Ислам және адам тәрбиесі



Кіріспе
Ислам және адам тәрбиесі
Ислам әдебі
Ислами тағлымының өзектілігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Адамзат үшін жер бетіне жіберілген ең соңғы иләһи дін – Ислам. Ислам арқылы Алла тағала адам баласына жаңаша өмір сурудің дұрыс жолдарын көрсетті, адам өзі өмір сүріп отырған қоғамның қай жолда дамитынына жауап беретінін білдірді.
Адам баласы өзі өмір сүріп отырған ортасы, бүкіл қоғам алдында үлкен жауапкершілік атқарады. Қасиетті Құран Кәрімде ("Қиямет" сүресі, 36-аят): "Адамдар өздерін емін-еркін жандармыз деп ойлай ма?" — деп айтылуының себебі де осында. Яғни, Алла тағала адамның ертең әр амалына жауап беретінін білдірген. Сондықтан Ислам діні бір Алла тағалаға құлшылық етуді нақтылаумен катар, адамның қоғам алдындағы міндеттерін де айқындап берген.
Сол міндеттердің бастысы – адам тәрбиесі. Ислам діні адам өмірін сақтау мен оған қамқорлық жасаудың әр мұсылманға парыз екендігін ескертеді. Дініміз адам баласының тәрбиесіне үлкен мән береді. Баланың туғанынан бастап, ержеткенге дейін ата-анасы материалдық жағынан ғана қамтамасыз етіп қоймай, баланың жүрегіне иман сенімін орнықтыруы қажет.
Жас кезінен балаға жақсы мен жаман, күнә мен сауапты түсіндіріп, әрбір іс-әрекетте сол бойынша дағдыландыру керек. Әке-шешеге қарсы келмеу – перзенттің ең басты міндеті. Құранда көптеген аятта әке-шешеге жақсылық жасауды, оларға қарсы келмеуді қатаң ескертеді.
Әке-шешені құрметтеудің шегі жоқ. Құран кәрімде: "Сендерге Тәңір тек өзіне ғана бой ұсынуды бұйырды, ата-аналарыңа жақсы¬лық жасауды өсиет етті. Олардың біреуі, әйтпесе, екеуі бірдей қартайып (қалжырап) қалса, "Тфу" деуші болмаңдар (жеркенбеңдер) зекіп, ұрыспандар. Екеуіне де ізетті болыңдар. Екеуіне де зор мейіріммен, кішіпейілмен бас иіңдер. "Тәңірім, мені кішкентпайымнан мәпелеп өсіргендей, Сен оларға рақым ет ", де" ("Исірә", 23-24 аяттар), — делінген.
1. Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр – аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 325б.
2. Уалиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы,1985 – 560б.
3. Көпеев М.Ж. Қазақ шежіресі. – Ташкент: Өзбекстан, 1994. – 144б.
4. Құрбанғали Халид. Тауарих Хамса (Бес тарих). – Алматы: Қазақстан,1992. – 304 б.
5. Қадырбаев А.Ш. Тюрки и иранцы в Китае и Центральной Азии XIII-XIVв.в. – Алматы: Ғылым,1990. – 158.
6. Караев О. История Караханидского Каганата (IX-XIIIв.в.). Фрунзе,1968. – 299б.
7. Жандарбек З.З. Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақының “Насаб – намасы” Қазақстанның VIII-XII ғасырлардағы тарихы жөнінде: т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясы. – Алматы: 2000.
8. Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед. Бабырнама.(ауд. Б.Қожабекұлы) – Алматы: Ататек,1993. – 448б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
Ислам және адам тәрбиесі
Ислам әдебі
Ислами тағлымының өзектілігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адамзат үшін жер бетіне жіберілген ең соңғы иләһи дін – Ислам. Ислам
арқылы Алла тағала адам баласына жаңаша өмір сурудің дұрыс жолдарын
көрсетті, адам өзі өмір сүріп отырған қоғамның қай жолда дамитынына жауап
беретінін білдірді.
Адам баласы өзі өмір сүріп отырған ортасы, бүкіл қоғам алдында үлкен
жауапкершілік атқарады. Қасиетті Құран Кәрімде ("Қиямет" сүресі, 36-аят):
"Адамдар өздерін емін-еркін жандармыз деп ойлай ма?" — деп айтылуының
себебі де осында. Яғни, Алла тағала адамның ертең әр амалына жауап
беретінін білдірген. Сондықтан Ислам діні бір Алла тағалаға құлшылық етуді
нақтылаумен катар, адамның қоғам алдындағы міндеттерін де айқындап берген.
Сол міндеттердің бастысы – адам тәрбиесі. Ислам діні адам өмірін
сақтау мен оған қамқорлық жасаудың әр мұсылманға парыз екендігін ескертеді.
Дініміз адам баласының тәрбиесіне үлкен мән береді. Баланың туғанынан
бастап, ержеткенге дейін ата-анасы материалдық жағынан ғана қамтамасыз етіп
қоймай, баланың жүрегіне иман сенімін орнықтыруы қажет.
Жас кезінен балаға жақсы мен жаман, күнә мен сауапты түсіндіріп, әрбір
іс-әрекетте сол бойынша дағдыландыру керек. Әке-шешеге қарсы келмеу –
перзенттің ең басты міндеті. Құранда көптеген аятта әке-шешеге жақсылық
жасауды, оларға қарсы келмеуді қатаң ескертеді.
Әке-шешені құрметтеудің шегі жоқ. Құран кәрімде: "Сендерге Тәңір тек
өзіне ғана бой ұсынуды бұйырды, ата-аналарыңа жақсылық жасауды өсиет етті.
Олардың біреуі, әйтпесе, екеуі бірдей қартайып (қалжырап) қалса, "Тфу"
деуші болмаңдар (жеркенбеңдер) зекіп, ұрыспандар. Екеуіне де ізетті
болыңдар. Екеуіне де зор мейіріммен, кішіпейілмен бас иіңдер. "Тәңірім,
мені кішкентпайымнан мәпелеп өсіргендей, Сен оларға рақым ет ", де"
("Исірә", 23-24 аяттар), — делінген.

Ислам және адам тәрбиесі
Әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да әке-шешеге Құрмет көрсету жайында көптеген
хадис айтқан. Соның бір хадисінде: "Алла тағаланың разылығы – ата-ананың
разылығында. Алла тағаланың ашуы – ата-ананың ашуында" — деген. Егер сіз
Алла тағалаға жақындауды, Оның сүйікті кұлы болып, ризалығын алуды
қаласаңыз, онда бірінші ата-анаңыздың ризалығын алуыңыз керек. Ал егер
кімде-кім ата-анасынан алыстаса, оларға бой ұсынбай, ренжітсе, онда Алла
тағала да одан алыстайды.
Пайғамбарымыздың Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисінде: "күнәнің ең үлкені ата-
ананы жәбірлеу", - делінген.
Адам отбасынан қандай тәрбие алғанын көпшілік арасыңда көрсетеді. Өзге
адаммен сөйлесуі, амандасуы, жанашырлық, қолқабыс көрсетуі бәрі де осы
тәрбиеге байланысты. Ислам діні де осыған терең мән береді.
Адамзат болмысының бір ерекшелігі – қоғам құрып, бірге өмір сүруі және
әлеуметтік, қатынас жасауы Алла тағала адамзатты осылай өмір сүруге
жаратқан. Ал қоғамда әр азаматтың басты міндеті қоршаған ортада бірлік пен
ынтымақты сақтап, бөлінушілікке, бүлікке, ел тыныштығын бұзатын жәйттерге
жол бермеу. Мұсылман кісінің қоғамнан бөлініп, ел ішіне бүлік салуы үлкен
күнә екенін Алла тағала мына аят арқылы білдірген: "Бүлік жасау (фитнә) –
кісі өлтіруден ауыр қылмыс" ("Бақара" сүресі, 217-аят).
Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: "Кімде кім
итағаттан шығып, яғни мойынсұнбай жамағаттан (қауымнан, қоғамнан) бөлініп
кеміп, содан кейін сол күйінде өлер болса, онда ол надандық өліммен өлген
болады", — деген.
Мұсылман адам өз қоғамына қандай да болмасын киянат жасаудан аулақ
болуы керек. Әсіресе бұл халыққа қызмет ететін адамдарға байланысты
айтылған. Мемлекеттің мүлкіне, малына, жеріне қол сұқпауды дініміз қатаң
ескертіп, мұның күнәсі өте ауыр екендігін білдіреді. Пайғамбырымыздың
(с.ғ.с.) айтуы бойынша, жемқорлық жасаған кісі қиямет күні алған заты
мойынына асылған түрде Алланың құзырына шығады. Ондай жағдайға душар болған
мұсылман кісіге көмек көрсете алмайды, себебі, мен тіршілігінде оның
күнә екендігін айтып ескерткенмін, дейді екен.
Бір хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Өкіметтің малын тарату үшін
бір адамды тағайындасақ ол кісі бізден бір ине немесе одан да үлкенн бір
затты жасырып қалса, аманатқа қиянат еткен болады. Қиямет күні сол нәрсені
өзімен бірге әкеледі... " (Риязус Салихин, 1, 213 х), — дейді.
