Өндірістік шығындардың есебі мен аудиты
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ...5
1.1. Өндірістік шығындарының мәні және олардың құрамы мен жіктелуі ... ..5
1.2 «Тәуекел.Т» ЖШС. нің экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы ... 12
1.3 Ұйым есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2. Өндіріс шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Материалдық шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Еңбек ақы шығының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Үстеме шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.4 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және олардың тәсілдері ... ... ... .29
3. Өндіріс шығындарының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
3.1 Аудитінің мақсаты мен міндеті және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
3.2 Өндіріс кезеңінің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3.3 Өндіріс шығындарының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамадастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Елбасының 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіруге бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Елбасымыз басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізіп, біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі нарықты дамыту жөнінде жасалаған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу қажеттілігіне аса назар аударылды.
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып , өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.
Осы мәселеге орай кәсіпорын өндірістік шығындарды есептеу жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашылық қызметін басқарудың заңдылықтары халық шаруашылығында өркендеуіне жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Бүгінгі таңда, шығындар есебінің екі проблемасы бар:
Біріншісі – отандық теория мен тәжірибенің Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында басқару жүйесінің алдында тұрған жаңа міндеттерді шешуге қайта бағытталуында.
Екінші маңызды проблема – есеп ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дәстүрлі емес жаңа жүйесін құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың, қаржылық нәтижелерді анықтаудың қазіргі тәсілдерін қолдану, сондай-ақ бұл ақпараттардың өндірістік қызметті басқару, талдау, болжау және реттеу үшін қолданылуы.

1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы 2007ж
2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» Заңы 2008ж
3. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы 2006ж
4. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005ж
5. Адамс Р. Основы Аудита: Пер. с англ. / Под ред. Я.В. Соколова М.:Аудит; Юнити, 2000ж
6. Баймұханова С.Б., Балапанова Ж., «Бухгалтерлiк есеп», Алматы 2001ж.
7. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М., «Аудит»: оқу құралы.- Алматы: Қазақ Университеті, 2004 ж.
8. Ержанов М.С. Теория и практика аудита – Алматы: Ғылым, 2001ж
9. Друри К. Управленческий и производственный учет. Пер с англ.; Учебник. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002ж.
10. Дюсембаев К. Ш. Аудит және қаржылық есепті талдау: Оқулық. – А.: «Қаржы қаражат», 2003ж.
11. Захарьин В. Р. Формирование себестоимости продукции. Мн.: Мисанта, 1999.
12. Тулегенов Е.Т. Басқару есебі. - Алматы: Экономика, 2008.
13. Майданчик Б.И., Карпунин М.Б., Любенецкий Л.Г. и др. Анализ и обоснование управленческих решений. - М.: Финансы и статистика, 2003.
1. Лабутин П. Учет затрат на производство продукции. // Консультант бухгалтера. 2000. № 18. С. 3-19.
2. Ладутько Е. Н. Проблема бухгалтерского учета полной себестоимости на предприятиях. // Бухгалтерский учет и анализ. 2000. № 1. С. 7-14.
3. Назарова В.Л. Шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп: Оқулық – А.: Экономика, 2004.
4. Николаева С.А. Принципы формирования и калькулирования себестоимости продукции Аналитика-Пресс - М.: 2002ж.
5. Николаева С.А. Учет затрат в условиях рынка: Система Директ-Костинг, Аналитика-Пресс - М.: 2000 г.
6. Палий В.Ф. Основы калькуляции. – М.: Финансы и статистика, 2004ж
7. Пашигорева Г. И. Системы управленческого учета.- СПб., 2002г.
8. Кеулiмжаев Қ.Қ., Әжiбаева З.Т. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001ж.
9. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы
2005 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Өндірістік шығындардың есебі мен аудиты.
Орындаған 3 курс студенті
Кемелбаев Айдын.
Ғылыми жетекші
э.ғ.к.,доцент
Байдаулетов М.Б.
Норма бақылаушы
Оқытушы:
Оңдаш А. О.
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
э.ғ.к., доктор PhD:
Товма Н.А.
Алматы 2010
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастырудың теориялық
негіздері ... ... ...5
1.1. Өндірістік шығындарының мәні және олардың құрамы мен жіктелуі ... ..5
1.2 Тәуекел-Т ЖШС- нің экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы ... 12
1.3 Ұйым есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 15
2. Өндіріс шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19
2.1 Материалдық шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Еңбек ақы шығының

... ..22
2.3 Үстеме шығындарының

.25
2.4 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және олардың
тәсілдері ... ... ... .29
3. Өндіріс шығындарының
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..40
3.1 Аудитінің мақсаты мен міндеті және ақпарат көздерімен қамтамасыз
етілуі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
3.2 Өндіріс кезеңінің

... ... ..43
3.3 Өндіріс шығындарының
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...67
Кіріспе
Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік
қоғамадастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға
қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын
тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси
және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Елбасының 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-
жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа
бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық
экономикаға кіруге бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Елбасымыз басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-
ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға
салыстырмалы талдау жүргізіп, біздің келешегі зор өндірістерді, соның
ішінде ішкі нарықты дамыту жөнінде жасалаған іс-қимылдың тиімділігіне баға
беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру
қажеттілігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне
жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен
өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу
қажеттілігіне аса назар аударылды.
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу
басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады.
Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап
негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні
өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге,
өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып , өндіруге кеткен шығындардың
ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау
міндетті шарт.
Осы мәселеге орай кәсіпорын өндірістік шығындарды есептеу жолдарын
дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашылық қызметін басқарудың
заңдылықтары халық шаруашылығында өркендеуіне жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі
экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп
арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Бүгінгі таңда, шығындар есебінің екі проблемасы бар:
Біріншісі – отандық теория мен тәжірибенің Қазақстан Республикасында
нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында басқару жүйесінің алдында тұрған
жаңа міндеттерді шешуге қайта бағытталуында.
Екінші маңызды проблема – есеп ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін
зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дәстүрлі емес жаңа
жүйесін құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың, қаржылық нәтижелерді
анықтаудың қазіргі тәсілдерін қолдану, сондай-ақ бұл ақпараттардың
өндірістік қызметті басқару, талдау, болжау және реттеу үшін қолданылуы.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы – өндірістік шығындар мен өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялаудың есебі мен аудиті.
Өндірістік шығындардың құрылуы мен айналымы өндірістік кәсіпорындар
үшін аса маңызды, сондықтан-да шығындар есебінің кәсіпорынды басқарудағы
үлесі өте зор. Өндірістік шығындар есебінің қажеттілігі шаруашылық
қызметтің шарттарының күрделенуіне, табыстылыққа талаптардың өсуіне
байланысты жоғарылай түседі.
Өндірістік шығындар есебін құру мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың әдісін таңдау көп деңгейде саланың ерекшеліктеріне,
өндіріс тұрпаты мен түріне, оны ұйымдастыру мен технологиялық процесстің
сипатына, өндірілетін өнім, атқарылатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтің
түрлілігіне, калькуляциялау обьектілеріне, мекеме құрылымына және басқа да
жағдайларға байланысты болады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі өндірістік шығындар есебінің мәліметтері
– өндірістік резервтерді анықтаудың, өндіріс табыстылығын көтеру мақсатында
матриалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды қолдануды әрдайым бақылаудың
маңызды құралы болып табылатындығы сондықтан әсер етуші факторларды
анықтап, жетілдіру жолдарын іздестіру. Бұл өндірістік шығындар мен өнімнің
өзіндік құнының калькуляциясын зерттеу кәсіпорынның жүйесінде ерекше орын
алатындығын анықтайды. Сондықтан, өндірістегі шығындарды білу және зерттеу,
сондай-ақ осы шығындарға уақытылы және сапалы талдау жасау өндірістік
процессті икемді реттеуге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – өндірістік шығындарды және өнімнің
өзіндік құнының калькуляциясын зерттеу, сонымен қатар, өзіндік құнның
төмендеуінің резервтерін анықтау және оның есебін жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасау.
Нарықтық экономика жағдайында осы мәселе өзекті болып тұрғандықтан
дипломдық жұмыстың міндеті осы тақырыпқа арнап, өндірістік шығындарды, оның
есебінің жүргізілуі мен ұйымдастырылуын және өнімнің өзіндік құнын
калкуляцялаудың әдістерін терең мән бердім.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде өндірістік шығындардың мәні мен
жіктелуі және кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаты қарастырылған.
Екінші бөлімде өндірістік шығындардың есебі мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау дипломдық жұмыстың негізгі тақырыбы болғандықтан аса мән
беріліп көрсетілген. Яғни, кәсіпорындағы өндірістік есеп және оның басқару
есебіндегі орны мен ұйымдастыруы, сондай-ақ негізгі және көмекші өндіріс
шығындарының есебін жүргізу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
әдістері қарастырылған.
Ал үшінші бөлім өндірістік есепке аудиторлық тексерудің жүргізілуі
және кәсіпорынның бухгалтерлік есебін аудиттеудің жетілдіру жолдарына
арналған.
1. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1. Өндірістік шығындарының мәні және олардың құрамы мен жіктелуі
Ұйымның өндірістік қызметі шаруашылық процестерден тұрады.
Өндірістік процестердің ішіндегі негізгілері жабдықтау, өндіріс және өткізу
болып табылады. Процестер түрлі шаруашылық операцияларын біріктіреді. Өз
құрамы жөнінен олар кәсіпорын қызметінің негізгі мазмұнына қарағанда едәуір
үлкен.
Басқару есебінде басқарудың объективті талаптарға сәйкес өндіріс
процестері қызмет түріне байланысты топтастырылады: жабдықтау-дайындау,
өндірістік, қаржы- өткізу, ұйымдық және инвестициялық.
Микроэкономикада өндіріс түсінігі нәтижесінде жекелеген бөлшектердің
пайдалы өнімге айналатын немесе өнімнің нысаны мен белгісін өзгертетін
мақсатты қызметті білдіреді. Кәсіпорынның өндірістік жүйесі өндіріске
қажетті түрлі ресурстарды құрайтын өзара байланысты бөлшектер мен өндіріс
нәтижесінен құралады. Өнім өндірудің шарты – ол технология, соған сәйкес
шығындардың өнімге айналуымен аяқталады.
Өндіріс элементтерінің құрамын технологиялық тізбектер анықтайды. Ең
қарапайым жүйе 1 суретте көрсетілген.
Қарастырылып жатқан өндірістік жүйенің әр элементі өндірісте қарапайым
бөлшектерден тұратын дербес жүйе болып табылады. Жүйелер өзінің
мақсаттарына сай өзгешеленеді, нақты сипаттамалары мен факторлары
экономиканың объективті заңдарына бағынады.
Шығындар Өндіріс Шығарым
Элементтер Ауысу процессі Пайдалы өнімдер
Шикізаттар Машиналар мен Өнімдер
мен жабдықтар
материалдар
Өзгермелі Тұрақты шығындар Табыстар
шығындар
*автормен орындалған
Сурет 1. Өндіріске қатысты “шығындар+өннімді щығарым” тізбесі.
Жекелеген жүйелер ретінде экономикалық ресурстар қолданылады: материалдық-
шикізат материалдары мен капитал, адамдық-еңбек және кәсіпкерлік
қабілеттілік. Ресурстардың түрлері мен өндіріс жүйесіндегі маңызына қарай;
материалдар, өндіріс құралдары, жұмыс күшіне бөлінеді.
Жабдықтау-дайындау қызметінің процестері өндірістің бірінші сатысына
келетін болсақ, кәсіпорынның өндірістік, қаржылық, сату және ұйымдастыру
жағдайы осы жабдықтау - дайындау процесіне тікелей байланысты болады.
Жабдықтау - дайындау жұмыстарының басқару есебінің міндеттері мыналар:
- материалдық босалқы қорларды басқару тәртібін таңдау;
- шығындар мен материалдық босалқы қорларын бағалау әдістері;
- босалқы қорларға жұмсалған шығын көрсеткіштері жайлы
мағлұматтарды жинау;
- босалқы қорлар шығындарын есепке алу;
- материалдарды өндірісте пайдалану процесін бақылау;
- жабдықтау-дайындау қызметін басқару тұжырымдамасын әзірлеу.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің басты мақсаты – өтетін және пайда
әкелетін өнімді шығару. Өндірістік процестер - өндірістің екінші сатысы.
Бұл сатының өндірістік жүйедегі ерекшелігі өнім өндіруге шығындарды
қалыптастыру болып табылады.[11]
Өндіріс жағдайы тиімділігімен, психологиялық өлшемдерімен, жетістіктерді
ғылыми-техникалық прогресске пайдалану дәрежесімен, қызметтердің өндірістік
процестердегі орны және маңызымен сипатталады. Ресурстарды шектеу және
жоспарланаған тиімділікке жету ұдайы шығындар мен алынған нәтижелерді
салыстыруды қажет етеді. Бұл мәселе инфляция салдарынан күшейеді, бұл кезде
өндірістік шығындарды сыртқы факторларға байланысты болашақ шығындар
мәліметтерімен салыстырады. Сонымен қатар, әкімшілік табыстар мен
шығындарды басқару мақсатымен әр бөлімшенің жұмыс тиімділігіне, әр өнім
түрлерін өндіруден алынған нәтижелерге бақылау жасайды.
Басқару талаптары өндіріс қызметінің шығындарын есепке алу әдістемесін
жекелеп зерттеу және кәсіпорындар үшін өндірістік бөлімшелер өнімінің
өзіндік құнын бақылау жүйесін есепте пайдаланатын шығындарды топтастырудың
аналитикалығын кеңейту негізінде анықтайды.
Өндірістік қызмет шығындарына шығарылған өнімдер құрылымына байланысты
болатын және шығарылған өнім негізін құрайтын, өнім көлеміне байланысты
шығындар жатқызылады. Өндіріс шығындарының есебі бухгалтерлік есептің жалпы
жүйесінде негізгісі болып табылады. Басқарушылық есеп нормативтік
құжаттарда көрсетілген өндіріс шығындарын құндық көрсеткіштерді есепке
алумен шектелмейді. Оның мазмұны едәуір кең және мыналардан тұрады:
- өндіріс процестерін басқару және пайданы анықтау мақсатымен өндірістік
процестерді сандық өлшеммен көрсету;
- шаруашылық процестерінің объектісі ретінде және оларға
байланысты шығындарды таңдау;
- есеп субьектілері кәсіпорын шеңберінде шектеу;
- өндіріс процестерінің жүру барысын шығындар өсімі процесімен байланысты
көрсетуде әдіс элементтерін (жоспарлау, мөлшерлеу, өлшеу, тіркеу, баға,
топтастыру, талдау, бақылау) жүйелі пайдалану;
- шығындарда өнімнің өзіндік құнын және пайданы анықтау, шешімдерді
қабылдау және жоспарлау, бақылау және реттеу процестерін жүргізу үшін
оларды басқару мақсатымен топтастыру;
- өндіріс процесстерін басқару деңгейлері бойынша ішкі есеп-қисапты
кәсіпорында қабылданған принциптерді, ішкі есеп беру көрсеткіштерін, сыртқы
есеп көрсеткіштеріне ауысуын есепке ала отырып ішкі есеп-қисапты жасау.
Өндірістік және өткізу қызметі арасында тікелей байланыс бар. Өндіріс
процесінің нәтижесінде алынған кәсіпорынның дайын өнімі техникалық бақылау
бөлігінде қабылданған соң, дайын өнім қоймасына өткізіледі, содан оны
өткізу процесі басталады. Бірақ қаржы-өткізу қызметі өткізуге қарағанда
едәуір кең. Оған қатысты маркетинг жүйесі анықтамасын пайдалануға болады.
Маркетинг - адамдар мен өндіріс қажеттіліКредитерін қанағаттанды-руға
арналған адамдардың тауарлар мен қызметтерді айырбастау жөніндегі қызмет.
Бұл процесстердің құрамына тауарларды әзірлеу, зерттеу, коммуникация
жүргізу, бөлуді ұйымдастыру, бағаларды белгілеу, ұйымдастыру жұмысы,
кәсіпорынның пайда табу, өндіріс пен өткізу көлемінің арттыруға, нарық
үлесін көбейту мақсаттарына жету шараларының жүргізілуін бақылау тәртібін
біріктіреді. Яғни, маркетинг саласына кәсіпорын қызметінің түрлі жақтары
кіреді: өндіріс, қаржы, еңбек, өткізу және т.б.
Ұйымдастыру функцияларын қарастыру маркетинг қызметін басқаруға қажетті
мағлұматтар шеңберін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру функциялары - қызметін зерттеу, мәліметтерді жинақтау, өнім
түрлерін жоспарлау, өткізу және бөлу, жарнама және өткізуді ынталандыру.
Бұл функцияларды орындау бірінші кезеңде өнімдерді сатушылар нарығындағы
кәсіпорындар бағалары мен басқа сатушылармен салыстырғанда экономикалық
немесе техникалық өлшемдерге қатысты артықшылықтары бар өнімдер немесе
қызмет түрлерін таңдауды біріктіреді.
Екінші кезең нарық стратегиясы тікелей келісім шарт бойынша, сондай-ақ
нарықта өткізілетін өнімдер түрлерін; номенклатурасы мен ассортиментін
шығару арқылы белгіленеді. Бұл кезеңге нарықты зерттеу мен шығарылым
номенклатурасын реттеу жолымен шығарылым мен сұраныс теңестіріледі.
Өткізу мен өнімді бөлу - үшінші кезең. Бұл функция белгіленген уақытта
сатып алушы тапсырыс берген тауарлар мөлшерін жеткізуді ұйымдастыруды
біріктіретін тауарлардың өндірушіден тұтынушыға қозғалу процестерінен
тұрады.
Төртінші кезең маркетинг жүйесінде маңыздысы болып табылады. Ол жарнама
мен өткізуді ынталандыруды біріктіреді. Жарнама тұтынушының сатып алушылық
белсенділігін туғызады, әлуетті сатып алушыға әсер етеді. Өткізуді
ынталандыру шараларын тек басқарушыларға ғана емес, қызметкерлердің
кәсіпкерлік қызметіне әсер етеді.
Өткізуді басқару жүйесі қаржылық және басқарушылық есепте қалыптасатын
мағлұматтарға, сондай-ақ статистикалық мәліметтерге негізделеді. Бұл
мағлұмат маркетингтің барлық функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді.
[12]
Өнімді жеткізу мен өткізілуін бақылау үшін жеткізу келісім-шарттарындағы
мағлұматтар пайдаланылады. Өткізу бөлімінде әр сатып алушыға тапсырыс
карточкасы ашылады, оған келісім бойынша және нақты жөнелту мерзімдері,
саны мен бағасы көрсетіледі.
Әр кәсіпорында ішкі есеп беру керек, онда ағымдағы жөнелту, шығындар
сомалары, дайын өнімнің қоймалық қорының көлемі, ақшалай айналым,
дебиторлық және кредиторлық қарыздар жөніндегі көрсеткіштер болу керек.
Бұған қосымша толық ассортименті бойынша заттай және ақшалай түрде
шығарылған өнім, оның сапасы, пайданы қалыптастыру және оның болжамы,
коммерциялық шығындар, жарнама шығындары туралы мағлұматтар жинақталады.
Сонымен қатар қаржы өткізу бөлімі кәсіпорын стратегиясын жасау үшін өнім
түрлері, бағалары, өнімдер шығарылымы көлемін кеңейту, нарықты меңгеру
жөнінде мағлұматтарды талап етеді.
Қаржы-өткізу қызметі жөніндегі мағлұматтың ерекшеліктерінің бірі оның
кезеңділігі болып табылады. Басқару аппаратына мәлімет айдың аяғында емес,
3-5 күнде, апта сайын немесе күнделікті түсіп отыруы керек.
Мәліметтің келесі ерекшелігі-жекелеген көрсеткіштер арасында тәуелділікті
қамтамасыз ететін, оның болжамдық сипаты. Болжамдық мәлімет маркетинг
қызметін жақсарту жөнінде шешім қабылдау үшін пайдаланылады.
Сонымен, маркетингтік мәліметтер жүйесі - кәсіпорын стратегиясын жасау,
жоспарлау, талдау, маркетингтік шараларды енгізу және бақылау үшін
мәліметтер қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен жинақталған өндіріс,
өткізу және маркетингтің басқа салалар туралы мәліметтер процесстерінің
жиынтығы.
Басқарушылық есеп теориясы шығындар есебін ұйымдастыру, сондай-ақ дайын
өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын есептеудің сұрақтарын алдыңғы
қатарға қояды. Бұл ең алдымен өндірісті басқару тәжірибесі мен өндірістік
шығындар, өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану, өнімдер шығарылымының
тиімділігі жөніндегі мағлұматқа қойылатын талаптарына байланысты.
Басқару-кәсіпорын мақсатарына сәйкес оның қызметін қамтама-сыз етуге
қажетті жоспарлау ұйымдастыру, уәждеме (мотивация) және бақылау процесі
болып табылады. Басқару функциясын жүзеге асыру үшін кәсіпорындарда
басқарушы аппарат құрылады. Оның құрамына мекемені басқаратын бірнеше
қызметкерлер кіруі мүмкін.
Ірі кәсіпорындарда басқару аппараты функцияларына сәйкес ұйымдастырылады,
шағын кәсіпорындарда бірнеше функцияларды бір құрылымдық бөлімше (бөлім,
сектор) немесе жекелеген атқарушы орындайды. Басқару бөлімшелерімен қатар
аппараттың бір бөлігі цехтарда шоғырланады. Кәсіпорынды басқару
қызметкерлері мен цехтардың санының ара қатынасы көптеген факторларға
тәуелді, олар Басқару менеджменті пәнінде жан-жақты қарастырылады. [12]
Өнім өндіретін кәсіпорындарының ұйымдастырушылық қызметінің басқарушылық
есебі негізгі міндеті ретінде өндірісті басқару мен қыз-мет көрсету
шығындарының оңтайлы деңгейі жағдайында мақсаттық белгілеріне сәйкес
жасалған және өңделген мағлұматтар негізінде, басқару қызметтері мен
бөлімдерінің тиімді қызмет етуін біріктіреді.
Өндіріс шығындарының экономикалық негізделген жіктелімі өндірістік қызмет
есебін ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен есепке алудың нормативтік
құжаттары, сондай-ақ қаржылық есеп бойынша оқулықтарда өндіріс шығындарын
келесі топтастыру белгіленген:
- құрамы бойынша - бір элементтік және жиынтық;
- түрлері бойынша - шығын элементтері мен калькуляция баптары;
- мақсаты бойынша - негізгі және үстеме;
- өндіріс көлеміне қатысы бойынша - тұрақты және өзгермелі;
- жекелеген өнімдерді өзіндік құнға жатқызу әдісі бойынша тікелей және
жанама;
- шығындар сипаты бойынша - өндірістік және өндірістік емес;
- жоспармен қамту дәрежесі бойынша - жоспарланатын және
жоспарланбайтын.
Осылайша топтастырылған өндіріс шығыстары өнімді
калькуляциялаудың нақты функциясын сипаттайды, бірақ өндіріс
шығындарының басқарушылық есебінің міндеттеріне сай келмейді
Экономикасы дамыған елдерде өндірістік есеп және оны ұйымдастыру
тәжірибесінде, мақсаттық ұстанымына, шығындарды есепке алу бағытына
байланысты әртүрлі нұсқасы қарастырылады. Шығындарды есепке алу бағытында
өндірістік шығындарды оқшауланған нысаналы есепке алу қажетті қызмет саласы
түсіндіріледі. Ішкі ақпараттың түтынушылары белгіленген мәселе бойынша
қажетті ақпаратты қамтамасыз етуге қажетті
есептің бағытын анықтайды.
Ең алдымен есепте шығындардың үш санаты туралы мағлұмат жинақталады:
жұмыс күшіне, материалдарға, үстеме шығындарға. Содан соң жиынтық шығындар
есептің бағыттары бойынша бөлінеді:
1. дайындалған өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы анықтау үшін;
2. басқарушылық шешім қабылдау үшін;
3. бақылау мен реттеу процесін жүзеге асыру үшін.
Көрсетілген үш бағыттың әрқайсысы, өз кезегінде, одан әрі нақтылауды,
яғни жікредитеуді қажет етеді
Қарастырылған жіктеуге сәйкес есеп жүргізу-өндіріс шығындарының отандық
есебіндегі жаңа құбылыс. Нарық қатынастары өндірістік есептің
жоспарлаудағы; мөлшерлеудегі, талдаудағы, болжаудағы және жалпы өндірісті
басқару жүйесіндегі рөлін күшейтеді. Айта кететін жағдай, баптар бойынша
шығындардың жиынтығы Негізгі өндіріс шотында көрсетіледі. Дегенмен бұл
мағлұматтар бойынша кәсіпорын өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) әр
түрлерінің қайтарымы туралы және қабылдаған шешімдердің шығындар мен
пайда мөлшеріне әсері туралы қорытынды жасай алмайды. Бұл проблеманың
шешімі көбінесе шығындарды топтастырудың қабылданған түрлерімен анықталады.
Басқару мақсаттарын қанағаттандыратын шығындар жіктемесі өндіріс қызметінің
басқарушылық есебін ұйымдастырудың негізгі принципі, өндірістік шығындар
туралы мәліметтерді өңдеу мен талдау әдісі болып табылады.
2007 жылғы 28-ақпандағы №234-ІІІ Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңында: Кірістер мен
шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен
тікелей байланысты элементтер болып табылады. Кірістер – есепті кезең
ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы
нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың
жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады. Ал
шығыстар – есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе
міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар
капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың
азаюына әкеп соғады деп көрсетілген.
Әдетте, шығын шығармай көздеген табысты алу мүмкін емес. Өз кезегінде
табыс алмай, шаруашылықтың дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді
табысты шешу мүмкін емес. [1]
Әрбір іс немесе жұмыс белгілі бір шығындармен байланысты болады.
Шығындар болып кәсіпорыннның өнімді дайындауға және өткізуге немесе қызмет
көрсетуге кеткен барлық ақша ресурстары танылады. Яғни, шығын – ол
меншікті, өндірісті және тауарлы-материалдық қорларды сатуға, жұмысты
орындауға, қызмет көрсетуге және зиянды басқаруға байланысты шығындарды
қамтиды. Әдетте, ол ақша қаражаттары, материалды қорлар, қозғалмайтын
мүлікредитер, құрылғылар және жабдықтар сияқты активтердің тұрақтамау
немесе пайдалану нысанында болады.
Шаруашылық жұмысының сапасын бағалап анықтаушы негізгі
көрсеткіштерінің бірі – жалпы шығында едәуір үлесі бар өндіріс және өнімді
(жұмыс қызмет) сату шығындары мен оның өзіндік құны.
Өзіндік құн және оның өсу деңгейі базистік және есепті кезеңдерде
негізгі және айналым қорларының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын,
тиімділік дәрежесін, еңбекті ұйымдастыру және үнемдеу режимін сақтауды
көрсетеді. Өзіндік құн құнның басым құрамдас бөлігі болумен қатар, сондай-
ақ өндіріс шығындарының көлемін сипаттайтын басты көрсеткіш, өйткені
бұйымның бағасын белгілеу үшін бастапқы базалық қызмет атқарады.
Сонымен, өзіндік құнның калькуляциясы кәсіпорынға:
- өнімнің бағасын белгілеуге;
- шығындарды төмендетуге және оған бақылау жасауға;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында сапалы шешімдер
қабылдауға;
- кәсіпорынның болашағын жоспарлауға көмектеседі.
Бухгалтерлік есепте шығындар белгілі бір қасиеттері бойынша топталады.
Өндірістік шығындарды топтаудың тәсілдері бірнеше факторларға негізделген:
кәсіпорын қызметінің өзіндік ерекшелігі, өндірісті ұйымдастыру және
технология ерекшеліктеріне, өндірілетін өнім наменклатурасына,
ұйымдастырылу құрылымына, нарықтық экокномикаға өту кезеңіне және т.б.
Өнімнің өзіндік құнын құрастырушы шығындар келесідей белгілері бойынша
жіктеледі: [9]
1. Құрамы мен тағайындалуына байланысты шығындар негізгі және үстеме
болып бөлінеді:
- Негізгі шығындар – технологиялық процесспен тікелей байланысты
шығындар (материалдар, еңбекақы, амортизация және т.б.);
- Үстеме шығындарға – негізгі және кмекші өндірістерге қызмет көрсету
бойынша, сондай-ақ, басқару және шаруашылық шығындар жатады.
2. Экономикалық бірдей тегі бойынша өндірістік шығындар элементтік
және комплексті болып бөлінеді:
- Элементті деп – құраушы бөлікредитерге жатқызылмайтын өндірістік
өнім шығындарының біртекредиті түрлерін айтамыз (шикізат пен материалдар,
еңбекақы, жанармай, энергия, т.б.);
- Комплексті шығындар деп – құрамы біртекредиті емес шығындарды
айтады. Олардың құрамына шығындардың әртүрлі түрлері кіреді, бірақ
калькуляцияда жалпы бір сомамен көрсетіледі.
3. Өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша шығындар тікелей және
жанама болып бөлінеді:
- Тікелей шығындар – өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын,
яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты шығындар. Тікелей
шығындар өнімнің өзіндік құнына олардың пайда болу сәтінде енеді
(шикізаттар мен материалдар, жартылай фабрикаттар, еңбекақы және т.б.);
- Жанама шығындар – өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни
бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болады. Жанама шығындар өнімнің
өзіндік құнына соңында енеді, ал олардың пайда болу сәтінде өнімнің жеке
түрлерінің өзіндік құнына енбейді, өйткені өнім мен бұйымдардың бірнеше
түрлеріне жалпы болып табылады.
4. Өндіріс көлеміне қатысты шығындар айнымалы және тұрақты болып екіге
бөлінеді:
- Тұрақты шығындар – бұл өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде,
деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен
жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы).
- Айнымалы – шығарылған өнім көлемінің өзгеруімен шығынның да өсуі
немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы,
технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы);
5. Құрамы бойынша өндіріс шығындары келесідей баптар және элементтер
бойынша топтастырылады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- еңбек ақыдан аударылатын аударымдар;
- негізгі құралдардың және материалды емес активтердің тозуы;
- басқа да шығыстар
1.2 Тәуекел-Т ЖШС- нің экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы.
Тәуекел-Т ЖШС-і Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында 2006 жылдың
22-желтоқсанында Тәуекел-Т ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру
туралы Келісім-шартпен бекітілген және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
туралы № 158-1907-05- ТОО куәлікпен рәсімделген. Тәуекел-Т ЖШС-нің
орналасқан жері Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамал селосы, Рыскулова
көшесі 197А.
Ұйымның қызмет ету мерзімі шектеусіз. Тәуекел-Т ЖШС-нің мақсаты
негізгі қызметтен барынша табыс табу және оны ЖШС-нің құрылтайшыларының
қызығушылығына қарай қолдану.
Ұйым жарғысына сәйкес негізгі қызметтерге келесілер жатады:
– Қарасай ауданындағы халықты жоғарғы және төменгі қысымды газбен
қамтамасыз ету;
– Халық тұтынатын тауарларды өндіру;
– ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлері.
Тәуекел-ТЖШС-і ҚР заңдарына қарсы келмейтін барлық қызмет түрімен
айналыса алады. ЖШС-і заңды тұлға құқығына тәртіпке сәйкес мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін ғана ие болды.
Банкте есеп айырысу шоты, домалақ мөрі мен штампы бар, белгіленген
үлгідегі бланкілер, қызмет көрсету және фирмалық белгілері бар.
Лицензиялауды қажет ететін қызмет түрлері белгіленген тәртіпке сәйкес
лицензияланады. Ұйым құрылтайшылары өз үлестеріне сәйкес зиян тәуекеліне,
пайда алуға, сонымен қатар міндеттемелеріне жауап беруге міндетті.
Тәуекел-Т ЖШС-і басқа заңды тұлғаларға құрылтайшы болуға, заң-
нормативтерге сәйкес өкілдік, филиал құруға құқылы. Өкілдіктер мен
филиалдар заңды тұлға болып табылмайды, олар тек қана Тәуекел-Т ЖШС-і
атынан қызмет атқарады. Қаржылық бухгалтерлік есепті реттеу қазіргі кезде
шаруашылық субъектінің қызмет ерекшелігін ескере отырып, әдістемеліктің бір
жүйесімен, есептің белгіленген жалпы қағидаларын ұстана отырып жүргізіледі.
Қаржылық және салық есебі қолданыстағы заңдар мен нормативтерді ескере
отырып, ұйымның есеп саясаты тәрізді қаржылық есептің маңызды әрі сенімді
құралы арқылы жүзеге асырылады.
ЖШС қызметінің қағидаларында ЖШС қызметі тапсырма берушілермен және
орындаушылармен бекітілетін шарттардың негізінде, белгіленген, дербес
белгіленетін бағалар бойынша өзінің қызметінің нәтижелерін сатумен жүзеге
асырылады.
ЖШС өзінің құрылымен, штаттық кестесін қалыптастырады, еңбек ақы төлеу
нысанын, жүйесін және мөлшерін, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңдарын ескере
отырып, қызметкерлердің басқа табыстарының түрлерін анықтайді.
ЖШС қызметкерлерінің еңбек және демалыс режимі, олардың әлеуметтік
сақтандырылуы және қамтамасыз етілуі, еңбек демалысының мәселелерін және
өзге де еңбек мәселелері ҚР қолданыстағы заңдарымен ҚР АҚ және ҚР Еңбек
Кодексімен және ішкі еңбек тәртібі ережелерімен реттеледі. ЖШС өзінің
қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы деңгейін жақсарту және көтеру жөнінде
шаралар қабылдауға мүмкін, нақтылап айтқанда, ресми әрекет ететін шараларға
қарағанда оларды жақсарту жөніндегі бірқатар мәселелерді (еңбек
демалысының, жұмыс күні мен аптасының ұзақтығы, іссапарлық шығыстарды
төлеу, еңбек демалысына кеткен кезде қосымша жәрдемақыларды төлеу және т.
с. с.) шешеді.
ЖШС мүлкін айналым қаражаттары (негізгі қорлары, шоттарындағы және
кассадағы ақша қаражаттары және басқа да құйылымдылықтары), олардың құны
ЖШС балансында көрсетіледі.
ЖШС мүлкі мен қаражаттары:
– құрылтайшылардың ақшалай салымдары;
– қаржалық – шаруашылық қызметтен түскен табыстар;
– банктік және несиелер;
– ҚР АҚ тыйым салынбаған басқа табыстар мен түсімдер есебінен
қалыптасады.
Қажет жағдайларда қатысушылардың жалпы жиналысы қатысушылардың ЖШС
мүлкіне қосымша салымдар енгізуі туралы шешім қабылдауға құқылы. Шешім
серіктестіктің барлық қатысушыларының дауыстарының төрттен үш бөлігі
көпшілікке дауысқа ие болса қабылданады.
Есепті кезеңдегі көрсеткіштерге келетін болсақ қаржылық жағдайы 2009
жылы кәсіпорынның тапқан табысы 15596337 теңгеге кеміді, себебі 2008 жылы
мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы негізінде Шамалған селосындағы жаңадан
салынған балалар ауруханасының және бала бақшасының сметалық құны 7966328
теңгеге орындалған жұмысы көрсеткішке әсер етіп тұрған.
2009 жылы бюджеттік нысандар жұмысына қатысу тендеріне қатысып
отырғандықтан, комиссия шешімімен берілген жұмыс әлі бастала қоймағандықтан
осындай сомалық ауытқу болған. Сондықтан жалпы пайда 565947 теңгеге кем.
Кәсіпорын газбен халықты және мемлекеттік нысандарды қамтамасыз етумен
айналысатын болғандықтан 2008 жылға қарағанда тұтыну сұранысы 23,8 пайызға
төмендеген.
Кесте 1. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері.
Көрсеткіштер тізімі Есепті кезеңӨткен кезең ауытқуы
2009 2008
өнімді сату мен қызмет көрсетуден23 791 820 39 388 127 15596307
түскен түсім
Сатылған өнім мен көрсетілген 22 955 816 37 986 176 15030360
қызметтердің өзіндік құны
Жалпы пайда (010 жол + 020 жол) 836 004 1 401 951 565947
Қаржыландырудан түскен түсім
өзге де кірістер 1 465 404 766 843 +698561
өнімді сату мен 143 144 226 701 83557
қызметтеркөрсетуге арналған
шығындар
әкімшілік шығындар 956 526 861 692 94834
Қаржыландыруға арналған шығындар
өзге де шығындар 674 811 767 659 92848
Үлес қосу әдісімен есептелетін
ұйымдардың пайдасының зиянының
үлесі
Жалғасатын қызмет кезеңіндегі 526 927 312 742 + 214185
пайда зиян
(030+040+050-060-070-080-090+-10
0жол)
Тоқтатылған қызметтен түскен
пайда зиян
Салық салғанға дейінгі пайдазиян526 927 312 742 +214185
Корпоративтік табыс салығы 299 050 122 053 176997
бойынша шығындар
Азшылық үлесті шегергенге дейінгі227 877 190 689 37188
кезеңдегі жиынтық пайда зиян
(130+140жол)
Азшылық үлесі
Кезеңдегі жиынтық пайда 227 877 190 689 37188
(150+160жол)
Акцияға арналған пайда
*Қаржылық есептілік көрсеткіштерін есептеу негізінде құрылған.
Есепті кезеңдегі көрсеткіштерді талдай отырып, кәсіпорынның банккротқа
ұшырау ықтималдылығын анықтау мақсатында төмендегі кесте құрылды:
Кесте 2. Тәуекел-Т ЖШС-тің қаржылық жағдайына талдау кестесі
№ Көрсеткіштер 2008ж. 2009 ж.
1 Ағымдағы активтер (айналым активтері)9 053 547 8 220 052
2 Ағымдағы міндеттемелер (қысқа 2 763 625 1 802 045
мерзімді міндеттемелер)
3 Қарыз капиталы (Қысқа және ұзақ 2 837 456 1 857 954
мерзімді міндеттемелер)
4 Пассивтің жалпы сомасы 2 837 456 1 857 954
5 К1 – ағымдағы өтімділік коэффициенті 3,2 4,7
(п.1п.2)
6 К2 –капитализация коэффициенті 0 0
(п.3п.4)
7 Мәні 4,9 6,8
8 Мәнін бағалау
0 – банкротқа ұшырау ықтималдығы 4,9 0 6,8 0
төмен; банкротқа ұшыраубанкротқа ұшырау
= 0 – банкротқа ұшырау ықтималдығы ықтималдығы 50% ықтималдығы 50%
50% құрайды; жоғары жоғары
0 – банкротқа ұшырау ықтималдығы
50% жоғары

2008 жылы 4,9 0 банкротқа ұшырау ықтималдығы 50% жоғары көрсеткішін
көрсетсе 2009 жылы да өзгерген жоқ, яғни 6,8 0 банкротқа ұшырау
ықтималдығы 50% жоғары көрсетті.
1.3 Ұйым есеп саясаты.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау
барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы
жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз
ету,материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда қорын құру
бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын
қалыптастыру болып табылады.
Есеп саясатының ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы
қаржылық нәтиже алуына әсер ету. Қаржылық нәтиже немесе таза пайда алу
үрдісіне ұйымдардың өздері ғана емес, оның акционерлері мен инвесторлары,
сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі органдары
да мүдделі екендігін білген жөн.
Ұйым өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы ұйым қызметінің ары қарай
дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдарымен өркендеуіне тікелей әсер
етуі керек. Есеп саясаты ұйым қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша
қаражатының көбеюіне әсер етеді. Осыған орай ұйымдардың атқарушы
бухгалтерлері тұрақты бағытта пайда келтіру үрдісін қамтамасыз етуге әсер
ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп
саясатын құрастыру тәжірибесінде пайдалануы керек. Есеп саясатын Қазақстан
Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі департаментінің талабы бойынша
немес егер мұндай өзгерту неғұрлым дұрыс ақпарат алуға мүмкіндік жасайтын
болса кәсіпорын өзі өзгертуі мүмкін. Есеп саясатын өзгерту нәтижесінде
туындаған түзету сомасы бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгерту
жолымен есеп беруде көрсетіледі және есепті кезеңнің таза пайдасын (зиянын)
анықтағанда ескеріледі. Егер есеп саясатындағы өзгерістер есепті кезеңге,
алдыңғы кезеңге және кезекті есепті кезеңдерге елеулі түрде әсер ететін
болса, онда түсіндірме жазуларда есеп саясатының өзгеру себебі, есепті
кезең және әрбір бұрынғы кезеңдер үшін түзету сомасы, таза пайдасын
(зиянын) анықтағанда ескерілген түзету сомасы, қайта есептелген
салыстырмалы деректер немесе олардың қайта есептеудің мүмкін болмау
себептері ашылып көрсетіледі.
Сонымен, ұйымның есеп саясаты-ақпараттың жалған фактілерінсіз, қосымша
еңбек және қаржылық құралдар тартылмай, салық салынатын табысты дұрыс
есептеу мен қаржылық есепте сенімді ақпараттың қалыптасуына бағытталған,
есеп жүйесін құруда маңызды құрал болып табылады. 8 IAS Халықаралық қаржы
есептілігінің стандартында Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін
дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер,
ережелер және практика делінген. Олай болса, ұйымның басты ішкі
құжаттарының бірі- есеп саясатында қандай мәліметтердің барлығын және
ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшелігіне тоқталайын.
Ұйымдағы бухгалтерлік есептің басты мақсаты — ұйым қызметінің өсу
қарқынын қамтамасыз ету, әртүрлі нұсқадағы салыстырмалы мәліметтер
қалыптастыру, талдау шараларын орынды жүргізу арқылы басқарушылық шешім
қабылдау болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру барысында ұйым
тиісті нормативтік актілер мен ішкі ережелерге сүйенеді. Яғни, әрбір ұйым
өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім
өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет
көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс
істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктеріне байланысты
ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің
негізін қалайды.
Тәуекел-Т ЖШС-нің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
есеп саясатында белгіленген. Яғни, бухгалтерия жеке құрылымдық бөлімше
ретінде бухгалтерлік есепті ұйымдастырады және жүргізеді деп көрсетілген.
Бухгалтерияның қызметін бас бухгалтер басқарып, атқарылатын есеп-қисапқа
тікелей жауапты болып табылады. Яғни, бухгалтерлік есепті жүргізуге және
бухгалтерияның қызметін басқаруға құзіретті немесе жауапты тұлға болып бас
бухгалтер табылады. Осыған орай Тәуекел-Т ЖШС-нің басшылығы бас
бухгалтерге есеп саясатында белгіленген ережелерге сәйкес қаржылық есеп
элементтері мен олардың құрылымдық бөлімдерінің есебіне, бағалануына,
танылуы мен сыныпталуына, сонымен қатар оларға байланысты сұрақтарды,
мәселелерді өз кәсіби біліктілігіне негізделе отырып ұйым пайдасына тиімді
шешім қабылдауына рұқсат берілген. Бухгалтерия өзінің атқаратын қызметіне,
жүктелген міндеттеріне байланысты бөлімдерге бөлінеді.
Бухгалтерия қызметі мен міндеттерін реттеуді белгілейтін нормативті-
құқықтық құжат болып Бухгалтерия туралы Ереже, Бөлімдер туралы Ереже
табылады. Ал бухгалтерия қызметкерлерінің қызметтік міндеттері қызметтік
нұсқаулықта анықталып көрсетілген. Тәуекел-Т ЖШС-нің жалпы есеп жүйесі
келесілерге бөлінеді: қаржылық есеп, статистикалық есеп, салықтық есеп,
басқару есебі.
Ұйымда пайда болған мүлік пен міндеттеме және кез келген шаруашылық
операция теңге мен тиын өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі, ол 1С.
Бухгалтерия компьютерлік бағдарламасы арқылы көрініс табады. Бастапқы есеп
құжаттарын есепке алу барысында бухгалтерия жүргізіп отырған шаруашылық
операцияларына бақылау жүргізуді және келесі бағыттарды іске асыратын түпкі
бақылау процедурасын қамтиды:
1. Санкциялауды бақылау (әр шаруашылық операциясының нормативтік
ережелерге сәйкес уақытылы аяқталуы керек);
2. Заңдылығын бақылау (әр шаруашылық операциясының қолданыстағы заңдық
нормативтік ережелерге сәйкестігі тексеріліп, егер ауытқу анықталса
ол жойылу керек);
3. Құзіреттілікті бақылау;
4. Мәліметтерді өңдеуді бақылау (құжат толтырылуы, оның айналысы мен
жүйелілік жазуларының бақылануы).
Мүлік, міндеттеме және шаруашылық операциялар есебі бухгалтерлік есептің
жұмыс шот жоспарына сәйкес жүргізіледі. Шаруашылық операциялар мен
оқиғалардың аналитикалық есебін жүргізу Тәуекел-Т ЖШС-нің қажеттілігіне
байланысты белгіленіп, анықталады.
Тәуекел-Т ЖШС-нің есеп саясатының құжаттары болып осы есеп саясаты,
бухгалтерлік есеп жұмыс шот жоспары және ЖШС-нің арнайы бекітілген
реттеушілік құжаттарымен анықталған құжат айналым ереже-кестесі табылады.
Тәуекел-Т ЖШС-нің шаруашылық қызметін жүргізу фактісін құжаттау,
тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 19.03.2004 жылғы
№123 бұйрығымен бекіткен алғашқы құжаттардың типтік формасын және 1С.
Бухгалтерия компьютерлік бағдарламасында көрсетілген алғашқы құжаттар
формасын қолданады.
Тәуекел-Т ЖШС-нің ұйымдыстырушылық, қаржылық есептік құжаттарға қол
қою құқығына ие қызметкерлер арнайы басшы жарлығымен бекітілген. Бұрынырақ
жіберілген қателіктерді түзеу барысында екіжақты түзету жазулары туралы
бухгалтерлік анықтама жасалады. Бухгалтерлік анықтама оны жасаған қызметкер
(бухгалтер) мен бас бухгалтер қолдары арқылы рәсімделеді. Бухгалтерлік
есептегі алғашқы құжаттар қозғалысы (құжаттық құрылуы немесе басқа ұйымнан
алынуы, есепке алу, өңдеу, архивке өткізу) арнайы регламенттік кестемен
жүзеге асырылады. Бухгалтерияда әрбір есепті кезеңге арналған құжаттарды
сақтау үшін арнайы іс (дело) (сақтау бірлігі) қалыптастырылады. Келесі
сақтау мерзімдері белгіленген:
1. Жылдық қаржылық есептілік-үздіксіз;
2. Тоқсандық- 5 жыл;
3. НҚ қайта бағалау ведомосттарының түсу актілері- үздіксіз;
4. Жұмысшылардың жеке шоттары (жалақы есептеу ведомосттары)- 75 жыл;
5. Басқа да құжаттар- 5 жыл.
Құжаттардың сақталу мерзімі олардың құрылған есепті кезеңінен кейінгі
кезеңнің 1-қаңтардан бастап есептеледі. Екі немесе одан да көп айдың
құжаттарын бір ге тігуге қатаң тыйым салынған. Құжаттарды бухгалтерлік
архивке сақтау мен архивтік кітапты жүргізу жауапкершілігі бухгалтердің
орынбасарына жүктеледі.
Тәуекел-Т ЖШС-нің мүлкі мен құндылықтарын олардың орналасқан орнына
байланыссыз түгендеу жүргізіледі. Сонымен қатар қаржы міндеттерінің барлық
түрі мен ЖШС-не тиесілі емес бірақ бухгалтерлік есепте көрсетілген (жауапты
сақтауда тұрған, жалға алынған) мүліктер де түгенделеді. Түгендеу жүргізу
мен оның қорытындысын рәсімдеу үшін Тәуекел-Т ЖШС-нің басшысының
бекітуімен тұрақты түгендеу комиссиясы құрылады. Жоспарсыз түгендеу тек
басшы бұйрығымен жүзеге асырылады. Түгендеу барысында бухгалтерлік есеп
мәліметі мен нақты қолда бар құндылықтар арасында ауытқулар анықталған
жағдайдаолар келесі тәртіппен көрініс табады:
1. Қорлардың артық мөлшері нарықтық бағамен есепке алынады;
2. Жетіспеушілік пен мүліктің бүліну фактілері анықталса, олардың нақты
құны бойынша есептік шоттардан шығысталады.
Жетіспеушілікке кінәлі тұлғалар анықталса олар еңбек келісім-шартында
көзделген тәртіпке сай тиісінше түсініктеме жазып, құндылықтың орнын
толтыруы керек. Ал егер кінәлілер анықталмаса жетіспеушілік шығындарға
жатқызылады. Түгендеу аяқталғаннан кейін рәсімделген акт ЖШС-нің
бухгалтериясына тексеру үшін және түгендеу қорытындысын есепте анықтау мен
көрсету үшін өткізіледі. Түгендеу қорытындысы түгендеу аяқталған айдың
есебі мен есептілігінде көрініс табады және түгендеу аяқталғаннан кейін 10
жұмыс күн ішінде материалды жауапты тұлғаға хабарланады.
Тәуекел-Т ЖШС-нің есеп саясатының әдістемелік бөлімі қаржылық есепті
ұсыну тәртібі бөлімінде қаржылық есепті құруда ЖШС-гі 1 ХҚЕС (ІAS)
Қаржылық есепті ұсыну, 1 ХҚЕС (IFRS) Халықаралық қаржы есептілігінің
стандарттарын бастапқы қолдану, 7 ХҚЕС (ІAS) Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есептер т.б. стандарттарға сүйенеді делінген. Қаржылық
есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен құрылады. Жоғарыдағы
кестеден көріп отырғанымыздай, қаржылық есептілік бухгалтерлік баланс,
табыс пен шығыс туралы есептілік, ақша қаражаттарының қозғалыстарының
есебі, капитал қозғалысы туралы есептілік түсініктеме хат, қосымша кестелер
мен т.б. ақпараттан құралады. Қаржылық есептіліктің әрбір көрсеткіші өткен
есепті жылдың мәліметтерін де қамтиды. Өткен кезеңдер қателері дегеніміз
ұйымның қаржылық есептілігіндегі бір немесе одан да көп кезең есептілігінде
сенімсіз немесе қате ақпарат арқылы құрылған қаржылық есептегі елеулі
қателердің орын алуы. Елеулі қате деп өткен есепті кезеңде негізгі
қызметтен алынған жылдық табыс сомасының 1% мөлшерінен артық соманы
атаймыз. Бұндай қателіктердің орын алуы фактілерін бас бухгалтер қадағалап
уақытылы түзету жүргізуі тиіс. Сонымен қатар есеп саясатының әдістемелік
бөлімі табыс, ақша қаражаттары, меншікті капитал, еңбекақы, займ, резервтер
мен шартты шығындар, дебиторлық берешектер, кредиторлық берешектер,
шығыстардың есепке алынуы мен танылуы тәрізді бөлімшелерден құралған.
2. Өндіріс шығындарының есебі
2.1 Материалдық шығындарының есебі.
Шикізаттар мен материалдар – өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын
немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын
шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи
шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъеКредитінің жинайтын, су
үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға,
қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған
мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы
мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары
көрсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен
негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте
есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар
(өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша Материалдардың
шығыстарын тарату деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және
Цехтар бойынша шығындардың ведомосы немссе осыған ұқсас есеп
регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар – тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету
үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші
материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші
материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы
бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген
сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін
болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына,
тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша
пропорциональды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар – бұл негізгі, көмекші және қосалқы
өндірістердің қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстардың шығыстарына
қайтарылған өндіріс қалдықтарының құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, жартылай
фабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстар
саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты
тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін
толыққанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа
жатпайды. Сондай-ақ қалдыкқа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі
шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде
белгіленген. [11]
Қайтарылған қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:
- егерде қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім
азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ
кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен
материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, оларды жинау
мен өңдеуге жұмсалған шығындарды шегере отырып, қалдықтарға белгіленген
бағасы бойынша;
- егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды
материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе
материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды
пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау
жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар
құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына Шикізат
пен материалдар бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын
азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 8110-шоттың дебеті және 1340-шоттың
кредиті бойынша көрсетеді. 1340-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп
регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатыннан өнімдері, жартылай фабрикаттар және тараптық
кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетететін қызметтеріне
өнімді ірікредитеп жинақтауға (комплекредитация жасауға) пайдаланатын
жартылай фабрикаттар мен сатып алынған өнімдерге немесе дайын өнім алу үшін
кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа
жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы
төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына
тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге,
өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген
технологиялық процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға
дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне
жұмсалатын шығындар жатады.
Субъектінің өз транспортымен және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz