Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі



Кіріспе
1. Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Операциялық жүйе MS DOS және WINDOWS ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Бағдарламалау тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.1 Мәліметтер типтерінің сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.2 Мәліметтер агрегатының сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.3 Тармақталу және қайталау алгоритмдерін сипаттау ... ... ... ...
1.2.4 Негізгі операторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.5 Просцедуралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.6 Функциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.7 Файлдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Жалпы программаның сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.1 Комплекстің программалар мен процедуралардың сипатталуы...
2.1.2 Комплекстің макро блок.схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.3 Комплекстің идентификаторлар кестесі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.4 Комплекс мәліметтерінің сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.5 Файлдардың жазылу құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Программалардың сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.1.1 №1 программаның сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.1.2 №1 программаның блок.схемаcы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.2.1 №2 программаның сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.2.2 №2 программаның блок.схемаcы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.3.1 №3 программаның сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.3.2 №3 программаның блок.схемаcы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Өндіріс мекемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Техникалық әдістің кешені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Қолдану үшін нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3 Оператор жетекшісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Оқулықтар ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Программа (листинг).
Шығарылатын мысалдар.
Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар- абак, есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, «Манхеттен жобасын» (АҚШ- тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.
ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.
1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ- дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде- ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.
70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини- ЭЕМ- дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан – БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.
Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ- дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты.
Бастапқы кезеңде ЭЕМ- дерде тек арнайы үйретілген адамдар жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.
70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатны, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланыады. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Соса СоІа) жасай бастады.
Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы ІВМ фирмасы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.
Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.
1.Turbo Pasccal, Ж.Қ. Масанов, Б.А. Бельгибаев, А.С. Бижанова, Қ.Қ. Мақұлов, (Алматы, 2004).
2.Лабораторный практикум по Turbo Pasccal, Каздаева Н.К., Боржим С.Л., Бурмистрова Т.А.
3.Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов.
4. Информатика негіздері. Г.Ә. Жапарова
5.О.А.Меженный. Turbo Pasccal. –М.:Издательский дом «Вильямс», 2001.-448 с.
6.Г.Григас. Начало программирования,- М. «Просвещение»,1982.
7.А.М. Епанешников, В.А. Епанешников. Turbo Pasccal 7.0- М «Диалог- Мифи», 2002.

Мазмұны

Кіріспе
1. Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Операциялық жүйе MS DOS және WINDOWS ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Бағдарламалау тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
1. Мәліметтер типтерінің сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Мәліметтер агрегатының сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Тармақталу және қайталау алгоритмдерін сипаттау ... ... ... ...
4. Негізгі операторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5. Просцедуралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Функциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7. Файлдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
2.1 Жалпы программаның сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.1 Комплекстің программалар мен процедуралардың сипатталуы...
2.1.2 Комплекстің макро блок-схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.3 Комплекстің идентификаторлар кестесі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.4 Комплекс мәліметтерінің сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.5 Файлдардың жазылу құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Программалардың сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.1.1 №1 программаның сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.1.2 №1 программаның блок-схемаcы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.2.1 №2 программаның
сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
2.2.2.2 №2 программаның блок-схемаcы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.3.1 №3 программаның сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.3.2 №3 программаның блок-схемаcы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Өндіріс мекемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
3.1 Техникалық әдістің
кешені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Қолдану үшін
нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Оператор жетекшісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Оқулықтар ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Программа (листинг).
Шығарылатын мысалдар.

КІРІСПЕ

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу
жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде
оған, аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым
мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны
жеңілдету үшін арнайы құралдар- абак, есепшот, арифмометр арнаулы
математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40
жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен
есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей
араласуын талап ете бастады. Мысалы, Манхеттен жобасын (АҚШ- тағы атом
бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты,
олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың
дұрыстығын тексеріп отырды.
ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің
қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен
технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар
электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.
1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ- дер электрондық шамдар негізінде
жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар
болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде- ақ электрондық шамдар шағын электрондық
аспаптармен транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс
өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.
70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған
мини- ЭЕМ- дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті
байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай микропроцессорлардың
(біріктірілген интегралдық схемадан – БИС элементтерінен тұратын) шығуы
дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.
Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ- дер күннен
күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы құрал
болып шықты.
Бастапқы кезеңде ЭЕМ- дерде тек арнайы үйретілген адамдар жұмыс
істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану
мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.
70 жылдар басында тұрмыстық (үйдегі) компьютерлер деп аталған
микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатны, тек ойнау
үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланыады. 70 жылдар ортасында
тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын
фирмалар да (Соса СоІа) жасай бастады.
Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981
жылы ІВМ фирмасы жасаған, кейіннен дербес компьютер деп аталған шағын
компьютердің шығуы болды.
Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты
есебінде тұрақталынып қалды.

I ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. Операциялық жүйе MS DOS және WINDOWS

Операциялық жүйелер жүйелі программалы етудің негізі болып табылады.
Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына
қатынау (яғни компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу)
мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай- ақ программа құралдарына
пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе
алады.
Операциялық жүйе барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының және
желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.
Компьютерді қоректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ- ға ЭЕМ- ның
жұмысқа жарамдылығын тексеруді және одан кейінгі жұмысын басқаратын
операциялық жүйе жүктеледі. Операциялық жүйе компьютердің қосылған сәтінен
бастап жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден
ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.
Әр бір үлгідегі компьютердің жеке операциялық жүйесі болады.
Біріктірілген дербес компьютер ІВМ үшін бірнеше әр түрлі операциялық
жүйелер әзірленеді:MS DOS, Windows, OS\2, Unix және тағы басқалар.
Операциялық жүйелердің ішінде бір жолғы пайдалнылатын әрі бір программалы
MS DOS операциялық жүйесі ең қарапайым деп саналады.
MS DOS операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы 1981- 1982 жж.
әзірленген болатын. MS DOS пайда болғалы бері осы жүйенің көптеген
нұсқалары мен үлгілері әзірленеді. MS DOS 6.22. ең соңғы нұсқасы. MS DOS-
командалық (текстік) ОЖ. Бұл мынаны білдіреді: қажетті операцияларды
орындау үшін пернетақтаның көмегімен тиісті команданы теру қажет. Мұндай
енгізу қолайсыз және көптеген қателіктердің пайда болуына әкеп соғады.
Дискілік операциялық жүйенің көмегімен жұмысты қамтамасыз ету үшін
операциялық қоршам деп аталатын графикалық қондырма жасалды. Қоршамдар
тәуелсіз программа болып табылмайды, олар тек операциялық жүйелермен
бірігіп қана жұмыс істей алады. Олар сол үшін де жасалынған. MS DOS үшін
бірнеше әр түрлі қоршамдар жасалды – Qdos, Dos Shell, Norton Commander,
Volkov Commander, Windows 3x, осылардың ішіндегі ең әйгілі қоршамдар –
Norton Commander (NC), Volkov Commander (VC).
Қоршам бұл ОЖ- дың басқаруымен іске қосылатын және осы ОЖ мен
адамның жұмыс істеуіне көмектеседі. Қоршам программасы компьютердің берлық
файлдық құрылымын: дискілерді каталогтарды және файлдарды экраннан көрнекті
етіп көрсетеді.
Мұндай программа мен командалық жол арқылы MS DOS- тың күрделі
командасын теріп жатудың еш қажеті жоқ. Файлдарды бар жоғы бірнеше пернені
пайдаланып, іздестіруге, көшіруге, ауыстыруға, жоюға, сұрыптауға, өзгертуге
және іске қосуға болады. Қоршам прграммасы командаларды MS DOS тіліне
аударады.
Қоршам программасының пайда болуы компьютермен және оның операциялық
жүйелерімен жұмыс істеуді біршама оңтайлатқанмен, ол ұзақ уақыт бойы
графикаландырылмады.
Бұдан сәл кейін тағы бір қоршам Windows жасалды, ендігі жерде
пайдаланушының графикалық интерфейсін пайдалануға мүмкіндік туды. Windows-
тың графикалық интерфейсі терезе ұғымына негізделеді, сондықтан да оны
кейде терезелі интерфейс деп атайды. Windows интерфейсіндегі терезенің
айрықша рөлін өзінің атауынан да көруге болады. Бұл қоршамның бірнеше
нұсқалары жасалған болатын. Ең танымал болған нұсқалары - Windows 3.0,
Windows 3.10 және Windows3.11. Бұлар кейін Windows 3.х - тың сыбайлас
қоршамдары деп аталып кетті.
Содан кейін MS DOS- тың орнын Windows 95, Windows 98 және Windows
МЕ дербес операциялық жүйелері басты. Оларға Windows 9.х жалпы белгіленді.
Windows 9.х – бұл графикалық интерфейсті дербес компьютердің танымал
операциялық жүйесі. Ол осы заманғы дербес компьютердің әлеуетін әлдеқайда
толық пайдалануға мүмкіндік береді және Windows- тың осы нұсқасындағы
көптеген операциялар оңай әрі жылдам орындалады. Windows 9.х жақсы
қорғалған, көп есепті ОЖ, ол мультимедия жүйесіндегі және информациялық
есептеу желілеріндегі жұмыстың тиімділігін, электрондық поштамен жұмыс
істеуді қамтамасыз етеді.
Windows 9.х - тың графикалық ортасында жұмыс істегенде файлдардың
ұзынсонар информативтік атауларын пайдалануға, тіпті ондағы бос орындарды
да назарға алмауға, кез- келген объектіні экранның кез- келген жерінен
ауыстыруға әрі экранның кез- келген жерінен контекстік мәзірді шақырып,
контекстік көмекке жүгінуге болады.
Windows тобындағы операциялық жүйенің артықшылығы пайдаланылатын
интерфейстер біріңғайластырылған. Осының арқасында әр түрлі программаларда
олардың жұмысын басқарудың біркелкі принциптері сақталады. Бұл ОЖ бір
мезгілде бірнеше міндеттерді қатар орындаудың мүмкіндіктерімен қамтамасыз
етеді. Мұнда әрбір программа терезе деп аталатын жекелеген тік бұрышты
аймақтарға орналасады. Терезені экран бойынша жылжытуға, мөлшерін өлшеуге,
бір біріне келтіруге немесе графикалық таңбашасына дейін кемітуге болады.
Windows ОЖ - ды жасауда Microsoft фирмасы объектік бағдарланған
тәсілді пайдаланады. Папканы жабуға, ашуға, жылжытуға, портфельге жинауға
болады. Құжаттарды қарап көруге, түзеуге, бір орыннан басқа орынға
ауыстырып қоюға, жоюға немесе кәрзеңкеге тастауға болады.
Windows ОЖ - де жұмыс істегенде программаларды қолданбалар деп атау
әдетке айналған.

2. Бағдарламалау тілі

Turbo Pascal- жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш
нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді
алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез
Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен
жазылуын сұраған.
Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде,
1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің
жасаған жаңа үлгісі Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа
ие болды. Оның бұл нұсқасы СРМ операциялық жүйесіне негізделген. 1984
жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны
бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы
әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде
қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын
құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.
Тілдің алфавиті. Кез келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады.
Turbo Pascal программалау тілінің де басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті
бар. Программалау элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын
тілдің алфавиті дейміз. Turbo Pascal тілінің алфавиті мына символдардан
тұрады:
1. Латын алфавитінің 26 (баспа және жазба) әріптері:
A, B ,C ,D ,..., W, X, Y, Z, a, b, c, d,...,w ,x, y, z;
2. Орыс алфавитінің 32 (баспа және жазба) әріптері программада
түсіндірме мәтіндерді жазуда пайдаланылады;
3. Араб цифралары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9;
4. Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сейкес
төмендегі топтарға жіктеуге болады:
а) Айыру (тыныс) белгілері: _(бос орын), . (нүкте), ,(үтір),
;(нүктелі үтір), :(қос нүкте), ( ) (ашылған және жабылған жай жақша), [ ]
(ашылатын және жабылатын квадрат жақша), ‘ (апостроф), # (тор), т.б.
ә) Арифметикалық амалдар таңбалары: +(қосу), -(азайту), *(көбейту),
(бөлу), div (бүтін бөлу), mod (бүтін қалдықты анықтау);
б) Қатынас таңбалары: (кіші), (үлкен), =(тең), :=(меншіктеу),
(тең емес), =(кіші немесе тең), =(үлкен немесе тең).
Әр бір символдың өзінің реттік нөміріне сейкес белгіленген коды
болады. Жоғарыдағы символдар ASCII (American Standart Code for Information
Interchange ) коды бойынша 0-ден 255 дейінгі сандармен кодталынады.
Қызметші сөздерү. Turbo Pascal тілінде алдын- ала қызметі
тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Оларды Turbo Pascal- дің қызметші
сөздері деп атайды. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы
атқарылатын іс әрекетті баяндайды.
Мысалы: Program- сөзі программаның тақырыбын, begin- прграмманың
басын, end- программаның соңын сипаттауға пайдаланылады.
Идентификатор (атау). Turbo Pascal тілінде атауды идентификатор деп
атайды. Яғни, идентификатор программаның кез келген элементіне берілген
атау. Ол стандартты және пайдаланушылар идентификаторлары болып екіге
бөлінеді.
Стандартты функциялар, қызметші сөздер, т.с.с. стандартты объектілер
атаулары стандартты идентификаторлар тобына жатады. Олардың көпшілігі алдын-
ала орындалынатын операция немесе белгіленген элемент туралы мағлұмат
беріп тұрады.
Пайдаланушылар идентификаторы ретінде әріптер мен цифрлар тізбегі
алынады. Программалаушы идентификатордың төмендегі жазылу ережелерін білуі
қажет:
• Идентификатор міндетті түрде әріптен басталатын латын әріптері мен
цифрлардан тұрады;
• Оның құрамында оряс алфавитінің әріптері, арнайы символдар,
әсіресе, бос орын болмауы қаже;
• Қызметші сөздер пайдаланушылар идентификаторы бола алмайды;
• Идентификатордың максимальды ұзындығы- 127 символ болғанымен,
оның тек 63 символы Turbo Pascal- да оқылады.
Идентификатор қысқа, әрі түсінікті болғаны дұрыс. Себебі, оның
мағынасы болмағаны қателік туғызбаса да, белгіленген программа элементі
туралы мәлімет беруі тиімді екенін ескерген жөн.
Программа құрылымы. Программа белгілі бір программалау тілінің
синтаксистік ережелеріне сәйкесжазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Turbo
Pascal тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін
жақсы білуі қажет.
Turbo Pascal тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Программа тақырыбы;
Сипаттау бөлімі;
begin
Орындалатын бөлімі;
end.
• Программа тақырыбы program қызметші сөзінен басталады. Ол
программа атын өз қалауынша бере алады. Программа атауы оларды
екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш.
• Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің
атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т.б. хабарланады.
• Орындалатын бөлімінде begin және end қызметші сөздері арасына
операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, begin және end қызметші
сөздерін опреаторлар жақшасы деп атаса да болады. Операторлар
нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Сонда әрбір оператор
орындалуға қажетті әрекетті машинаға түсінікті түрде сипаттайды.
Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады.
Олардың арасына нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын
көрсететін end сөзінен кейін нүкте қойылады. Програмамның
орындалатын бөлімінде жазылған операторлар тізбегін программа
денесі деп атаймыз.

1. Мәліметтер типтерінің сипатталуы

Программаның негізгі объектілері айнымалылар мен тұрақтылар болып
табылады. Программа құру барысында, программалаушы олардың типтерін алдын-
ала анықтауы қажет. Айнымалылар мен тұрақтылардың типтері- олардың мәндерін
және оларға қолданылатын әр түрлі өңдеу амалдарын белгілейтін, басты
көрсеткіші.
Turbo Pascal- да берілгендердің типтерін екі үлкен топтарға жіктеуге
болады:
• Қарапайым типтер (скалярлық);
• Құрылымдық типтер (структуралық);
Қарапайым (скалярлық) типтердің өзі стандартты және пайдаланушылар
типтері болып бөлінеді. Стандартты типтер: бүтін, нақты, логикалық
(бульевтік), символдық (литерлік).
Құрылымдық типтер құрамына қарапайым типтер кіреді. Құрылымдық
типтерге жолдар, массивтер, жазбалар және файлдар жатады.
Бүтін тип. Паскаль тілінің стандартында бүтін типтің integer бір
ғана түрі анықталса, Turbo Pascal - да стандартты бүтін типтердің бес түрі
бар: shortint, integer, longint, byte, word.
Turbo Pascal - да бүтін типтегі оң және теріс сандар әдеттегідей
жазыла береді. Оларға барлық арифметикалық амалдарды қолдануға болады.
Логикалық (бульевтік) тип. Паскальда стандартты логикалық тип Boolean
(көлемі 1 байт). Логикалық типтің бұл атауы, атақты математик Джордж Буль
есіміне байланысты Boolean (бульевтік) деп аталады. Лгикалық типтегі
элемент тек екі мәнді қабылдай алады: true(ақиқат), false (жалған). Turbo
Pascal- да логикалық типтің жаңа түрлері анықталған. Олар: ByteBool (көлемі
-1 байт), WordBool (көлемі- 2 байт), LongBool(көлемі- 4 байт). Барлық
логикалық типтердің мәні true (ақиқат) болғанда,1 санына сәйкес келеді. Ал,
олардың false (жалған) мәні 0 санына тең болады.
Логикалық типтегі берілгендер программада шартты тексеруде
қолданылады. Логикалық шарт мына қатынас таңбалары: (кіші), (үлкен),
=(тең), (тең емес), =(кіші немесе тең), =(үлкен немесе тең) арқылы
жазылады.
Логикалық типтегі берілгендерге логикалық амалдар қолданамыз.
Логикалық амалдар арқылы логикалық өрнектер ұйымдастыруға болады. Логикалық
өрнектің нәтижесі әрқашанда екі мәннің: true (ақиқат), false (жалған)
біріне тең болады.
Символдық (литерлік) тип. Символдық тип Char ASCII (American Standart
Code for Information Interchange ) кодының барлық түріне сәйкес келетін
символдарды анықтайды. Char типтегі көрсеткіштердің кодын ord функциясямен
алуға болады. Осы кодтары арқылы символдық типтегі көрсеткіштерді бір-
бірімен салыстыруға болады.
Белгілі бір іс әрекетті атқаратын, басқарушы символдарға 0-ден 31-ге
дейінгі код тағайындалған. Символдық типті айнымалылар мәні ‘ (апостроф)
таңбасына алынады.
Символдық типтің кеңейтілген түсінігі жолдық тип string болып
табылады. Жолдық типтегі берілгендер туралы кейінгі тарауларда толық
айтылған.
Нақты тип. Паскальдың стандартында нақты типтің бір ғана түрі real
анықталса, Turbo Pascal - да нақты типтің 5 түрі қолданылады: real, single,
double, extended, comp.
Мұндағы, single, double, extended, comp типтерін компьютердің
жетілген, соңғы түрлерінде жұмыс істегенде қолданған тиімді. Себебі, бұл
нақты типтің түрлерін пайдаланғанда компьютердің қосымша процессоры болғаны
жөн. Сол кезде, есептеулер сапасы жоғары, әрі жылдам жүргізіледі. Қарапайым
программаларда real типі пайдаланылады. Ал, real типі бойынша
жүргізілетін есептеулерге қосымша процессордың қажеті жоқ.
Нақты типтегі сандарды жазудың екі тәсілі бар: әдеттегідей және
экспоненциал. Нақты сандарды Turbo Pascal - да әдеттегідей жазу үшін,
санның бүтін бөлігін ажырататын үтір (,) таңбасының орнына нүкте (.)
қойылады.
Тіркестік. Pascal тілінде символдық тіркестен тұратын айнымалылар.
Олардың типін көрсету үшін алдын ала айнымалы атауы, одан кейін [ ] жақша
ішінде жолдың ең үлкен ұзындығы көрсетілген string сөзі қолданылады.
Мысалы:
Var атау:string[7];
Егер жолдың ұзындығы сипаттау кезінде көрсетілмесе онда оның ұзындығы
256 символ қабылданады.
Тіркестік өрнек деп амал белгілері тіркестік тұрақтылар айнымалылар
және функциялар атауынан құралған ұзындығы 256 символынан аспайтын тізбекті
айтады.
Біріктіру немесе конкатенация амалдарында ‘+’ белгіленеді.
Сөз тіркесінен біріктіру амалын concat( ) функциясы арқылы да
орындауға болады.
Салыстыру амалдары:
=,,,,=,= белгілерімен белгіленеді.
Сөз тіркестерін салыстыру салыстыру олардың символдарының кодтарын
солдан оңға қарай біртіндеп бір –бірімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Тіркестік айнымалыға- тіркестік өрнектер мәнін беруді меншіктіу амалы
қолданылады.
Мысалы:
a:string[5];
b:string[6];
c:string[2];
Меншіктелген мән ұзындығы оны сипаттауда көрсетілген ең үлкен
ұзындықтан артық болса, онда артық символдар алынып тасталады.
Көп жағдайда өрнек құоамында тұрақтылар, айнымалылар, символдар енуі
мүмкін.
Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен
функциялар.
chr(i)- I санына сәйкес символды береді.
ord(s)- s символының бүтін сан түріндегі кодын береді.
copy(st,poz,n)- st сөз тіркесінің poz нөмірінен бастап қатар тұрған n
символына бөлініп тұрады.
сoncat(s1,s2,...sn)- жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін
орналасқан орындары бойынша біріктіреді.
length(s)- s тіркестік айнымалысының мәніндегі символдар санын
береді.
pos(s1,s2)- s1 кіші сөз тіркесінің одан ұзынырақ s2 сөз тіркесіне
кіретінін немесе кірмейтінін анықтайды.
Егер сөз тіркесіне кіретін болса 1-ге тең, тең болмаса 0-ге тең.
upcase(ch)- кіші әріпті үлкен әріпке айналдырады.
delete(s,poz,n)- s сөз тіркесі символдардың poz нөмірінен бастап n
символды өшіреді.
Insert(s1,s2,poz)- s1 сөз тіркесін s2 тіркесінің poz нөмірінен бастап
кірістіріп орналастырады да, нәтижені s2 мәні ретінде жазады.
Str(I,s)- I санын тіркестер символына ауыстырады да, нәтижені s мәні
ретінде жазады.
Val(s,t,cod)- s сөз тіркесі ретінде беріген сандық мәнді бүтін немесе
нақты санға ауыстырады.

2. Мәліметтер агрегатының сипатталуы

Жиым - бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер
жиыны. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері
нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс
істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады. Егер
массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі
индекс бойынша нөмірленеді.
Массив сипаттамалары:
Типі- массив элементтерінің жалпы типі;
Көлемі- массив индекстерінің саны;
Шектелімі- әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;
Пішімі- көлем және шектеулер жиындары.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін
міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде
сандар қолданылады.
Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе айнымалыларды
сипаттау (var) бөлімінде хабарлану қажет.
Жалпы жазылу түрі:
type
массив типінің атауы =array[индекс типі] of элемент типі;
var
массив атауы:массив типінің атауы;
Массив типінің атауы- массив элементтерінің жиынын сипаттайды;
Индекс типі- тізбектелген немесе шектелген типтерді көрсету;
Элемент типі- массив элементтерінің типін көрсету.
Берілген массивтің әрбір элементімен жұмыс істеу үшін, массив атауы
және индексі берілуі тиіс. Массив индексі тік жақшаға алынып жазылады, сол
себепті массивтің кез-кезкелген элементіне қатынас алуға болады.
Яғни берілген массивтің бірінші элементіне қатынас алу үшін массив
атауынан кейін бірінші индексті көрсету қажет.
Берілген массивтің кез- кезкелген элементтеріне ариметикалық
операцияларды, салыстыру және меншіутеу операторларын қолдануға болады.
Сонымен қатар, массивтерге Turbo Pascal программалау тіліндегі айнымалы
типіне сәйкес келетін барлық стандартты процедуралар және функциялар
қолданылады.
Массивтің кез- кезкелген бір элементіне нәтиже беру үшін, меншіктеу
операторы қолданылады:
Массив атауы[индексі]:=нәтиже
Массивтің кез-келген элементтерімен жұмыс істегенде программалау
барысында олардың индексінің мәні типтер немесе айнымалылар бөлімінде
сипатталған шектеуден аспауы тиіс. Егер массив индексінің мәні сипатталған
шектеуден асып кетсе онда, синтаксистік қате тіркеліп, экранда Index type
is not compatible with declaration деген сөз тіркестері шығарылады.
Массивтер қолданылатын программаларда {К+} директивасын жазу арқылы
массивтің шектеулерін тексеруге болады. Егер программада {К+} директивасы
беріліп, массив индексі шектеуден асып кетсе, онда экранға “Range check
error” сөз тіркесі шығарылады.
Массивтерді программада қолдану үшін Turbo Pascal програмалау тілінде
оларды бірден var бөлімінде сипаттау жолы қарастырылған.
Жалпы жазылу түрі:
Var
Массив атауы: array[индекс типі] of элемент типі;
Екі өлшемді жиым. Turbo Pascal программалау тілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal тілі туралы
Turbo pascal программалау жүйесі туралы ақпарат
Turbo Pascal программалау тілі
Turbo Pascal тілінде циклдармен жұмыс
Турбо Паскаль бағдарламысының тарихы
Турбо паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal – дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы
Информатиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда информатика сабағын өткізу әдістемесі
Программалау тілдері
Turbo Paskal-да символдық ақпаратты өңдеу
Пәндер