Голощекин тұлғасы, саяси портреті


СОДЕРЖАНИЕ
КІРІСПЕ3
Тақырыптың зерттелу дәрежесі:4
ГОЛОЩЕКИН ТҰЛҒАСЫ, САЯСИ ПОРТРЕТІ6
2. ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАРДЫҢ ЗАПЫРАНЫ18
ҚОРЫТЫНДЫ34
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі- ұлттың сақталуы, халықтың саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқ та емес. Адамзат тарихында тұтас бір халықтардың жойылып кеткен кездері де аз болмаған. Оның басты себептерінің бірі-зорлық-зомбылық. Ол ғылым тілінде геноцид деп аталады. Геноцид дегеніміздің өзі -адамзатқа қарсы жасалатын ең ауыр қылмыстардың бірі болып табылады. Ол - халықты нәсілдік, ұлттық, этникалық немесе діни белгілеріне байланысты жаппай қырғынға ұшырату арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар геноцид саясаты кезінде белгілі бір халықтың құрып кетуі үшін адам айтқысыз аса ауыр жағдайлар әдейі қолдан жасалады. Қазақстанның осы заманғы тарихы- халықтың басына түскен міне нақ осындай қасақана зұлматтың куәсі. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бүгінгі таңда зерттеу өзекті болып табылады. Жариялылық бола тұрса да, партократияның қаһары қайтпай тұрғанда Қазақстандағы қызыл қырғында ғайып болған адамдардың көп санын жариялауға мүмкіншілік берілмеді. Бұрынғы коммунистік идеологияның қателікті жуып-шайып, кемшілікті жасырып, азайтып көрсетуге тырысқан. Бұл мәселені толық жіліктеп, шындықтың шынайы бет-пердесін ашу алдағы күннің кезекті тауқыметі, өзекті мәселе болып табылады. Тарих жетістіктерімен ғана емес, ауыр да қатал сабақтарымен зердеде үнемі жатталынып, жаңғырып отыруға тиіс. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз мемлекетіміздің халқы үшін сонау ауыр жылдардағы саяси-қуғын-сүргінді дұрыс зерделеудің маңызы ерекше. Тоталитарлық режимнің толық көрініс том-том болып жатқан архивтердегі қылмыстық істерді қайта қарап, келер ұрпаққа толық шындықты жеткізу-баршамызға парыз. Бұл мәселенің өзектілігін айғақтайды. 30-жылдар қасіретінен бері талай жылдар өтсе де, сол кезеңде жүргізілген саясаттың салдарлары бүгінгі ұрпақ алдындағы мемлекеттік деңгейде шешімін табуға тиісті өзекті мәселеге айналып отыр.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі:
Қоғамдағы құбылыстар мен қатынастарды зертеп, жұртшылыққа жария етіп отыруға тиіс қоғамдық ғылымның, соның ішінде ең алдымен, тарих ғылымының сол бір қуғын-сүргін зобалаң тұсындағы, одан беріде әкімшіл-әміршілдік, жағымпаз, жәдігөйлік, белең алған кезден бастан кешкенін түсіну керек. Сол кездердің тарих шындығын айтқан, жазған ғылымдар жоқ емес. Бұл тұрғыда, С. Аспандияровтың, П. Галузоның, Ә. Марғұланның есімдерін атауға болады. Бұл мәселені белгілі демограф-ғалымдарымыздың бірі Тәтімов Манаш зерттеді. Халықтардың өсімі мен орналасуын реттеу, отбасы мен некені тұрақтандыру және жастардың тұрмыстық жағдайлары мәселелеріне арнаған. Өзінің «Дербестігіміз-демографияда», «Қазақ әлемі» деген еңбегінде қазақ халқының кешегі өткен, бүгінгі бар және ертеңгі болатын аса күрделі демографиялық ахуалы туралы саяси, әлеуметтік және ғылыми талдаулар мен пайымдаулар берілген. Демографияның қазақ ауылындағы күрделі тұрмыстық-әлеуметтік және табиғи-экологиялық мәселелеріне тікелей арналған. Ондағы арнаулы тараулар бұрын-соңды басылымда болмаған тың туындылар. «Голощекиндік геноцид» мәселесіне тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеу Көлбаев аса маңызды көңіл бөлген. Оның «Голощекиндік геноцид», «Қызыл қырғын қасіреті» атты мақалаларында геноцид мәселесіне ден қойылып, Голощекинге саяси портрет жасалынып, оның жүргізген саясатына тарихи тұрғыдан баға берілген. Голощекиндік саясат, ашаршылық барысында қаза тапқан адамдардың санына байланысты мәліметтер берілген. Қазақстан Республикасының академигі Манаш Қозыбаев «Ақтаңдақтар ақиқаты» деген еңбегінде 30 жылдардағы Голощекин жүргізген «Кіші Қазан» тығырының қазақ халқына қаншалықты қасірет әкелгенін сөз етеді. Еңбекте Голощекиннің саяси портреті берілген. Қозыбаев Манаш «История и современность» деген еңбегінде Голощекин кезіндегі қоғамдық-саяси өмірге сипаттама берген, Голощекиннің жеке тұлға ретінде қарастырылып, тарихтағы тұлғаның рөліне аса маңызды көңіл бөлген, оның қызметіне тарих және қазіргі кездегі көзқарас тұрғысынан баға берілген. Т. Омарбеков «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» деген еңбегінде Кеңес өкіметінің әміршіл-әкімшіл саясатына қарсы көтерілістерге тоқталып, баяндап, тарих шындығын көрсете білді. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіретіне, Голощекиннің қандықол, озбырлық саясатына талдау жасалынып, сынға шалынды. Мұнда 1930-33 жылдар аралығындағы қазақтардың саны қаншалықты кеміп кеткені нақты тарихи құжаттар арқылы дәлелденді. В. Михайловтың «Хроника великого джута» деген еңбегінде Голощекиннің кезінде болған ашаршылық-жұт мәселесіне жан-жақты талдау жүргізілді. Жұт барысында қаза тапқан адамдардың саны, жылдары зерделеніп, бір жүйеге келтірілген. Еңбек құжаттармен бекітілген. Бұл мәселені Н. В. Алексеенконың «Население Казахстана 1920-1990 годы», «Народы Восточного Казахстана» деген еңбектерінде 20-30 жылдардағы Қазақстан халық саны, халықтың жас-жыныстық құрамы, миграциялар, ұлттық құрамы, халықтың білімдік деңгейіне зейін қойылып, жүйеленіп, зерделеніп жазылған.
Тақырыптың жаңашылдығы: Голощекиннің Қазақстанда жүргізген саясатын, сонымен бірге Шығыс Қазақстанға тигізген ықпалына сиапттама беру.
Курстық жұмыстың мақсаты: 1. «Голощекиндік геноцид» мәселесін жан-жақты талдап, зерделеп, ой елегінен өткізу.
2. Голощекин жүргізген саясатына, оның салдарына тарихи тұрғыдан баға беру.
Курстық жұмыстың міндеті: 1. Голощекин тұлғасына саяси портрет жасау.
2. «Кіші Қазан» қырғынына сипаттама беру. 3. 20 ғасырдың 20-30 жылдардағы индустриалдық даму жолдарын, қайшылықтарын мен қиындықтарын көрсету. 4. Голощекин саясатының салдарын, нәтижесін көрсету. Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, жұмыс барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ГОЛОЩЕКИН ТҰЛҒАСЫ, САЯСИ ПОРТРЕТІ
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ аспанын бір қара бұлт торлай бастады. Ол бірте-бірте қоюлана, бірте-бірте түйіле келе отызыншы жылдардың басында ызғарлы қара дауылға ұласты. Алапат күш атаны баладан, ананы қызынан айырды. Ұл-Ұрымға, қыз -Қырымға адасқан, қарындастардың бір-бірінен көз жазған заманы туды. Айдың, күннің аманында шаңырақтар шарт сынып, керегелер қирап, түңліктер қақ айрылып жел қуған қаңбаққа айналып кете барды.
Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей! Содан да болар Алаштың азаматтары басының ауған жағына қарай босты. Сіңіріне ілінген сорлылардың көбі-ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті. Бетегелі белдерде бабалар мен балалардың мәйіті көмусіз қалды. Тобылғалы сайларда аналар мен арулардың сүйектері шашылды. Бетпақтың шөлі мен Қызылқұмның бұйраттарында талай боздақтардың қаңқасы кепті. Кәдуілгі тарихта айтыла беретін «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» тап өзі. Демек, қазақтардың тарихта бұрын-соңды өз басына түсіп көрмеген ұлы қырғынға ұшырағаны ғой. Сонда тұтас бір халықтың тоз-тозын шығарып, ұлы сүргінге душар еткен кім ? Ол ел жадында аса бір сүйкімсіз Қужақ деген лақап атпен жатталып қалған, жұрт аузында әлі сан ғасырлар бойы Қужақ аталып кете баратын кәдімгі Филипп Исаевич Голощекин еді [9, 11-17б] . Филипп Исаевич Голощекин (Шая Искович) 1876 жылы 26 ақпанда Псков губерниясының Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуазиялық еврей отбасында дүниеге келді. Жалпы білім деңгейі бойынша 6 сыныптық гимназия курсы бар. 1901 жылдан 1903 жылға дейін тіс-дәрігерлік мектепте оқып, бітірді. 1896-1900 жылдар аралығында қағаз сататын дүкенде приказчик қызметін атқарды. Жастайынан өте көп кітап оқыды, бірақ жүйесіз және шашыраңқы. Әсіресе философия, кейін қоғамдық ғылымдарына қызығушылығы артты. 1900 жылдан бастап тыйым салған әдебиеттерді оқи бастады. Голощекин 1903 жылы Ригада РСДРП қатарына кірді. Оның бұдан кейінгі Қазан төңкерісіне дейінгі өмірі қуғын-сүргінмен өтеді. Небәрі алты жылдың ішінде 1905 жылдан 1912 жылға дейін 7 рет түрмеде отырып шығады. Голощекин тұтқындалып, Тобыл губерниясына жіберіледі. Кейін жер аударудан қашып, Екатеринбургке келеді. Бір жылдан кейін тұтқындалып, Турухан өлкесіне жіберіледі. Бұл кезең Голощекин үшін өте ауыр кезең болып табылады. Турухан өлкесінде басқа жер аударылғандармен бірге Голощекин жазасын өтеді, соның ішінде И. Сталин, Я. Свердлов болды. Нәтижесінде Ресейге большевиктер келгеннен кейін, Голощекин Пермь губерниялық комитетін басқарды. Ақпан төңкерісінен кейін РСДРП-ның VI, VII конференцияның делегаты, Петроградтық Әскери -революциялық комитеттің мүшесі, 1917 жылдың желтоқсанынан бастап Екатеринбургтік РСДРП комитетінің мүшесі болды. Бұл кезеңде ол большевиктік шеңберде танымал болды, 1912 жылы Праж партиялық конференциясына Мәскеу партиялық организация атынан делегат қылып жібереді, бұл конференцияда Лениннің баяндамасын сынға алады. 1918 жылдың ақпанынан бастап Уральск әскери комиссары болды. 1919 жылдың сәуірден маусымға дейін Түркістанның, Шығыс фронттың Революциялық әскери кеңестің мүшесі болды. Голощекин мінезінде қаталдық, жек көрініштік деген қасиеттер пайда болды. Сол жылдың шілде айында Екатеринбург ақ казактар мен ақ чехтер қоршауында қалады. Урал облысытқ кеңесінің құрамындағы солшыл есерлер, анархисттер, әсіресе қызыл революционерлер Романовтарды құртуды талап етті. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде Урал облыстық Советінің шешімі бойынша 17 шілдеде Инатьев үйінде қамалған ІІ Николай патша ұсталды. Голощекин 1929 жылдың сәуір-маусым айларында Түркістан әскери-революциялық советінің мүшесі, ал тамыздан бастап Челябі губерниялық ревкомының төрағасы, 1920-22 жылдары Башқұрстанда, Костромада түрлі шаруашылық қызметін атқарды. 1923 жылдың қыркүйегінен қазанға келгенге дейін Самара губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істейді. [11, 231 б]
- «Кіші Қазан» бағыты
1925 жылы 12 қыркүйекте Филипп Исаевия Голощекин Қазақстан астанасы Қызылордаға келді. 19 ақпанда РКП(б) Орталық Комитетінің Қазақ облыстық комитеті деп атау жөніндегі қаулысы шықты. Осы айда астана Қызылордаға көшті. 15-19 сәуірде болып өткен Қазақ АССР-нің және республиканың атын тарихи тұрғыдан дұрыс қалпына келтірді. Голощекин Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1925-1933 жылдары аралығындағы бірінші хатшы қызметін атқарды. Қазақстанға келе сала Голощекин бірден өзіне тән шапшаңдықпен іске шұғыл кірісті. Ол ең алдымен 1917 жыл қазан- 1925 жыл қыркүйек аралығында Қазақ сахарасында Совет үкіметі болмады, коммунистік партия ұйымы жоқ деген шешімге келді. Голощекиннің командалық-әкімшілік жұмыс әдісі етек алып, өрістей бастаған кезде республикалық совет активі оған қарсылық көрсете бастады. Дүмбілез Голощекин Өлкелік партия комитетінің VI конференциясында 7 сағаттық баяндама жасады. «Ауылда шынайы Кеңес үкіметі жоқ, тек байдың үстемдігі мен ру билігі бар» деп ағынан жарылды. Сөйтіп, осы оқтай атылған бірақ сөзбен екі қоянды соғып алмақшы болды. Біріншіден, ол автономиялы республика партия ұйымының бұған дейінгі жұмысының бәрін мансұқ етті. Екіншіден, қазақ сахарасында «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асыруға негіз қалады. Қазақ Орталық Атқару Комитетнің төрағасы Е. Ерназаров, Өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы І. Құрамысов, Халық Комиссарлар Советінің төрағасы О. Исаев Голощекиннің саясатын толық жақтап шықты. Оның белең алып бара жатқан көсемшілік талаптарына дем беріп, кемшіліктерді көне көрнеу бүркемеледі. «Әпкеме жездем сай» болған соң партия қатарын «большевиктендіру», ұлтшылдарға соққы беру, дінге сенушілермен күрес қыза түсті. Міне, осы тұста Голощекиннің әкімшілік-әкімгер басшылық әдісіне қарсы шыққандарға неше түрлі жала жабылды. Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Сейфуллин, О. Жандосов, Н. Нұрмақов, С. Садуақасов, С. Қожанов, С. Меңдешов, А. Әйтиев сияқты партия, совет қайраткерлерінің атына ғайбат сөздер айтылып, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және басқалардың соңына шам алып түсушілер көбейді.
1928-30 жылдарда Қазақстанда, әсірсе солтүстіктегі аудандарда егін шықпай қалды, астық тапшылығы көбейді. Ал осы жылдардың қысы да қоғамдық малды қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөніндегі жоспарлар өсе түспесе, азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте берді. Дегенмен, халыққа, әсіресе қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, көшпелі халықты бірден отырықшыландыру жөніндегі соқыр саясат тым ауыр тиді. Ф. Голощекин, О. Исаев, І. Құрамысов, Г. Голюзов, Е. Ерназаровтың қазақ сахарасында «Кіші Қазанды» жүзеге асыру ниетімен әуелі әуелі 700-ге жуық байдың бар малын тартып алды. [8, 14 б] .
Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойына Голощекин 2 жұмыстың авторы ретінде шығады: «Қазандық байқаудағы Қазақстан», «Кеңес үкіметіне 10 жыл». Голощекин жұмыстың беттерінде «ауылда азаматтық соғыс» идеясына шақырады. Бұл шаралардың пайдасына аргумент ретінде «Ауыл Қазан демін сезінген жоқ», «қазақ ауылында кеңес үкіметі жоқ» деген сөздері болды. Ф. Голощекин авторитарды типті басшы ретінде өзінің пікіріне қайшы келетін пікірлерді қабылдаған жоқ. Сондықтан көптеген қоғамдық қайраткерлер, танымал коммунисттер 1 хатшы курсымен келіспегендер «зиян» идеялық ағымға жатқызылды. Голощекин тағайындалған кездерінде Қазақстандағы республикалық партиялық организацияларда белгілі большевик-националдар болды, оларда өздерінің саяси, экономикалық мәселерге көзқарастары, пікірлері болды. Голощекин олардың тұлғаларында жұмыс бойынша әріптес емес, өзінің шексіз диктатурасына қауіпті жау ретінде көрді. Голощекиннің жергілікті партиялық белсенділеріне тұлғалық қарым-қатынастары Сталиндік көзқарасымен сәйкес келді. Қазақстан алғашқы хатшы Сталин-Голощекиндік курспен жүргісі келмеген саяси қайраткерлермен күрес жүргізе бастады. Бұл күресте толығымен Орталық қолдауына арқа сүйеді. Голощекин жүргізілетін саясатқа кедергі болатын оппоненттерді мүмкіндіктерін түбірімен жоюға талпынды. Міне осы тұста әккі әкімшіл, өктем Ф. Голощекин оппозиция қанатын бірден қырқу үшін, жаңа саяси бағытты дәлелдеп, Сталинге хат жолдады. Голощекин Сталиннен бағытты жүзеге асыруға қаражат сұрады[11, 235 б] . Голощекин Сталин кезіндегі орнатылған режимнің қаһарлы орындаушысына айналды. Сталиндік социализмнің теория және тәжірибе жүргізу барысында өзінің өнерінің шыңына жетті, сталиндік ленинизмнің қаһарлы пайымдаушысына айналды. Саясатта Сталиннің шәкірті Голощекин қатыгездік жағынан ұстазынан асып түсер басбұзардың өзі еді. Бұған Екатеринбургта оның Романовтың бүкіл отбасын, оған патша отбасының күтушілерін, аспазын, дәрігерін қоса-барлығы 11 адамды атып тастау жөніндегі бұйрыққа қол қойғаны куә. Тіпті қылмысының ізін жасыру үшін терең шахтаға тасталған патша мәйітін, оның әйелі мен ұл-қыздарының денесін шыңыраудан қайта алдырып, өліктердің үстіне жермай, күкірт қышқылын құйдырып, өртеткен де осы Голощекин ғой. Сондықтан да болар, Филипп Исаевичтің замандасы, белгілі революционер И. Непеин өз естеліктерінің бірінде былай деп жазыпты: «Қатыгездік Голощекиннің табиғатына тән еді, сталиндік ГПУ-дің қапасына қамалғанға дейін ол талай тағдырдың түбіне жетті». Солай бола тұрса да Голощекин төсін қаға, ұжымдастырудың жемісін, жеңісін «жырлаумен» болды. «Кіші Қазан» ауылға мәдениет, білім әкеледі, партия, кеңес органдарын орнықтырады, кешегі көшпелі ел қасық пен шанышқыны пайдаланатын болады деп даурыққан Ф. Голощекин халықтардың ұлы көсемінің атына арнайы хат та жазады. Өзіне бар билік пен ерік берілгеннен кейін Голощекин ұжымдастыру саясатын халықты қорқытып, үркітумен жүргізе бастады. «Берсе қолынан, бермесе жолынан» деп халық малы тартылынып алынды. Қалың ел көшіп келе жатқан жолындағы қонған жеріне күштеп қоныстандырылды. [9, 13 б] .
Голощекин патша отаршылдығын кеңестік тәсіл арқылы пәрменді түрде жүргізген Қазақстандағы кіші Сталин еді . Патшалы Ресейдің екі ғасыр бойы іске асыра алмаған арманын коммунистік жүйе он-ақ жыл ішінде жүзеге асырды. [12, 4 б]
- 20 ғасырдың 20-30жылдардағы Қазақстандағы индустриалдық даму жолдары, күштеп ұжымдастыру науқаны
20-30 жылдары экономикалық даму жолындағы өнеркәсіп өндірісін қалпына келтіру, құлдырауды бастан кешіру мәселелері басты мәселе болды. Қазақстан өнеркәсібі 3 категорияға бөлінді: шеткі, орталықтық, жергілікті. 80 мекеме болды, оның ішінде 11-орталықтық, 18-шеткі, 50 жергіліктік маңызы болды. Жергілікті өнеркәсіпке келетін болсақ, мекемелердің 50 % жұмыс істеген жоқ. Өнеркәсіптік мекемелер тас-көмір, мыс-қалайы, тұздық, текстильді, тері-жүндік, силикаттық, химиялық, ағаш өңдеуші, полиграфиялық болып бөлінді. 1925 жылы халықтың 92 %-і ауыл шаруашылығымен айналысты. Голощекин капиталды жинақтауды тауардың экспортында көрді. Голощекин ірі, ұсақ өнеркәсіпке көңіл бөлді. [5, 26 б] .
Қазақ шаруаларына күштеп ұжымдастырудың зардаптары адам айтқысыз ауыр болды. Зорлап ұжымдастыру мен отырықшыландыру барысында орын алған аштық пен асыра сілтеулердің кесірінен қазақтардың тең жарымына жуығының аштан қырылып, үлкен бөлігінің Отанын тастап үдере көшіп кетіп, бас сауғалауға мәжбүр болды. Бұл нағыз «қызыл табан шұбырынды» еді. Бұл жағдай қазақтың жат жерде диаспораға айналып өмір сүруіне алып келді. [6, 131 б]
20-30 жылдардың түйісу аралығында біздің еліміздің экономика саласында және қоғамдық саяси өмірінде жаппай салтанат құрған «қысым көрсету» саясаты ұзақ уақыт бойы ешкімнің көзін аштырмады. Бұл саясаттың, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы зардаптары айрықша ауыр болды. Ауыл шаруашылығындағы саясаттың экономикаға «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» өктемшіл әдістері шаруаларды кооперативтендірудің лениндік идеясының өңін айналдырып, оны социализмнің рухына жат тәсілдермен алмастырып, мейлінше қатаң казармалық әкімшіл-бұйрықшыл террор орнатты. «Түбірлі бетбұрыс» ауыл шаруашылығы құрылымының «сілікпесін шығарып», қоғамының алдағы проблемаларын түкпірден қозғады. Қалыптасқан жағдайда шаруаларды ұжымдастыру процесінің негізгі қозғаушы кұші -бұқараның шынайы немесе «төмендегілер» түйсінген экономикалық қажеттілік емес, «жоғарыдан түсірілген», заңға қайшы келетін әдіспен жетілдірілген әміршілдіктің біртұтас жүйесі болып табылды. Ауыл шаруашылығын коллективтендірудің немесе ұжымдастырудың аймақаралық мерзімінен бұрын жүргізу қарқынын белгілеу, оның нақты айғақтарының бірі. Нәтижесінде, бүкіл еліміз науқанды өткізудің екпінді және қатардағы аудандарына бөлінді. Сталиндік басшылықтың жоспары бойынша Қазақстан коллективтендіру науқаны 1932 жылдың көктеміне қарай аяқталуы тиіс жәй қатардың қатарына енгізілген-ді. Ал, республика «қотыр белсенді» бюрократтары осы мерзімді қысқартып, ертерек рапорт беруге ұмтылды. Ұжымдастыру кезекті науқан ретінде қарастырылды, сондықтан шаруаны тезірек тәркілеп рапорт беруге тырысты . Жергілікті аппараттың іскерлік қабілеті мен саяси-партиялық жұмысының басты өлшемі де- коллективтендірілген шаруашылықтардың проценттік санына келіп тірелді. Салғырттық танытқандар «оңшыл оппортунистер», «ұлтшылдықпен уланғандар» немесе «зиян келтірушілер» сияқты жалған атқа ие болып, жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. Науқанды өткізу қарқыны күннен-күнге артты. Егер 1922 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2 проценті коллективтендірілсе, 1930 жылдың 1 сәуірінде 50, 4 % ; ал 1931 жылдың қазанға қарай -65 процентке жуығы жаңа формаға көшірілген. 1931 жылдың күзіне қарай республикада 122 ауданның 78-інде шаруашылықтардың 70-100 проценті коллективтендірілді. Еріктілік принципі пен заңдылықтың әу бастан бұзылуы жаппай сипат алды. Шаруалар еркімен колхозға енуге ниет білдірмеген жағдайда, оларды «зорлықпен енгізу» әдісі кең тарады. Сайлау правосында айыру, жер аудару, «тәрбиелеу мақсатымен қамау» сияқты әдіс-тәсілдер шектен тыс пайдаланылды. «Тап күресі» орталықтан қолмен күшейтіле түссе, ал ол қазақ даласында кәдімгі тайпа күресіне айналып отырған. «Шолақ белсенділер» әрі-сәрі күйде дал болған, толқыған орташа шаруаларды «бай-кулактың итаршысы» қатарына қосты. «Шолақ белсенділер» өздеріне ұнамағандарды немесе қарсы келгендерге осындай атқа беріп, «итжеккенге» айдап жіберді. Науқанның төтенше сипаты, әсіресе, дөкей дүрбелең-«кәмпеске», яғни тәркілеу барысында айрықша жылдам жүргізілді. «Кәмпеске» науқанында орташа шаруалардың едәуір бөлігінің мал-мүлкі тәркілеуге қамтылды. Осылайша «шаш ал десе-бас алуға» кеңінен жол берілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау шаруаларға төнген қатер бұлтын алдын ала ескерткендей болды. Бұл науқанның кезінде қысым көрсетудің алғашқы нышандары да көп кешікпей қылаң берді. Бұл атақты голощекиндік геноцидтің басталуы ғана еді . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz