Лизингтік операцияларды ұйымдастыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: « Лизингтік операцияларды ұйымдастыру »

АЛМАТЫ 2006 ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы

1. 2. Лизингтік операциялардың мәні мен жіктелуі

1. 3. Лизинг -инвестиция тартудың басты құралы

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1. Лизингтік компанияларда лизингтік мәміленің жасалу тәртібі

2. 2. Ауыл шаруашылығындағы лизингтің орны

2. 3. Лизингтік тәуекел және оны басқару әдістері

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

3. 1. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру

3. 2. Лизингтік операциялардың қазіргі кездегі жағдайы мен алдағы уақыттағы перспективалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

Кіріспе

Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды -инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде еліміздің ұлттық банктік жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден аз емес мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, лизингтік қатынастарды негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинг экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялар жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1, 9% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктеді және қазақстандық экономика үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.

Жұмыстың негізгі мақсаты лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Біз лизинг операциясын елімізге нақты пайда түсіру үшін лизинг операциясын жасалудың тәртібін реттейтін арнайы нормативті актілер, заңдар қабылдауымыз керек. Соған орай, еліміздің экономикасын тұрақтандыру, дамыту үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамытудың қолайлы жолы деп атауға болады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

  • лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, «лизинг» түсінігінің тұжырымын нақтылау;
  • лизингті ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін зерделеу;
  • инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау;
  • лизингтік төлемдер сомасын есептеудің қолданыста жүрген әдістемелік негіздеріне талдау жүргізу және оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
  • ҚР-дағы лизингті әр түрлі деңгейлерде басқару қажеттіліктерін негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отыру керек екендігін дәлелдеу;
  • лизингтік келісімдегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингті басқару мәселелерін зерттеу;
  • Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні ретінде ҚР-ның экономикасының әр түрлі салаларындағы лизингтік операциялардың дамуы, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылады.

Зерттеу объектісіне лизингтік операцияларды іске асыру нәтижесінде ҚР-дағы әр түрлі ұйымдар арасында пайда болатын лизингтік қатынастар және оларды басқару үдерістері алынады.

Кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасының дамуына кең көлемде капитал құра алатын ірі несиелендірудің бір түрі -лизинг. Лизинг ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен байланыстырамыз. Ол несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығындармен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.

Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторларының бірі бола алады.

Лизингтік операцияларды жүзеге асырудың әлемдік және қазақстандық тәжірибелерін оқып-үйрену негізінде лизингтік қатынастардың ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету болып табылады. Ұсынылған лизингтік бизнесті ынталандыру және жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуы Қазақстан Республикасының лизингтік саласына инвестициялар тартуға және соның әсерінен кәсіпорындардың өндірістік базасын неғұрлым тез жаңартуға, өндірілген өнімдердің сапасы мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуға әсер етуі мүмкін. Лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау және лизингтік төлемдерді есептеу бойынша әдістемені толықтыру үшін ұсынылған ұсыныстарды лизингтік келісімге қатысушы субъектілер лизингтік жобаларға ақша қаражаттарын инвестициялаудың маңыздылығын анықтау және лизингтік қызметтер нарығындағы лизингтік операциялардың неғұрлым тиімді шарттарын таңдау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда, лизингтің шығу тарихы, мағынасы, артықшылықтары мен кемшіліктері, тиімділігі және түрлері қаралады. Және де лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, оның инвестиция тартудың құралы құралы туралы ой қозғалады.

Екінші тарауда бірнеше лизингтік компанияларды салыстыру, олардың тәуекелге баруы мен басқару әдістері, лизинг мүлігін сақтандыру және салық салу режимдері, ауыл шаруашылығын қаржыландыруда лизинг тиімді ма, жоқ па?

Үшінші тарауда Қазақстандағы лизингтің мәселелері, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары, лизингтің дамуы үшін бағдарлама қабылданғаны қарастырылады.

Теориялық, әдістемелік және ақпараттық негізі ретінде отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың лизингтік қатынастарды басқару мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері мен монографиялық жұмыстары, ҚР-ның лизингті мемлекеттік реттеу туралы заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттары, ҚР-ның статистика жөніндегі Агенттігінің анықтамалық материалдары және т. б. пайдаланылды.

Қазақстанда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу және дамыту мәселелері де жан-жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар да баршылық. Лизинг туралы тоериялық және тәжірибелік сұрақтарға солардың ішінде Р. О. Смағұлова, С. Б. Мақыш, Ж. З. Оралбаева, М. М. Канакина және т. б. экономист-ғалымдардың еңбектерін еліміздегі лизингті жетілдіруге мүмкіндік береді.

1 -тарау. Лизингтің теориялық негіздері

1. 1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы

Алу қағидасына негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктік қатынастары басқаша құрылуы мүмкін емес, сондықтан да олар азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі мен дербестігін бейнелейтін тиісті нысанда көрініс беруі керек. Мұндай нысан шарт болып табылады. Кәсіпкерлік салада шарттың алатын орны елеулі. Демек, оның кейбір түрлерімен таныстырсақ, сатып алу -сатудан басқа, кәсіпкерлік салада кең тарағандары лизинг, кешенді кәсіпкерлік лицензия, факторинг, форфейтинг және басқалары. Кәсіпкерлік қызметтің бұл түрлері осы заманғы шеңберде кәсіби кәсіпкерлік айналымды енгізуге және оның қатысушыларына нақты бағдар беруге мүмкіндік туғызады. Бұл шарттар кәсіпкерлік қызметтің түріне жататынына ешкім дау туғыза қоймас, заңнама кесімдері лизингті инвестициялық іс-әрекетке қатысты деп санап, кәсіпкерлік қызметтің сипатын атап көрсетеді. Лизинг беруші мен лизинг алушы капиталмен ақшалай емес, өндірістік нысанда пайдаланады, мұның өзі лизингті инвестиция тартумен жақындастыра түседі. Бұл шарттар кәсіпкерлік сипатта болғандықтан көбінесе оларды кәсіпкерлік қызмет түрлері деп атайды, яғни, қызметтің негізгі мақсаты тұтынушылар мүддесін қанағатандыру үшін таза кіріс келтіру және кәсіпкерлік қызметте әлеуметтік оң бағалау. Егер, қажетті заң кепілдік жасалса, лизинг шартымен еліміздің экономикасына мемлекеттік емес аса ірі инвестициялар тарту мүмкіншілігі болатыны жөнінде игілікті істер күтіп тұрғанын сезінгендейміз.

Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарлату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарды және қызметті аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтудан сақтауға мүмкіндік береді.

Лизингтің дүниежүзілік тәжірибеде пайда болуы тарихтың тереңіне кетеді. Лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер Батыс Еуропада ХХІ ғасырда қолданыла бастады. Әсіресе, Венеция мен Генуяда өте қымбат саналатын теңіз кемесінің якорьлары сауда кемелерінің иесіне жалға берілген.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп. » атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. «Лизинг» термині

ағылшынның «Leasing» және «Lease» деген сөзінен шыққан, яғни «жалға

беру» және «жалға алу» деген мағынаны білдіреді. Лизинг негізінде ХХ ғасырдың ортасында көп тараған және дамыған. 50 жылдың соңы мен 60 жылдың басында АҚШ, Батыс Еуропа және Азия Тынық мұхиты аумағында, өзінің қызметі жағынан ерекше лизингтік компаниялар пайда бола бастады.

Лизингтік қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған экономикалық әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде, жұмыста әлемдік нарықтағы лизингтің қалыптасуы мен дамуын олардың сипаттарындағы сапалық өзгерістерге және лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты, шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастырылған және оның әрбір кезеңіне сипаттамалар берілген (кесте 1) .

Кесте 1. Әлемдік нарықтағы лизингтің даму кезеңдері*

Кезеңдер
Кезеңдер: І. ХІХғ. соңы -ХХғ. басы
: Лизингтің қалыптасуының алғашқы кезеңі
Кезеңдер: ІІ. 1950-1960 жж.
: Американдық кезең
Кезеңдер: ІІІ. 1960-1970 жж.
: Лизингтің әлемге таралу кезеңі
Кезеңдер: ІV. 1970-1980 жж.
: Лизингтің «шу» кезеңі
Кезеңдер: V. 1980-қазіргі уақытқа дейін
: Әлемдік лизингтік одақтардың құрылу кезеңі

*Көзі: Хабаршы «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1, 2005, 15б.

Әлемнің 59 мемлекеті бойынша статистикалық мәліметтер негізінде лизингтік нарықтың негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы, қазіргі уақытта лизингтің әлемнің шамамен барлық аумақтарында дамуда деген қорытынды жасалды. Соған байланысты, әлемнің көптеген елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты, лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір нысаны деп толық санау мүмкіндігі бар. Бірақ осы көрсеткіштің неғұрлым жоғары мөлшері экономикалық даму деңгейлері жоғары елдерде (АҚШ, Батыс Еуропа елдері) байқалатындықтан, экономиканың даму деңгейі лизингтің дамуы үшін қажетті шарт болып табылады деген қорытынды жасалынған.

Лизинг біздің елде 1989 жылы банктер лизингтік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб кезінде жасалынған «Прокат (ежіре) және лизинг 95» жүйесінде прокатты және лизингті дамытудың мақсатты бес жылдық бағдарламасын іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және машинаны, жабдықтарды, көліктік құралдарды алдын ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингтік фирмалар болды.

Еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне сипаттама беру үшін, жұмыста 2003 жылдың желтоқсан айында «Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы» деген тақырыпта болып өткен халықаралық «дөңгелек столда» болған пікір алмасулар нәтижесінде лизингтік бизнестің 15 жылдық тарихының шартты түрде анықталған кезеңдеріне арнайы кесте құрастыра отырып талдаулар жасалынған (кесте 2) .

Кесте 2. Қазақстандағы лизингтің қалыптасу және даму кезеңдері*

Жылдар аралығы

Кезеңдердің

аты

Қысқаша сипаттама
Жылдар аралығы:

І-кезең

1989-1992

Кезеңдердіңаты:

Пайда болу

кезеңі

Қысқаша сипаттама:

Алғашқы лизингтік компаниялар құрылды

және кейбір коммерциялық банктер лизингтік операцияларды аз көлемде іске асыра бастады.

Жылдар аралығы:

ІІ-кезең

1992-1994

Кезеңдердіңаты:

Баяулау

кезеңі

Қысқаша сипаттама: Қазақстанның ішкі нарығындағы экономикалық дағдарыстардың әсерінен лизингтік бизнестің қарқыны баяулай бастады.
Жылдар аралығы:

ІІІ-кезең

1995-2000

Кезеңдердіңаты:

Жандану, қайта даму

кезеңі

Қысқаша сипаттама: Лизингті мемлекттік қолдау және ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл кезеңді «мемлекеттік лизинг» кезеңі деп те атауға болады.
Жылдар аралығы:

ІV-кезең

2000-2003

Кезеңдердіңаты:

«Банктік лизинг»

кезеңі

Қысқаша сипаттама: Банктік лизингтік компаниялардың құрылуымен байланысты лизинг коммерциялық секторда өте тез қалыптасып, дами бастады.

*Кестені зерттелген әдебиеттер негізінде автор жасаған.

Осы кестеде көрсетілген кезеңдерді 2004 жыл және одан жоғары жылдар деп толықтыру ұсынылған. Себебі, 2004 жылдың қаңтар айында «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Ондағы ең маңызды өзгерістердің бірі лизинг алушылардың лизинг бойынша есептелінген сыйақы сомаларын толық көлемде салық салынатын табыстан шегеру құқығының берілуі және лизингке беру мақсатында сырттан әкелінетін құрылғылардың импорты кезінде ҚҚС-нан босатылатындығы болып табылады. Яғни, штелдік тәжірибе көрсеткендей, лизингтік операцияларға салық салу тәртібі бойынша енгізілген жеңілдіктер отандық лизингтік нарықтың дамуына оң ықпал ететіндіктен, біз оны еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен дамуының V-кезеңі және «лизингтің қарқынды дамуы мен лизинг саласы бойынша Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық кезеңі» деп атауды ұсынамыз.

Лизинг жөніндегі түсініктер, ең алдымен, мүлікті уақытша пайдалануға беру, берілген мүлікті сату, сатып алуды іске асыру және заемды рәсімдеу кезінде жасалынатын мүліктік арендалық келісім-шарт сипатымен анықталынады. Бұл келісім-шарттың жиынтығы лизингтің шынайы мәнін және оның формасының әр алуандығын білдіреді.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды, машиналарды, техникаларды, өндірісте, сауда -саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен белгіленген мерзімде пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

2000 жылдың 5 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» заңына сәйкес лизинг дегеніміз - лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Лизингке беруші-бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизингке алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.

Лизингке алушы-лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға.

Лизингке беруші лизингке алушыға негізгі капитал элементтерін келісім-шартта көрсетілетін мерзімге және белгілі бір төлем ақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ, басқа жағынан алып қарағанда лизингке беруші де және лизингке алушы да ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылықтық мәнін жоғарлатады.

Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тыйым салынған негізгі құралдың жіктелуіне жататын кез келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер табылады.

«Қаржылық лизинг туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа да кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез келген тұтынылмайтын заттар лизингтік келісім - шарттың негізі болып санала алады.

Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын көптеген Ресей экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды біріктіретін аялар деп қарастырады.

Лизингтің несиеден қарағанда өзіндік ерекшелігі бар, ол тиімді шарт ұсынады (қосымша 1) . Нәтижесінде ұзақ мерзімді инвестицияны қаржыландырудың негізгі қаражатының жетіспеушілігіне байланысты клиенттерге қолайлы. Банктік несиенің және лизингтің меншікті қаражаттарының инвестициялық қаржыландыруда лизинг арқылы қаржыландыру көбірек тиімді, бірақ меншік қаражатынан азырақ тиімді (қосымша 2)

Кез келген лизингтік келісімнің негізі қаржылық, нақты айтқанда несиелік операция болып табылады. Мүлік иесі (лизинг беруші) оны пайдаланушыға (лизинг алушыға) қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті толық құнына сатып алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен ол соманың орнын толтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің экономикалық мәні -ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы лизинг берушінің лизинг алушыға берген несиесі. Сонымен, лизинг сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бірақ екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылық ең алдымен меншік қатынастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінше шегеріледі. Лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілетін төлемдер төленіп мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады.

Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны иелену құқығынан алшақтандырылады, яғни, уақытша пайдалануға берілген меншік құқығы лизингке берушіге сақталынады, ал оны пайдалану құқығы лизингке алушыға өтеді. Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы лизинг берушіге алдын-ала келісілген лизингтік төлемдер төлейді. Лизингтік келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша пайдалануға берілген объект лизинг берушінің меншігінде қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтік бизнес. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау
Лизинг берушіде лизингтік операциялар аудитінің бағдарламасы
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Форфейтинг операциялары
Лизинг операциясы техникасы
Коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретінде
Қазақстандағы лизинг
Қазақстандағы лизингтік бизнестің даму тәжірибесі
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Лизингтік операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz