Әлеуметтік саясат туралы
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
II. Негізгі бөлім
2.1. Әлеуметтік саясаттың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.13
2.2. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы ( Алматы қаласының әлеуметтік саясаты) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.30
2.3. Әлеуметтік саясаттың түрлері, моделі, принциптері ... ... .31.38
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39.40
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі күшті әлеуметтік саясат жүргізу.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында мемлекеттер қатарында әлеуметтік шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға араласу қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының негізгі бағыты болып есептеледі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – әлеуметтік топттар арасындағы қарым қатынастарды қолдап, қоғам мүшелерінің әл – ауқатын және өмірлік деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар жасау, сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік – экономикалық тәсілдер кешені.
Әлеуметтік саясат – қоғамдағы әлеуметтік дамуды басқаратын, оның мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін сонымен қатар, әлеуметтік дифференсация үрдістерін реттеуге бағытталған саясат болып табылады.

1. Сансызбаева Г.Н. «Система социальной защиты населения и ее проблемы». Алматы. Экономика 1998.
2. Мамыров Н.Қ. «Қазақстандағы адам дамуы». Алматы. «Taimas Printhouse» 2004.
3. Жуйриков К. «Страхование теория,практика, зарубежный опыт» Алматы БИС 2000 384 стр.
4. Агентство Республики Казахстан по статистике «Уровень жизни населения в Казахстане» Алматы 2004
5. «Әлеуметтік саясат» (лекция) Алматы 1999 25 –бет.
6. Гастенка Л.Н. «Страхование» Алматы 2003 183 – бет.
7. Карибджанова А.С. «Соц.защита населения» Алматы . Экономика 1999 136стр.
8. Гастенка Л.Н. «Финансовые обеспечение социальной защиты население РК»
9. Говорухина Е.И. «Управление социальной защиты населения в условиях рыночных преобразований» Алматы 2004.
10. Жаймурзаева Г.А. «Вопросы социальной политики государства» Алматы Экономика 2004 165 – 167стр.
11. Тасмагамбетов И.Н. «Социальная политика в условиях независимости РК» Саясат 1997 №9 13 – 31стр.
12. Романов В.И. «Социальная политика Казахстана». Саясат 1996 №7 3 – 23стр.
13. Бусурманов Ж. «Проблемы совершенствования социальной политики Казахстана».Мысль 1994 №7 20 – 25стр7

Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 3-4
II. Негізгі бөлім
2.1. Әлеуметтік саясаттың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-13
2.2. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы ( Алматы қаласының
әлеуметтік
саясаты) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-30
2.3. Әлеуметтік саясаттың түрлері, моделі, принциптері ... ... .31-38
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..39-40
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Кіріспе
Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі күшті әлеуметтік саясат
жүргізу.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі
бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын
мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы
белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық
насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға
негізделген қызметі болып табылады.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында мемлекеттер қатарында әлеуметтік
шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс
мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға араласу
қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғам өмірінің әлеуметтік –
экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының
негізгі бағыты болып есептеледі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – әлеуметтік топттар арасындағы қарым
қатынастарды қолдап, қоғам мүшелерінің әл – ауқатын және өмірлік деңгейін
жоғарылату үшін жағдайлар жасау, сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысу
үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру
болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен
қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің
жергілікті мүшелерінің әлеуметтік – экономикалық тәсілдер кешені.
Әлеуметтік саясат – қоғамдағы әлеуметтік дамуды басқаратын, оның
мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін
сонымен қатар, әлеуметтік дифференсация үрдістерін реттеуге бағытталған
саясат болып табылады.
Әлеуметтік саясатты іске асыру кезіндегі ең күрделісі – шешімді талап
ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақтарды шешу болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік
бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Әлеуметтік мемлекет
халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін
азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек яғни халықты
аурудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға
негізделген.
Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол
жергілікті басқару органдары мен өндірістік коллективтер көпшіліктің
жағдайын жақсартуға байланысты және әлеуметтік саяси тұрақтылықты сақтауға
байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты
әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады.
2.1Әлеуметтік саясаттың мәні
Әлеуметтік саясат – бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын толығымен,
сондай-ақ оны құраушы класстарды, деңгейлерді (қабаттардың), әлеуметтік,
әлеуметтік–демографиялық, әлеуметтік професионалды топтарды, әлеуметтік
бірлестіктерді (жанұялар, халықтар, қала, аудан, аймақ тұрғындары) өзгерту
және сақтау мақсатындағы әлеуметтік топтардың өзара арақатынасы.

Әлеуметтік жағдай – бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің
тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі.
Әлеуметтік жағдай тіршіліктің қоғамдық жағдайларын және қоғам
бөліктерінің құрылымдық дамуын қалыптастыратын жүйенің өте маңызды
факторларының әсері ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын қоғамдық жағдайлардың ішіндегі ең
маңыздылары мыналар:
• Қоғамдық құрылыс. Мұнда қоғамдық рольдердің негізгі үлестірімі
бірінші кезекте қанаушылар мен қаналушыларға бөлу, үстемдік ету
мен бағыну бекітілген.
• Қоғамдағы билік. Әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрушы әдіс
ретінде. Тікелей диктатурадан әлеуметтік серіктестікке дейін
өзгеретін биліктегі үстемдік етуші топтың басымдылық немесе
үстемдік үлгісі өте маңызды.
• Шаруашылықтағы билік. (меншік) Меншік – бұл әкімшіл-шаруашылық
қатынастар, яғни шаруашылықта маңызды шешімді қабылдаушылар мен
оларды орындаушыларға бөлу. Мүлікті бөлу билеуші мен
бағынушылардың арасында көрініс табады. Меншіктің негізгі
анықтаушылары болып мүлік емес, әкімшіл- шаруашылық қатынастар
табылады.
• Экономикалық жағдай – тіршілік пен дамуды қамтамасыз ететін,
әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің әлеуметтік жағдайларының
қалыпты эволюциясын суреттеуге қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Мұнда тек қана кірістер емес, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау,
коммуналды – тұрмыстық қызметтермен, үймен қамтамасыз ету,
жабдықтау жағдайлары кіреді.
• Экологиялық қауіпсіздік – өндірістік сферадағы, тұрғылықты
жерлердегі, табиғи ортадағы экологиялық қауіпсіздік деңгейлері.
• Әлеуметтік қауіп - қатерден қорғану (әлеуметтік қорғаныс) –
қоғамдағы жағдайды сақтау мен жақсарту талаптарын қозғау кезіндегі
субьектілерге сүйемел болатын әлеуметтік тәртіп.
Әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашу үшін кейбір маңызды аспектілердегі
өзара әрекеттерін суреттеу қажет. Ол аспектілер мыналар:
➢ Әлеуметтік саясатқа нақты қатысатындар, яғни оның шеңберінде
нақты әрекет етушілер мен әлеуметтік пассив субьектілерді
анықтау.
➢ Ең беделді адамдар (класстардың, әлеуметтік топтардың).
➢ Субьектілердің әлеуметтік жағдайларын шешу жолдары.
➢ Субьектілердің қазіргі таңдағы ең маңызды әлеуметтік
проблемалары (мәселері).
➢ Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің орны.
➢ Әлеуметтік саясаттың беделді субьектілердің мақсаттары,
стратегиялары және бағдарламалық приоритеттері.
➢ Әлеуметтік күштердің нақты тарихи арақатынасы.
➢ Әлеуметтік дамудың қалыптасқан тұрақты тенденциясы және
бағыттары.
➢ Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың деңгейі, оның тұрақтылығы
мен тұрақсыздығының маңызды факторлары (бұл әлеуметтік
қауіпсіздік, тұрақтылық мәселелері)
Әлеуметтік саясаттың пәні дегеніміз ғылымның құрамдас бөлігі,
заңдылықтар, қоғамның мазмұнды қарым – қатынасы, сонымен қатар қоғамдық
тәжірбиенің процестері мен факторлары. Мұнда әлеуметтік топтар жағдайына
байланысты қатынасқа түседі. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын
саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік
коллективтер көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік – саяси
тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті
жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге
бағытталады.
Субьективті – обьективті жағынан қарасақ әлеуметтік саясат термині көп
вариантты. Көп авторлардың көзқарасы бойынша бұл мемлекеттің әлеуметтік
сферадағы қызметі. Басқалар болса бұл түсінікке басқаша қарайды - өзі
әрекет етуші көпшіліктің барлық субьектілерінің қатынасы, шаруашылық,
басқарушылық құрылымдарының заңда негізделген мақсат пен міндетінің болуы.
Әлеуметтік саясаттың обьективті – субьективті қатынасында өзі қызмет
етуші көпшіліктің барлығы қатысады, бөлек азаматтар, белгілі – бір
деңгейдің әлеуметтік қауымдастығы.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері мемлекеттік билік органдары,
ұйымдары мен кәсіпорындары, сонымен қатар әлеуметтік сферада қызмет ететін
мемлекетік емес ұйымдар, азаматтардың қоғамдық құрылымы мен
инициативалары. Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналарды жатқызуға
болады: құқық беруші; атқарушы; сот жүйесі. Олар қоғамның қатысуымен
мемлекеттің әлеуметтік саясатының мақсатын, міндетін анықтайды және оны
жүзеге асыруға қатысады.
Кейбір зерттеушілердің ойынша обьект – бұл бағынушы, пассивті, екінші
деңгейлі басқарылушы құрылым. Оның өзінің белсенділігі мен инициативасы
болмайды. Бұл көп жағдайда олай емес, өйткені ол қоғамның өмірімен
байланысты.
Бұл контексте әлеуметтік саясаттың обьектілері қоғамның әлеуметтік және
әлеуметтік еңбек саласында кездеседі. Оның негізгі көрсеткіштеріне -
❖ көпшіліктің білім алуы
❖ денсаулығы
❖ жағдайы
❖ әлеуметтік топтардың қарым – қатынасының конструктивтілігі және
әлеуметтік тұрақтылық жатады.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері – бұл дербес әрекет ететін әлеуметтік
топтар, олардың органдары, ұйымдары, институттары, құрылымы. Бұл әлеуметтік
топтардан басқа әлеуметтік саясаттың субьектілеріне осы әлеуметтік топттың
мүдделеріне ұйымдық құрылымдар жатады. Яғни, субьектілер 2-ге бөлінеді.
Бастапқы субьектілер - әлеуметтік топтардың өздері. Ал қосымша бұл
олардың мүдделерін көрсететін ұйымдық құрылымдар.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері – бұл әлеуметтік топттар мен
азаматтар, олардың институттары, бұйымдар мен билік органдары. Ал олар
азаматтар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді
және қорғайды.
Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналар жатады:
✓ Мемлекеттік ұйымдар мен ведомствалар;
✓ Жергілікті басқару органдары;
✓ Бюджеттік емес қорлар;
✓ Қоғамдық , діни ұйымдар;
✓ Мемлекеттік емес құрылымдар;
✓ Коммерциялық құрылым және бизнес;
✓ Әлеуметтік саясатпен айналысатын және оны жүзеге асыратын
профессионалды қызметкерлер;
✓ Азаматтар (мысалы, азаматтық инициативаларға қатысу арқылы,
басқада көмекке қатысу және т.б.).

Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бүл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы
белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық –
насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен мақсаттарға
негізделген қызметі.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында, мемлекеттер қатарында әлеуметтік

мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға арласу
қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты-қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының бірі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мәні – әлеуметтік топтар арасындағы
қарым-қатынастарды қолдау, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, өмірлік деңгейін
жоғарылату үшін жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін
экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру. Осыған
байланысты, қоғамдық өндірістің шарттарын реттеу мақсатында мемлекет пен
жүргізілетін іс-шараның құрамды бөлігі ретінде жүзеге асатын мемлекеттің
әлеуметтік саясаты тұтасымен елдегі жалпы экономикалық ахуалмен тығыз
байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын айта отырып, біз үкіметтің,
қоғамның әртүрлі мүшелері мен топтарының кірістерін үлестіруге және қайта
үлестіруге бағытталған іс-әрекетін түсінеміз. Осылай әлеуметтік саясатты
тар мағынада түсіндіруге болады.
Ал кең мағынада әлеуметтік саясат бұл қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын
қамтамасыз етуге негізделген макроэкономикалық реттеу бағыттарының бірі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл - өзінің мақсаты ретінде кірістердің
дифференциасын әлсіретуді, нарықтық экономикаға қатысушылары арасындағы
қарама-қайшылықты жұмсартуды және экономикалық салдарда әлеуметтік
қақтығысты болдырмауды мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі, бұл
халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің,
кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-
экономикалық тәсілдер кешені. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нарықтық
экономикаға қатысуымен, азаматтардың жағдайларын түзетудің, белгілі
тәсілдерін, халықтың барлық топтарына әлеуметтік кепілдіктер жүйесін құруды
мақсат ететініне, әлеуметтік әділеттілік қағидасы жүзеге асады. Әлеуметтік
саясатты жүргізудің негізгі принциптері
o Бағаның көтерілуі кезінде орнына төлеудің әртүрлі формаларын
кіргізу және индексация жүргізу жолдарымен өмір деңгейін қорғау.
o Ең кедей отбасыларын көмекпен қамтамасыз ету
o Жұмыссыздық жағдайында көмек беру.
o Әлеуметтік сақтандыру саясатымен қамтамасыз ету, ең төменгі
жалақыны белгілеу.
o Білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды мемлекет
есебінен дамыту.
o Мамандануды қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясат
жүргізу.
ХХ ғасыр барлық мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі
әлеуметтік саясат екенін көрсетті. Әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті
болып қоғамдық өмірде тепе-теңдіктің белгілі деңгейіне төмендегілер арқылы
жету болып табылады:
▪ аштық, ауру, табиғи және техногендік апаттар, демографиялық жарылыс
және тағы басқаларының салдарының алдын алу үшін мемлекеттік
кепілдіктер беру.
▪ Белгілі өмір деңгейін және оны әлеуметтік шиеленісуін төмендететін
бағытқа сапалы өзгертуді қамтамасыз етуге бағытталған материалды
жабдықтарды және ұйымдық күш салуларды қайта үйлестіру.
▪ Өмір салтын реттеу (салықтармен, жабдықтармен, әл-ауқатты
жоғарылатумен, кәсіпкерлік бастаулар мен және тағы басқалары).
Әлеуметтік саясатты жасау кезінде мемлекет алдында әлеуметтік алымдар
туралы немесе әлеуметтік міндеттер туралы сұрақ тұрады, ол дамудың нақты
кезеңінде ең қажетті және бірінші кезекті шешімді талап етуші сапасында
қоғаммен қабылданады. Бұл таңдау әлеуметтік сферадағы азаматтық құқығына,
әлеуметтік қажеттіліктер мен талаптар үшін күресудегі мемлекеттік саясаттың
әртүрлі қағидалары арасындағы ұрыс-қысымында және алаңында өтеді.
Әлеуметтік саясат қызметі ретінде қоғамның әлеуметтік дамуын басқаруға,
оның мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге
және қоғамның әлеуметтік дифференсация үрдістерін реттеуге бағытталған.
Әлеуметтік саясаттың базалық мақсаты болып тепе-теңдікке тұрақтылыққа,
тұтастылықққа және динамизмге материалдық ресурстар, сәйкес саяси күштер
және әлеуметтік жүйе болуы арқылы жету табылады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі-әлеуметтік қарама-
қайшылықтарды шешу, стратегиялық және тактикалық қоғамдық, қоғамдық
қызушылықтар тепе-теңдігін сақтау немесе қалпына келтіру.
Әлеуметтік саясатты өндіру және жүргізуде ең күрделісі болып бірінші
кезекте шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақты шешу болып
табылады.
Адамның әлеуметтік реформалануының негізгі обьектісі ретінде әлеуметтік
ахуалын қамтамасыз ету әлеуметтік көмек және мемлекеттік қолдау арқылы
жүзеге асуы қажет, ең алдымен бұл көмектер ерекше әлсіз және қажет ететін
топтарға көрсетіледі, бұл топтарға жататындар:
❖ көпбалалы және толық емес отбасылар
❖ жұмыссыздар
❖ нарықтық талаптарға сәйкес емес мамандандырылған немесе жеткілікті
білім алмаған тұлғалар
❖ қарттар
❖ мағыналы жеке меншігі жоқ адамдар
Осыған сәйкес мемлекеттік тәсілдер кешені ең төменгі өмір сүру
минимумымен қамтамасыз ету және мұқтаж адамдарға материалдық көмек
көрсетуге, білім алу, медициналық көмек алу үшін жақсы жағдайлар жасауға,
азаматтық құқық және еркіндікпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар
психологиялық прессингтен қорғауға бағытталуы керек.
Реформалардың тиімділігі мен табыстылығы туралы халықтың өмір сүру
өзгерісі, оның сапалық және сандық өлшемдерінің жаңа мазмұнымен айтылады.
Келешекте әлеуметтік көмектің тапшылығы елдегі саяси тұрақтылыққа әсер
етеді, сондықтан бірінші кезекте, елдің экономикалық өсуіне шешімді мағына
беретін еңбек өнімділігінің жоғарылауына және тиімділігіне бағытталатын
тәсілдер болуы қажет, ол қызметкердің біліміне, мамандануына, ынталануына
және денсаулық көрсеткішіне байланысты болады. Осыған сәйкес әлеуметтік
саясаттың негізгі бағыттары келесідегідей топталады:
➢ Кедейшілікпен күресу
➢ Адам қорларын сақтау
➢ Адам қорларының нарық талаптарына бейімделуі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты тәуелсіздік шарттарында
(жағдайларында) келесі 3 кезеңмен сипатталады:
Бірінші кезеңде (1991-1993) әлеуметтік сфералы басқарудың ескі әдістері
жаңа экономикалық және саяси шарттарға ауыстырылды.
Екінші кезеңде (1993-1995) қоғамда дағдарыстық үрдістер және
құбылыстардың өсу алаңында халықты әлеуметтік қолдаудың дәстүрлі
механизмдерін жою үрдістері басталды.
1995-1997 жылдар аралығындағы уақытша бөлігі тәуелсіздік шарттарындағы
әлеуметтік саясаттың реформалануы басталды. Реформалардың негізгі
сипаттамалары: бюджеттік қорларды үйлесімді шығындау есебінен әлеуметтік
сфераны экономикалық қамтамасыз етуге жаңа жолдарды енгізу, қаржыландырудың
бюджеттен тыс көздерін құру және меншік құқығын реттеу.
Әлеуметтік бардарланған нарықтық экономика мемлекеттің әлеуметтік
мәселелерді шешудегі маңызды қызметін мақсат етеді. Бұл дегеніміз нарықтық
экономика еңбеккерлерге, еңбекке және қажетті білімге кепілдік бермейді,
мүгедектердің, аз қамтылғандардың, зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекеттің кірістерді үлестіру сферасына
әлеуметтік саясат жүргізу жолымен араласу қажеттілігі туындайды. Ұлттық
кірістің бюджет арқылы қайта үлестірілуі жүзеге асады, мемлекет әлеуметтік
бағдарламалар жүйесін жүзеге асырады.
Әлеуметтік сферада басты орынды мемлекеттік сектор алады (басты
функцияларды нарықтық құрылымдар орындайтын экономикадан басқа). Елдегі
мемлекеттік сектор көлеміне тәуелді әлеуметтік саясаттың өз ерекшеліктері
бар. Тәжірбиеде бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының әртүрлі көлемінде
көрініс береді. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың
қолжетерлігін, әлеуметтік төлемдердің жан – жақтылығын мемлекеттің қайта
үлестірілген қызметінің жалпы қамтитын сипатын білдіреді.
Шектеулі әлеуметтік саясат оның минимумға әлеуметтік сфераның дәстүрлі
институттарын толықтыру функциясына жинақтауын білдіреді.
Әлеуметтік саясат минималды кіріс кепілдігін беруге халықты аурудан,
мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға негізделген.
Осыған байланысты мемлекеттің минималды өмір жағдайларын қамтамасыз етуі
тек қана өз бетімен жасай алмайтын халық тобына арналады.

бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың
әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің тұтынушыға
бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл
осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Сондықтан адам үшін
экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып
табылады. Мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген
реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге
ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге
асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет.
2.2. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуы
Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының
есебінен әлеуметтік қорғау 1996 жылғы “Міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы” тиісті Заң арқылы 1999 жылға дейін реттеліп келді, осы заң бойынша
елдегі азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің мына түрлері берілетін еді:
зейнетақылық қамсыздандыру, уақытша еңбекке жарамсыздыққа, екіқабаттыққа
және босануларға байланысты жәрдемақылар, сауықтыру сипатындағы қызметтер,
міндетті медициналық сақтандыру, жұмыссыз болғанда әлеуметтік қолдау
көрсету, бала туғанда жәрдемақы, жерлеуге бөлінетін жәрдемақы.
90-шы жылдардың бас кезі мен орта шеніндегі экономиканың дағдарысы
әлеуметтік сақтандыру жүйесін де дағдарысқа ұшыратты, ол жарналарды
төлетудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан, сондай-ақ жарна
төлеушілердің жарналарды әлеуметтік қорларға толық және уақтылы аударуға
құлықсыздық көрсетулерінің салдарынан әлеуметтік сақтандыруға жарналар
жинаудың төмен деңгейінен көрініс тапты. Бұл зейнеткерлер мен жәрдемақы
алушылар алдында ірі ауқымдағы берешектерге ұшыратты. Әлеуметтік қорлар
қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлер мен жәрдемақылар
алушылардың күнкөріс минимумындағы қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады
және қорлар қаражаттарының барған сайын шектеле түсуі кезінде әлеуметтік
төлемдерді ұдайы индекстеу қажеттілігін туындатты. Сондай-ақ экономикаға
жоғары ставкадағы аударымдардың келеңсіз ықпал ету проблемасы мен
шығындарын азайту үшін оны төмендету қажеттілігі пісіп жетілді.
1999 жылы әлеуметтік қорларға төленетін төлемдер бірыңғай әлеуметтік
салыққа ауыстырылды. Оның қаражаттары бюджетке түседі, бірақ қатаң
мақсаттық тағайындауда болулары тиіс, яғни олар Зейнетақы төлемдер
жөніндегі Мемлекеттік орталыққа, медициналық қызметтерге төлем жасау
жөніндегі Мемлекеттік орталыққа және жұмыспен қамту қызмет орындарына
жолданулары керек. Алайда қазіргі кезде олардың мақсатты пайдаланылуларын
қадағалау қиын. Осы кезеңде әлеуметтік салық туралы жаңа ереже талқылануда.
Бірақ талқылау нәтижесі байланыссыз, салық төлеушілер әлеуметтік салаға
жасайтын төлемдеріне баламалы мөлшерде әлеуметтік қамсыздандыру алулары
үшін, 2 мезетті- жалпы бюджеттің ашықтығын және әлеуметтік салықтың
мақсаттық тағайындауын реттеу қажет.
Жалпы елдің дамуы үшін, сондай – ақ әр адамның әлеуметтік мүмкіндіктерін
іске асыру үшін де жағдайлар жасау арқылы қоғамдағы кедейшілік деңгейін
азайтуға қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, кедейшілік проблемасынан
арылу үшін бірқатар жағдайларды қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда, оған
орнықты экономикалық өсу, халықтың өнімді жұмыспен қамтылулары үшін
мүмкіндіктерді ұлғайту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігі,
мемлекетті ұтымды басқару мен қоғамның демократиялық институттарын дамыту
жатады. Соның ішінде, бірінші кезекте кедей тұрмысты адамдардың мүдделерін
ескеретін кедейшілікпен күресудің ұлттық стратегияларын әзірлеу мен іске
асыру - әлемдегі кедейшілік ауқымдарын азайту міндетіне қол жеткізудегі
маңызды қадам болып табылады.
Әлемдік практикада кедейшілікті өлшеудің негізгі үш тұжырымдамасы
белгілінді, олар:
✓ абсолюттік
✓ салыстырмалы
✓ субьективтік
Кедейшіліктің абсолюттік тұжырымдамасы адамның күн көрісі үшін қажет ең
аз қаражаттарын анықтау қағидасына негізделеді, олар – адамның суды,
тамақты, киім –кешек пен тұрғын үйді физиологиялық тұрғыда ең аз
қажетсінулері. Абсолютті кедейшіліктің критерийі болып күнкөріс минимумы
саналады.
1 – қосымша күнкөріс минимумы. (№1 қосымшадан көріңіз)
Қазақстан Республикасындағы 2003 жылғы күнкөріс минимумының құрылымын
айта кетейін. Оның ішінде ақылы қызметтерге 29 пайыз; қант, шайға 5 пайыз;
картоп және көкөніске 12 пайыз; ет және балық өніміне 22 пайыз; сүт,
жұмыртқа, май өнімдеріне 20 пайыз; нан және нан өнімдеріне 12 пайыз
үлесінен келіп отыр.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнкөріс минимумы ең
төменгі тұтыну себеті құнының шамасы бойынша бір адамға шаққандағы қажет ең
аз ақшалай табысты көрсетеді және ол аталмыш даму кезеңінде қоғамда
қабылданған деңгейде адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруын
қамтамасыз етеді.
Ең төменгі тұтыну себеті денсаулықты ұстап отыруға қажет азық – түлік
жиынтығының (азық – түлік себеті) қоректік заттарының ең аз құрамы бойынша
құнын және азық – түліктен бөлек тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсайтын
шығындарын қамтиды. Азық – түлік және азық –түліктен бөлек шығындар
арасындағы арақатынас (ара салмақ) ұзақ мерзімге нормативтік актілер арқылы
белгіленді.
Қазақстанда күнкөріс минимумы 1996 жылдан бері нормативтік
–статистикалық әдіс арқылы есептелінеді, сол әдіске сәйкес азық – түлік
себетінің құны нормативтік әдіс арқылы белгіленеді және күнкөріс
минимумының 70% болып қабылданады, ал азық – түліктен бөтен тауарлар мен
қызметтердің күнкөріс минимумындағы жалпы көлемі 30% деңгейінде
қабылданады. Ең аз азық –түлік себетінің құны ай сайын тамақ өнімдерін
тұтыну нормаларын айдың ортасына қарай облыстарда қалыптасқан орташа
бағаларға көбейту жолымен есптеледі, мұндай есептеу әр аймақ бойынша
инфляция деңгейін есепке алуға мүмкіндік туғызады. Халық үшін тамақ
өнімдерін тұтынудың бірыңғай нормаларын Қазақтың тамақ академиясы ЖАҚ
энергетикалық құндылықты қамтамасыздандыру мен физиологиялық деңгейде
негізгі тамақ заттарын тұтыну тұжырымдамаларына сүйене отырып әзірледі.
ҚР Күнкөріс минимумы туралы Заңында кедейшілік шегі ұғымына анықтама
беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанғаттандыру үшін қажет
табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы кедейшілік шегі аз
қамтамасыздандырылғандарға яғни табысы аздарға мемлекеттің атаулы
әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің
экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. Кедейшілік шегін анықтау
тәртібі туралы Үкімет Қаулысына сәйкес ҚР еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігі 2000-2001 жылдарда республика бойынша кедейшілік шегін
күнкөріс минимумының 38% деңгейінде белгіледі (немесе 2000 жылы 1522,6
теңге және 2001 жылы 1746,5 теңге). 2002 жылы ол күнкөріс минимумының 40 %
-ын (немесе 1904 теңге) құрады.
Қазақстан үшін халықтың кедейшілік индексінің (ХКИ) есептеулері мынаны
көрсетеді, 1998 жылы ел халқының 31%,1999 жылы –28,1 %, ал 2001 жылы 23,9%
қазақстандықтар ХКИ –дің төрт құрамдас бөлігі бойынша үлестен құр қалды.
Экономикадағы оң үрдістерге байланысты елдегі кедейшіліктің деңгейі де
біртіндеп төмендей бастады. Келесі суретте жалпы ішкі өнім динамикасын және
Қазақстандағы экономикалық дамудың нәтижелері мен елдегі кедейшілік
жағдайын көрсететін кедей тұрмысты халықтың үлесін көрсетеді (кедей
тұрмысты халықтың үлесі күнкөріс минимумынан төмен тұрмыс кешетін халықтың
үлесімен анықталады).
Сурет 1 – ҚР жалпы ішкі өнім көлемінің динамикасы
Сурет 2 – Табыстары күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі.
Диаграммадан экономикалық өсудің мемлекеттегі кедейшіліктің деңгейіне
ықпал ететін маңызды фактор болып табылатынын көреміз. Алайда, экономика
дамуының оң үрдістеріне қарамастан, күнкөріс минимумының шамасы орташа
айлық жалақымен салыстырғанда анағұрлым баяу қарқындармен өсуде. Егер 1998
жылы осы алшақтық 2,9 есені құраса, ал 2002 жылы ол 4,3 есеге жетті.
Нарыққа көшу үрдістері бірқатар мемлекеттік кәсіпорындардың тоқтауы мен
жабылуы сияқты құбылыстармен қатар жүрді және соның нәтижесі ретінде –
жұмыссыздықтың күрделі ауқымдары пайда болды. Жұмыстың болмауы
Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептерінің біріне айналды. Әсірісе
ауылдық жердегі жұмыссыздық проблемасы шиелене түсті.
Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі туралы айғақтайтын көптеген әлеуметтік
– экономикалық көрсеткішттер, өтпелі кезеңнің адамдардың әл – ауқатына
ықпалын жеңілдету бойынша Үкіметтің тұрақтандыру саясатын жүргізгеніне
қарамастан, күрделі өзгерістерге ұшырады. Жұмыссыздық едәуір өсіп, халықтың
нақты табыстары төмендеді, өмір сүру ұзақтығы кеміп, денсаулық
көрсеткіштері нашарлады және транзитті елдердегі сияқты өткір де өзекті
мәселеге айналды. Инфляцияның елеулі қарқындары жағдайында алдыңғы жылдарда
кедей тұрмысты халық жіктерінің әлеуметтік жағдайын шиеленістірген мәселе
жалақы, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың төлемі бойынша берешектер
болды.
Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты кедейшілікті қолға алу, көпшілікті
жұмыспен қамтамасыз ету және жағдайлары нашар азаматтарға көмек көраету
болып табылады. Алматы қаласына қойылған міндеттерге байланысты көпшілікті
әлеуметтік қорғаудың мынандай әлеуметтік бағдарламаларының негізінде
орындалады:
2003-2005 жылдары Алматы қаласындағы кедейшіліктің қарқынын тоқтату,
көпшіліктің жұмысбастылық Бағдарламасы, 2003-2005 жылдары кемтарларды
реабилитациялаудың кешенді бағдарламасы. Негізгі міндеттердің бірі 2004
жылы Алматы қаласындағы кедейшілік қарқынын тоқтату болып табылады. Осыған
байланысты Департаменттің негізгі қызметі Бағдарламаның басты мақсаты –
жұмыспен қамтамасыз етудің белсенді саясаты және халықтың төмен деңгейде
тұратын топтарына адресті әлеуметтік көмек көрсету болды.Ал қала
әкімшілігінде кедейшілікке байланысты сұрақтарды шешетін бөлім құрылды.
Оның мақсаты жаңа тиімді механизмдерді құру және ұсыну, кедейшілікті
төмендетуге байланысты мемлекеттік емес және басқа да ұйымдармен осы
проблемаға байланысты жұмыс істеу.
Тұрмыстық минимумға жеткіліксіз кірісі бар азаматтарды, зейнеткерлерді,
кемтар адамдарды, көпбалалы отбасыларын және балаларды әлеуметтік қорғау.
Осындай топтарға кіретін азаматтарды әлеуметтік қорғау әрқашан бақылауда
тұрады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шақандағы орташа айлық
табысы облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген кедейлік
шегінен төмен адамдарға, отбасыларына мемлекет тарапынан ақшалай нысанда
берілетін төлем.
Жанбасына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан
Республикасының азаматтарының, оралмандардың, шетелдіктердің, Қазақстан
Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ
адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмек дегеніміз – ақшалай түрде көмек
көрсету, Алматы және Астана қалаларында белгіленген облыстарда жағдайлары
нашар жанұяларға көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмек
Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмекті Қазақстан
Республикасының азаматтарына, оралмандарға, азматтығы жоқ тұлғаларға, шетел
азаматтарына көрсетіледі.
Кесте 5 - 2003 жылғы халық категориясына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік адрестік көмек*
Жан басының КедейшіліМ.Ә.К М.Ә.К жалпы
орташа табысык деңгейіалатын соммасы
(теңге) (теңге) азаматтар
саны
Барлығы: 952,7 1985,0 859802 7363919,6
Оның ішінде барлық 975,9 1985,0 518643 4530202,6
балаларға
Оның ішінде мектеп жасына987,3 1985,0 177708 1580929,0
толмаған балаларға
Оқушыларға 968,1 1985,0 399990 2935891,8
16 –жасқа толмаған 1156,6 1985,0 2055 13381,9
мүгедек балаларға
Студенттерге,тыңдаушыларғ844,8 1985,0 14819 115437,8
а,күндізгі оқу
бөліміндегі курсанттарға,
сонымен қатар
магистранттар мен
аспиранттарға
Мүгедектерге (1,2,3 1098,2 1985,0 11813 76968,1
топтағы)
Зейнеткерлерге 1129,9 1985,0 12082 71703,3
Жұмыссыздарға және 808,7 1985,0 122448 1131449,9
жұмыспен қамту
органдарында тіркеуде
тұрған жұмыссыздарға
Өзбетімен жұмыспен 1026,6 1985,0 25444 158812,8
қамтылғандар
Жалдамалы жұмысшылар 1098,7 1985,0 42468 271861,2
Балаларды қарайтын 911,9 1985,0 102861 933713,1
жұмыссыздарға
Басқа азаматтар 854,8 1985,0 9224 73770,8
категориясына
*Кесте Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің
деректері бойынша құрылды.
Мемлекеттік адрестік көмекті балалар, мектепке бармаған балалар, мүгедек
балалар, студенттер, курсанттар, магистранттар мен аспиранттар, 1,2,3
топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және жұмыспен қамту органдарында тіркеуде
тұрған жұмыссыздарға көрсетіледі. 2003 жылғы ең төменгі кедейшілік деңгейі
1985 теңгенң құрады, ал ең төменгі бір адамға деген орташа кіріс 808
теңгені құраса ал ен жоғарғысы 1156 теңгені құрап отыр. Әлеуметтік
мемлекеттік адрестік көмек алушылардың жалпы саны 859802 көрсеткішін
көрсетіп отыр. Олардың ішінде балаларға көрсетілетін көмек 518643 құрайды,
ал қалған 341159 көрсеткішінің қатарына студенттер, магистранттар,
мүгедектер, зейнеткерлер кіреді. Яғни көп көлемдегі мемлекеттік адрестік
көмек балаларға және мүгедек балаларға көрсетіледі.
2003 жылы жалпы көрсетілген әлеуметтік адрестік көмек 7363919,6 мың
теңгені құрап отыр.Оның ішінде 4530202,6 мың теңге жас балаларға бөлінген,
қалғаны басқа категориядағы көмек алушылардың үлесіне келіп отыр.
Мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмек негізінен келесі топтарға
көрсетіледі: балалар – 48,5%, жұмыссыздар – 34,7%, жас балаларға қарайтын
тұлғалар, студенттер, кемтарлар және көпбалалы жанұялар – 16,8%. Сурет 4.
Осы жәрдемақыны алатын жұмыссыз азаматтардың саны, өткен жылмен
салыстырғанда 24,2%- ке төмендеді. Сонымен қатар кейбір басқа
категориялардағы жәрдемақыны алатын азаматтардың саны, керісінше, өсті.Жас
балаларды қараушылардың көлемі 13,3% – ке өсіп, 841 адамды құрады
Сурет 4 – Мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмек
Аудандық орталықтарда көп уақыт тіркеуде тұрған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz