Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер)



КІРІСПЕ 5
І.тарау. Бейәдеби элементтердің көркем шығармада алатын орны, маңыздылығы 8
І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы 8
І.2 Одағай сөздер 19
І.3. Қарғыс сөздер 24
І.4. Шығармада орыс тілі элементтерін қолдану . жазушы шеберлігінің бір қыры 29
ІІ тарау. Әдеби нормаға жатпайтан сөздер мен сөз тіркестерінің көркем әдебиеттегі қолданысы 32
Қорытынды 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 61
Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану - әрбір жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөздің тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.
Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін "өмірдің өзінен ойып алған" Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайды.
Тақырыптың өзектілігі
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі.
Көркем шығарманы талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер мен сөз орамдары, сөйлемдердің үлкен маңызы, мәні бар екенін байқаймыз. Осындай таңдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Жазушы қолданған әрбір элементтің мейлі ол әдеби нормаға жатпасын алатын орны ерекше.
"Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер" деген тақырыптың қазақ тіл білімінде біраз зерттелгенімен, ол – монографиялық ізденіс ретінде әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблема.
Көркем дүниедегі бейәдеби элементтердің стильдік қызметін зерттеу арқылы оның сыры, маңыздылығы ашыла түседі.
Виноградова В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. Москва, 1963
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы Ана тілі А. 92
Виноградов В.В. О языке художественной литературы. Москва, Гослитиздат. 1959 (стр. 212)
Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974
Болғанбаев Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997
Әуезов М.О. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы, 1950
Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы: Санат, 1997 223 бет
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы: Ғылым, 1984
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962
Колесов В.В. Язык города. Москва. Высшая школа. 1991. 190стр
Литературная норма и просторечие. Сб.ст. Москва. Наука, 1977-254 стр.
Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. Астана: Елорда, 2001
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы.
М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. Алматы.
М.Әуезов. Шығарманың жинағы. Алматы, 1979, 19 том.
Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960
Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1967
Жұбанов Қ. Исследование по казахскому языку. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966
Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газетінің тілі. Алматы, 1971
Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968
Қазақ тілінің қысқаша этамологиялық сөздігі. Алматы, 1966. 124 бет.
Ахметов Ә.Қ. Түркі тілдеріндегі табу мен эффемизмдер // филол. ғыл. докт. Дисс. Алматы. 1995
Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мағынасындағы тұрақты сөз тіркестері // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 2-шығуы, Алматы, 1960. 121 б.
Багиров. Особенности языка азербайджанских советских романов Автореферат канд. диссерт. Баку, 1955
Курбатов Татарская лингвистическая стилистика и поэтика. Москва, 1978
Хамраев М.К. Основа тюркского стихосложения Алматы, 1963
Сыздық Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. Алматы: Ғылым, 2002 184 бет
Шалабаев Б. Көркем проза тілі Алматы: Білім, 1994 128 бет
Бизақов Сейдін Тілдік норма және варианттылық Алматы: Ғылым, 1997-208 бет
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі Алматы, 1960
Исаев Ж.Т. Көркем әдебиет шығармаларының тілі мен әдеби тілдің өзара байланысы. Филол. ғыл. Канд. дис. Алматы, 1999-124 бет
Шоқын Г.Т. Көркем проза тілінің стильдік ерекшеліктері Алматы, Ғылым, 2001-94 бет
Мұратова Г.Ә. Көркем әдебиет тіліндегі қажеттілік пен кездейсоқтық Алматы, Б.б., 2002-138 бет
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі Алматы, 1968
Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Дис. Ф.ғ.д. Алматы, 1997 333 бет
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі А. 1997
Нұрғожина Ш.И. Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Дисс. На соискание уч. Степ. Канд. филол. Наук. Алматы, 1989, стр. 145
Белбаева Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Алматы, Мектеп, 1976
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің
Майтанов Суреттеу мен мінездеу Алматы, 1991
Смағұлова Г.
Смағұлова Г. Қазақ фразеологизмдерінің варианттылығы.
Сыздықова Р., Шалабаев Б.
Абдуллаева Л. Лексическая стилистика узбекской художественной литературы. Ташкент. Фан, 1979. 150 стр.
Милехина Т.А. Стилистические различия разговорн. и худ. диалог. // Автореф. Канд. филол. Наук. Саратов 1988 142 стр.
Моисеев А.И. Богатство языка и культура речи С.п.Гос.ун. 1995-85 стр.
Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы Алматы, 1994 183 бет
Сарыбаев Ш.Ш. Междометие в каз. языке А-А, 1959, 87 стр
Томанов М., Сайрамбаев Т. Қазақ тіліндегі қаратпалар Алматы, 1980ж.
Қазақ тілінің грамматикасы. Ғылым. Баспасы Алматы, 1967
Аманжолов С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы, Алматы, 1940, 112 бет
Балақаев М.Б., Қордабаева Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1974, 180 бет.
Балақаев М., Сауранбаев Н. Қазіргі қазақ тілі Алматы: Санат, 1997-240 бет
Нұрмұқанов Х.М. Сөз және оның контекстегі қолданысы. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертация. Алматы-1994 392 бет. Жет. Сызд.
Еңсебаева К.К. Қазіргі көркем әдебиеттегі кейіпкер тілінің стильдік қызметі. . Филол. ғыл. Канд. диссертация. – Алматы. 1999. 182 бет.
Рысбаева К.Қ. Қазақ тілі культтік фразеологизмдері. Филол. ғыл. Канд. диссертация. – Алматы. 1997. 175 бет.
Глухов В.М. Свойства просторечно-диалектной фразеологии // Образование и функционирование фразеологических единиц. Ростов на Дону. Изд. Рост. Ун., 1991. 77-82 стр.
Дегтерова Т.А. Выразительная сила слова // Язык и стиль Москва. 1965. 56-95 стр.
Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі Алматы, 1983
Сәрсеке Г., Р.Сейсенбаев шығармадағы кейіпкерді мінездеуші. Тілдік-стильдік тәсілдер // Автореф. Фил.ғыл.канд. Алматы, 1998
ТІЛДІК МАТЕРИАЛДАР АЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Қадыр Тайшықұлы. Күлмеске не. Алматы: ҚКӘБ. 1936.
Б.Майлин. Таңдамалы повестер және әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1977. 544 б.
Ғ.Мүсірепов. Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1991.
Ә.Кекілбаев. Екі томдық таңдамалы шығармалар мен әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1989.
А.Тоқмағамбетов. Фельетондар мен сықақтар. Алматы: Қаз. Мем. Көркем әдебиет баспасы. 1958. 214 б.
С.Адамбеков. Қожанасыр қақпасы. Алматы: Жазушы, 1989. 384 б.
О.Әубәкіров. Сиқыр. Алматы: Жазушы, 1971. 151 б.
Ш.Смаханұлы. Елпекбайдың телпегі. Алматы: Жазушы, 1987. 214.; Өткірдің жүзі. Алматы, 1985. 302 б.
Көңілашар (құрастырған Кенжебаев). Алматы: Жазушы, 1971ү
Көңілді көшенің жігіттері. (құрастырған О.Әубәкіров). Алматы: Жалын, 1981. 144 б.
О, несі әй? Алматы: Жазушы, 1991. 351 б.
"… деген екен". (құрастырған О.Әубәкіров). Алматы, Өнер, 1994.
Әубәкіров О. Қайда безіп барасың. Алматы: Жазушы, 1989-254б.
Әубәкіров О. Ұзын сөздің қысқасы. Сықақ әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1967-100 б.
М.Әуезов
Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Алматы, Жазушы 1994, 496 бет 1-2т.
Бөкей О. Қайдасың қасқа құлыным повестер. Алматы, Жазушы 1993 200 бет
Бөкей О. Құлыным менің пьесалар. Алматы, Өнер. 1986 ж. 368 бет.
Исабеков "Қарғын" роман. Алматы, Жалын. 1980, 280 бет
Исабеков Д. "Тіршілік" повестер. Алматы, Жазушы. 1975, 256 бет.
Исабеков Д. "Қара шаңырақ" повестер. Алматы, Жазушы. 1973, 216 бет
Исабеков Д. Жеті желкен пьесалар Алматы, Өнер. 1987, 304 бет.
Ысқақов Қ. Таңдамалы  томдық. Алматы, Қайнар. 1997.
Ысқақов Қ. Тұйық роман. Алматы, Қайнар. 1997, 320 бет
Ысқақов Қ. Ақсу-Жер жаннаты. Роман. Алматы, Қайнар. 1978, 508 бет.
Ысқақов Қ. Жарық дүние пьесалар. Алматы, Өнер. 1983, 288 бет
Әкімқұлов Е. Жібек жел. Алматы, Жалын. 1977. 280 бет.
Әуезов М. Абай жолы, Роман эпопея. Алматы, Жазушы. 1989 1-ші кіт. Абай 608б., 2-ші кіт. Абай жолы 616б.
Күмісбаев Ш. Қаладағы келін. Алматы, Жазушы 1989 272б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
І-тарау. Бейәдеби элементтердің көркем шығармада алатын орны, маңыздылығы 8
І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы 8
І.2 Одағай сөздер 19
І.3. Қарғыс сөздер 24
І.4. Шығармада орыс тілі элементтерін қолдану - жазушы шеберлігінің бір
қыры 29
ІІ тарау. Әдеби нормаға жатпайтан сөздер мен сөз тіркестерінің көркем
әдебиеттегі қолданысы 32
Қорытынды 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 61

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі
сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер).
Жұмыстың көлемі 52 бет
Жұмыс мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер
Жұмыстағы негізгі ұйымды білдіретін термин мен сөз тіркестері:
эмоционалды-экеспрессивтілік, табу, эвфемизм, дисфемизм, какофемизм,
қарапайым сөздер, диалог, монолог, дөрекі сөздер, жаргон сөздер,
эмоционалды-экспрессивті лексика, тұрмыстық лексика, тіл нормасы, одағай
сөздер, сөйлеу тілі, қарғыс сөздер, діни лексика, просторечие, городское
койне, қала тілі, ауыл тілі
Зерттеу жұмысының дерек көздері
Жұмыста М.Әуезов, Р.Сыздық, М.Балақаев, Б.Шалабай, М.Серғалиев т.б.
ірі ғалымдардың еңбектері мен көзқарастары басшылыққа алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын
орнын, маңыздылығын зерттеу;
Бейәдеби элементтердің көркем әдебиеттегі қолдану мақсатын айқындау;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтердің маңыздылығын мысалдар
арқылы дәлелдеу;
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер
Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды. Бейәдеби
элементтердің стильдік қалыптасуы көбінесе оларды практикалық тұрғыдан
ұғынуымен қатар жүреді. Зерттеу материалдары М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов,
О.Бөкей, Д.Исабеков, О.Әубәкіров, Ә.Кекілбаев және т.б. жазушылардың
шығармаларынан алынды.
Алынған нәтижелер және жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қазіргі қазақ көркем әдебиет тілінің стильдік қызметі толығымен,
дерлік зерттелмегендіктен көркем әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтер
деген тақырып алынып отыр. Көркем әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің
әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының қомақты екендігі
теориялық және практикалық жағынан барынша дәлелденді.
Жиналған мәліметердің сапасы мен саны
Зерттеу жұмысымыз жүйелі және жан-жақты болуы үшін 15 жазушы
шығармасынан 230 мысал алынды.

КІРІСПЕ

Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің бастауын жалпы
халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту,
байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану - әрбір жазушының жеке шығармашылық
жемісі. Тиесілі сөздің тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала
білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың
көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.
Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы
бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты
шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай
айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған
Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп
тұратын, артық деп бір сөзін алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін,
есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін "өмірдің өзінен ойып алған"
Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайды.
Тақырыптың өзектілігі
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған
бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі.
Көркем шығарманы талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-
эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер мен сөз
орамдары, сөйлемдердің үлкен маңызы, мәні бар екенін байқаймыз. Осындай
таңдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты
ашылады. Жазушы қолданған әрбір элементтің мейлі ол әдеби нормаға жатпасын
алатын орны ерекше.
"Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер" деген
тақырыптың қазақ тіл білімінде біраз зерттелгенімен, ол – монографиялық
ізденіс ретінде әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблема.
Көркем дүниедегі бейәдеби элементтердің стильдік қызметін зерттеу
арқылы оның сыры, маңыздылығы ашыла түседі.
Зерттеу деңгейі
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге өзіндік үлес қосқан
зерттеушілеріміздің ең алдыңғысы деп Мұхтар Әуезовты айтуымызға болады. Ол
сонау 50-жылдардың өзінде "Манас" жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы
бізге мол мирас қалдырған.
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан
ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Зерттеушінің стилистикаға байланысты
жазған ғылыми еңбектерінен жазушының сөз қолданысы, стиліне байланысты
құнды пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды көре аламыз.
Осындай ірі тұлғалардың ірі пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет
тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап
өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б
т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі қазақ әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің қызметін
көрсету. Ол мақсатқа орай мынадай міндеттерді қойдық:
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын
орнын, маңыздылығын зерттеу;
Бейәдеби элементердің көркем шығармада қолдану мақсатын айқындау;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтерді маңыздылығын мысалдар арқылы
дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Осы көрсетілген міндеттерден де аңғарылуы тиіс, дегенмен нақтырақ
айтсақ:
Қазақ көркем әдебиеті тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің
алатын орны, мүмкіндіктері лингвистикалық стилистика тұрғысынан көрсетілді;

Көркем шығармадағы бейәдеби элементтер нақты материалдар (мысалдар)
арқылы талданды;
Дөрекі сөз, орыс тілі элементтері, қарғыс, одағай сөздер осы жұмыста
кеңінен баса көрсетілді;
Аталған бейәдеби элементтердің образ жасауға қатысы нақты мысалдармен
көрсетілді.
Зерттеу жұмысының көмегімен көркем әдебиет тілінде кездесетін
бейәдеби элементтердің әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының
қомақты екендігі барынша дәлелденді.
Зерттеудің әдістері
Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Жұмыс зерттеушіні көркем сөз сырына, сөздердің не сөз оралымдарының
қолданылу заңдылықтарына қанықтыра түсуде, бейәдеби элементтердің көркем
шығармадағы орнын, қызметін, мүмкіндіктерін көрсететін лингвистикалық
тұрғыдан талдауда септігін тигізетін танымдар мен талдаулар.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарау. Бейәдеби элементтердің көркем шығармада алатын орны,
маңыздылығы
І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы

Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған
бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем туынды белгілі бір
оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетіні белгілі. Сол
әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тәсілдермен жүзеге асырылады. Шығарма
тілін талдау әдеби шығарманың көркемдік әрі эстетикалық қасиетін танып-
білуге көмектеседі, кейіпкерлер тілінің өзіндік болмысын анықтауға
мүмкіндік туғызады және стилистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін
тигізеді.
Көркем әдебиет тілін зерттеу түркологияда өткен ғасырдың 50-60
жылдарынан бастап қолға алынды. Соның өзінде жекелеген жазушылардың немесе
олардың белгілі бір шығармаларының тілін талдау түрінде қалыптасты. Мұндай
зерттеулер әзірбайжан, татар, қырғыз, өзбек тағы басқа түркі тіл
білімдерінде пайда бола бастады.
Оларда ұлттық әдебиетті дамытуға зор үлес қосқан ақын, жазушылар
тілінің сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы, бейнелеу құралдары жан-жақты
талдау нысаны болды. Түркологияда осы аралықта көркем әдебиет тілі
мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан да қарастырған еңбектер жарық көрді.
Және проза тіліне қарағанда, өлең тілі анағұрлым терең де жан-жақты
зерттелді (24; 25; 26).
Сонымен бірге түркологияда көркем әдебиет тілін әдеби тіл дамуының
тарихы тұрғысынан қарап шешу жағы басым болып, ал көркем шығарма тілін өнер
тілі тұрғысынан талдап зерттеу жағы кешеуілдеңкіреп қала берді.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің қазақ тіл біліміндегі жалпы, қазақ
филологиясындағы жайына келетін болсақ, оның біршама қалыптасқан тарихы,
жасалған үлгісі, жинақталған тәжірибесі бар. 50-жылдары М.Балақаев,
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев (14;4) т.б. ғалымдар тарапынан негізі қаланған бұл
сала алғашқыда жекелеген жазушылардың тіл ерекшеліктерін анықтау, сараптау
тұрғысынан және әдеби тілмен арадағы байланысын анықтау тұрғысынан қолға
алынса, кейін қомақты жалпы теориялық және нақты тәжірибелік ізденістерге
айналды (12;27;28;29). Бұл еңбектерде көркем әдебиет тілін зерттеу
жекелеген ақын жазушылардың әдеби тілге қосқан үлесін анықтау тұрғысынан
да, сөз қолданудың көркемдік қырларын, шеберлік сырларын сөз ету тұрғысынан
да жүргізілді. Оларда көркем шығарма тілін зерттеудің теориялық мәселелері
де қаралады. Жекелеген көріктеу құралдары да зерттелді және көркем шығарма
тілін талдаудың нақты үлгілері де жасалды (28;31;33;30;32).
Бұлардың қай-қайсысыда қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге мол үлес
қосқан, қазақ көркем әдебиеті стилистикасының ғылым саласы ретінде
қалыптасуына елеулі атсалысқан зерттеулер. Алайда солай дегеннен көркем
әдебиет тілін зерттеудің теориясы мен тәжірибесі қалыптасып бітті деген
сөз шықпайды. Бүгінгі таңда біз әсіресе көркем әдебиет тілін зерттеудің
жалпы теориялық мәселелеріне зәруміз. Сол теорияны жасақтауға өзіндік
үлесін қосатын кейбір көзқарастарға тоқталсақ, Мұхтар Әуезов көркем әдебиет
тілі туралы арнайы зерттеу жұмысын жазбағанмен, сөз өнерінің көркем тілдік
материалы туралы қазақ филологиясында әлі күнге дейін айтылмаған тың ойды
сонау 50-жылдары айтып, оны талдаудың үлгісінде атақты "Манас" жырының
тілдік өрнектерін талдау арқылы көрсетіп берген еді.
"Поэзиялық лексика – жай лексика емес. Оны аңғару үшін әрі тілші әрі
әдебиетші болу шарт" (15,276) деп, көркем әдебиет тілінің өзіндік
ерекшелігін дөп басып, дәл тапқан ғалым, "сол тілдегі зерттеуші ғалым ғана
тілде, әсіресе көркем әдебиет тілінде грамматикалық шарттарға қосымша,
поэзиялық өзгеше үстем шарт, талаптар барын таныр еді. Оның ұғымынша көркем
шығарманың бір сөйлемінде тұрған сөз бір-ақ қана ұғым, түсінік бермейді.
Соны берудің үстіне ол әралуан қосымша ассоциация тудырып, оқушыға қосымша
елес – емеурін танытып тұрады. Бұндай қатарда, жеке сөз өзінің орны мен
сәтін тапқан шақта жаңаша жанданып кетеді... Оның көркемдігімен қатар сөйлем
ішінде өзінен-өзі ұшқын атып тұрған сипаты болады" (15,283).
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан
ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Әдеби тіл тарихы, ондағы ақын-жыраулар
шығармашылының орны, рөлі туралы зерттеулері ғалымды ақын-жыраулар тілінің
көркемдігіне, дара стиль мәселесін зерттеуге алып келді. Ол Абай тілінің
лексикасы мен грамматикасын жан-жақты талдай келе тілдік жүйенің Абай
поэзиясының құдіретті қуатын қалай жасайтынына көңіл аударды. Сол арқылы
әдеби тілінің өзіндік заңдылықтары бар дара ғалым бола алатынына
көпшіліктің көзін жеткізді.
Р.Сыздықова жазушы тілінің көркемдігі, шеберлігі туралы мәселені оның
мәнері (стилі) деген ұғыммен байланыстыра қарайды (34,319). Ал "жазушы тілі
дегенге келсек, ол - қаламгердің жалпыға ортақ тіл қазынасына алып
көпшілікше қолданған, көптеген жазушыға тән сөздік байлық пен грамматикалық
тұлға – тәсілдер, орысша айтқанда первоэлемент, яғни жазушы тілінің сүйегі"
(34, 319).
Осындай ірі тұлғалардың үлкен пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем
әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап
өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б
т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз (28; 36; 37; 38; 35; 29). Аталған
зерттеушілеріміз – "кең мәніндегі филологтар" (35, 29).
Тілдік-стильдік талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-
эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер, сөз
оралымдары, сөйлемдердің үлкен маңызы мәні бар екенін байқаймыз. Осындай
талдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты
ашылады. Талдау барысында жазушы қолданған сөздердің мағыналары ашылып,
олардың эмоциялық бояуын түсінуге ерекше көңіл бөлінеді. Тілдік амал-
тәсілдер образ жасау құралы ретінде оқырманның сезіміне әсер етіп, олар
эстетикалық-көркемдік қызметте жұмсалады.
Көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарының
стильдік қызметі тіл мамандары мен сөз зергерлерінің назарын ерекше аударып
келеді. Бұл назар аудару өте орынды, әрі маңызды.
Көңілімізге әр жағдайда әртүрлі сезім беріп, жүрегімізді бірде
қуанышқа бөлеп, бірде қайғыға, мұңға батыратын сөздің қызметі ерекше.
Тілімізде әдеби тіл нормасына сіңісіп, қоғамдық өмірдің барлық
саласында бірдей қызмет ете қоймағанымен, коммуникативтік қызметте берік
орныққан, соған орай ауызекі сөйлеу тілі стилінде жиі қолданылатын
сөздердің біршама қалың қабаты бір екені белгілі. Оның қатарына біреулер
қарапайым сөздер, табу мен эвфемизмдерді жатқызса (4, 44), енді біреулері
бұған дисфемизм (какофемизм) сөздерді де қосады (38, 36). Шындап келгенде
бұларда мағыналық айырма болғанымен (бірі-қарадүрсіндеу, бірі-сыпайы, бірі-
дөрекі), қызметтері жағынан, стильдерге қатысы жағынан бірдей сөздер, соған
орай оларды қарапайым сөздерң деп ортақ атауға алғанды дұрыс санадық. Бұл
топтағы сөздердің изогласы (таралу шегі) жоқ болғандықтан да және
эмоционалдық әсерінің күштілігінен де қаламгерлер өз туындыларында оларды
қолданудан тартына қоймайды. Бірақ оның өзі де білікті, талғамды қажет
етеді, соған орай оларды пайдалану өрісі әр жазушыда әртүрлі ауқымда,
алатын нәтиже де әрқилы.
Сөйтіп, өз туындыларында дарынды суреткерлер кейіпкер тұлғасын
сомдауға, оны жан-жақты ашуға тілдегі амал-тәсілдерді кеңінен пайдаланады.
Кейіпкердің сөйлеу мәнерін көрсетуде жазушы оның аузына сөйлеу тілі
элементтерін салады.
Шебер суреткердің стиль даралығы кейіпкер аузына сөз, сөз оралымдарын
белгілі мақсат көздеп салуынан байқалады. Ол тілдің лексикалық қабатына
тереңнен бойлай, татымды керегін ұтымды тәсілмен ала білген, сөз қазынасын
молынан игеріп, оны айтпақ идеясымен қиюластыра білген суреткердің
қаламымен өрнектеледі.
Көбінесе жазушылар өз кейіпкерлерінің бейнесін диалог, полилогтердегі
сөйлеу үрдісімен толықтыра түседі.
Диалог – тілдік қатынастың бастапқы және табиғи түрі. Оның түп
төркіні сөйлеу тілі. Ал сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін көрсететін белгі
– кейіпкердің сөйлеу мәнері. Ол ерекшелік ең алдымен, кейіпкер тіліндегі
лексикадан басталады.
Сөйлеу тілі лексикасының құрамына көбінесе қарапайым, тұрпайы, дөрекі
сөздер, жаргон сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді. Бұлар
алдын-ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады. Көркем шығармада
жазушы мұндай сөздерді кейіпкер аузына белгілі бір мақсат көздеп салады.
Көркем шығармада кейіпкер сөзі ауызекі сөйлеу тіліне жақын келеді.
Бірақ көркем әдебиеттегі диалогтің өзіндік ерекшелігі бар. Көркем диалог -
жазушының қаламымен өңделген, автор идеясына бағынған тілдік кесте.
Диалог қысқа, икемді, бай ой-тұжырымдарға құрылады. Оның оралымды
болуы өмірлік ситуацияға динамикалық қозғалыс береді.
Кейіпкер тіліндегі дөрекі, қарапайым сөздер оның мінезінің бір қырын
аша түседі. Қарапайым сөздер – жазушы үшін кейіпкер бейнесін жасауға қажет
тілдік-стильдік элемент. Мұндай сөздердің кейіпкер аузында экспрессиясы
арта түседі. Сөздердің мұндай қасиетін байқаған тілші-зерттеушілеріміз бұл
сөздерді эмационалды-экспрессивті лексика құрамына кіргізіп қарастырып
келеді.
Бір топ ғалымдар эмоционалды-экспрессивтікті кең түсініп, оны
стилистикалық бояумен байланыстырса, екінші топ ғалымдар стильдік бояу жеке
сөздерде де эмоциялық мағына элементтерінің дербес болатындығын көрсетеді.
Бұл тұжырымдардың, осы құбылыстың қазақ тіліне де тікелей қатысы бар.
Эмоционалдық және экспрессивтілік мәселелерінің кейбір аспектілері
М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдаров, Ш.Сарыбаев еңбектерінде көрініс тапты.
Соңғы жылдары А.Абдуллаев, Х.Нұрмаханов, Ш.Нұрғожина сынды зерттеушілердің
еңбектерінде аталмыш мәселе кеңінен зерттеле бастады. І.Кеңесбаев:
Фразеологизмдердің синонимдік варианттары сияқты, лексиканың әртүрлі
элементтері де жалпы тілдік және сөйлеу процесі барысында сөзге
экспрессивтік реңк беріп тұрады, - деп көрсетеді (9.30). Ал М.Серғалиев өз
жұмысында эмоционалдық пен экспрессивтілік құбылыстарын синтаксистік
құрылымдар мен синонимияның негізгі меже белгілері болып табылатын
қасиеттерінің құрамдас бір бөлігі ретінде алады (30.10).
Тіліміздегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді зерттеген еңбектерді
басшылыққа ала отырып, зерттеуші Ш.Нұрғожина сөйлеу тіліндегі эмоционалды-
экспрессивті лексиканы алты түрге жіктейді. Олар:
Жалпы қолданыстағы лексика;
Қарапайым сөздер;
Тұрмыстық лексика;
Әдепсіз, балағат сөздер;
Диалогтілер;
Варваризмдер;
Эмоционалды-экспрессивті лексиканың алты түріне де жеке-жеке
тоқталған Ш.Нұрғожина алтауына да тілдік фактілер ұсынады және халықтың
ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің экспрессиясы күшті болып
келеді. Сондықтан олар ешбір өзгеріссіз сол қалпында кейіпкерлер тілінде
беріледі (37.220) деп, оған мысалдар келтіреді: Ана сорлы таздың жамандығы
ғой. Әшейінде адамсып, шәңгірлеп сөйлер еді, енді қайда қалды екен?
(Б.Майлин. Раушан-коммунист) немесе мынадай мысал, Жалап-жұқтау деген сөз
бе екен, - дейді Қайрақбай кейіп, - сіміріп жұтқаныңң деп неге
айтпайсыңдар? (С.Мұқанов. Мөлдір махаббат).
Эмоционалды-экспрессивті лексикада сөйлеу тіліндегі қарапайым
сөздердің өзіндік орны бар. Бұл жөнінде Ш.Нұрғожина: ... семантически емкие
и потенциально способные выразить объективно-субъективную экспрессию,
эмоции и оценку. При этом разные типы просторечных слов передают три
коннотативные признако в разной степени сочетаемостиң, - деп қорытады
(37,30); зерттеуші әдепсіз, балағат сөздер тез әсер етумен ерекшеленеді дей
келіп, мынадай мысалдар келтіреді:
-Әй, шал, сен де бар ғой, бет жоқ (Нұрманов А.Арайлы таң);
-Жоқ, жоқ. Обал жоқ Айжанға, намыссыз қаншық. Қатын үстіне барғанша
өлсейші, - деп күліп жүрген құрбылар да аз емес (С.Адамбеков. Қожанасыр
қақпасы). Көріп отырғандай адамның көңіл-күйі, эмоциясы тіл арқылы шығып
отырады. Оның бағалаушылығы номинативті-функционалды категория бола отырып,
айтылатын зат пен оның тыңдаушысының қатысын көрсетеді.
Эмоционалды-экспрессивті лексиканы жағымды және жағымсыз деп
екіге бөліп қарастырған өзбек ғалымы Л.Абдуллаева жағымдыға құрметтеу,
кішірейту еркелету сөздерін жатқызса, жағымсызға дөрекі, тұрпайы,
ирониялық-кекету және қомсыну сөздерін жатқызады. Сонымен бірге Жағымсыз
мәндегі эмоционалды лексика тек жаман кейіпкерді сомдау үшін емес, сонымен
қатар жағымды кейіпкердің жағымсыз эмоцияларын реніш, күйінішін, ашуын
суреттеу мақсатында да пайдаланады (44.23) дейді.
Қарапайым, дөрекі сөздердің тіл нормасына жатпайтындығы белгілі,
бірақ оларды орынды, әрі там-тұмдап қолдану тілді тұщылықтан сақтап, оны
өткір де әсерлі етеді. Все средства языка выразительны, надо лишь только
умело воспользоваться имиң (1.53) деген В.В.Виноградовтың сөзіне құлақ
түрсек, қарапайым, дөрекі сөздерді де өз орнымен сөйлетсек еш сөкеттігі жоқ
деген қорытындыға келеміз.
Дегенмен дөрекі сөздер сөйлеу тілінің лексикасына жатады. Сөйлеу тілі
лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу
лексикасы өзіндік ерекшелігіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
А) тұрмыстық қарапайым лексика
Б) варваризмдер
В) әдеби сөйлеу лексикасы
Дөрекі сөздер осы бөліктің біріншісіне кіреді. Тұрмыстық қарапайым
лексикаға күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы
халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық
қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын түсіру,
төмендету мақсатында қолданылатын стилистикалық бояуы бар сөздер көп
кездеседі. Мұндай сөздер көркем шығармада образды ашуға көп көмегін
тигізеді.
Тіл мәдениетін арттыратын басты қасиет - қарапайымдылық. Олай болса,
ауызекі сөйлеу тілін (қарапайым, дөрекі, дөкір сөздерді) орынды пайдалану –
көркем әдебиет стилінің ерекше бір сипаты. Бұл жердегі қарапайымдылық
дегеніміз - өмір шындығы. Жазушы дегеніміз – шындыққа жүгіну, ал әдебиет
дегеніміз – сол шындықты шырақ алып іздеуң, - дейді О.Бөкей.
Осы ойымызды ғалым Р.Сыздықованың мына пікірі толықтай түсетін
сияқты. Ол: Раушан гүлі жарып шығып құлпыруы үшін табиғат шіркін
тікенектерді де керек етіп жаратқаны сияқты сөз өнері табиғаты керек
жерінде ащы-тәттің сөздерді шебер қолдануға да баратын боларң, – дейді.
Мұндай дөрекі, тұрпайы сөздер мен сөз оралымдары көркем әдебиетте өз
орнымен келген кезде, кейіпкер болмысын ашуға зор көмегін тигізеді.
Лексикалық мұндай қатпардың кейіпкер аузында жиі кездесуі – болмыс шындығын
ашуға мейлінше мүмкіндік беретін суреткер шеберлігі.
Қаламгер шеберлігі сөз қазынасындағы дайын қалпында қолданыла беретін
тіркестерді ұтымды, орынды пайдалануынан да байқалады. Әсіресе қарапайым
фразеологизмдерді көркем әдебиетте қолдану жазушы шеберлігін шыңдайды.
Әдеби тіл нормасына сай келмейтін жай, дөрекі тұрақты тіркестерді
қарапайым фразеология дейміз (41.117). Алайда ол әдеби тіл нормасына
жатпағанмен, көркем әдебиетте образ жасау үшін кейіпкердің ой-өрісін, өскен
ортасын, әлеуметтік халін, мінез-құлқын көрсетеді.
Сөздікте қарапайым фразеология – жоғарғы экспрессиямен, еркін
қолданылуы және төменгі дөрекі мазмұнмен ерекшеленетін функционалды
стилистикалық категория.
Қарапайым фразеологизмнің айырым белгісі ретінде олардың төменгі –
дөрекілеу мазмұны қызмет етеді, олар еркін ауызекі тілінде қолданылады.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер әдеби тілге жататын болса,
қарапайым қолданыстағы фразеологиялық тұлғалар көбінесе әдеби нормадан тыс
болады.
Т.А.Дегтерованың Просторечные выражения могут допускаться в
литературной письменной речи лишь с четкой стилистической мотивировкой, так
чтобы читатель сразу же понимал целесообразность и необходимость их
использования. Полная осознанность просторечного качества слова или
выражения со стороны автора и применение этого качества в определенных
стилистических целях являются теми обязательными условиями, при которых
просторечные элементы не вступают в конфликт с культурой речиң, деп
айтқанындай (60,62), қарапайым фразеологизмдерді көркем әдебиетте
қолданғанда абай болу керек.
Қарапайым фразеологизмдер тілде кеңінен қолданылады деп айтуға да
болады. Мысалы В.М.Глуховтың разговорная и диалектная часть нашего
русского национального языка бытует преимущественно в устной форме и служит
для повседневного производственно-бытового общения. Ныне разговорно-
просторечный вариант русского языка широко используется не только, как это
было прошлом, безграмотный и отсталый частью населения, но и большинством
русских. Просторечие активно используют и те носители русского языка,
которые в совершенстве владеют литературными нормами. Ср., например,
наличие разговорно-просторечных слов и фразеологизмов в речи героев
современных телеспектаклей и художественных произведений (59,77)ң, - деп
айтқан пікірі қазақ тіліне де қатысты.
Қарапайым сөйлеу тілінің қамтитын аумағы өте кең. Көркем әдебиет
тілінде, сондай-ақ жалпы халық арасында да өте қарапайым тілде сөйлейтін
адамдар аз емес.
Қарапайым фразеология күнделікті тұрмыстағы сөйлеу тілінде жұмсалады.
Олар – алғыс, қарғыс мысқыл, жек көру, тағы басқа сол сияқты мәнді
білдіретін фразеологизмдер. Олардың мағыналары да дөрекі болып келеді.
Қарапайым фразеологияға әдетте жағымсыз эмоционалды-экспрессивті
мағынаға ие болатын және күнделікті тұрмыс тілі мен көркем шығарманың
кейбір кейіпкерлер тілінде қолданылатын, әдеби тілдің нормасына сай емес
дөрекі фразеологиялық тұлға жатады. Олардың көбіне әдепсіздік, тұрпайылық,
ожарлық тән.
Қарапайым фразеологиялық тұлғаның дөрекілік дәрежесі әр түрлі
екендігін айта кету керек. Кейбіреуі дөрекі емес, көңілге қатты тимейді,
яғни ауызекі сөйлеу стиліне жақын; екіншілері дөрекілеу; үшіншілері өте
дөрекі.
Мысалы:
1. Дөрекі емес фразеологиялық тұлғалар: бірінің аузына бірі түкіріп
қойғандай; бірде бие, бірде түйе; жайдақ атқа мінгізу;
2. Дөрекілеу: айран ботқа болу, құйрығы қоныс таппау;
3. Өте дөрекі: көк инені көтіне түртпеу, т.б.
Қарапайым фразеологиялық тұлғаның негізгі лексикалық белгісі -
әдепсіз, дөрекі сөздермен келуі. Бұл көркем әдебиеттерде көптеп кездеседі.
Дегенмен біраз фразеологизмдерді терсек, олар мынадай болып келеді екен.
К...і ашылу
К...і көріну
К...і айналғыш
Есектің артын жу
Шілдің боғындай бытырау
Жегені-у, ішкені зәр болу
Зәрін ашшу
Бірде биенікі, бірде түйенікі
К...і шелектей болу
Арты (к...і) ашылу
Көк инені көтіне түртпеу
К...іне бақпау
Сідік шаптырым жер
К...інен кейін кері сию
К...і тесілгенше отыру
К...інен су аққанша отыру
Салдақы қар
Көріп отырғанымыздай дөрекі сөздер немесе тіркестерді қолдану
барысында дөрекі сөздердің бір-ақ әрпін немесе басқа әрпімен соңғыларын
қалдырып, басқаларының орнына көп нүкте қойып кету көркем әдебиетте
кездеседі. Мұндай тыйым салынған сөздерді ауыстыруда рөл атқаратын
тәсілдердің бірі – эллипсис. Бұл – белгілі бір ойды білдіретін сөйлемнің
кейбір мүшелерінің контекстен түсіп қалуы. Кейбір сөздер дөрекілігінің
немесе айтуға ерсілігінің салдарынан мәтіннен жорта, яғни әдейі түсіріліп
қолданылады. Бұл әдісті көбінесе ақын, жазушылардың өздері немесе олардың
шығармаларын жарыққа шығаратын баспа орындары жиі қолданады.
Мақал-мәтелдерде кездесетін дөрекі сөздер туралы белгілі зерттеушіміз
Ә.Ахметов былай дейді: Мақал-мәтелдерде кездесетін дөрекі сөздер
күнделікті ауызекі тілде ашық қолданылады. Дегенмен, дөрекінің аты-дөрекі.
Бірақ, қазақта сөзге сөз келгенде, сөйлемесе атасы өлер деген сөз бар,
сондықтан ондай ыңғайсыздау мақалды қолданбас бұрын, сөйлеп отырған адам
оның тігісін жатықтау етіп көрсету үшін, алдымен Ұлы сөзде ұят жоқ деген
мәтелді бет перде етіп айтып алғаннан кейін ғана оғаш сөздерді қымсынбай
айтып жібереді. Әйтпесе, тыңдап отырған жұрт дөрекі сөз иесін сөгіп тастауы
ықтимал (22.207).
Ал, көркем шығармаларға келетін болсақ, мақал-мәтелдерде кездесетін
дөрекі сөздер сол қалпында немесе бұдан бұрын айтып өткендей, олардың орны
көп нүктемен толтырылады. Мысал келтірсек:
Сенген қойым сен болсаң, күйсеген аузыңды ... ..
Тышқан ... ... көріп жаралы болыпты.
Иттің ... . дәрі болса, дарияға ... ..
Біздің елде ... . жейтін қарғалар бөгде елге келіп, жыл құсы болып
қалыпты.
Мақал-мәтелдер көбінесе кейіпкер аузынан сол қалпында шығып отырады.
Көркем шығармаларда басқа тілден енген дөрекі кірме сөздердің де
қызметі айтарлықтай.
Қазақ тіліне ертеректе өзбек, татар тілдері арқылы араб және парсы
тілдерінен енген кірме дөрекі сөздердің дәл мағынасын, ұғымын білдіретін
сөздер қазақ тілінде де баршылық. Мәселен, дәрет, нәжіс, зайып, анар,
кейуана, сүндет, зинақор т.б. Бірақ төл сөздерден гөрі осы кірме сөздердің
көркем әдебиетте қолданылуы анағұрлым жатықтау екенін ешкім жоққа шығара
алмайды. Мұндай дөрекі кірме сөздер көркем әдебиетте өз орнын таба алған.
Нағыз жазушы кейіпкерлерін өздері беріп тұрған образға сай сөйлетеді.
Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ететін көркемдік
тәсілдің бірі болып саналады.
Кейіпкер тілінде ауызекі сөйлеу элементтері, жергілікті тіл
ерекшеліктері, кірме сөздер, бөгде тілдік элементтер молынан көрінеді.
Көркем әдебиет халық тілінің негізінде қалыптасады. Олар айқын
тұрақталған сөздер мен сөз оралымдарынан тұрады.
Қорыта айтқанда көркем шығармаларда кездесетін дөрекі қарапайым
сөздердің алатын орны қай жағынан болса да ерекше.

І.2 Одағай сөздер

Кісінің сезімін көңіл-күйін, еркін білдіретін, дербес грамматикалық
тұлғалары жоқ сөздер – одағай сөздер (53.218). Одағайлар сөйлемде көңіл-
күйге байланысты болғандықтан, олар таңданғанда, күдіктенгенде ерекше
интонациямен айтылады.
Одағайлар сөйлеу тілінде қаратпа ретінде жиі қолданылады. Әрі олардың
көмегімен жасалатын сұраулы сөйлемдер де көп кездеседі.
Адамның көңіл-күйі құбылмалы болып келетіні баршаға аян. Сол
құбылмалылық көркем әдебиетте кейіпкер тілінде анық көрінеді. Мысалы,
сұраулы сөйлем жасауға қатысатын одағайлар негізінен а, ә, ау, япыр-ау,
япырай т.с.с. болады. Профессор Ш.Сарыбаев қазақ тіліндегі одағайлар атты
еңбегінде е, әу, өй, әй сияқты одағайлардың қай кезде, қандай мағынада
қолданылатынына тоқталған. Мысалы, ә одағайы 1) сөйлемде қайталап
сұрағанда, 2) екінші біреудің есімін қайталағанда, 3) біреуге ашуланғанда
және оны қорқытқанда, 4) сөйлемнің ең соңында, яғни өзінен кейін ешқандай
сөз табы келмейтін жағдайларда келгенде әр уақытта сұрау мағыналы болады
(48).
Жазушылар одағайларды сонымен бірге кейіпкердің таңдану, өкіну, разы
болу, сүйсіну, ұнату сәттерін көрсету үшін де пайдаланады. Кейіпкер аузына
қап, әттең, ай, құдай-ай сияқты одағайларды салу арқылы автор оның
күйінгенін, өкінгенін, қапы қалғанын көз алдымызға әкеледі.
О, бәрекелді, алақай т.б. одағайларды кейіпкер аузынан естісек,
кейіпкердің сүйсініп, ұнатып, қуанып тұрғанын бірден байқарымыз сөзсіз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей одағайлар көркем әдебиет тілінде қаратпа
ретінде жиі қолданылады.
Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік талантына
байланысты. Көркем әдебиетте қаратпалардың тұлғалық көрінісі мен стильдік
қызметі ерекше. Жазушы кейіпкер бейнесін әсерлі етіп беру үшін қаратпаларға
стильдік жүк артып жұмсайды.
Қаратпалар, олар туралы алғашқы түсінік қазақ тіл білімінің негізін
салушы Ахмет Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Ахмет Байтұрсынов сөйлем
ішіндегі сөздерді арнайы сөйлем мүшелеріне қарағанда бұратанаң деп атауы,
әрине, олардың оқшауланып тұратындығы, яғни бүкіл сөйлемге қатысы жағынан
дұрыс айқындайды. Автор олардың өзін қазіргідей одағай сөздер, қыстырма
сөздер, қаратпа сөздер деп үшке бөлмей, тек қаратпа, қыстырма сөздер деп
екіге бөліп көрсетеді. Соның ішінде автор қаратпа сөздерді сөз бетін
біреуге қарата, қадап сөйлегенде айтылатын сөзң (2, 125) деп, оның негізгі
қасиетін түсіндіреді. Әрине, автордың қаратпа сөздер туралы ойы дұрыс
болғанымен, оның жасалу жолдарын нақты көрсетіп жатпайды. Қызым, саған
айтамын, келінім, сен тыңда! Сөз тыңдаңыз, әлеумет! Әй, Әлжан, қайда
барасың? Құдай, оңда! Оңға баста... сөйлемдерін объектіге ала келіп, осы
сөйлемдердің ішіндегі келінім, әлеумет, әй, әлжан, құдай сөздері қаратпа
деп қаратпаларды берумен шектеледі (2).
Қаратпа ретінде одағайлардың жұмсалуы мектеп, жоғары оқу орындарына
арналған еңбектерде тек негізгі сөздерге тіркесіп келуі туралы ғана айтылып
келді. Ол негізінде үнемі болып отыратын жай. Сондықтан одағайлар қаратпа
сөз, сөз тіркесімен жарыса қабаттасып, оларға деген назардың біреуге
арналуына дем беретіні анық. Мысалы: Әй, досым! Негізгі қаратпа сөз досым
тәуелділік жалғаулы зат есім де, ал әй-одағай. Сол досым деген сөзге назар
аудартудағы күшейтпелі элемент. Әрине, одағайлардың бұлайша жанды, жансыз
зат есімдердің бәріне де тіркесіп келуі белгілі жайт. Ал одағайлардың өзі
жеке қаратпа ретінде жұмсалуы жайында көптеген тіл ғалымдарының
еңбектерінен көре аламыз.
С.Аманжолов мектеп грамматикасында қаратпалар тек зат есімнен ғана
болады деп беріп келсе, енді одағай, оның ішінде шақыру одағайлары арқылы
да қаратпалар жасалатынын қазақ тілінде алғаш көрсете білді. Ей, мұнда кел!
(51-25). Автор осы пікірін 1950 жылғы басылыммен соңғы кезде авторлар
ұжымымен шыққан еңбектерінде қайталайды.
Ғалым Р.Сыздықова 1967 жылғы академиялық грамматикада осы тақырып
төңірегінде тоқталған. Қаратпалардың құрамында әй, ау, ей, ой, уа, уай
тәрізді одағайлардың кейде жеке, кейде қаратпалармен бірге жұмсалуына, сол
сияқты олардың семантикасы туралы да біраз мәлімет берген (50).
Профессор М.Балақаев оқшау сөздер оның ішінде қаратпа сөздер туралы,
оның ерекшеліктеріне біраз тоқталған. Әсіресе, автор қаратпа сөздер оның
кімге арналғанын білдіреді дей келіп, оған қосымша ретінде тағы да олардың
айтылған ойға сол адамның көңілін аудару үшін жұмсалатынын алғаш нақтылай
түсті. Автор қаратпа сөздердің жеке сөз және сөз тіркесі тұрғысынан
жасалатынын көрсетті. Автор бір сөйлемде қаратпа, қыстырма немесе
одағайлардың бірге келуіне назар аударған. Сол сияқты автор мұндай
сөздердің көркем әдебиеттегі диалогта, шешендік сөзде қолданылатындығын
алғаш көрсетті (52.93).
Қаратпалардың әр түрлі стильдік реңктерін ашып көрсетуге тырысқан,
қаратпалардың мағыналық жағын баса көрсеткен профессор Р.Әмір Қаратпа сөз
сөйлемнің коммуникативті талабына сай түрліше мағыналық өң алады, сонысына
сай лексикалық, грамматикалық, интонациялық түр алады. Ол бірде сөзді
қатал, суық, сұсты етіп көрсетуге қызмет етсе, бірде сыпайылық, эмоциялықты
білдіру үшін қызмет етеді. Мұндайда ол өзіне түрлі демеулік сөздерді
үстейді, - деп қаратпалардың әр түрлі реңктерін де көрсетеді (59).
Қаратпа туралы М.Томанов пен Т.Сайрамбаевтардың оқулығы да жарық
көрді, онда, алдымен, жалпы оқшау сөздер, олардың негізгі ерекшеліктері мен
түрлері туралы айтыла келіп, қаратпа сөздер, сөз тіркестері және сөйлемнің
синтаксистік құрылысы (дара, жайылыңқы), негізгі белгілері мәселесіне
арналған. Авторлар қаратпаның табиғаты туралы айта келіп, Қаратпа сөз
арналған адресаттың назарын аудару, айтылып жатқан, айтылатын хабарға
әрекетін байқау немесе сөз сөйленіп тұрған сәттегі іс-әрекетке араластыру
мақсатын көздейді. Қаратпалардың синтаксистік топ құрамындағы негізгі
қызметі сөз арналған жақты білдіріп, сөйлеушілер арасындағы байланысты іске
асыру болып табыладың (49) деп бекітеді.
Ш.Сарыбаев одағай туралы айта келіп, Әй! Уа! Ей одағайлары, қаратпа
ретінде жұмсалады деп көрсетеді. Әй, бұл кім? Әй, ояумысың? (Б.Майлин). Сол
сияқты зерттеуші ау, әу одағайлары да қаратпа ретінде жұмсалады дейді (48).
Көркем шығармадағы өмір шындығы диалогтерден көрінетін болса,
одағайлардың бірден көзге түсетін жері – диалогтар. Қаламгер кейіпкерлерді
сөйлеткенде оны барынша шынайы, дәл өмірдегідей сөйлеткісі келетіндігі
бәрімізге белгілі. Сондықтан да қай шығарманы алсаңыз да ондағы кейіпкерлер
ауызекі сөйлеу үрдісінен жазбайды.
Шебер жазушы кейіпкер тілін әрлеп, оның сөз қолданысына поэтикалық өң
береді. Суреткер кейіпкер аузына алуан түрлі сөз, сөз оралымдарын салып
стильдік мақсат көздейді.
Әр кейіпкердің қоғамда алатын орнына, ой-өрісіне, өмірге көзқарасына,
дүниетанымына сай сөйлету – кейіпкер (персонаж) бейнесін аша түсетін
стильдік амалдың бірі.
Дегенмен, көркем шығармадағы шындық кейіпкер тілінен көрініп тұрады.
Одағайлар адамның сезімін, эмоциясын білдіретін сөз табы
болғандықтан, олар көбінесе лепті сөйлемдерде кездеседі. Ал, шығармадағы
адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемдердің бірі – лепті сөйлемдер.
Лепті сөйлем – ойдың айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлемнің түрі.
Ол біршама тиянақты ойға сөйлеушінің эмоциялық сезімін қоса білдіру үшін
жұмсалады. Лепті сөйлемдердің мағыналары адамның өкініші, қорқынышы,
таңдануы, аянышы, ызалануы сияқты көңіл-күйін білдіреді.
Тікелей адамның көңіл-күйіне байланысты болғандықтан, лепті
сөйлемдерді олардың мағыналық түрлеріне қарай Еңсебаева К. былай топтайды:
Өкіну, қапы қалу, аңсау мәнді лепті сөйлемдер;
Кекету, мұқату, жек көру мәнді лепті сөйлемдер;
Таңдану, қуану, разы болу мәнді лепті сөйлемдер;
Сүйсіну, ұнату, тілек мәнді лепті сөйлемдер (56.96).
Мұндай лепті сөйлемдер көркем әдебиет тіліндегі кейіпкер тілінде
түрлі мағыналық реңктерге ие болады. Мұндай сөйлемдердің ішінде
одағайлардың болуы кейіпкер бейнесін ашып қана қоймай, оның сезім-күйін
тереңдете суреттейді.
Жазушы одағай сөздер мен лепті сөйлемдерді (одағайлы лепті
сөйлемдерді) кейіпкер аузына үстемелей сала отырып, оның көңіл-күйінің
ширыққан сәтін, ол қатысқан оқиғаның шиеленісуін ұтымды береді.
Одағай сөздердің дөрекі сөздер секілді фразеологизмдер құрамында
ұшырасатындығы туралы Смағұлова Г. былай дейді: Тіліміздегі басқа сөз
таптарына қатысты фразеологиялық тұлғалар ішінде жиі болмаса да, ауызекі
тілде үнемі ұшырасатын фразеологиялық тіркестер бар. Олардың бір тобы –
одағайлы сөздермен қатар келіп эмоциялы мағынаны үстеп тұратын тұрақты
сөздер. Жалпы алғанда одағайлы тұрақты сөз тіркестері терең ой
қорытындыларын бір-ақ сөзбен айтып, айтушының (сөйлеушінің) күшті эмоциясын
аңғартадың. Мысалы: Апырай десеңші! Дариға қайран заман-ай! Қарай гөр!
Адыра қал! Қап, құдай-ай! Құдай тоба! Уа, дариға! Бәсе десеңші! Айқай
дүние! Қайран жиырма бес! Мәссаған безгелдек! т.б. (42.30).
Одағайлар көркем әдебиетте әр түрлі қолданылуы мүмкін. Тосыннан
көрген, білген, естіген сәттерде адам реакциясы түрліше болатыны белгілі.
Дәл осындай сәттерді оқырманның көз алдына келтіру жазушыдан шеберлікті
қажет еткізеді. Мұндай сәттерде жазушыға көмекке келетін сөздердің бірі -
одағайлар. Көркем шығармаларда кейде одағайлардың созылып айтылуы
кездеседі. Дыбыс созылыңқылығы қарым-қатынас жағдайындағы сөйлеушінің
эмоционалдық күйі, коммуникация (қарам-қатынас) тудырған түрлі жағдайларға
қатысы және сөз қолданысындағы индивидуалды ерекшеліктеріне қарай айтылуы
жағынан ұзағырақ болып, сандық өзгерістен, сапалық өзгеріске айналуы
мүмкін. Мысалы: ой-ма-а-й, қа-а-ап, Е-е-е-е т.б.
Көркем шығармада фоникалық құрамдардың қатарындағы дыбыстардың
созылыңқылығы:
-кейіпкер басындағы эмоционалдық, психологиялық күйді білдіруде;
-индивидуумның ерекше сөзсаптам машығын сипаттауда;
-уақыт пен кеңістікті, мөлшерді білдіруде;
-субъективтілік модальдықты білдіруде жұмсалады.
Дыбыстық құрылымның проза тіліндегі контекстік әуезділігі - жазушы
көздеген белгілі бір стильдік мақсатпен ұйымдастырылған көркемдік
құралдардың бірі. Жеке лексикалардағы дыбыстық қайталаулар мен ырғақты сөз
орамдары жазушы сомдар образдар суретін қанықтыра түсетін, оның тұлғалық
ерекшеліктерін аша түсетін фоностилистикалық тәсіл болып саналады.
Көркем шығармада одағайлардың дыбыстарының созылыңқы болуы көбінесе
кейіпкер басындағы эмоциялық, психологиялық күйді білдіру кезінде көрінеді.

Сонымен қай жағынан болса да одағайлардың көркем шығармаларда алатын
орны ерекше.

І.3. Қарғыс сөздер

Әр автордың өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік шеберлігіне
байланысты. Бұл тәсілдер де кейіпкер бейнесінің тілі арқылы жанды іс-
әрекетінен, мінез қырларынан, тіпті ішкі жан дүниесінен де хабар береді.
Кейіпкер тіл өзінің алуан түрлі байлығымен, мол экспрессивтік
реңктерімен оқшауланады. Осы қасиеттері кейіпкер тіліндегі түрлі
тұлғалардың көркем әдебиетте жан-жақты стильдік мақсатта қолданылуына
мүмкіндік береді.
Көркем шығармадағы әр кейіпкердің сөз саптауы мен сөйлеу мәнері бір-
бірен ұқсамайды. Олардың өзінше сөйлеу дағдысы болады. Бұл әртүрлілік
тілдің лексикалық және грамматикалық қабаттары арқылы іске асады. Осындай
тілдік байлықты пайдалану суреткер қаламының шеберлігіне байланысты.
Әр адам ұлт тілінің өкілі ретінде өз болмысы мен танымдық, интеллект
қасиеттері арқылы дараланып көрінеді, әрі сол ұлт тілін дамытуға, сөздік
құрамын байытуға үлесін қосады. Яғни ұлттың рухани мәдениетін
қалыптастыруда жеке тұлғаның ықпалы ерекше. Ұлттық рухани мәдениетіміздің
бірі тіл екені бәрімізге белгілі. Тіл болашағы - өткенді білумен құнды
болмақ. Өткенді білу дегеніміз - қазақ ұлтының мәдени өмірінің
ерекшеліктері ретінде танылатын тілдік бейнелі сөздермен сөз орамдарының
ұлт мәдениетін танытудағы рөлін бағалау, түсіну. Ішімдегі-тілімде,
тілімдегі-сөзімде дегендей, тілімізде (күнделікті тілімізде немесе көркем
әдебиетте) кең қолданыста жүрген сөздер мен сөз тіркестері - ұлтымыздың
өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін белгілер. Мұндай
белгілерді халыққа танытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге көмектесетін құрал-
көркем шығарма екендігі бәрімізге мәлім. Көркем шығармада кездесетін
сөздердің бірі - қарғыс сөздер. Дәл осы қарғыс сөздер - қазақ ұлтының
мәдени өмірінің куәсі.
Қазақ ұлтының мәдени өмірінде ежелден қалыптасқан әдет-ғұрыптар көп.
Солардың бірі – тілек-бата, ырым, садақа. Мұндай дәстүрлі мәдениет
үлгілеріне байланысты айтылатын сөздер мен сөз тіркестерінің қатары
жеткілікті.
Қазақ менталитетінде сөз магиясы өте күшті рөл атқарады. Солардың
бірі – осы магиялық әсері жоғары тілек-бата сөздері мен қарғыс сөздер.
Қазақ ұлтындағы бата беру, тілек айту, теріс бата айту дәстүрлеріндегі
қолданылатын тіркестер – халықтың ғасырлар бойы таратқан көркем сөз
үлгілері.
Қазақ тіліндегі күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан тілек-бата
сөздеріндегі ерекше сөз қолданыстарының сыры неде? деген сұраққа
Г.Смағұлова былай деп жауап береді: Оның сыры бастан-аяқ шынайы
шеберлікпен шыңдалған тілек-бата сөздеріндегі тұрақты тіркестердің
бейнелілігі мен мәнерлілігінде (41.93).
Тілек-бата сөздерінің айтылу ерекшеліктеріндегі алғашқы жолдары
ұқсас, бірыңғай діни лексикадан басталуы – назар аударатын нәрсе. Тілек-
батаның өзі құдайдан сұрау, жалбарыну, тілек ету сияқты ой ниетінен
туатындықтан, тұрақты діни тіркестердің орын алуы заңды.
Қазақ тілінің діни лексикасы, діни тіркестері арнайы
зерттелмегендіктен, аталған терминдер шартты түрде алынып отыр.
Тілек-бата сөздерінің атына заты сай айтылар орны мен жағдайы бар.
Батаң ұғымының түп-төркінін зерттеушілер құранның бірінші сүресінің аты
Фатихаданң туындатады. Мұнда жаратушы мен оның Елшісіне мадақ сөз
айтылады.
Тілек мазмұндық жағынан батадан алыстап кетпейді. Бірақ тілек
сөздерінің, әсіресе соңғы уақыттары дастархан, той үстінде тост көтеру
салтында мықтап түрленіпң бара жатқанын еске алсақ, тілек тілеуден тілек
айту сияқты қолданыс қызметі жіктеліп барады.
Сөз магиясына сенудің бір көрінісі халықтың ертеректе қарғыс пен
алғысқа немесе батаға өте мән бергенінен байқалатыны жөнінде жоғарыда айтып
өттік. Мұндай сөздердің немесе тіркестердің пайда болуының себебін ғалым
Ә.Болғанбаев былай түсіндіреді: Бұлардың негізгі идеялары көбіне діни
ұғымдармен байланысты. Кісінің аузынан шыққан алғысы мен қарғысы арқылы
адам баласы мен жан-жануардың өмір тіршілігі өзгереді. Мұндай сөздердің
көмегімен адам өмірін оңайлатып немесе кедергіге ұшыратуға, қиындатуға
болады. Ал жан-жануарларға арналған мұндай сөздер олардың ауруынан
жазылуына немесе ауруға душар болуына, тіпті өліміне себепші деген ұғымнан
келіп туындағанң (23.101).
Ел арасындағы қарғыстың таралуы жөнінде зерттеуші Ә.Ахметов: Қарғыс
адамға да малға да айтыла береді деп, оларға мысалдар келтіреді. Мәселен,
адамға байланысты: көк соққыр! көгермегір! көктемегір!, жетпегір!, көк
шешек келгір! үйің күйгір! Тілеуің құрғыр! тағы сол сияқты қарғыстар
айтылатын болса, малға кейігенде: топалаң келгір!, қарасан келгір!
Жамандатқыр! Кебенек келгір! тағы сол сияқты лағінеттер ауызға ілігеді, -
дейді (22.87).
Халық жақсы сөз жарым ырыс деген ниетпен адамға берілетін оң бата,
алғысқа жақсылыққа бастайды деп қалай сенсе, бәле-жалаға тап қылады деп
қарғыс пен теріс батадан соншалықты қорқатын. Соңығлардан қорқып қана
қоймай, әдетте ондай лағінет жаудырған адамның қара ниеті орындалып
кетпесін деген ниетпен және орындала қалған күннің өзінде өз басына
көрінсін деген мақсатпен: тілің тасқа! Тіліңе шоқ түссін! Жағыңа жылан
жұмыртқаласын! т.с.с. қаға берісің бар дуалы тіркестерді қарсы
бағыттайтын. Мұндай қарғыстарды, дуалы сөздерді кейіпкер тіліне салып
беретін жазушы кейіпкер бейнесін ашып қана қоймай, біздің яғни қазақ
халқының менталитетін танытады. Мұндай сөздер мен тіркестердің бір белгісі
– эмоционалды-экспрессивтілік болатын болса, эмоционалды-экспрессивті
лексиканың көркем әдебиеттегі орны өзінше бір төбе. Олар қазіргі уақыттағы
көркем шығармаларда болсын, өмірде болсын молынан пайдаланылады.
Культтік фразеологизмдер – адамдардың көңіл-күйін, көзқарасын, әр
түрлі эмоционалдық әрекеттерін білдіретін және қолданылуы дәстүрге айналған
алғыс және қарғыс мәнді сөз тіркестері ерекше фразеологиялық топ құрайды.
Олар: фразеологиялық сөздік формулалар, фразеологиялық штамптар болып
келеді де, адамдардың бір-біріне жасайтын әр түрлі қарым-қатынасынан пайда
болатын көзқарасын білдіретін экспрессивті-эмоциялық сипаттағы одағайлық
сөз орамында қолданылады. Бұл тіркестер кемінде екі не одан да көп
компоненттерден болады. Кейде жеке сөйлем сияқты болып та келедің, - деп
түсіндіреді К.Рысбаева (57.57-58).
Әдетте қарғыс ата-анаға, үлкенге тілі, қолы тиген, тәртіп бұзған, ел
атына, руына кір келтірген, көпке зәбірі тиген, кісі өлтірген тағы басқа
жат қылық, ерсі іс көрсеткен, ерсі мінез танытқан адамдарға айтылады.
Мұндай адамдарды өмірді де көркем шығармалардан да кездестіре аламыз.
Өмірде болып жатқан құбылыстарды дәл беруге тырысқан жазушының кейіпкерін
оқырман дұрыс қабылдайды. Өйткені әдебиет - өмір айнасы. Көркем шығармада
кездесетін қарғыс сөздерді мынадай етіп жіктесек дұрыс болатын сияқты.
Жалпы адамдарға айтылатын қарғыстар:
Атауыңды іш, аузыңа қолың жетпесін, әруақ соқсын, бетің жабылмай
қалсын, жаның шықсын, жағыңа жылан жұмыртқаласын, дәм-тұзым атсын, ит
өлімін берсін, көріңде өкіргір, қарғыс атсын, қатының өліп, қазаның сынсын,
екі дүниенің қызығын көрме, шаңырағың ортасына түссін т.б.
а) Жас балаға арналған қарғыстар:
Жер жастанғыр, жетпей желкең қиылғыр (қиылсын), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер
Сөйлемнің оқшау бөліктері
Әлеуметтік лингвистика
Тіл экологиясы
Медициналық басылымдардағы сөз мәдениетінің жайы
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақ тіліндегі дисфемизмдер
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер