып жасалған, өзара байланысты кадрлар серияларынан құралатын туынды. Дыбыс-бейне жазу туындылары кинематографиялық туындыларды және кинематографияға ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың бәрін: бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу әдісіне қарамастан, теле және бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайд фильмдерді және сол сияқтыларды қамтиды.
Теледидар аудиториясы - теледидар бағдарламаларын көру мүмкіндігіне ие көрермендердің жалпы саны. Олар нақтылы телебағдарламаны және жалпы теледидарды қарайтын нақты әрі әлеуетті аудиторияға бөлінеді.
Сериал, жалғасы бар көп сериялы телефильм - Британ теледидарында мұндай өнімдерге отандық және шетелдік авторлардың «Сага о форсайтах», «Война и мир» және басқа да экрнадалған классикалық шығармалары жатады.
Телехабарлар сценарийі - әрекетті, оның өтетін ортасы мен орнын, уақытын суреттеу, сюжет өрбуін бағыттап, әрекеттегі тұлғаға мінездеме беру.
Жанр - тұрақты белгі, қасиеттерге ие шындықты бейнелеу формасы.
Қоғамдық пікір - күнделікті тіршіліктер проблемасында адамдардың өзекті мәселелерге көзқарасын айқындайтын, қоғамдық сананың бір формасы.
Телерадиоқор - аудиовизуалдық материалдар жиынтығы.
Телерадиожурналист - құруға шығармашылық үлесін қосатын, теледидар немесе радио органдарында тұрақты немесе штаттан тыс қызмет істейтін редактор, корреспондент, комментатор, режиссер, оператор және т. б.
Кіріспе
Журналистика - баспасөз, радио және теледидар арқылы аса мәнді әлеуметтік ақпараттарды жинау, өңдеу және үздіксіз таратудың қоғамдық қызмет түрі.
Қай тарихи кезеңде, қандай қоғамдық құрылыс, саяси жүйеде болсын, уақыттың дамуында бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) рөлі өте зор. Оған дәлел, қоғамның қалыпты саяси-әлеуметтік, рухани-экономикалық өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Ал БАҚ-тың арасында теледидардың қызметі - қоғам үшін өлшеусіз екені аян. Теледидардағы хабарлар қоғамдағы өзгерістер мен жаңаруларға дер кезінде үн қоса отырып, сан миллиондаған көрермендерімен тікелей жүздесіп, оның рухани ой - санасына қозғау салып, пәрменді ықпал етеді.
Қырық жылдан астам (1958 жылдың 8-наурызы) тарихы бар Қазақ теледидарының қазақ қоғамына қосқан үлесі зор екенін ұмытпаған жөн. Толыққанды дербес мемлекеттік жүйеге тән БАҚ өкілдерінің қоғамда жүргізіліп отырған реформалық өзгерістерге тигізер әсері ұшан-теңіз. Тележурналистер - теледидар хабарлары арқылы өмірдегі құбылыстарға баға бере отырып, оларға талдау жасайды, кемшіліктерді жою жолдарын ұсынады, пікірлер айтады. Сондықтан да уақытпен бірге өзгеру, жаңарулар үстіндегі теледидардың атқаратын функциялары мен принциптеріне, хабарлардың түрі мен пішініне, жанрларына талапқа сай соны шешімдер қажет-ақ. Себебі, егемен елдің теледидары республика халқына шынайы, терең зерттеліп, талданған ақпараттарды беріп, өз көзқарастарын жеткізуі шарт. Қажеттісі, өмір алға қойып отырған бүгінгі күннің толғақты мәселелерін дәл таба біліп, оны саралап, талдап, ертеңгі күннің көкейкесті жайларын да бақылап, байқап сезіне білу журналистің бойындағы басты қасиет болғаны жөн. Ғылымның өзге салалары секілді, телевизиялық журналистикаға қатысты теориялық көзқарастардың заман талабына сай дамып, өзгеріп, толықтырылып отыратындығы белгілі.
Телевизия бүгінде жер шарында болып жатқан сан-саладағы оқиғалар мен жаңалықтарды көрермендерге көрсете отырып, адам қолымен жасалған құндылықтарды насихаттаудың қуатты құралына айналып отыр. Жарты ғасырға жуық тарихында қазақ теледидары қарышты қадам жасап, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, өнеріміз бен ақыл-ойымыздың дамуына елеулі үлес қосуда.
Телевизия - ақпарат пен насихат құралы. Ол БАҚ құралдарына тән жылдамдық пен байқампаздықты, ауқымдылық пен жан-жақтылықты бойына сіңірген өнердің биік түрі. Оның ғажаптылығы, газет секілді баяндап, радио сияқты үн, дыбыс, тынысты естіртумен ғана шектелмей, кинодағыдай өткен оқиғалар елесін пленка арқылы ғана жаңғыртып көрсетпей, бір мезгілде осылардың бәрін қатыстыра отырып, көрерменге өтіп жатқан өмір құбылысын сол сәтінде, оқиға болып жатқан ортадан көрсетуінде.
Теледидар журналистері дайындаған көркем бағдарламалар мен таланттардың өнер туындылары халықтың рухани байлығының өсуі мен ел өміріндегі елеулі проблемалық мәселелерінің шешілуіне де өз үлесін қосуда. Ақпарат құралдарының ішінде теледидар - көркемдік бейнелеу құралдарының ауқымдылығы және техникалық мүмкіндіктерінің молдығы жағынан өлшеусіз мүмкіндікке ие. Ол адамды адамзатпен жүздестіретін, әлемнің бір қиырындағы оқиғаларды үйінің төрінен көре алатын ғажайып құрал.
Көгілдір экрандағы фильмдер, театр спектакльдері, концерттер, сұхбаттар мен тікелей эфир, жаңалықтар, ток-думан, дөңгелек үстел, баспасөз конференциясы, жарнама т. б сан миллиондаған көрермендердің рухани дүниесін байытуға қызмет жасауда. Телевизия жұртшылыққа күнбе-күн саяси, мәдени және эстетикалық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктерді іздестіруде.
Теледидардың басты функциясы - егемен еліміздің тәуелсіздігін нығайту, халықтар достығын насихаттау, жас ұрпақты елдік пен ерлік рухында тәрбиелеу, ел экономикасын көтеру мен қоғам гүлденуі жолында ақиқат, нақты мысалдар мен үлгілерге сүйене отырып, шыншыл әрі принципті туындылар жасау.
Теледидардың принциптері дегенде, оның бағдарламаларының - шыншылдығы, бұқаралығы, халықтығы, биік идеялылығы. Телевизияның бүкіл ісінде сүйенетін негізгі ірге тасы осылар болып саналады.
Журналиске жүктелетін міндет - кезең тынысын дәл басып, уақыттың жаршысы болу, ел өмірінің алуан саласындағы істерге араласа отырып, оларды түсінікті тілмен көрермендерге шыншыл, боямасыз қалпында жеткізу.
Менің зерттеу жұмысым үш тараудан тұрады: «Тележурналистиканың табиғаты мен ерекшеліктері», «Қоғамымыздағы жетім балаларға деген қамқорлықтың деңгейі», «Жетімдер қалашығы» деректі фильмінің түсірілу кезеңдері».
Бұл еңбекті жазу барысында еліміздің телеарналарындағы мемлекет қамқорлығына зәру балалардың мәселелеріне арналған бағдарламаларды және жетім балаларға деген қоғамдағы жасалып жатқан шараларды жан-жақты көрсетуге тырыстым. Сонымен қатар тек теориялық мәселелерді сөз етпей, өзім арнайы деректі фильм түсірдім.
1. 1 Тележурналистиканың табиғаты мен ерекшеліктері
Тележурналистің құралы - сөз, сурет, музыка, табиғи дыбыстар, сан реңктегі көріністер. Телередактор осының бәрін бейнелік, көркемдік әрекетке келтіре, кейіпкер ой-қиялымен астастыра отырып, экранда келісті, көркем бейне жасайды. Телевизиялық журналист режиссер мен жарық қоюшының, көрініс инженері мен суретшінің, бәрінің дерлік шығармашылық басшысы. Халық қабылдайтын хабар жасау барысында ең алдымен жақсы тақырып таңдай білу керек. Бұл тұрғыда да кез-келген оқиғаны бағдарламаның өзегі ету - дұрыс емес. Ұтымды дүниеге қол жеткізу үшін журналист алдымен өз жүрегіне құлақ асуы тиіс. Жүрек туралы Әбунасыр әл-Фараби: «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес, екінші, өйткені, ол барлық басқа мүшелерді билейтін болса, оның өзін жүрек билейді . . . Мүшелердің ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болды, бұдан кейін ми», - десе, бұл пікірді Ибн-Сина (980-1087) : «Жүрек бірінші бастама болып табылады, одан миға күш барады», - деп қостайды. Осыдан барып тек жүректен шыққан ой ғана шынайылыққа ие екенін аңғарамыз. Шығарма туындатудың, хабар жасаудың бастау бұлағында әрқашан да ой тұрады.
