Инвестициялық жоба тиімділігін басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТИІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 «Инвестициялық жоба түсінігі», оны іске асырудың негізгі сатылары ... ... .4
1.2 Инвестициялық жоба тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздемелері және экономикалық критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қазіргі кезде мұнай саласы тек елдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оған қоса республикамыздың экономикалық өрлеуінің негізгі тұтқасы болып келеді. Өйткені, өндіріс көлемі бойынша басқа салалар ішінен мұнай саласы көрнекті орын алады.
Қазақстандағы барланған және үлкен болашағы бар көмірсутекті шикізат қорларының бар болуы мұнай химиялық және мұнай өңдеу өндірістерін сәтті біріктіруді қолдану мүмкіндігін дәлелдейді. Бұл мүмкіндік тек мұнай саласы мен ұзақ уақытқа мұнай өнімдерімен толықтай өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде ғана қарастырылады.
Қазақстанның даму стратегиясында 2030 жылға дейін отын-энергетика секторына бірінші кезекте мән беріледі. Тұрақты экономикалық өсім көзі ретінде көмірсутек ресурстарын ұтымды пайдалану еліміздің ұзақ мерзімді жоспарларының бірі болып табылады.
Мұнай ресурстарын пайдалану тұжырымдамасы:
• Ең үздік технология, күрделі қаржы және ноу-хау тарту мақсатында халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік жүргізу;
• Бір мемлекеттен не бір тұтынушыдан болатын монопольдік бағалық тәуелділікті болдырмайтын көмірсутек шикізатының тәуелсіз экспорттық бағдарын құру;
• Ішкі отын-энегетикалық инфрақұрылымды дамыту және құруды жеделдету.
1 Мамедов О.Ю. Современная экономика.- Ростов-на-Дону: Феникс, 1996.
2 Сапожников П.С., Финк В.К. Концентрация капитальных вложений и нефтяной промышленности.- М.: Недра, 1987.
3 Ежов С. Особенности налоговой системы в нефтяном секторе экономики. – М.: «А и Б», 1999.
4 Қазақстан Республикасының бюджетке салынатын салығы және басқа да мігдетті төлемдері.- Алматы: Салық кодексі, 2003.
5 Байтлекова Б. "Иностранные инвестиции в Республике Казахстан" - Алматы: Деловая неделя №11, 1998.
6 Проблема совершенствования законодательства по привлечению иностранного капитала в экономику Республики Казахстан. - Республикалық ғылыми журнал - "Наука и образование Южного Казахстана" №6 - 1997. "Экономика. Математика" сериясы.
7 Республикалық ғылыми журнал "Наука и образование Южного Казахстана" №6 - 1997. "Экономика. Математика"сериясы.
8 Қазақстанның инвестициялық климаты - Шетел инвесторларының екінші жылдық сауалнамасы.- Алматы: Азия- ЭиЖ.-1997 -№24,25,26
9 Балахметова Г. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың салалық және регионалдық аспекттері.- Алматы: Аль-Пари, №6, 2003.
10 2003-2005жылдар бойынша «ТасбулатОйлКорпорейшн» ЖШС жылдық есеп беруіне түсініктеме жазбахаты.
11 Гергичеану Д., Чепчеев С.Г. Шығыс Нормаул және Батыс Тасболат құрылымдарын зерттеу бойынша барлау ұңғыларын бұрғылаудың геологиялық жобасы (Ақтас учаскесі).- Алматы: NEDRA, 2001.
12 Насырова М.Р., Құлпыбаев С.К. Гуляева С.П. Нарықтық экономика.- Алматы: Білім, 1995.
13 Астахов А.С., Экономическая оценка запасов полезных ископаемых.- М: Недра, 1981.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТИІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Инвестициялық жоба түсінігі, оны іске асырудың негізгі
сатылары ... ... .4
2. Инвестициялық жоба тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздемелері
және экономикалық
критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...10

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде мұнай саласы тек елдің ішкі қажеттіліктерін
қанағаттандырып қана қоймай, оған қоса республикамыздың экономикалық
өрлеуінің негізгі тұтқасы болып келеді. Өйткені, өндіріс көлемі бойынша
басқа салалар ішінен мұнай саласы көрнекті орын алады.
Қазақстандағы барланған және үлкен болашағы бар көмірсутекті шикізат
қорларының бар болуы мұнай химиялық және мұнай өңдеу өндірістерін сәтті
біріктіруді қолдану мүмкіндігін дәлелдейді. Бұл мүмкіндік тек мұнай саласы
мен ұзақ уақытқа мұнай өнімдерімен толықтай өзін-өзі қамтамасыз ету
шеңберінде ғана қарастырылады.
Қазақстанның даму стратегиясында 2030 жылға дейін отын-энергетика
секторына бірінші кезекте мән беріледі. Тұрақты экономикалық өсім көзі
ретінде көмірсутек ресурстарын ұтымды пайдалану еліміздің ұзақ мерзімді
жоспарларының бірі болып табылады.
Мұнай ресурстарын пайдалану тұжырымдамасы:
• Ең үздік технология, күрделі қаржы және ноу-хау тарту мақсатында
халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік жүргізу;
• Бір мемлекеттен не бір тұтынушыдан болатын монопольдік бағалық
тәуелділікті болдырмайтын көмірсутек шикізатының тәуелсіз экспорттық
бағдарын құру;
• Ішкі отын-энегетикалық инфрақұрылымды дамыту және құруды жеделдету.

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТИІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Инвестициялық жоба түсінігінің экономикалық мәні, оны жүзеге
асырудың негізгі кезеңдері

Инвестициялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады. Біріншіден,
белгілі-бір іс әрекет жиынтығын жүзеге асырытын, нақты бір мақсатқа жетуді
қамтамасыз ететін іс, шара, қызмет мағынасында қолданылады. Бұл жағдайда
мағынасы жағынан ең жақын шаруашылық шара, жұмыс (жұмыс жиынтығы),
жоба терминдері болып табылады. Ал екінші жағдайда, белгілі-бір іс
әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті немесе осындай іс-әрекеттерді
сипаттайтын қаржылық-есептік және ұйымдық-құқықтық құжаттардың жүйесі
ретінде қолданылады.
Инвестициялық жоба түсінігі басым түрде екінші мағынада қолданылады.
Бірінші мағынада әдетте жоба термині қолданылады.
Жобаны құру және жүзеге асыру келесі кезеңдерден тұрады:
- инвестициялық идеяның қалыптасуы;
- инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
- жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
Кей кезде Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі деген
термині объект салу кезінде қолданылады. Жоба объектті салумен аяқталмайды,
кәсіпорын жобалық қуат деңгейіне шығарылуы керек. Инвестициялық жоба
пайданың белгіленген нормасына немесе басқа да көрсеткіштеріне жеткеннен
соң аяқталады.
- келісім-шарт құжаттарын дайындау;
- жобалық құжаттарды дайындау.
Инвестициялық жобаға тек қана сметалық-қаржы есеп айырысу мәліметтері
кіреді:
- құрылыс-монтаж жұмыстары;
- объектті эксплуатациалау, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.
Инвестициялық идеяның (ойдың) қалыптасуы келесілерді қарастырады:
• идеяны таңдау және оның алдын-ала негізделуі;
• өндірісті техникалық шешімнің (техника, ресурс, қызмет объектісінің)
экологиялық, патенттік, инновациалық талдауы, белгіленген жобамен
қарастырылған ұйымдастыру;
• сертификаттық талаптарды орындау қажеттілігін тексеру;
• инвестициялық идеяның республикалық, аймақтық, салалық
артықшылықтарымен алдын-ала таңдау;
• реципиенттің ақпататтық меморандумын тағайындау.
Инвестициялық мүмкіндіктердің жоба алды зерттеулеріне:
1. экспорт және импортты ескере отырып, өндірілген өнімге және қызметке
сұранысты алдын-ала зерттеу;
2. өндірілген өнімге (қызметке) есептік,ағымдық, болжамдық бағалар
деңгейін есептеу;
3. қатысушылардың құрамы мен жобаны іске асырудың ұйымдық-құқықтық түріне
ұсыныстарды дайындау;
4. ірілендірілген нормативтер бойынша болжанып отырған инвестиция көлемін
және оның коммерциялық тиімділігінің алдын-ала бағасын бағалау;
5. бастапқы құжаттарды дайындау;
6. жобаның ТЭН бөлімдері бойынша алдын ала бағалауларды, соның ішінде,
жобаның тиімділігін бағалауды дайындау;
7. инвестициялық мүмкіндіктер негіздемесінің нәтижелерін бекіту;
8. жобалық іздеу жұмыстарының келісім-шарт құжаттарын дайындау;
9. әлеуметті инвестор үшін инвестициялық ұсыныс тағайындау (жобаның ТЭН
дайындауда қаржылық жұмыстар жайлы шешім қабылдау).
Жобаның ТЭН келесіні қарастырады:
1. толық маркетингтік зерттеу жұмыстарын жүргізу (сұраныс пен ұсыныс,
нарықты сегментациялау, бағалау, сұраныс икемділігі, негізгі
бәсекелестер, маркетингтік стратегия, өнімнің нарықтағы өміршеңдік
кезеңін сақтау бағдарламасы және т.б.);
2. өнімді шығару бағдарламасын дайындау;
3. құрамында жобалық мүмкіндіктердің алдын-ала негіздемесінің құжаттары
бар анықтамалық хатты дайындау;
4. бастапқы құжаттарды дайындау;
5. техникалық шешімдерді әзірлеу, оның қатарына: негізгі жоспарды және
технологиялық шешімдерді (технология жағдайын талдау, құрал-жабдықтар
құрамы, қолданыстағы өндірістік қуаттардың жүктемесі, өндірісті
модернизациялау бойынша ұсыныстар, шетел технологияларын сатып алу,
өндірісті кеңейту. Шикізатты және басқа материалдарды қолданатын
өндірістік үрдіс, толықтырушы бұйымдар, энергоресурстар);
6. құрылыстық, архитектуралық-жобалық шешімдер;
7. инженерлік қамтамасыз ету;
8. азаматтық қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар;
9. құрылысты ұйымдастыру сипаттамасы;
10. қажетті азаматтық-тұрғын үй құрылысының деректері;
11. кәсіпорынды басқару, жұмысшылар мен қызметшілерді, еңбекті ұйыдастыру
жүйесінің сипаттамасы;
12. қаржылық-сметалық құжаттар, сонымен қатар, өндіріс шығындарын бағалау,
қаржылық шығындар есебі, кәсіпорын қызметінің жылдық түсімінің
есебі,айналым капиталына қажеттілікті есептеу, жобаны қаржыландырудың
жобаланатын және ұсынылатын көздері (есеп), шетел валютасына деген
болжамды қажеттілік, инвестрлау шарттары, нақты инвесторды таңдау,
келісім-шартты рәсімдеу;
13. Жобаны іске асырумен байланысты тәуекелді бағалау;
14. жобаны іске асыру мерзімін жоспарлау;
15. жоспардың коммерциялық тиімділігін бағалау;
16. жобаның бюджеттік немесе экономикалық тиімділігін талдау (бюджеттік
инвестицияны қолданған жағдайда);
17. жобаны іске асыруды тоқтату шарттарын қалыптастыру.
Дайындалған ТЭН ведомстводан тыс, экологиялық және тағы басқа
сараптама түрлерінен өтеді. Содан соң, ТЭН бекіту және инвестициялық шешім
қабылдау жүргізіледі (яғни, инвестициялық жобаға қаражат салу жөніндегі
шешім қабылдау).
Келісім-шарт құжаттарын дайындауға келесі жұмыстар кіреді:
- тендерлік саудаластықты дайындау және олардың нәтижелері бойынша
келісім-шарт құжаттарын жасау;
- елеулі инвесторлармен келіссөз жүргізу;
- объектті әрі қарай жобалауға (тендерлік саудаласу) және жұмыс
құжаттарын әзірлеуге тендерлік саудаласу.
Жұмыс құжаттарын дайындауға кіреді: құжаттарды дайындау, стандарттан
тыс технологиялық жабдықтарды дайындаушы мен жеткізушіні анықтау.
Құрылыс-монтаждық және реттеуші жұмыстар қарастырады:
- құрылыс-монтаждық жұмыстар;
- жабдықты реттеу;
- персоналды оқыту;
- шикізатты толықтырушылар мен энерго-тасушыларды жеткізуге келісім-шарт
құжаттарын тағайындау;
- өнімді жеткізуге келісім-шарттарды дайындау;
- өнімнің лидерлік топтамасын шығару.
Объектті эксплуатациалау экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі
қамтиды:
- өнім сертификациясы;
- диллерлік тор құру;
- жөндеу орталығын құру;
- жобаның экономикалық көрсеткіштерінің ағымдағы мониторингі.
Жобаны іске асыру кезінде ұйымдық-экономикалық механизмдерінің жеке
элементтері қатысушылар арасында келісім шартта нақтыланып және бекітіліп
отыруы мүмкін. Ұйымдық-экономикалық механизмді немесе жобалық құжаттаманың
кез-келген бөлімін өзгерту - түгелдей жобаны өзгерту деп қарастырылады
(жобаның басқа нұсқасын әзірлеу). Бұл жағдайда оның тиімділігі қайта
есептелуі тиіс.
Инвестициялық жобаны іске асыру келесі ұйымдық-құқықтық нысандарда
қолданылады:
1) реципиент және инвестор қатысуымен жаңа акционерлік қоғам (АҚ) құру
(акционерлік қоғамның кішігірім жарғылықты капиталы болып,
кәсіпорын қорының иесі болмауы мүмкін). Инвестиция, акционерлік
қоғамға айналым қаражатын үлестеу түрінде жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғам табыс ала бастағаннан кейін, ағымдағы ақшамен
инвесторға инфляцияны ескермей несие қайтарылады. Содан соң келесі
табыс жарғылықты капитал құрылтайшыларының үлестеріне сәйкес
бөлінеді;
2) шетелдік инвесторға кепілдік беру. Бұл жағдайда реципиент өзі
шетелдік инвесторды табады, ал отандық құрылым бұл инвестицияларды
тек өзінің не мемлекеттің активтерімен сақтандырады. Сол үшін
инвестицияланатын кішігірім пайыз алынады. [1]
Инвестициялық ұсыныс - бұл инвестициялық орындалуы жөнінде шешім
қабылдау үшін инвестициялық мүмкіндіктердің техникалық-экономикалық
зерттеулерінің нәтижесі. Инвестициялық ұсыныс құрамында реципиент жөнінде
толық берілгендері (яғни, оның қаржылық жағдайы, шығаратын өнімі, нарықтық
стратегиясы) ақпараттық меморандумды орынды толықтырады. Инвестициялық
ұсыныс пен ақпараттық меморандумды реципиент тағайындайды. Инвестициялық
ұсыныстың нұсқасы әдетте несиелік ұйымға бағытталатын өтінім болып
табылады. Өтінім құрамы инвестициялық ұсыныспен ақпараттық меморандум
мәлеметтерінен тұрады. Инвестициялық жобалар бойынша деректердің ЮНИДО
орталықтарының халықаралық ақпараттық торына енгізу үшін арнайы формулалар
бар.
Инвестициялық жобаның көлемі оның жүзеге асыру нәтижелерінің ең
болмағанда ішкі нарықтарының біреуіне әсерімен анықталады. Ішкі
нарықтарының қатарына: қаржылық, материалдық өнімдер мен қызметтер,
экологиялық, еңбек және әлеуметтік жағдай нарығы жатады.
Егер жобаның жүзеге асырылуы жер бетіндегі экономикалық, әлеуметтік
және экологиялық жағдайға елеулі әсер ететін болса, мұндай жоба кең ауқымды
деп қарастырылады.
Егер жобаның жүзеге асырылуы елдегі экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық жағдайға әсер етіп, басқа елдегі жағдайға әсер етпесе, мұндай
жоба ірі көлемдік деп қарастырылады.
Егер жобаның жүзеге асырылуы белгілі бір аймақтың, қаланың
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайына әсер ететін болса,
мұндай жоба аймақтық немесе қалалық (салалық) көлемдегі жоба деп
қарастырылады.
Егер жобаның жүзеге асырылуы белгілі бір аймақтың, қаланың
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайына, тауарлық нарық
бағаларының деңгейі мен құрылымына әсер етпейтін болса локалдық деп
қарастырылады.
Инвестициялық бағдарлама түсінігі екі мағынада қолданылады:
- инвестициялық бәсекеге ұсынуға арналан жекешелендіру жоспарына сәйкес
орындалатын жекеленуші кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы
ретінде;
- белгілі бір мақсатта бағытталған ұсынысы немесе инвестициялық жоба
жүйесі жөнінде сәйкестендірілген мәлеметтер жиынтығы ретінде.
Берілген ұсыныста Инвестициялық бағдарлама түсінігі екінші мағынада
қолданылады. Инвестициялық бағдарлама қолданысына қарай арналған
инвестициялық жоба немесе инвестициялық ұсыныс негізінде қалыптасады.
Инвестициялық жобалаудың альтернативтерін экономикалық бағалауын
жүзеге асыру, инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында табылатын пайда
мүмкіншіліктерін жүйелі анықтаумен және салыстырумен байланысты. Нақты
жағдайда инвестициялық альтернативтерді талдауда қарастырылып отырған
жобалардың арасында шығындар, пайда және өнім көлімдері, шығындарды жүзеге
асыру және пайданы табу мезгілдері жағынан айырмашылықтары болуы мүмкін.
Айырмашылықтар жобаның өмір сүру мерзімінде, салықтық жағдайларында және
берілген жоба бойынша шығындарға, табылатын табысқа, өсу және инфляция
әсерінде де болуы мүмкін.
Егер осы ықпалдардың экономикалық әсерін сандық бағалауға жүйелі
жақындау пайдаланбасақ, онда инвестициялық альтернативтердің қайсысы жоғары
экономикалық потенциалды екендігін бағалау өте қиынға түседі. Бір доллар
салымға пайда табу варианты бар инвестицияны таңдау үшін инвестициялық
альтернативтерді бағалау әрбір менеджер немесе дербес инвестор үшін басты
мақсат болып табылады.

2. Инвестициялық жоба тиімділігін анықтаудың әдістемелік
негіздемелері және экономикалық критерийлері.

Бұл бөлімде тиімділікті бағалаудың методологиялық негіздері мен
есептік формулалардың жалпы түрі баяндалған. Жоба тиімділігі оның
қатысушыларының мүдделеріне сай қолданылатын шығындар мен нәтижелер
арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштері келесі түрлерге
бөлінеді:
- коммерциялық (қаржылық) тиімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер
жобаның тікелей қатысушылары үшін жүзеге асырудың қаржылық салдарын
ескереді;
- бюджеттік тиімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер республикалық,
регионалдық немесе жергілікті бюджетке арналған жобаны іске асырудың
қаржылық салдарын көрсетеді;
- экономикалық тиімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер қаржылық
өлшемге жол беретін және инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей
қаржылық мүдделерінің шегінен тыс шығатын жобаны іске асырумен
байланысты шығындар мен нәтижелерді ескереді.
Ірі көлемдік (қала, аймақ немесе бүкіл Қазақстан мүддесін қамтитын)
жобалардың міндетті түрде экономикалық тиімділігін бағалау ұсынылады.
Жобаны әзірлеу барысында оның әлеуметтік және экологиялық зардаптарын,
сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік шаралармен байланысты
шығындарды есептеу жүргізіледі. Инвестициялық жобаның экологиялық
негіздемесінің әдістері, сонымен қатар, олардың құндық бағалануының
тәсілдері мен өлшенуі арнайы нұсқаулықтар мен кепілдемелерде жазылған.
Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтау барысында алдағы шығындар мен
нәтижелерді бағалау есептік кезеңде жүргізіледі. Оның ұзақтығы (есептеу
көкжиегі) келесілерге байланысты қабылданады:
- объектті құру, қолдану және (керек жағдайда) жою ұзақтығына;
- негізгі технологиялық жабдықтардың орташа нормативтік қызмет ету
мерзіміне;
- пайданың берілген сипаттамасына қол жеткізуге (массасы немесежәне
пайда нормасы т.б.).
Есептеу көкжиегі есептеу қадамдарының санымен анықталады. Есептік
кезеңдегі тиімділік көрсеткіштерін анықтауда есептеу қадамы болып ай,
тоқсан немесе жыл есептелуі мүмкін. Қатысушылармен іске асырылатын шығындар
бастапқы (қаржы қалыптастырушы инвестициялар), ағымдық және жою болып 3-ке
бөлінеді. Олар сәйкесінше құрылыстық, қызмет ету және жою сатыларында
жүргізіледі.
Нәтижелер мен шығындарды құндық бағалау үшін базистік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобалаудың теориялық және ғылыми-практикалық проблемаларын және оның Қазақстан экономикасының экономикалық өсуі жағдайындағы ролін зерттеп, соның негізінде инвестициялық жобалаудың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау
Инвестициялық жобаның сатылары
Инвестиция және инвестициялық жоба түсініктері мен олардың теориялық аспектілері
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудағы тартылған ресурстардың рөлі
Бизнес жобаның тиімділігін бағалау
Инвестициялық жобаны енгізудегі күтілетін табыстың анықталуы
Инвестициялар мен инвестициялық шешімдердің жалпы сипаттамасы
Инвестициялық жобалардың түрлері
Пәндер