Қоғам болған соң ондағы әлеуметтік жағдай да әр түрлі болатындығы
белгілі. Ислам дініне дейін адамзат тарихында кедей мен байды, әлсіз бен
күштіні, әйел мен ер кісіні қатар қойып, құқық пен жеке теңдігін бірдей
еткен дін болмаған. Ал Ислам діні күштінің әлсізге, байдың кедейге көмек
көрсетілуі мәселесін өміріміздің міндеті деп бекітіп, діни, ахлақи тұрғыдан
сауапты амал екендігін білдірген. Сондықтан да Құран Кәрімде Алла тағала:
"игі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер. Күнә жасауға, жаулыққа жәрдемші
болмаңдар. Құдайдан қорқыңдар, Оның қаһары тегінде тым қатал", — деп әмір
етеді ("Маида", 2-аят).
Сондықтан Алла біздерге мал-мүлік, бақуатты өмір сыйласа, оның
астарында не жатқанын түсінуге тиіспіз. Өйткені әр нәрсенің бір
жауапкершілігі болғандай, бұл мүліктің де жауапкершілігі бар. Алла тағала
адамды жаратса, адам да өз борышын Жаратушысына кұлшылықпен өтей алады. Сол
сияқты мал-мүлік берсе, оның шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі
бір мөлшерін өзгелерге беруі қажет.
Дінімізде мұсылман кісі қайырымдылық жасар болса, алдымен өзін дүниеге
әкелген, бағып-қаққан ата-анасынан бастап, бауырлары, ағайындары, содан соң
жақын көршісі, жарлы мен міскіндерге көмектесуді тапсырады. Қолында беретін
еш нәрсесі болмаса, сәлем беріп, жағдайын білсін. Адам ешқашан байлыққа
тоймайды. Ең маңыздысы, дүниеге кенелу емес жүректің байлығы деген.
Мал, дүние-мүлік Алла тағаланың адам баласына берген несібе рыздығы.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: "Екі кісі бар: біреуі Алла тағаланың берген
білімімен амал етіп, білгенін басқаларға үйретеді. Ал екіншісі Алла
тағаланың берген малын жақсылыққа, қайырлы іске жұмсайды", — дейді. Алла
тағала берген біліміне сай амал етіп білгенін білмегендерге үйреткен адам
қандай үлкен сауап алатын болса, Алла тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа,
қайырымдылыққа жұмсаған адам да сондай сауап алады, яғни дүниесін харамға,
құмарға емес, халыққа, ұрпағына қайыры тиер іске жұмсаса, екі дүниенің де
сауабын алады. Алла тағаланың қаһарынан, ахирет азабынан қорқып құлшылық
етуші, иманы, Алла тағаладан үміті бар мұсылмандар үшін мешіттер,
ғибадатханалар салдырса, сансыз сауап болады. Басынан сипап көңілін
аулайтын ата-анасы, ағайыны жоқ жетімдер үшін үй салдырып және қарттыққа
жетіп, кәсіп етуге халі жоқ, асырап қарайтын баласы жоқ, әл-қуаты кеткен
пақыр-міскіндерге қайырымдылық үйлерін салу үшін мал-дүние, ақша жұмсаса,
бұл дүниеде асыл мұратына, ахиретте сансыз сауаптарға жетесіңдер деп
тәрбиелейді.
Қаржылай көмек керсету сауапты іс болса, рухани көмек те сауабы мол
амал. "Сіздерден біріңіз бір жаманшылықты көрсе, қолымен кедергі болып
өзгертсін. Егер қолымен тыюға күші жетпесе тілімен, оған да күші жетпесе,
жүрегімен кедергі болып өзгертсін", — делінген (Муслим, Иман, 78).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметін адамгершілікке, қайырымды
болуға, кішілейілдікке тәрбиелеген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет керсетуге
үндеген.
Бір күні сахабалар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасында сұхбатын тыңдап
отырғанда олардың жандарына Алла елшісін және онымен әңгімелесу үшін бір
қария келеді. Сахабалар қарияға араларынан орын беруге асыға қоймайды.
Олардың бұл әрекетін байқап отырған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кішілерімізге
мейірім, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген кісі бізден емес", — дейді
(Тирмизи, Бирр, 15).
Сол сияқты бірде Пайғамбарымыздың құзырына үш кісі келіп, бір мәселе
жайлы сұрамақ болады. Сөзді олардың ішіндегі жасы бастамақшы болғанда
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оның сөзін бөліп: "Алдымен үлкеніңіз сөйлесін", —
деп бұйырады (Мұсылмандық хадистер, 3, 1055-х).
Алла тағалаға мойынсұнғандардың, иман келтіргендердің үлкендерге деген
құрметі әрдайым жоғары болады.
Ақсақалдарымызды сыйлап, жасы кіші бауырларымызға қамқорлықпен қарау
әрі діни, әрі ұлттық борышымыз.
Әбу Хурайраның айтуы бойынша, бір күні бір адам Пайғамбардың (с.ғ.с.)
қасына келеді. Жанында бір бала бар еді. Сонда әлгі адам баланы сүйіп
жатқанда, Расулуллаһ: "Оған жаның ашып жатыр ма?", — дейді. Әлгі адам:
"Иә", — деп жауап бергенде, Расулуллаһ: "Балаға деген мейіріміңмен сенде
Алланың мейіріміне бөленесің. Өйткені, Алла мейірімділердің ең
мейірімдісі", — дейді (Мұсылмандық хадистер, 3, 1084-х).
Алла тағала сондай-ақ мұсылмандарға бір-біріне қастандык жасап өсектеп,
жала жабу, біреудің мүлкін иемдену, ұрлау және басқа да жағымсыз амалдардан
тыйылуға бұйырған. Бұл дінімізде үлкен күнә саналады. "Алла тағала адамзат
баласының өмір сүретін қоғамның адал, шыншыл, әділетті, таза болуын әмір
еткен: "Ей, иман келтіргендер! Тым күмәншіл болудан сақтаныңдар. Кейбір
(орынсыз) күмән — нағыз күнә саналады. Біріңнен бірің кінә іздемеңдер,
бірің туралы бірің өсек айтпаңдар. Көз жұмған (өлген) ағайындарыңның етін
жеуді (өсек айтудың мысалы) кайсың жақсы көресің? Өйткілерің келмейді.
(Ендеше) Алладан қорқыңдар. Тәубеге келген адамның тілегін Алла қабыл
алады, оған өте мейіріммен қарайды", — деді ("Хұжрат", 12-аят).
Яғни, өзін ақиқи мұсылман санайтын адам, Алланың сүйікті кұлы болуын
қаласа, онда өзінің бауырларын, туыстарын және өзі танымайтын адамдарды
да ғайбаттап, өсектеуден сақтануы керек. Өйткені өзгені, сыртынан жамандап,
бетіне тура айта: алмайтын адамдар екіжүзді, сатқын депі есептеледі. Мұндай
жиіркенішті қылықтар көпшілік арасына от тастап, ұрыс-таласқа, итермелейді.
Қоғамның іштей іруіне алып келеді.
Алла тағала бауырларымызды ондай шайтани қылықтардан сақтасын.
Ислам әдебі

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) "Адам баласының садакасыз ешбір күні
болмайды. Құдайдың құтты күні садақа беруі керек"- дейді. Мұны естіген
сахабалар: "Ей, Расулуллаһ! Садақа деп бере алатын нерселеріміз не болмақ?"
- деп сұрайды. Сонда хазіреті Пайғамбар былай деп жауап қайырады: "Шынында
да, қайыр (жақсылық істеу) есіктері өте көп. Аллаһқа тәсби хайту
"субханаллаһ" деу, (мағынасы Аллаһты әр түрлі, толық сипаттармен зікір
етемін, кемшіліктерден пәктеймін), тахмид айту "алхамдулиллаһ" деу,
(Аллаһқа мақтау, мадақтау болсын), тәкбір айту "Аллаһу Әкбар" деу, (Аллаһ
ең ұлы) және тәһлил айту "Лә Иләһә Иллаллаһу" деу, (Аллаһтан басқа Иләһ
жоқ), жамандықтан қайтарып, жақсылыққа шақыру, жол бойында адамдарға
кедергі балатын нәрселерді алып тастау, саңырау кісілерге қандай да бір
нәрселер үйрету, зағипке жол көрсету, көмекке мұхтаж болғандардың жағдайын
шешу оған көмектесу, жәрдем сұүрағанға қол ұшын беру, қалжыраған әлсізге
демеу болу. Мінекей, мұның бәрі де сендердің мойындарыңа міндет болған
садақа".
Хадистен байқалатын, көркем мінез-құлық пен жақсы ниетпен атқарылған
қандай да бір іс-амалдың бәрі де Аллаһ тағаланың алдында садақаның
мәртебесіне ие болып, Оның ризалығына бөлендіреді.
Исламда алыс-жақын, мұсылман-кәпір, бай-кедей, ейел-еркек, адам-хайуан
деп бөле-жармай, Аллаһтың жаратқандарының бәріне де мейіріммен қарау
мәдениеттіліктің ең маңызды қағидасы болып есептелінеді. Тіпті Аллаһ тағала
хазіреті Пайғамбарымыздың елшілік міндетін "рахмет" мейірім сипатымен
сипаттаған, "Елшім! Біз сені әлемдерге рахмет сипатымен жібердік" делінген
(Әнбия: 107) Пайғамбарымыз бір хадисінде "Шынында да, мен рахмет және
хидаятты (тура жол) көрсетуші пайғамбармын" делінген.
Көптеген хадисте де адамдарға мейірім етуімізді әмір еткен:
"Адамдарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислами тәрбие беру
Тәрбие және оның даму тарихы
Құрандағы ахлақ мәселесі
Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Ислами тәрбие
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Ислам дінінің тәрбиелік мәні
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы
Пәндер