«Екі суретшінің қолындағы түсірушінің аппараты бір затты бір мезгілде түсіргеннің өзінде де бірдей мүсінді бере алмайды» - дейді Е. Дорош (Вопросы литературы 1966, 9, стр 29) Талантты тележурналистер де бір кейіпкерді, оқиғаны өз ойының оқшау биіктігінде түрліше суреттейді.
«Кім жақсы ойласа, сол жақсы жазады», - дейді А. Аграновский. Шын мәнінде сценарий мәтінінің әрбір жолындағы ойлар аса маңызды. Журналист сценариі хабардың өңін ашып шеберлік қарымын танытатыны ақиқат. Дарынды журналист көрермендерін өзінің ақыл-ойымен тәнті етеді, еліктіреді. Теледидар бетіндегі хабарлардың ой-дүниеңе қозғау салмай, шөліңді қандырмай жатуы да не тілінде, не көтерген мәселесінде ізденіс пен жылт еткен жаңалықтың жоқтығы. Осының бәрі ізденістен - іркілістің, жаңалықтан - еліктеудің үстемдік алып, теледидардағы өткір публицистикалық хабарлардың жай хабарлар тасқынына айналғандығында.
«Ойды маздаған от десек, оның отыны - білім деп санаймыз. Оқымаған адам ойлана алмайды», - деген Стендаль. Ой қандай көрнекті болса, сөз де сондай болатыны айқындалған, дәлелденген шындық. Ал журналистің басты қаруы - сөз. Журналистің мықтылығы, не нашарлығы оның сөзінен, сөз саптауынан байқалады. «Дүбірлі дүниеде сөзден мәңгілік, сөз мәнісінен құдіретті ешнәрсе жоқ. Бәрі де сөзбен басталып, бәрі сөзбен аяқталады. Сөз сан ғасырға жетеді. Жарым сөзге жарты әлемнің тағдыры сыйып кетеді. Сөзден от шығып, сөзге от та тоқтайды. Адамзаттың тарихы да сөзбен сомдалып, азаматтың да тағылымы да сөзінен көрінеді. Асыл мен масылдың айырмасы да, жақсы мен жасықтың айырмасы да бір ауыз сөзінен танылады. Сөзінің дәмі жоқтың ойының нәрі де жоқ. Сөзі олақтың - ойы шолақ. Сөздің нарқын білу - өмірдің парқын пайымдауға жетелейді. Сөзі тереңнің - ойы телегей», - деген бір басына парасат пен пайым қатар қонақтаған, өз заманының ірі тұлғаларының бірі Сағат Әшімбаев сөз жайлы.
Телетіл
Орыс кинематографы М. Шеркович телевизияның алғашқы күндерінде «телевизия адамдардың ара-қатынасының бір түрі . . . Ақпараттық мәні бар белгілерді сезім арқылы беру және қабылдау» деген. Кейінрек, американдық телезерттеуші Маклю Н. : «Телевизияның арқасында әлем үлкен бір ауылға айналды» - деген. Одан кейін МГУ профессоры А. Я. Юровский «Теледидардың шығармашылықтың бір түрі ретінде өзіндік көркем тілі болады. Және оның құрамдас үш бөлігі бар». Жалпы, тіл қатынас құралы дейтін болсақ, қатынас деген ой алмасу, ұғымдар жеткізу, ақпарат-мәліметтер беру арқылы екі субъектінің бірін-бірі түсінісуі; ал құрал - дыбыстар мен қимыл-құбылыстардан тұратын жиынтық ұғым. Сонымен теледидардың тілін былай тұжырымдаймыз: «телетіл белгілі бір ойды, ақпаратты жеткізуді мақсат еткен құбылыс пен кимыл-әрекеттердің жиынтығы. Ол ойды, ұғымды тасымалдайтын техникалық және эмоциялық, дыбыстық тәсілдер топтамасы ».
Теледидардың үш тілі: экран тілі - бейнекөрініс арқылы түсінік ақпарат беруді қамтамасыз етеді; екінші сөйлеу тілі - кадрдегі және кадрден тыс делінетін екі бөліктен тұрып, сөз арқылы ұғым береді; үшіншісі -музыка және табиғи дыбыстарды алдыңғы екі тілге үйлестіре қолданып, қосымша ұғым береді.
Экран тілі
Телетілдің негізгісі - экран тілі 1933-жылы дүниеге келген телевизияға дейін театрда және кинода болған. 1885-жылдан түсіріле бастаған кино алдымен, экран тілін қалыптастырды. Онан 1930-жылдарға қарай сөйлеу тілі мен музыка тілін қалыптастырды. Бейне-баян тілі деп түсінетін бұл құрамдастың өзі екі тәсіл арқылы жасалады. Біріншісі, бейнекамера арқылы түсіріледі, екіншісі монтаж үстелі, яғни, бейнемонтаж пульті арқылы құрастырылады.
Камерадан алынатын бейнекөріністің көркемдеуші көптеген тәсілдері бар.
- Кадр - кино не бейнекамераны бір рет іске қосып-тоқтатқанда алынатын кино не бейнетаспаға түсірілген көріністік материал. Оның қойылымдық-композициялық және хронометраждық-уақыттық ұғымдары болады. Кадрды режиссердың объектіні дайындаудағы өмірдегі көрініс түріндегі ұғымда болады.
- План - кино не бейнекамераның нысанды көрсету мөлшері. Бұл үшке: ірі, орта және жалпы мөлшер болып бөлінеді. Бұлар ақпараттық және көркемдік қажетіктерді қамтамасыз етеді.
- Ракурс - кино не бейнекамераның түсіру нысанына қарау бұрышы. Камера төменнен қараса кадрдегі нысан көтермеленеді. Жоғарыдан қараса, нысанның маңызы төмендетіледі. Осы сияқты нысанға әр қырынан қараудың қосымша ақпараты болады.
Экран тіліндегі монтаж
Монтаж грек сөзі - құрау, жинау дегенді білдіреді. Кинодағы монтаж «Өрт сөндіруші» деген алғашқы фильмдердің бірінде дүниеге келді. Оған дейін бір кадрлы кино болған. Бүгінгі кезде монтаждың көптеген түрлері бар. Олардың негізгісі мыналар:
- Механикалық монтаж. Теледидарда - кодировка. Түсірілген материалдарды көру.
- Логикалық монтаж. Түсірілген материал сценарийдегі жүйемен кесіп жалғанады.
- Көркем монтаж. Мұның негізін қалаған кинорежиссер С. Эйзенштейн: мағыналары әртүрлі екі кадрды жалғау арқылы үшінші бір мағына алу, деп анықтама берген. Сөйтіп, онысын ассоциативтік тәсіл деп жариялаған. Ассоциация - латынша (3-мәні бойынша) психологияда алдыңғы тәжірибедегі санада пайда болған ұғымдардың байланысын білдіетін, аралас және қарама-қарсы ұқсастықтарды сездіретін ойда қалған түсініктер.
Сөйлеу тілі
Көрермендер мұны басты тіл құрамдасы деп түсінеді. Ал, киногерлер оны екінші орынға қояды. Кинорежиссер ғалым М. Голдовская, өкінішке орай телевизияда «сөйлеу тілі - бірінші» дегенді мойындауға мәжбүрміз деген пікір айтқан. Бұл бүкіл кинематографистердің пікірі. Кинода көп сөйлеу - режиссердің әлсіздігін танытады. Сөйлеу тілі екіге бөлінеді. Бірінші - кадрдегі, мұнда сөйлеуші адам экраннан көрінеді, екіншіде - сөйлеуші көрінбейді, тек сөзі естіледі. Бұларды түсіру тәсілі де ерекше. Сөйлеу тілін көркемдеу тәсілдері ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру сияқты. Бірақ, телесөйлеу тілі ауызеке сөйлеу тілі емес, ол қағазға түсірілген мәтінді де қамтиды. Теледидардағы сөзді көркемдеуде экран тілі мен музыка тілі міндетті түрде ескеріледі. Мұндағы басты шарт - бұлардың үшеуі бірін-бірі қайталамауға тырысуы керек. Олар тең дәрежедегі құрамдастар ретінде ұғым беруді мақсат етеді.
Музыка тілі
Кинода музыка тілі оның алғашқы күндерінде-ақ, пайда бола бастаған. Тілсіз киноны үлкен залда көріп отырғандарға экран жанына қойылған пианинода әуен құрастырып ойнайтын музыканттар болған. Кейін дыбыс жазу аппараттары пайда болғаннан кейін, көріністік қатар арнайы таңдалған музыкалармен көркемделді. Жалпы музыка өмірдегі құбылыстарды сазгерлердің ұғымымен пайда болатын дыбыстық шығарма. Осы орайда Құрманғазының, Тәттімбетің, Динаның, т. б. күйлерінің шығу тарихымен айтатын ойларын таныту мақсатында әңгіме болады. Осылай музыканың өзіндік тілін ұғына алатын болсақ, біз оны телетіл құрамдасы етіп қолдануға өреміз жететін болады. Музыка тілінің атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлуге болады.
- Музыка акцент - бейне-баян тіліндегі әлде-бір көрініске, мәселеге назар аудару үшін, берілетін музыкалық аккорд.
- Музыка синтез - монтажалған эпизодтарды бір-бірімен жалғау үшін белгілі бір музыканы қолдану әдісі.
- Музыка контрапункт - көріністегі мазмұнға қарсы музыканы пайдалану арқылы тілді көркемдеу. Бұлардың бәрі музыканы көркемдік мақсата пайдалану тәсілдеріне жатады.
- Мұнан басқа музыканы тақырыптық, яғни, көрініске сай әуен-музыка беру. әдебиеттерде оны фондық музыка дейді.
Дыбыстық тіл
Дыбысты көркем шығарма тіл ретінде театрда және радиода қолданып келгенін білеміз. Ал теледидардағы дыбысты пайдаланудың өзіндік ерекшелігі сол - мұнда дыбыс көрініске, бейне-баян тіліне бағынышты. Негізгі айырмашылығы сол - теледидарда дыбыс көріністің өз дыбысы ретінде, яғни, табиғи дыбыстар бейнетүсіріліммен бірге жазылады. Мұны тақырыптық немесе фондық дыбыстар деп те айтамыз. Бірақ, осы дыбыстарды полифониялық тәсілдер арқылы көркем тілге де айналдыруға болатынын ескеру керек. Дыбыстың да көркемдеу тәсілдеріне қарай бөлуге болады. Алғашқысы - фондық дыбыстар дегенде түсірілім кезінде бейнетаспаға көрініспен қабат жазылатын табиғи дыбыстарды айтамыз. Дыбыстарды музыка сияқты «акцент», «синтез», «контрапункт» деген сияқты көркем қолданыс тәсілдері тұрғысында қолдануға болады. Дыбыс та ділдердің контексінде драматургиялық, комедиялық ньюанстарды бейнелей алады. Бұған көптеген мысалдар айтуға болады. Мысалы паровоздың қышқыруы, күннің күркіреуі, аттың дүбірі немесе бұлақ сылдыры, бозторғай шырылы - әрқайсының өз әсері, өз ассоциациясы бар.
Телетілдің стильдік сипаттары
Бұл тақырып екі аспект бойынша қарастырылады.
Біріншісі телеберілімдердің жанрларына байланысты стильдік ізденістер мен ерекшеліктер. Ақпараттық публицистикада экран тілі неғұрлым қарапайым монтаждалады, ақпаратты кадрлар іріктеледі, түсірілім репортаждық тәсілмен орындаады. Яғни, бұл жанрда экран тілі өзінің көркемдеу мүмүкіндіктерін көп пайдаланбай, телеграфтық деген ұғымдағы стильге икемделеді. Бұл жанрда сөйлеу тілі бүкіл салмақты көтереді және жетекші ролье ие болады. Ал музыка мен дыбыстық тілдер көбінесе қажет бола бемейді. Осы ерекшеліктердің негізінде телетілдің ақпараттық ресми тіл-стилі қалыптасады. Бірақ, бұл нақты тұжырым емес. Өйткені, телешығармашылық оны орындаушының қабілет-талантына байланысты түрленіп отырады.
Талдамалы публицистикада экран тілі мен сөйлеу тілі қатар сөйлеп, бірін-ірі толықтырып, дәлелдеп отыруы керек. Ал музыка мен дыбыстық тілдер де қосымша ақпарат көзі ретінде де, көркемдеу құралы болып та қолданылады.
Ал көркем публицистика да экран тілі бірінші кезекке шығуға міндетті. Себеп, теледидар тілін көркемдеуші еңалдымен осы бейнебаян қолданыстары болып табылады. Бірінші көрсететінді көрікті, әсерлі, адам таңданарлықтай етіп, монтаждап алғаннан кейін, музыкамен дыбыстық тіл іске қосылады. Яғни, бұлар кінші орындағы құрамдасқа айналады. Ең соңында, сөйлеу тілі алдыңғы екі құрамдастың жеткізе алмағанын ой ақпараттарын толықтыруы керек.
Телетілдің шығармашылық стилі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz