Қазақ хандығы кезіндегі педагогикалық ойлар



Жоспар
Кіріспе

I. Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ой.пікірлер жүйесі.
1.1. Қазақ хандарының негізгі педагогикалық идялары.
1.2.Қазақ хандығы тұсындағы ақын.жыраулардың еңбектеріндегі тәрбилік ой.пкірлер.
II. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің мақсаты: Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойларды зерттеп, қазіргі заманға сәйкестендіру.
Зерттеудің обектісі: Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойлар.
Зерттеудің маңыздылығы: Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойлар дегенде ең алдымен ақын-жыраулар, би-шешендердің айтып кеткен сөздері ойға оралады. Бұл дәуірдегі көптеген ақын-жыраулар, би-шешендер қайтіп ел болсақ екен деген мәселелерде көп еңбек сіңірді. Бұл ретте олар ең алдымен «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қағиданы басты орынға қойды. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол, бір тонның жағасы болма, көп елдің ағасы бол» деген сорындағы көптің қамын жейтін, адам болар бала он бесте баспын дейтін, он үште отау иесі болатын баланы тәрбиелеуді басты мұрат санады. Бұл жағынан келгенде біздің қоғамда да, мұндай идеялар қажет. Қазіргі «мылтықсыз соғыс» заманында жас балалардың жаһандануды айқара ашқан, адамды төл тарихын ұмыттырып, телевизор, ДVД, СД, Еnternet,
ойын-автоматтарына тілміртіп, табындырып қоятын құлдарды тәрбиелеп шығаруда. Бұл жағдайға қарсы біздің қарсы қояр қаруымыз төл тарихымызда болып кеткен, айтылып кеткен идеяларды қайта жаңғыртып, оны жастардың бойына сіңіруіміз қажет-ақ екені көрініп тұр.
Зерттеудің міндеті: Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойларды қайта жаңғырту;
Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойлардың маңызын арттыру.
Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойларды халыққа кеңінен насихаттау.
1.Жарықбаев Қ, Қалиев С.
Қазақ тәлім-тәрбиесі: ( Оқу құралы)-Алматы, «Санат», 1995-352 бет

2.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том (VI ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең/Ред. алқасы Шаяхметов Ш.Ш. т.б. Құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, - Алматы, Рауан, 1994.-320бет.

3. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энсоклопедиясы» Бас редакциясы,1998-720бет.

4.Қасымбаев Ж.Жәңгір хан.Алматы.2001жыл.

5.Ақанқызы Қ. хан Жәңгір//Ұлағат.2003г.1.3-10б.

6.Рысбеков Г.Жәңгірдің ішкі - сыртқы саясаты // Ақиқат 2001жыл.7.59-60бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақ хандығы кезіндегі педагогикалық ойлар

Жоспар
Кіріспе

I. Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ой-пікірлер жүйесі.
1.1. Қазақ хандарының негізгі педагогикалық идялары.
1.2.Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулардың еңбектеріндегі тәрбилік ой-
пкірлер.
II. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық
ойларды зерттеп, қазіргі заманға сәйкестендіру.
Зерттеудің обектісі: Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық
ойлар.
Зерттеудің маңыздылығы: Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық
ойлар дегенде ең алдымен ақын-жыраулар, би-шешендердің айтып кеткен
сөздері ойға оралады. Бұл дәуірдегі көптеген ақын-жыраулар, би-
шешендер қайтіп ел болсақ екен деген мәселелерде көп еңбек
сіңірді. Бұл ретте олар ең алдымен ел боламын десең, бесігіңді
түзе деген қағиданы басты орынға қойды. Атаңның баласы болма,
адамның баласы бол, бір тонның жағасы болма, көп елдің ағасы бол
деген сорындағы көптің қамын жейтін, адам болар бала он бесте
баспын дейтін, он үште отау иесі болатын баланы тәрбиелеуді басты
мұрат санады. Бұл жағынан келгенде біздің қоғамда да, мұндай
идеялар қажет. Қазіргі мылтықсыз соғыс заманында жас балалардың
жаһандануды айқара ашқан, адамды төл тарихын ұмыттырып, телевизор,
ДVД, СД, Еnternet,
ойын-автоматтарына тілміртіп, табындырып қоятын құлдарды тәрбиелеп
шығаруда. Бұл жағдайға қарсы біздің қарсы қояр қаруымыз төл
тарихымызда болып кеткен, айтылып кеткен идеяларды қайта жаңғыртып,
оны жастардың бойына сіңіруіміз қажет-ақ екені көрініп тұр.
Зерттеудің міндеті: Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық
ойларды қайта жаңғырту;
Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойлардың маңызын
арттыру.
Қазақ хандығы дәуіріндегі педагогикалық ойларды халыққа
кеңінен насихаттау.

1. Қазақ хандарының негізгі педагогикалық
идеялары

Кеңес тарихнамасында Жәңгір хан тек Исатай – Махамбет
көтерлісін жаныстаушы ретінде ғана, Махамбет ақынның хан емессің,
қасқырсың деген бір ауыз сипаттамасымен бағаланып келген Жәңгір хан
халқының келешегін даңқтан гөрі көбірек ойлаған секілді. Өйткені,
Жәңгір ханның қазақ қоғамына тигізген, ұстанған саясатының
маңыздылығы күшті оң жақтары мол.
Жәңгірдің хан болғанда жасаған игілікті істерінің қатарында
мектеп ашып, білім беруді жүйелі дамытқаны, жәрмеңке ашып, халыққа
тиімді айырбас – сауда жолын ұйымдастырғаны, қала салып, отырықшылықты
өркендетуге үлес қосқаны, тал-бутақ, ағаш алқабын қорғап, сусыма
топырақ көлемінің өсуіне жол бермеу үшін күрескені, мешіт салдырып,
халықты имандылыққа шақырғаны, тарихи экспонаттарды қорғауға алғаны,
шығыс тілдерінде жазылған тарихи, әдеби шежіре туындыларын жинастырып,
Қазан университетіне тапсырғаны, т.б. атқарған қызметтері жөнінде
кеңінен айтқан жөн.
Өзі Еурапаша тәрбиеленіп, білім алған, араб, татар және
неміс тілдерін білген Жәңгір хан өз қарамағындағы қазақтарға да
әлемдік өркениеттен тыс қалмау үшін зиялы білім беруге ұмтылады.
Сондықтан да болар, оның туған топырағында Еуропалық білім беретін
бастауыш мектеп ашу ниеті 1826 жылдан-ақ басталған. Орынбор
әскери губернаторы П.К.Эссенге Ордада қазақ балаларына арнап орыс
тілінде білім алатын мектеп ашу қажеттігін дәлелдеп, әлденеше рет
хат жазған. Жәңгірдің ойы бойынша, ондай мектеп қазақ балаларының
Қазан университеті мен Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында
оқу үшін дайындық беруге тиіс болған.
Өтініш қанағаттандырылмай, Жәңгір хан өз қаражатына бастауыш
білім беретін мектеп ашуға кіріседі. Ру басыларына мектеп ашқалы
жатқанын, оған кез келген тілек білдірушілер балаларын бере
алатынын, төлемақының жоғары екендігін айтып, жеке-жеке хат жазады.
Ру басыларынан өз аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді өтінеді.
Болашақ ұрпақ қамын жеген Жәңгір хан білім, ғылымға жұмсалған
шығын еш уақытта өз құнын жоймайтынын, қаржыны дұрыс пайдаланудың
жолы білім мен ғылымды меңгеруге жұмсау, білімсіз немерелеріміз де
жақсы өмір сүре алмайды деп үгіттеумен болды.
Жәңгірдің көптен ойлаған арманы 1841 жылы іске асып, осы
жылы 6 желтоқсанда Орда қаласында екі сыныптық мектеп шаңырақ
көтерді. Ол архив құжаттарында училище деп жазылмағанымен, халық
аузында Жәңгір мектебі болып аталып кетті. Жәңгір мектебінің
табалдырығын алғаш 25 шәкірт аттаған. Олардың ішінде орташа ақыға
ғана шамасы жететіндердің де балалары болған, демек, Жәңгір бұл
мектепті тек ақсүектердің балалары үшін ашпаған. Қарапайым халық
ішінен шыққан, білімге құмар, зерделі жастардың оқуына жол ашып,
кейбір менмен шонжарлардың: қара сирақ (кедей) қазақ балаларына не
керек?-деген сыңаржақ пікірлеріне қарсы болған. Мектепте, негізінен,
арифметика, жағрапия, тарих, орыс тілі, физика, т.б. пәндер оқытылған.
Сонымен қатар, шығыс халықтарының мәдениеті мен өнерінің тарихы,
араб, татар тілдері де оқытылып, діни дәрісте тындалған. Қазан,
Орынбор, Петербург, Астрахан қалаларынан білімді ұстаздар шақырылып,
хан оларға толықтай жағдай жасаған. Мектеп үйін салдырып,
оқулықтармен қамтамасыз еткен, оның бірінші меңгрушісі әрі мұғалім болып-
арнайы шақырылған білімді маман К.Ольдексон тағайындалған. Сол кездегі
құжаттар мен деректерге сүйенсек, Жәнгір хан мектептегі оқу сапасын,
тәртіп, тәрбие жайын үнемі бақылап, жөн сілтеп отыруды шәкірттердің
сабақтарына, емтихандарына қатынасуды- артық шаруа санамай, зор
ықыласпен атқарған. Жәңгір хан орталықтарға оқу білімнің пайдасы
жөнінде өзінің ойларын жеткізіп, олардың ұмтылыстарын кеңінен қолдап,
шәкірттер мен ұстаздарды ынталандыруға қаржысын аямаған. Мысалы, бір
тұста мектепте 30 бала орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім
алыпты. Мектеп түлегі М.Бабажанов: ... хан оқушыларды және
оқытатындарды сыйлауда ақшасын да, күш-қуатын да, оқудың пайдалы
екендігіне орталықтарды жүгіндіруде ештеңе де аяп қалған жоқ,- деп
жазады 1860 жылы.
Қазақтарды оқуға үгіттеу хан ордасының негізгі бір
міндетіне айналды. Әскери кадет училищелері ең таңдаулы оқу орны
болып есептеледі. Хан Жәңгір патша әкімшілігіне және Орынбор әскери
губернаторына өтініш білдіріп жүріп, Бөкей хандығының балалары
үшін,1844 жылы Неплюев кадет корпусының 2-ші эскадронынан ресми түрде
он орын бөлдіріп алады. Ол императордың қайырымдылығын пайдаланып,
қазақ балаларын Орман, жол қатынас, азаматтық инженер
институттарында, сонымен қатар, Петерборлық кадет корпусында оқытуын
сұрайды.
Жәңгір мектебінде оқып, кейін үлкен лауазымды қызмет
атқарып, тағы да басқалай халқына танылған зиялы азаматтар аз
болған жоқ. Мысалы, Дәулеткерей Шығаев- әйгілі күйші, Бөкей ордасы
ноғай руының билеушісі, қалмақ бөлімінің әкімі; Жәңгерей Бөкеев
аудармашы, ақын; Ғұбайдулла Жәңгіров кезінде Ресейдің телеграф
департаментін басқарған, қазақта тұңғыш генерал-лейтанант атағын
алған т.б. зиялы ақындар шыққан.
Жәңгір хан әр ауылға бір молда, бас діни адам - ахунды
бекітеді. Молдалардың басты міндеті- қазақтарды діни ілімге үйрету. Діни
білім алғандар ахун алдында емтихан тапсырып, сынақтан өткеннен кейін
ғана молда болып тағайындалған.
Хан нұсқауында молдаларға жүктелген міндеттер: жастарды жазуға
үйрету; қарапайым қазақтарды татулыққа үндеу; халықты ұрлық
жасаудан сақтандыру; заңға қарама-қайшы әрекеттер жасамауын қадағалау;
ежелден келе жатқан дәстүрді сақтауға күш салу.
Өзбек хан тұсында хан тұсында 1312 жылы ислам діні
қабылданды. Содан кейін медресе, мешіттер салына бастады.

Абылай жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде
қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел
жұрты мен атамекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды,
шайқас даласында тегеурінді қатты болған.
Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп әскери жағынан
қуатты мемлекетке айналдырды. Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып
отырып, оған ақыл-кеңес айтумен өткізген. Бұқар жырау Қалқаманұлының
ханға Алтын тақтың үстінде, үш жүздің басын құраудың негізінде
тарихи шындық жатыр.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани
қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде белгілі.

1.2. Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулардың еңбектеріндегі тәрбиелік ой-
пікірлер

Асан қайғы жырау XV ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнекті
көш басшылары Асан қайғы мен Қазтуған. Олардың өлеңдері мен өсиет
сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, қамқоршы бола білгені
байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықылас
ел қамын ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты құдірет тұту
олардың шығармаларына өзекті орын алған. Сондықтанда Асан қайғы,
Қазтуған айтыпты-мыс дейтін өсиет өлеңдер әлденеше ғасыр өтсе де
көнермей, жоғалмай, халық жадында мәңгі сақталып біздің дәуірімізге
жеткен. Әсіресе қазақ халқының әрбір төбесі мен өзен-көлін қастерлеп
өткен, ол жайында ой топшылап келелі пікір айтқан Асан қайғы
атымен байланысты аңыз әңгімелермен өлең жыр толғаулары орасан көп.
Малға жайлы елге ырыс Жерұйықты іздеп шыққан Асан қайғы
төңіректің төрт бұрышын шарлайды. Жолында кездескен тау-тас, өзен-
су, шұрайлы жерлерді көріп әр жердің ерекше қасиетін өзінше
бағалап, өсиетті сөздерін айтады. Ақыры Асан қайғы қой үстінде боз
торғай жұмыртқалап тұрған ел аласы, ру таласы жоқ, қойны құт,
суы сүт, Жерұйықты таба алмай өксіп келіп, Сарыарқаның бел
ортасы Ұлытаудың басына жеткенде дүниеден қайтады. Асан қайғы
іздеген Жерұйық малға да, шаруаға құт-береке, адамға бақ-мереке,
тату тыныштық шатшадыман тірлік бар жер еді. Әрине, осындай жерді
өзі үшін емес, елі, жұрты үшін іздеген Асан - ел қамқоршысы.
Ел қамын көп ойлап, көп толғанған қарт жырау өзінің
толғау-жырауларында не жақсы, не жаман, не ғарып деген мәселелер
төңірегінде ой толғап, замана жайында философиялық пікірлерін сарапқа
салады.
Ұлық болсаң кішік бол, Көптен қол үзбе, асып таспа,
көпке топырақ шашпа, қандай іс қылсаңда көппен кеңес деген пікірді
уағыздайды. Ел қорғаушы азаматтың бойында қандай адамгершілік
қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы:
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе
Жаныңды аяп тұрыспа.
Елдің құны болса да.
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа,-
деп көпшіл бол кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт-насихат
айтады. Бұл пікір халық педагогикасының түйіні мақал-мәтелдерде
айтылатын Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды берме, Жақсыда
жаттық жоқ, Алдыңа келсе атаңның құнын кеш, Ашу- дұшпан ақыл
дос, Ақылыңа- ақыл қос, Досын көп болса, дұшпаның жоқ болады
деген қағидалармен қабысып жатыр. Жатса - тұрса халық қамын жеген,
халықты берекелі бірлікке, достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп
терең ойды топшылап өткен Асан қайғы жырау:
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады...
Ой түбінде жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi
Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Ж.Қ.Қасымбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Пәндер