Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда рухани дамуымызға үлкен үлес қосқан қаламгерлердің автобиографиялық шығармаларын қарастырып, олардың әдебиеттегі орнын суреткерлік ерекшелігін ажырату қажеттілік болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихында осындай шығармаларымен оқырмандар ықыласына бөленген, өзіндік дара тұлғасымен, суреткерлік стилімен есте қалған қаламгерлер аз емес. 1920-1930 жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, т. б. сынды сөз зергерлерінің естелік, өмірбаяндық шығармашылық сипатты жазған көркем дүниелері ұлтымыздың рухани құндылықтар санатында әдебиетіміздің алтын қорын құрайды. Бүгінгі әдеби процестегі маңызды мәселенің бірі тарихи тұлғалар ғұмыры мен олардың өнер шеңбері ретінде қалыптасу жолдарын бейнелеген көркем туындыларға жан-жақты талдау болып табылады. Соның ең пәрменді түрі - автобиографиялық шығарма. Жазушыларымыз жан дүниесін билеген диалектикалық қайшылықтарды жеткізудің соңғы тәсілдерін табуға, бейнелеуге ұмтылуының себебі осында. Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары әдебиетімізге өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, соны формалық ізденісімен жаңа сипаттар әкелген қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің ғұмырнамалық (автобиографиялық) роман жанрына қалам тартуы әдебиеттану ғылымы үшін жаңа бір арнаның бастау көзіндей болып табылады. Ғұмырнамалық шығармалар қазіргі кезде қазақ әдебиетінде өз алдына бір жүйе болып қатар түзе бастады. Көркем әдебиет саласында ғұмырнамалық (автобиографиялық) роман жанры бұрыннан қалыптасқан, методологиясы мен теориясы бар жанрдың бірі болып табылады. Қазақ әдебиеті бұл жанр ерте дамыды. Мәселен, М. Х. Дулатидің «Тарихи-Рашиди» т. б. шығармаларды алуға болады. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде сөз еркіндігі, ой бостандығы күшейгеннен кейін жазушылар өмірлік дерек негізінде ғұмырнамалық жанрда шығармалар жаза бастады. Олардыңкөптеген тақырыптары, пайдаланған формасы, айтар идеялары, ұстанар концепциялары әр түрлі болғанымен, шығармаларын жазатын жанры біреу ғана - ғұмырнама (автобиография) . Әсіресе, қазақ ғұмырнамалық романдарының ішінде көлемі мен көркемдігі тұрғысынан ерекше деп танылатын Қ. Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романдарының қоғамдағы тарихи кезең ақиқатын бейнелеудегі шеберлік қырлары ерекше. Оқырман қауымға суреткерлік ғұмырдың болмысын танытатын бұл туынды әдебиет ғылымы үшін ғана емес, жалпы адамзаттық мәселелерді қозғаумен де құнды дүниелер болып табылады. Міне, сол себепті де бұл жазушының ғұмырнамалық шығармасындағы өмірлік деректерді зерттеу әдебиетімізде көркемдік таным мәселелерінің оң шешімін табуына зор септігін тигізеді.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Қабдеш Жұмаділовтің ғұмырнамалық (автобиографиялық) романдарына арқау болған өмірлік шындықтар мен идеяларды, жазушы характерін талдай отырып, заман шындығы мен көркем шындық арақатынасын таразылау және осы авторлардың шығармашылық зертханасында өмірге келген тың көркемдік ізденістердің табиғаиын ашып көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылды: - ғұмырнамалық романдағы автор ұстанған мәселелердің арақатынасын талдау; - автордың суреткерлік қолтаңбаларының өзіне тән көркемдік ерекшеліктерін айқындау; - шығармадағы көркем тұлға мен тарихи кезеңнің, өмір шындығының өзара сабақтастығын, бір-біріне әсер-ықпалын көрсету; - өмірлік деректі көркемдік әдіс-тәсіл арқылы көркем шындыққа көтеру, бейнелеу процесін автордың қалай жүзеге асырғанын анықтау; - ғұмырнамалық романға автордың қандай жолмен, ізденіспен және тарихи дерекердің қаншалықты деңгейде игерілу деңгейімен келгендігін пайымдау; - өмірлік шындықтың негізгі деректерін сұрыптау, жинақтау және соны көркемдік шығармада бейнелеу мақсатындағы танымның рөлін ажырату. Зерттеудің нысаны ретінде Қабдеш Жұмаділовтің “Таңғажайып дүние” ғұмырнамалық (автобиографиялық) романы алынды. Зерттеу әдістері. Ғұмырнамалық романды талдау барысында объективі-аналитикалық, салыстырмалы-салғастырмалы, кешенді талдау әдістері пайдаланылды. Жұмыс барысында ретіне орай хранологиялық жүйелеу салыстырмалы тәсілдерімен де қабаттаса келіп отырады. Зерттеудің теориялық және методолиялық негізі. Зерттеудің теориялық және медологиялық өзегі Қазақстан және шетел ғалымдарының зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты еңбектеріне негізделеді. Сонымен қатар қазақ романының тарихы мен теориясын зерттеуге арналған А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, З. Ахметов, М. Жолдасбеков, М. Қаратаев, Т. Қожакеев, З. Серікқалиев, М. Атымов, Ш. Елеукенов, Т. Кәкішұлы, Н. Ғабдуллин, Ж. Дәдебаев, Қ. Әбдезұлы, З. Бисенғали, Қ. Ергөбек, Т. Есембеков, Б. Майтанов, Т. Рахымжанов, С. Таханов, Т. Сыдықов, т. б. еңбектері басшылыққа алынды және Аристотельден бастап В. Белинский, А. Веселовский, В. Виноградов, М. Бахтин, А. Скафтымов, Д. Лихачев, М. Храпченко т. б. зерттеулерін қолдандық. Орыс тарихи романдарын зерттеген ғылыми құндылығы жоғары А. Алпатов, Р. Мессер, Щ. Серебрянский, А. Герцен, Л. Чмыхов, Л. Александрова, С. Петров, В. Юдин, т. б. еңбектеріндегі ой-пікірлерге сүйендік. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғұмырнамалық роман жанрына қалам тартқан Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» туындысы жүйелі түрде зерттелді деп айту әлі ертерек. Жазушының ғұмырнамалық романының қазіргі әдеби процесіміздің дамуындағы өзіндік орны, қалыптасқан әдеби дәстүрмен сабақтастығы басты назарда ұсталады. Қаламгердің романында байқалған жемісті ізденістердің бүгінгі шығармаларда жалғасын табу себептерін бажайлау жұмысымыздағы жаңа бағдар мен көзқарас болып табылады. Сонымен бірге жазушының суреткерлік шеберлігінің қырлары ғылыми тұрғыдан дәйектеледі. Суреткердің өмірлік деректердің көркемдік шешімін табуға ұмтылуы, жанрлық, эстетикалық ізденістері, шеберлік қырларына талдау жасау жұмысымыздың негізгі жаңалығы болып есептеледі. Жұмысқа ұсынылатын басты тұжырымдар: - бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында ғұмырнамалық жанрдың дамуын зерттеу маңызды мәселеге айналып отыр. - Қ. Жұмаділовтің ғұмырнамалық романдары бүгінгі шығармашылық прцестің ажырамас бөлігі; - жазушының ғұмырнама жазуға ден қоюы өсу, толысу, кемелдену үстінде үздіксіз өтеді; - ғұмырнамалық романдағы шындық пен көркем бейнелерде қайталанбайтын даралық, жалпылық сипаттар мен үндестік табады; - суреткердің нақты өмірлік деректен туындаған пәлсафалық ой тұжырымдары, эстетикалық әлемдері жүйеленіп, көркемдік таным ретінде бағамдалды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеудің ғылыми нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде қазақ әдебиеті тарихынан жалпы курстағы лекцияларда, Қ. Жұмаділовтің шығармашылығы туралы және ғұмырнамалық романдар бойынша іргелі зерттеулер жүргізуде, арнайы семинарлар мен арнайы курстардан дәріс беруде, сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда кеңінен пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының құрылымы. Осы зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспе бөлімінде қазақ әдебиетіндегі мемуарлық романдарға қалам тербеген жазушылар мен олардың асыл туындыларының аты аталып, қысқаша ғана мәлімет беріп өтіледі де, жұмыстың өзектілігі, мақсат-міндеті, зерттеудің нысаны, әдіс-тәсілдері, теориялық және методологиялық негізі мен жұмысқа ұсынылатын басты принциптер, теориялық-практикалық маңызы толық қарастырылды. Негізгі бөлім екі тараудан және алты ұсақ тараушалардан тұрады. Мұнда мемуарлық шығармалардың жалпы табиғаты, қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалар туралы мәліметтер көрсетіліп, Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық шығармасының жанрлық ерекшелігі, ондағы авторлық концепция мен романжағы шындық, көркемдік мәселесі, сонымен қатар, Әбілқайыр сынды қазақ тарихының сахнасынан орын тепкен ұлы тұлғалардың шығармадағы бейнесіне талдау жасалынса, қорытынды бөлімде Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романының қазақ әдебиетінде алар орны мен маңызы көрсетіліп, жоғарыда айтылған ойларға қорытынды жасалады. Ал пайдаланылған әдебиеттер атты бөлімде осы бітіру жұмысын жазуға негіз болған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі енгізілді.

1 ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ «ТАҢҒАЖАЙЫП ДҮНИЕ»

РОМАНЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі
Қазақ романдары және қ.жұмаділов романы
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
Қырғыздың даңқты жазушысы
Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz