Христофор Колумб саяхаты жайлы



Колумбтің бірінші экспедициясы.
Колумбтың екінші экспедициясы.
Колумбтың үшінші экспедициясы.
Колумбтың төртінші экспедициясы.
Христофор Колумб 1436 жылы Генуя қаласында жақын жерлегі тоқыма өнеркәбісінде істейтін Доминико Колумб семьясында туған. Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалаударында болған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Жас кезінде Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданған. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Португалияның Лиссабон қаласына келеді. Ол кезде Португалияның лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды, оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиылатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысты және бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысқан.
Колумб Лиссабонда тұрған кезінде Феници Мони де Палестерелло дейтін теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияның билеген. Кейін Порто-Санто аралында губернатор болған. Колумб оның қызына үйленген соң порто-Санто аралына келіп, атасының үйінде тұрады. Мұнда ол Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі.
Колумбтың Порто-Санто аралында қанша туралы белгісіз, ол атасы өлген соң ара-тұра Лиссабонға келіп жүреді де, ақыры осында семьясымен көшіп келеді. Мұнда ол енді географиялық глобус, теңіз жолы көрсетілген карталар жасайды, географиялық ашулармен, ерте заман, орта ғасырдағы география табыстарымен танысады. Әсіресе, Пьер Д’’Эйидің «Әлем бейнесі» дейтін географиялық еңбегі оған көп әсер етті. Бұл еңбек біздің заманымызға дейін Севильедегі Колумб кітапханасында сақталған. Кітап беттерінің шетінде Колумбтың өз қолымен жазған кейбір ескертпелері де бар.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Хритофор Колумб саяхаты жайлы

Оқытушы: Искакова Б.Н.
Студент: Шин В.Д.,
Мотов А.С.
Мамандығы: 050704
Тобы: ВПб-05-06р

Алматы 2005

Христофор Колумб 1436 жылы Генуя қаласында жақын жерлегі тоқыма
өнеркәбісінде істейтін Доминико Колумб семьясында туған. Колумб жас кезінде
қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын
тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне
кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалаударында болған сауда
кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Жас кезінде Колумб
Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданған. Ол бұл мамандықты
меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Португалияның Лиссабон
қаласына келеді. Ол кезде Португалияның лиссабон қаласы теңіз
шаруашылығының орталығы болды, оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер,
географтар жиылатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта
жасаумен айналысты және бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысқан.
Колумб Лиссабонда тұрған кезінде Феници Мони де Палестерелло дейтін
теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих
Португалияның билеген. Кейін Порто-Санто аралында губернатор болған. Колумб
оның қызына үйленген соң порто-Санто аралына келіп, атасының үйінде тұрады.
Мұнда ол Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы
туралы жазуларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді. Міне, осы
кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі.
Колумбтың Порто-Санто аралында қанша туралы белгісіз, ол атасы өлген
соң ара-тұра Лиссабонға келіп жүреді де, ақыры осында семьясымен көшіп
келеді. Мұнда ол енді географиялық глобус, теңіз жолы көрсетілген карталар
жасайды, географиялық ашулармен, ерте заман, орта ғасырдағы география
табыстарымен танысады. Әсіресе, Пьер Д’’Эйидің Әлем бейнесі дейтін
географиялық еңбегі оған көп әсер етті. Бұл еңбек біздің заманымызға дейін
Севильедегі Колумб кітапханасында сақталған. Кітап беттерінің шетінде
Колумбтың өз қолымен жазған кейбір ескертпелері де бар.
Колумб өзі жаңа жоспарын жасп, оны 1482 жылы португалия королы Иоанн
II-ге ұсынады. Король өзінің оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен
таныстырады, бірақ оның діншіл ғалымдары Колумб жоспары тек қиял,
орындалатын іс емес дейді.
Бұл кезде Колумб қайғыға кез болады, 1484 жылы оның әйелі өліп, сегіз
жасар Диэго дейтін баласы қалады.
Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 1485 жылы
Испанияға кетпекші болады. Жолға ақшасы болмаған ол Диэгоны ертіп, жаяу
Испанияға келеді. Мұнда келген соң Колумбқа бірден қызмет арлап, ақыры
Андалузия қаласының шетіндегі ескі француз монастырының есігінде қайыр
сұрап жүргенін монастырь оқымыстысы Хуан Перес де Марчен көріп қалады. Ол
Колумб жайымен танысып, оны баласымен монастырьда қалдырады. Сөйтіп, Марчен
Колумбты монастырьды билеуші ғалым Прадомен таныстырады. Прадо Колумбтың
жасаған жоспарымен Испания королына жібереді. Бұл кезде Испанияда соғыс
болып жатқан. Колумб соғыста жүрген корольға жолыға алмайды, бірақ Кордова
қаласында қалып, тағы да катра сызумен шұғылданады. Мұнда ол өзіне
жолдастар тауып, патша сарайында істейтін белгілі адамдармен, ғалымдармен
танысып достасады. Содан біраз уақыт өткен соң, достарының көмегімен Колумб
жоспарын Испания королына ұсынады. Король Фердинанд пен королева Изабелла
алдында жұпыны киінген енгезердей Колумб өз жоспарын дәлелдейді. Король мен
королева тыңдап болған соң Саломондағы Степан монастырына діншіл ғалымдарда
жинап, Колумб жоспарын ұзақ талқылап, оны дінге қарсы, қабылдауға болмайды
деген қорытындыға келеді.
Жоспары Испанияда қабылданбаған соң, ол тағы да Португалияға кетпек
болып, ұлын алуға монастырьға келеді. Бірақ достары оны жібермейді, король
мен королеваға тағы да хат жазып, Испания Колумбтан айрылмау керек деп
дәлелдейді. Егер оның жоспары іске асса, біз Португалия королы алдында
күлкі боламыз, тіпті іске аспаса да оны жібермеу Испанияға пайдалы екенін
айтады. Солардың тілегінен кейін, енді оны жоғарғы мәртебелі король мен
королева екінші рет қабылдайды. Колумб бұлардан: жолға шықпа тұрып, өзіне
адмирал атағын беруді, ашылатын жерлердің вице-королы етіп тағайындауды, ол
жерлерден түсетін пайданың оннан бірін өзіне беруін талап етеді. Бірақ
король Колумбтың бұл талабын өзгертуін сұрайды. Колумб корольды тыңдағысы
келмейді. Кейіннен сарайдағылар мен ғалымдар король мен королеваны
көндіріп, мынадый келісімге қол жетеді:
Колумб өмірінше және оның ұрпақтары да мұхиттың арғы жағынан ашқан
жерлердің адмиралы болады;
Ол өзінің ашқан жерлерінің вице-королы және губернаторы болады;
Ол жерлерден табылған асыл бұйымдардың – інжу-маржан, алтын, күміс,
асыл тастардың, тағы басқа заттардың оннанбірін өз пайдасына алып отырады.
Колумбтің бірінші экспедициясы. Испания королы Крлумбтың алыс сапарына
арнап екі кеме жабдықтайды, үшінсін Колумб өз қаражатымен жасатады. Кемелер
алысқа аттануға дайын болады. 1492 жылы 3 августа Колумб үш кемеге отырған
90 адаммен бірге Батыс жолымен тұңғыш рет Атлан мұхиты арқылы белгісіз
Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға
аттанады.
Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік-батысқа қарай
ұдайы 19 күн жүзіп, Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық-түлік, су, отын
алып, 9 сентябрьде Канар аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып,
белгісіз мұхит суымен жүзе береді.
Колумбтың үш кемесі атлант мұхитында жүзе береді, толқын шайқап,
матростар арасында қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан мұның бәрін
жайып-шуып, алдағы ашылатын жерді, оның байлығын бейнелеп айтып, оларды
қызықтырады. Дегенмен 10 октябрьде матростар бұдан әрі бармаймыз деп тағы
да Колумбқа қарсы тұрады. Жағдай қиындай түседі, енді Колумбтың жер жақын
дегеніне ешқайысы сенбейді. Осындай қиын жағдайда 1492 жылы 11 октябрьде
теңізшілерге қалқып жүрген ағаш бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді.
Теңізшілер түнімен ұйықтамай батыс жаққа қараумен болады. Колумб бірде жылт
еткен от көреді. Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей
түнгі сағат 2-де алда келе жатқан Пинта кемесі зеңбіректен салют береді.
Теңізшілер таң атуын асыға күтеді. Колумб 12 октябрьде көптен арман еткен
Жаңа жер жағасын көреді, қуаныштың ұшы-қиыры болмайды. Шыққан күннің
сәулесімен Жаңа жер жағасы нұрлана береді. Колумб он жолдасымен қайыққа
отырып, аралға аттанады.
Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан осы аралды Сан-Сальвадор
(құтқарушы) деп атайды.
Осы сапарында Колумб Үндістан жеріндегі аралды аштым деп ойлап, онда
туратын адамдарды индеецтер деп атады. Жер шарының кей жеріндегі тағы
адмдарды, мәдениеттің төменгі сатысындағы адамдарды да индеец деп атады.
Европалықтарды алғаш көрген арал адамдары олардан қорқатын, оларға таңырқап
қарайтын. Бірақ Колумб индеецтерді өзіне тартып, олармен тілдесіп
сөйлесетін.
Колумб жолдастарымен бірге аралда жүргенде жапырағы жайқалған
ағаштарды, сан түрлі ғажайып құстарды, пальма жапырағымен жабылған
күркелерді көреді. Тұрғын халықтар ақ адамдарды көргенде әйел, еркек демей
бала-шағасымен жүгіріп алдарынан шықты. Испандықтар олардың танауындағы,
құлағындағы алтын-күміс сырғасын көріп, оның мәнісін сұрайды., олар қолын
сілеп оңтүстікті көрсетеді.
Колумб ашқан жерінің оңтүстігінде алтынды аралды Жапония аралы
болар, - деп соған аттанады. Ол 15 октябрьде екінші аралды ашып, оны Девы
Марии деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 октябрьде үшінші аралды ашып, оны
Испания королевасының есімімен Изабелла деп атайды. Колумб қайтадан
батысқа қарай жүзіп, тағы да жеті аралды ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға
келіп тоқтайды. Колумб бұл аралдың табмғатына, әдемілігіне, байғылына таң
қалады. Ол аралды аралап жүріп, жергілікті адамдардың аулына кез болады,
олармен ыммен сөйлескенде, алтынды арал оңтүстікте,- дейді. Енді Колумб
Азия материгін ашты деп ойлады да, Қытай ханына өз елшісін жібереді, әрине,
ол ештеме таппай оралады. Колумбты арал жағдайын жақсы білетін екі адам
ертіп жүреді, солар арқылы ол аралдағы адамдарды шақыртып, өзінің Испания
королынан келгендігін айтып, олардан өз ықтиярымен христиан дінін
қабылдауын сұрайды. Мұнда европалықтардың бір шөпті домбалдап орайды да,
оған от қойып, екіншісі оның жалынын ішіне тартып, түтінін танауынан
шығарып жатады. Оны өздері табак деп айғайсалады. Бұл кереметке испандар
таңырқарай қарайды, кейіннен табакты өздері Европаға әкеліп, дүние жүзіне
таратады. Колумбқа көптеген жергілікті адамдар келді. Олардың абызы Кацик
та Колумбқа келіп алтынды аралды көртеседі.
Сөйтіп, Колумб Атлант мұхитының Америка жағалауының аралдарын бірінен
соң бірін ашты, сап алтын жер бетіне шығып жатқан аралды да тапты. Сөйтіп
жүргенде оның бір кемесі жағалаудағы тасқа соғылды, мұны естіп индеецтердің
абызы Кацик өзі келіп көмектесіп, суға кеткен кемедегі тамағын, бұйымдарын
жағаға шығарасады. Бұл жағдай Колумбқа үлкен ой салды. Сөйтіп, индеецтер
мен Колумб арасында достық бірте-бірте нығая берді де, Колумб осы Исапньола
(кішкене Испания) дейтін аралға бекініс орнатты. Сөйтіп, Мартин Алонсо
Пинсон командасындағы Пинта дейтін жүйрік кеме бәрінен озып, өз бетінше
зерттеу жүргізді. Жергілікті адамдар Колумбқа сап алтын әкеле берді. Колумб
зеңбіректен оқ атып, керемет көрсетті. Кацик бұл кереметті бізге қолданба,
бізді атпа, Кариб аралынан анда-санда бізге келетін, кісі жейтіндері ат –
деп өтінді.
1493 жылы 3 январьда Колумб Испаньоладағы отар-бекіністе 39 адам
қалдырып, өзі екі кемемен, жинаған алтынымен Испанияға қайтты. Жолшыбай
бірнеше арал ашты. 12 февральда басылды, бірақ толқын Колумб кемесін Азор
аралдарына айдап әкелді. Бұдан кейін де мұхитта үнемі дауыл соғып адасып,
әбден шаршап-шалдыққан атақты теңізші Колумб 1493 жылы 13 март күні Испания
жағалауына келіп тоқтады.
Бүкіл испан халқы Колумбты асқан қуанышпен қарсы алады. Мындаған адам
жағаға шығып, одан соборға дейін, екі жақта қаз-қатар тізіліп үлкен құрмет
көрсетті. Король көп адам жинап, асқан салтанатпен Колумбты сарайына
шақырды. Колумб королы мен королевасына келіп, оларға байлығы мол
Үндістанды, Азия жағалауларын ашқанын баяндады.Әкелген сап алтынын, ақ
күмістерін алдына төкті, алуан түрлі өсімдікті, жануарларды, құстарды,
индеецтердің 8 адамын көрсетті. Король мен королева риза болып, экспедиция
жайын бастан-аяқ мұқият тыңдады. Енді сарайда той басталды, бұған Колумбтың
достары да, дұшпандары да қатысты, бәрі де оған бас иді. Сөйтіп, Американы
ашқан, география ғылымына теңдесі жоқ жаналық әкелген Колумбтың бірінші
экспедициясы осылай үлкен табыспен аяқталды.
Колумбтың екінші экспедициясы. Генуя теңізшісің бұл ашқан жаңалығына
бүкіл Европа құлақтанып, осы хабар халыққа кең тарады. Бұған әсіресе
Колумбтың алғашқы жоспарын қабылдамаған Португалия королы қатты өкінді,
енді Испанияның үстемдігі өктем бола беретініне оның көзі жетті. 13 мартта
Португалия королы Иоанн ІІ эскадро ұйымдастырып, Атлант мұхиттының
батысынан Испания кемесін Колумб ашқан жерге өткізбесін деген жарлық
шығарды. Бұл кезде Испания королы да қарап жатпады, бүкіл жаңадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ
Дүниежүзілік саяхатшылар
Колумбтың төртінші экспедициясы
Лаперуздың географиялық ашулары
Колумбтың екінші экспедициясы
Орта ғасыр саяхатшылары Христофер Колумб
Атақты географ, теңізші, саяхатшы - Христофор Колумб
Христофор Колумб саяхаты
Теңіз саяхатшылары
Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары
Пәндер